Наукасты ортопедиялык стоматология клиникасында тексеру 4 страница



    Тіс түбірлерін жұлу – протездеуге келмегенде жүргзеді. Алынбалы протездерді бекіту үшін штитфті тстерді бекіткенде тіс түбірлерін сақтау қажет.

    Ауыз қуысын протездеуге арнайы хирургиялық дайындық.

Тістесу ауытқулары әдетте қиындатады, ал кейбір жағдайда протездеуге мүмкіндік тудырмайды. Тіс альвеолалық ұзарғанда тістер қарама – қарсы жақтың альвеолярлы өсінідісінің шырышты қабатына дейін жетеді. Сол арқылы ол протез кеңістігін азайтады. Тістесу беткейінің аз мөлшерде ауытқуы протездеуге қиындық тудырмауы мүмкін. Ал терең бұзылыстар болғанда оны түзету арнайы алдын ала ортопедиялық дайындық бойынша жүргізіледі. Тіс қатарының тістесу беткейінің ауытқулары альвеола аралық биіктікті жоғарлату жолымен, алға шығыңқы және қисайған тістерді қысқарту арқылы, арнайы протездер көмегімен тістерді ығыстыру (ортодонттық әдіс), алдын ала қыртысты тілу жүргізіліп, тістесу протездері көмегімен тістерді ығыстыру (аппаратты – хирургиялық әдіс), шығыңқы тістерді алып тастау (хирургиялық әдіс) және арнайы протездеуге қолданады.

45) Доғалы протездің артықшылығы және кемшілігі

Артықшылығы:

- Гигиеналық күтімі ыңғайлы

- Ауыз қуысының гигиенасы мен эстетикасын аз бұзады

- Пародонтқа артық салмақ түсуінің алдын алады

- Өңдеуіш құрылым болып табылады

- Шайнау қабілетін 85-90 пайызға орнына келтіреді

Кемшіліктері:

- Дайындау технологиясы үлкен дәлдікті қажет етеді

- Протездің орналасуы мен алынуының бұзылуы, тістер пародонтына артық салмақ түсуі мен олардың сезімталдығының жоғарылауына себеп болады.

46) Тістің қатты тіндерінің патологиясын винирмен емдеуге арналған көрсетілімдер

Винирлер дегеніміз - фарфор немесе композиттерден жасалған, қалыңдығы 0,5 - 0,7 мм, алдыңғы тістердің ерін бетін жауып түратын қаптағыш. Винирлер алдыңғы тістердің жарасымдылыгын орнына келтіру үшін, тістің қатты тіндерін сақтай отыра, тістің калпы мен түсін түзету үшін пайдалынады, мысалы, эмаль гипоплазиясы, сына тәрізді ақауда, флюороз кезінде.

Винирлерді қолдануға көрсетілімдер:

6. Сынығы елеусіз және беті тегіс емес тістерді қалпына келтіру ;

7. Түсін өзгерткен бітемелерді жасыру

8. Түсі өзгерген (тетрациклин тістер, гипоплазия, флюороз, жарақат, эндодонтиялық емдеу нәтижесінде түстің өзгеруі) тістерді қалпына келтіру;

9. Ортодонтиялық емдеуге балама ретінде

10. Винирлер үлкен тісаралықты жабу, тіс қатарын тегістеу үшін жиі қолданылады

47) Кламмерлер және олардың түрлері

Кламмерлер жүйесі;

Тірек ұстағыш кламмері барлық үш қызметті(тіреу,тұрақтандырушы, кідіртетін) бір атқаратын неғұрлым жетілгенкламмерлер түрі болып табылады.

Құйылған тірек ұстағыш кламердің құрылымы төрт негізгі элементі қамтиді: екі иықты(ветибуляр және ауыздық) окклюзиялық бастырманы( тістің окклюзиялық бетінде орналасқан),дененсі(,бұл байланыстырушы элемент,ол тісте түрлі нұсқада орналасады), өсінді( ол кламмердің өзін доғал протездің металл қанқасымен қосады).

Кламмерлер түрлері;

Нео әфирмасы оның негізді типтерін жүйелеп, бөліп көрсетеді.

I.Аккердің қатты тірек ұстағыш -кламмері;

II.Роучтың эластикалық тірек- ұстағыш;

III. Аралас кламмер;

IV.Артқы(кері) әрекеттің немесе жартылай бір иықты кламмері;

V.Дөңгелек немесе сақиналы кламмер;

Сонғы жылдары стоматологияда дәлдігі жоғары технологиялардың қарқынды дамуына байланыты кламмерсіз бекітілетін тіс протездерінің құрылымдары жетілдірілді.

Протез бекітудің мынадай түрлері кең тарауда;

-магнит элементері көмегімен:

-телескопиялық сауыттар көмегімен

-құлыпты бекіту(аттачмендер)

-магниттті бекіткіштер екі қызмет атқарады: тірек жіне ретенциялық, сондықтан олар бікітудің қосымша элементері ретінде қолданылады.

телескопиялық сауыттарекі сауыттан тұратын жүйе, бір сауыт(ішкі немесе патрица)дайындалған тірек тіске цементелген, екіншісі (сыртқы немесе матрица)үйлестірілген құрылғының алмалы-салмалы бөлігі қанқасына орналасады

 

48) Көпір тәрізді протезді салу және орнату, бекіту. Сапа критерий

Ерекше жоғары деңгейлі эстетикалы (жарасымды) әсер тек металды-керамикалы протездерді қолданғанда ғана болады.

Металды-керамикалы көпір тәрізді протездерді дайындау көрсеткіштері:

 - қаңқа ретінде қолданатын металға байланысты металды- керамикалы протездің ұзындығы. Асыл металдар қорытпаларын қолдану тіс қатарының ақауы 2-3 тіспен, ал асыл еместер металл қоспаларын қолдануда төрт тіспен шектелу тиіс;

 - тірек тістердің клиникалық тіс сауыттарының биіктіктері. Tiс сауыты биік болған сайын, көп көпір тәріздес протезді даярлау және шайылуға арналған орынды жасау мүмкіндігі кеңейе түседі;

- төменгі күрек тістердің жоғарғы тістермен жабылу терендігі мен тістем түрі. Металды-керамикалы тіс протездерін даярлауға қарсы көрсеткіштер:

 - балалар мен жас өспірімдер, ұлпасы тірі тістердің болуы;

 - каптағыш материалы мен металл қалындығына қарай қатты тіндерді егеу мүмкін еместігі, тістердің клиникалық сауыттары аласа болғанда; - тіс қатарларының үлкен ақаулары;

- тіс қатарларының окклюзиясының асқынған деформациялары.

Металды -керамикалы тіс протезін дайындау екі негізгі кезеңнен түрады, біртұтас металл каңқаны кұю жэне қаңқаны керамикалык массамен қаптап әшекейлеу.

Тірек тістерін даярлау, қалып-өлшем алу, кұрамалы мүсіндер жасау, тірек тістерге қалпақшалар дайындау жеке металды- керамикалы тіссауыттарын даярлау сияқты. Протездің металл каңкасын алудағы амал-әрекеттердің реттілігі біртұтас құйма көпір тәрізді металды протезбен өте ұқсас, бірақ, одан кейбір айырмашылықтары бар:

• қаңқаны мүеіндеуді қосқабатты қалып-өлшемнен алынған қүрамалы мүсінде жүргізеді;

• балауыздан көпір тәрізді протездің барлық құрылымды элементтерін (қалпақшалар мен аралык бөлімі) және пішінін мүсіндейді.

 

Тірек қалпақшалардың қалындығы 0,3-0,5 мм, келешек керамика қабатының қалындығы 0,8-1 мм, ал кесу қырлары мен шайнау беттеріндегі керамика қалындығы 1,5-2,0 мм кұрайды, жасанды тістердің беттерін жабатын керамика қабатының қалындығы 1,5-2,0 мм. Қалпақшалар мен аралық бөлімнің таңцай немесе тіл бетінде, олардың мойын бөліктерінде «жаға» түрінде жасалатын металл белдеуді «гирлянда» деп атайды. Бұл гирляндалар жылу өткізгіштікті сақтау мен керамикалық массаның көлемін азайтады. Жасанды сауыттар мен тістердің анатомиялық пішіндеріне көңіл аударған дұрыс, өйткені, тістің экваторлары мен төмпешіктерінің дұрыс болмауы керамикалық массаның сынуына соқтырады.

- құю жүйесін қүру мен орналастыру:

- қүйылған қаңқаның бетінің тазалығы қүю жүйесін қүрудың дэлдігіне байланысты;

- кұю жүйесі арнайы құйма балауыздан жасалады (восколит-2), құю каналдары үшін балауыздың диаметрі 2-2,5 мм, ал қоректендіргіштер үшін диаметр 3-3,5 мм болады;

- құйма каналдары тірек сауыттары мен жасанды тістердің ең қалың жерлеріне орналастырылады, оларды ортақ қоректік доғамен бір-бірімен жалғайды.

 Қоректік түйін қосымша бүтақтармен қүю конусымен жалғасады. Тіректік сызаттардың жүқа жерлерінде ауаны шығаратын қосымша қашыртқылар (диаметрі 0,5-1,0мм) орналастырады. Дайын балауыз репродукцияны мүсіннен шешіп, құйма қалыпты дайындауға және қаңқаны құюға кіріседі;

• балауыз мүсінді металл қорытпасына ауыстыру әдеттегі әдіспен ауыстырылады

 

Металлды-керамикалы көпір тәрізді протезді жасаудың бірінші клиникалық кезеңдеріне:

ауыз қуысын тексеру, диагноз қою, ем жоспарын құру және протездің түрін таңдау, қос қабатты жұмысшы және көмекші қалып-өлшем алу, егелген тістерді уақытша сауытпен жабу жатады.

Екінші клиникалық кезеңге: көпір тәрізді протездің металл қаңқасын шақтап көру және керамиканың түр-түсін анықтау жатады.

 Үшінші кезеңге: металды-керамикалық көпір тәрізді протезде әшекейлеместен бұрын тірек тістерге шақтап көру мен протездің пішіні мен түр-түсін ретке келтіру жатады.

Соңгы клиникалық кезең: дайын болған металды-керамикалық көпір тәрізді протезді бекіту жэне науқасқа ақыл кеңес беру. 

Металды-керамикалы көпір тәрізді протездің технологиялық кезеңдері

- қос қабатгы қалып-өлшем сапасына баға беру;

 - комбинирленген кұрамалы мүсін дайындау;

- тірек тістердің тұқылдарын дайындау, протез каңқасының балауыз мүсінін алу;

- құю жүйесін орнықтыру және отқа төзімді қалып жасау және құю әдісімен металл қаңқа жаеау;

- металл қаңқаны тазалау және өндеу.

49) Жасанды сауытты тірек тіске орнату. Сауытты цементке орнату және бекіту әдістемесі

Тіссауытын орнату - оны тірек тіске шақтап көруден басталады.

Егер де қиындықтар туып жатса, тістің дайындық дүрыстығына назар

аудару керек. Тісте шығыңкы қырлардың (дөңестік) қалуы мүмкін

(сурет 111). Мүндай жағдайда тіс тіндерін қосымша егеу жеткілікті.

Егерде тіссауыт тар болса, оның мойнын ақырын соғу жолымен

кеңітуге болады.

Егерде тіссауыт кең болса, оны қайтадан штамптау керек.

Тіссауыты тістемді жогарылататын болса, онда оның шайнау

беттерін қосымша жөндейді.

Дұрыс орнатылған жэне даярланған тіссауыт тіс мойынын тығыз

орап жатады да, оны тістен шешу қиын болады. Шақталған

тіссауытын тістен шешу үшін бір немесе екі саусақпен, ал

молярлардан оң қолдың үш саусақтарымен үстап, тіссауытын ұрт-

таңдай (V-Р) бағытта қозғау керек. Егер де бүл амалмен тіссауыты

шешімесе, оны арнайы қүралмен шешу керек. Осы мақсаттар үшін

цемент араластыратын қалақша немесе тістехникалық қалақшаны

колдануға болады. Ең ыңғайлысы - Коптың арнаулы тіссауыт

шешетін қүралын қолдану

Тіссауытын шақтап коргеннен кейін, егер де олар дара болса,

оларды тегістеп, жылтыратып ауыз қуысында тіске цементпен

бекітеді.

Соңғы штамповкадан кейін сауыт термиялық өндеуден өтеді.

Штампталған сауытты күйдіргенде, ол оксид тотығымен

жабылады, осы қабатты кетіру процесі - «ағарту», деп аталады.

Ағартқыштардың металға әсері аз болуы керек. Ағартуды екі түрлі

технологиямен жүргізеді: арнайы ағартқыш ерітінділерде немесе

электролитте (электрополировка).

Ағартуға арналған қайнаған ағартқышқа сауыт 0,5-1 минутке

батырылады. Ағартқыш қалдығын алу үшін сауыт сумен жуылады.

Күміс қүйма үшін 96% спирт, не 10% түз қышқылы ертіндісі, ал

алтын қүймаға — 40-50% түз қышқылы колданылады

Ағартылған жасанды штампталған сауытты фантомға шақтап

көру кезінде гипс штампикте жасанды сауыттың ұзындығын

тексереді. Гипс штампта жасанды сауыттың шеті тістің клиникалық

мойнын 0,3-0,5 мм-ге жауып жатуы керек. Егер сауыт шеті

клиникалық мойынды шамадан тыс жауып тұрса, онда сауыттың

шетін карборунд тасымен қысқартады. Штампталған сауыт тістің

анатомиялық пішініне сәйкес келуін тексереді. Сауыт егелген тістің

анатомиялық пішін қайталап, экваторын айқын беруі керек.

Осыдан кейін жасанды сауыттарды егелген тіске бекіту

(фантомда) үшін, сауытты медикаментозды өңдеуден өткізіп, оның

клиникалық сапа белгілерін бағалайды:

- жасанды сауыттар күшпен тағылып алынады;

- тіс мойнын тығыз қамтиды;

- тістің анатомиялық формасына сәйкес келеді;

- қызыл иектің сайына 0,1-0,3 мм енеді;

- жақтың түрлі кимылдарында кедергі келтірмейді;

- егер сауыт клиникалық жэне технологиялық белгілерімен

толығымен сэйкес келсе, онда ол лабораторияға ағартылуға, өңдеу

мен тегістеуге жіберіледі.

50) Металло керамикалық сауыттарды жасауда тістерді депульпациялауға арналған көрсетілімдер

Арнайы терапиялық әдістерге тістердің ұлпасын алып тастап жатады. Ұлпаның алып тастау көрсеткіштеріне:

1. Тістің қатты тіңдерінің қалың қабатын алып тасатағанда (жартылай қаптама , салма, пластмассалы қаптама, егерде рентгеналогиялық тексеру кезінде тістің кең қуысы анықталғанда) жүргізіледі. Бұл жағдайда тістің қатты тіңдерін көп мөлшерде алғанда жұқа қабатты дентин қалады да ол ұлпаны сақтай алмайды. Сонымен бірге ұлпа ашылып кетуі де мүмкін.

2. Тістер айтарлықтай медиальды бағытта қисайғанда, көпір тектес протездің тірек тістеріне бір – біріне параллельдігін қалыптастыру үшін.

3. Тістесу беткейіне кедергі жасап тұрған тіс сауытын айтарлықтай қысқартқан уақытта.

4. Пародонты зақымдалған алдыңғы тістерді шеңдеу алдында, клиникалық сауытының биіктігі кішірейген уақытта.

51) Металсыз сауыттарға түсінік

Металсыз керамика құрамы және қасиеттері тіс дентиніне жақын, мұның өзі осы құрылымды бекітуде артықшылықтарды береді. Эстетикалық қасиеті жоғары осы протездер жарық сынуы және хромоспектроскопия жағдайында табиғи тістерден кем түспейді.

Сырт түріне қарағанда металсыз сауыттың табиғи тістерден айырмашылығы жоқ. Олар күрек тістер, сүйір тістер, премолярлар, сирек молярлар сауыттарының кемістігін түзету үшін қолданылады. Мұндай сауыттар тісжегі не жарақат себебінен туындаған кемістіктерді түзетуге, сына тәрізді ақауларда, тістің анатомиялық қалыбын бітеу не салма көмегімен қалпына келтіру мүмкін болмағанда көрсетілген. Тіссауытың түсі өзгергенде қышқыл өлеттену, флюороз, амелогенез, тістер қалыптан уаытқығанда, диастемада, тремаларда, тіс тік осі бойымен бұрылғанда, пластмасса не металл сауыттарды , пластмасса әрлемесі бар металл сауыттарды, олар табиғи тістердің түсі мен пішініне сай келмегенде ауыстыру қажет жағдайда да металсыз сауыттарды пайдалану әлдеқайда тиімді.

Металсыз сауыттарды дайындауға көрсетілімдер:

-сауыт бөлігі бұзылған, сынғаннан кейінгі, түсі өзгерген, қажалатын, дұрыс орналаспаған маңдайлас тістер;

-окклюзия жағдайы қолайлы бүйірлік тістер.

Салыстырмалы қарсы көрсетілімдер:

-сауыттың шамадан тыс конустығы;

-керамика қалыңдығы үшін орын санының жеткіліксіздігі 0,8 мм;

- терең тістем;

-тістің қысқа клиникалық сауыты мұның өзі қалпына келтіру кідірісін қиындатады;


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 1748; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!