Наукасты ортопедиялык стоматология клиникасында тексеру 2 страница



   Тістерді және тіс қатараларын қарағанда қалыпты жағдайдан ауытқуларға көңіл аударады: тіс ауытқулары, пішіндері, көлемі, саны, орналасуы, түбірі мен мойыншасының жалаңаштануы, қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс шөгінділерінің болуы тексеріледі. Сүңгі және тіс айнасы көмегімен тіс жегісі мен зақымдалған және жарақаттанған тістерді айқындайды. Тістердің сыртқы түрін: кіреуке гипоплазиясы, сына тәрізді ақаулардың, тістесу беттернің жоғары қажалғыштығын анықтайды. Тістің түсі бітеме материалдар әсерінен, дәрі – дәрімектік зат, емдік сықпа құралын, кей жағдайда ұлпа некрозы салдарынан өзгеру мүмкін. Жарақаттан кейін ұлпаға қан құйылудан тістің түсі өзгеруі мүмкін. Тістердің қозғалғышытығы пародонтидтің бір белгісі болып саналады. Басқа белгілеріне, қызыл иекті түбір ұшынан қызыл иек жиегіне қарай басқанда қызыл иек қалаталарынан серозды – іріңді бөлінулердің шығуы жатады.

   Қызыл иекті йод және калий йодиді ертіндісімен бояғаннан кейін қызыл иектің қоңыр түске боялуы созылмалы қабынуды анықтайды. Шымшуырдың көмегімен пародонтит және басқалай патологиялық күйлер кезінде тістердің қозғалғыштық дәрежесін анықтауға болады. Энтин бойынша тіс қозғалғыштығын 4 дәрежеге бөледі:

1-ші дәреже – тістер ерін -тілдлі немесе ұрт- тілді бағытта қозғалады.

2-ші дәреже – бұларға мезиодистальды бағыттағы қозғалғыштық қосылады.

3-ші дәреже – тістер вертикальды бағытта қозғалған болады. (себебі альвеола қабырғасының сорылуы жүреді)

4-ші дәреже – тіс барлық үш бағытта қозғалады, ось бойынша айналуы мүмкін. Үшінші және төртінші қозғалғыштық дәрежесі бар тістерді жұлып тастау керек.

   Тіс қатарлары кеңейген немесе тарылған болуы мүмкін. Тіс қатарларының тістерді жартылай жоғалтуына байланысты басқа да деформациялар кездеседі (Попов – Годон феномені). Олар қарама-қарсы тістердің вертикальды бағытта ығысумен ақауды шектейтін тістердің горизонтальды бағытта ығысуынан байқалады. Ильин – Маркосян тістердің вертикальды ығысуының екі қалыпын айырады.

Біріншісі – альвеолярлы өсіндінің вертикальды бағытта өсуі балалар мен жасөспірімдерде байқалады.

Екіншісі – тістің верикальды бағытта ығысуы, оның мойыны мен түбірінің жалаңаштануымен сипатталады.

   Ересек адамдарда В.А.Понамарева осы екі қалыптан басқа үш аралас пішінін айырады – бірінші және екінші пішінінің қосындысы айырады. Тіс доғаларының деформациялары тіс саны мен орналасу ауытқулары, жақтардың толық болмауы, жарақат, қабыну процестері, тырытқты бірігулер салдарынан пайда болады. Сонымен қатар, тістесу ауытқулары және тістердің орналасу ауытқуларнының да болуы байқалады. Тіс қатарларының ақаулары, топографиясы, ұзындығы және табиғи тістердің қатар орналасуымен ерекшеленеді. Мезиальды және дистальды шектелген ақаулар шектелген деп саналады. Мұндай ақаулар болғанда протездердің алынбайтын құрылымдары таңдалынады. Медиальды бағытта ғана шектелген ақаулар шеткері немесе шектелген ақаулар деп аталады. Мұндай ақаулар кезінде протездің алынбалы құрылымдарын таңдаған жөн. Топографиясы бойынша ақаулар фронтальды немесе бүйір тістер аймағында немесе фронтальды – бүйірлі аймақта кездесуі мүмкін. Барлық мағлұматтардың тәжірибелік мәні жоғары болғандықтан арнайы топтастырылулар қолданылады.

40 . Дәрігердің жұмыс орнындағы этика, деонтология, эргономика, медициналық құжатнама

Тіс дәрігерінің практикалық қызметінде деонтология мәселелері үлкен маңызға ие.Заманауи медициналық деонтология бірқатар мәселелерді қамтиды:дәрігердің қоғамдағы орны, дәрігердің науқаспен және оның туыстарымен қарым қатынасы, өзіне бағынышты медициналық қызметкерлермен қарым-қатынасы, техникалық жабдықталудың медициналық қызметке әсері.

Деонтология – медицина қызметкерлерінің адам денсаулығын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі жұмысының оңтайлы сапасы мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін олардың міндеттері мен іс-әрекет нормалары туралы ілім.Қоғамда адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым-қатынасы көптеген ережелермен, нормалармен реттеледі.Дәрігерлік этиканың жалпыға ортақ этика нормаларына негізделетіндігін атап өту қажет:жеке адамның қоғамдағы іс-әрекет нормалары, ұжымда екі н/е одан да көп адамның қарым-қатынасы, әр адамның жоғары адамгершілік қасиеттері.Деонтология мәнінің мазмұны жақсылық пен жамандық категориялары түсінігі, дәрігердің өмір мен денсаулыққа, ауру мен өлімге көзқарасы деп түсінеміз.Адамдардың көпшілігі аурумен куресуде дәрігердің беделі шешуші фактор болады деп санайды.Білімнен өзге дәрігердің бойында белгілі адами қасиеттер болу керек.Кейде бұл қасиеттер бірінші кезекке қойылады.Адамдарға деген сүйіспеншілік және білім – дәрігердің бойынан талап етілетін басты қасиеттер.Бұған қоса дәрігер өзіне сенімді болуы шарт.Адамға құлақ асып, шағымдарды мұқият тыңдау – дәрігер мен науқас арасында сенімді қарым-қатынас арасында орнатудың негізі.Әңгімелесу барысында дәрігер науқастың қаңдай адам екендігін біледі, аурудың туындау себептері мен жағдайларын анықтайды, бұның бәрі нақтама қоюда және ем жүргізуде аса маңызды.Мекемеге келген алғашқы сәт – тіркеу бөліміне келу кезі аса маңызды.Медициналық тіркеуші – науқаспен бірінші болып қатынасқа түсетін адам.Науқас адамды осы жерде қалай қарсы алса, оның көңіл-күйі де солай өзгермек.

Одан әрі науқас дәрігердің алдына келеді.Сөйтіп дәрігерлердің өзара мейірімді қатынасы, сондай-ақ дәрігер мен медбикенің қарым-қатынасы науқастарды емдеу үшін оңтайлы жағдай тудырады.Бұл емдеу мекемесінің беделін әбден нығайтады.Медициналық деонтология стоматологияға толықтай қатысты.Бұған қоса стоматологияның өз ерекшеліктері бар, бұл ерекшеліктер дәрігер-стомаотлогтың көп нәрсені тек біліп қана қоймай, өзі істей білу қажеттігінен туындайды.Стоматологиядағы деонтологияның тағы бір маңызды ерекшелігі – тіс дәрігері алдындағы қоркыныш.Бұл кейде барлық дерлік тістердің бұзылуына алып келеді.Тіс дәрігерінен қорқу тістерді емдеу кезінде туындайтын ауырсынуға н/е ауырсыну сезімдеріне байланысты.Көп жағдайда қорқыныш, кейде үрейлі қорқыныш, дәрігердің дөрекі араласуы н/е науқастың психикасына әсер ете алмауы салдарынан пайда болады.Тіс дәрігерінің міндеті:жансыздандырудың оңтайлы түрін жасай білу.Ауырсыну сезімі дұрыс нақтамалау н/е тістің қатты тіндерінің өңделу сапасын бақылау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, кез-келген әрекет ауырсынусыз жүргізідуі керек.Дөрекі қимылдау, сонымен қатар жансыздандырудан бас тарту психологиялық бұзылысқа, науқасты қорқыныштың тууына алып келеді, бұлар жеңу болашақта қиынға соғады.Қорқыныш сезімін бастан кешіру науқастардың не болса содан қорқа беруіне алып келеді.Әсіресе фобиялар болған жағдайда адам өте мазасыз және қорқақ келеді.Қорқыныш пен үрейдің туындауында психикалық жарақат үлкен роль атқарады.Бұл пмихикалық жарақаттың негізінде жағымсыз факторлардың аз уақыт н/е ұзақ уақыт әсер етуі жатады.

Психогениялардың жіктелуі:

Шығу тегі бойынша:

А)Ятросирирогения эрготогениялар

Ә) Кездейсоқ сипаттағы ситуациялық эпизодтар

Б)Деонтологиялық артефактілер

В)Медициналық мекемедегі ұйымдастыру кемшіліктері

Г)Қызмет көрсету мәдениетінің жеткіліксіздігі

Д)Медицина қызметкерлеріне тәуелді жағдайлар

Бағыты бойынша

А)Жанама әсерлер

Ә)Тікелей әсерлер

Құрылымы және патеогендік мәні бойынша психогениялар

А)Ориентирлік құрушы, фиксациялық н/е паторефлекторлық феномендер

Ә)Науқастың жеке медициналық қызметкерлер, мекеме н/е мамандық туралы пікірін бұрмалайтын иррационалды мақсаттардың туындауына ықпал ететін

Б)Тараптардың конфронтациясын тудыратын

В)Емделуші үшін маңызды ақпаратты оның гиперболизация нәтижесінде алған

Г)Өзіне қатысты естіген жағымсыз сөздерге, түсініксіз медициналық терминдерге реакция ретінде туған.

41.Тісті, тіс қатарын,жак сүйектерді, самай-

Төменгі жак сүйегі буындарды тексеру әдістері, диагностикасы.

Тіс қатарын тексеру белгілі тәртіппен жүргізіледі, төменгі жақ сүйегінде оң және сол жақта бірізділікпен әрбір тіс-бір жақтың ақыл тісінен бастап басқа жақтың аттас тісіне дейін тексеріледі. Содан соң жоғарғы жақ сүйегі тістері сүйегі солдан оңға қарай қаралады. Әрбір тістің мына белгілеріне назар аударады: 1.орналасуы; 2. Пішіні; 3. Түсі; 4. Қатты тіндердің күйі ; 5. Тіс орнықтылығы; 7.оның альвеоладан тіс және альвеола ішілік бөліктерінің арақатынасы; 8. Бітемелердің бар болуы, олардың күйі.

Тітерді тексергенде олардың түйісуін эжәне қарсы тістерге қатысты орналасуын анықтайды. Алдыңғы бөлімде сонымен қатар жабылу тереңдігін байқайды. Тексеру арқылы окклюзия беті сипатын, оның мүмкін болатын деформациясы туралы алдын-ала ақпарат алуға болады. Содан соң тіс доғаларының пішінін анықтайды. Әдетте тістертер қабысу түрін анықтау қиын емес. Қиындықтар патологиялық күйлерде; жақ сүйектері сынғанда, әсіресе, көп жарықшақты сынық болғанда пайда болады. Бұл кезде Энгль окклюзия алаңдары деп атап кеткен қажау фасеткалары көп көмек көрсетеді. Олар артикуляция кезіндегі тістердің қажалуы нәтижесінде түзіліп, тістем түріне белгілі қатаң тәртіпте орналасады. .

Самай бұлшық етін ауыз ішінен және сырттан – самай аймағында саусақпен байқайды . Ауыз қуысында сұқ саусақпен бұлшық еттің тәждік өскінге беку орны тексеріледі. Сырттай , оң және сол жақта бұлшық етті әр қолдың төрт саусағымен, оларды самай аймағына орнатып байқайды . Шықшыт буыны аурулары диагностикасы еске түсіру, ауыз қуысын клиникалық зерттеу, сыртқы және ішкі саусаұпен тексеру, қызметтік сынамалар, рентгенологиялық зерттеулері нәтижесінде негізделеді. Аурумен сөлескендк оның шағымдарын айқындау қажет. Көбінесе науқастар буынның сыртылдауына, ауруына, ауыздың толық ашылмауына, бас ауруына, есту қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Шағым айтпайтын пациенттер де кездеседі, бірақ оларды қарағанда шықшыттың бір патологиясы анықталады. Міне осылай шықшыт буының зерделеу тістер қатары ауруларыбар адамдар үшін міндетті. Одан кейін ауру атаған сырқат белгілері, мысалы буынның сыртылдауы қашан пайда болғанын және неге байланысты туындағынын анықтайды. Аурудың жайын сұраған соң буынды саусақпен тексереді. Ол үшін саусақтарды құлақ жарғағының түйінінің алдындағы теріге салады немесе саусақтарды сыртқы есту тесігіне енгізеді. Буынды саусақпер тексергенде жиі тебу, сыртылдау сезіледі. Сол себепті саусақпен қарау белгілі дәрежеде аускультация болып табылады , дегенмен шуды, сытырды фонендоскоппен де тыңдап білуге болады. Саусақпен сезу төменгі жақ сүйегінің бастары қозғалысының амлитудасын ауызды ашып-жапқанда анықтауға мүмкіндік береді, оң және сол бастар қозғалыстарының бір уақытта іске асуын білуге көмектеседі.

42) Ауыз қуысының кілегей қабығын, тіс-жақ жүйесінің бұлшықеттерін тексеру әдістері

    Клиникалық зерттеу әдістеріне жатады:

13. Анамнез (шағым жинау)

14. Науқастың сырт пішінін қарау.

15. СТЖБ және шайнау бұлшық еттерін тексеру.

16. Ауыз қуысын тексеру:

а) Ауыз қуысын тексеру.

б) Ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру.

в) Тістерді және тіс қатарын тексеру.

г) Пародонтты тексеру.

д) Тіссіз альвеола бөліктерін тексеру.

                                                             

    Науқастың шағымдары. Көбінесе науқастар шайнау мен сөйлеу қызметінің бұзылуына шағымданады. Фронтальды тістері болмаған жағдайда және осы аймақтың ауытқулары болған кезде эстетикалық ақау пайда болады, ол науқастың психикасына теріс әсерін тигізеді, олардын жұмыс істеу қабілетіне кедергі келтіреді. Басқа жағдайларда науқастар дәрігерге жарақаттан кейін және патологиялық процестерден соң келеді. (оған жататындар: қабыну, бластомозды процестер т.б.). кейде тістер аймағында байқалатын ауырсынуларға, жақ сүиектердің төменгі жақтың самай буындарында, ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің ауруларына, күйдіру, ашу сезіміне, қабыну немесе тыртықты өзгерістерге байланысты ауызды ашудың қиындауына, бет - әлпеттің ассиметриясына, деформациясына шағымданып келеді.

Одан кейін осы аурудың этиологиясын және ағымын (тіс жегісі және олардың асқынулары, пародонтоз, жарақат, тіс жақ жүйесінің ауытқулары, кілегей қабығының аурулары, ісіктер, аллергия) анықтау маңызды. Тіс қатарының ақауы науқастың жүйкесіне қалай әсер етеді, функциональды бұзылыстар байқала ма, науқас бұрын протез қолданды ма, құрылымы қандай, протезге үйрену мақсатын, протез кемшіліктері туралы сұрау қажет.

    Ортопедиялық жолмен емдеуді керек ететін тіс-жақ сүйегі ауруларының бірқатарының тегі, себебі белгілі. Көбінесе бұл тіс жегісі, пародонт аурулары салдарынан, зақым жарақаттан болған дерттер. Бұған қоса, себебі әлі де болса белгісіз сырқат түрлері де кездеседі.

    Ең алдымен қабылдауға келген сырқат адамның бет-жүзіне көз жүгіртіп байқап шығу керек. Беттің екі жағының симметриялы болуына, төменгі үштен бір бөлігінің биіктігіне, иектің шығыңқылығына, иек асты мен мұрын-ерін қатпарларының жайына, езуге назар аударылады. Сөйлегенде және күлгенде науқастың тісінің түбі қаншалықты ашылып көрінетіні байқалады.

    Ортопедиялық стоматология тәжірибесінде бет-жүзді үшке бөлу кеңінен таралған. Олар жоғарғы, орта және төменгі бөліктер.

    Беттің осынау бөліктерінің арасында заңды түрде арақатынас болмағанмен, көпшілік адамның бетінде салыстырмалы түрде сәйкестік бар, мұның өзі адам жүзінің эстетикалық үйлесімімен қамтамасыз етеді. Ортопедиялық мақсатта адамның бет-жүзінің төменгі үштен бір бөлігінің екі түрлі өлшемін айыра білу ләзім. Бірінші,өлшем тістердің қабысып тұрған кезіне сәйкес және ол тістесу өлшемі деп аталады. Екіншісі,адамның белгілі бір сабыр сақтау жағдайында, төменгі жақ-сүйегі сәл түсіңкі, тістердің арасында екі-төрт миллиметрдей саңылау болған жағдайда өлшенеді. Бұл салыстыралы жағдайдағы биіктік.


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 1180; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!