Пластмасса сауытты дайындау технологиясы



- қалып бойынша берік ғаныштан модель құйылады;

- жұмыс моделінің сапасын бағалаған соң, тістің анатомиялық қалыбын түссіз балауызбен мүсіндейді ;

- балауыз көшірмесі бартірек тісті қатар тұрған тістермен бірге блок ретінде кесіп алады ;

- ғаныш блоктар кюветаға ғанышталады, қайнаған суда балауызды қайнатып алады;

- түсіне қарай пластмассаны илейді, кюветаға салады, қайнатады;

- пластмасс сауытты кюветадан алады, өңдейді, тегістейді, қайнатады.

Стоматолог- ортопедтің екінші клиникалық кезеңдегі жұмысы мынадай әрекеттерден тұрады:

1. Дайындалған сауытты ауыз қуысынан тыс тексеру

2. Тіс протезін дәрі –дәрмекпен өңдеу

3. Сауытты ауыз қуысында тіске кигізіп көру

4. Протезді соңғы бекітуге дайындау

5. Тіс протезін бекіту алдында дәрі-дәрмекпен өңдеу

6. полимерлі алынбайтын протезді бекітетін материалды таңдау

7. Егелген тіс тұқылын дәрі-дәрмекпен өңдеу

8. Бекіту үдерісі және бекітуден кейін өңдеу

9. Науқасқа нұсқау беру

Жылтырату сапасына аса назар аудару керек. Жақсы жылтыратылған бетте ас қалдықтары қалмайды, тіс қағы аз түзіледі, жақсы тазаланады. Кигізіп көрместен бұрын протезді дәрі-дәрмекпен өңдеу қажет.

Сауытты кигізіп көру- Сауытты ауыз қуысында тісте тексеріп, барлық клиникалық талаптарға сайкестендіру.

Полимер сауытты егелген тіс тұқылына күштеп кигізуге болмайды, сынп кетуі мүмкін. Сауыт тіске еркін киілмесе, бұрғымен оның ішкі бетіндегі ғаныш қалдықтарын, кедір-бұдырын кетіреді. Сауыттын киілуіне кедергі болған орындар анықталып, оларды да бұрғымен кетіпеді. Оны анықтау үшін көшірме қағаз не ішкі қалып алуды пайдаланады. Пластмасса сайытты тіске толық салған соң ішкі бетті өздігінен қататын пластмасса көмегімен түзеткен жөн.

22) Протез салу, сапа критерийлері бағалау, емдеу болжамы. Науқасқа кеңес беру. Науқас протезге бейімдеу.

Протезді енгізу жолдары-протездің кламмерлі элементтерінің тірек тістерімен протез орнының тіндеріне дейін бастапқы жақындасу кезіндегі жылжыу, бұдан кейін окклюзиялық бастырмалап өз орындарына орналасады, ал негізгі базис портез орнына дәл түседі.

Жасанды тістер-пластмассалы, фарфордан, металл қопадан жасалған жасанды тістер.

Жасанды тістер тіс қатарының кемтігін толтырады және шайнау қызметін, эстетикасын қалыпқа келтіреді.

Протезді шығару-оның кері бағыттағы қозғалысы, яғни базис негізі протез орнының шырышты қабатынан алудан басталып, тірек тіс және бекіту элементерінің тірек тістермен қатынасының толық аяқталуымен бітеді.

Кламмерлердің серпімді ретенциялық аумақта орналасқаны жөн, керісінше кламмерлердің қатты тірек элементері тек тірек аумағында орналасады.

Диогностикалық процесс бір – бірімен байланысқан дәрігердің жұмысымен тығыз байланысты келесі кезңдерден тұрады:

9. Субъективті симптомдарды анықтау (шағым)

 

10. Әр түрлі тексеру әдістерін қолдана отырып объективті симптомдарды анықтау.

 

11. Зертханалық және ауруханалық тексеру әдістерін қолдана отырып морфологиялық өзгерістерді анықтау.

12.  Зертханалық тексеру нәтижесі арқылы функциональды бұзылыстарды анықтау.

 

13. Аурудың нозологиялық түрін анықтау.

 

14. Ауруды тудыратын этиологилық факторларды ашу.

 

15. Науқас ауруының ағымын және патогенезін анықтау.

 

16. Болжам.

Диогностика - бұл клиникалық медицинада, соның ішінде ортопедиялық стматологияда ең күрделі бөлімдердің біріне жатады. Әр түрлі тексерістердің нәтижелерінің көмегімен аурудың симптомдарын анықтауға болады, аурудың этиологиясын, патогенезін, клиникалық және патология ауытқуларды біле отырып, дұрыс диагностика жүргізуге

болады. Дәрігер белгілі бір реттілікпен жиналған фактлерді синтездеу үшін жекелеген симтомдарды жинайды және оны анализден өткізеді. Симтомдардың дұрысытығын дәлелдейтін әр түрлі тексерістердің нәтижесін алғаннан кейін оларды белгілі аурулардың симтоматикасымен салыстырады да бір немесе бірнеше гипотеза ұсынады. Диагноз қою барысында жұмысшы гипотезалар бірнешеу болуы мүмкін. Олардың барлығы әсіресе күрделі клиникалық жағдайларда жақсылап тексерілгені жөн, дәрігер қателік жіберіп алмауы үшін. Бір аурудың диагнозын екінші аурудың диагнозымен шатастырып алмауы үшін, науқас бірнеше аурумен ауруы мүмкін, сондықтан да негізгі аурудың асқынуларына дұрыс диагноз қою қажет. Гипотезеларды тексеру міндетті түрде салыстырмалы диагнозды жүргізуді талап етеді.

 

Сондықтан да, диагнозда қалыптастыру реттілігі былай болады: біріншіден, аурудың себебіне мінездеме беру, оның этиологиясын және патогенезін анықтау; екіншіден, аурудың патологоанатомиялық негізіне түсініктеме беріп, оның орналасу жерін анықтау; үшіншіден, функциональды бұзылыстардың дәрежесін және түрін көрсету; төртіншіден, аурудың түрі мен ағым ерекшеліктерін нақтылау. Барлық қойылған сұраққа жауап беретіндей етіп диагнозды құрау әрқашанда мүмкіндік тудырмайды. Мысалы, прогения жағдайында оның түрі (нақты, жалған), қызметінің бұзылуы анықталады, бірақта оның пайда болу себебін анықтау қиын.

 

Ортопедиялық стоматологияда диагноз қою салдары:

5. Ашық тістесу (мешел түрі) барлық алдыңғы тістердің арасы ашық, шайнау және сөйлеу қызметі бұзылған, макроглоссия. Бұл жағдайда диагноз клиникалық талаптарға толық жауап береді, өйткені ашық тістесудің себебін көрсетеді (мешел), бұзылыстардың орнын (алдыңғы тістер), қызметінің бұзылыстарын көрсетеді. Сонымен бірге тіл бұлшық етінің гипертрофиясы көрсетілген.

6. Тістердің жартылай болмауы (төменгі жақ тіс қатарының оң жақты шектелмеген ақау) төменгі жақ қозғалысының бұзылыстарымен бірге тістесу беткейінің бұзылысы. Бұл жағдайда патологиялық процесстің орны, аурудың түрі (тістесу беткейінің бұзылысы) және қызметінің бұзылысы көрсетілген.

Кейде адамда бір уақытта екі ауру белгілері болуы мүмкін. Бұл жағдайда мынадай сұрақ тууы мүмкін: аурудың қайсысы негізгі, ал қайсысы ілеспелі. Белгілі клиницист – терапевт А.Л. Мясниковтың пайымдауы бойынша, негізгі ауру ол – науқасты дәрігерге алып келуге септігін тигізген ауруды жатқызады және сол ауруды емдеуге дәрігердің барлық ойы соны емдеуге бағытталған. Науқаста қатты таңдайдың жырығы және алдыңғы тістерде тіс жегсі кездеседі. Бірінші диагноз негізгі болады, ал екіншісі ілеспелі болады.

Дәрігер стоматолгқа науқасты диагностикалық тексерулер жүргізгенде оның негізіне келесі ережелер жатады: науқастың шағымына қарамастан тіс жақ және бет аймақ, оларды құрастыратын әр мүше толығымен тексерілуі қажет. Аурудың пайда болу себебін анықтау қажет, ағзаның жалпы жағдайын бағалау керек және ағзада бірге жүретін жалпы соматикалық ауруларды анықтау қажет.

Науқасты тексеру диагноз қоюмен аяқталады. Нозологиялық принціптерге сәйкес диагноздың құрамы мынадай болады:

- Белгілі аурудың аты

- Мүмкіндік бойынша оның табиғаты (этиологиялық компоненті)

- Негізгі пайда болу механизмі (патогенетикалық компонент)

- Патологоанатомиялық көріністер (морфологиялық компонент)

- Белгілі функциональды жүйелердің бұзылыстарының дәрежесі және мінездемесі (функциональды компонент).

    Диагноздың этиологиялық компоненті себебімен байланысты нозологиялық түрдің мінезімен ерекшелінеді. Емдеуді қажет ететін шайнау – сөйлеу аппаратының көптеген аурулардың этиологиясы белгілі немесе қажетті деңгейде қаралған. Көбінесе бұл тіс жегісі, пародонт аурулары және жарақаттар, сонымен қатар бұл аурулармен бірге пайда болу себептері белгісіз басқа ауруларда кездеседі. Мысалы, осы уақытқа дейін әлі белгісіз кейбір аурулар: туғаннан тістің болмауы (адентия) олардың ретенциясы немесе қиын жарып шығуы, тістің қатты тіндерінің шамадан тыс көп мұқалуы. Бірақта ауруды тудыратын себептерді білу науқасты нәтижелі емдеу үшін жеткіліксіз болады. Балаларда кішкентай күнінен бастап жағымсыз әдеттер қалыптаса бастайды (саусақтарын немесе басқа заттарды сору) , бұл ашық тістесуге алып келеді. Бірақта ашық тістесу барлық балаларда бірдей кездеспей тек қана кейбіреуінде болады. Сондықтан да ауытқуларды тудыратын себептерден басқа оны әрі қарай дамытатын патологиялық механизмдерімен жағдайды білген жөн.

    Диагноздың патогенетикалық компоненті аурудың және оның асқынуларының патологиялық механизмдерінің еркшелік мінезін жатқызады.

    Диагноздың морфологиялық компонентінде ағзалар мен тіндердегі негізгі патологоанатомиялық өзгерістердің орналасуын қарастырады. Патологиялық процестің анатомиялық мағынасынан басқа диагноздың морфологиялық компоненті ауру ағымының сапалы ерекшелігіне мінездеме береді морфогенезбен байланыса отырып (мысалы, «іріңделген гранулема»), патологиялық өзгерістердің тереңдігін және таралуын көрсетеді (мысалы, «шоғырланған жиектік пародонтит») немесе функциональды бұзылыстардың морфологиялық негізін көрсетеді (мысалы, «самай төменгі жақ буынының ревматойдты артриті»).

    Диагноздың функциональды компоненті аурумен байланысты функциональды жеткіліксіздік туралы ақпарат береді. Ол айтарлықтай дәрежеде емдеу жоспарын анықтайды және аурудың болжамын бағалағанда маңызды орын алады.

    Клиникалық диагнозды қалыптастыру белгілі ретпен жүреді және диагнозда келесі реттіліктер көрсетіледі;

4. Негізгі ауру.

5. Негізгі аурудың асқынуы.

6. Ілеспелі аурулар және олардың асқынулары.

    Негізгі ауру дегеніміз - өз бетімен немесе аурудың өршуі себебінен дәрігерлік көмекті қажет ететін және оны емдеуге дәрігердің барлық көңілі бағытталған құбылысты айтады. 

    Аурудың асқынған түрін диагностикалық немесе емдеу шараларын жатқызады.

    Ілеспелі аурулар деп – науқастағы негізгі аурудан басқа этиологиясы және патогенезі әр түрлі ауруларды жатқызады.

    Диагностиканың үш негізгі тарауы бар:

4. Симптоматология – аурудың симптомы туралы ілім.

5. Науқасты тексеру әдістері.

6. Диагноздың әдістерін және теориясын анықтайтын методологиялық негіздер.

    Диагностика процестер кезеңдерін шартты түрде былай бөлуге болады:

4. Клиникалық және параклиникалық тексеру барысында аурудың барлық симптомдарын жинау және анықтау.

5. Алынған ақпаратты ойластыру, салыстыру, оған анализ жүргізу.

6. Анықталған белгілер арқылы ауру диагнозын қалыптастыру (интеграция және синтез). Тәжірибеде диагностикалық процестердің әр түрлі фазаларын бөлу қиын, өйткені ол үзіліссіз және уақытта шектеулі.

    Сондықтан да диагноз қою - дәрігердің клиникалық ойлау қаблетіне, эрудициясына, интуициясына байланысты болады.

    Аурудың болжамы бұл – аурудың ағымына, патологиялық процестердің заңдылықтарын білуге негізделген пайда болу, дамуды алдын ала білу құбылысы жатады. Ортопедиялық стоматология ауруларының болжамы жағымды болады (жақсы), жағымсыз болады. Науқасты тексеру процесінде физиологиялық қалыптан және оның нұсқауларынан ауытқуда болатын симптомдар анықталады. Бір уақытта ашылған құбылыстардың анализі және синтезі жүреді, өйткені дәрігер естіп және көріп қана қоймай әр қашанда бәрін ойлаудан өткізеді. Сондықтан да физиологиялық қалыптардың білімінсіз, тіс жақ жүйесін құрастыратын әр түрлі мүшелердің қызметін және олардың құрылысының әр түрлі физиологиялық нұсқауларын білмеу, олардың топограиясы мен функциональды қарым – қатынастарынсыз диагностика процестерін толығымен білу қиындық тудырады, сол арқылы дұрыс диагноз қойылмай қажетті емдеу жұмыстары да дұрыс жүргізілмейді. Тістерді, тіс қатарларын және пародонттың қалыпты жағдайын білмеу, оларды тексерген уақытта құрылыстарының өзгеру нұсқауларын анықтау қиын. Самай төменгі жақ буынының топографиясын білу, бет терісінде оның проекциясын анықтау және есту жолдарымен қарым – қатынасын білу арқылы ғана оған тексеріс жүргізуге болады. Диагностикалық процестерді қалыптастыру алдында, ең бірінші ойда барлық мүшелермен тіс жақ жүйесін құрайтын тіңдердің топографо – анатомиялық қарым – қатынастарын, құрылыстарын құрастырған жөн.

 

23) Стоматологиялық науқастан анамнез жинау

Анамнез жинағанда науқас барлық ауырған жұқпалы және басқа аурулары, олардың асқынулары туралы мағлұматтар алу керек, ішкі мүшелердің, әсіресе асқорту, жүйке, жүрек – тамыр жүйелерінің күйі туралы, ортопедиялық емдеу процесінде ескеретін аурулар туралы мағлұматтарды жинау керек. Анамнез жинаудың өзіндік реттері былайша:

1. Ауру адамның шағым түсінігмен оның субъективті жағдайын анықтау.

2. Аталмыш дерттің анамнезі.

3. Науқастың өмір тарихы.

4. Отбасы анамнезі.

Дәрігердің дерттің түрін анықтау үшін ауру адамға қоятын сұрақтары, негізінен, аурудың түріне, жағдайына, басталған уақытына, көрінісіне, байланысты болу керек. Кейбір жеңіл-желпі аурулардың түрін, оларға көрсетілген көмек түрлерін екі-үш сұрақ арқылы анықтауға болады. Ал, екінші бір жағдайда ауру адамның өмірімен, отбасы жағдайларымен толық танысу крек. Мысалы, егер ауру адам, күрек тістерінің біреуінің тағам ішу барысында қатты заттан сынғанына шағым жасаса, онда оған көрсетілген емнің түрін клиникалық тәсілдер арқылы анықтауға болады, және бұл жағдайда ауру адамға көп сұрақтар берудің қажеті жоқ. Ал егер, ауру адам, салынған жасанды тістерінің салдарынан қызыл иегінің ауыратынына немесе күидіруіне, қызатынына шағым жасайтын болса, ауру адамға берілетін сұрақтар оның өмірін, отбасы тарихын, атқаратын қызметін және аурудың пайда болу себептерін, оның асқынуын толық қамту қажет. Зерттеу жұмыстары, тек ауыз қуысымен шектелмей ,басқа да қатарлас мұрын, құлақ, тамақ, асқазан және ішек сияқты мүшелерін қамту қажет. Тыныс алу, ас қорыту, сезім жүйелерінің ауру сырқаты табылған жағдайда басқа маман дәрігерлермен кеңесу өте қажет.

Болашақ емнің нәтижелі болуына ауру адамның бұдан бұрын тіс дәрігерлерінде болып, ем алғаны да көп көмегін тигізеді. Егер, ауру адам жасанды тістердің салдыру жолдарымен таныс болса, онда дәрігерлермен кеңесу өте қажет.

Ескере кететін бір жағдай, ауру адамға берілетін сұрақтар анық, түсінікті, толық болуы қажет. Дәрігер ауру адаманың шағымын, берілген сұрақтарға қайтарған жауаптарын ұқыпты тыңдап, тиянақты қорытынды жасай білуге міндетті.

  Аурудың этилогиясы мен патогенезін анықтау үшін науқастың жеке ерекшеліктері мен жас мөлшерін ескере отырып анамнез жинау керек. Еліміздің ғалымдары, клиникалық медицина классиктері С.П.Боткин және Г.А.Захарин анамнезге үлкен мән берген және мұқият жинау керектігін атап өткен. Обьективті зерттеу аурудың жеке симптомдарын анықтау үшін өте бағалы. Субьективті мағлұматтар мен обьективті тексеру әдістерінің нәтижелерінің қосындысы аурудың этиологиясын, патогенезі мен клиникасын толық анықтауына, диагнозды дұрыс қоюға және емдік шаралар комплексін, патогенетикалық терапияны тағайындауға мүмкіншілік береді.

    Науқастың шағымдары. Көбінесе науқастар шайнау мен сөйлеу қызметінің бұзылуына шағымданады. Фронтальды тістері болмаған жағдайда және осы аймақтың ауытқулары болған кезде эстетикалық ақау пайда болады, ол науқастың психикасына теріс әсерін тигізеді, олардын жұмыс істеу қабілетіне кедергі келтіреді. Басқа жағдайларда науқастар дәрігерге жарақаттан кейін және патологиялық процестерден соң келеді. (оған жататындар: қабыну, бластомозды процестер т.б.). кейде тістер аймағында байқалатын ауырсынуларға, жақ сүиектердің төменгі жақтың самай буындарында, ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің ауруларына, күйдіру, ашу сезіміне, қабыну немесе тыртықты өзгерістерге байланысты ауызды ашудың қиындауына, бет - әлпеттің ассиметриясына, деформациясына шағымданып келеді.

Одан кейін осы аурудың этиологиясын және ағымын (тіс жегісі және олардың асқынулары, пародонтоз, жарақат, тіс жақ жүйесінің ауытқулары, кілегей қабығының аурулары, ісіктер, аллергия) анықтау маңызды. Тіс қатарының ақауы науқастың жүйкесіне қалай әсер етеді, функциональды бұзылыстар байқала ма, науқас бұрын протез қолданды ма, құрылымы қандай, протезге үйрену мақсатын, протез кемшіліктері туралы сұрау қажет.

24) Ортопедиялы қстоматлогияда қолданылатын анестезия препараттары, олардың сипаттамасы

Жергілікті анестетиктер табиғи топтағы немесе синтетикалық заттар. Олар уақытша немесе қайтымды жүйке рецепторларының қозу бұзылыстарын тудырады.

Оларды клиникалық қолданысы бойынша төрт тлопқа бөледі терминальды (беткей) анестезия үшін – кокаин, бензокаин, тетракаин, лидокаин, тримекаин, пиромекаин; Өткізгіш анестезия үшін: прокаин, лидокаин и тримекаин; Инфильтрациялық анестезия үшін: прокаин, лидокаин и тримекаин; жұлын анестезиясы үшін: мепивакаин, бипивакаин, прокаин, лидокаин.

25) Металлокерамикалық протездер мен ортопедиялық емдеу кезінде болуы мүмкін дәрігерлік және техникалық қателіктер

Тістің қатты тіндері аз мөлшерде егелеу.

а) тістің периметрі бойынша

б) тістің окклюзиялық бетінде

- дөрекі егелеу

- аса көп егелеу

- жұмсақ тіндерді зақымдау.

Үлгі алғанда: -тіс мойыны контурының айқын түспеуі.Қаптаманың тіске кигізілмеуі.

Тістесудің биіктеуі.Тістің қызуы.Тістің қызуы, ұлпаны ашып алу.Қанағыштық

Қаптаманың кең болуы.Тістесудің биік болуы немесе қарама – қарсы тістермен жанасу нүктесінің болмауы.

Пародонттың паталогиялық өзгеруі.Ұлпаның қабынуы.Ұлпаның қабынуы.Жұмсақ тіндердің қабынуы.

Цементсіздену, тістің қатты тіндерінің сорылуы. Пародонтта паологиялық өзгерістер.

Қаптаманы цементке бекіту:

- тісті керегінше кептірмеу раластыру барысында цементтің ұнтағы мен сұйықтығы-ның сәйкес келмеуі:

- қою

- сұйық

Ғанышты штампикті қате белгілеу.Ғанышты модельде тіс сауыты қате пішіндеу мойын аймағын-да штамп-тың тар болуы.

Тістің мойын аймағында штамп-тың кеңеюі

1. Табиғи тістің анатомиялық пішініне сәйкес келмеуі

2. Шайнау бұдырларының аса көп пішінде-луі

3. көршілес тістермен жанасу нүктесінің бомауы

4. - шайнау бетінің жеткілік-сіз штамп-талмауы:

- қаптаманың мойын бөлігінің жеткілік-сіз штамп-талуы

 

26) Жасанды тіс қатарларын құру және толық алмалы салмалы протездің құрылымын тексеру

Алмалы салмалы протезді дайындаудың келесі кезеңі жасанды тістер қатарын құрастыру. Ол үшін мынадай бірізді әрекеттерді орындау қажет.

Жасанды тістерді таңдау. Жасанды тістерді таңдау арқылы шайнау қызметі қалпына келіп эстетикалық әсер жақсарады.Таңдалатын тістер 3 типке бөлінеді.

Бірінші типтегі тістер – өз ұзындығының жартысы не оданда артық шамасында түйісу беттерінің паралллель не параллельге жуық сызықтарымен сипатталады.

Екінші типтегі тістер түйісу беттері қатты жақындасады.

Үшінші типтегі тістер дистальды, ал кейде мезиальды беттердегі екі жақтан дөңес біткен сызықпен ерекшеленеді.

Жасанды тістерді орнату. Расцветка таңдау. Дентометрді қолдану.Фарфор немесе пластмасса тістерді орнату 

 

27.Толык алмалы-салмалы протезді эзірлеуді клиникалык- зертханалык кезендерінде болуы мумкін қателер, дәрігердін оларды жөндеу барысында колданылатын тәсілі

Тура ықпалдармен қатар протез алыс жатқан мүшелер мен тіндерге жанама әсер етеді. Бұл әрекет түрлі мүшелер мен жүйелер арқылы жанама жүреді. Осындай әсер салдарынан альвеолалық биіктік кемігенде не артқанда бұлшық еттердің , буынның қызметі өзгереді . Тірек тістерге шамадан тыс жүктеме түсу салдарынан парадонттың қоректенуі нашарлай бастайды . Демек протез әсері оның жататын орналасу орнымен шектелмейді , оның аясынан алысқа тарайды . Протез өрісі- протездің тура және жанама әсерін сезінетін барлық тіндео мен мүшелер аясы . Протез орнығатын жер осы мағынада протез өрісінің бір бөлігі . Протез орналасатын орынның жауап реакциялары , бір жағынан , тітіркендіргіштің әрекетінің қарқындылығы және ұзақтығымен , екінші жағынан , ағзаның реактивтілігімен анықталады . Қазірде протездің протез орны тіндеріне әсері сөз болғанда , нақты тітіркендіргішпен тиісті реакция байланысын айтпай кетуге болмайды . Протез орны тіндерінің этиологиясы мен патогенезін зерделеу белгілі бір өзгерістерді айқындайды . Бұл өзгерістердің себебін протездеу кезіндегі түрлі емшараларды клиникалық , техникалық орындаудан , протез материалының сипатынан немесе құрылысының ұстанымынан іздейді . Алынған мәліметтер қолайсыз өзгерістердің алдын алуға мүмкіндік береді .

Алмалы-салмалы протездің жанама әсері шырышты қабатты тітіркендіретін ротез жататын орын тіндеріне шайнау қысымын түсіруде , өзін-өзі тазалауды, жылуды реттеуді , дәм сезінуді бұзуда, тірек тістері парадонтына бекіту жүйелерімен шамадан тыс жүктеме түсіруде байқалады . Жанама әсерге компресс әсері және вакуумда жатады . Компресс әсері жылу өткізгіштігі маңызды рөл атқарады . Вакуум қақпағы жақсы жабылатын протез астында пайда болады . Осыған байланысты протез орны шырышты қабатының қызаруына , созылмалы қабынуына әкелетін медициналық банка әсері туындайды . Осы белгінің патогенезінде қылтамырлардың жай-күйі , соның ішінде олардың өткізгіштігі көптеген жалпы ауруларда өзгеріске ұшырайды . Сонымен бірге протез орны жұмсақ тіндернің ұзақ уақыт бойы қосылу синдромын да ескерген жөн .

Жанама әсердің протез құрылысының өзінің жұмысынан туындайтынын байқау қиын емес . Протез типін өзгерті арқылы жанама әсерді азайтуға болады , бірақ толықтай жоюға келмейді . Мысалы , табақшалы протезді доғалыққа ауыстырып , негіздің шырышты қабатқа зиянды ықпалын азайтуға болады , бірақ протез негізінің әсерін толық жоюға боллмайды .

28. Жасанды сауытты тірек тіске орнату. Сауытты цементке орнату және бекіту эдістемесі

Жасанды сауытты бекітуге дайындық.

1-кезең—жасанды сауыт медикаменттермен өңделеді .

2-кезең—сауыт санын есепке ала отырып , әйнекке қажетті мөлшерде цемент ұнтағымен сұйықтығы (1 жасанды сауытқа: қалақшаның ұшындағы ұнтаққа 3 тамшы сұйықтық) алынады.

3-кезең—зарарсыздандырылған мақта білікті (валик) тіс маңайына салып , тіс пен сауыт медикаменттермен өңделеді .

4-кезең—тіс дәрігерінің арнайы шпательмен цементті қаймақ тәрізді консистенцияға араластырып , сауытты жартысына дейін толтырады .

5-кезең—мақта валиктерді тістен ары жылжытып , тіске жасанды сауытты ақырындап біртіндеп цементті сауыт шетіне итере отырып , бекіиеді . Жасанды сауытты бекіткеннен екйін орталық окклюзиядағы антогонист тістермен фиссуралық-төмпешіктік түйіспе тексеріледі .

6-кезең—5-10 минуттан кейін цемент қатады , зондпен артық тұстары алынып тасталынады .

 

29.Металл кақпакты тірек тіске кигізу. Түсті анықтау.

Жасанда сауытты және егелген тісті сутегі асқын тотығымен немесе спиртпен өңделеді. Штамптан жасанды сауытты алып , науқастың ауызыншайдыру керек. Жасанда сауытты тіске кигізіп көру керек. Жасанды сауыт біраз күшпен тіске кигізіліп, алынады. Тіс мойнын тығыз қысып, тістің қызылиегінің науашасына кіреді. Көршілес тістермен апроксимальды жақтарынан байланыс аймақтарын, тістемде антогонист тістермен фиссуралық-төмпешіктік байланысты сақтайды, тіс ауытының қажетті пішініне сәйкес келеді. Жасанды сауытты тіске аса қатты күш түсірмей-ақ кигізуге болады. Және біртіндеп қызылиек шеті мен сауыт шетінің арасындағы аралық 0,5 мм болғанша, тістің клиникалық мойнын толықтай жауып, қызылиек науашығының шеткі сызығына сәйкес болса, оны тіс-қызылиек жырасына қарай 0,1 мм жылжыту керек. Зондпен сауыт шетінің тіс-қызылиек наушасына ену тереңдігі тексеріледі, сауыт шеті оңай білінеді. Зондпен апроксимальды бет, төменгі жақ сүйектің артикуляциялық қозғалысы кезінде антогонист тістермен тістемдегі фиссуралық-төмпешіктік түйіспе тексеріледі. Жасанды сауытты бекітуге дайындық.

1-кезең—жасанды сауыт медикаменттермен өңделеді .

2-кезең—сауыт санын есепке ала отырып , әйнекке қажетті мөлшерде цемент ұнтағымен сұйықтығы (1 жасанды сауытқа: қалақшаның ұшындағы ұнтаққа 3 тамшы сұйықтық) алынады.

3-кезең—зарарсыздандырылған мақта білікті (валик) тіс маңайына салып , тіс пен сауыт медикаменттермен өңделеді .

4-кезең—тіс дәрігерінің арнайы шпательмен цементті қаймақ тәрізді консистенцияға араластырып , сауытты жартысына дейін толтырады .

5-кезең—мақта валиктерді тістен ары жылжытып , тіске жасанды сауытты ақырындап біртіндеп цементті сауыт шетіне итере отырып , бекіиеді . Жасанды сауытты бекіткеннен екйін орталық окклюзиядағы антогонист тістермен фиссуралық-төмпешіктік түйіспе тексеріледі .

6-кезең—5-10 минуттан кейін цемент қатады , зондпен артық тұстары алынып тасталынады .

 

30. Металлокерамикалық сауытш тексеру, түзету ерекшеліктері. Жылтыратқаннан кейін салу, цементке бекіту.

Дайындалған сауыттың сапасын тексеру оны ғаныш модельде тексеруден басталады. Анатомиялық пішінің дәлдігіне , антогонист тістердің түйісу сипаты мен тісаралық түйіспе орындарының болуына аса мән беріледі, тістің қызылиек жанына сауыт шетінің отыруы бағаланады. Дезинфекцияланған сауыт ауыз қуысындағы тіреуіш тіске кигізіліп, модельдерде жасалған іс-шаралар қайталанады. Сауыттың егелген тіс тұқылына нақты бекітілгеніне көз жеткізілгеннен соң анатомиялық пішін бағаланады. Бәрінен бұрын оның симметриялық орналасқан тістермен сәйкестігі тексеріледі.

Әшекейлеу табиғи тіс кіреукесіне тән керамикалық қабатқа жылтырлық беру үшін жасалады. Ауыз ішінде керамикалық қабаттың сапасын бағалаған соң сауытты тағы да зертханаға жібереді, дәрігердің микрорельефке байланысты жасаған нұсқаулары бойынша жөндетіледі, керамиканың беті тегістеліп, ажарланады, ағын суда щеткамен мұқият жуылады. Қажет болса кептірілген протезге аздап арнайы бояу жағылады. Арнайы әшекейлегіш сұйықтық арқылы вакуумсыз әшекейлеу жүргізіледі.

Жасанды сауыттың әзірлену сапасы тексерілгеннен кейін , дәрігер оны тіреуіш тіске цементпен бекітуге кіріседі . Ол үшін ең алдымен сауыт дезинфекцияланады , сосын кептіріледі. Тіреуі тісті сілекейден қорғау үшін мақта салынады да , оның беті кептіріледі . Ереже бойынша бекіткіш цементті сұйық консистенция түрінде араластырады . Бұл оның егелген тіс тұқылын ұстап тұрған сауыт шетінен еркін шығуына қажет. Аса қою цемент консиситенцмясы жасанды сауыттың толық кигізілмеуіне әкеп соқтырады . Әзірленген цемент сауыт ішінің үштен бір бөлігі толтырылып, орналастырылады. Клиникалық шпательдің ұшымен сауыттық бүйір беттеріне оның шетіне дейін цемент жағылады. Сауытты тіреуіш тіске кигізген соң науқас тіс қатарын қатты қысып ұстауы керек . Қатып қалған цемент біршама күш жұмсамай ақ жасады сауыттан 20-30 минуттан соң алынып тасталады. Бұл жерде шеткі пародонтты зақымдап алудан сақтанған жөн . Науқасқа алғашқы 2-3 сағатта тістерін ыждағатпен к.ту керектігін ескерту тиіс . Қатты тағам жемеу керек. Протезге күш түсірмеу цементте жүретін кристализация процесінің толыққандылығын қамтамасыз етеді .

31. Тістің сауыт бөлігін егеу ерекшеліктері

Тісті егеу кейде эмаль-дентинге дейін өтіп кететін шағын жарақатты сызықтар түріндегі эмаль құрылымындағы өзгерістерге әкеп соқтырады. Бұл кішкене сызықтарэмаль призмасының бағытына сәйкес ұзын және эмаль призмасын бөлетіндей қиғаш болуы мүмкін. Бұл құрылымдық өзгерістердің көрініс табуына тікелей әсер ететін көптеген факторлар бар. Сондықтан тістің вестибулярлы және оральді беттерін егеген кезде кескіш шетке қарай мойын тұсынан немесе шайнау бетінен бастаған дұрыс. Абразивті әсердің векторы егеу бағытына сәйкес болуы шарт. Кіші және үлкен азу тістердің шайнау бетін егеуді төмпешіктен фиссураға қарай, сауыттың бүйір бетінен тіс осінің ортасына қарайжүргізу керек.

Алдыңғы топтағы тістерді егеу:

1. Алдыңғы тістердің вестибулярлы беттегі егеудің тереңдігін реттейтін жыралар жасау. Бірінші юолып инцизальды бөлікте 2 жыра егеледі. Сосын тіс сауытының вестибулярлы бетінің мойын бөлігіндегі 3 жыра егеледі.

2. Кескіш аймақтағы егеу тереңдігін реттейтін екі жыра жасау.

3. жыралар жасаған тереңдікте кескіш шетті егеу ұшы дөңгелектенген фиссуралы алмас борлардың көмегімен жүзеге асырылады.

4. Тіссауыттың вестибулярлы бетін инцизальді егеу берілген жыралармен жасалған тіссауыттың тереңдігінде жүзеге асырылады.

5. Жыралармен жасалған тереңдіктің вестибулярлы бетінің мойын тұсын егеу, кертпе жасау.

6. Шар тәрізді бордың көмегімен тіссауыттың таңдай бетінде шұңқырлар қалыптастыру.

7. Белгіленген тереңдікке сай тістің таңдай беті жасымық тәрізді бормен егіледі.

8. Тістің проксимальды бетінің сепарациясын абайлап жасау керек. Қатар тұрған тістердің интакты сауыттарын зақымдап алмау керек.

9. Тістің таңдай бетінің мойыналды аймағын егеу және проксимальды бетін көркемдеу торпеда тәрізді бор көмегімен жүзеге асырылады.

10. Тістің вестибулярлы беті мен вестибулярлы беті кертпесін соңғы рет көркемдеп, безендіру ұшы дөңгеленіп келген торпеда тәрізді бормен жүзеге асырылғаны дұрыс.

 

32) Тіс қатарының жартылай ақауында тіс протезінің конструкциясын таңдау

- Жартылай алынбалы пластиналы протездегеніміз – бұл тіс қатарының жартылай ақауларын жасанды қондырғылардың көмегімен қалпына келтіруге арналған протез. Бұндай протездер қондырғыларына тек қана тіс қатарының анатомиялық пішінін келтіріп қоймайды сонымен бірге жоғалтылған жақтың қатты тіңдерінің және ауыз қуысының жұмсақ тіңдерінің рельефтерінің ерекшеліктерін келтіреді. Егерде ақауларды алынбайтын протездермен қалпына келтіру толық жүргізілмесе жартылай алынбалы протездер қолданылады. Жартылай пластиналы протездер көмегімен тіс жақ жүйесінің қызметі қалпына келеді және оның көмегімен айтарлықтай косметикалық нәтижеге жетуге болады. Пластиналы пртездер арқылы тек қана тістердің пішінінін және түсін келтіріп қана қоймай, ауыз қуысының шырышты қабатының рельефі мен түсінде келтіруге борлады. Жартылай пластиналы протез негізден және ақау аймағында орналасқан жасанды тістерден тұрады. Протездің құрамды бөліктеріне бекіткіш элементтер – ілмектер және аттачмендер жатады.

- Толық алмалы – салмалы протез бұл – тіс қатарында барлық тістер болмаған уақытта қолданылатын протез. Барлық тістердің болмауы дистрофиялық (тіс жегісі, пародонтоз) және жарақатты процестердің әсерінен тіс – жақ жүйесіндегі функциональды және анатомиялық бұзылыстарға алып келеді. Альвеоляр өсіндісі мен жақтардың семуі жүреді. Жақта барлық тістер болмағанда самай төменгі жақ буынында өзгерістер кездеседі. Толық алмалы – салмалы протез көмегімен пайда болатын өзгерістерді тоқтатуға және шайнау қызметін қалыптастыруға, науқастың ішек жолдары қызметін қалыпты жағдайға келтіруге мүмкіндік туғызады. Толық алмалы – салмалы протездер пластмассалы негізден және жасанды тістерден тұрады. 

33) Тіс қатары ақауының жіктелуі

Тіс қатарлары кеңейген немесе тарылған болуы мүмкін. Тіс қатарларының тістерді жартылай жоғалтуына байланысты басқа да деформациялар кездеседі (Попов – Годон феномені). Олар қарама-қарсы тістердің вертикальды бағытта ығысумен ақауды шектейтін тістердің горизонтальды бағытта ығысуынан байқалады. Ильин – Маркосян тістердің вертикальды ығысуының екі қалыпын айырады.

Біріншісі – альвеолярлы өсіндінің вертикальды бағытта өсуі балалар мен жасөспірімдерде байқалады.

Екіншісі – тістің верикальды бағытта ығысуы, оның мойыны мен түбірінің жалаңаштануымен сипатталады.

    Ересек адамдарда В.А.Понамарева осы екі қалыптан басқа үш аралас пішінін айырады – бірінші және екінші пішінінің қосындысы айырады. Тіс доғаларының деформациялары тіс саны мен орналасу ауытқулары, жақтардың толық болмауы, жарақат, қабыну процестері, тырытқты бірігулер салдарынан пайда болады. Сонымен қатар, тістесу ауытқулары және тістердің орналасу ауытқуларнының да болуы байқалады. Тіс қатарларының ақаулары, топографиясы, ұзындығы және табиғи тістердің қатар орналасуымен ерекшеленеді. Мезиальды және дистальды шектелген ақаулар шектелген деп саналады. Мұндай ақаулар болғанда протездердің алынбайтын құрылымдары таңдалынады. Медиальды бағытта ғана шектелген ақаулар шеткері немесе шектелген ақаулар деп аталады. Мұндай ақаулар кезінде протездің алынбалы құрылымдарын таңдаған жөн. Топографиясы бойынша ақаулар фронтальды немесе бүйір тістер аймағында немесе фронтальды – бүйірлі аймақта кездесуі мүмкін. Барлық мағлұматтардың тәжірибелік мәні жоғары болғандықтан арнайы топтастырылулар қолданылады.

Тістесу ауытқулары әдетте қиындатады, ал кейбір жағдайда протездеуге мүмкіндік тудырмайды. Тіс альвеолалық ұзарғанда тістер қарама – қарсы жақтың альвеолярлы өсінідісінің шырышты қабатына дейін жетеді. Сол арқылы ол протез кеңістігін азайтады. Тістесу беткейінің аз мөлшерде ауытқуы протездеуге қиындық тудырмауы мүмкін. Ал терең бұзылыстар болғанда оны түзету арнайы алдын ала ортопедиялық дайындық бойынша жүргізіледі. Тіс қатарының тістесу беткейінің ауытқулары альвеола аралық биіктікті жоғарлату жолымен, алға шығыңқы және қисайған тістерді қысқарту арқылы, арнайы протездер көмегімен тістерді ығыстыру (ортодонттық әдіс), алдын ала қыртысты тілу жүргізіліп, тістесу протездері көмегімен тістерді ығыстыру (аппаратты – хирургиялық әдіс), шығыңқы тістерді алып тастау (хирургиялық әдіс) және арнайы протездеуге қолданады.

34) Тіссіз жақтың жіктелуі

Тістерін толық жоғалтқан науқастарда жақ-бет жүйесінің кызметтік бұзылыстары, жак сүйектерінің семуі мен оны жауып жататын жүмсақ тіндерде анык көрінеді. Жақ сүйектерінің альвеола өсінділері жұқара бастайды, төменгі жақ бүрышы доғаланады. Мүрын-ерін қатпарлы тереңдеп, мүрынның үшы, еріннің езулері төмен түсіп кетеді. Беттің 1/3 бөлігінің биіктігі төмендейді, бүлшық еттері босаңсып, бет-элпеті қартайған түрге ұқсайды. Жоғарғы жақта сүйек тінінің семуі альвеолды өсіндінің вестибулярлы бетінде байқалса, төменгі жақта - тіл жақта басымырақ, осыған байланысты «кэрілік прогения» дамиды.
Шайнау қысымының аздығынан, бүлшық еттердің көлемі кішірейіп, босаңсып, семиді, ал буын шүңқыры жазықтау болып келеді де, буын бастары артқа жэне жоғары қарай ығысады.
Ортопедиялық емнің қиындығы: тістерді жоғалту мен сему процестерінің дамуына байланысты, беттің төменгі бөлігінің биіктігі мен пішіні анықтайтын бағдарлардың жоғалуында.
Жоғарғы жақта еріннің үзенгісіннің беку орнына назар аудару керек. Ол өтпелі қатпарда басталып, альвеолды қырынан эр түрлі қашықтықта бекуі мүмкін. Жоғарғы жақтың бүйір беткейінде ұрт- альвеолды тәждер орналасады. Жоғарғы жақ төмпешігінің артында қанат-жақ қатпарлары орналасады. Олар ауызды ашқанда керіледі.
Осы айтылған анатомиялық қызметтік өзгерістерді қалып-өлшем алу кезінде жэне жоғарғы жақтың протез шекарасын анықтауда ескерген жон. Қатты жэне жүмсақ тандайдың арасындағы шекараны А-сызығы деп атайды. Бүл алмалы протездің артқы шекарасын анықтауда, бағдар болып саналады, оны протездің шеті 1-2 мм жауып түруы керек. Альвеолды өсіндінің шыңында, орталық күрек тістердін тандай бетінде жэне орталык жік бойында күрек тіс емізікшесі орналасқан. Бүл таңдайдың алдыңғы бөлігінде орналасқан көлденеН қатпарлармен жалғасады жэне олардың қалып-өлшемде жаксы түсірілуі қажет, әйтпесе олар, протезді кигенде кысылып, ауырУ сезімін шақырады. Қалып-өлшемде таңдай жапсары, екі тандаи пластинкалардың қосылған жері. Жоғарғы жақтың семуі кезінде, торус анық көрінеді. Оны жауып жататын шырышты қабат жұқа жэне аурушаң болып келеді. Сондықтан протез жасағанда оны оқшаулау керек.Төменгі тіссіз жаққа протез жасағанда тілдің, төменгі еріннің
жугеншелеріне, ұрг-альвеолдық қатпарларға көңіл болу керек жэне олардың іздері қалыпта жақсы қайталануы қажет.
Ретромолярлы аймаққа көңіл бөлген жөн, өйткені оны төменгі жаққа протез шекарасын кеңейту кезінде колданылады. Бұл тығыз жэне фиброзды немесе жүмсақ және батыңқы болуы мүмкін, бірақ эр жағдайда оны протезбен жабу керек.
Бекіту дегеніміз, бұл протезді тыныштық жадайда ауыз қуысында көмекші қозғалыстарды қолдану аркылы бекіту. Протездің бекуі ауыз қуысының анатомиялық жағдайына, шырышты қабаттың түріне жэне қалып-өлшем алу әдісіне байланысты.

35) Алынбайтын протездер дайындауға көрсеткіштер және кері көрсеткіштер

- Алынбайтын протездер – бұлар тірек тістерге немесе имплантаттарға уақытша (цинкоксидэвгенольды сықпалармен) немесе тұрақты бекіткіштермен (цементтер, композитті материалдар, құлыпты бекіткіштер) бекітіледі. Оларды ауыз қуысынан алып шығу тек қана дәрігердің көмегімен арнайы құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі. Алынбайтын протездерге көпір тектес протездер, қаптамалар, салмалар, жартылай қаптамаларды т.б. жатқызуға болады.

Дайындауға көрсеткіштер:

-Тіс ақауларын пломбалық материалдармен қайта қалпына келтіруге болмаған кезде;

-Тістің аномалиялары кезінде, фронталды тістер аномалиясы кезінде;

-Ортодонтиялық ем көмектесе алмаған жағдайда;

- Тіс қатты тіндерінің патологиялық бүлінуі кезінде;

-Тіс қатты тіндерінің аномалиялық тісжегіге байланысты емес ақаулары кезінде;

-Тіс сауытының эстетикалық дефекті кезінде, түсінің өзгеруі;

-Тіс қатарының дефекті кезінде;

Кері көрсеткіштер:

-Жүктілік кезінде;

-онкологиялық ауруларда;

-кахексияда;

-психикалық ауруларда;

-нашакорларға;

-стресс кезінде;

-аллергиясы болса;

-ауыз қуысының жұқпалы ауруларында;

-буын ауруларында;

-сүйек тінінің ауруларында

 

36) Ішінара пластикалық протездердің конструкциясын тексеру

Пластмассалы тіс сауытын өңдеу. Пластмассалы тіс сауытты өңдеу реттілігі: а) алғашқы түрпілі қатац өңдеу; б)жүмсақ оңдеу. Пластмассадан жасалған сауытты егеумен өңдейді, осыдан кейін шлифмоторда не бормашинада егегіш қағазбен қалған іздерді тегістеу үшін сауыттың сыртқы бетін тегістейміз.
Пластмасса сауыттың сыртын тегістеп болғаннан кейін, оны жылтыратуға кіріседі (полировкалау) ол үшін шлифмотордың үштығына киіз фальц орнатып, ағын сумен араласқан пемза жағылады. Сауытқа да пемза жағылады. Сауыт қызып кетпеуі үшін, оны үзіліспен фальцке тақаймыз жэне тез уақыт арасында пемза массасын жағу керек. Соңғы айнадай жарқырауды жүмсақ щетка жэне бормен су қоспасы арқылы береді.
Пластмасса сауытты бекіту үшін оны алдымен спиртпен жэне сутегінің асқын тотығымен өңдеп, тірек тіске кигізіп, айнаның көмегімен сауыт шетінің тістің мойын бөлігіне тығыз отыруын антогонист тіспен орталық окклюзиядағы байланысын, астыңғы жақ қозғалысына әсерін тексеру керек. Кедергі келетін нүктелерді көшірме қағаз жэне резина диск көмегімен алып тастайды. Сауыт түсіне қарау керек. Осы талаптарға сәйкес болса, онда пластмасса сауытты цементке бекітеді. Ол үшін сауытты спиртпен жэне сутегінің асқын тотығымен өңдейді. Сутегі асқын тотығымен тіректік тісті сауыт пен тірек тісті қүрғатып, цементпен тірек тіске бекітеді.

37 .Тіректі ұстагыш кламердин ар боликтерин минездемеси олардын тагайындалуы

Кламмер иығы дегеніміз тісті құшақтап тұратын серіппелі бөлігі. Оның орналасуы клиникалық экваторға байланысты.

Кламмер денесі дегеніміз тірек тіс контакт бетінің экваторының үстінде орналасатын қозғалмайтын бөлігі.

Өсінді кламмерді доғалы протездің каркасына бекітуге арналған.

• Тіреп-ұстар тұратын кламмерлардың окклюзиялық тағандары болады, олар тістердің окклюзиялық бетінде орналасады.Олардың көмегімен шайнау қысымы тірек тістерге беріледі.

• Тіреп-ұстайтын кламмерлар ұстаушы кламмерларға қарағанда функционалдық жағынан әлдеқайда жетілдірілген. Тіреп-ұстайтын кламмерлар құрылымында окклюзиялық тірек тағаны, иығы (міндетті түрде екеу — вестибулярлық және оральдық) және денесі болады.

 

 

• Кламмер иығы тірек және ұстау бөлігінен тұрады. Тірек бөлігі окклюзиялық таған сияқты қатты болып, тірек және стабилизация қызметін атқарады. Ретенциялық қызметті, өте жоғары мықты серіппелі қасиеті бар (кесіндісіне, ұзындығына және қорытпа түріне байланысты) кламмер иығы атқарады.

• Тіреп-ұстайтын кламмерлардың окклюзиялық тағаны үлкен азу мен кіші азу тістерінің төмпешік аралық қуысында, немесе сүйір тіс төмпешігінде орналасып, шайнау қысымының вертикалды компонентін тірек тістер пародонтына беріп, протездің шырышты қабатқа батып кетпеуін қамтамасыз етеді.

 

• Өзінің қызметін атқару үшін окклюзиялық таған жеткілікті мөлшерде қатты (қалыңдығы 1,5-2 мм-ден аз емес) болуы керек. Окклюзиялық тағанның кламмер денесіне өтетін бөлігінің жіңішке болуы кламмердің майысып немесе сынып кетуіне, соның салдарынан протездің шырышты қабатқа батып, оның жарақаттануына әкеп соғуы мүмкін. 

 

• Кламмердің тірек бөлігі тістің оральдық және вестибулярлық бөлігіне орналасып, қаттылығына сүйеніп, протездің бүйір қозғалыстарында протездің горизонталдық ығысуына жол бермейді. Иықтың ұстап тұратын бөлігі серпімділігі арқасында экватордан оңай өтіп, тісті ауқымды орап, протездің вертикальдық қозғалуына жол бермейді.

 

 

 

* Кламмер неміс тілінен аударғанда «ілмек» деген мағынаны білдіреді.Кламмерлер белгілері бойынша келесі топтарға бөлінеді . дайындау әдісі бойынша (иілген және құйылған),көлденең кесіндісінің пішініне байланысты (домалақ, жартылай домалақ, лента тәрізді),тісті қармау мөлшеріне қармайтын тістердің санына байланысты (біриықты, екіиықты, аспалы, қосарланған, көптармақты), атқаратын қызметтеріне байланысты (ұстатқыш, тірек, тірек-ұстағыш), материалына байланысты (металдан, пластмассадан), иықтарының орналасатын жеріне байланысты (тістік, қызыл иектік, тісқызылиектік).

Бірінші типтікламмер (Аккер) өзінің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты көптеген оңтайлы қасиеттері болумен қатар,оның көпшілік жағдайда қолдануына себепкер болады.Бұл кламмердің мүйізге ұқсаған екі иығы болады.Иықтартістің ақауға қараған жанасу беттерінде бірігіп окклюзиялық үстемесі болады. Кламмардің қатты бөлімдерінің серпімдік қасиеттері болмайды. Осы себепке байланысты кламмерлердің бұл бөлімінің қызыл иекке іргелес аймақта орналасуы протез отырғанда қиындықтарды туғызады. Бұл жағдай кламмердің ішкі бетін жонып жұқартуға тірейді. Кламмердің жұқарып жонылуы,оның тұрақтылығының (стабилизациясы) бұзылуына себеп болады.Сондықтан кламмердің тірек бөлімі меже сызығының үстінде орналасуы қажет.Кламмер иы ғының соңы,яғни ұшы жіңішкерген меже сызығының астында орналасады.Кламмер иығының бұл бөлімінің серпімділік қасиетінің болуы,кламмерге ұстатқыштық қасиет береді.

* Екінші типті кламмер(Роуч) окклюзиялық бастырма кламмер денесімен және Т-сияқты иықтарымен біріккен түрде болады.Кейде бұл кламмерді қосарланған немесе ажыратылған деп те атайды.Кламмердің иығымен Т-сияқты болуы және денесімен жалғану әдісі,иықтарының өте серпімді болуын қамтамасыз етеді.Осыған байланысты Т-сияқты иық меже сызығын кесетін түрде немесе толық оның астында орналасады.Бұл кламмердің окклюзиялық үстемесі қатты тірегішті қалыптастырады,ал серіппелі иықтары тиімді бекуді қамтамасыз етеді.

*     Үшінші типті кламмер көпшілік жағдайда бірінші жіне екінші типтердегі кламмер немесе комбинерленген деп те атайды.

*     Төртінші типтегі кламмер окклюзиялық бастырмалы бір иықты кері әсер етеді.Кламмердің қатты бөлімі меже сызығының үстінде орналасады,мысалы,тістің ұрт бетінде (егерде тіс тіл жаққа қисайған болса),бұл жағдайда тірек аймағының мөлшері жеткілікті болады.Кламмер тіл бетінде меже сызығын кесіп өтеді және өзінің серпімді ұшымен мойынға іргелес аймақта аяқталып,протездің ұстап тұруына ықпал жасайды.Кламмердің протез қаңқасымен байланысатын орны тістің қисаюына байланысты тіл (таңдай) немесе вестибульярлы жағында болуы мүмкін.

* Бесінші типті кламмер екі окклюзиялды бастырмасы бар сақиналы. Кламмердің денесі тірек аймағында толық орналасады,демек тісті толық айналып өтеді, осыған байланысты оны сақиналы деп атайды. Иықтың серіппелі ұшы тістің қисайған жағында мойнына іргелес аймаққа кіреді және ретенциялық (ұстатқыш) әрекеті өте әлсіз.Бұл кламмердің екі окклюзиялық үстемеліктерінің болуы және тісті толық айналып жатуы,оның тіректік көрсеткіштігін жақсартады,ал ұстап тұрғыштың көрсеткіштігі өте әлсіз.

 

38. Доғалы протезді өлшеп кигізу және тапсыру

Зертханадан алынган дайын доғалы протезді дәрігер мұкият қарап шығады.Қанқаның металл бөліктерінің,ершік тәрізді бөліктердің,жасанды тістердің,және пластмассалық негіздің өңделу ,жөнделу жылтырату сапасын тексерді

Пластмасса негізі шетінің жумырлануына және оның сыртқы ішкі беттерінің дайындалу сапасына ерекше назар аударылды.

Енгізудің алдын-ала тандалған жолын сақтай отырып,доғалы протезді науқастын ауыз куысына салады.Дұрыс дайындалған протез жеткілікті жеңіл жатып жақсы,бекиді,тіс қатарының оклюзиялық арақатынасын дәл қалпына келтіреді,орнықты болады.Протез тін орнына тығыз жатып,теңселмейді.

Егер доғалы протез салынбаса,оның себебін анықтау қажет.Алдымен негіздің кемерге кіретін пластмасса кедергі келтірмейтініне көз жеткізу қәжет.Ол үшін протез астына көшірме қағаз сала,отырып кедергі келтіретін,орындарды ісдестіреді.Көбінесе доғалы протездің қиын салынуын себебі балауыз негізгі пластмассаға ауыстыру кезіндегі қанқаның ығысуы,қанқа жеткілікті қатты,бекімессе пластмасса қамыры қысымының әсерінен ығысады.Бұл жағайда қанқаның елеусіз ығысуы салдарынан оның салуға металл бөліктер кемер аймағына түсетін дене,иыктар өсінділер кедергі келтіреді.Бұл учаскелерді көшірме қағаз көмегімен анықтайды.Егер қаңқасы елеулі ығысқан болса,оны кигизіп өлшеп,салғаннан кейін протез теңсеулі мүмкін .Мұндай протезді қайта өңдеуге тура келеді.Доғалы протезді салғаннан кейін оны тұрақтылығын беку дәрежесін доғалар мен тірек ұстағыш кламмердің протез тіні шырышты қабатына және тірек тістерге қатысты орналасуын тексерген жөн.Доғалы протезді жатқызғанда пластмасса негізгі назар аударған жөн.Біріншіден оның өлшемдерін бақылап көру керек.

Негіз шеттері өтпелі қатпардан шықпауы қәжет.Төменгі жақ сүйегі қозғалғанда негіз шеті протез тінінің осы аймағын шырышты қабатын жарақаттамауы керек.Пластмасса негіздің сапасын тексергенде оның тіссіз альвеола бөлігінің шырышты қабатына жақын жату дәлдігін байқайды.Ол үшін силикон қалып массасын қолданады.

Протезді соңғы нақты салу алдында оны қайта тіс техникасы зертханасына салу түзету кезінде зақымдалған негіз және қанқа учаскелерін жылтырату үшін жібереді.

Түзетілген жылтыратылған протез кигизіледі,наукаска жазбаша не ауызша нұсқа ұсыныстар берілген соң,ол кезекті қабылдауға шақырылады.Дайын протезді салмастан бұрын оны қарап негізгі мен шетінің қалындығын,сыртқы бетін,өңдеу сапасын,жылтырауын кламмерлер орналасуын мұқият тексереді.

Доғалы протезді кигізіп өлшегенде жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінде доғаның орналасуын байқайды.Доға мен шырышты қабат арасында саңылау болуы қәжет,оның шамасын бұрыштық зондпен тексереді.Доға тығыз жатса,ойық жара пайда болады,әсіресе қатты таңдайда шырышты қабык аз козғалмалы келсе,Доға қатты таңдайдын орта және артқы үштен бірінде орналасқанда оның және шырышты қабатының арасындағы саңылауы үлкен болса,бұл да ыңғайсыз .

Протезді өлшеп кигізудің келесі кезеңі-кламмерді тексеру .Кламмерлерді әсіресе ұстағыштарды протезді өңдеу кезінде шамадан тыс имеу керек себебі бұл протезді салуды киындатып тістер кіреукесіне артық қысым түсіреді.Содан соң протез орнықтылығын тексереді ,Теңселетін болса оның себебін анықтайды.

Науқасқа нұсқаулық

Протезді кигізіп өлшегеннен кейін науқасқа протезді пайдалану ережелерін үйретеді.Протезбен ыстық және сыуқ ас ішуге болады.Алғашқы кезекте катты азық-түлік абайлап жеген жөн,себебі олар әдеуір шайнау күшін қәжет етеді.

 


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 4361; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!