Наукасты ортопедиялык стоматология клиникасында тексеру 8 страница



Жас кездегі ұлпаның девитализациясын қатаң көрсеткіштер бойынша ғана жасауға болады.Бұл мәселені шешу кезіңде тістің функционалдық құндылығы мен науқастың жас мөлшерін есепке алаған жөн.Егеу арқылы окклюзиялық жазықтықты тістердің вертикальды жылжуы кезінде ғана емес,мезиодистальды жылжу кезінде де тегістеуге болады.

 Депульпация жасауға көрсетілімдер жайында жоғарыда айтылып өтті.Ақауға қарай еңкеәп орналасқан ұзарып кеткен тістерді қысқарту немесе тістердің мезиальды беттерін тегістеуді ұлпаны алып тастамай жасау үшін дентиннің аз ғана бөлігін алып тастау керек.Жасы үлкен егде адамдардың тіс қуысының кішірейетіні соншалықты,ұлпа жіп тәрізді болады немесе тіптен жойылады.Депульпацияланған тістерді біршама қысқарту аса қиындық тудыра қоймайды.Біршама қысқартудан кейін тістерді жабу керек.

 

66 сұрақ.Толық алмалы-салмалы протездің конструкциясын тексеру.

Жақ сүйекте алмалы-салмалы протездерді ұстату 3 негізгі фактордың бірлесуімен жүзеге асады: 1-физикалық,2-анатомиялық ретенция, 3-кламмерлік бекіту.Бірінші фактор-физикалық.Адгензия екі үстіңгі беткейдің сұйықтықпен ылғалдануы.Екі беткей арасындағы жабысқақтықтың күші олардың арасында жұқа сұйық қабат болған кезде болады.

Бұндай жағдай ауыз қуысындағы протез бен протез орнының шырышты қабаты арасында пайда болып,олардың беткейлері қаншалықты беттесуіне қарай жабысқақтық күшті бола түседі.

Протез астындағы сілекей қалыңдығы жұқа болған сайын адгезия артады.Жазық таңдайлы жоғарғы жақтың адгезия күші прозезді тік орналастырғанда ұлғайып,бүйірлете орналастырғанда кемиді.Көтеріңкі таңдайда,керсінеше,түк түсетін өысым адгезия күшін төмендетеді,себебі шырышты қабатқа байланысыты протез қатар тұрған деңгейге қарай сырғиды.

Екінші фактор – анатомиялық ретенция. Анатомиялық ретенция жоғарғы және төменгі жақта табиғи анатомиялық түзілістердің пайда болуы негізінде қалыптасады. Олар өздерінің пішіні мен орналасқан орнына қарай протездің сөйлеу немесе тамақтану кезіндегі еркін қимылын шектей алуы мүмкін. Өйткені, жоғарғы және төменгі жақтың жақсы сақталған ұяшықты бұдырлары, қатты таңдайдың көтеріңкі күмбезі адгезия күшін әлсірететін протездің көлденең қозғалысына кедергі келтіреді.

Жоғарғы жақтың ұяшықты төмпешігі протездің алға қарай сырғуына бөгет жасайды. Бұл тұрғыдан олар таңдай күмбезінің алдыңғы бөлімімен бірлесе әрекет етеді. Протезді бекіту үшін жақсы жағдай адгезия күшінің пайда болуын және де протездің бүйірге және алға қарай жылжуын шектейтін қарсы тұру түйінінің әрекетін туындататын қатты таңдай күмбезінің орташа айшықталуы кезінде болады.

Жақсы айшықталған ұяшықтық көтеріңкі жер, ұяшықтық өсінді, қатты таңдайдың күмбез тәріздес биік болуы, төменгі жақтың ретромолярлық аймағындағы бұлшықетсіз аймағы жақсы бекітуге көмектеседі, алайда алмалы – салмалы протезді бекіту мәселелерін толықтай шешпейді.

Үшінші фактор – механикалық. Қазіргі кезде алмалы – салмалы тіс протездерін бекітудің механикалық құралдары ішінен келесі жүйелер қолданылады: кламмерлік және телескопиялық. Клиникада протезді бекітудің кламмерлік жүйесі кеңірек тараған.

 

67 сұрақ. Тістің қалыпты тіндерінің патологиясын төсемдермен штиф тістерімен емдеуге арналған көрсетілімдер, тісті қыздыру әдістемесі.

Қазіргі уақытта ортопедиялық стомотология практикасында құйылған тұқылды штифті салма кең тараған.

Тіс пен түбір өзегін дайындауды жұмсарған дентинді алып тастаудан, қатты тіндерді кесуден бастайды және одан әрі штифтік орын дайындайды. Өзекті дайындауды сағаны ашудан және өзекті кеңейтуден бастаған жөн. Өзекті кеңейтуді рентгенограмманың бақылауымен жүргізу қажет. Түбір өзегін дайындау және штиф ұзындығы мен қалыңдығын анықтау кезінде түбір өзегінің орташа параметрлерін ескерген жөн. Құйылған штифті салмалардың тәжірибеде көбіне алдыңғы тістерге қолданылуына байланысты, Н.Г.Аболмасовтың зерттеу нәтижелері бойынша алдыңғы тістердің түбір ұзындықтарын ескеру керек.

Тіс түбірі өзегін дайындау кезінде қабырғалардың қалыңдығы ескеріледі. Сүйір тістердің қабырғалары бәрінен қалың болады, одан әрі кері тәртіпте – орталық күрек тістер мен бүйірлік күрек тістер. Төменгі жақтағы орталық және бүйірлік күрек тістердің қабырғаларының қалыңдығы бірдей деуге болады. Азу тістер өзегінің қалыңдығы жас ұлғайған сайын қалыңдай береді. Азу тіс өзегінің диаметрінің азаюы шамамен қарама – қарсы екі қабырғаның қалыңдығының үлкеюіне тең. Алдыңғы тістер қабырғасының қалыңырақ бөлігі оральді қабатта.

Өзектің сағасын кеңейткен соң вестибула – оральді бағытта тереңдігі 1,5 – 2 мм және ені 1 – 1,5мм болатын сопақша амортизациялық қуыс жасау керек, бұл құйылған штифті салманың орнығуын жақсартуға мүмкіндік береді және оның ротациясына жол бермейді.

 

68.Тісті,тісқатарын,жақсүйектерді,самай төменгі жақ сүйегі буыындарды тексеру әдістері диагностикасы

 

Тіс қатарын қарағанда тістердің қабысу жайына көңіл аудару қажет. Зақымдалған болса, тіс оңайшылықпен қабыспайды. Мұндайда мұқалу фасеткасы пайда болады. Кезінде Энегель мұны «окклюзиялық» мұқалу деп атаған. Мұның мәнісі – қабысқан тістердің біріне-бірі тиіп, мұқалуы деген сөз.

    Бұдан кейін тіс доғасының жағдайын көру керек. Мұндайда тістің қызыл иегіне, тіс-қалташасына назар аудару өте маңызды. Тіс пародонтын бағалағанда тіс пен оның жалаңаштанған түбірінің арақатынасын сипаттай білу керек. Сырқат адамның қызыл иегі қашып, тіс мойыны ұзарады, демек ұялы бөлігі мүжіледі. Тіске түскен күш оның биомеханикасын өзгертіп, пародонтқа да салмақ түсіреді. Осылайша қызыл иектің ауруға ұшырауы, көбе қалташығының пайда болуы пародонттың және оның қызмет қабілетінің зақымдалғандылығы белгілі. Осының нәтижесінде тістің түбірі босайды.

     Тістердің құрылымын белгілі бір тәртіппен қараған жөн. Әуелі төменгі тістердің сол жағындағы ақыл азудан бастап келесі ақыл азуға қарай, ал жоғарғы тістерді керісінше тексереді. Мына бір жағдай есте болсын тістің бүтіндігі, түрі, көркі, беріктігі, тістің көрініп тұрған бөлігі мен түбірінің арақатынасы, тістің кесу ұштарының жағдайы, бітеменің бар-жоғы, бар болса оның жағдайы түгел ескеріледі.

    Дертті анықтап, диагнозын қою үшін сырқат адамның өз айтқандары, ауыз қуысын тексеріп байқау, бет-әлпетін сыртынан тексеру, тіс-жақ жүйесінің қызметін бақылау нәтижесі, рентген айнасымен байқау арқылы жиналған мағлұматтар негіз болады. Кейбір ауру адамдар шықшыт буынының сықырлауына, ауыратынына, жағын жөндеп аша алмайтындығына, басының ауыратынына, құлағының нашар еститініне шағымданады. Жақ бұлшық еттерінің қызметі төменгі жақ сүйегінің қозғалысына қарай ғана емес, сонымен бірге шайнау жүйесінің зақымдалуына байланысты өзгереді.

    Ауры адамды емдеуден бұрын, алдын-ала адамның өмір тарихымен, отбасы жайымен, дерттің басталу жолдарымен ұқыпты танысу керек. Яғни, оның өмірін, ауруының анамнездерімен толық танысу қажет.

Тістер мен тіс қатарлары күйін бағалау.

    Тіс қатарларын тексеру үшін өткір сүңгі пайдаланады. Бұрыштық сүңгі көмегімен тістердің бүйір беттерінде тіс жегісі ақауларын, тіс мойыншалар аймағында механикалық тітіркенулері жоғары сезімтелдығын анықтауға болады. Сүңгінің көмегімен патологиялық тіс қызыл иек қалташаларының тереңдігі және пародонтоз кезіндегі мойын бөлімінің жалаңаштану дәрежесін анықтайды.

    Тістерді және тіс қатараларын қарағанда қалыпты жағдайдан ауытқуларға көңіл аударады: тіс ауытқулары, пішіндері, көлемі, саны, орналасуы, түбірі мен мойыншасының жалаңаштануы, қызыл иек үсті және қызыл иек асты тіс шөгінділерінің болуы тексеріледі. Сүңгі және тіс айнасы көмегімен тіс жегісі мен зақымдалған және жарақаттанған тістерді айқындайды. Тістердің сыртқы түрін: кіреуке гипоплазиясы, сына тәрізді ақаулардың, тістесу беттернің жоғары қажалғыштығын анықтайды. Тістің түсі бітеме материалдар әсерінен, дәрі – дәрімектік зат, емдік сықпа құралын, кей жағдайда ұлпа некрозы салдарынан өзгеру мүмкін. Жарақаттан кейін ұлпаға қан құйылудан тістің түсі өзгеруі мүмкін. Тістердің қозғалғышытығы пародонтидтің бір белгісі болып саналады. Басқа белгілеріне, қызыл иекті түбір ұшынан қызыл иек жиегіне қарай басқанда қызыл иек қалаталарынан серозды – іріңді бөлінулердің шығуы жатады.

Электромиография. Бұлшық еттердің биопотенциалын тіркеп жазумен жүретін жүйесін зерттеу функциональді әдіс болып табылады. Көп түбірлі тістерді тексергенде электромиографиямен арнайы датчиктермен тері үстілік электродтар қолданылады. Электродтарды зерттейтін бұлшық ет нүктесіне медициналық желімнің көмегімен бекітеді. Бұлшық еттердің күш түсу кезіндегі жиырылуын саусақпен сипау арқылы анықтайды. Электродтар арасындағы ара қашықтық тұрақты болу керек. Бұлшық еттердің физиологиясы тыныштықта, шайнау мен жұтынуы еркін және жақтардың еркін қабысуы кезінде зерттеледі. Анализ кезінде бір шайнау циклы кезіндегі шайнау қозғалысының мөлшерін, бір циклдық ұзақтығын, биоэлектрлік белсенді фазаны және секунд аралығындағы биоэлектрлік тыныштықты, биопотенциалдардың ортасына амплитудасы бойынша анықталады. Берілген әдіс бұлшық еттің қозу және басылу процестері кезіндегі жиырылу икемділігін анықтауға мүмкіндік береді

Мастикациограмма көмегі арқылы – шайнау циклының жұтуға дейінгі ұзақтығын және оның жекелеген кезеңдерін, шайнау қозғалғыштығының мөлшерін, ауыздың ашылу амплитудасын анықтауға болады.

    Мастикоциограмманың анализі кезінде осы параметр арқылы шайнау әрекетінің бұзылысын нақтылауға болады. Мысалы: девитальді циклдың ұзындығы бойынша 14 секундтан қалыпты жағдайда 42-45 секундқа дейін.

    Миография шайнауға қатысатын жекелеген бұлшық еттердің жиырылуын кинографқа жазып алу миография деп аталады, ол арқылы бұлшық еттермен олардың кейбір талшықтарының ойдағыдай жұмыс істемейтіндігін табуға болады.

    Миотонометрия . Миотонометр арқылы шайнауға қатысатын және қимылдайтын бұлшық еттердің кернемесі өлшенеді. Қалыптан ауытқу болса, бұлшық еттердің кернемесі де өзгереді. Мысалы, асқынған тіс жегісі кезінде шайнайтын бұлшық еттердің кернемесі тыныш тұрғанда көтерліп кетеді, сөйтіп ол тістің ауруына себеп болады. Аталмыш аспап байқағышпен граммен межеленген шкаласы бар өлшегіштен құралады.   

    Электромастикациография. Бұл әдіс арқылы бұлшық еттердің биотобының жазбасы мен төменгі жақтың қозғалысының үйлесімі қарастырылады. Бұл тәсілдің көмегімен мастикоциограммадағы жазбалардағы бұлшық еттердің биологиялық потенциялының кеңістіктері айқындалады . Осы тәсілді емдеу әрекеттерінің тиімділігін анықтауға да қолдануға болады.

Томография жақ сүйегінің әр түрлі кінәраттарын зерттеуде өте бағалы. Томограммаларды тістердің асты-үстінен, жан-жағынан, алды-артынан түсіруге болды. Суреттерді 0,5 – 1 см «адым» арқылы қабат-қабат етіп жасайды. Буындардың қабатын зрттеуді сагиттальдық проекциядан бастаған жөн.

    Пантомография. Ол объектпен рентген түтігінің бір мезгілдегі қозғалысын түсіруге негізделген. Суретке түсірлген дене өз осьінде вертикаль бағытта айналады, ал рентген қабаты дөңгелене қозғалады. Осы кезде дененің рентген қабығымен бірдей жылдамдықта қозғалған жерлері ғана түсіріледі. Бұл қабаттар анық көрсетіледі, қалған жерлері бұлдырланады. Пантомография шықшыт буындарының дерттерін тануда және тіс пен жақты кеңінен түсіруге қолданады.

69.Тістің қатты тіндерінің паталогичсын винирмен емдеуге арналған көрсетілімдер

Каким бы тщательным ни был уход за зубами, они все равно на протяжении жизни начинают разрушаться. Образ жизни человека, соблюдение гигиены, состояние иммунной системы играют важную роль в здоровье зубов. Минерализация питьевой воды, употребляемой ежедневно, сказывается на их состоянии. Такие компоненты, как фтор и кальций, при недостатке или избытке портят на только внешний вид зуба, но и влияют на его прочность.

Однако достигнуть идеального баланса в питании, употребляемой воде, ритме жизни, который был бы самым комфортным для сохранения здоровья зубов, нелегко. Поэтому у взрослых часто наблюдаются различные заболевания зубов. Важным является вовремя их диагностировать и устранять для предупреждения осложнений и дальнейших разрушений.

Что такое виниры?

Одним из современных и востребованных способов восстановления зубов является установка виниров. Они представляют собой специальные пластинки, с помощью которых можно реставрировать повреждения. Виниры помогают вернуть натуральный оттенок и форму зуба без применения коронок. Кроме того, качественные пластинки защищают от агрессивных воздействий и придают прочности. Установка проходит не за один раз. При первом посещении подготавливаются зубы, делаются слепки. А также устанавливается временный пластмассовый винир. А примерно через 2 недели после изготовления постоянных виниров проводится их установка.

При изготовлении пластинок производится подбор по цвету и оттенку зубов, поэтому выглядят они совсем естественно. Также в производстве виниров используют различные материалы, такие как диоксид циркония, фарфор, композитные материалы. Готовые слепки бывают разными по прочности и качеству. Но и стоимость некоторых из них не каждому по карману.

Показания к установке виниров

После тщательного осмотра и консультации специалиста может быть назначена реставрация зубов винирами. Она уместна и даже необходима при таких дефектах:

сколы на поверхности;

диастема — значительные промежутки между зубами;

стертая поверхность;

клиновидная форма;

Еще по теме

Срок службы виниров

Что лучше на передние зубы: виниры или коронки

Как долго болят зубы после установки брекетов

Показания и противопоказания к удалению постоянных зубов

Виниры на передние зубы

устаревшие пломбы, которые отличаются по цвету;

нарушения в здоровом цвете зуба (вследствие флюороза, лечения тетрациклином);

последствия корневого канала.

Качественные виниры, правильно установленные квалифицированным специалистом, способны прослужить на протяжении длительного времени. Они не только улучшат внешний вид зубов, но и защитят их от раздражающих воздействий, например, при сколах и стертой поверхности.


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 850; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!