Наукасты ортопедиялык стоматология клиникасында тексеру 10 страница



 

78.Тіс қатарында ішінара ақау болғанда тексеру ереушеліктері,клиника диагностикасы.

Тіс қатарын тексеру белгілі тәртіппен жүргізіледі,төменгі жақ сүйегінде оң және сол жақта бірізділікпен әрбір тіс-бір жақтың ақыл тісінен бастап басқа жақтың аттас тісіне дейін тексеріледі.Жоғары жақ сүйегі тістері солдан оңга қарай қаралады.Әрбір тістің мына бебелгілеріне назар аударады.Орналасуы, пішіні,түсі,қатты тіндердің күйі,тіс орнықтылығы,оның альвеоладан тіс және альвеолаішілік бөліктерінің арақатнасы, тіс қатары окклюзия бетіне қатысты орналасуы, бітемелердің бар болуы олардың күйі.Тістерді тексергенде олардың түйісуін және қарсы тістерге қатысты орналасуын анықтайды,сонымен қатар жабылу тереңдігін анықтайды.Тексеру арқылы окклюзия беті сипатын,оның мүмкін болатын деформациясы туралы алдын-ала ақпарат аламыз.Содан соң тіс доғаларының пішінін анықтаймыз(элипс тәрізді,парабола,трвпеция тәрізді,жабыстәрізді) тістер қатары түйісуі сипаты (тістем)байқалады.Әдетте тістер қабысу күйін анықтау қиын емес.Қиындықтар патологиялық күйлерде:жақ сүйектері сынғанда әсіресе көп жарықшақты сынық болғанда пайда болады.Бұл кезде Энгль окклюзия алаңдары деп аталып кеткен қажау фасеткалары көп көмектеседі.Олар артикуляция кезіндегі тістердің кажалуы нәтижесінде түзіліп,тістем түріне белгілі қатаң тәртіппен орналасады.Пародонтты тексеру кезінде клинткалық әдістер арқылы қарау,саусақпен тексеру зондпен қарау арқылы параклиникалық әдіспен алуға болады.

 

79.Көпіртәрізді протездермен емдеуге арналған көрсетілімдер.

Көпіртәрізді протез-жиі тіс қатарының кіші кетігінде,кей жағдайда орта кетігінде қолданылатын екі жақты тіректі елементтен тұратын және протездің аралық бөлігінен тұратын тіс қатарының ары қарай асқынуын алдын алатын алынбайтын емдік құрылым.Олардың ерекшелігі жасанды тістерден тұратын аралық бөлігінің болуында.Көпіртәрізді протез бір немесе бірнеше тіс ақауында қолданылады.Көпіртәрізді протездермен емдеу көрсеткіштері:

1.Тіс қатарының шектелген кіші және орта ккккетіктерінде:

2.Кеннеди бойынша 3 кл (бүйір бөлікте цш тіске дейінгі жоғалту болғанда) тіс қатарының кетігінде:

3.Кеннеди бойынша 4 кл (алыңғы бөлікте төрт тіске дейін жоғалту болғанда) тіс қатарының кетігінде қолданылады.

 

80.Көпіртәрізді протездің тірек элементтерін және аралық бөлігін таңдау,негіздеу.

Әрбір көпіртектес протезде тіреу элементтерін және аралық бөлігін немесе протез денесін ажыратады.Көпіртәрізді протездің сол арқылы табиғи тістерге бекитін тіреу элементтеріне сауыттар жартылай сауыттар,салмалар,өзекті тістер жатады.Аралық бөлігін жасанды тістер блогы құрайды,ол стандартты болады немесе алдын-ала дайындалған балауызды үлгіден жасалады .Көпір тәрізді протездің аралық бөлігіне қойылатын талаптар:

Тірек бөлігіне қарағанда аралық бөлігі жіңішке болуы тиіс.

Бірнеше тіс болса тістер жекеленіп тұруы қажет.

Протездің тіректік бөлігі мен аралық бөлігі бір сызық бойында орналасуы қажет.

Протез күтімін жақсарту мақсатында оральды беті шайылмалы болуы тиіс,денесі мен альвеола өсіндісінің шырышты қабаты аралығында бос кеңістік болуы керек.

Алдыңгы бөлігі альвеола өсіндісінің шырышты қабатына жанаспалы орналасуы қажет.Тірек тістерді тандауда оның кетікке қатынасты орналасуы,сауытының биіктігі,окклюзиялық беті,пародонт жағайы,тіс каналдарының пломбылануы ескеріледі.Егелген тістерге қойылатын талаптар:

Дұрыс пішін қалыптастыру.

Қатты тіндердің қалыңдығын жасалатын сауытқа байланысты егеу.

 

81.Көпіртәрізді протездің тірек сауыттарын тіске орнату бедерлемені шешу.

Бұл кезеңде дәрігер тірек тістерге арналған сауыттарды шақтап көріп орталық окклюзияны анықтайды және көпіртәрізді протездің аралық бөлігін дайындау үшін сауыттармен бірге қалып алады.Жәнеде сауыт ғаныштан жасалған штампқа артық күшсіз салынып-алынуы керек,ауыт қырлары тістің клиникалық мойнының контурына сай келуі сауыттың үшкір қырлары болмауы керек.Сауытты тірек тістерге шақтап көргенде ол орнына күшсіз отыруы тиіс.Қызыл иекке жанасып тұрған бөлігінің қырлары үшкір болмауы керек.Дұрыс шақталған сауыт келесі клиникалық талаптарға сай болуы керек:

1.Тістің мойын бөлігін толық жабуы:

2.Қызылиек астына кем дегенде 0,1 мм батып тұруы керек;

3.Көрші тістермен жанасуы керек;

4.Орталық окклюзия жағдайында антагонист тістермен түйісуі керек.;

5.Төменгі жақ сүйектің барлық бағыттағы қозғалысына кедергі жасамауы керек;

6.Сауыттар анатомиялық пішінге сай және бір-біріне параллель болуы тиіс;

Протезді тірек тіске орнатқаннан кейін окклюзияны тагыда бір тексереді.Тістемге кедергі келтіретін нүктелерінде металды егеп түзетеді.Егер науқас ыңгайсыздық сезімін сезінсе протезді ауыз қуысында уақытша жасанды дентинмен 1-2 күнге қалдырады.

Егер ақау орны үлкен болса бірнешеу болса онда орталық окклюзияны балауызды тістемді біліктермен анықтайды.Шақтап болғаннан кейін сауытпен бірге көпір тәрізді протездің аралық бөлігі үшін қалып алады.Тірек сауыттарын тістерден алып қалыпқа қоямыз,кейіннен техникалық зертханаға жібереміз.

 

82.Көпір тәрізді протезді салу және орнату,бекіту.Сапа критерий.

Протезді цементке бекіту үшін металды сауытты және тірек тістерді спиртпен,эфирмен өндеп жылы ауамен кептіреді.Көпіртәрізді протезді бекіту үшін цементті қаймақ тәрізді консистенцияға дейін араластырады.Және сауытты цементпен толтырады.Тірек тістерді мақтамен сілекейден оқшаулап протезді орналастырып цемент қатқанша сілекей тимеуі керек.Қазіргі замандағы қондырғыларға сілекей сорғыш қолданылады.Кейін цементтің артық бөлігін алып тастайды.Науқасқа 2 сағат көлемінде тағам қабылдамауға кеңес беріледі.Сауыттың астындағы артық цеменнттің шықпауынан тістемнің биіктеуі болады .Сауыттың цементтйң еріп кетуі сілекей түскендіктен пайда бболадыЕгерде тірек тістерді сілекйден оқшаулап және көпіртәрізді протезді тез отырғызса бұндай қателіктер болмайды.Көпір тәрізді протезді бекіту кезіндегі ең көп кездесетін қиындықтар ол тістемнің биік болуы және тіректік конструкциялардың шайылып ккетуіЕгер көпіртәрізді протезді бекіткеннен кейін тістем биік болса онда протезді тез арада қайтадан алып жоғарыда аталған іс-әрекетті қайталау керек.

 

83.Тіс қатарының ақауын пластмасса,металлопластмасса,металлокерамика,фарфор,цельноит көпіртәрізді протездермен емдеудің ерекшеліктері.

1.Пластмассалы көпіртәрізді протез тіс доғасының алдыңғы және бүйір бөліктерінің аз ақауларында қолдануға болады.Оларды алдыңғы топ тістерінің қатты тіндерінің қатты тіндерінің патологиялық өзгерістері ,депульпация,жарақат,орналасуы мен пішінінің ақаулары болса қалпына келтіруші әдіс ретінде қолданады.Артықшылығы протездің жақсы эстетикалық қасиеті,және дайындау технологиясының қарапайымдылығы.Тек бір зертханалық кезең қажет етеді,бірақ беріктігі төмен.Тірек тістер кертпемен және кертпесіз егеледі.Олар цилиндр пішінді болу керек және кесу қырына қарай аздап конус тәрізді болады.Екі қабатты қалып алынады.

2.Металл-пластмассалық сауыттың құйылған қаңқасы штампталғанға қарағанда неғұрлым қатты болып келеді.Метал-керамикалық сауыттардан айырмашылығы пластмассаны метал қаңқаға негізінен вестибула жағынан жағады.Екі қабатты сликон не басқа массалар көмегімен алады.Тісті әдетте бүйірлік беттерінен бастап арнайы бұрғымен егейді.Кейін жұмыр не алмас жағылған ұштармен ауыз сырты ауыз іші не окклюзия беттерін егейді.

3.Металл-керамикалық көпіртәрізді протезді дайындау бірнеше клиникалық іс әрекеттерден тұрады.Бұ кезде екі қабатты қалып алынады.Тірек тістерді егеп кертпе жасалады.Конус пішінін береміз.Және тірек тістерді егеудің өзіндік ерекшеліктері бар.Бұл кезде тістің қатты тіндері көп мөлшерде егеледі.1,5-2 мм дейін,егеу үшін тірек тістерді жансыздандырып алу керек.

4.Фарфордың қасиеті пластмассаға қарағанда жоғары дәрежеде.Сыртқы түрі табиғи тіске жақсы ұқсайды.Бірақ антагонист тістермен жанасқанда дыбыс сақылдап шығады.Және пішінін сақтайды баяу тозады.Тегістеу мен жылтырату қиын.

 

84.Тірек тістерді қыздыру ерекшеліктері.Әзірлеудің клиникалық кезеңдері.

Тістің қатты тіндерін егеу технологиясы емдеу әдістерін таңдау және тіс протезінің құрылымдық ерекшеліктерімен анықталады.Жәнеде тістің әртүрлі топтарындағы ұлпалық қуыстың орналасуының топографиялық ерекшеліктерін білуді қажет етіп науқастың жас мөлшеріне,тіс қатарының окклюзиялық ерекшеліктеріне,абразивті борлардың олардың функционалдық бағыттарының,кескіш құралдардың айналу жылдамдығына,егелетін тіске түсірілетін қысымға ,суыту сапасына тәуелді.Тіс егеу кейде кіреуке-дентинге отіп кететін шағын жарақатты сызықтар түріндегі кіреуке қурылымындағы өзгерістерге әкеп соқтырады.Бұл кішкене сызықтар кіреуке призмасының бағытына сәйкес ұзын және кіреуке призмасын бөлетіндей қиғаш болуы мүмкін.Тістің вестибулярлы және оральды беттерін егеген кезде кескіш шетке қараймойын тұсынан немесе шайнау бетінен бастаған дұрыс.Абразивті әсердің векторы егеу бағытына сәйкес болуы шарт.Кіші немесе үлкен азу тістердің шайнау бетін егеуді төмпешіктен фиссураға қарай,сауыттың бүйір бетінен тіс осының ортасына қарай жүргізу керек.

85.Тістер ішінара болмағанда ішінара пластика протездермен емдеуге арналған көрсетілімдер.

 Пластинка протездер-дегеніміз,тіс қатарларының ақауларын алынбайтын көпіртәрізді протезбен қалпына келтіруге болмайтын кезде қолданылатын,пластмассадан немесе темірден жасалған пластинка тәрізді базисіне әртүрлі бекіту элементтері мен жасанды тістер бекітілген тіс протезі.Көрсетілімдер:

1.Көпіртәрізді протезді қоюға мүмкін болмағанда;

2.Тірек тістер 2 ші дәрежелі қозғалыста болғанда;

3.Тірек тістер жеткіліксіз болғанда;

4.Тірек тістер алшақ болғанда

 

86.Конструкциялық элементтер,тағайындалуы,олардың сипаттамасы, ішінара пластика протезді әзірлеудің клиникалық зертханалық кезеңі.Конструкциялық таңдау;

1.Тіс қатары ақауларының орны мен көлеміне;

2.Сақталған тістер санына;

3.Олардың қатты тіндері мен пародонт жжағдайына;

4.Анатомиялық ретенция элементтерінің сақталуына;

5.Және тістем түріне байланысты болады;

Элементтері;

1.Протез негізі,базисы-протезді бекітуге арналған тетіктер мен жасанды тістер бекітілетін,протез алаңының бедерін қайталайтын пластмассадан немесе металдан жасалған пластинка.

2.протезді ұстап тұратын тетіктер,яғни кламмерлер-протезді ұстап тұру үшін.

3.Жасанды тістер.

Клиникалық зертханалық кезеңдері;

1.Осмотр.

2.Диагноз.

3.Протез конструкциясын жоспарлау,тірек тістердің параллельдігін анықтап қалып алып зертханаға жібереміз.Зертханада қалыптық өлшемді қарапайым гипстен ғаныштаймыз.Содан соң қалыптық өлшемді гипстік модельден ажыратамыз.Қарандашпен шекарасын сызып аламыз.Пластинкалы балауызбен протездің шекарасы сызылған жерді мүсіндеп аламыз.Артылған балауыздан екі тірек тістің арасына тірек тістің биіктігімен бірдей етіп подушка жасап клиникаға жібереміз.Клиникада орталық окклюзияда тістем биіктігін анықтаймыз.Антрометриялық өлшем арқылы мұрын мен иектің арасын өлшеп аламыз.Балауызды мүсінді ауыз қуысында шақтап көреміз.Одан кейін зертханада балауыздық мүсінді окклюдаторға орнатамыз,орталық окклюзияға сүйеніп подушканы алып тастап жасанды тістерді қоямыз,және тірек тістерге кламмер орнатамыз.

Клиникада балауызды ауыз қуысында шақтап көреміз.Және ертханаға жіберіп балауызды кювейтаға көшіреміз,екінші бөлігін жауып престейміз.Ыстық суда 20 мин қайнатамыз,және балғамен оны ашып кептіріп ажыратқыш жағамыз.Полимеризация жасаймыз.Ол үшін кювейтаға полимерді толтырып престейміз.Бөлме температурасында оны суға салып 45 мин қайнатамыз.Сосын кювейтаны ашып суытамыз және балғамен оны ашамыз.Ж.А.С пластинкалы протезді аламыз,образивті борлармен өндеп артық пластмассаны алып тастаймыз.1 ші зымпыра қагазбен тегістеп полировка жасаймыз.Хлоргексидин суында өңдеп клиникаға жібереміз.Клиникада ауызға шақтап коррекция жасаймыз.Және кигізіп береміз.

 

87-92Антагонист тістер болғанда орталык окклюзияны аныктау және бекіту.

. Антропометрия әдісімен немесе басқада әдістермен орталық окклюзия анықталады.Жақтарда кемінде бір жұп қарама қарыс тістер болса, окклюзиялық шаблонды балауыздармен тістетіліп,орталық окклюзия анықталады.

4. Балауыздан дайындалған протезді шаблоныдағы біліктерді электрошпателде жұмсартып, антогонист тістермен орталық окклюзияда тістетіледі. Шаблонда жоғарғы және төменгі ерін үзенгісі түзу сызықпен біріктіріледі, фонтал тістердің шегарасы мұрын қанаттарының шегарасымен сызылады, күлкі сызықтарының (линия улыбки) шегарасы көз қарашықтарына негізделіп сызылады. Балауыздан дайындалған протездің шаблоны зертханаға жіберіледі.

Зертханалық кезең:

4. . Балауыздан дайындалған протездің шаблонын окклюдаторға орнатады.

5. Шаблоныдағы біліктерді электрошпателде ажыратып, олардың орнына жасанды тістер теріледі. Тірек тістермен жанасқан бөлігіне кламмер орнатады.

6. кювейтаға қаймақ тәрізді гипс құйылады, балауызды шаблонды жартысынашейін гипспен ғаныштайды. Ол қатқаннан соң, суға салып алынады, үстіне гипстің екінші қабаты құйылады. Кюветаның бетін жауып, престеледі, оның қатуын 15 минут күтіледі.

7. Кюветаны преспен қосып ыстық суда 20 минут қайнатады.

8. Кюветаны техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрып кюеталарды ашылады. Ондағы қалдық балауызды ыстық су құйып, ерітіп жұып жіберіледі.

9. Кюветадағы балауыздың орнына яғни гипстегі қуысқа ажратқыш жағамыз( изакол), 15 минут қатуы күтіледі.

10. Залалсыздандырылған шыны ыдыс алып, ішіне мономер сүйықтығы құйылады, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағын қосылады, үстін жауып қойылады. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда онымен кювейтадағы гипстік құыс толтырылады. Кювейтаның екінші бөлегін жауып, преске қысылады.

11.Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кювейтаны салып қайнатылады, ( пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды.Қайнау уақты жеткенде, кювейтаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытылады.

12. Кюветаны престен шығарып,техник балғасымен жанынан жайлап ұрып,кювейталар ажыратылады. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протездің артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып алынады(ұқыптылықпен).

88.Ішінара пластика протездін конструкциясын тексеру.

 


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 1251; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!