Наукасты ортопедиялык стоматология клиникасында тексеру 6 страница



Тұрақтандыру –протездің шайнау қимылдары кезінде орнықтылығын қамтамасыз ету.

Тұрақтылық –белгілі бір дененің орнықты болуы.Тұрақтылық протездің бекіту күшімен, анатомиялық шарттармен, жасанды тістердің орнығуымен, артикуляциясымен анықталады.Протез тұрақтылығы мен бекуі тікелей оны дайындаудың клиникалық-технологиялық кезеңдерімен байланысты.

56.Тістердің мүлде болмауы, науқастарды тексеру ерекшеліктері, клиникасы, диагностикасы, емі.

Ауыз қуысы шырышты қабық күйін және сүйек тіні резорбциясы деңгейін анықтау үшін науқасқа сұрақ қойылады.Шағымы, шалдыққан дерттері, тісті жоғалту себебі мен уақыты, алмалы-салмалы протездің бар жоғы, оның тиімділігі анықталады.Нәтижелер стоматологиялық науқастың амбулаториялық картасына мұқият жазылады.Сауалдан кейін бетін, ауыз қуысын қарайды.Бет-әлпетінің симмериясының бұзылуын, мұрын-ерін және иек асты қатпарларының білінуін, беттің төменгі бөлімінің кішірею денгейін, еріндердің жабылу сипатын, езудің қабынуын байқайды.Ауыз қуысы кіреберісін тексергенде үзбелер мен қрт қатпарларының білінуін, орналасуына назар аударады, өтпелі қатпар топографиясын мұқият зерттейді.

Ауыздың ашылу дәрежесіне, жақ сүйектердің арақатынасы сипатына (ортогнатиялық, прогениялық, прогнатиялық) көңіл бөледі.Төменгі жақ сүйегі қозғалғанда шықшыт буынында сытыр және ауырсыну сезімінің бар-жоқтығын анықтайды.

Жақ сүйегі семуінің дәрежесін, жоғары жақ сүйегіндегі альвеола өсіндісінің пішінін, төменгі жақ сүйегіндегі альвеола бөлігі түрін (тар ма, кең бе) анықтайды.

Жоғары жақ сүйегіндегі альвеола қырының семуі вестибуляр жағында көбірек білінеді, осының салдарынан альвеола доғасы кішірейеді.

Төменгі жақ сүйегінде сему тіл жағында жиірек білінеді.Жоғары және төменгі жақ сүйектеріне тән сему қарттық прогениясына әкеледі, ол жоғары және төменгі жақ сүйектері альвеола доғалары өлшемдерінің айқын сай келмеуінде байқалады.

Қатты таңдай пішінін және жұмсақ таңдай топографиясын зерделеу үлкен практикалық маңызға ие.

Қатты таңдай жоғары, орта тереңдікте не жазық келуі мүмкін.Альвеола қырлары қатты семіп, торус ауыр болса, қатты таңдай дөңес келеді.Таңдай терең не жазық болса, протез нашар бекиді.

Ауыз қуысын қарағанда торус пішінін, шамасын, білінуін анықтайды, төменгі жақ сүйегінде ішкі қисық сызықтардың (үшкір, жазық, айқын көрінетін, білінбейтін, саусақпен басқанда аурушаң не ауырмайтын) белгіленуін тексереді.Шырышты төбешіктер үлкен маңызға ие.Олар тығыз, қозғалмайтын, жұмсақ, жақсы қозғалмалы, икемді де болуы мүмкін, протездеуге неғұрлым ыңғайлысы аз иілгіш және тығыз шырышты төбешіктер.

Қараған кезде ауыз қуысы шырышты қабатының созылмалы ауруларының (қызыл жалпақ теміреткінің, лейкоплакияның және т.б.) бар жоғын тексереді.

Көрсетімдер бойынша шықшыт буынының рентгенографиясын, шайнау бұлшық еттерінің электромиографиясын, төменгі жақ сүйегі қозғалысының жазбасын жүргізеді.

Мүлде тісі жоқ науқастың ауыз қуысының анатомиялық жағдайын мұқият зерттеу диагнозды нақтылауға, жақ сүйектері семуінің түрін анықтауға, шырышты қабат жайын, торус, экзостоздардың бар болуын айқындауға көмектеседі, мұның өзі дәрігерге қалып материалын таңдауда, болашақ протез шегін белгілеуде, негіз сипатын (әдеттегі не созылмалы төсемшесімен) анықтауға бағыт-бағдар береді.

Тістің мүлдем болмауы науқас психикасына, әсіресе жас кезінде қатты әсер етеді.Онда, әсіресе әйел адамдарда, кемістік сезімі туындайды, сол себепті ортопедиялық емдеу кезінде медициналық психологиялық емдеу шараларына көңіл бөлу қажет.

57.Жақ сүйектерінің диагностикалық моделдерінің паралеллометриясы, өткізу әдістемесі.

Параллелометр –жақтың екі не одан көп тістеррі осьтерінің салыстырмалы параллельдігін анықтайтын құрал.Параллелометрдің көптеген түрлері бар, олардың бәрі бір ұстанымға негізделген:кез-келген орын ауысымында тік стержень өзінің бастапқы жайына әрқашан параллель келеді.Бұл жайт тістерге параллель тік жазықтықтарында орналасқан нүктелерді табуға мүмкіндік береді.Параллелометр стерженьдер жиынтығымен жабдықталған, олар – талдайтын стержень, өлшеуге арналған түрлі диаметрлі дискілері бар стержень, межелік сызықты белгілейтін графитті стержень, артық балауызды сүртетін ұстара.Талдайтын стержень жазық, аралық сызықтарды неғұрлым оңтайлы анықтау үшін, демек протезді жеңіл еңгізіп, жақсы бекітуді қамтамасыз ететін кламмерлердің орналасуын айқындауға да қызмет етеді.

Параллелометрия әдістері.

Протезді енгізу және шығару жолдары.Енгізу жолы дегеніміз – протездің кламмерлі элементтерінің тірек тістермен протез орнының тіндеріне дейін бастапқы жақындасуы кезіндегі жылжуы, бұдан кейін окклюзиялық бастырмалар өз орындарына орнатылады, ал негіз протез орнының бетіне дәл түседі.Протезді шығару – оның кері бағыттағы қозғалысы, яғни ол негізгі протез орнының шырышты қабатынан алудан басталып, тірек және бекіту элементтерінің тірек тістермен қатысының толық аяқталуымен бітеді.

Э.Р.Хачатуров, Г.Т.Сухарев протезді енгізудің оңтайлы жолын бұрыш өлшейтін механизм көмегімен анықтауды ұсынады.Бұл құрылғы жылжымалы сызғышты доға сызғыштың бос ұшына орналасқан түрде жасалған.Алдымен тірек тістердің келу бұрышы анықталады.Одан кейін тірек тістерінің үш-үштен түрлі мүмкін үйлесімі үшін иілудің орта бұрышын табады және де әрбір үйлесімдегі үш тістің квадратты ауытқуы сомасын анықтайды.Тістердің барлық мүмкін үйлесімдерінен квадратты ауытқу сомасы ең аз шаманы көрсеткен үш тіс таңдалады.Осы есептеулерден кейін модельді таңдалған тірек тістер иілуінің орта бұрышына сай бағдарлайды да, экватор сызығын жүргізеді.Бұл сызықты шолу сызығы не бағыттау сызығы деп те атайды.Жалпы экватор сызығы тіссауыттың беткі қабатын екі аумаққа бөледі:тірек аумағына – ол экватор сызығы мен окклюзиялық беттің аралығында, ретенциялық аумақ экватор сызығы мен тіс мойыншасы арасын қамтиды.

Кламмерлердің серпімді ретенциялық аумақта орналасқаны жөн, керісінше, кламмерлердің қатты тірек элементтері тек тірек аумағында ғана орналасады.

Тістегі тірек және ретенциялық аумақтар шамасы экватор сызығының орналасуына байланысты, мұның өзі параллелометрия өткізгенде модельдің еңкею бағытына тәуелді.Қазірде параллелометриядамодельдің еңкею бұрышын таңдауда 3 негізгі әдіс кең тараған, олар:

-Ырықты әдіс;

-Тірек тістердің ұзына бойы еңкеюінің орталық бұрышы бойынша;

«Логикалық әдіс» (таңдау әдісі)

1.Ырықты әдіс.Беріктігі жоғары ғаныштан құйылған модельді тістің окклюзиялық жазықтағы стержень грифеліне перпендикуляр түрінде паллелометр үстеліне орнатады.Содан соң әрбір тірек тіске параллелометр грифелін жақындатып, межелік сызықтарын белгілейді.Осы әдістің межелік сызығы тістің анатомиялық экваторына сай келмеуі мүмкін, себебі сызықтың орны тістің табиғи еңкеюіне байланысты болады.Сондықтан жеке тістерде кламмерлерді орналастыру үшін жағдай қолайлы болмайды.

Ырықты әдістің басты міндеті – тірек ұстағыш кламмерлерді протезге түсетін шайнау жүктемесі мүмкіндігінше тірек тістерінің тік осі арқыры берілетіндей етіп орналастыру, яғни шайнау қысымының көлденең компонентін неғұрлым азайтуға тырысу.Бұл әдіс тірек тістер аз болғанда қолданылады.Осы әдіс бойынша модельдің еңісін таңдау әдістемесі қиын емес, бірақ мұқият жұмысты және белгілі бірізділікті талап етеді.

Берік ғаныштан құйылған, талданып отырған модель барлық клиникалық талаптарға жауап беріп, модель іргесінің бүйір және артқы жарлары өзара перпендикуляр болуы тиіс:артқы қабырғасы фронтальді жазықтықта, бүйір қабырғалары сагитальды жазықтықта.

Шолу сызығын белгілеуді және модельдерді талдауды параллелометрде өткізеді.Неғұрлым ыңғайлысы – стержені жылжымалы шарнирмен бекітілген параллелометр, ол координаталық-анықтауышы деп аталады.Айта кететін жайт, параллелометрия әдістемесі аппараттың құрылымдық ерекшелігіне қарамастан бірдей болып кетеді.

2.Тірек тістердің ұзына бойы еңкеюінің орталық бұрышы бойынша параллелометрия.

Бұл әдіс бойынша алдымен ғаныш модель параллелометр үстеліне бекітіледі, модель еркін еңкеюі үшін қысу винтін босатады, штативке талдаушы стерженді жақындатады, модельді еңкейтіп, тістің тік осінің фронтальды жазықтықта талдаушы штифтінің осімен дәл келуіне қол жеткізеді, үстелді осы күйде бекітіп, тірек тісі осінің белгілі бағытын жақ сүйек моделінің артқы іргесіне келтіріледі.Осылай барлық тірек тістер остерінің бағытын фронтальды жазықтыққа көшіреді, содан соң аталған жазықтықтағы тірек тістері осі фолмастермен қоршай сызады.Себебі осы бағытқа жалпы экватор сызығын белгілерде фронтальды жазықтықта ғаныш моделі бағыт алады.Тап осылай әрбір тірек тістің тік осінің еңістігін сагиталды жазықтықта анықталады да, іргенің бүйір бетіне көшіріледі, міне осылай сагитальды жазықтықта орта бұрышы анықталып, фломастермен белгіленеді.

Тірек тістердің тік осьтері еңісінің орта бұрышы бойынша модельге бағдар беру үшін, оны алдымен фронтальды жазықтықта штифт-талдауыш фронтальды жазықтықта одан кейін модель еңісінің «фронталды» және «сагиталды» сызықтармен дәл келуін тексереді.Егер үлгі анықталған бағдарларға дәл сәйкес келсе, штифт-талдаушы графит белгілеушісі бар стерженьмен ауыстырылады да, параллелометрияның өзін өткізеді.Тірек тістерге жалпы экватор сызығы сызылады.Стержень грифелді әрбір тірек тісіне жақындатады, грифель ұшы қызыл иек шеті деңгейінің стержень жалпы экватор сызығын вестибулярлы, сосын ауыз бетінде сызып шығады.Мүсінді үстелден түсіреді, жұмсақ қарындаш не фломастермен алынған шолу сызығы қаралады.Енді кламмерлер құрылымын жоспарлауға, потез қаңқасы суретін салуға кіріседі.Модель еңкеюін таңдаудағы бұл әдістің кемшілігі – кламмерлер ретенциясының жеткіліксіз дәрежесі, кламмерлерден орналастыруда эстетикалық фактор аса ескерілмейді.Сондықтан соңғы кезде үшінші, «логикалық әдіс» пайдаланылады, осы басқаша параллелометрияда модель еңісін кламмерлкр ретенциясының оңтайлы дәрежесін және эстетикалық ескеру әдісі деп атайды.

3.Логикалық әдіс н/е модел еңісін таңдау әдісі.Егер тірек-ұстағыш кламмерлерді күлгенде көрінетін тістер тобына орналастыну қажет болса, онда эстетикалық тұрғыдан тірек тістер мойыншаларына шолу сызығын неғұрлым жақындатқан мақсатқа лайық.Ол үшін модельдің артқы еңісін қолданады, яғни модельді артқа еңкейтеді.Модельдің бүйірге еңкеюін жақ сүйектің екі жартысындағы тірек тістердегі ретенция дәрежесін біртекті тарату үшін таңдайды.Мысалы, модельді көлденең бағыттағанда, сол бүйірлік тістердегі шолу сызығы ұрт беті жағынан тіс мойындары бойынша орналасса, онда шолу сызығын «көтеру» үшін модельді солға көлбеу қажет.Модельдің бүйірлік көлбеу дәрежесі бірінші бүйірлік тістердегі ретенциялық аумақтың жеткіліктілігі бойынша анықталады.

Тістерді еңкейтудің мұндай әдісі шендейтін доғалы протезді дайындағанда көрсетілген.Параллелометр көмегімен модельге жалпы экватор сызығын түсіріп қана қоймай, сонымен бірге кламмердің ұстайтын ұшын батырудың шегін де анықтауға болады.

Ол үшін үш калибрлі арнайы саңырауқұлаққа ұқсас кемер өлшеуіштер қолданады (№1-0,25 мм, №2-0,5 мм, №3-0,75 мм).Кламмерлерді орналастырғанда мына ережеге сүйенеді:кламмер иығы неғұрлым ұзын болса, ретенция (кідіру) мүмкін тереңдігі соғұрлым арта түседі.Саңырауқұлаққа ұқсас өзек параллелометрді штативінде тірек тіске жақындатады.Сонда өлшеуіш «қалпақшасы» тіске тие отырып, кідірудің өлшенетін тереңдігінің орнын белгілейді.Өлшеуіш жанасу нүктесінде ғаныш тіске із қалдырады, оны кейін қарындаш не фломастермен қоршайды.

Нея фирмасы кламмерлер жүйесін дайындағанда, кламмерлердің түрлі құрылғыларындағы кернеудің таралуына зертханалық тексеру фотосерпімділік әдісімен жүргізілді.Тексеру көрсеткендей, кламмерлер окклюзиялық бастырмалардан иық соңына дейін бірыңғай тарылуы тиіс.Осы сынықтарға сәйкес иықтың стандартты қалыптары мен олардың қалыңдығы жасалды.Кейін бұл стандарттар резеңке майысқақ матрицаға көшірілді, матрицаны пайдаланып, барлық типті кламмерлердің балауызды қалыптарын алуға болады.Иықтың бекітуші бөлігінің ұзындығы кемер тереңдігіне байланысты болғандықтан, матрицада түрлі тістер (күрек тіс, ит тіс, кіші азу, үлкен азу) үшін балауыз үлгіні жеңіл жасауға болатын бірнеше қалып бар.Кемер неғұрлым үлкен болса, кламмерлердің бекіту ұшы соғұрлым қысқа да майысқақ болуы тиіс.Керісінше, кемер кішкене болса, йық ұзындау және қалыңдау келеді, демек онша майысқақ та болмайды.

Параллелометрде доғалықпен қатар табақшалы (пластиналы) протез үлгілерін де зерттеген пайдалы.Табақшалы протезді бекіту үшін кламмерлердің кернеуі туындататын жарақаттық түйісудің алдын-алу үшін осы кламмерлерді оңтайлы орналастырған жөн.

Межелік сызық белгіленіп, протездің енгізілу жолы анықталғаннан кейін, доғаның, кламмерлердің, тырнақ тәрізді өсінділердің орналастырылуын қарастырады.Олар протезді енгізуге кедергі болмауы тиіс. Содан барып модельге протез қаңқасының суреті салынады.

58. Антагонист тістер болғанда орталық окклюзияны анықтау және бекіту

Қарама-қарсы тістер болғанда жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту әдістері

Жұмыс істеу кезеңдері Құрал жабдықтар Өзін-өзі бақылау критериі
1. Дайындақ кезеңі
2.Сапаны бағалау А) ғанышты мүсіндерді Б) балауыз негізін Жақтардың ғаныштық мүсіндері, тістесу біліктері бар балауыз негіздері Ғанышты мүсіндер протез орнын дәл қайталайды. Тістесу біліктері тығыз орналасқан, орнынан қозғалмайды.
3. Жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту А) Тсітесу біліктерін шақтап келтру және оларға коррекция жүргізу Б) жақтардың орталық ара қатынасын бекіту 1. Жоғарғы жақтың тістесу білігіне шпательмен екі ориентир сызылады. 2. Төменгі жақтың тістесу біліктлігімен негіздік балауыз пластинкасының қалыңдығына сәйкес Ыстық шпательдің көмегмен қалыптастырылады 3. Тістесу біліктері бар балауыз негізін ауыз қуысына салады да, науасқа тілінің ұшымен қатты таңдайдың артқы бөлігіне тигізуін сұрайды да ауызды жабады. 4. Тістесу біліктерн суытып ауызда қайтадан жақтардың орталық ара қатынасын тексереді.
4. Жақтардың орталық ара қатынасының бекітілу дұрысытығын тексеру. Жақтардың орталық ара қатынасын бекіту дұрыстығы ауыз қуысында анықталады. 1. Тістесу біліктері қарама-қарсы жақтың тістерімен тығыз жанасады. 2. Беттің орталық сызығы күрек тістердің арасындағы сызыққа дәл келеді.

59 сұрақ. Агапов, Оксман бойынша тіс жақ жүйесінің шайнау тиімділігін бағалау.


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 1303; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!