Наукасты ортопедиялык стоматология клиникасында тексеру 7 страница



Көптеген авторлар тістердің шайнау тиімділігін анықтаудың тұрақты шамаларын орнату мәселесін шешуде.Осы мақсатпен ғалымдар шаунау қысымын өлшеудің салыстырмалы әдістемесін қолданды.Өлшем бірлігі ретінде,әң әлсіз тістің,яғни бүйірлік күрек тісінің қысымын алып,олар басқа тістердің шайнау қысымын осы шамамен салыстырады.Бұл кезде константалар-тұрақты шамалар алынады.Авторлар өз әдісінде осы тістің анатомиялық –топографиялық ерекшеліктерін-шайнау және кесу бетінің шамасын,түбірлер санының,осы түбірлердің қалыңдығы мен ұзындығын,төбешіктер санын,мойынның көлденең қимасын,тістер орынының төменгі жақ сүйегі бұрышынан қашықтығын,пародонттың анатомиялық-физиологиялық өзекшелігін және т.б ескерді.

Н.И.Агапов барлық шайнау аппаратының шайнау тиімділігін 100 пайыз деп қабылдап,әрбір тістің шайнау қысымын пайызбен есептеді.Ол қалған тістердің шайнау коэффиценттерің қосу арқылы шайнау тиімділігін анықтады.

Шайнау аппаратының бұзылуы турала дерек алу үшін әдетте тістердің санын анықтайды.Бұл бұрыс әдіс,себебі мәселе тіс санында емес,олардың шайнау құндылығында,шайнау қызметінің маңыздылығында.

Тістердің шайнау коэффицентерінің кестесі тістер санын ғана емес,сонымен бірге белгілі дәрежеде шайнау коэффицентін көрсетеді.Алайда бұл әдістемені түзету қажет.Мұндай түзетімді Агапов кейінгі зерттеулерде енгізді.Тіс жақ жүйесінің шайнау тиімділігін есептегенде қарама-қарсы тістерге ие тістер ғана ескеріледі.Қарама-қарсы тістерә жоқ тістер шайнау мүшесі ретінде мүлде маңызды айырылған.Сондықтан тістердің жалпы саны емес артикуляцияға түсетін жұбының саны есептеледі.

 Аталған түзетім өте маңызды,оны қолдану мүлде басқа деректерді береді.Түзетімсіз шайнау тиімділігін 50пайызға тең,ал Н.И.Агаповтың түзетуімен шайнау тиімділігі «О» құрайды,себебі науқаста қарама-қарсы тістердің бірде-бір жұбы жоқ.

И.М.Оксман жоғарғы жіне төменгі жақ сүйектердің жоғалтөан тістері үшін мынандай шайнау коэффиценттерін ұсынады.

И.М.Оксман жоғалған тістердің қызметтік құндылығы мен қатар қалған тістердің қызметін ескеру қажет.Қызметтік күй тіс қозғалғыштығы бойынша бағаланады. Бірінші дәрежелі патологиялы қозғалтқыш тістер қалыпты деп есептеледі, екінші дәрежеде 50% шайнау құндылығына ие тіс болып табылады, патологиялық қозғалғыштығы үшінші дәрежелі тістер, жіті периодонтитті бар көп түрлі тістер жоқ тістерсанатына кіреді. Тіс жегінен зақымданған, бітеуге келетін тіс толыққанды деп табылады.

Н.И.Агапов бойынша бір жақ сүйегінде бір тістің болмауы екі тістің жоқ болуына теңеседі (аталған тіс және аттас қарама-қарсы тіс).

Осы жайды ескеріп, И.М.Оксман жазуды бөлшек түрінде жазуды ұсынды: алымында – жоғарғы жақ сүйегінде шайнау тиімділігінің жоғалуын белгілейтін цифр жазылады, ал бөлгішінде – төменгі жақ сүйегіндегі шайнау тиімділігін жоғалуын белгілейтін цифр қойылады. Қызметтік құндылықты осылай белгілеу протездеу келешегі және нәтижесі жөнінде дұрыс түсінік береді. Шайнау тиімділігін И.М.Оксман бойынша есептеу Н.И.Агапов әдісіне қарағанда ыңғайлы, себебі дәрігер тіс жақ сүйегі жүйесі туралы толығырақ түсінік алады.

 

60 сұрақ. Жақтар мен тістердің рентгенографиясы, тістерді протездеудегі маңызы.

Тіс – жақ сүйегі жүйесі мүшелерінің рентгенографиясы – кең тараған зерттеу әдістерінің бірі. Себебі ол қолжетерлік, қарапайым және оның көмегімен сауыт пен түбірдің қатты тіндері туралы, ауыз қуысы, түбір өзектері мен ерекшеліктері жөнінде құнды мәлімет алуға болады. Периодонт саңылауының ені және сипаты, ұяшық қабырғасының тұтас табақшасының және альвеола бөлігінің кеуек затының күйін анықтауға көмектеседі. Рентгенограммада тірек тістердің және ығысуға тиісті тістердің түбірлерінің пішіні, бағыты және орналасуы анықталады. Сүт тістерінің түбірлерінің сорылу дәрежесі тұрақты тістердің алғашқы ұрығының бар болуы және орналасуы, тістің туа болмауы, шыға алмаған және комплекстен тыс тістер тексеріледі.

Шықшыт буыны элементтерінің пішінін, құрылымын және өзара қатысын зерттеу үшін шолу және қабатпен түсіретін рентгенографияны (томографияны, зонографияны) пайдаланады. Шықшыт буынын артография әдісімен буын саңылауына қарама - қарсы затты енгізіп, кейін рентгенографияға түсіру арқылы зерделеуге болады.

Төменгі жақ сүйек бастарының қимылын рентгеокинематография көмегімен қарастырады. Аталған әдістерден басқа артопедиялық стомотологияда нысанды, панорамалы суреттер, артопанотомограммалар, телерентгенограммалар, радиовизиография деректері пайдаланылады.

 

61 сұрақ. Тісті, тіс қатарын, жақ сүйектерді, самай – төменгі жақ сүйегі буындарды тексеру әдістері, диагностикасы.

Шықшыт буыны күйінің сипаттау қызметі сынама өткізу кезіндегі буын басының қозғалыс жолын тіркеу арқылы іске асады.

Механоартрография – шайнау үдерісіндегі буын басының сомалы айналу - сырғу қозғалыстарының графикалық бейнесі. Бұл әдістеме шықшыт буынының шайнау аппаратын емдеуге қатысты қызметтік күйін зерделеу үшін қажет.

 Мастикациография – төменгі жақ сүйек шайнау қимылдарының графикалық бейнесін түсіру. Төменгі жақ сүйегі қозғалысын ауыздан тыс не ауыз ішінде жазуға болады. Ол үшін түрлі аппараттармен құрылғылар пайдаланылады.

Төменгі жақ сүйегінің қозғалысын алғаш 1907 жылы Н.И.Красногрский жазған. Бұл кезде ауызды ашу – жабу сәттері және жұтыну акті ғана тіркелді. Жазба ауыздан тыс жолмен ауа тасымалы арқылы кимографта іске асырылды. Бүйірлік күрек тістері бұрышының (Готикалық бұрыштың) ауыздан тыс жазбасын алғаш А.Gysy (1908) қолданды. Ол үшін жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтаған соң жоғарғы балауыз білік орталығында окклюзия жазықтық қалыптастырылады, штифт бекітіледі, ол жоғарғы ерін шегінен шығып, одан төмен орналасады. Ал төменгі жақ сүйегіне жұқалап балауыз жағылған метал алаң орнатылады. Төменгі жақ сүйегі қозғалысының нәтижесінде табақшада бағыттар сызыла бастайды.

Төменгі жақ сүйегінің тік қозғалысын ауыздан тыс жазу үшін С.Рабинович және И.И.Воробьев (1935) механикалық құрылғы ұсынды. Төменгі жақ сүйегі қозғалыс блоктар жүйесі арқылы рычагқа беріліп, рычаг-кимограф лентасына үздіксіз қисық сызықты сызып шығады. Бұл әдіс кең тарамады. Себебі тістер қатарына шендеуіш салуды талап етті, ал шендеуіш науқасты шайнаудың табиғи жағдайынан айырумен қатар, тістердің міндетті түрде болуын қажет қылды.

 

62 сұрақ. Ауыз қуысының кілегей қабығын, тіс – жақ жүйесінің бұлшықеттерін тексеру әдістері.

Ауыз қуысы шырышты қабығы – ағза айнасы. Оның күйі ағзада өтіп жатқан жасырын патологиялық үдерістерін көрсетеді. Шырышты қабық – қуатты иммундық тосқауыл, ол ағзаны жұқпалы аурудан қорғайды, қан түзуге және асқорытуға қатысады. Ол өте сезімтал. Онда жылулық, ауырсыну, сезіну, дәм рецепторлары бар, олардың көмегімен асты механикалық және химиялық өңдеудің дәрежесі бақылауға алынады. Маңызды асқорыту рефлекстерінің пайда болуы, асқорыту жолының іс – әрекетінің бастамасы тексеріледі. Сол себепті, әсіресе ортопедиялық стомотологияда ауыз қуысы шырышты қабығының қызметін білген өте маңызды, көп тістен айырылғанда дайындалатын тіс протездері шырышты қабықты тірек қалады.3

Ал бұл тура қысым қабылдауға бейімделмеген. Міне, ортопедтер міндеті – шырышты қабыққа түсетін шайнау қысымын азайту. Ол үшін қысымды барлық протез орналасатын орынға бірдей тарату керек. Бірақ бұл қиын іс, себебі жақ сүйектерін жабатын шырышты түрлі учаскелерде түрлі қалыңдықпен батымдылыққа ие. (0,3-4мм аралығында, М.А.Соломонов бойынша (1960) В.И.Кулаженко бойынша (1966); қабықтың ауруға сезімталдығы да әркелкі (1мм2 – 4-тен 75 грам аралығында), Д.Еганова бойынша (1968) Е.С.Ирошникова бойынша (1968). Зерттеушілердің көбі (әсіресе ортопедиялық стомотологияда) шырышты қабықтың қызметтік күйін батымдылық дәрежесіне қарай (Кулаженко В.И., 1955;Соломонов М.А. 1960) не ауруға сезімталдық шегіне қарай бағалайды (Ирошников Е.С., 1968). Ол үшін арнайы құралдар қолданады.

 

63 сұрақ. Ортопедиялық стомотология клиникасында тексерудің қосымша әдістері.

Ол үшін «Периотест» үстел үсті құралын пайдаланады, ол цифрлік мәні бар электронды таблодан, басқару пультінен, тістердің сыртқы бетіне орналастыруға арналған сайманнан тұрады. Тіске берілетін тұрақты импульстар нәтижелері электронды таблоға жазылады. Осылай алынған амортизация қозғалғыштық эквивалент тістер қозғалғышты дәрежесін бағалауға негіз болады. Мұнда алынған мәндерді қайта есептеудің белгілі дағдысы қажет (ол үшін тіс түбірі өлшемін, периодонт саңылауы және тіс альвеоласының күйін ескереді). «Периотест» имплантат қозғалғыштығын анықтауда жақсы нәтижелер көрсетеді, мұның өзі амортизация бойынша остеоинтеграция жөнінде білуге мүмкіндік береді. Қолмен тексеру әдістемесіне қарағанда, электронды әдіс неғұрлым тура нәтижелер береді деп есептеледі.

 Электроодонтометрия (ЭОМ) – ұлпа және периодонт күйін ұлпаның электроқозғыштығын анықтау жолымен зерттеу үшін пайдаланады. Арнайы тестілеу құралының белсенді электроды электр тогымен ұлпаға әсер етеді. Мұнда ток күші біртіндеп бірінші жағымсыз сезім не ауырсыну пайда болғанша артып тұрады. Сау ұлпаның қозу шегі 2-6 мкА, қабынған ұлпаныкі 20-40 мкА. Сауыт ұлпасының некрозында ішегі 60мкА-ге жетеді, түбір ұлпасы ыдырағанда одан сайын артып, 60-90 мкА болады. Ұш периодонтитінде шек 100-120 мкА – ға дейін барады. Әдіс жоғары қажалуда сына тәрізді кемістікте, тісті өңдегеннен кейін пайдаланады.

Реография. Тамырларға қан толуының пульстік тербелістерінің тіндердің электрлік қарсыласуы өзгерістерін графикалық тіркеу жолымен зерттеуге арналған. Кең тарағаны – реопародонтография – пародонт тіндердің реографиясы. Аталған әдіс пародонт патологиясын анықтауға, емдеу тиімділігін бағалауға. Альвеола бөлігінің реографиясы көбіне импланттаттау операциядан кейінгі жайды бақылағанда протездеу мерзімін анықтау үшін пайдаланды.

Электромиография, миотонометрия. Электромиографияны тістерді жартылай не толық жоғалтқан жағдайдағы шайнау бұлшықеттерінің қызметін зерттегенде, шықшыт буыны және шайнау бұлшықеттері ауруларында, тіс – жақ сүйегі ауытқуларында қолданады. Бұл әдіс ортопедиялық емдеуден кейінгі бұлшықет қызметінің өзгеруін анықтауға да көмектеседі.

Шайнау тиімділігі шайнау бұлшықеттерінің күші мен өзара әрекетіне тікелей тәуелді, аталған бұлшықеттің қызметтік бағасы биоэлектр белсенділігінің, қысқару реакциясымен (көлемнің өзгеруімен) және бұлшықет тонусымен (қысымға қарсыласу дәрежесімен) сипатталады. Ол үшін зерттеудің мынадай қызметтік әдістері қолданылады: электромиография, механомиография, миотонометрия.

 

64 сұрақ. Тіс – жақ жүйесінің ауруларын ортопедиялық стомотология клиникасында емдеу әдістері.

Кейбір жағдайда болмаса, көбінесе, барлық науқастар протездеу алдында ауыз қуысының түрлі ауруларын емдеуді қажет етеді. Алдын ала жүргізілген емдеу шараларының жоспарының қалай жүргізілгеніне байланысты протездеу жұмысының нәтижесі де соған байланысты. Ең үздік материалдар мен керемет технологияны қолдана отырып, соңғы құрылымдағы заманауи протездерді қоюға болады. Бірақ осының өзінде, егер науқас емге дұрыс әзірленбеген болса, қажетті нәтижеге қол жеткізбеуге болады. Бұл протездеудің кейінгі нәтижелеріне де әсер етуі мүмкін. Осыған сәйкес, алдын ала емдеу жұмыстарын ортопедиялық емнің сәтті аяқталуына жол бастайтын маңызды бастапқы кезең деп қарастырған жөн.

Протездеу кезінде алдын ала емдеу шаралары жалпы сауықтыру және арнайы шаралардан тұрады. Біріншісіне ауыз қуысын сауықтыру жатады: тістің тастарын тазалау, шырышты қабық, тіс жегі,пульпит,периодонтит ауруларын емдеу,емдеуге келмейтін тіс пен оның түбірлерің жұлу.Ауыз қуысын сауықтырғаннан кейінбірден алдағы протездеу сипатына негізделгене қатаң көрсетімдер бойынша арнайы шаралар жүргізіледі.Мысалы,тіс қатарының ақауларын көпір тәрізді протезбен протездеу кезінде өтегеле қатпарды өзгертетін тыртықтарды алудың қажеті жоқ.Алмалы-салмалы протез құрылымымен протездеу кезінде олар базис шетінің дұрыс орналасуына кедергі келтіреді де,протездерге бейімделуді нашарлататындықтан,оларды жедел түрде кетіруге тура келеді.

Протездеу алдында жүргізілген арнайы іс-шаралардың бірнеше мақсаты болады:протездеуге қатысты процедуралардың жүруін жеңілдетеді,окклюзиялық беттің бұзылысын жояды,онсыз кейде ұтымды протездеу мүмкін емес,протезді бекіті үшін жағдай жасайды (ауыз қуысының кіре берісі,тыртықтарды және ауыз қуысының тартпаларын жою,қатты таңдай ақауларын жабу т.бб).

Протездеу алдындағы арнайы шаралар терапиялық,хирургиялық және ортопедиялық амалдардан тұрады.Оларға сау тістерді депульпациялау немесе оларды ерекше көрсеткіштер бойынша жұлу,протез орнын қажайтын тыртықтарды кесіп алу,ауыз қуысының кіре берісін тереңдету,экзоосдарды алып тастау,окклюзиялық беттегі өзгерістерді жөндеу,бістем ауытқуларын жөндеу,альвеолалық қарын жамау сүйекасты үстін немесе жақсүйек ішін металды немесе кермикалық тіреп-ұстайтын қаңқамен және т.бб. имплантациялау жатады.

 

65сұрақ. Тістің клиникалық сауытының ішінара бұзылуы, клиникасы, диагностикасы, емі.

Орнынан қозғалып кеткен тістерді қысқарту тіс қатарының окклюзиялық бетін жөндеу әдістерінің ішінде ең жиі қолданылатын әдістердің бірі болып табылады.Оның көрсеткіші-ортодониялық әдістің деформациясын жою мүмкін еместігі.Тістерді қысқарту дәрежесі туралы мәселені шешу үшін тістемді арттыру кезінде де,арикуляторда дәнекерленген диагоностикалық модельді зерттеу дұрыс.

Бұл әдісті ұлпаны жоюмен,яғни,девитализациямен немесе ұлпаны жоймай-ақ қолдануға болады.Депульпациясыз егеу жансыздандыру арқылы көбіне егде жастағы адамдарға жасалады.Бұл екеншілік дентиннің қалып қалуымен қатты тіндердің үлкен қалыңдығымен түсіндіріледі.Өйткені бұл жаста периодонт тарапынан пайда болған асқынулар сирей түседі.


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 1462; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!