Сильная энергетика – сильный Казахстан. 12 страница



  Отандық экономиканы дамыту туралы. Меніңше, мықты әрі сау экономика бұл тәуелсіздіктің кепілі және еліміздің өркендеуінің негізі, ал өзінің жер қазба байлықтарын шетелдіктерге беріп қойған елдің экономикасын біз мықты әрі сау деп айта аламыз ба, міні осыны біз ойлауымыз керек. Мәселен, қазақтың мұнайының 80 пайызы үш мұнай кең орындарда жиналған ол Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған, үшеуін де мемлекетке қайтару керек деп ойлаймын. Жер қазба байлықтарымызды қайтару бұл біз үшін ең өзекті мәселе, бұл мәселені саяси өзгерістер болмай шешу мүмкін емес. Мен білуімше, барлық мәселелердің түбінде экономика жатыр. Егерде біздің еліміздің экономикасы мықты болса, жастарға жұмыс болады, зейнеткерлерге зейнетақылар да төленеді, мемлекеттік қызметкерлерге жалақылары төленеді, яғни қарнымыз тоқ көйлегіміз көк болады. Ал қарны тоқ көйлегі көк халық не үшін алаңға шығады. Сондықтан экономикасы қарқынды дамып жатқан елдерде әрқашанда тұрақтылық пен келісім болады. Экономикада біздің стартегиямыз қандай болмақ, әрине біріншіден біз жер қазба байлықтарымызды қайтаруымыз керек, бірақ бұл аз, біз индустриалды ел, инновациялы мемлекет болуымыз керек, ал осындай мемлекет болу үшін бізге ең біріншіден адами капитал қажет, яғни Қазақстанның азаматтары білімі мол, денсаулығы мықты, отаншыл, жан жақты дамыған, рухани бай адамдар болу керек. Ал біз осындай азаматты тәрбиелеуміз керек. Тәуелсіздік алғалы бері жиырма үш жыл өтті, енді анық айтуға болады кей бір теориялар Батыс елдерде жүзеге асырғанда жемісті болады, ал біздің елімізде еңгізгенде жұмыс істемейді, яғни біз өзіміз еліміздің ерекшеліктерін түсініп өзіміздің экономикалық стратегиямызды жүзеге асыруымыз керек деп білемін. Тәуелсіздік алғанда біздің экономикамыз кеңес одағының экономикасының бір сынығы болды, біз осыдан өз жолымызды бастадық. Экономиканы дамытқанда басқа да мемлекеттік басымдылықтарды ұмытпау керек деп білемін, ол тұрғындарға ұйлер салу, азық түлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканы жаңарту, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, ауылшаруашылықты дамыту, медицина саласын дамыту. Бүгінгі таңда енді жаңа басымдылықтарды айқындауға кез келді. Ол мынау, ішкі нарықты дамыту, экономикамыздың басқаруын жетілдіру, импорт алмастыру саясатты жүзеге асыру.   Ішкі нарықты дамыту туралы. Даму бұл біздің экономикамыздың ең негізгі идеясы болу керек. Әрине әрбір экономика үшін экспорт қажетті, бірақ ішкі нарықтың жағдайын да ұмытпау керек деп есептеймін. Бүгінгі таңда, Біздің түтынушылар өзгерді, кәзір олар ең біріншіден тауардың немесе қызметтің сапасына қарайтын болды. Әлемдік нарықта коптеген жаңа тауарлар мен қызметтер пайда болды, бірақ бәсекелестік те күшейді. Осыны бәрін ескере отырып ішкі нарыққа көңіл бөлу керек екенін анық түсінуге болады. Әлемнің алпауыт мемлекеттер ішкі нарығын дамыту керек екенін бұрыннан жақсы түсінген. Мәселен Қытай ішкі нарығын дамтуына кірісті. Кей біреулер айту мүмкін біздің нарығымыз өте кішкентай деп, ия ол солай бірақ отандық нарыққа жіберілген әрбір теңге он теңге пайда әкеледі, ал шетелдік нарықта жаратылған әрбір теңге бір теңге зиян әкеледі. Өйткені отандық нарықта жаратылған ақша ол өзіне зейнетақылармен, салықпен, шәкіртақылармен, жалақымен қайтып келеді. Сондықтан ішкі нарықты дамыту керек. Неге біз мысалы ішкі туризмді дамытпаймыз, біздің еліміде бәрі бар ғой ну ормандар, мөлдір көлдер, керемет өзендер, биік таулар демалғысы келетін адам үшін бәрі бар, біздің мақсатымыз қонақүйлер салып, қонақтарға жағдай жасау, ең біріншіден өзіміздің азаматтарымызға. Кәзір жазда шетелге барып демалып керек жоқ, елімізде демалу керек деп білемін. Біздің азаматтар шетелге шығып валютаны жаратпай өз елінде бүкіл тауарлар мен қызметтерді алу керек деп есептеймін, ал ол үшін біздің кәсіпкерлер өздерінің тауарларының және қызметтерінің сапасын көтеру керек. Өкінішке орай, біздің елімізде әлі әлемдік деңгейдегі кинотеатрлар, кафе, ресторандар мен аквапарктар жетіспейді. Неге мысалы біз отандық нарықта сақтандыру, білім беру, денсаулық сақтау, көліктік, логистикалық, ақпараттық қызметтерді дамытпаймыз, міні қаншама жұмыс бар. Егерде біз өз отандық тауарларымыздың және қызметтеріміздің тұтынушы болсақ, отандық кәсіпорындар шығарған өнімдерін көбейтеді, салық төленеді, жалақылар көбейеді, яғни біз бәріміз бұдан да бай, дәулетті ел боламыз, міні біздің стратегиялық мақсатымыз қандай болу керек. Әлемде кәзір қарқынды электрондық қызметтер дамып жатыр, неге біз бұны отандық нарықта дамытпаймыз, арнайы мемлекеттік бағдарлама жасамаймыз. Бүкіл әлемде жүздеген миллион долларларды сұлулық пен денсаулық индустриясы пайда әкеледі, неге біз осы саланы дамытпаймыз. Біздің мақсатымыз өз нарығымызды ешкімге бермеу, ал керекті тауарлармен мен қызметтермен өзімізді өзіміз қамтамасыз етуміз керек отандық өндірісті дамытып.   Тұтынушыларды алдау туралы. Ішкі нарықты дамыту үшін біз отандық нарыққа келген сапасыз тауарлардан да қорғауымыз керек. Мысалы, біздің өндіруші сапалы шикізатты пайдаланып сапалы аяқ – киім жасаса, шетелден әкелінген сапасыз тауар арзан болып біздің өндірушіні банкротқа ұшыратады, бұл бізге керек па, әрине жоқ. Бір жағынан біздің тұтынушылар алданады сапасыз аяқ киім алып, екіншіден отандық өндіріске зиян келтіріледі, яғни салық болмайды, жалақылар төленбейді, айналып келгенді біз бәріміз кедейлікке бір қадам жасайтын боламыз. Ал бұны ұлттық мүдделерге, тәуелсіздігімізге қарама қайшы деп есептеймін. Сондықтан біз отандық түтынушылардың құқықтарын қорғап, отандық өндірісшілерге қолдау көрсетуіміз керек. Бұнымен Үкімет айналысу керек деп білемін. Міні біздің экономикалық даму бағыттарымыз осы болу керек, біріншіден тұтынушылардың құқықтарын қорғау, екіншіден отандық нарықты қорғау, үшіншіден отандық өндірушілерді қорғау. Бірақ сонымен қатар индустриалды – инновациялы бағдарламаны жүзеге асырып отандық индустрияны модернизациялау керек. Сонда біз үлкен дәрежеге жеткен ұлт боламыз. Егерде біз отандық өнеркәсібімізді жаңартпасақ, біз ешқандай экономикалық жетістерге жете алмаймыз, осылай шикізат өндіруші болып қала береміз, ал бұл біздің ұлттық мүдделерімізге сәйкес келмейді. Ауыл шаруашылықты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, жеңіл өнеркәсібті т.б. салаларды бәрін модернизациялау керек деп есептеймін. Ардақты ағайын! Біздің сыртқы саясатта үлкен амбициялар болмау керек деп білемін, біздің сыртқы саясатымыздың мақсаты біздің халқымыздың әл ауқат деңгейін өсіру және шетел мемлекеттермен бейбіт және өзара тиімді қарым қатынастарды орнату болу керек. Біз шетелдік әріптестермен және Ресеймен стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруымыз керек деп білемін, бұл біздің достығымызды нығайтады. Шетелдегі қандастарымызбен біз байланысты нығайта беруіміз керек. Прагматизм, жүйелілік, болжаулылық біздің сыртқы саясатымыздың негізгі ұстанымдары болу керек, осыған сүйеніп біз шет мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайтуымыз керек. Кәзіргі таңда заманауи өркениеттің мән мағынасы тұрақты өзгерістер, бұл өзгерістерге біз әрқашанда дайын болуымыз керек, заманның талаптарына сай болу үшін. Бұл әрине қиын бірақ бізде басқа жол жоқ. Біздің мақсат - мұратымыз адал билік пен мықты экономика – еліміздің егемендігінің және ұлтымыздың гүлденуінің кепілі. Бұл мақсат мұратымызға қол жеткізу үшін еліміздің әрбір саналы азаматы, мейлі ол билікте болсын я биліктен бөлек жерде жүрсің өз үлесін қосу керек деп білемін. Еліміз бір еліміздің болашағы үшін біз бәріміз жауаптымыз, биліктегі адамдар келеді кетеді ал Қазақстан жасай береді. Сондықтан біз бәріміз бірігі Отанымызды гүлдендірейік, өйткені кәзір Отанымыздың тағдыры үшін біз жауаптымыз. Ал Отанымыз гүлденетін болса біз бабаларымыздың алдында, тарих алдында, болашақ ұрпағымыз алдында ұятқа қалмаймыз. Рахмет!.     Құрметті отандастар! Менің ойымша, бәрі дұрыс мақсат қоюдан басталады. Егер де сен дұрыс мақсаттар қойсаң сен дұрыс іс әрекеттер жасайсын, дұрыс мақсаттар қойсаң сен дұрыс жоспар жасай аласың. Бұл менеджменттің талабы. Ал қазақ халқының қандай мақсаттары ол осы ана тілімізді және ұлттық мәдениетімізді, ұлттық тарихымыз бен қазақ ұлттық болмысымызды жаңғырту, ол нарық пен жоспарлы экономиканың жақсы жақтарын пайдаланып, заманауи технологияларға негізделіп, жер қазба байлықтарымызды ұлттандырып, ғылым мен білім арқылы еліміздің экономикасын дамыту, ол мықты әлеуметтік саясатты жүргізу, халқымызға әлеуметтік игіліктер жасау және халқымыздың санын көбейту, ол зайырлы, демократиялы, ұлттық, дамыған мемлекетті құрып оны нығайту, ол отаншыл және сауатты, жігерлі әрі тапқыр, еңбекқор және жан жақты дамыған, дені сау рухани кемел жас ұрпақты тәрбиелеу, халқымызды аялап білім мен ғылым саласын, денсаулық сақтау саласын дамыту, ол азық түлік қауіпсіздікке қол жеткізу, ол мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтып қазақ әскерді кұшейту, ол шетелдік улы идеологиясы мен ықпалына тосқауыл қою және лаңкестікті жою, ол ұлттық ақпараттық кеңістікті дамыту, ол елімізде жасалған қылмыстардың санын азайту. Міні біздің ұлттық мақсаттарымыз. Осы мақсаттарды басшылыққа ала отырып біз осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қандай іс шаралар керек екенін саралап көрейік. Мысалы біздің ұлттық экономикамызды дамыту үшін үдемелі индустриалдық инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру керек пе, әрине керек. Бұл бағадарламаны дұрыс жүзеге асырсақ қазақтың көсегесі көгеретіні айдан анық. Ал жер қазба байлықтарды және шикізат өндіретін ірі кәсіпорындарды, мұнай кең орындарды мемлекетке қайтару керек пе, әрине керек, бұл біздің мемлекеттік бюджетімізге қосымша табыс әкеледі. Ал қазақтың бағын қалай жандыруға болады, қазақтың бағы жандыру үшін менің ойымша, қазақ халқының әл аухат деңгейін көтеру керек, тілін мен мәдениетін дамыту керек, мемлекеттілігін нығайту керек. Ары ғарай қарастырайық, мықты әлеуметтік саясат дегеніміз ол не, ол жыл сайын жаңа мектептерді, жаңа балабақшаларды, жаңа ауруханаларды, жаңа спорт нысандарды, жаңа мәдени ошақтарды, жаңа демалыс орындарды ашып оларды халыққа тегін немесе қолжетімді қылдыру. Ал еліміздің экономикасын дамыту деген не ол жылдан жылға жаңа өндіріс орындар ашу, жаңа жұмыс орындарды ашу, өз шикізатымызды өндіріп дайын өнімдерді жасап оны ішкі және сыртқы нарықта сатып пайда табу, азық түлік қауіпсіздікке қол жеткізу деген ол не ол ауыл шаруашылықты дамыту, ауыл шаруашылыққа жаңа технологияларды еңгізу. Ал еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және әскерімізді күшейту деген ол не ол жаңа әскери техниканы әскерге еңгізу, ол әскерде жаңа ұйымдастыру формаларды еңгізу, бұл әскерде тәртіпті күшейту, бұл әскерде тәрбие жұмысты қырқынды жүргізу. Егер де біз осы іс шараларды істесек, қалай еліміз дамымайды, қалай ол озық елдердің қатарына кірмейді. Сондықтан осы іс шараларды жоспарларға жинап жүзеге асыру керек. Бірақ бұл жерде бір тетік бар, жүзеге асыру керек деп айту оңай бірақ істеу қиын, оған білім керек, оған ерең еңбек керек. Шет елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыз әлі көп, өйткені біреу Отанға оралады, енді біреуінде ондай мүмкіндіктер жоқ болуы мүмкін, екіншіден ол жақта ата бабаларының қоныстанған жері, өйткені көршілес мемлекеттерге көп қазақтың жері өтіп кетті, бірақ шет елдерде, жат халықтардың арасында жүрсе де бұл біздің бауырларымыз ғой, олай болса олардың тағдырлары мені алаңдатады. Әрине олардың өмірлері ол жақта оңай емес, бірақ осыған қарамастан шетте жүрген қандастарымыз қазақилығын сақтағанына мен өте ризымын. Отаннан алыс болып қазақилықты сақтау бұл оңай нәрсе емес, сондықтан біз ел болып, ұлт болып бірігіп шетте жүрген қандастарымызға қол ушымызды созып, әрқашанда көмектесіп жүруіміз керек деп ойлаймын. Ал шетте жүрген қандастарымыз диаспораларға бірігіп бір бірін қорғаштап, бір біріне көмектесіп жүру керек. Ардақты ағайын! Қазақ халқын біздің ұлттық сезімдеріміз, талпыныстарымыз бен Қазақстанның тағдыры біріктіреді. Біздің барлық ойымыздың, толғаныстарымыз, кейде, ашу мен эмоцияның, ыстық пікірталастар мен байсалды талқылаулардың, үнсіз еңбек және наразылық танытудың, жалпы, барлығының мақсаты бір – ертеңгі Қазақстанның ең жақсы, ең күшті, одан әрі тамаша, одан әрі жайлы болуын көру, қазақ халқының одан әрі ынтымақты, одан әрі мықты да ұйымшыл болуын көру. Бізді тек қана тамырларымыз емес, ортақ мақсаттарымыз да біріктіріп тұр. Қазақ диаспорасы – бұл санғасырлық тарихымыздың жаңа құбылысы, шетелдегі қазақтар өздерінің өмірлік қабілеттерін түрлі жағдайларда және әр түрлі елде дәлелдей білулері керек. Қазақ диаспорасының бастан өткізген тарихы – бұл күрес пен жеңістің, ерекше жігердің тарихы. Әрбір қазақ отбасы тарихи отанның бөлігіне айналды. Диаспора идеялар мен тәуелсіздік арманына берілген жаңа ұрпақ берді. Әзіз халқым, сонымен қатар қазақ диаспорасы біздің жан күйзелісіміз бен алаңдауымыздың құралы, себебі жат жерлерде күн сайын проблемаларға соқтығысып жатамыз. Қазақша сөйлейтін, өз тамырларына берілген, отанына жақын, жалпы, ұрпақты қазақ етіп тәрбиелеу қажеттілігі болғанымен, оған кері әсер ететін көптеген жағдайлар, шарттар, азғырушылықтар тұр. Осылардың ішінде, мойындауымыз керек, бізде жоғалтулар көп болды, өкінішке орай, әлі де болады. Бар қазақ халқының ең жоғары мәселесі – осы жоғалтуларды азайту. Меніңше, жат болып кетудің алдын алу мен құралы – Қазақстанның нығаюы мен әлемдік мәртебеге ие болуы. Егер адам оз отанын, отандастарының жетістіктерін сәйкестілігімен мақтан тұтса, Қазақстан танымалдығы деңгейінің көтерілуі тіпті сонша алысқа кеткен қазақ халқын өз айдынына қайтарады. Қазақ Диаспора мен отан бір бірінің жалғасына айналуға тиіс. Қазақ Диаспора саяси, мәдени, ғылыми, денсаулық сақтау және спорттық қырлары жағынан отаннан нәр алып, отанды да нәрлендіріп тұруы қажет. Бұл оның Қазақстанның кескінсіз қосалқысына айналуы керек деген сөз емес. Бұл бір бірін толықтырып тұруды білдіреді.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 213; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!