Наукасты ортопедиялык стоматология клиникасында тексеру 5 страница



Бруксизм;

52) Тіс қатарында ішінара ақау болғанда тексеру ерекшеліктері, клиникасы, диагностикасы

Тіс қатарларын тексеру үшін өткір сүңгі пайдаланады. Бұрыштық сүңгі көмегімен тістердің бүйір беттерінде тіс жегісі ақауларын, тіс мойыншалар аймағында механикалық тітіркенулері жоғары сезімтелдығын анықтауға болады. Сүңгінің көмегімен патологиялық тіс қызыл иек қалташаларының тереңдігі және пародонтоз кезіндегі мойын бөлімінің жалаңаштану дәрежесін анықтайды.

    Тістерді және тіс қатараларын қарағанда қалыпты жағдайдан ауытқуларға көңіл аударады: тіс ауытқулары, пішіндері, көлемі, саны, орналасуы, түбірі мен мойыншасының жалаңаштануы, қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс шөгінділерінің болуы тексеріледі. Сүңгі және тіс айнасы көмегімен тіс жегісі мен зақымдалған және жарақаттанған тістерді айқындайды. Тістердің сыртқы түрін: кіреуке гипоплазиясы, сына тәрізді ақаулардың, тістесу беттернің жоғары қажалғыштығын анықтайды. Тістің түсі бітеме материалдар әсерінен, дәрі – дәрімектік зат, емдік сықпа құралын, кей жағдайда ұлпа некрозы салдарынан өзгеру мүмкін. Жарақаттан кейін ұлпаға қан құйылудан тістің түсі өзгеруі мүмкін. Тістердің қозғалғышытығы пародонтидтің бір белгісі болып саналады. Басқа белгілеріне, қызыл иекті түбір ұшынан қызыл иек жиегіне қарай басқанда қызыл иек қалаталарынан серозды – іріңді бөлінулердің шығуы жатады.

    Қызыл иекті йод және калий йодиді ертіндісімен бояғаннан кейін қызыл иектің қоңыр түске боялуы созылмалы қабынуды анықтайды. Шымшуырдың көмегімен пародонтит және басқалай патологиялық күйлер кезінде тістердің қозғалғыштық дәрежесін анықтауға болады. Энтин бойынша тіс қозғалғыштығын 4 дәрежеге бөледі:

1-ші дәреже – тістер ерін -тілдлі немесе ұрт- тілді бағытта қозғалады.

2-ші дәреже – бұларға мезиодистальды бағыттағы қозғалғыштық қосылады.

3-ші дәреже – тістер вертикальды бағытта қозғалған болады. (себебі альвеола қабырғасының сорылуы жүреді)

4-ші дәреже – тіс барлық үш бағытта қозғалады, ось бойынша айналуы мүмкін. Үшінші және төртінші қозғалғыштық дәрежесі бар тістерді жұлып тастау керек.

    Тіс қатарлары кеңейген немесе тарылған болуы мүмкін. Тіс қатарларының тістерді жартылай жоғалтуына байланысты басқа да деформациялар кездеседі (Попов – Годон феномені). Олар қарама-қарсы тістердің вертикальды бағытта ығысумен ақауды шектейтін тістердің горизонтальды бағытта ығысуынан байқалады. Ильин – Маркосян тістердің вертикальды ығысуының екі қалыпын айырады.

Біріншісі – альвеолярлы өсіндінің вертикальды бағытта өсуі балалар мен жасөспірімдерде байқалады.

Екіншісі – тістің верикальды бағытта ығысуы, оның мойыны мен түбірінің жалаңаштануымен сипатталады.

    Диагностикалық процесс бір – бірімен байланысқан дәрігердің жұмысымен тығыз байланысты келесі кезңдерден тұрады:

17. Субъективті симптомдарды анықтау (шағым)

 

18. Әр түрлі тексеру әдістерін қолдана отырып объективті симптомдарды анықтау.

 

19. Зертханалық және ауруханалық тексеру әдістерін қолдана отырып морфологиялық өзгерістерді анықтау.

20.  Зертханалық тексеру нәтижесі арқылы функциональды бұзылыстарды анықтау.

 

21. Аурудың нозологиялық түрін анықтау.

 

22. Ауруды тудыратын этиологилық факторларды ашу.

 

23. Науқас ауруының ағымын және патогенезін анықтау.

 

24. Болжам.

 Ортопедиялық стоматологияда диагноз қою салдары:

7. Ашық тістесу (мешел түрі) барлық алдыңғы тістердің арасы ашық, шайнау және сөйлеу қызметі бұзылған, макроглоссия. Бұл жағдайда диагноз клиникалық талаптарға толық жауап береді, өйткені ашық тістесудің себебін көрсетеді (мешел), бұзылыстардың орнын (алдыңғы тістер), қызметінің бұзылыстарын көрсетеді. Сонымен бірге тіл бұлшық етінің гипертрофиясы көрсетілген.

8. Тістердің жартылай болмауы (төменгі жақ тіс қатарының оң жақты шектелмеген ақау) төменгі жақ қозғалысының бұзылыстарымен бірге тістесу беткейінің бұзылысы. Бұл жағдайда патологиялық процесстің орны, аурудың түрі (тістесу беткейінің бұзылысы) және қызметінің бұзылысы көрсетілген.

 

53.Бюгель протездермен емдеуге арналған көрсетілімдер

Бюгельді протез атауы немістің «Bugel» сөзінен шыққан, қазақша доға дегенді білдіреді.Бюгельді протездер термині табиғи тістерге, алвеолалық өсінділерге сүйенетін, протез орны қабығы және тіс пародонт арқылы шайнау жүктемесін көтеретін протездерді анықтайды.Бюгельді протездерге тірек ретінде тірек-ұстағыш кламмерлерімен қатар құлыпты, телескопиялық, арқалық (балкалық) ұстамаларды қолдануға болады.

Бюгельді протез артықшылығы мынадай:

-Қаңқаның тірек тістерімен қатаң бекітілуі шектелмеген ақаулар болған жағдайда да протещдің қызмет сапасын қамтамасыз етеді.Шағын кемістіктердің орнын толтырған жағдайда, протездердің шайнау тиімділігі дәстүрлі алынбайтын көпір тәрізді протездерге сай не жақын келеді;

-Шендеуіш салынып сақталған тістердің шиналау пародонтты шайнау қысымының зиянды көлденең компоненттерінің әсерінен сақтайды;

-Протез қанқасының тірек тістермен қатты да берік байланысуы протездің шағын жылжуына жол бермейді, сол себепті шырышты қабат та жарақаттанбайды;

-Тірек-ұстағыш құрылымдары протездің отыруына жол бермейді, сондықтан шырышты қабатқа түсетін қысым азайып, альвеолалы қырат атрофиясы кемиді;

-Көлбеу тістер бюгельді протезді ұстау үшін пайдаланылады;

-Тіссауыт төмен болса не тістемді өзгерткен жағдайда, тұтас құйылған окклюзиялық бастырма не каппалық шендеуіш тістеи биіктігін өзгертуге мүмкіндік береді;

-Қаңқалаудың (скелеттеу) кең мүмкіндігі науқас үшін де жайлы, аурулардың алдын алу үшін де маңызды, мұның өзі шырышты қабат пен пародонтты қорғауға қолайлы жағдай туғызады;

-Протездің берік бекуі науқасты сергітіп, протезге бейімделу үдерісін жеделдетеді;

-Гигиеналық күтімі жеңіл;

-Ауыз қуысы гигиенасын өте аз дәрежеде бұзады;

-Эстетикаға тигізетін зардабы аз.

Бюгельді протезді дайындауға көрсетілімдер

Бюьгелді протездер тіс қатарының жеке кемістіктерінде және табиғи тістердің жеткілікті саны бар жағдайда көрсетілген, себебі тіс пен протез орны шырышты қабат арасындағы шайнау қысымы сонда тиімді үйлестіріледі.

Бюгельді протездермен емдеуге көрсетілімдер

-Тіс қатары кемістіктері (Кеннеди бойынша I, II, III, IV кластық);

-Тірек тістердің сауыты биік болғанда;

-Тірек тістер пародонты сау болса;

-Тістер қатары кемістігі шырышты қабатының сау күйінде;

-Шайнау элементі ретінде пародонт тіндерінің ауруларында.

Бюгельді протезбен емдеуге қарсы көрсетілімдер:

-Тіл үзбесінің төменгі жаққа жоғары бекітілуі (ол тіл мойыншаларынан 1 см төмен орналасуы керек, сол жағдайда доғаның бекітілуіне орын жеткілікті болады).Бұлай болмаған жағдайда доға үзбені жарақаттап, науқас протезді пайдалана алмайды;

-Төмен клиникалық сауыттар жасанды сауыттармен биіктеуге келмесе, тірек бола алмайды;

-Түрлі жаққа еңкіш тістер (20о-тан артық емес) салыстырмалы түрдегі қарсы көрсетілім болып есептеледі, себебі оларды жасанды түрде параллель бағыттауға болады н/е параллелометрде диагностикалық модельдерге зерделеп, протезді енгізу және шығарып алу жолын таңдауға болады;

-Терең тістем, әсіресе терең жарақаттайтын тістем жағдайында миостатикалық рефлекс алдын-ала өзгертілмесе;

-Жоғары жақтағы айқын білінетін торус салыстырмалы түрдегі қарсы көрсетілім, себебі оны оралып өтіп, доғаны алдынан орналастыруға болады;

-Альвеолалы өсіндінің үлкен атрофиясы мен тайыз таңдай;

-Металл не пластмассаға төзімділіктің болмауы;

 

54 Бюгель протезді әзірлеудің клиникалық-зертханалық кезеңдері

Клиникалық кезең

1.Науқасты қарау, емдеу жоспарын құру.Толық анатомиялық қалып алу;

А)Гидроколлоидты илеу массасымен диагностикалық қалып алу;

Ә)Силикон массасымен қалып алу.

2.Орталық окклюзияны анықтау.Параллелометрияны өткізу.Бюьгелді протез қаңқасын жобалау.Бюьгелді протез болашақ қаңқасының бағдарын модельге түсіру.

3.Бюьгельді протез қаңқасын ауыз қуысында шақтау.Тістер түсін анықтау.

4.Бюгельді протездің балауыз құрылымын шақтау.

5.Бюгельді протезді шақтау және тапсыру.Бюгельді протездерге бейімделу және оларды күту жөнінде нұсқау беру.

Зертханалық кезең

1 этап

1.Анатомиялық қалыптың сапасын талдау.

2.Супергипстен жұмыстық модельді құю

3.Қарсы тістердің ғаныштан көмекші қалыпты алу.

4.Тістем біліктері бар балауыз негіздерін дайындау.

2 этап

1.Тіс технигінің бюгельді протез қаңқасын құрастыруға қатысуы.

2.Бюгель протезінің қаңқасының бағдарларын түсіру (сызу).

3.Супергипстен жасалған жұмыстық модельді отқа төзімді массадан жасалатын модельге дайындау.

4.Отқа төзімді модельді дайындау.

5.Бюгельді протез қаңқасын балауыздан мүсіндеу.

6.Отқа төзімді модельді құю.

7.Бюгельді протез қаңқасын өңдеу.

3 этап

1.Бюгельді протез қаңқасының соңғы өңделуі.

2.Жұмыстық модельді бюгельді протез қаңқасымен окклюдаторға не артикуляторға ғаныштау.

3.Жасанды тістерді орнату.

4 этап

1.Балауыз үлгіні пластмассаға ауыстыру.

2.Протезді өңдеу, тегістеу, жылтырату.

55.Толық алмалы-салмалы протезді бекіту және тұрақтандыру тәсілдері

Бекіту.Тіссіз жақ сүйектеріндегі протездің қызметтік құңдылығы ең алдымен протездің бекуіне олардың жақ сүйектеріндегі тыныштық жағдайында жеке қызметтік қимылдауы кезінде орнығуына байланысты.Бекіту күші протез тіні және ауыз қуысы мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, протез тіні шырышты қабатының күйіне, альвеола қырлары мен жақ сүйектері альвеола бөліктерінің пішіндеріне тәуелді.

Протез жақ сүйегіне бекітудің мынадай әдістері бар, механикалық, хирургиялық, физикалық, анатомиялық, биофизикалық, биомеханикалық және физикалық-биологиялық.

Негізгілері – механикалық-физикалық, физикалық-биологиялық әдістер.Қалғандары не аталған әдістерді қамтиды не көмекші болып табылып, протезді икемді бекіту үшін ауыз қуысын ортопедиялық емдеуге дайындайды.

Механикалық –ретенция, барлық белгілі әдістердің ішіндегі ең кең тарағаны.Ол табақшалы протездерді бекіту үшін түрлі механикалық құрылғыларды пайдалануға негізделген.Қазір бұл әдіс аз қолданылады.

Хирургиялық –көмекші болып табылады, протезді тиімді бекіту үшін ауыз қуысын ортопедиялық емдеуге дайындалуға арналған.

Анатомиялық –протездің беку дәрежесі алғашқы кезекте протез тінінің анатомиялық-физиологиялық күйіне байланысты.Альвеола қыры және альвеола бөлігі жақсы білінетін жақ сүйектерде протез неғұрлым тұрақты келеді, себебі шырышты қабат бұлшық еттері, тартпаларының жақ сүйегіне беку орны альвеола қырынан жеткілікті алыс болады.

Физикалық әдіс –тіссіз жақ сүйектеріне протезді орнықтыру үшін адгезия және когезия сияқты физикалық құбылыстарды пайдаланады.

Адгезия –екі әртекті денелер жанасқанда, олардың беткі қабаттарында белгілі бір байланыстың пайда болуы.

Когезия –физикалық денеде молекулалар, атомдар, иондардың ұштасуы, молекулааралық әсер және химиялық байланыспен түсіндіріледі.

Ретенция және адгезия құбылыстары іс жүзінде протездерді бекіту үшін пайдаланылады.Соңғы жылдары бекітудің физикалық-биологиялық әдістері кеңінен қолданылады.Олардың мәні протездердің адгезия және қызметтік созылуы есебінен бекуінде.Тіс протездерді адгезиясын қамтамасыз ету үшін оның протез орналасатын орын тіндеріне толық сай келуіне қлд жеткізу керек.Ауыз қуысы шырышты қабатының макро және микро бедері протез негізінде дәл бейнеленуі тиіс.Адгезия күші шырышты қабат пен протездің орналасу орны ауданының микробедерінің қайталану дәлдігіне байланысты.

Қызметтік жабысу протез астында кері қысым жасауға негізделген.Егер протез бен оның астындағы шырышты қабат арасында зарядсыз кеңістік түзілсе, протез қысым айырмасы есебінен жақсы бекиді.Емдеу кезінде бұған қол жеткізу үшін жоғары сапалы қалып түсіріп, протез шегін, көлемін анықтау керек.

Протез ұстауға механикалық-ретенция күштері де маңызды.Оларды пайдаланғанда тіссіз жақ сүйектердің анатомиялық-физиоллгиялық ерекшеліктерін, сүйек тінінің, шырышты қабаттың күйін қатаң ескереді.Протезбен әрекет ететін бұлшық ет күйін де анық білу қажет.

Протезді жақ сүйегіне тыныштық күйінде де, қызмет кезінде де тиімді бекітетін негізгі күштер – қызметтік жабысу күштері.Ол үшін ауыз қуысында қақпақ аумағын жасайды.

Қақпақ аумағы –протез шеті шырышты қабатпен түйісіп протездің шеті бойына тұйықтау қақпақ түзіп, оны жақ сүйегіне бекітуге жағдай жасайды.

Бекітудің көмекші әдістері – бұл магниттерді, импланттарды, басқа да құрылымдарды пайдалану.Соңғы жылдары кейбір авторлар базис негізінде желімденгіш ұнтақ, гель, пленканы жағуды ұсынады.Мұнда сілекейдің тұтқырлығы артып, протездің бекуі жақсарады.Полиоксиэтилен негізіндегі ұнтақтар түріндегі адгезивтер ұсынылды.Олар алмалы-салмалы табақшалы протездің протез орналасатын орнының шырышты қабатына қараған бетіне жағылады.

Сілекей әсерінен желім ісініп, жабысқақ қабат түзейді.Мұның өзі протездің бекуін жақсартады.«Корега» кеңінен қолданылады.Қазіргі адгезивті препараттар құрамында пластификаторлар мен мономер бар кондиционерлер жатады.Пластификаторлар ретінде монобутилэтиленгликоль эфиріне аз ғана спирт қосылған монобутилфталат пайдаланған, ол полимер бөлшектеріне еніп, олар сараланып, пластификацияланып, кондиционер-гель түзеді, ол одан кейін протезге жағылады.

Фирмалар түрлі адгезиялық препараттар (бекіту кремі, ұнтағы, төсемелер) шығарады, оларды протезге тәулік бойы 1-2 жағады.Бұл кезде беку жақсарып қана қоймай, алмалы-салмалы тіс протездеріне бейімделу де тез жүреді.


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 1286; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!