Наукасты ортопедиялык стоматология клиникасында тексеру 1 страница



Ортопедиялық стоматология клиникасында науқасты тексеру. Сырқатнама. Медициналық құжаттар

   Науқасты тексеру әдістері екіге бөлінеді: клиникалық және параклиникалық (құрал – жабдықты тексеру, зертханалық тексеру және рентгенологиялық тексеру әдістері жатады).

   Клиникалық зерттеу әдістеріне жатады:

9. Анамнез (шағым жинау)

10. Науқастың сырт пішінін қарау.

11. СТЖБ және шайнау бұлшық еттерін тексеру.

12. Ауыз қуысын тексеру:

а) Ауыз қуысын тексеру.

б) Ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру.

в) Тістерді және тіс қатарын тексеру.

г) Пародонтты тексеру.

д) Тіссіз альвеола бөліктерін тексеру.

                                                         Анамнез.     

   Анамнез жинағанда науқас барлық ауырған жұқпалы және басқа аурулары, олардың асқынулары туралы мағлұматтар алу керек, ішкі мүшелердің, әсіресе асқорту, жүйке, жүрек – тамыр жүйелерінің күйі туралы, ортопедиялық емдеу процесінде ескеретін аурулар туралы мағлұматтарды жинау керек. Анамнез жинаудың өзіндік реттері былайша:

13. Ауру адамның шағым түсінігмен оның субъективті жағдайын анықтау.

14. Аталмыш дерттің анамнезі.

15. Науқастың өмір тарихы.

16. Отбасы анамнезі.

   Дәрігердің дерттің түрін анықтау үшін ауру адамға қоятын сұрақтары, негізінен, аурудың түріне, жағдайына, басталған уақытына, көрінісіне, байланысты болу керек. Кейбір жеңіл-желпі аурулардың түрін, оларға көрсетілген көмек түрлерін екі-үш сұрақ арқылы анықтауға болады. Ал, екінші бір жағдайда ауру адамның өмірімен, отбасы жағдайларымен толық танысу крек. Мысалы, егер ауру адам, күрек тістерінің біреуінің тағам ішу барысында қатты заттан сынғанына шағым жасаса, онда оған көрсетілген емнің түрін клиникалық тәсілдер арқылы анықтауға болады, және бұл жағдайда ауру адамға көп сұрақтар берудің қажеті жоқ. Ал егер, ауру адам, салынған жасанды тістерінің салдарынан қызыл иегінің ауыратынына немесе күидіруіне, қызатынына шағым жасайтын болса, ауру адамға берілетін сұрақтар оның өмірін, отбасы тарихын, атқаратын қызметін және аурудың пайда болу себептерін, оның асқынуын толық қамту қажет. Зерттеу жұмыстары, тек ауыз қуысымен шектелмей ,басқа да қатарлас мұрын, құлақ, тамақ, асқазан және ішек сияқты мүшелерін қамту қажет. Тыныс алу, ас қорыту, сезім жүйелерінің ауру сырқаты табылған жағдайда басқа маман дәрігерлермен кеңесу өте қажет.

   Болашақ емнің нәтижелі болуына ауру адамның бұдан бұрын тіс дәрігерлерінде болып, ем алғаны да көп көмегін тигізеді. Егер, ауру адам жасанды тістердің салдыру жолдарымен таныс болса, онда дәрігерлермен кеңесу өте қажет.

   Ескере кететін бір жағдай, ауру адамға берілетін сұрақтар анық, түсінікті, толық болуы қажет. Дәрігер ауру адаманың шағымын, берілген сұрақтарға қайтарған жауаптарын ұқыпты тыңдап, тиянақты қорытынды жасай білуге міндетті.

  Аурудың этилогиясы мен патогенезін анықтау үшін науқастың жеке ерекшеліктері мен жас мөлшерін ескере отырып анамнез жинау керек. Еліміздің ғалымдары, клиникалық медицина классиктері С.П.Боткин және Г.А.Захарин анамнезге үлкен мән берген және мұқият жинау керектігін атап өткен. Обьективті зерттеу аурудың жеке симптомдарын анықтау үшін өте бағалы. Субьективті мағлұматтар мен обьективті тексеру әдістерінің нәтижелерінің қосындысы аурудың этиологиясын, патогенезі мен клиникасын толық анықтауына, диагнозды дұрыс қоюға және емдік шаралар комплексін, патогенетикалық терапияны тағайындауға мүмкіншілік береді.

   Науқастың шағымдары. Көбінесе науқастар шайнау мен сөйлеу қызметінің бұзылуына шағымданады. Фронтальды тістері болмаған жағдайда және осы аймақтың ауытқулары болған кезде эстетикалық ақау пайда болады, ол науқастың психикасына теріс әсерін тигізеді, олардын жұмыс істеу қабілетіне кедергі келтіреді. Басқа жағдайларда науқастар дәрігерге жарақаттан кейін және патологиялық процестерден соң келеді. (оған жататындар: қабыну, бластомозды процестер т.б.). кейде тістер аймағында байқалатын ауырсынуларға, жақ сүиектердің төменгі жақтың самай буындарында, ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің ауруларына, күйдіру, ашу сезіміне, қабыну немесе тыртықты өзгерістерге байланысты ауызды ашудың қиындауына, бет - әлпеттің ассиметриясына, деформациясына шағымданып келеді.

   Одан кейін осы аурудың этиологиясын және ағымын (тіс жегісі және олардың асқынулары, пародонтоз, жарақат, тіс жақ жүйесінің ауытқулары, кілегей қабығының аурулары, ісіктер, аллергия) анықтау маңызды. Тіс қатарының ақауы науқастың жүйкесіне қалай әсер етеді, функциональды бұзылыстар байқала ма, науқас бұрын протез қолданды ма, құрылымы қандай, протезге үйрену мақсатын, протез кемшіліктері туралы сұрау қажет.

 Науқасты тесеру обьективті және субьективті мағлұматтарға негізделген зертеу әдістерімен жүргізілу керек. Субъективті дегеніміз- науқас адамның өз айтқандары арқылы ауру жөнінде ой-пікірін түйіндеу, ал объективті дегеніміз-түрлі құрал аспаптардың көмегімен, зертханалық және басқа да әдістермен тексеру.

Ауру адамды қараған уақытта сырқаттан, клиникалық көрінісінің жағдайына байланысты анатомиялық зақымдалу жайын айтып қана қоймай, онымен брге тіс-жақ сүйегі аппаратының жағдайын да анықтап алу қажет. Бұл үшін тіс-жақ сүйек жүйесінің қызметі тексеріледі, ол адамға тағам шайнатып көреді, төменгі жақ сүйегінің қозғалысын арнайы әдіспен жазып алады, бұлшық еттердің биотоқтарын зерттейді, тағы да басқа әдстер қолданылады. Функционалдық зақымданудың жайын анықтаудың үлкен маңызы бар, өйткені ол пайда болатын негізгі себептердің бірі болады, әрі кейде оның сипаттамасын беруі мүмкін. Сондықтан ортопедиалық емдеу жоспарын белгілегенде, алдымен тіс-жақ сүйегі қызметін жөнге келтіретін шараларды жүзеге асыру қажет.

   Ортопедиялық жолмен емдеуді керек ететін тіс-жақ сүйегі ауруларының бірқатарының тегі, себебі белгілі. Көбінесе бұл тіс жегісі, пародонт аурулары салдарынан, зақым жарақаттан болған дерттер. Бұған қоса, себебі әлі де болса белгісіз сырқат түрлері де кездеседі.

   Мысалы, туа болған тіссіздік, тістің шықпай қалуы және қиындықпен жарып шығу, ауру салдарынан мұқалып қалуы сияқты сырқаттардың пайда болуы себептерінің көбі әлі анықталмай отыр. Дегенмен, дерттің себебін біліп қана қою, оны емдеп жазуға жеткіліксіз болар еді. Мысалы, балалар арасында зиянды әдетке бой ұрған (саусағын, басқа да заттарды соратын) сәбилер кездеседі. Әдетте,олардың жақ сүйектері дұрыс қабыспайды. Бұл барлық адамдарға емес, кейбір балаларға ғана тән. Демек, тіс-жақ қызметінің бұзылуына әкеліп соққан себептерден басқа, оның дамуына негіз болған патологиялық механизмдерді, өзгерістерді білген жөн. Мұның да толып жатқан себептері бар. Ағзаның түзілісі, оның қызметі, сырқат адамның жасы, бұрын қандай ауруға шалдыққаны – осының бірі маңызды. Мұндай белгілердің әрбір жеке адамда ерекше көрінетіндігі бар, сондықтан әр жағдай үшін алдын ала белгілі бір кесіп-пішілген түрде нұсқау беруге болмайды.

   Ең алдымен қабылдауға келген сырқат адамның бет-жүзіне көз жүгіртіп байқап шығу керек. Беттің екі жағының симметриялы болуына, төменгі үштен бір бөлігінің биіктігіне, иектің шығыңқылығына, иек асты мен мұрын-ерін қатпарларының жайына, езуге назар аударылады. Сөйлегенде және күлгенде науқастың тісінің түбі қаншалықты ашылып көрінетіні байқалады.

   Ортопедиялық стоматология тәжірибесінде бет-жүзді үшке бөлу кеңінен таралған. Олар жоғарғы, орта және төменгі бөліктер.

   Беттің осынау бөліктерінің арасында заңды түрде арақатынас болмағанмен, көпшілік адамның бетінде салыстырмалы түрде сәйкестік бар, мұның өзі адам жүзінің эстетикалық үйлесімімен қамтамасыз етеді. Ортопедиялық мақсатта адамның бет-жүзінің төменгі үштен бір бөлігінің екі түрлі өлшемін айыра білу ләзім. Бірінші,өлшем тістердің қабысып тұрған кезіне сәйкес және ол тістесу өлшемі деп аталады. Екіншісі,адамның белгілі бір сабыр сақтау жағдайында, төменгі жақ-сүйегі сәл түсіңкі, тістердің арасында екі-төрт миллиметрдей саңылау болған жағдайда өлшенеді. Бұл салыстыралы жағдайдағы биіктік.

   Бет-жүздің сәйкессіздігі байқалса, оның себебіне үңілу керек (бәлкім бетке жара түскен шығар, бұлшық еттер немесе сүйек зақымданды ма, ісік жоқ па, т.б.).

   Ең әуелі ауыздың ашылуы мөлшеріне назар аудару керек. Жақ -бұлшық етінің немесе шықшыт буынының ауыруы ауыздың ашылуына қиындық келтіреді. Сонымен бірге тістердің біріне-бірі тиетін-тимейтінін байқау керек. Төменгі жақ сүйегінің оңға немесе солға ауытқып қозғалуына көңіл аударылады.

   Бұдан кейін ауыздың шырышты қабаты ,қызыл иек, ұрт еті, жақтың іші, таңдай байыптап қаралады. Бадамша бездері, жұтқыншақ, тіл тексеріледі. Балалардың мұрын қуысын да байқаған жөн.

   Тіс қатарын қарағанда тістердің қабысу жайына көңіл аудару қажет. Зақымдалған болса, тіс оңайшылықпен қабыспайды. Мұндайда мұқалу фасеткасы пайда болады. Кезінде Энегель мұны «окклюзиялық» мұқалу деп атаған. Мұның мәнісі – қабысқан тістердің біріне-бірі тиіп, мұқалуы деген сөз.

   Бұдан кейін тіс доғасының жағдайын көру керек. Мұндайда тістің қызыл иегіне, тіс-қалташасына назар аудару өте маңызды. Тіс пародонтын бағалағанда тіс пен оның жалаңаштанған түбірінің арақатынасын сипаттай білу керек. Сырқат адамның қызыл иегі қашып, тіс мойыны ұзарады, демек ұялы бөлігі мүжіледі. Тіске түскен күш оның биомеханикасын өзгертіп, пародонтқа да салмақ түсіреді. Осылайша қызыл иектің ауруға ұшырауы, көбе қалташығының пайда болуы пародонттың және оның қызмет қабілетінің зақымдалғандылығы белгілі. Осының нәтижесінде тістің түбірі босайды.

    Тістердің құрылымын белгілі бір тәртіппен қараған жөн. Әуелі төменгі тістердің сол жағындағы ақыл азудан бастап келесі ақыл азуға қарай, ал жоғарғы тістерді керісінше тексереді. Мына бір жағдай есте болсын тістің бүтіндігі, түрі, көркі, беріктігі, тістің көрініп тұрған бөлігі мен түбірінің арақатынасы, тістің кесу ұштарының жағдайы, бітеменің бар-жоғы, бар болса оның жағдайы түгел ескеріледі.

   Дертті анықтап, диагнозын қою үшін сырқат адамның өз айтқандары, ауыз қуысын тексеріп байқау, бет-әлпетін сыртынан тексеру, тіс-жақ жүйесінің қызметін бақылау нәтижесі, рентген айнасымен байқау арқылы жиналған мағлұматтар негіз болады. Кейбір ауру адамдар шықшыт буынының сықырлауына, ауыратынына, жағын жөндеп аша алмайтындығына, басының ауыратынына, құлағының нашар еститініне шағымданады. Жақ бұлшық еттерінің қызметі төменгі жақ сүйегінің қозғалысына қарай ғана емес, сонымен бірге шайнау жүйесінің зақымдалуына байланысты өзгереді.

   Ауры адамды емдеуден бұрын, алдын-ала адамның өмір тарихымен, отбасы жайымен, дерттің басталу жолдарымен ұқыпты танысу керек. Яғни, оның өмірін, ауруының анамнездерімен толық танысу қажет.

       

   Обьективті тексеру

   Зерттеу клиникалық – физикалық, аспаптық және зертханалық болып бөлінеді. Физикалық әдістерге қарау, сипап сезу, аспаптыққа- тісті тықылдатып тексеру, электрометрия, термометрия, ренгенография оның ішінде (томография, пантомография, телерентгенография) зертханалыққа – функциональды шайнау сынамасы, мастикоциография т.б. әдістер жатады.

   Науқасты сырттай қарау кезінде бет әлпетінің ассиметриясы бар ма, жоқ па (еріндердің, ұрттардың, ауыз бұрышының, төменгі жақ бұрышының) басқа ақаулардың, беттің түсінің өзгеруі, ымдаудың бұзылулары, мұрын ерін қатпарларының тегістігін, шала салданулар, ісіктер, қабынулар, тыртықтар жарақаттан кейін пайда болады немесе басқа патологиялық процестерден кейін пайда болатын ақаулар бар жоқтығы қаралынады.

   Ауыз қуысының кілегей қабатының күйін бағалау.

   Ауыз қуысының кіре берісінің кілегей қабығын қарағанда түсі мен қызыл иектің жағдайын анықтайды (сему процесі, гипертрофия, ісіну, стоматит, жыланкөздер, тыртықтар). Еріндердің, ұрттардың және ауыз бұрышының кілегей қабатында мүйізгектену, шоғыр жинақтар немесе бірлі жарымды шөгінділер түрінде байқалуы мүмкін. Көпетеген авторлар соңғы өзгерістерді прекорцинамотозды процес деп бағалайды. Кейде ұрттың кілегей қабатында бүйір тістердің түйісу деңгейінде іздері қалып қояды. Мұндай кілегей қабық көп жағдайда тістеледі де жарақатталады. Сапасы төмен алынбалы протезді қолданғанда альвеолярлы өсіндінің вестибулярлы бетінде және еріндердің кілегей қабатында фиброзды гиперплазия кездеседі, ол протезбен үнемі зақымдалу салдарынан пайда болады. Осындай фиброзды өзгерістерді прекарциноматоздар процесі деп есептеп ,оны кесіп алып тастау керектігін айтады. Ауыз қуысының, таңдай және ағзаның кілегейлі қабатын қарағанда қабыну және ағзанын жеткіліксіз қоректену өзгерістері байқалады: ісінулер, жаралар, мүйізгектену, лейкоплакия, бадамша бездерінің гиперплазиясын, тілдің бетіндегі қақтар, бүртіктердің гипертрафиясын байқайды. Кейін таңдай күмбезінің тереңдігін, торус шекарасын, альвеолярлы өсінділер мен альвеолярлы бұдырладың сему дәрежесін, альвеолярлы өсіндінің пішінін (сүйір, біз тәрізді, жартылау доғалы) анықтайды және хирургиялық емнің қажеттілігін анықтайды (альвеолотомия). Зерттеу кезінде пласмассадан жасалған электр жарықты қалақша қолдану өте ыңғайлы. Қалақша көмегімен ауыз қуысының және жұтқыншақтың терең аймақтарын, үлкен азу тістердің дистальды беткейлерін және ауыз қуысының барлық кілегей қабатын қарауға болады.

   Тістер мен тіс қатарлары күйін бағалау.

   Тіс қатарларын тексеру үшін өткір сүңгі пайдаланады. Бұрыштық сүңгі көмегімен тістердің бүйір беттерінде тіс жегісі ақауларын, тіс мойыншалар аймағында механикалық тітіркенулері жоғары сезімтелдығын анықтауға болады. Сүңгінің көмегімен патологиялық тіс қызыл иек қалташаларының тереңдігі және пародонтоз кезіндегі мойын бөлімінің жалаңаштану дәрежесін анықтайды.


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 1275; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!