Пластмассадан жасанды тіссауыт дайындау



Ортопедиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру. Дәрігер стоматологтың өз міндетін жақсы орындау, жұмыс орнының жабдықталуы мен жұмысын ұйымдастыруына байланысты. Соңғы кездерде стоматологияның өркендеуіне байланысты жұмыс орны күрделі стоматологиялық құрылғылармен жабдықталған. Себебі, көрсетілетін көмек тістің қатты тіндерін өңдеумен байланысты болады. Ереже бойынша бір стоматологиялық құрылғы орнату үшін бөлме 14 шаршы метрден кем болмауы, ал әрбір қосымша қойылған стоматологиялық құрылғы үшін 7 шаршы метр аудан қосылады. Бөлме едені линолиуммен не кафельмен жабыстырылған, ал қабырғалары 180 см биіктікте майлы бояумен сырланған немесе кафель жабыстырылған болуы шарт. Бөлмеде вентиляция люгы, желдеткіштер және міндетті түрде ауаны зарарсыздандыру үшін кварц шамы болуы керек. Стоматологиялық құрылғы табиғи жарық көзіне қаратылуы шарт. Бөлмеде дәрігер, мейірбике және кіші мейірбике үшін орын болады. Дәрігердің жұмысы үшін стоматологиялық құрылғы, отыратын винтті орындық, дәрі – дәрмек үшін үстел, науқасқа орындық және жасанды жарық көзі болуы керек. Соңғы кезде дәрігерлерден науқас жайындағы мәліметті компьютерге енгізу және электронды вариантта есеп – қисап жұмыстарын жүргізуді талап етіліп жүргендіктен, бөлме арнайы компьютер үстелдерімен де жабдықталуда. Медбикенің жұмыс орнында құрал – саймандар үшін үстел, күшті әсер ететін дәрілер үшін А және Б шкафы, анафилактикалық шокқа қарсы қолданылатын дәрі – дәрмектер мен материалдар үшін шкафтар, залалсыздандырылған заттарға арналған шкаф, раковина болуы керек. Стоматологиялық бөлмеде ең қажет болып саналатын аппарат бормашина болып есептеледі. Алғашқыда олар аяқпен жұмыс істейтін болып, кейін келе жетілдіріліп мотормен, соңғы кездерде турбиналы болып шыға бастады. Стоматологиялық құрылғы – соңғы кездерде күрделендіріліп, автоматизацияланған. Құрылғыда науқас үшін орындық, жасанды жарық көзі, гидроблок, монитор және керекті іс – әрекеттер орындау үшін қолданылатын ұштықтар ( наконечник ) орнатылған үстелден тұрады. Ұштықтардан тістің қатты тіндерін препараттауда, тіс жегі қуыстарын қалыптастыруда, тіс қақтарын алуда, арналарды пломбалық материалдармен толтыруда пайдаланылады. Препараттау үшін ұштық ұшына түрлі жылдамдықта айналатын құралдар, яғни борлар орнатылады. Іс – әрекеттер үстелінде 2 – 3 түтік болып, оның бірі микромоторға барады. Ол минутына 2000 – нан 1500 – ға дейін айналым жасайды. Ал турбиналы ұштық үшін басқа түтік келеді. Мұнда оның айналу жылжамдығы минутына 300000 – 450000-ға дейін жетеді. Құрал – саймандар үстелінде ультрадыбыспен тіс тастарын алатын ұштық және ауа мен су беру үшін пистолет, сілекей сорғыш, бар. Гидроблокта түкіргіш, су және сілекейді сорып алу үшін ұштық болады. Орындық түрлі жазықтықтарда қозғалып, дәрігер үшін науқасты емдеуге қажетті жағдай жасайды. 2.Ортопедиялық бөлімнің міндеттері. Стоматолог-ортопед дәрігердің негізгі міндеті – амбулатория жағдайында тіс-жақ жүйесінің аурулары бар емделушілерге білікті профилактикалық және ортопедиялық емдеу-нақтамалау көмегін көрсету.Стматолог-ортопед дәрігер қызметіне ортопедиялық стоматология бойынша маман сертификаты және жоғары медициналық стоматолгиялық білімі бар адам қабылданады.Стоматолог-ортопед дәрігерді ол тікелей бағынатын бас дәрігер, ортопедия бөлімінің меңгерушісімен келісе отырып, қолданылып жүрген заңдарға сай жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады.Стоматолог-ортопед дәрігерге ортопедиялық кабинеттің орта және кіші медицина қызметкерлері бағынады.Стоматолог-ортопед дәрігер өз қызмеьінде бас дәрігердің бұйрықтарын, ортопедиялық стоматология жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды, осы лауазымдық нұсқаманы және ішкі еңбек тәртібі ережелерін басшылыққа алады. Өз қызметін орындау үшін стоматолог-ортопед дәрігердің атқаратын міндеттері: 1.Емделушілер ағымын олардың қайтакелуін тиімді тағайындау арқылы реттей отырып, мекеме әкімшілігі бекіткен кесте бойынша оларға амбулаториялық қабылдау жүргізу. 2.Тіс пен ауыз қуысы аурулары бар науқастарды жоғары сапалық көрсеткіштермен дер кезінде зерттеп, білікті және уақытылы ем жасау. 3.Көрсетім болған жағдайда науқастарды қосымша зерттеу түрлеріне жолдау. 4.Ауру түрі анықталмаған және ұзақ ауырған науқастарды басқа мамандарға, бөлім меңгерушісіне, кафедралар қызметкерлеріне дер кезінде кеңесуге жолдау. 5.Басқа мамандардың жолдауымен келген науқастарға кеңес беру. 6.Науқастарды тиісті дәрежеде қабылдауды қамтамасыз ету және медициналық деонтология ережелерін сақтау. 7.Көрсетілімдерге сай науқастарды ауруханаға уақытылы жатқызу. 8.Науқастың өміріне қауіп төндіретін ахуалдар, дау-жанжалдар, медицина қызметкерлері мен емделушілердің ішкі тәртіп ережелерін және еңбек тәртібін дөрекі бұзуы туралы бөлім меңгерушісіне, ал болмаған жағдайда тікелей бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарына н/е бас дәрігерге дер кезінде қабылдау. 9.Ортопедиялық кабинеттің орта және кіші медициналық қызметкерлерінің жұмысын бақылау. 10.Тиісті әдебиеттерді оқу, конференциялар мен семинарларға қатысу арқылы кәсіби біліктілікті жүйелі түрде жоғарылатып отыру. 11.Тұрғындар арасында тіс пен ауыз қуысы ауруларының алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық білімдерді насихаттау. 12.Бекітілген есепке алу, есеп беру құжаттамасын уақытылы және сауатты толтыру. 13.Еңбек және өртке қарсы қауіпсіздік шаралары ережелерін қадағалау. 14.Мемстандарт (ГОСТ) талаптарын сақтау. 15.Жалпы сипаттағы асқынулар (талу, шок, коллапс т.б.) кезінде емделушілерге шұғыл көмек көрсету. Медбике өз міндеттерін атқару үшін мыналарды орындауға міндетті: 1.Дәрігердің жұмыс үстелін науқастарды қабылдауға дайындау, стерильді үстел дайындау, жұмыс алдында құралдың дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру. 2.Қабылдау кезінде науқастардың кабинетке кіруін басқарады, дәрігерге стерильді құрал-сайман ұсыну, тіс протездерін бекітуге арналған материалдарды, қалып массаларын араластыру, ауыз шаюға су дайындау, қосымша кабинеттерге жолдама жазу, санация туралы анықтама беру, тегеріштері, борларды және басқа ұсақ саймандарды залалсыздандыру алдында тазалау және залалсыздандыру, ауыз қуысы шырышты қабатының аурулары бар науқастарды қабылдау кезінде дәрігерге жәрдемдесу 3.Тазалық индексін анықтау, тісті фторы бар препараттармен өңдеу, тазалық дағдыларын үйрету. 4.Барлық медикаменттердің, сонын ішінде «А» және «Б» тобы медикаменттерінің сақталуына жауап беру, шишалардағы заттаңбалардың сақталуын, дәрілердің қолданылу мерзімдерін қадағалау. 5.Дәрігерге медициналық құжаттамаларды жүргізуге көмектесу. 6.Қабылдау аяқталған соң емделушілердің медициналық карталарын ұйымдастыру-әдістемелік кабинетке н/е тіркеу бөліміне және кері жеткізіп отыру. 7.Науқастар арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуге қатысу. 8. Тиісті әдебиеттерді оқу, конференциялар мен семинарларға қатысу арқылы кәсіби біліктілікті жүйелі түрде жоғарылатып отыру. 9. Жұмыс орнында еңбекті қорғау ережелерін және өртке қарсы алдын алу шараларын қатаң сақтау. 10.Кабинетте жұмыс жасайтын қызметкерлердің асептика және антисептика ережелерін сақтауын қадағалау. 11.Материалдардың, электр қуатының, судың үнемді жұмсалуын қадағалау. 12.Кабинеттегі жарықтың, су құбырының, канализацияның дұрыс жұмыс жасауын, аппаратураның бұзылмауын қадағалау,жөндпуге дер кезінде тапсырыс беру. 13.Емдеу кабинеті мүлкінің сақталуына жауап беру.Дәрі-дәрмектің, құрал-саймандардың, таңу материалдарының, төсек жабдығының дер кезінде жаңартылып отыруына жауап беру. 14.Өңдірістік қажеттілік туған жағдайда, бөлім меңгерушісінің н/е бас дәрігердің талап етуімен өз қызметі бойынша еңбекақысын сақтай отырып, жұмыста жоқ медбикенің орнына жұмыс істеу. 3.Дәрігер стоматолог-ортопедтің және медперсоналдың жұмыс орны. Ортопед-стоматологтың жұмыс орны Ортопедия бөлімінің (кабинетінің) негізгі міндеттерінің бірі – стоматологиялық наукастаға ортопедиялық ем жүргізү. Осыған сүйене отырып ортопедиялық дәрігер кабинеттері мен тіс-техникалық зертханаларды жабдықтармен кұрал-саймандармен, материалдармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету яғни маманның жүмыс орнын даярлау уйымдастырылады. Стоматогттың жұмыс орны кәсіби міндеттерді шешу үшін арнайы жабдығы кұрал-сайманы мен материалдары бар арнаулы үй-жайдың (немесе оның бір бөлігінің). Болуын қажет ететін шартты ұғым. Біз ортопедиялық кабинетті шартты түрде бірнеше функционалдық аймақтарға бөлуге болады деп есептейміз: · -дәрігердің негізгі жүмыс аймағы · Медбикенің негізгі жүмыс аймағы · Косымша ем-нақтама аумағы · Залалсыздандыру, залалсыздандыруға дейінгі стерильдеу аймағы. Осы аймақтардың әрқайсысы өзінің функционалдық мақсатына сай жабдыкталуы тиіс. Дәрігедің негізгі жұмыс аймагы – емдеу-нақтамалау және профилакьткалық шараладың ең үлкен көлемі атқарылатың аймақ. Бүл журде дәрігер емделушіге сауалдар қояды, оны қарайды нақтама қояды ем жоспарын құрады есепке алу-есеп беру құжаттамасын рәсімдейді емжелушіге тікелей көмек көрсетеді. Бұл аймақта орындалатын жүмыс көлеміне сәйкес онын жарықпен қамтамасыз етілуіне белгілі бір талаптар қойлылады. Ең алдымен бұл аймақта стоматологиялық кресло түрүы керек. Ол гидравликалық және электр кресло болуы мүмкін. Конструкуциясы мен күнына карамастан, ол мына талаптарға сай болуы тиіс: 1) Емделушіні жоғары көтеруді және төмен түсіруді қамтамасыз етуі 2) Емделушіге дәрігер жұмысына ыңғайлы қалып беру үшін функционалды арқалағы мен бас тірегіші болуы шарт 3) Кресло қамтамасы тігіссіз табиғи былғарыдан немесе сапалы жасанды былғарыдан жасалуы тиіс, яғни оңай задасыздандырылуы керек. Стоматологиялық қондыргы – стоматологиялық міндеттерді орындауға арналған қүралдар кешені. Жұмыс орнының негізгі құрамдас бөлігі – стоматологиялық қондырғы. Ол бірқатар жағдайларда 4 м/2 аумақты алады және төмендегі жағдайларда қолданыла алады: · Терапиялық және ортопедиялық стоматологияда тістің қатты тіндерін егеу немесе егептазалау · Тісті эндодонтиялық емдеу бірқатар амбулаториялық және стационарлық хирургиялық оталар жасау · Алынбайтын және алмалы-салмалы протезді салып науқастарды емдеу · Ортодонтиялық амалдарды жүзеге асыру Стоматологиялық бормашиналарда қозғалтқыш пен ұштыққа айналуды жіберу үшін үш түрлі жетек қолданылады: 1) Қатты көпбуынды жібі бар беріліс 2) Иілгіш сым біліктері бар берілістер 3) Стоматологиялық ұштыққа тікелей бекітілетін немесе оған қондырылатын пневматикалық немесе электр микроқозғалтқыш қолданылатын жеңсіз берілістер Қазіргі тандағы стоматологиялық қондырғы турбиндік бормашинамен электр пневматикалық бормашинамен жабдықталған , оның жұмыс аумағын 8000-нан 28 000 люкске дейін реттей алатын күндізгі жарық шамы және дәрігерге заманауи деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін басқа құралдары бар. Пневматикалық және турбиндік бормашинаның кұрал-саймандары ішінде ауа-сумен суыту кұралы бар. Қазір ортопедиялық стоматологияда айналым жылдамдығы реттелетің цәр түрлі бормашиналар қолданылоды. Айналым жылдамдығы былайша бөлінеді · Төмен 10 000 айн./мин. Дейін · Орташа 25 000 нан 50 000 айн./мин. Дейін · Жоғары 50 000 нан 100 000 айн./мин. Дейін · Өте жоғары 100 000 нан 300 000 айн./мин. Дейін · Тым жоғары 300 000 айн./мин. Жоғары Турбиндік бормашиналарды қолданудың өзідік жағымсыз жақтары бар, олар төмендегі жағдайларға байланысты: · Ротор механизмі мен суыту жүйесі жутілдірілмеген · Жоғары жылдмдық кезінде қатты тіндерді артық алып қою қаупі · Егеу аумағында тіс тіні үшін кауіпті жоғары темпиратура 245 дейін · Турбиндік ұштық аэрозольді бұлт шығарады. Оның қүрамында судан өзге микрофлора, тістің қатты тіндерінің және кесетін саймандардың сынықтары, шырыш пен жұмсақ тіндердің бөлшектері болады. · Механизмді өшірген кезде аталған бұлт тіс ұлпасы мен пародоит тініне кері әсерді айтарлықтай төмендетеді. · Абразивті құралдар көлемінің кішілігі жанасатын беткейлер аумағын азайту есебінен қатты тіндердің шамадан тыс қызып кетуіне жол бермейді. Бұл құралдың тез тозбауына мүмкіндік береді. · Ескі құралды пайдаланумен салыстырғанда жағымсыз сезімдердің алдығы. · Егеу уақытының қысқаруы, және осымен бір мезгілде автоматтандырылған суыту жүйелерін (ауа немесе ауа-су жүйесі) пайдалану есебінен егеудің сапасы артады. Стоматологиялық қондырғыларды төмендегідей жіктеуге болады: 1. Кабинетте орналастыру жолы бойынша – кабинет еденіне қатты бекітілетін стационарлық қондырғы, кабинет ішінде орнын ауыстыруға болатын портативті қондырғы. 2. Қызмет көресететін персонал саны бойынша (тек дәрігер үшін, дәрігер мен оның ассистентінің бір мезгілде жұмыс жасау үшін, яғни “төрт қолдап” жұмыс жасау) 3. Кұрал-сайман блогының орналасу жолы бойынша, әдетте, негізгі үш түрге бөлінеді. · Ролик дөнгелектермен қозғалатын жылжымалы арба-қосымша · Бекітілген кабинеттік конштейнер · Қондырғыға бекітілген құрал-сайман блогы 1. Ұшыққа арналған шлангілердің бекітілу әдісіне қарай (төменгі және жоғарғы бекініс) Стоматологқа арналған орындық 3-4-5 дөңгелекке орнатылады, бұл орындықтың еденде кез келген бағатта жылжуын қамтамасыз етеді. Бүган қоса орындық арқалығы мен отырығышы білік бойынша 360* бұрылуға мүмкіндік береді. Отырғыш биіктігі дербес реттеледі. Орындықтын қозғалмалы арқалығы жартылай дөңгелектеніп, белді қоршан түрады, осы арқалы жұмыс кезінде арқалығы жартылай дөңгелектеніп, белгі қоршап түрады осы арқалы жұмыс кезінде арқалығы жақсы тірек болады. Бүл өз кезегінде кейбір аурулардың дамуына жол бермей дәрігердің шаршауын азайтады омыртқаның бел аумағына түсетің жүктемені төмендетеді. Науқас көлденеңінен жатқан кезде амалдарды орындау үшін ерекше орындық түрлері колданылады. Ортопедиялық кабинеттіңжабдықталуындағы тағы бір міндетті элемент – дәрігер стоматологтың устелі. Жиынтықтылығына қарай оның бірнеше үлгілері болады.Оның негізгі міндеті – тек дәрігердің ғана емес, медбикенің де жұмысына қолайлы жағдай жасау.Есепке алу – есеп беру құжаттамасын рәсімдеуге арналған жазу үстелі – дәрігердің жұмыс аймағының міндетті элементтерінің бірі.Ұштық – кесетін құралдар бекітілетін стоматологиялық қондырғының бөлшегі.Ұштықтар турбиндік н/е пневматикалық не электр микромотормен жабдықталған болуы мүмкін.Турбиндік ұштықтарды пайдаланған кезде мынадай шарттарды қадағалау керек: Турбиналарды ең жоғары айналымда пайдалануға болмайды; Тісті егеу жылдамдығы сапалы және өткір саймандармен жасалған жұмыспен өтелуі тиіс; Турбинаны қолдана отырып егеу тіс кіреукесіне, бітеме материалын алуға арналған, оны тіс ұлпасы маңындағы денгинге қолданбаған жөн; Оталау аумағы әрқашан көзбен бақыланып отыруы тиіс; Тісті егеу ауа-сумен суытуды қолданып жүршізілуі тиіс; Сілекей сорғышпен сұйықтық тасымалдау және аэрозольды бұлтты щаңсорғышпен сору жүйесі турбинамен бір мезгілде жұмыс жасап тұруы керек; Персонал бетперде мен қорғаныш көзілдірік киіп жұмыс жасауы тиіс. 4.Медициналық материалдар, инструментарийлер, құрал-жабдықтар.Қауіпсіздік ережесі. Кесу құралы – өңделіп жатқан заттың қатты беткейімен жазықтық бойынша не нүктелік жанасқанда тиісті күш салған кезде өзіне тән кесу н/е абразивтік қасиетін көрсететін, белгілі бір пішіндегі, аумақ және көлемдегі құралдардың түрі.Ортопедиялық стоматологияда кесу құралы екі мақсатта қызмет етеді:тістің қатты тіндерін егеуге; тіс және жақ протездері мен аппаратын өңдеуге. Кесу құралдары екі бөліктен тұрады:жұмыс жасайтын фасондық бөлік және стоматологиялық ұштыққа бекітуге қызмет ететін өзек.Олардың ішінен борларды, полирлерді, финирлерді, ұштар мен дөңгелектерді, сепарациялық тегеріштерді және фрездерді атап өткен жөн.Жұмыс жасайтын беткейдің пішіні бойынша құралдар шар тәрізді, цилиндрлік, конустық, кері конустық, сопақша, дөңгелек тәрізді, жалын тәрізді, алмұрт тәрізді, инелері бар және т.б. болып бөлінеді. Жұмыс жасайтын беткей металл, жасанды, табиғи, иілгіш болуы мүмкін.Борлардың фрездердің кертігі бойлық, бұрыштық, дөңбек, көлденең н/е құрамдастырылған болады.Бұрыштық ұштықтарға қолдануға арналған құралдардың өзектерінің бос ұшында бекітуге арналған бунақ болады.Тік ұштыққа арналған кесу құралы өзегінің диаметрі 2,35 мм, ал турбиндік ұштыққа арналғаны – 1,6 мм болады.Тік ұштыққа арналған борлардың белгіленген ұзындығы – 44,5 мм, бұрышты ұштыққа – 17.22 және 26 мм, турбиндік ұштыққа – 16-дан 24 мм дейін. Дәрігердің негізгі жұмыс аймағының келесі элементтері – егер бұлар стоматологиялық қондырғының құрамына кірмесе, ультрадыбыстық скалер және негатоскоп, рентген суреттерін қарауға арналған бинокулярлық лупа. Ортопедиялық науқастарды кедергісіз қабылдауды қамтамасыз ету ұшін құрал-саймандар жиынтығы жеткілікті болу керек, яғни әр дәрігерге кем дегенде он комплект болуы шарт.Стационарлық стоматологиялық жиынтыққа: тісдәрігерлік айна, ұшы өткір стоматологиялық зонд, тісдәрігерлік пинцет, тіс экскаваторлары, түрлі модификациядағы тегістегіштер, шпательдер кіреді.Құрал-саймандардың стандартты жиынтығын дәрігерге лотокпен, бүйрек тәрізді легенмен, кассетамен, сондай-ақ залалсыздандырылған бір реттік салфеткаға салып ұсынуға болады. Қалып алу үшін түрлі пішіндегі және көлемдегі қалып қасықтары жеткілікті болуы тиіс.Қасықтар металл н/е пластмассадан жасалуы мүмкін, бірақ бұл екеуі де перфорацияланған болуы шар.Пластмассадан жасалған қалып қасықтары тек бір рет пайдаланылады. Ортопедиялық кабинеттерде жұмыс істеуге арналған міндетті асай-мүсейге: тіссауыт алғыштар, крампон қышқыштар, қалып алатын әр түрлі массалар, ғаныш, спиртті оттықтар, ретракциялық жіптер және тісті жеңіл қайта жөндеуге және протездерді жөндеуге арналған бітеме материалдары, тіс протездерін уақытша және тұрақты орнатуға арналған цементтер жатады.Тістің қозғалғыштық дәрежесін анықтауға арналған құрал «Периотест» - үстелге қойылатын, сандық мәндері бар электр таблосы, басқару пульті және тістің сыртқы беткейіне орналастыруға арналған тетігі бар құрал.Тіске берілетін тұрақты импульстардың параметрлерін электр қондырғы жазып алады.Осындай жолмен алынған амортизация тістердің қозғалғыштық дәрежесін бағалауға болады.Фотополимерлеуге арналған аппарат – толқын ұзындығы 400-550 нм болатын көк жарықты генерациялайтын, 75 ваттық галоген шамымдағы қондырғы.Бұл түс жүргізу үшін қажет.Әдетте фотополимеризатордың 60о бұрышта иілген айналмалы жарық түсіргіші болады.Стандартты жарық түсіргіштің диаметрі 7-8 мм болады, ал диаметрі 3 мм болатын жасыл сүзгішті жарық түсіргіш тісжегіні, тіссауыт жарықтарын және сынықтарын нақтамалауға арналған.Әр түрлі керамикалық массалардан, композиттерден жасалған виниллер, салмалар, металды-керамикалық, металды композитті протез конструкциялары және тіссауыттары, тіс протездерінің адгезивті және ванттық конструкциялары бойынша протездеу, тістерді ванттық түрде шендеуіштерсекілді ортопедиялық емнің заманауи технологияларын қолданғанда фотополимеризация жасайтын аппараттың маңызы зор. 5.Науқасты ортопедиялық стоматология клиникасында тексеру. Ортопедиялық стоматология клиникасында науқасты тексеру. Сырқатнама. Медициналық құжаттар    Науқасты тексеру әдістері екіге бөлінеді: клиникалық және параклиникалық (құрал – жабдықты тексеру, зертханалық тексеру және рентгенологиялық тексеру әдістері жатады).    Клиникалық зерттеу әдістеріне жатады: 1. Анамнез (шағым жинау) 2. Науқастың сырт пішінін қарау. 3. СТЖБ және шайнау бұлшық еттерін тексеру. 4. Ауыз қуысын тексеру: а) Ауыз қуысын тексеру. б) Ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру. в) Тістерді және тіс қатарын тексеру. г) Пародонтты тексеру. д) Тіссіз альвеола бөліктерін тексеру.                                                          Анамнез.         Анамнез жинағанда науқас барлық ауырған жұқпалы және басқа аурулары, олардың асқынулары туралы мағлұматтар алу керек, ішкі мүшелердің, әсіресе асқорту, жүйке, жүрек – тамыр жүйелерінің күйі туралы, ортопедиялық емдеу процесінде ескеретін аурулар туралы мағлұматтарды жинау керек. Анамнез жинаудың өзіндік реттері былайша: 1. Ауру адамның шағым түсінігмен оның субъективті жағдайын анықтау. 2. Аталмыш дерттің анамнезі. 3. Науқастың өмір тарихы. 4. Отбасы анамнезі.    Дәрігердің дерттің түрін анықтау үшін ауру адамға қоятын сұрақтары, негізінен, аурудың түріне, жағдайына, басталған уақытына, көрінісіне, байланысты болу керек. Кейбір жеңіл-желпі аурулардың түрін, оларға көрсетілген көмек түрлерін екі-үш сұрақ арқылы анықтауға болады. Ал, екінші бір жағдайда ауру адамның өмірімен, отбасы жағдайларымен толық танысу крек. Мысалы, егер ауру адам, күрек тістерінің біреуінің тағам ішу барысында қатты заттан сынғанына шағым жасаса, онда оған көрсетілген емнің түрін клиникалық тәсілдер арқылы анықтауға болады, және бұл жағдайда ауру адамға көп сұрақтар берудің қажеті жоқ. Ал егер, ауру адам, салынған жасанды тістерінің салдарынан қызыл иегінің ауыратынына немесе күидіруіне, қызатынына шағым жасайтын болса, ауру адамға берілетін сұрақтар оның өмірін, отбасы тарихын, атқаратын қызметін және аурудың пайда болу себептерін, оның асқынуын толық қамту қажет. Зерттеу жұмыстары, тек ауыз қуысымен шектелмей ,басқа да қатарлас мұрын, құлақ, тамақ, асқазан және ішек сияқты мүшелерін қамту қажет. Тыныс алу, ас қорыту, сезім жүйелерінің ауру сырқаты табылған жағдайда басқа маман дәрігерлермен кеңесу өте қажет.    Болашақ емнің нәтижелі болуына ауру адамның бұдан бұрын тіс дәрігерлерінде болып, ем алғаны да көп көмегін тигізеді. Егер, ауру адам жасанды тістердің салдыру жолдарымен таныс болса, онда дәрігерлермен кеңесу өте қажет.    Ескере кететін бір жағдай, ауру адамға берілетін сұрақтар анық, түсінікті, толық болуы қажет. Дәрігер ауру адаманың шағымын, берілген сұрақтарға қайтарған жауаптарын ұқыпты тыңдап, тиянақты қорытынды жасай білуге міндетті.   Аурудың этилогиясы мен патогенезін анықтау үшін науқастың жеке ерекшеліктері мен жас мөлшерін ескере отырып анамнез жинау керек. Еліміздің ғалымдары, клиникалық медицина классиктері С.П.Боткин және Г.А.Захарин анамнезге үлкен мән берген және мұқият жинау керектігін атап өткен. Обьективті зерттеу аурудың жеке симптомдарын анықтау үшін өте бағалы. Субьективті мағлұматтар мен обьективті тексеру әдістерінің нәтижелерінің қосындысы аурудың этиологиясын, патогенезі мен клиникасын толық анықтауына, диагнозды дұрыс қоюға және емдік шаралар комплексін, патогенетикалық терапияны тағайындауға мүмкіншілік береді.    Науқастың шағымдары. Көбінесе науқастар шайнау мен сөйлеу қызметінің бұзылуына шағымданады. Фронтальды тістері болмаған жағдайда және осы аймақтың ауытқулары болған кезде эстетикалық ақау пайда болады, ол науқастың психикасына теріс әсерін тигізеді, олардын жұмыс істеу қабілетіне кедергі келтіреді. Басқа жағдайларда науқастар дәрігерге жарақаттан кейін және патологиялық процестерден соң келеді. (оған жататындар: қабыну, бластомозды процестер т.б.). кейде тістер аймағында байқалатын ауырсынуларға, жақ сүиектердің төменгі жақтың самай буындарында, ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің ауруларына, күйдіру, ашу сезіміне, қабыну немесе тыртықты өзгерістерге байланысты ауызды ашудың қиындауына, бет - әлпеттің ассиметриясына, деформациясына шағымданып келеді.    Одан кейін осы аурудың этиологиясын және ағымын (тіс жегісі және олардың асқынулары, пародонтоз, жарақат, тіс жақ жүйесінің ауытқулары, кілегей қабығының аурулары, ісіктер, аллергия) анықтау маңызды. Тіс қатарының ақауы науқастың жүйкесіне қалай әсер етеді, функциональды бұзылыстар байқала ма, науқас бұрын протез қолданды ма, құрылымы қандай, протезге үйрену мақсатын, протез кемшіліктері туралы сұрау қажет.  Науқасты тесеру обьективті және субьективті мағлұматтарға негізделген зертеу әдістерімен жүргізілу керек. Субъективті дегеніміз- науқас адамның өз айтқандары арқылы ауру жөнінде ой-пікірін түйіндеу, ал объективті дегеніміз-түрлі құрал аспаптардың көмегімен, зертханалық және басқа да әдістермен тексеру. Ауру адамды қараған уақытта сырқаттан, клиникалық көрінісінің жағдайына байланысты анатомиялық зақымдалу жайын айтып қана қоймай, онымен брге тіс-жақ сүйегі аппаратының жағдайын да анықтап алу қажет. Бұл үшін тіс-жақ сүйек жүйесінің қызметі тексеріледі, ол адамға тағам шайнатып көреді, төменгі жақ сүйегінің қозғалысын арнайы әдіспен жазып алады, бұлшық еттердің биотоқтарын зерттейді, тағы да басқа әдстер қолданылады. Функционалдық зақымданудың жайын анықтаудың үлкен маңызы бар, өйткені ол пайда болатын негізгі себептердің бірі болады, әрі кейде оның сипаттамасын беруі мүмкін. Сондықтан ортопедиалық емдеу жоспарын белгілегенде, алдымен тіс-жақ сүйегі қызметін жөнге келтіретін шараларды жүзеге асыру қажет.    Ортопедиялық жолмен емдеуді керек ететін тіс-жақ сүйегі ауруларының бірқатарының тегі, себебі белгілі. Көбінесе бұл тіс жегісі, пародонт аурулары салдарынан, зақым жарақаттан болған дерттер. Бұған қоса, себебі әлі де болса белгісіз сырқат түрлері де кездеседі.    Мысалы, туа болған тіссіздік, тістің шықпай қалуы және қиындықпен жарып шығу, ауру салдарынан мұқалып қалуы сияқты сырқаттардың пайда болуы себептерінің көбі әлі анықталмай отыр. Дегенмен, дерттің себебін біліп қана қою, оны емдеп жазуға жеткіліксіз болар еді. Мысалы, балалар арасында зиянды әдетке бой ұрған (саусағын, басқа да заттарды соратын) сәбилер кездеседі. Әдетте,олардың жақ сүйектері дұрыс қабыспайды. Бұл барлық адамдарға емес, кейбір балаларға ғана тән. Демек, тіс-жақ қызметінің бұзылуына әкеліп соққан себептерден басқа, оның дамуына негіз болған патологиялық механизмдерді, өзгерістерді білген жөн. Мұның да толып жатқан себептері бар. Ағзаның түзілісі, оның қызметі, сырқат адамның жасы, бұрын қандай ауруға шалдыққаны – осының бірі маңызды. Мұндай белгілердің әрбір жеке адамда ерекше көрінетіндігі бар, сондықтан әр жағдай үшін алдын ала белгілі бір кесіп-пішілген түрде нұсқау беруге болмайды.    Ең алдымен қабылдауға келген сырқат адамның бет-жүзіне көз жүгіртіп байқап шығу керек. Беттің екі жағының симметриялы болуына, төменгі үштен бір бөлігінің биіктігіне, иектің шығыңқылығына, иек асты мен мұрын-ерін қатпарларының жайына, езуге назар аударылады. Сөйлегенде және күлгенде науқастың тісінің түбі қаншалықты ашылып көрінетіні байқалады.    Ортопедиялық стоматология тәжірибесінде бет-жүзді үшке бөлу кеңінен таралған. Олар жоғарғы, орта және төменгі бөліктер.    Беттің осынау бөліктерінің арасында заңды түрде арақатынас болмағанмен, көпшілік адамның бетінде салыстырмалы түрде сәйкестік бар, мұның өзі адам жүзінің эстетикалық үйлесімімен қамтамасыз етеді. Ортопедиялық мақсатта адамның бет-жүзінің төменгі үштен бір бөлігінің екі түрлі өлшемін айыра білу ләзім. Бірінші,өлшем тістердің қабысып тұрған кезіне сәйкес және ол тістесу өлшемі деп аталады. Екіншісі,адамның белгілі бір сабыр сақтау жағдайында, төменгі жақ-сүйегі сәл түсіңкі, тістердің арасында екі-төрт миллиметрдей саңылау болған жағдайда өлшенеді. Бұл салыстыралы жағдайдағы биіктік.    Бет-жүздің сәйкессіздігі байқалса, оның себебіне үңілу керек (бәлкім бетке жара түскен шығар, бұлшық еттер немесе сүйек зақымданды ма, ісік жоқ па, т.б.).    Ең әуелі ауыздың ашылуы мөлшеріне назар аудару керек. Жақ -бұлшық етінің немесе шықшыт буынының ауыруы ауыздың ашылуына қиындық келтіреді. Сонымен бірге тістердің біріне-бірі тиетін-тимейтінін байқау керек. Төменгі жақ сүйегінің оңға немесе солға ауытқып қозғалуына көңіл аударылады.    Бұдан кейін ауыздың шырышты қабаты ,қызыл иек, ұрт еті, жақтың іші, таңдай байыптап қаралады. Бадамша бездері, жұтқыншақ, тіл тексеріледі. Балалардың мұрын қуысын да байқаған жөн.    Тіс қатарын қарағанда тістердің қабысу жайына көңіл аудару қажет. Зақымдалған болса, тіс оңайшылықпен қабыспайды. Мұндайда мұқалу фасеткасы пайда болады. Кезінде Энегель мұны «окклюзиялық» мұқалу деп атаған. Мұның мәнісі – қабысқан тістердің біріне-бірі тиіп, мұқалуы деген сөз.    Бұдан кейін тіс доғасының жағдайын көру керек. Мұндайда тістің қызыл иегіне, тіс-қалташасына назар аудару өте маңызды. Тіс пародонтын бағалағанда тіс пен оның жалаңаштанған түбірінің арақатынасын сипаттай білу керек. Сырқат адамның қызыл иегі қашып, тіс мойыны ұзарады, демек ұялы бөлігі мүжіледі. Тіске түскен күш оның биомеханикасын өзгертіп, пародонтқа да салмақ түсіреді. Осылайша қызыл иектің ауруға ұшырауы, көбе қалташығының пайда болуы пародонттың және оның қызмет қабілетінің зақымдалғандылығы белгілі. Осының нәтижесінде тістің түбірі босайды.     Тістердің құрылымын белгілі бір тәртіппен қараған жөн. Әуелі төменгі тістердің сол жағындағы ақыл азудан бастап келесі ақыл азуға қарай, ал жоғарғы тістерді керісінше тексереді. Мына бір жағдай есте болсын тістің бүтіндігі, түрі, көркі, беріктігі, тістің көрініп тұрған бөлігі мен түбірінің арақатынасы, тістің кесу ұштарының жағдайы, бітеменің бар-жоғы, бар болса оның жағдайы түгел ескеріледі.    Дертті анықтап, диагнозын қою үшін сырқат адамның өз айтқандары, ауыз қуысын тексеріп байқау, бет-әлпетін сыртынан тексеру, тіс-жақ жүйесінің қызметін бақылау нәтижесі, рентген айнасымен байқау арқылы жиналған мағлұматтар негіз болады. Кейбір ауру адамдар шықшыт буынының сықырлауына, ауыратынына, жағын жөндеп аша алмайтындығына, басының ауыратынына, құлағының нашар еститініне шағымданады. Жақ бұлшық еттерінің қызметі төменгі жақ сүйегінің қозғалысына қарай ғана емес, сонымен бірге шайнау жүйесінің зақымдалуына байланысты өзгереді.    Ауры адамды емдеуден бұрын, алдын-ала адамның өмір тарихымен, отбасы жайымен, дерттің басталу жолдарымен ұқыпты танысу керек. Яғни, оның өмірін, ауруының анамнездерімен толық танысу қажет.            Обьективті тексеру    Зерттеу клиникалық – физикалық, аспаптық және зертханалық болып бөлінеді. Физикалық әдістерге қарау, сипап сезу, аспаптыққа- тісті тықылдатып тексеру, электрометрия, термометрия, ренгенография оның ішінде (томография, пантомография, телерентгенография) зертханалыққа – функциональды шайнау сынамасы, мастикоциография т.б. әдістер жатады.    Науқасты сырттай қарау кезінде бет әлпетінің ассиметриясы бар ма, жоқ па (еріндердің, ұрттардың, ауыз бұрышының, төменгі жақ бұрышының) басқа ақаулардың, беттің түсінің өзгеруі, ымдаудың бұзылулары, мұрын ерін қатпарларының тегістігін, шала салданулар, ісіктер, қабынулар, тыртықтар жарақаттан кейін пайда болады немесе басқа патологиялық процестерден кейін пайда болатын ақаулар бар жоқтығы қаралынады.    Ауыз қуысының кілегей қабатының күйін бағалау.    Ауыз қуысының кіре берісінің кілегей қабығын қарағанда түсі мен қызыл иектің жағдайын анықтайды (сему процесі, гипертрофия, ісіну, стоматит, жыланкөздер, тыртықтар). Еріндердің, ұрттардың және ауыз бұрышының кілегей қабатында мүйізгектену, шоғыр жинақтар немесе бірлі жарымды шөгінділер түрінде байқалуы мүмкін. Көпетеген авторлар соңғы өзгерістерді прекорцинамотозды процес деп бағалайды. Кейде ұрттың кілегей қабатында бүйір тістердің түйісу деңгейінде іздері қалып қояды. Мұндай кілегей қабық көп жағдайда тістеледі де жарақатталады. Сапасы төмен алынбалы протезді қолданғанда альвеолярлы өсіндінің вестибулярлы бетінде және еріндердің кілегей қабатында фиброзды гиперплазия кездеседі, ол протезбен үнемі зақымдалу салдарынан пайда болады. Осындай фиброзды өзгерістерді прекарциноматоздар процесі деп есептеп ,оны кесіп алып тастау керектігін айтады. Ауыз қуысының, таңдай және ағзаның кілегейлі қабатын қарағанда қабыну және ағзанын жеткіліксіз қоректену өзгерістері байқалады: ісінулер, жаралар, мүйізгектену, лейкоплакия, бадамша бездерінің гиперплазиясын, тілдің бетіндегі қақтар, бүртіктердің гипертрафиясын байқайды. Кейін таңдай күмбезінің тереңдігін, торус шекарасын, альвеолярлы өсінділер мен альвеолярлы бұдырладың сему дәрежесін, альвеолярлы өсіндінің пішінін (сүйір, біз тәрізді, жартылау доғалы) анықтайды және хирургиялық емнің қажеттілігін анықтайды (альвеолотомия). Зерттеу кезінде пласмассадан жасалған электр жарықты қалақша қолдану өте ыңғайлы. Қалақша көмегімен ауыз қуысының және жұтқыншақтың терең аймақтарын, үлкен азу тістердің дистальды беткейлерін және ауыз қуысының барлық кілегей қабатын қарауға болады.    Тістер мен тіс қатарлары күйін бағалау.    Тіс қатарларын тексеру үшін өткір сүңгі пайдаланады. Бұрыштық сүңгі көмегімен тістердің бүйір беттерінде тіс жегісі ақауларын, тіс мойыншалар аймағында механикалық тітіркенулері жоғары сезімтелдығын анықтауға болады. Сүңгінің көмегімен патологиялық тіс қызыл иек қалташаларының тереңдігі және пародонтоз кезіндегі мойын бөлімінің жалаңаштану дәрежесін анықтайды.    Тістерді және тіс қатараларын қарағанда қалыпты жағдайдан ауытқуларға көңіл аударады: тіс ауытқулары, пішіндері, көлемі, саны, орналасуы, түбірі мен мойыншасының жалаңаштануы, қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс шөгінділерінің болуы тексеріледі. Сүңгі және тіс айнасы көмегімен тіс жегісі мен зақымдалған және жарақаттанған тістерді айқындайды. Тістердің сыртқы түрін: кіреуке гипоплазиясы, сына тәрізді ақаулардың, тістесу беттернің жоғары қажалғыштығын анықтайды. Тістің түсі бітеме материалдар әсерінен, дәрі – дәрімектік зат, емдік сықпа құралын, кей жағдайда ұлпа некрозы салдарынан өзгеру мүмкін. Жарақаттан кейін ұлпаға қан құйылудан тістің түсі өзгеруі мүмкін. Тістердің қозғалғышытығы пародонтидтің бір белгісі болып саналады. Басқа белгілеріне, қызыл иекті түбір ұшынан қызыл иек жиегіне қарай басқанда қызыл иек қалаталарынан серозды – іріңді бөлінулердің шығуы жатады.    Қызыл иекті йод және калий йодиді ертіндісімен бояғаннан кейін қызыл иектің қоңыр түске боялуы созылмалы қабынуды анықтайды. Шымшуырдың көмегімен пародонтит және басқалай патологиялық күйлер кезінде тістердің қозғалғыштық дәрежесін анықтауға болады. Энтин бойынша тіс қозғалғыштығын 4 дәрежеге бөледі: 1-ші дәреже – тістер ерін -тілдлі немесе ұрт- тілді бағытта қозғалады. 2-ші дәреже – бұларға мезиодистальды бағыттағы қозғалғыштық қосылады. 3-ші дәреже – тістер вертикальды бағытта қозғалған болады. (себебі альвеола қабырғасының сорылуы жүреді) 4-ші дәреже – тіс барлық үш бағытта қозғалады, ось бойынша айналуы мүмкін. Үшінші және төртінші қозғалғыштық дәрежесі бар тістерді жұлып тастау керек.    Тіс қатарлары кеңейген немесе тарылған болуы мүмкін. Тіс қатарларының тістерді жартылай жоғалтуына байланысты басқа да деформациялар кездеседі (Попов – Годон феномені). Олар қарама-қарсы тістердің вертикальды бағытта ығысумен ақауды шектейтін тістердің горизонтальды бағытта ығысуынан байқалады. Ильин – Маркосян тістердің вертикальды ығысуының екі қалыпын айырады. Біріншісі – альвеолярлы өсіндінің вертикальды бағытта өсуі балалар мен жасөспірімдерде байқалады. Екіншісі – тістің верикальды бағытта ығысуы, оның мойыны мен түбірінің жалаңаштануымен сипатталады.    Ересек адамдарда В.А.Понамарева осы екі қалыптан басқа үш аралас пішінін айырады – бірінші және екінші пішінінің қосындысы айырады. Тіс доғаларының деформациялары тіс саны мен орналасу ауытқулары, жақтардың толық болмауы, жарақат, қабыну процестері, тырытқты бірігулер салдарынан пайда болады. Сонымен қатар, тістесу ауытқулары және тістердің орналасу ауытқуларнының да болуы байқалады. Тіс қатарларының ақаулары, топографиясы, ұзындығы және табиғи тістердің қатар орналасуымен ерекшеленеді. Мезиальды және дистальды шектелген ақаулар шектелген деп саналады. Мұндай ақаулар болғанда протездердің алынбайтын құрылымдары таңдалынады. Медиальды бағытта ғана шектелген ақаулар шеткері немесе шектелген ақаулар деп аталады. Мұндай ақаулар кезінде протездің алынбалы құрылымдарын таңдаған жөн. Топографиясы бойынша ақаулар фронтальды немесе бүйір тістер аймағында немесе фронтальды – бүйірлі аймақта кездесуі мүмкін. Барлық мағлұматтардың тәжірибелік мәні жоғары болғандықтан арнайы топтастырылулар қолданылады. 6.Дәрігердің жұмыс орнындағы этика, деонтология, эргономика, медициналық құжатнама Тіс дәрігерінің практикалық қызметінде деонтология мәселелері үлкен маңызға ие.Заманауи медициналық деонтология бірқатар мәселелерді қамтиды:дәрігердің қоғамдағы орны, дәрігердің науқаспен және оның туыстарымен қарым қатынасы, өзіне бағынышты медициналық қызметкерлермен қарым-қатынасы, техникалық жабдықталудың медициналық қызметке әсері. Деонтология – медицина қызметкерлерінің адам денсаулығын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі жұмысының оңтайлы сапасы мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін олардың міндеттері мен іс-әрекет нормалары туралы ілім.Қоғамда адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым-қатынасы көптеген ережелермен, нормалармен реттеледі.Дәрігерлік этиканың жалпыға ортақ этика нормаларына негізделетіндігін атап өту қажет:жеке адамның қоғамдағы іс-әрекет нормалары, ұжымда екі н/е одан да көп адамның қарым-қатынасы, әр адамның жоғары адамгершілік қасиеттері.Деонтология мәнінің мазмұны жақсылық пен жамандық категориялары түсінігі, дәрігердің өмір мен денсаулыққа, ауру мен өлімге көзқарасы деп түсінеміз.Адамдардың көпшілігі аурумен куресуде дәрігердің беделі шешуші фактор болады деп санайды.Білімнен өзге дәрігердің бойында белгілі адами қасиеттер болу керек.Кейде бұл қасиеттер бірінші кезекке қойылады.Адамдарға деген сүйіспеншілік және білім – дәрігердің бойынан талап етілетін басты қасиеттер.Бұған қоса дәрігер өзіне сенімді болуы шарт.Адамға құлақ асып, шағымдарды мұқият тыңдау – дәрігер мен науқас арасында сенімді қарым-қатынас арасында орнатудың негізі.Әңгімелесу барысында дәрігер науқастың қаңдай адам екендігін біледі, аурудың туындау себептері мен жағдайларын анықтайды, бұның бәрі нақтама қоюда және ем жүргізуде аса маңызды.Мекемеге келген алғашқы сәт – тіркеу бөліміне келу кезі аса маңызды.Медициналық тіркеуші – науқаспен бірінші болып қатынасқа түсетін адам.Науқас адамды осы жерде қалай қарсы алса, оның көңіл-күйі де солай өзгермек. Одан әрі науқас дәрігердің алдына келеді.Сөйтіп дәрігерлердің өзара мейірімді қатынасы, сондай-ақ дәрігер мен медбикенің қарым-қатынасы науқастарды емдеу үшін оңтайлы жағдай тудырады.Бұл емдеу мекемесінің беделін әбден нығайтады.Медициналық деонтология стоматологияға толықтай қатысты.Бұған қоса стоматологияның өз ерекшеліктері бар, бұл ерекшеліктер дәрігер-стомаотлогтың көп нәрсені тек біліп қана қоймай, өзі істей білу қажеттігінен туындайды.Стоматологиядағы деонтологияның тағы бір маңызды ерекшелігі – тіс дәрігері алдындағы қоркыныш.Бұл кейде барлық дерлік тістердің бұзылуына алып келеді.Тіс дәрігерінен қорқу тістерді емдеу кезінде туындайтын ауырсынуға н/е ауырсыну сезімдеріне байланысты.Көп жағдайда қорқыныш, кейде үрейлі қорқыныш, дәрігердің дөрекі араласуы н/е науқастың психикасына әсер ете алмауы салдарынан пайда болады.Тіс дәрігерінің міндеті:жансыздандырудың оңтайлы түрін жасай білу.Ауырсыну сезімі дұрыс нақтамалау н/е тістің қатты тіндерінің өңделу сапасын бақылау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, кез-келген әрекет ауырсынусыз жүргізідуі керек.Дөрекі қимылдау, сонымен қатар жансыздандырудан бас тарту психологиялық бұзылысқа, науқасты қорқыныштың тууына алып келеді, бұлар жеңу болашақта қиынға соғады.Қорқыныш сезімін бастан кешіру науқастардың не болса содан қорқа беруіне алып келеді.Әсіресе фобиялар болған жағдайда адам өте мазасыз және қорқақ келеді.Қорқыныш пен үрейдің туындауында психикалық жарақат үлкен роль атқарады.Бұл пмихикалық жарақаттың негізінде жағымсыз факторлардың аз уақыт н/е ұзақ уақыт әсер етуі жатады. Психогениялардың жіктелуі: Шығу тегі бойынша: А)Ятросирирогения эрготогениялар Ә) Кездейсоқ сипаттағы ситуациялық эпизодтар Б)Деонтологиялық артефактілер В)Медициналық мекемедегі ұйымдастыру кемшіліктері Г)Қызмет көрсету мәдениетінің жеткіліксіздігі Д)Медицина қызметкерлеріне тәуелді жағдайлар Бағыты бойынша А)Жанама әсерлер Ә)Тікелей әсерлер Құрылымы және патеогендік мәні бойынша психогениялар А)Ориентирлік құрушы, фиксациялық н/е паторефлекторлық феномендер Ә)Науқастың жеке медициналық қызметкерлер, мекеме н/е мамандық туралы пікірін бұрмалайтын иррационалды мақсаттардың туындауына ықпал ететін Б)Тараптардың конфронтациясын тудыратын В)Емделуші үшін маңызды ақпаратты оның гиперболизация нәтижесінде алған Г)Өзіне қатысты естіген жағымсыз сөздерге, түсініксіз медициналық терминдерге реакция ретінде туған. 7.Тісті,тісқатарын,жаксүйек-терді,самай- төменгіжаксүйегібуындардытексеру эдістері,диагностикасы. Тіс қатарын тексеру белгілі тәртіппен жүргізіледі, төменгі жақ сүйегінде оң және сол жақта бірізділікпен әрбір тіс-бір жақтың ақыл тісінен бастап басқа жақтың аттас тісіне дейін тексеріледі. Содан соң жоғарғы жақ сүйегі тістері сүйегі солдан оңға қарай қаралады. Әрбір тістің мына белгілеріне назар аударады: 1.орналасуы; 2. Пішіні; 3. Түсі; 4. Қатты тіндердің күйі ; 5. Тіс орнықтылығы; 7.оның альвеоладан тіс және альвеола ішілік бөліктерінің арақатынасы; 8. Бітемелердің бар болуы, олардың күйі. Тітерді тексергенде олардың түйісуін эжәне қарсы тістерге қатысты орналасуын анықтайды. Алдыңғы бөлімде сонымен қатар жабылу тереңдігін байқайды. Тексеру арқылы окклюзия беті сипатын, оның мүмкін болатын деформациясы туралы алдын-ала ақпарат алуға болады. Содан соң тіс доғаларының пішінін анықтайды. Әдетте тістертер қабысу түрін анықтау қиын емес. Қиындықтар патологиялық күйлерде; жақ сүйектері сынғанда, әсіресе, көп жарықшақты сынық болғанда пайда болады. Бұл кезде Энгль окклюзия алаңдары деп атап кеткен қажау фасеткалары көп көмек көрсетеді. Олар артикуляция кезіндегі тістердің қажалуы нәтижесінде түзіліп, тістем түріне белгілі қатаң тәртіпте орналасады. . Самай бұлшық етін ауыз ішінен және сырттан – самай аймағында саусақпен байқайды . Ауыз қуысында сұқ саусақпен бұлшық еттің тәждік өскінге беку орны тексеріледі. Сырттай , оң және сол жақта бұлшық етті әр қолдың төрт саусағымен, оларды самай аймағына орнатып байқайды . Шықшыт буыны аурулары диагностикасы еске түсіру, ауыз қуысын клиникалық зерттеу, сыртқы және ішкі саусаұпен тексеру, қызметтік сынамалар, рентгенологиялық зерттеулері нәтижесінде негізделеді. Аурумен сөлескендк оның шағымдарын айқындау қажет. Көбінесе науқастар буынның сыртылдауына, ауруына, ауыздың толық ашылмауына, бас ауруына, есту қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Шағым айтпайтын пациенттер де кездеседі, бірақ оларды қарағанда шықшыттың бір патологиясы анықталады. Міне осылай шықшыт буының зерделеу тістер қатары ауруларыбар адамдар үшін міндетті. Одан кейін ауру атаған сырқат белгілері, мысалы буынның сыртылдауы қашан пайда болғанын және неге байланысты туындағынын анықтайды. Аурудың жайын сұраған соң буынды саусақпен тексереді. Ол үшін саусақтарды құлақ жарғағының түйінінің алдындағы теріге салады немесе саусақтарды сыртқы есту тесігіне енгізеді. Буынды саусақпер тексергенде жиі тебу, сыртылдау сезіледі. Сол себепті саусақпен қарау белгілі дәрежеде аускультация болып табылады , дегенмен шуды, сытырды фонендоскоппен де тыңдап білуге болады. Саусақпен сезу төменгі жақ сүйегінің бастары қозғалысының амлитудасын ауызды ашып-жапқанда анықтауға мүмкіндік береді, оң және сол бастар қозғалыстарының бір уақытта іске асуын білуге көмектеседі. 8. Ауызкуысыныц кілекейқабығын,тіс-жақ жуйесінінбұлшықеттерінтексеру эдістері. Жоғарғы және төменгі жақ сүйктері шырышты қабық күйіне жалпы клиникалық сипат бергенде түсін, ылғалдығын, тыртықтардың, полиптердің, афталардың, жолақ жаралардың, ойық жаралардың, бөртпелердің, қан тамырлары ісігінің , түйіндердің көпіршіктердің басқа да патологиялық көріністерінің барын атап өтеді. Шырышты қабық белгілі бір өзгерістерге ұшыраса, дәрігер ауру тарихына сәйкес жазбада өзгерістердің орналасуын, сандық және сапалық сипатын көрсетеді. Қалыпты шырышты қабық бозаң-қызғылт не қызғылт , ылғыл, жылтыр. Алайда сілекей түзу және сілекей бөлудің бұзылуы  шырышты қабық түсі мен ылғалдылығын анықтауды қиындату мүмкін. Және де көптеген ауруларда қабық қабынып, ісінуі мүмкін, борпылдақ болып , қанайды, қызаруы не көгеруі байқалады. Аралық қатапар, ұрт, қатты және жұмсақ таңдай шырышты қабық тексерумен қатар, бадамша без , жұтқыншақтың артқы қабырғасы , тіл шырышты қабығын қарап шығады. Жұтыну әдісіне назар аударады. Сөйлеу кезіндегі тіл мен еріндердің орналасуына, дыбыстау анықтығына аса көңіл бөледі. Протез орны бөлігі ретіндегі тіссіз альвеола бөлігін ауыз қуысының шырышты қабығы тексеру алдымен қаралып , саусақпен байқау арқылы өтеді. Бұлшық еттің өзін саусақпен тексергенде бас бармақ оның алдыңғы шегіне салынып, басқалары артқы шекте орналасады. Бұлшық ет мұқият саусаұтармен қысылады. Оны екі саусақпен тексеруге болады : сұқ саусақ ауыз қуысы жағынан , бас бармақ сыртынан орналасады. Міне , осылай бұлшық еттің даму дәрежесін және білінуін , оның кернемесін , тығыздалу орындарын , ауыратын нүктелерін анықтайды. Самай бұлшық етін ауыз ішінен және сырттан – самай аймағында саусақпен байқайды . Ауыз қуысында сұқ саусақпен бұлшық еттің тәждік өскінге беку орны тексеріледі. Сырттай , оң және сол жақта бұлшық етті әр қолдың төрт саусағымен, оларды самай аймағына орнатып байқайды . Медиальды қанат тәрізді бұлшық еттің алдыңғы бетін сұқ саусақпен тексереді . Ол қанат-жақ сүйегі қатпары бойымен төменгі жақ сүйегінің ретромоляр аймағынан жоғары сырғиды . Аталған жақ сүйектің төменгі бөлігі де саусақпен ауыз ішінен тексеріледі , ол үшін сұқ саусақ тіласты аймағының дистальды бөліміне , төменгі жақ сүйегі бөліміне , төменгі жақ сүйегі бұрышына қарай түсіріледі. Медиальды қанат тәрізді бұлшыұ етті тексергенде сұқ саусақты жоғарғы жақ сүйегі альвеола өскінінің вестибуляр бетінің шырышты қабығы бойымен дистальды және жоғары , альвеола төбешігінен асыра бағыттайды. 9. Ортопедиялыкстоматология клиникасындатексерудщкосымша эдістері.ДиагностикаСаралаудиагнозы Бұл әдістер аурудың бастапқы кезеңінде-ақ неғұрлым терң және жан-жақты адамның тіс-жақ сүйегі жүйесіндегі морфологиялық, құрылымдық және қызметтік өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Қосымша зерттеу әдістеріне рентгенологиялық құрал-сайманды және зертханалық зерттеулер жатады. Тіс-жақ сүйегі жүйесі мүшелерінің  рентгенографиясы- кең тараған зерттеу әдістерінің бірі. Себебі ол қол жетерлік, қарапайым және оның көмегімен сауыт пен түбірдің қатты тіндері туралы, ауыз қуысы, түбір өзектері мен ерекшеліктері жөнінде құнды мәлімет алуға болады. Периодонт саңылауының ені және сипаты , ұяшық қабырғасының тұтас ттабақшасының және альвеола бөлігінің кеуек затының күйін анықтауға көмектеседі. Рентгенограммада тірек тістердің және ығысуға тиісті тістердің түбірлерінің пішіні , бағыты және орналасуы анықталады.  Телерентгенография- бас сүйек пен бет қаңқасының пішінін және құрылысын, онда жақ сүйектерінің орналасу түрін , олардың даму дәредесін , тіс-жақ жүйесіндегі қалыптан ауытұу және бас сүйек құрылысының анатомиялық нұсқалары арасындаға тәуелділікті , жұмсақ тіндердің орналасуы және оның бет қаңқасымен ара қатынасын арнайы рентгенологиялық әдіс- телерентгенографиясы арқылы зерттейді. Телерентгенография ұстанымы рентген түтікшесі мен пленка арасындағы арақашықтықты артуға негізделеді. Осы жайдың есебінен кеңістікті бұзып көрсету мүмкіндігі өте аз шаманы көрсетеді. Электроодонтометрия- ұлпа және периодонт күйін ұлпаның электро қозғыштығын анықтау жолымен зерттеу үшін пайдаланады . Арнайы тестілеу құралының белсенді электроды электр тогымен ұлпаға әсер етеді. Мұнда ток күші біртіндер бірінші жағымсыз сезім не аурсыну пайда болғанша артып тұрады. Сау ұлпаның қозу шегі 2-6 мкА , қабынған ұлпанікі 20-40 мкА . Сауыт ұопасының некрозында шегі 60 мкА-ге жетеді , түбір ұлпасы ыдырағанда одан сайын артып 60-90 мкА болады. Ұш периодонтитінде 100-120 мкА-ге дейін барады . Реография– тамырларға қан толуының пульстік тербелістерінің тіндердің электрлік қарсыласуы өзгерістерін графикалқ тіркеу жолымен зерттеуге арналған . Реопародонтография – парадонт тіндердің реографиясы . Аталған әдіс пародонт патологиясын анықтауға , емдеу тиімділігін ба,алауға . Электромиография – тістерді жартылай не толық жоғалтқан жағдайда шайнау бұлшық еттерінің қызметін зерттегенде , шықшыт буыны және бұлшық еттері ауруларында , тіс-жақ сүйегі ауытқуларында қолданылады. Бұл әдіс ортопедиялық емдеуден кейінгі бұлшық ет қызметінің өзгеруін анықтауға да көмектеседі . Электромиография – бұлшық еттердің биоэлектр белсенділігінің электр потенциалы тербелісінің қозуы түріндегі графикалық бейнесі . Мастикациография – төменгі жақ сүйек шайнау қимылдарының графикалық бейнесін түсіру . Төменгі жақ сүйегі қозғалысын ауыз ішінде не ауыздан тыс жазуға болады . 9) Ортопедиялық стоматология клиникасында тексерудің қосымша әдістері. Саралау диагнозы. Диагностика Электромиография. Бұлшық еттердің биопотенциалын тіркеп жазумен жүретін жүйесін зерттеу функциональді әдіс болып табылады. Көп түбірлі тістерді тексергенде электромиографиямен арнайы датчиктермен тері үстілік электродтар қолданылады. Электродтарды зерттейтін бұлшық ет нүктесіне медициналық желімнің көмегімен бекітеді. Бұлшық еттердің күш түсу кезіндегі жиырылуын саусақпен сипау арқылы анықтайды. Электродтар арасындағы ара қашықтық тұрақты болу керек. Бұлшық еттердің физиологиясы тыныштықта, шайнау мен жұтынуы еркін және жақтардың еркін қабысуы кезінде зерттеледі. Анализ кезінде бір шайнау циклы кезіндегі шайнау қозғалысының мөлшерін, бір циклдық ұзақтығын, биоэлектрлік белсенді фазаны және секунд аралығындағы биоэлектрлік тыныштықты, биопотенциалдардың ортасына амплитудасы бойынша анықталады. Берілген әдіс бұлшық еттің қозу және басылу процестері кезіндегі жиырылу икемділігін анықтауға мүмкіндік береді.     Электромиографиялық зерттеуді самай төменгі жақ буыны мен бұлшық ет жүйесмен ауруларын жорамалдау кезінде, сонымен қатар тіс жақ жүйесінің ауытқуларында ортопедиялық емдеудің нәтижелігін бақылау мен жүргізу кезінде қолданылады.     Мастикоциография. Төменгі жақтың шайнау қозғалысын анықтауға арналған әдіс. Әдіс қағидасы: Төменгі жақтың жабық жүйедегі ауаның толқуын тіркеуге негізделген. Жүйе иекке, таңғыш арқылы бекітілген резеңке балоннан, резеңке түтікшесі кез – келген тіркегіш құралда жазып алынады. Қозғалыстың жазылуы әртүрлі тағамдардын 0,8г орман жаңғағын шайнау кезінде басталады.     Мастикациограмма- толқын тәрізді шайнау толқындары мен тісшелерден тұрады.     Тағам қабылдау әрекетін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: 1. Тыныштық жағдайда. 2. Тіс қатарын қабыстырып, сілекейді жұту. 3. Ауызды ашу, тағамды күрек тістер арасына еңгізу. 4. Тағамды тістеп, шайнау тіс топтарына қарай ығыстыру және шайнау. 5. Шайнау циклының толқыны – төменгі жақтың түсірліп, көтерілуіне байланысты, жоғарылаған және төмендетілген тізеден тұрады. Мастикациограмма көмегі арқылы – шайнау циклының жұтуға дейінгі ұзақтығын және оның жекелеген кезеңдерін, шайнау қозғалғыштығының мөлшерін, ауыздың ашылу амплитудасын анықтауға болады. Мастикоциограмманың анализі кезінде осы параметр арқылы шайнау әрекетінің бұзылысын нақтылауға болады. Мысалы: девитальді циклдың ұзындығы бойынша 14 секундтан қалыпты жағдайда 42-45 секундқа дейін. Миография шайнауға қатысатын жекелеген бұлшық еттердің жиырылуын кинографқа жазып алу миография деп аталады, ол арқылы бұлшық еттермен олардың кейбір талшықтарының ойдағыдай жұмыс істемейтіндігін табуға болады. Миотонометрия . Миотонометр арқылы шайнауға қатысатын және қимылдайтын бұлшық еттердің кернемесі өлшенеді. Қалыптан ауытқу болса, бұлшық еттердің кернемесі де өзгереді. Мысалы, асқынған тіс жегісі кезінде шайнайтын бұлшық еттердің кернемесі тыныш тұрғанда көтерліп кетеді, сөйтіп ол тістің ауруына себеп болады. Аталмыш аспап байқағышпен граммен межеленген шкаласы бар өлшегіштен құралады.        Электромастикациография. Бұл әдіс арқылы бұлшық еттердің биотобының жазбасы мен төменгі жақтың қозғалысының үйлесімі қарастырылады. Бұл тәсілдің көмегімен мастикоциограммадағы жазбалардағы бұлшық еттердің биологиялық потенциялының кеңістіктері айқындалады . Осы тәсілді емдеу әрекеттерінің тиімділігін анықтауға да қолдануға болады. Диогностикалық процесс бір – бірімен байланысқан дәрігердің жұмысымен тығыз байланысты келесі кезңдерден тұрады: 1. Субъективті симптомдарды анықтау (шағым)   2. Әр түрлі тексеру әдістерін қолдана отырып объективті симптомдарды анықтау.   3. Зертханалық және ауруханалық тексеру әдістерін қолдана отырып морфологиялық өзгерістерді анықтау. 4.  Зертханалық тексеру нәтижесі арқылы функциональды бұзылыстарды анықтау.   5. Аурудың нозологиялық түрін анықтау.   6. Ауруды тудыратын этиологилық факторларды ашу.   7. Науқас ауруының ағымын және патогенезін анықтау.   8. Болжам. Диогностика - бұл клиникалық медицинада, соның ішінде ортопедиялық стматологияда ең күрделі бөлімдердің біріне жатады. Әр түрлі тексерістердің нәтижелерінің көмегімен аурудың симптомдарын анықтауға болады, аурудың этиологиясын, патогенезін, клиникалық және патология ауытқуларды біле отырып, дұрыс диагностика жүргізуге болады. Дәрігер белгілі бір реттілікпен жиналған фактлерді синтездеу үшін жекелеген симтомдарды жинайды және оны анализден өткізеді. Симтомдардың дұрысытығын дәлелдейтін әр түрлі тексерістердің нәтижесін алғаннан кейін оларды белгілі аурулардың симтоматикасымен салыстырады да бір немесе бірнеше гипотеза ұсынады. Диагноз қою барысында жұмысшы гипотезалар бірнешеу болуы мүмкін. Олардың барлығы әсіресе күрделі клиникалық жағдайларда жақсылап тексерілгені жөн, дәрігер қателік жіберіп алмауы үшін. Бір аурудың диагнозын екінші аурудың диагнозымен шатастырып алмауы үшін, науқас бірнеше аурумен ауруы мүмкін, сондықтан да негізгі аурудың асқынуларына дұрыс диагноз қою қажет. Гипотезеларды тексеру міндетті түрде салыстырмалы диагнозды жүргізуді талап етеді.   Сондықтан да, диагнозда қалыптастыру реттілігі былай болады: біріншіден, аурудың себебіне мінездеме беру, оның этиологиясын және патогенезін анықтау; екіншіден, аурудың патологоанатомиялық негізіне түсініктеме беріп, оның орналасу жерін анықтау; үшіншіден, функциональды бұзылыстардың дәрежесін және түрін көрсету; төртіншіден, аурудың түрі мен ағым ерекшеліктерін нақтылау. Барлық қойылған сұраққа жауап беретіндей етіп диагнозды құрау әрқашанда мүмкіндік тудырмайды. Мысалы, прогения жағдайында оның түрі (нақты, жалған), қызметінің бұзылуы анықталады, бірақта оның пайда болу себебін анықтау қиын.   Ортопедиялық стоматологияда диагноз қою салдары: 1. Ашық тістесу (мешел түрі) барлық алдыңғы тістердің арасы ашық, шайнау және сөйлеу қызметі бұзылған, макроглоссия. Бұл жағдайда диагноз клиникалық талаптарға толық жауап береді, өйткені ашық тістесудің себебін көрсетеді (мешел), бұзылыстардың орнын (алдыңғы тістер), қызметінің бұзылыстарын көрсетеді. Сонымен бірге тіл бұлшық етінің гипертрофиясы көрсетілген. 2. Тістердің жартылай болмауы (төменгі жақ тіс қатарының оң жақты шектелмеген ақау) төменгі жақ қозғалысының бұзылыстарымен бірге тістесу беткейінің бұзылысы. Бұл жағдайда патологиялық процесстің орны, аурудың түрі (тістесу беткейінің бұзылысы) және қызметінің бұзылысы көрсетілген. 10) Тіс-жақ жүйесінің ауруларын ортопедиялық стоматология клиникасында емдеу әдістері Науқас адамды емдеу алдымен тексеруден басталады. Науқасты тексеру әдістері екіге бөлінеді: клиникалық және параклиникалық (құрал – жабдықты тексеру, зертханалық тексеру және рентгенологиялық тексеру әдістері жатады).     Клиникалық зерттеу әдістеріне жатады: 5. Анамнез (шағым жинау) 6. Науқастың сырт пішінін қарау. 7. СТЖБ және шайнау бұлшық еттерін тексеру. 8. Ауыз қуысын тексеру: а) Ауыз қуысын тексеру. б) Ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру. в) Тістерді және тіс қатарын тексеру. г) Пародонтты тексеру. д) Тіссіз альвеола бөліктерін тексеру.                                                   Анамнез.          Анамнез жинағанда науқас барлық ауырған жұқпалы және басқа аурулары, олардың асқынулары туралы мағлұматтар алу керек, ішкі мүшелердің, әсіресе асқорту, жүйке, жүрек – тамыр жүйелерінің күйі туралы, ортопедиялық емдеу процесінде ескеретін аурулар туралы мағлұматтарды жинау керек. Анамнез жинаудың өзіндік реттері былайша: 5. Ауру адамның шағым түсінігмен оның субъективті жағдайын анықтау. 6. Аталмыш дерттің анамнезі. 7. Науқастың өмір тарихы. 8. Отбасы анамнезі.     9. . Сондықтан ортопедиалық емдеу жоспарын белгілегенде, алдымен тіс-жақ сүйегі қызметін жөнге келтіретін шараларды жүзеге асыру қажет. 10.     Ортопедиялық жолмен емдеуді керек ететін тіс-жақ сүйегі ауруларының бірқатарының тегі, себебі белгілі. Көбінесе бұл тіс жегісі, пародонт аурулары салдарынан, зақым жарақаттан болған дерттер. Бұған қоса, себебі әлі де болса белгісіз сырқат түрлері де кездеседі. 11.     Мысалы, туа болған тіссіздік, тістің шықпай қалуы және қиындықпен жарып шығу, ауру салдарынан мұқалып қалуы сияқты сырқаттардың пайда болуы себептерінің көбі әлі анықталмай отыр. Дегенмен, дерттің себебін біліп қана қою, оны емдеп жазуға жеткіліксіз болар еді. Мысалы, балалар арасында зиянды әдетке бой ұрған (саусағын, басқа да заттарды соратын) сәбилер кездеседі. Әдетте,олардың жақ сүйектері дұрыс қабыспайды. Бұл барлық адамдарға емес, кейбір балаларға ғана тән. Демек, тіс-жақ қызметінің бұзылуына әкеліп соққан себептерден басқа, оның дамуына негіз болған патологиялық механизмдерді, өзгерістерді білген жөн. Мұның да толып жатқан себептері бар. Ағзаның түзілісі, оның қызметі, сырқат адамның жасы, бұрын қандай ауруға шалдыққаны – осының бірі маңызды. Мұндай белгілердің әрбір жеке адамда ерекше көрінетіндігі бар, сондықтан әр жағдай үшін алдын ала белгілі бір кесіп-пішілген түрде нұсқау беруге болмайды. 12.     Ең алдымен қабылдауға келген сырқат адамның бет-жүзіне көз жүгіртіп байқап шығу керек. Беттің екі жағының симметриялы болуына, төменгі үштен бір бөлігінің биіктігіне, иектің шығыңқылығына, иек асты мен мұрын-ерін қатпарларының жайына, езуге назар аударылады. Сөйлегенде және күлгенде науқастың тісінің түбі қаншалықты ашылып көрінетіні байқалады.   11) Қазақстан стоматологиясындағы қазіргі кездегі анестетиктер Қазақстан стоматологиясындағы қазіргі кездегі анестетиктер.Жергілікті анестезиядақолданатын анестетиктер екі топқа бөлінеді:      1. Күрделі эфирлер тобы, оған новакаин ертінділері жатады.      2. Амидттер тобы, оған лидокайн, ультрокайн, убистезин т.б ертінділері жатады. Ультракаин форте. Фармакологиялық әсері. Фармакокинетикасы: Артикаиннің плазма ақуыздарымен байланысты 95% -ы құрайды. Ауыз қуысының шырышты қабаттарына инъекция жасағаннан кейін жартылай шығарылу кезеңі орта есеппен 25 минутты құрайды. Препарат өз дәрежеде плацентарлық кедергі арқылы өтеді, іс жүзінде омырау сүтімен бөлінбейді. Артикаин негізінен организмнен бүйрек арқылы шығарылады. Фармакокингтикасы: Стоматологиалық тәжірибеде инфильтрациялық және өткізгіштік жансыздандыруға арналған жергілікті жансыздандырғыш. Жылдам әсер (латентті кезеңі - 1- ден 3 минутқа дейін) жансыздандыру ұзақтығы 75 минуттан кем емес. Препарат құрамында эпинефрин төмендігінің салдарынан оның жүрек қантамыр жүйесіне әсері аздап байқалған: артериалық қысымның жоғарылауы және жүрек жиырылысы жиілігінің артуы байқалмаған. Қолданылуы: Стоматологиядағы инфильтрациялық және өткізгіш жансыздандыру (сонымен қатар ілеспелі ауыр бас аурулары бар науқастарда):   - ишемияны талап ететін шырышты қабаттар мен сүйектер хирургиялық араласулар;   - тіс пульпасындағы хирургиялық араласулар (жұлу және алып тастау); - пародонтозбен зақымданған және бүлінген тістерді алып тастау (остеотомия); - ұзақ хирургиялық араласулар, мысалы, Колдуэллу – Люку бойынша операция, тері арқылы остиосинтез, кистаны алу, қызыл иектің шырыштарына араласулар, тамыр ұшын кесіп тастау, тіс қуыстарын тазалау және жоғары сезімтал тістерді протездеу алдында егеуде. Қолдану тәсілдері және дозалары: Жоғарғы жақ тістерін асқындырмай жұлып алғанда қабынулар болмаса, әдетте, Ультракаин фортенің 1,7 мл-ін вестибулярлы жақтың өтпелі жиырылу орнының шырыш астына енгізеді (әрбір тіске). Сирек жағдайларда толық жансыздандыру үшін 1 мл – ден 1,7 мл – ге дейін қосымша енгізу талап етіледі. Ауыратын таңдай инъекцияларынан көбінесе бас тартуға болады. Таңдай жырықтарында және таңдай депосын жасау мақсатында тігу үшін жансыздандыруға инъекцияға шамамен 0,1 мл анестетик қажет. Қатар орналасқан бірнеше тісті жұлу қажет болғанда әдетте иньекция мөлшерін шектеуге болады. Төменгі жақтың премолярларын алғанда қабыну болмаса, мандибулярлы анестезияны жасамауға болады, өйткені бір тіске 1,7 мл инъекциямен қамтамасыз етілетін инфильтрациялық анестезия әдетте жеткілікті. Егер мұндай жолмен қажетті әсерге жетпесе, төменгі жақтың өтпелі жиырылуының шырыш астындағы орнына вестибулярлы жағынан 1,7 мл анестетик инъекциясын салу керек. Егер бұл жағдайда да толық анестезияға жетпесе, төменгі жақ жүйкенің бөгетін жүргізу керек. Хирургиялық араласулар кезінде Ультракаин форте араласулардың ауырлығы мен ұзақтығына байланысты дербес дозаланады. Бір емдеу емшарасын орындау кезінде ересектерге дене салмағының 1 кг – ға Ультракаинді (артикаин) 7 мг- ға дейін енгізуге болады. Емдеушілердің 500 мг – ға дейінгі дозаны жақсы көтеретіні байқалған (7 цилиндрлік ампулаларға сәйкес). Жағымсыз әсерлері:    - орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы (дозаға байланысты): естен тануға дейінгі сананың шатасуы, өмірге қауыпті тоқтап қалғанға дейінгі тыныстың бұзылуы, бұлшық ет дірілі және бүкіл денеге таралатын құрысуларға дейінгі бұлшық еттердің дірілдеуі.    - жүрек айнуы, құсу;    - артериалық қысымның төмендеуі және жүрек тоқтауы;    - инъекция орнында ісіну немесе қабыну, тері қызаруы, қышыма, конъюктивит, ринит, жоғарғы және/немесе төменгі еріннің ісінуімен беттің ісуі, тамақтың батуы мен жұтынудың қиындау сезімімен болатын дауыс байланысының ісінуі, есекжем, анафилактикалық шоққа дейінгі тыныстың қиындауы;     - бас ауыруы;     - эпинефринге байланысты жағымсыз әсерлері – тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы, артериалық қысымның жоғарылауы – аздаған концентрацияда 1 : 100 000 (1,0 мг/100мл) сирек кездеседі;     - сирек кездейсоқ қантамырішілік инъекцияда инъекция салынған орынның тіндердің өлі еттенуіне дейін ишемия аймағына айналуы;     - натрий метабисульфитінің болуына байланысты жекелеген жағдайларда бронх демікпесі бар науқастарда құсу, іш өту, тыныс алудың жиілеуі, демікпенің жедел ұстамасы сананың бұзылуына немесе шок түрінде байқалатын жоғары сезімталдық реакциялары. Қолдануға болмайтын жағдайлар: - артикаинге, эпинефринге немесе препараттың қандайда бір басқадай компоненттеріне жоғары сезімталдық;    - пароксизмальды тахикардия және жүрек ырғағының басқа да бұзылулары, сондай – ақ глаукоманың жабық бұрышты түрі;    - анемия (оның ішінде В-12 тапшылық анемия), метгемоглобинемия гипоксия;    - сульфиттерге жоғары сезімталдық кезінде бронх демікпесі;    - 4 жасқа дейінгі балалар. Дәрілермен өзара әрекеттесуі: мысалы эпинефрин секілді адреномиметик түріндегі артериалық қысымды арттыратын қантамырдың таралуы әсері үш циклді антидеприсанттармен немесе мао тежегіштерімен күшейе алады. Мұндай өзара әрекетесуллер норэпинефрин 1:25 000 және эпинефрин 1:80 000 вазоконстрикторлар ретінде концентрация үшін қажет. Ультрокаин фортені эпинефриннің концентрациясы едәуір төмен – 1 : 100 000. Алайда, мұндай әсердің күшею мүмкіндігін ескерген жөн. Айрықша нұсқаулар.Инъекцияны қабынған аумаққа жасауға болмайды. Қантамырішілік инъекция жасамау үшін аспирацияға тест арнайы жүргізу керек, ол үшін картриджтерді қолданғанда инъекцияға арналған Uniject K/Uniject K vario еккіштері жарамды инъекциялық қысым тіндердің сезімталдығына сәйкес болулары керек. Ауру жұқтырмау үшін (сонымен бірге гепаттиті де) ертіндіні құтылардан немесе ампулалардан әрбір алардың алдында жаңа стирельді екіштер және инелер пайдаланғандығын бақылау керек. Сезімталдық пайда болғаннан кейін ғана тағамды қабылдауға болады. Жүктілік және бала емізу: жүктілік кезінде операциялық араласулар үшін жергілікті анестезия жансыздандырудың аяушы болып саналады. Артикаин плацентарлы бөгет арқылы басқа жергілікті анестетиктерге қарағанда аз мөлшерде өтеді. Артикаин деңгейі жылдам төмендейтін және оның организмнен жылдам шығарылуына байланысты ол ана сүтіне әсер етпеиді, сондықтан бала емізуді тоқтатудың қажеті жоқ. Психомоторлы реакцияның жылдамдығын талап ететін жұмыстарды атқарғанда сақ болу керек. Артық мөлшерленгенде.Симптомдары: жүрек айнуы, қимыл мазасыздығы, инъекция кезінде сананың бұлынғарлануы, бұлшықеттердің дірілдеуі қысымның төмендеуі, тахикардия немесе брадикардия, жүрек аритмиясы, қан айналымының бұзылуы. Емдеу симптомикалық. Жағымсыз әсердің немесе уыттанудың алғашқы белгілерінде инъекция жасауды тоқтату керек, емделушіні жатқызу керек, тыныс алу жолдарын ашып, жүрек соғысын және артериальды қысымды бақылау керек, көктамыр ішіне жетуді қамтамасыз ету керек. Орталық аналептиктерді қолдануға болмайды. Қан айналымының ауыр бұзылуына және әр түрлі жолмен пайда болған кезде шокта инъекция жасауды тоқтатқаннан кейін мынадай жедел шаралар көрсетілген: тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету (оттекті инсуфляция), сұйықтықтарды (электролитті ерітінді), глюкокортикостероидтерді көк тамыр ішіне енгізу. Қосымша плазма алмастырғыштар, альбуминді енгізуге болады. Қан айналымы қаупі және үдемелі брадикардияда 0,25 мл – ден 1 мл адреналинге дейін енгізіледі. Адреналинді көктамырішілік инъекциялау баяу жүрек соғысының жиілігін бақылай отырып жүргізілуі керек. Адреналиннің көктамырішілік инъекциясының бір реттік дозасы 0,1 мг – нан артық болмауы керек, бұдан әрі қажет болған жағдайда, адреналинді тамшылата (тамызғы арқылы енгізу жылдамдығыжүрек соғысының жиілігіне және қан қысымына байланысты реттеледі) енгізуге болады. Тахикардия және тахиаритмияның ауыр түрлері аритмияға қарсы преператтарды қолдану арқылы емделуі мүмкін, алайда селективті емес бета – адренобөгештерді пайдаланбаған жөн. Артериалды гипертониядан зардап шегетін науқастарда артериалды қысым артқан жағдайда шеткергі вазодилататорларды қолдануға болады. Мепивастезин Құрамы: инъекцияға арналған 1 мл. ерітіндіде бар заттар: Белсенді ингредиенттер, Мепевикаин гидрохлорид 30 мг. 12) Тістің қатты тіндерінің патологиясын винирмен емдеуге арналған көрсетілімдер. Тісті қыздыру әдістемесі. Клиникалық кезеңдерінің ерекшеліктері Винирлер дегеніміз - фарфор немесе композиттерден жасалған, қалыңдығы 0,5 - 0,7 мм, алдыңғы тістердің ерін бетін жауып түратын қаптағыш. Винирлер алдыңғы тістердің жарасымдылыгын орнына келтіру үшін, тістің қатты тіндерін сақтай отыра, тістің калпы мен түсін түзету үшін пайдалынады, мысалы, эмаль гипоплазиясы, сына тәрізді ақауда, флюороз кезінде. Винирлерді қолдануға көрсетілімдер: 1. Сынығы елеусіз және беті тегіс емес тістерді қалпына келтіру ; 2. Түсін өзгерткен бітемелерді жасыру 3. Түсі өзгерген (тетрациклин тістер, гипоплазия, флюороз, жарақат, эндодонтиялық емдеу нәтижесінде түстің өзгеруі) тістерді қалпына келтіру; 4. Ортодонтиялық емдеуге балама ретінде 5. Винирлер үлкен тісаралықты жабу, тіс қатарын тегістеу үшін жиі қолданылады 13) Антагонист тістер болғанда орталық окклюзияны анықтау және бекіту Қарама-қарсы тістер болғанда жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту әдістері Жұмыс істеу кезеңдері Құрал жабдықтар Өзін-өзі бақылау критериі 1. Дайындақ кезеңі 2.Сапаны бағалау А) ғанышты мүсіндерді Б) балауыз негізін Жақтардың ғаныштық мүсіндері, тістесу біліктері бар балауыз негіздері Ғанышты мүсіндер протез орнын дәл қайталайды. Тістесу біліктері тығыз орналасқан, орнынан қозғалмайды. 3. Жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту А) Тсітесу біліктерін шақтап келтру және оларға коррекция жүргізу Б) жақтардың орталық ара қатынасын бекіту 1. Жоғарғы жақтың тістесу білігіне шпательмен екі ориентир сызылады. 2. Төменгі жақтың тістесу біліктлігімен негіздік балауыз пластинкасының қалыңдығына сәйкес Ыстық шпательдің көмегмен қалыптастырылады 3. Тістесу біліктері бар балауыз негізін ауыз қуысына салады да, науасқа тілінің ұшымен қатты таңдайдың артқы бөлігіне тигізуін сұрайды да ауызды жабады. 4. Тістесу біліктерн суытып ауызда қайтадан жақтардың орталық ара қатынасын тексереді. 4. Жақтардың орталық ара қатынасының бекітілу дұрысытығын тексеру. Жақтардың орталық ара қатынасын бекіту дұрыстығы ауыз қуысында анықталады. 1. Тістесу біліктері қарама-қарсы жақтың тістерімен тығыз жанасады. 2. Беттің орталық сызығы күрек тістердің арасындағы сызыққа дәл келеді. 14) Көпір тәрізді протездің биомеханикасы Көпір тәрізді протездің денесіне және тірек тістерге берілетін шайнау қысымының үйлестіру сипаты мен көлемі қысымының бағыты мен орналасқан орнына және ені мен ұзындығына байланысты. Адамдардың тіндері мен ағзаларына механика заңдары абсалютті емес. Парадонт тіндерінің жағдайы жалпы ағзаның жағдайына, адам жасына, айналасындағы ағзалар мен тіндердің жағдайына, жүйке жүйесінің қамтылуына және ағзаның жалпы реактивтілігінің анықтайтын көптеген факторларға байланысты. Егер функционалды жүктеме көпір тәрізді протездің ортасына түсетінт болса, онда парадонттың тіндері және барлық құрылымына бір мезетте күш түседі және ыңғайлы жағдайда болады.Бірақ бұл жағдайлар шайнау кезінде сирек кездеседі. Сонымен қатар көпір тәрізді протездің аралық бөлігі ұзарған сайын немесе протез денесінің қорытпа қасиеті серпімді болмаса, қосымша қысым түсіріп тірек тістердің конвергенциясына немесе иілуіне алып келеді.Көпір тәрізді протезді құрастыру кезінде арнайы принциптерді ұстану керек. Алғашқы принципке сәйкес көпір тәрізді протездің тірек элементтері және аралық бөлігі бір сызықта орналасуы керек .Екінші принцип бойынша көпір тәрізді протезді жасағанда тірек тіс ретінде сауыты биік емес тістерді қолдану керек. 15) Тіс қатары ақауын Кеннеди бойынша жіктеу Бірінші класс үлкен және кіші азу тістерінің шайнау беткейлеріндегі фиссуралар мен табиғи шұңқырларда орналасқан қуыстар Екінші класс –алдыңғы тістердің фиссуралары мен шұңқырларында орналаласқан қуыстар Үшінші класс –алдыңғы және бүйір тістердің жанасу беткейлерінде орналасқан қуыстар Тӛртінші класс –тістердің мойын тұсында орналасқан қуыстар Бесінші класс –бүйір тістердің бүйір қабырғалары мен шайнау беткейлеріндегі бірінші кіші класс) немесе алдыңғы тістердің бүйір беткейлері мен кесу қырларындағы (екінші кіші класс) комбинерленген қуыс   16) Тістердің мүлде болмауы, науқастарды тексеру ерекшеліктері, клиникасы, диагностикасы, емі. Науқасты тексеру диагноз қоюмен аяқталады. Нозологиялық принціптерге сәйкес диагноздың құрамы мынадай болады: - Белгілі аурудың аты - Мүмкіндік бойынша оның табиғаты (этиологиялық компоненті) - Негізгі пайда болу механизмі (патогенетикалық компонент) - Патологоанатомиялық көріністер (морфологиялық компонент) - Белгілі функциональды жүйелердің бұзылыстарының дәрежесі және мінездемесі (функциональды компонент).     Диагноздың этиологиялық компоненті себебімен байланысты нозологиялық түрдің мінезімен ерекшелінеді. Емдеуді қажет ететін шайнау – сөйлеу аппаратының көптеген аурулардың этиологиясы белгілі немесе қажетті деңгейде қаралған. Көбінесе бұл тіс жегісі, пародонт аурулары және жарақаттар, сонымен қатар бұл аурулармен бірге пайда болу себептері белгісіз басқа ауруларда кездеседі. Мысалы, осы уақытқа дейін әлі белгісіз кейбір аурулар: туғаннан тістің болмауы (адентия) олардың ретенциясы немесе қиын жарып шығуы, тістің қатты тіндерінің шамадан тыс көп мұқалуы. Бірақта ауруды тудыратын себептерді білу науқасты нәтижелі емдеу үшін жеткіліксіз болады. Балаларда кішкентай күнінен бастап жағымсыз әдеттер қалыптаса бастайды (саусақтарын немесе басқа заттарды сору) , бұл ашық тістесуге алып келеді. Бірақта ашық тістесу барлық балаларда бірдей кездеспей тек қана кейбіреуінде болады. Сондықтан да ауытқуларды тудыратын себептерден басқа оны әрі қарай дамытатын патологиялық механизмдерімен жағдайды білген жөн.     Диагноздың патогенетикалық компоненті аурудың және оның асқынуларының патологиялық механизмдерінің еркшелік мінезін жатқызады.     Диагноздың морфологиялық компонентінде ағзалар мен тіндердегі негізгі патологоанатомиялық өзгерістердің орналасуын қарастырады. Патологиялық процестің анатомиялық мағынасынан басқа диагноздың морфологиялық компоненті ауру ағымының сапалы ерекшелігіне мінездеме береді морфогенезбен байланыса отырып (мысалы, «іріңделген гранулема»), патологиялық өзгерістердің тереңдігін және таралуын көрсетеді (мысалы, «шоғырланған жиектік пародонтит») немесе функциональды бұзылыстардың морфологиялық негізін көрсетеді (мысалы, «самай төменгі жақ буынының ревматойдты артриті»).     Диагноздың функциональды компоненті аурумен байланысты функциональды жеткіліксіздік туралы ақпарат береді. Ол айтарлықтай дәрежеде емдеу жоспарын анықтайды және аурудың болжамын бағалағанда маңызды орын алады.     Клиникалық диагнозды қалыптастыру белгілі ретпен жүреді және диагнозда келесі реттіліктер көрсетіледі; 1. Негізгі ауру. 2. Негізгі аурудың асқынуы. 3. Ілеспелі аурулар және олардың асқынулары.     Негізгі ауру дегеніміз - өз бетімен немесе аурудың өршуі себебінен дәрігерлік көмекті қажет ететін және оны емдеуге дәрігердің барлық көңілі бағытталған құбылысты айтады.      Аурудың асқынған түрін диагностикалық немесе емдеу шараларын жатқызады.     Ілеспелі аурулар деп – науқастағы негізгі аурудан басқа этиологиясы және патогенезі әр түрлі ауруларды жатқызады.     Диагностиканың үш негізгі тарауы бар: 1. Симптоматология – аурудың симптомы туралы ілім. 2. Науқасты тексеру әдістері. 3. Диагноздың әдістерін және теориясын анықтайтын методологиялық негіздер.     Диагностика процестер кезеңдерін шартты түрде былай бөлуге болады: 1. Клиникалық және параклиникалық тексеру барысында аурудың барлық симптомдарын жинау және анықтау. 2. Алынған ақпаратты ойластыру, салыстыру, оған анализ жүргізу. 3. Анықталған белгілер арқылы ауру диагнозын қалыптастыру (интеграция және синтез). Тәжірибеде диагностикалық процестердің әр түрлі фазаларын бөлу қиын, өйткені ол үзіліссіз және уақытта шектеулі.     Сондықтан да диагноз қою - дәрігердің клиникалық ойлау қаблетіне, эрудициясына, интуициясына байланысты болады.     Аурудың болжамы бұл – аурудың ағымына, патологиялық процестердің заңдылықтарын білуге негізделген пайда болу, дамуды алдын ала білу құбылысы жатады. Ортопедиялық стоматология ауруларының болжамы жағымды болады (жақсы), жағымсыз болады. Науқасты тексеру процесінде физиологиялық қалыптан және оның нұсқауларынан ауытқуда болатын симптомдар анықталады. Бір уақытта ашылған құбылыстардың анализі және синтезі жүреді, өйткені дәрігер естіп және көріп қана қоймай әр қашанда бәрін ойлаудан өткізеді. Сондықтан да физиологиялық қалыптардың білімінсіз, тіс жақ жүйесін құрастыратын әр түрлі мүшелердің қызметін және олардың құрылысының әр түрлі физиологиялық нұсқауларын білмеу, олардың топограиясы мен функциональды қарым – қатынастарынсыз диагностика процестерін толығымен білу қиындық тудырады, сол арқылы дұрыс диагноз қойылмай қажетті емдеу жұмыстары да дұрыс жүргізілмейді. Тістерді, тіс қатарларын және пародонттың қалыпты жағдайын білмеу, оларды тексерген уақытта құрылыстарының өзгеру нұсқауларын анықтау қиын. Самай төменгі жақ буынының топографиясын білу, бет терісінде оның проекциясын анықтау және есту жолдарымен қарым – қатынасын білу арқылы ғана оған тексеріс жүргізуге болады. Диагностикалық процестерді қалыптастыру алдында, ең бірінші ойда барлық мүшелермен тіс жақ жүйесін құрайтын тіңдердің топографо – анатомиялық қарым – қатынастарын, құрылыстарын құрастырған жөн. Ортопедиялық стоматологияда диагноз қою салдары: 3. Ашық тістесу (мешел түрі) барлық алдыңғы тістердің арасы ашық, шайнау және сөйлеу қызметі бұзылған, макроглоссия. Бұл жағдайда диагноз клиникалық талаптарға толық жауап береді, өйткені ашық тістесудің себебін көрсетеді (мешел), бұзылыстардың орнын (алдыңғы тістер), қызметінің бұзылыстарын көрсетеді. Сонымен бірге тіл бұлшық етінің гипертрофиясы көрсетілген. 4. Тістердің жартылай болмауы (төменгі жақ тіс қатарының оң жақты шектелмеген ақау) төменгі жақ қозғалысының бұзылыстарымен бірге тістесу беткейінің бұзылысы. Бұл жағдайда патологиялық процесстің орны, аурудың түрі (тістесу беткейінің бұзылысы) және қызметінің бұзылысы көрсетілген.   17. Толық алмалы-салмалы протезді бекіту жэне турақтандыру тәсілдері Бекіту.Тіссіз жақ сүйектеріндегі протездін қызметтік құндылығы ең алдымен протездің бекуіне-олардың жақ сүйектеріндегі тыныштық жағдайында жеке қызметтік қимылдауы кезінде орнығуына байланысты. Бекіту күші протез тіні және ауыз қуысы мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, ротез тіні шырышты қабатының күйіне, альвеола қырлары мен жақ сүйектері альвеола бөліктерінің пішіндеріне тәуелді. Протез жақ сүйегіне бекітудің мынадай әдәстері бар: механикалық, хирургиялық, физикалық, анатомиялық, биофизикалық, биомеханикалық және физикалық-биологиялық. Негізгілері- механикалық-физикалық, физикалық-биологиялық әдістер. Қалғвндары не аталған әдістерді қамтиды не көмекші болып табылып, протезді икемді бекіту үшін ауыз қуысын ортопедиялық емдеуге дайындайды. Механикалық-ретенция, барлық белгілі әдістердің ішіндегі ең кең тарағаны. Ол табақшалы протездерді бекіту үшін түрлі механикалық құрылғыларды пайдалануға негізделген. Қазір бұл әдіс аз қолданылады. Хирургиялық-көмекші болып табылады, протезді тиімді бекіту үшін ауыз қуысын ортопедиялық емдеуге дайындауға арналған. Анатомиялық- протездің беку дәрежесі алғашқы кезекте протез тінінің анатомиялық-физиологиялық күйіне байланысты. Альвеола қыры және альвеола бөлігі жақсы білінетін жақ сүйектерде протез неғұрлым тұрақты келеді, себебі шырышты қабат бұлшық еттері, тартпаларының жақ сүйегіне беку орнв альвеола қырынан жеткілікті алыс болады. Физикалық әдіс- тіссіз жақ сүйектеріне протезді орнықтыру үшін адгезия және когезия сияқты физикалық құбылыстарды пайдаланады. Адгезия- екі әр текті денелер жанасқанда, олардың беткі қабаттарында белгілі бір байланыстың пайда болуы. Когезия- физикалық денеде молекулалар, атомдар, иондардың ұштасуы, молекулааралыұ әсео және химиялық байланыспен түсіндіріледі. Бекітудің көмекші әдістері- бұл магниттерді, импланттарды, басқа да құрылымдарды пайдалану. Соңғы жылдары кейбір авторлар базис негізіне желімденгіш ұнтақ, гель, пленканы жағуды ұсынады. Тұрақтандыру- протездің шайнау қимылдары кезінде орнықтылығын қамтамасыз ету. Тұрақтылық- белгілі бір дененің орнықты болуы. Тұрақтылық протездің бекіту күшімен, анатомиялық шарттармен, жасанды тістердің орнығуымен, артикуляциясымен анықталады. Протез тұрақтылығы мен бекуі тікелей оны дайындаудыңклиникалық-технологиялық кезеңдерімен байланысты. 18. Жергілікті анестезия. Өткізу әдістері Адамның ақыл ойы мен санасына ешқандай зақым келтірместен, қолданыс аймағында рецепторлардың сезімталдығын уақытша жойып, жүйкелік перифериялық аферентті аппараттағы өткізгіштікке тосқауыл қоюға қабілетті биологиялық белсенді заттар мен дәрілік препараттарды жергілікті жансыздандыру құралдары немесе жергілікті анестетиктер деп атайды. Қолдануға арналған көрсетіліміне байланысты жансыздандырғыш анестетиктер төмендегідей жіктеледі: 1. Беткейлік анаестезияға арналып қолданылатын препараттар:кокаин, дикаин, лидокаин, анестезин, пиромекаин. 2.Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияға қолданылатынпрепараттар: новокаин, тримекаин,бензофурокаин, рихлокаин, мепивакаин, ультракаин 3.Жұлынға және эпидуральды анестезия арналған препараттар. совкаин, маркаин 4.Анестезияның барлық түріне қолданылатын препарат: лидокаин   Жоғарғы жақ сүйектегі тістерді егеген кезде вестибулярлық және таңдай жаққа инфильтрациялық анестезияны пайдалану ұсынылады. Төменгі жақ сүйекке инфильтрациялық және маандибулярлық анестезия салады. Анестезияны мына сызба бойынша жасау дұрыс: жоғарғы жақ сүйектерді егеген кезде олардың қай жерде орналасқанына қарамай, анестетикті вестибулярлы және таңдайдан жансыздандыру инфильтрациялық әдіспен жасалады. Бір жақтың ғана күрек тісі егелуге тиіс болған жағдайда төменгі жақ сүйекте вестибулярлық-инфильтрациялық анестезия салған жөн. Егеу кезінде төменгі жақ сүйектің алдыңғы тістер тобын бір мезгілде егеген екі жақты мандибулярлы анестезия жүргізуге болады. Инфильтрациялы анестезия-бұл анестезияның түрі үстіңгі жаққа жиі қолданылады. Мұнда тіс өрімі жансызданады. Ине өтпелі қатпардың шырышты қабығына 45 градус бұрышпен егелетін тіс түбірінің ұшына таман енгізіледі. Анестетикті жібере отырып, инені альвеола қырымен жылжытып, егелетін тістен көрші тістің тұсына дейін апарады. Иненің қыры сүйекке қарауы керек. Анестезия 7-10 мин кейін болады. Анестезия аумағы: жансыздандыратын тіс тұсындағы альвеола өсіндісі мен шырышты қабықтың кіреберіс жағы. Өткізгіш анестезиясы. Тубер анестезиясы:ауызды ашылған қалпында езу мен ұртты айнамен сыртқа тартып, инені екі үлкен азу тістердің арасына өтпелі қатпарға қадайды. Сүйекті жағалай отырып жоғары, артқа, ішке қарай бағытталған ине жоғарғы жақ төмпешігін айналып өтеді. Шаншу тереңдігі 2-2,5см. Анестезия аумағы:жоғарғы жақтағы үш азу тіс,кіреберістегі шырышты қабық,гаймор қусының артқы қабырғасының шырышты қабығы. Таңдай анестезиясы: ол альвеола өсіндісінің ішкі жағында үшінші азу тістің тұсындағы таңдайдың үлкен тесігіне салынады. Тісі жоқ кезде А сызығынан 0.5 см алға қарай, қызыл иек пен таңдайдың ортасында енгізіледі. Анестезия аумағы: қатты таңдайдың артқы бөлігінің шырышты қабаты, сүйір тістің тұсына дейін жансызданады. Күрек тіс анестезиясы: Күрек тіс тесігіне салынады. Ол таңдайдың орта сызығының бойында ортаңғы күрек тістердің арасында қызыл иек шетінен 7-8 мм қашықтықта орналасқан. Инені ауызды кере ашып күрек тіс бүртігіне шаншиды да сүйекке жеткенше ендіреді. 0.25-0.5 мл ерітінді жіберген соң 3-5 минут уақыт күтеді. Анестезия аумағы сүйір тістерді қосатын сызықтың алдыңғы жағындағы таңдайдың шырышты қабаты. Инфраорбиталық анестезия-Нысана көз асты тесігі, көз шарасының төменгі қырынан 0,5-0,75 см төмен жүргізілген көлденең сызық пен екінші үстіңгі кіші азулар мен иек тесігі арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында немесе тік алға қарап тұрған көз қарашығы арқылы жүргізілген тік сызықтар қиылысында орналасқан. Көзасты тесігінің проекциясын анықтаған соң сол қолдың сұқ саусағымен жұмсақ тіндерді сүйекке баса ұстап, бас бармақпен жоғарғы ерінді жоғары сыртқа қарай ысырады. Бұл кезде ауыз жабық болады. Инені орта және шеткі күрек тістер аралығынан өтпелі қатпарға шаншиды. Анестезия аумағы: көзасты нервісі, күрек,сүйір тістер, жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір тұсы, көзасты тіндері, мұрынның бір жағы және жоғарғы ерін. Мандибуляр анестезиясы.-Нысана: төменгі жақ тесігі. Науқас аузын кере ашады. Сұқ саусақпен төменгі жақ бұтасының алдыңғы қырын, одан кейін самай қырын анықтайды. Шприц кіші азу тістердің тұсына шырышты қабыққа енгізіледі. Ине самай қырына тіреледі. Әрі қарай самай жотасын иненің ұшымен айналып өтіп, сүйек бойымен сырғып 2см бойлайды. Шприцтің бағыты бастапқы жағдайға жақындайды. 15-20 минут күтеді. Анестезия аумағы: төменгі жақтың барлық тістері, альвеола өсіндісі, төменгі ерін, тері, иек,тіл нервісі де жансызданады. Иек анестезиясы.Нысана: иек тесігі. Ауыз жабық, төменгі ерін мен ұртты кере тартып инені өтпелі қатпарға үлкен азу тіс тұсынан шаншиды. Одан әрі инені алға, төмен, ішке қарай енгізіп иек тесігіне тақайды. Ине ұшымен сүйек сезіліп тұрады. Ине ұшының тесікке түскендігі еріннің аздап ауырғаны арқылы білінеді. Анестезия аумағы: иек пен еріннің жұмсақ тіндері, күрек, сүйір, кіші азу тістер. Интралигаментарлы анестезия. Бұл инфильтративті анестезияның бір әдісі болып табылады. Мұнда жансыздандырғыш препарат тістің периодонт аймағына енгізіледі. Ине 30градус жасап қызыл иек емізікшесіне енгізіледі, әрі қарай 1-3мм енгізіп, периодонтқа жетеді. Тілдік беттен жасаған жөн. Кез келген тіске жасауға болады. 19. Интралигаментарлы анестезия, Көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, өткізу әдістері. Интралигаментарлық анестезия-ерітінді тікелей жансызданатың тістің периодогт аймағына енгізіледі. Көрсеткіштері: 1. Тісжегіге, жіті және созылмалы пульпит бойынша тістерді емдеу 2. Протездеу мақсатында сау тістерді депульпациялау 3. Созылмалы периодонтитқа байланысты тісті жұлу 4. Тістің қатты тіндерін сауытқа сәйкес егеу Қарсы көрсеткіштері: 1. Егер тісті жұлу қажеттілігі болмаса, пародонтальды қалтаның болуы. Бұл жағдайда пародонтқа бірнеше патологиялық факторлар әсер етеді: анестезияны жасау үшін жарақатталған периодонтқа инені тереңірек еңгізу керек болғандықтан, инемен жасалған механикалық жарақат, пародонт жағдайына теріс әсер ететін анестетиктің ерітіндісімен егуге цитотоксиндік әсері. 2. Пародонт тіндеріндегі жіті және созылмалы қабыну ауруларының болуы. 3. Өршіп кеткен жіті және созылмалы периодонтитке байланысты тісті емдеу және жұлу. 4. Сүт тістерінің астындағы дамып келе жатқан тұрақты минералданбаған тіс өскіні болған жағдайда оларды емдеу. Жүргізу әдісі: Мұнда жансыздандырғыш препарат тістің периодонт аймағына енгізіледі. Ине 30градус жасап қызыл иек емізікшесіне енгізіледі, әрі қарай 1-3мм енгізіп, периодонтқа жетеді. Тілдік беттен жасаған жөн. Кез келген тіске жасауға болады.  

Гербст сынамалары

Кең тараған әдіс- жеке қасықтарды Гербст бойынша қызметтік сынамаларды пайдаланып кигізіп көру. Әдістің мәні науқастың ауыз қуысына жеке қасықты салып, науқастан тілін, ернін қозғалтуды, жұту қимылдарын орындауды сұрауда жатыр. Қасық ығысса, оның белгілі жерлерін қысқартады. Жұтыну кезінде қалып алатын қасықтың төменг жақ сүйегінен ығысуы оны керілген ауыз-жұтқыншақ сақинасының түсіріп тастауы есебінен жүреді. Осы жайтты болдырмау үшін қасықты 1 аймақта артқы ішкі шетбойымен қысқарту қажет. Ауызды кең ашқанда және еріндерді созғанда қалып қасығыныңығысуы ұрт және иек асты бұлшық еттері қимылы әсерінен жүреді. Бұл жағдайда қасықты сырт шеті бойымен, 2аймақта, түсетін орнына байланысты-алдында не артта қысқартады.Жоғары ерінді тілмен жалағанда тіл алға, жоғары, жан-жаққа ығысып, кезекпен сол және оң жақ сүйегі- тіл асты бұлшық еттерін көтеріп кереді. Егер қасық осы бұлшық еттерге жақын жату орнында ұзартылған болса, оны 3 аймақта қысқартқан жөн. Егер тіл ұшы кезекпен сол және оң ұртқа тигенде қасық ығысса, оны 4 аймақта қысқартады. Бұл жағдайларда қасықтың ығысуы тіл және ауыз қуысы түбі бұлшық еттерінің керілуі есебінен болады. Қасықты сол жақтан қысқартуды тіл ұшын сол ұртқа тигізу кезінде жүргізеді. Оң жақтан қасықты қысқарту үшін кері амалды орындайды. Тіл ұшын мұрын ұшына тигізу кезінде қалып қасығының жақтан ығысуының себебі, қасықтың жақ сүйегіне иек асты тіл бұлшық еттерінің бекуі аймағында, тіл үзбесі аймағында ұзын болғаны. Бұл жағдайда қасықты 5 аймақта қысқартқан жөн.

Пластмассадан жасанды тіссауыт дайындау


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 1891; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!