Наукасты ортопедиялык стоматология клиникасында тексеру 3 страница



    Бет-жүздің сәйкессіздігі байқалса, оның себебіне үңілу керек (бәлкім бетке жара түскен шығар, бұлшық еттер немесе сүйек зақымданды ма, ісік жоқ па, т.б.).

    Ең әуелі ауыздың ашылуы мөлшеріне назар аудару керек. Жақ -бұлшық етінің немесе шықшыт буынының ауыруы ауыздың ашылуына қиындық келтіреді. Сонымен бірге тістердің біріне-бірі тиетін-тимейтінін байқау керек. Төменгі жақ сүйегінің оңға немесе солға ауытқып қозғалуына көңіл аударылады.

    Бұдан кейін ауыздың шырышты қабаты ,қызыл иек, ұрт еті, жақтың іші, таңдай байыптап қаралады. Бадамша бездері, жұтқыншақ, тіл тексеріледі. Балалардың мұрын қуысын да байқаған жөн.

    Тіс қатарын қарағанда тістердің қабысу жайына көңіл аудару қажет. Зақымдалған болса, тіс оңайшылықпен қабыспайды. Мұндайда мұқалу фасеткасы пайда болады. Кезінде Энегель мұны «окклюзиялық» мұқалу деп атаған. Мұның мәнісі – қабысқан тістердің біріне-бірі тиіп, мұқалуы деген сөз.

    Бұдан кейін тіс доғасының жағдайын көру керек. Мұндайда тістің қызыл иегіне, тіс-қалташасына назар аудару өте маңызды. Тіс пародонтын бағалағанда тіс пен оның жалаңаштанған түбірінің арақатынасын сипаттай білу керек. Сырқат адамның қызыл иегі қашып, тіс мойыны ұзарады, демек ұялы бөлігі мүжіледі. Тіске түскен күш оның биомеханикасын өзгертіп, пародонтқа да салмақ түсіреді. Осылайша қызыл иектің ауруға ұшырауы, көбе қалташығының пайда болуы пародонттың және оның қызмет қабілетінің зақымдалғандылығы белгілі. Осының нәтижесінде тістің түбірі босайды.

     Тістердің құрылымын белгілі бір тәртіппен қараған жөн. Әуелі төменгі тістердің сол жағындағы ақыл азудан бастап келесі ақыл азуға қарай, ал жоғарғы тістерді керісінше тексереді. Мына бір жағдай есте болсын тістің бүтіндігі, түрі, көркі, беріктігі, тістің көрініп тұрған бөлігі мен түбірінің арақатынасы, тістің кесу ұштарының жағдайы, бітеменің бар-жоғы, бар болса оның жағдайы түгел ескеріледі.

    Дертті анықтап, диагнозын қою үшін сырқат адамның өз айтқандары, ауыз қуысын тексеріп байқау, бет-әлпетін сыртынан тексеру, тіс-жақ жүйесінің қызметін бақылау нәтижесі, рентген айнасымен байқау арқылы жиналған мағлұматтар негіз болады. Кейбір ауру адамдар шықшыт буынының сықырлауына, ауыратынына, жағын жөндеп аша алмайтындығына, басының ауыратынына, құлағының нашар еститініне шағымданады. Жақ бұлшық еттерінің қызметі төменгі жақ сүйегінің қозғалысына қарай ғана емес, сонымен бірге шайнау жүйесінің зақымдалуына байланысты өзгереді.

    Ауры адамды емдеуден бұрын, алдын-ала адамның өмір тарихымен, отбасы жайымен, дерттің басталу жолдарымен ұқыпты танысу керек. Яғни, оның өмірін, ауруының анамнездерімен толық танысу қажет.

        

    Обьективті тексеру

    Зерттеу клиникалық – физикалық, аспаптық және зертханалық болып бөлінеді. Физикалық әдістерге қарау, сипап сезу, аспаптыққа- тісті тықылдатып тексеру, электрометрия, термометрия, ренгенография оның ішінде (томография, пантомография, телерентгенография) зертханалыққа – функциональды шайнау сынамасы, мастикоциография т.б. әдістер жатады.

    Науқасты сырттай қарау кезінде бет әлпетінің ассиметриясы бар ма, жоқ па (еріндердің, ұрттардың, ауыз бұрышының, төменгі жақ бұрышының) басқа ақаулардың, беттің түсінің өзгеруі, ымдаудың бұзылулары, мұрын ерін қатпарларының тегістігін, шала салданулар, ісіктер, қабынулар, тыртықтар жарақаттан кейін пайда болады немесе басқа патологиялық процестерден кейін пайда болатын ақаулар бар жоқтығы қаралынады.

    Ауыз қуысының кілегей қабатының күйін бағалау.

    Ауыз қуысының кіре берісінің кілегей қабығын қарағанда түсі мен қызыл иектің жағдайын анықтайды (сему процесі, гипертрофия, ісіну, стоматит, жыланкөздер, тыртықтар). Еріндердің, ұрттардың және ауыз бұрышының кілегей қабатында мүйізгектену, шоғыр жинақтар немесе бірлі жарымды шөгінділер түрінде байқалуы мүмкін. Көпетеген авторлар соңғы өзгерістерді прекорцинамотозды процес деп бағалайды. Кейде ұрттың кілегей қабатында бүйір тістердің түйісу деңгейінде іздері қалып қояды. Мұндай кілегей қабық көп жағдайда тістеледі де жарақатталады. Сапасы төмен алынбалы протезді қолданғанда альвеолярлы өсіндінің вестибулярлы бетінде және еріндердің кілегей қабатында фиброзды гиперплазия кездеседі, ол протезбен үнемі зақымдалу салдарынан пайда болады. Осындай фиброзды өзгерістерді прекарциноматоздар процесі деп есептеп ,оны кесіп алып тастау керектігін айтады. Ауыз қуысының, таңдай және ағзаның кілегейлі қабатын қарағанда қабыну және ағзанын жеткіліксіз қоректену өзгерістері байқалады: ісінулер, жаралар, мүйізгектену, лейкоплакия, бадамша бездерінің гиперплазиясын, тілдің бетіндегі қақтар, бүртіктердің гипертрафиясын байқайды. Кейін таңдай күмбезінің тереңдігін, торус шекарасын, альвеолярлы өсінділер мен альвеолярлы бұдырладың сему дәрежесін, альвеолярлы өсіндінің пішінін (сүйір, біз тәрізді, жартылау доғалы) анықтайды және хирургиялық емнің қажеттілігін анықтайды (альвеолотомия). Зерттеу кезінде пласмассадан жасалған электр жарықты қалақша қолдану өте ыңғайлы. Қалақша көмегімен ауыз қуысының және жұтқыншақтың терең аймақтарын, үлкен азу тістердің дистальды беткейлерін және ауыз қуысының барлық кілегей қабатын қарауға болады.

    Тістер мен тіс қатарлары күйін бағалау.

    Тіс қатарларын тексеру үшін өткір сүңгі пайдаланады. Бұрыштық сүңгі көмегімен тістердің бүйір беттерінде тіс жегісі ақауларын, тіс мойыншалар аймағында механикалық тітіркенулері жоғары сезімтелдығын анықтауға болады. Сүңгінің көмегімен патологиялық тіс қызыл иек қалташаларының тереңдігі және пародонтоз кезіндегі мойын бөлімінің жалаңаштану дәрежесін анықтайды.

    Тістерді және тіс қатараларын қарағанда қалыпты жағдайдан ауытқуларға көңіл аударады: тіс ауытқулары, пішіндері, көлемі, саны, орналасуы, түбірі мен мойыншасының жалаңаштануы, қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс шөгінділерінің болуы тексеріледі. Сүңгі және тіс айнасы көмегімен тіс жегісі мен зақымдалған және жарақаттанған тістерді айқындайды. Тістердің сыртқы түрін: кіреуке гипоплазиясы, сына тәрізді ақаулардың, тістесу беттернің жоғары қажалғыштығын анықтайды. Тістің түсі бітеме материалдар әсерінен, дәрі – дәрімектік зат, емдік сықпа құралын, кей жағдайда ұлпа некрозы салдарынан өзгеру мүмкін. Жарақаттан кейін ұлпаға қан құйылудан тістің түсі өзгеруі мүмкін. Тістердің қозғалғышытығы пародонтидтің бір белгісі болып саналады. Басқа белгілеріне, қызыл иекті түбір ұшынан қызыл иек жиегіне қарай басқанда қызыл иек қалаталарынан серозды – іріңді бөлінулердің шығуы жатады.

    Қызыл иекті йод және калий йодиді ертіндісімен бояғаннан кейін қызыл иектің қоңыр түске боялуы созылмалы қабынуды анықтайды. Шымшуырдың көмегімен пародонтит және басқалай патологиялық күйлер кезінде тістердің қозғалғыштық дәрежесін анықтауға болады. Энтин бойынша тіс қозғалғыштығын 4 дәрежеге бөледі:

1-ші дәреже – тістер ерін -тілдлі немесе ұрт- тілді бағытта қозғалады.

2-ші дәреже – бұларға мезиодистальды бағыттағы қозғалғыштық қосылады.

3-ші дәреже – тістер вертикальды бағытта қозғалған болады. (себебі альвеола қабырғасының сорылуы жүреді)

4-ші дәреже – тіс барлық үш бағытта қозғалады, ось бойынша айналуы мүмкін. Үшінші және төртінші қозғалғыштық дәрежесі бар тістерді жұлып тастау керек.

    Тіс қатарлары кеңейген немесе тарылған болуы мүмкін. Тіс қатарларының тістерді жартылай жоғалтуына байланысты басқа да деформациялар кездеседі (Попов – Годон феномені). Олар қарама-қарсы тістердің вертикальды бағытта ығысумен ақауды шектейтін тістердің горизонтальды бағытта ығысуынан байқалады. Ильин – Маркосян тістердің вертикальды ығысуының екі қалыпын айырады.

Біріншісі – альвеолярлы өсіндінің вертикальды бағытта өсуі балалар мен жасөспірімдерде байқалады.

Екіншісі – тістің верикальды бағытта ығысуы, оның мойыны мен түбірінің жалаңаштануымен сипатталады.

    Ересек адамдарда В.А.Понамарева осы екі қалыптан басқа үш аралас пішінін айырады – бірінші және екінші пішінінің қосындысы айырады. Тіс доғаларының деформациялары тіс саны мен орналасу ауытқулары, жақтардың толық болмауы, жарақат, қабыну процестері, тырытқты бірігулер салдарынан пайда болады. Сонымен қатар, тістесу ауытқулары және тістердің орналасу ауытқуларнының да болуы байқалады. Тіс қатарларының ақаулары, топографиясы, ұзындығы және табиғи тістердің қатар орналасуымен ерекшеленеді. Мезиальды және дистальды шектелген ақаулар шектелген деп саналады. Мұндай ақаулар болғанда протездердің алынбайтын құрылымдары таңдалынады. Медиальды бағытта ғана шектелген ақаулар шеткері немесе шектелген ақаулар деп аталады. Мұндай ақаулар кезінде протездің алынбалы құрылымдарын таңдаған жөн. Топографиясы бойынша ақаулар фронтальды немесе бүйір тістер аймағында немесе фронтальды – бүйірлі аймақта кездесуі мүмкін. Барлық мағлұматтардың тәжірибелік мәні жоғары болғандықтан арнайы топтастырылулар қолданылады.

 

43) Ортопедиялық стоматология клиникасында тексерудің қосымша әдістері

Электромиография. Бұлшық еттердің биопотенциалын тіркеп жазумен жүретін жүйесін зерттеу функциональді әдіс болып табылады. Көп түбірлі тістерді тексергенде электромиографиямен арнайы датчиктермен тері үстілік электродтар қолданылады. Электродтарды зерттейтін бұлшық ет нүктесіне медициналық желімнің көмегімен бекітеді. Бұлшық еттердің күш түсу кезіндегі жиырылуын саусақпен сипау арқылы анықтайды. Электродтар арасындағы ара қашықтық тұрақты болу керек. Бұлшық еттердің физиологиясы тыныштықта, шайнау мен жұтынуы еркін және жақтардың еркін қабысуы кезінде зерттеледі. Анализ кезінде бір шайнау циклы кезіндегі шайнау қозғалысының мөлшерін, бір циклдық ұзақтығын, биоэлектрлік белсенді фазаны және секунд аралығындағы биоэлектрлік тыныштықты, биопотенциалдардың ортасына амплитудасы бойынша анықталады. Берілген әдіс бұлшық еттің қозу және басылу процестері кезіндегі жиырылу икемділігін анықтауға мүмкіндік береді.

    Электромиографиялық зерттеуді самай төменгі жақ буыны мен бұлшық ет жүйесмен ауруларын жорамалдау кезінде, сонымен қатар тіс жақ жүйесінің ауытқуларында ортопедиялық емдеудің нәтижелігін бақылау мен жүргізу кезінде қолданылады.

    Мастикоциография. Төменгі жақтың шайнау қозғалысын анықтауға арналған әдіс. Әдіс қағидасы: Төменгі жақтың жабық жүйедегі ауаның толқуын тіркеуге негізделген. Жүйе иекке, таңғыш арқылы бекітілген резеңке балоннан, резеңке түтікшесі кез – келген тіркегіш құралда жазып алынады. Қозғалыстың жазылуы әртүрлі тағамдардын 0,8г орман жаңғағын шайнау кезінде басталады.

    Мастикациограмма- толқын тәрізді шайнау толқындары мен тісшелерден тұрады.

    Тағам қабылдау әрекетін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

6. Тыныштық жағдайда.

7. Тіс қатарын қабыстырып, сілекейді жұту.

8. Ауызды ашу, тағамды күрек тістер арасына еңгізу.

9. Тағамды тістеп, шайнау тіс топтарына қарай ығыстыру және шайнау.

10. Шайнау циклының толқыны – төменгі жақтың түсірліп, көтерілуіне байланысты, жоғарылаған және төмендетілген тізеден тұрады.

Мастикациограмма көмегі арқылы – шайнау циклының жұтуға дейінгі ұзақтығын және оның жекелеген кезеңдерін, шайнау қозғалғыштығының мөлшерін, ауыздың ашылу амплитудасын анықтауға болады.

Мастикоциограмманың анализі кезінде осы параметр арқылы шайнау әрекетінің бұзылысын нақтылауға болады. Мысалы: девитальді циклдың ұзындығы бойынша 14 секундтан қалыпты жағдайда 42-45 секундқа дейін.

Миография шайнауға қатысатын жекелеген бұлшық еттердің жиырылуын кинографқа жазып алу миография деп аталады, ол арқылы бұлшық еттермен олардың кейбір талшықтарының ойдағыдай жұмыс істемейтіндігін табуға болады.

Миотонометрия . Миотонометр арқылы шайнауға қатысатын және қимылдайтын бұлшық еттердің кернемесі өлшенеді. Қалыптан ауытқу болса, бұлшық еттердің кернемесі де өзгереді. Мысалы, асқынған тіс жегісі кезінде шайнайтын бұлшық еттердің кернемесі тыныш тұрғанда көтерліп кетеді, сөйтіп ол тістің ауруына себеп болады. Аталмыш аспап байқағышпен граммен межеленген шкаласы бар өлшегіштен құралады.   

Электромастикациография. Бұл әдіс арқылы бұлшық еттердің биотобының жазбасы мен төменгі жақтың қозғалысының үйлесімі қарастырылады. Бұл тәсілдің көмегімен мастикоциограммадағы жазбалардағы бұлшық еттердің биологиялық потенциялының кеңістіктері айқындалады . Осы тәсілді емдеу әрекеттерінің тиімділігін анықтауға да қолдануға болады.

 

44) Тіс-жақ жүйесінің ауруларын ортопедиялық стоматология клиникасында емдеу әдістері

Tie - жақ бет - әлпетінің ақаулары мен кетіктері, ортопедтік

стоматология емдеу шараларын қолдану арқылы қалыпты жағдайға

келетіндігі белгілі.

Ауыз қуысын протездеуге дайындау негізі жалпы сауықтыру мен арнайы шаралардан тұрады. Негізгі сауықтыру шараларына емдеумен қатар ауыз қуысын протездеуге дайындау бөлімі енеді. Бұған тіс шөгінділерін тазалау, ауыз қуысы кілегей қабатын, жай және асқынған тіс жегісін емдеу мен тістерді жұлу жатады. Мұның барлығы «ауыз қуысын сауықтыру» термині деп аталады. Протездеуге техникалық қабылдауды және оның нәтижелілігін жеңілдету үшін арнайы шаралар қолданады. Мысалы: микростомияны жою көшірме алуды жеңілдетсе, ал окклюзиялық жазықтық деформациясын жою протездердің нәтижесін жақсартады. Арнайы шаралардың өзіндік ерекшеліктеріі бар. Олар негізнен ауыз қуысын сауықтыру мен протездеуге бағытталған. Бұл шараларды дәрігер-ортопедпен мәліметтесе отырып (протездің түрі мен құрылымы анықталған соң) жүргізеді. Арнайы дайындық құрамына терапиялық, химиялық, ортопедиялық және ортодонтиялық шаралар кіреді. Олардың ішінде жиі: микростомия кезінде ауыз қуысының саңылауын кеңейту, тыртықтарды алу, ауыз қуысының кіреберсін тереңдету, өтпелі қатпардың тыртықтарын кесу, үзбелердің бекитін жерлерін ауыстыру, экзосторларды, сүйектің шығыңқы бөліктерін окклюзиялық беткейінің бұзылыстарын жою, ауытқулық тістесуді және тістердің орналасу қатарын түзету, кілегей қабаттың астына протез дұрыс беку үшін шеміршек немесе металдан қаңқа (каркас) салады, жалған буынды жою және т.б. емдер жүргізіледі. Протездеуге дайындықты, тіс шөгінділерінен тазартудан бастайды. Олар барлық адамдарда кездеседі, кейбір адамдарда тіс тастарының пайда болуы жүреді. Тіс тастары тістің мойын моңында және қызыл иек астына жиналуынан қызыл иектің қабынуына әкеліп соғады. Алынбалы протезбен протездеген кезде қызыл иек протез қыры арасына қысылып тіс тасымен қабатталып қалады. Ол қызыл иектің қабынып борпылдақ және домбыққан болып келеді, жай зақымдалса тез қанағыш болады.


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 1188; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!