Сильная энергетика – сильный Казахстан. 14 страница



Ал бүгін біз құрметті оқырмандар спорт туралы сөйлесейік, неге осы біз шетелден спортсмендерді әкелуге құмармыз, бұл әрекет біздің спорт саласын дамыта ма. Меніңше, шетелден спортсмендерді әкелу бұл оңай жол, әрине олар медалдар алып береді, бірақ сосын өз еліне кетеді. Сондықтан біз өзіміздің отандық спорт саласын дамытуымыз керек, ауылдан шыққан қара домалақтардын арасынан болашақ олимпиада чемпионарын өсіріп біз еліміздің спорт саласын жаңғыртуымыз керек. Осы жұмыста мемлекеттің орны ерекше. Бізге тек баланы оқытатын мектептер керек емес, бізге керегі білім беру мен бірге балалрды тұлға ретінде тәрбиелейтін мектептер керек. Рухани бай, мәдениетті, білімді, ой-өрісі кең, дербес ойлайтын азаматтарды тәрбиелейтін мектептер керек. Ал спорт осындай азаматты тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан біз бұқаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық инфрақұрылымды дамытуымыз керек. Салауатты өмір салтын қазақ халқына тартамды қылдыру үшін біз қолымыздан келгенімізді бәрін істеуіміз керек деп білемін. Құрметті отандастар! Заманауи әлемде спорт пен дене шынықтырудың рөлі өте маңызды. Спорт бұл бейбітшіліктің елшісі, спорт халықтар достығын нығайтады, салауатты өмір салтын насихаттайды, спорт әділдік пен адалдыққа үйретеді, өйткені әрбір ойында немесе жекпе жекте әрқашанда ең мықтысы жеңеді. Спорт дене мен бірге рухты шындайды. Спорт жастық шақ кезеңді ұзартады, шығармашылық белсенділікке серпін береді, өзінің күш қуатына сенмді нығайтады. Спорт адамдарды тәртіпті әрі жауапты, еңбекқор қылдырады. Спорт адамды төзімді қылдырады. Осының бәрін ескерсек спорт билікті алаңдататын көп мәселелерді шешеді. Осы сұрақтарға бірге жауап тауып көрейікші. Халықтың өлім жітімді қалай азайтуға болады?, Балалар мен жасөспірімдердің арасындағы қылмыс істеушілер саныныңқалай азайтуға болады?, Нашақолық пен маскүнемдікті қалай шектеуге болады?, Еліміздің азаматтардың отаншылдығын және мәдениетін нығайтуға қандай жолы бар?. Енбек өнімділігін қалай арттыруға болады, өйткені еңбек өнімділігін арттыру бұл еліміздің экономикалық қуатын арттыру. Осы сұрақтарға тек бір жауап қана бар ол спорт. Біз спортты және дене шынықтыруды елімізде дамытуға міндеттіміз деп білемін. Ұлттық идеология деген ұғым бар. Ол идеялардан жасалған біртұтас жүйе, идеология арқылы халықты бірктіріп мықты әрі гүлденген ел құруға болады. Менің ойымша, спорт біздің ұлттық идеологияның бір ажырамас бөлшегі бола алады. Мысалы бір бөлшегі тіл, екінші бөлшегі егемендік, үшінші бөлшегі бірлік, төртінші бөлшек тарих, алтыншы бөлшек ұлттық мәдениет, жетінші бөлшек ол ғылым, білім мен еңбек, ал сегізінші бөлшек спорт бола алады. Қазақстан спорттық держава міні біздің ұранымыз. Қымбатты отандастар! Қазақ ұлттық дәстүрлерде өзінің денсаулығын аялау, болашақ жауынгерлерді тәрбиелеу бар, олардың қайсарлығын, ептілігін, жылдамдығын шыңдау және күш қуаттары нығайтуы бар. Қазақ ұлттық дәстүрлі ойындар мен жарыстар әлі күнге дейін жаратылыстай сақталуда, бірақ жиырма бірінші ғасырда оларды дамыту үшін жаңа серпін беру керек деп білемін. Қазақ ұлттық спорт түрлерін кокпарды, қазақша күресті, бәйгені, аламан бәйгені, тоғызқұмалақты спорт түрлерінің тізіміне енгізіп елімізде дамыту керек деп ойлаймын. Қазақ спорт түрлерін дамыту жұмысын үйлестіру үшін Қазақ ұлттық спорт түрлерінің республикалық орталық атты мемлекеттік мекемені ашу керек. Осы мемлекеттік мекеме арқылы ұлттық спорт түрлерінің үздіксіз спорттық резервін дайындау жүйесін құру керек деп есептеймін. Қазақ ұлттық спорт түрлерінің дамыту үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептерде арнайы секцияларды ашу керек, ал облыстық деңгейде жастар спорттық дайындау топтарды ұйымдастыру керек. Қазақша күресті біріккен күрес стилдердің халықаралық федерациясының тізіміне енгізіп, жүйелі түрде елімізде ұлттық спорт түрлерінің чемпионаттар мен біріншіліктерді өткізіп тұру керек деп ойлаймын. Менің ойымша, біз көкпарды не болмаса қазақша күресті олимпиадалық спорт түрлеріне енгізу керек деп есептеймін. Ардақты ағайын! Қазақ ұлттық спорт түрлерімен бірге біз өзге де дәстүрлі олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін елімізде дамытуымыз керек. Бұқаралық спорт түрлерінің арасында біздің елімізде кеңінен таралған бокс пен күрес, футбол, волейбол, баскетбол, мини футбол, шахмат пен жеңіл атлетика, шаңғы мен велоспорт. Кәзіргі таңда біздің елімізде жиырма шақтай қоғамдық спорт федерациялар тіркелген. Елімізде физкультуралық қозғалысты дамыту үшін жүйелі түрде спартакиадаларды өткізу керек. Мысалы еңбек ұжымдардың арасында спартакиаданы, немесе қысқы спорт түрлерінің спартакиадаларды, әйелдердің арасында спартакиаданы өткәзуге болады, не болмаса мүгедектер спартакиаданы, студентердің арасында спартакиаданы өткізуге болады, мемлекеттік қызметкерлердің арасында спартакиаданы өткізу керек деп есептеймін. Әр өңірлерде төрт жылдың ішінде бір рет республикалық деңгейде олимпиадалық спорт түрлерінің спартакиадасын және қазақ ұлттық спорт түрлерінің спартакиадасын өткізу керек. Осы спорттық мерекелерге әлеуметтік және спорт нысандарының құрылысын бітуін ұштастыру керек. Сонымен бірге елді мекендерді абаттандыру жұмыстарының аяқталуынспартакиадаларға ұштастыруға болады деп ойлаймын. Құрметті отандастар! Бұқаралық дене шынықтыруға біз елімізде көбрек көңіл бөлуіміз керек. Жыл сайын сауықтыру жүгіріс пен жүріс күндерді, жалпыұлттық денсаулық күнін өткізу керек, жылы кезде қалалардың алаңдарында ертеңгілік бұқаралық жаттығулар жасауды ұйымдастыру керек. Халықты сауықтыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға республикамыздың бүкіл мемлекеттік органдары өзінің жұмысында басымдылық беру керек. Елімізде мәскүнемдікпен және алкоголизммен күресті күшейту керек деп есептеймін, осыған орай үкіметтің қауылысымен кешкінің он бір сағаттан кейін бүкіл республикада арақ пен шарапты сатуға тыйым салу керек. Біздің назарымызды қажет ететін тағы бір өзекті мәселе бар оны біз байыппен қараумыз керек ол мүгедектердің спортпен айналысуы. Кәзір республикалық балаларға және жасөспірімдерге арналған мамандырылған спорт мектептерде мүгедек балалар үшін адаптивтік дене шынықтыру және спорттық бөлімшелерін ашу керек. Мүгедек спортсмендерге арналған 2013-2018 мерзіміді Кедергісіз орта деген мемлекеттік бағдарламаны әзірлеп қабылдау керек деп білемін. Осы бағдарламада арнайы мүгедектерге арналған спорттық құралдарды алуға, адаптивтік дене шынықтыруымен айналысуға керекті құралдарды алуға, жарыстарды ұйымдастыруға қажетті қаражатты бөлінуді жоспарлау керек. Жалпы спорт туралы жаңа заң қабылдау керек деп есептеймін. Өкінішке орай біздің елімізде спортпен айналысатын мүгедектердің саны тым аз. Сондықтан оларды қалай спортқа құлшынысын арттыруға болатыны бірге ойластыруға щақырамын. Ардақты ағайын! Бәрі менімен келісетін шығар мен ойлаймын, біз ең біріншіден балалық спортқа көніл бөлуіміз керек. Жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыста спорттың рөлі өте маңызды. Болашақ чемпиондар сол балаларға және жасөспірімдерге арналған спорттық мектептерде қалыптасады. Сол жақты болашақ чемпиондардың нышандары қалыптасады. Спорттық мектептерде болашақ олимпиадалық жеңістерінің алдын ала жағдай жасалады. Өкінішке орай, ауылдағы балалар спорттық секциялар мен заманауи спорттық нысандарға қол жеткізе алмай жүр. Сондықтан біз балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық инфрақұрылымды ары ғарай дамытуымыз керек, олардың санын көбейту керек деп есептеймін. Спорт саласына біздің елімізде аз ақша бөлінеді, сондықтан біздің тренерлік және ұстаз кадрларының кәсіби біліктілігі нашарлау, спорттық медицина дамымай қалды, халыққа қол жетімді спортклубтар мен секциялар, стадиондар мен спорттық алаңдар жетіспейді. Осыған орай мен біраз ұсыныстарды айтайын: Біріншіден спорт саласына көбірек ақша бөлуіміз керек. Екіншіден әрбір облыс орталығында республикалық спорттық дайындау орталықтарын ашу керек деп есептеймін. Бұл жас спортсмендерді табуға және оларды дайындауға көмектеседі. Жергілікті билік органдарының шамалары жетіспейді, өйткені спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін қыруар қаржы бөлу керек. Үшіншіден жас спортсмендерді және ересек атлеттерді сапалы әлемдік деңгейде дайындау үшін біз спорттық медицина саласын дамытуымыз керек. Спорттық медицинада, спорттық психологияда, хронобиология саласында, реабилитология саласында, климатографиялық адаптация саласында жұмыс істейтін білікті кадрларды даярлау керек. Төртіншіден бұқаралық дене шынықтыру және спорт саласын дамыту үшін қала құрылысының заңнамаларын қатайту керек, міндетті түрде спорттық нысандарды салуға жер телімдерін бөліп. Сонымен қатар спорттық нысандарды салуға, спортық қызмет көрсетуді ұймдастыруға біз жеке инвесторларлы тартып оларды қолдауымыз керек деп ойлаймын.  Енді спорт және дене шынықтыру істері агентігіне біраз ұсыныстар айтып кетейін: 1. Спорт және дене шынықтыру саласында жаңа технологиялар мен ғылыми методикалық зерттемелерді еңгізу керек. 2. Балалар мен жасөспірім спорт саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу керек. Сонымен қатар студенттік спортты дамытуға арналған мемлкеттік бағдарламаны әзірлеу керек деп білемін. 3. Спорт және дене шынықтыру саласын дамыту үшін жалпыұлттық мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу керек деп ойлаймын. 4. Қазақ ұлттық спорт түрлерін және ұлттық ойындарын дамыту үшін, Республикамызда эксперименталдық алаңдарды ашу керек. Осы экспиременталдық алаңдарда қазақ ұлттық спорт түрлерін сақтап дамыту үшін және технологиялар мен әдістемелер әзірлеп оларды сынау керек. Қазақ ұлттық спорт түрлерін сақтап дамыту үшін жоғары деңгейде кәсіби спортсмендерді дайындау үшін өңірлік спорттық дайындау орталықтарын ашу керек деп есептеймін. Рахмет!     Құрметті отандастар! Тәуелсіздік – ең алдымен біздің халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Тәуелсіздің біздің халқымыздың басына киілген алтын тәжі, астына орнатылған алтын тағы. Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлық. Тәуелсіздік — халықтың үні. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік. Сондықтан осы тәуелсіздікті нығайту біздің қасиетті парызымыз. Ардақты ағайын! Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Ғасырлар өтсе де, бұл мереке өз мән-мағынасын жоғалтпайды. Осы күні біз өз елімізде егеменді саясат жүргізуге құқылы болдық. Егеменді елдердің қатарына қосылдық. Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық мәдениетіміз қайта жаңғырды. Азаттықпен бірге ұлттық рухымыз асқақтады, мәдениетіміз мәңгілік құндылыққа айналды. Ана тіліміз тұғырына қонды. Өз еліміздің, жеріміздің қадірлі иесі болдық. Тәуелсіздік бізге ұлттық мемлекет құруға мүмкіндік берді. Сондықтан біз үшін тәуелсіздік ең ұлы ұлттық құндылық. Тәуелсіздік бұл біздің халқымыздың көптеген буындарының ерең еңбегінің жемісі. Азаттық идеясы әрқашанда біздің намысты халқымызды санасының негізі болған деп білемін. Тәуелсіздік алу бұл біз үшін тағдыршешті оқиға, өйткені өз жерінің, елінің тағдырын құратын халық ол жасампаз халық. Егемендік, бірлік, халық, ана тілі, Отан мен үшін бір – бірін толықтыратын ұғымдар. Осы ұғымдар біздің ұлттық сана сезіміздің түп негізі болу керек деп ойлаймын. Біз тәуелсіздіктің қадірін терең түсінуіміз керек, өйткені тәуелсіздік біздің және біздің балаларымыздың жарқын болашағын өз қолымызбен құруға мүмкіндік берді. Заманауи әлемде тәуелсіздікке көптеген халықтар қолдарын жеткізе алмай жүр, өйткені тәуелсіздік әрбір халықтан отаншылдықты, ерлікті, қырағылықты, еңбекқорлықты, жоғары интеллектуалдық әлеуетті талап етеді. Тәуелсіздік бұл бабаларымыздың аманаты. Аманат - біздің қолда. Осы жауапкершілікті сезініп, егемен елдің азаматы деген атқа лайық болуымыз керек. Ерең еңбек етіп, жер қазба байлықтарымызды ұлттандырып, елімізді дамытуымыз керек. Бұл - біздің міндетіміз, бұл - бізге артылған жүк. Тәуелсіздік жолында құрбан болған әр қазақ қарақан басынан күллі жұртты жоғары қойған. Біз де биік ойлай білуге тиіспіз!. Тәуелсіздік біздің алдымызда аса жауапты, абыройлы тарихи міндет қойды ол халқымыздың талаптарына жауап беретін өркениетті мемлекет құру, бұл міндетті біз орындауымыз керек. Менің ойымша, елімізде бірлікті нағыйту үшін біз парламенттің рөлін күшейтіп, Парламентке үкіметті құруға мүмкіндікті беруіміз керек, өйткені біздің елімізде ішкі майдан болмау керек, ал мемлекеттік органдарға биліктен тыс жүрген ақылды азаматтарды тартуымыз керек деп ойлаймын. Тәуелсіздік күнінде біз желтоқсаншылардың алдына бас июміз керек деп ойлаймын. Біз оларға қарыздармыз. Қайратқа, Ләззатқа, Ерболға қарыздармыз. Қазіргі жаһандану кезінде өз ұлттық болмысымызды жоғалтпау үшін біз өз ана тілімізді, мәдениетімізді, салт дәстүрлерімізді сақтап оны жас үрпаққа аманат етуіміз керек деп білемін. Жастарға біздің мәдени және тарихи құндылықтарымызды насихаттап, оларды Отанды және ана тілімізді сүюге үйретуіміз керек деп білемін. Сондықтан тәуелсіздік күнінде біз жастарды тәрбиелеуге көбірек көңіл бөлуіміз керек, тек отаншыл және білімді жастар болашақта біздің тәуелсіз еліміздің туын биік ұстай алады! Менің ойымша, біз болашақ ұрпаққа дамыған мемлекетті табыстауымыз керек, яғни экономикамызды дамыту үшін, егемендігімізді нығайту үшін біз ерең еңбек етуіміз керек деп білемін. Сондықтан біз ай сайын 30 кәсіпорын, жыл сайын 360 кәсіпорындарды іске қосуымыз керек сонда біздің экономикамыз дамитын болады. Біздің еліміз импортты тауарларды ішкі нарықтан алмастырып көп нәрсе шығаратын болу керек инеден бастап тракторға дейін, киімнен бастап телевизорларға дейін, мұнайдан бастап автокөлікке дейін. Оңтүстік Корея мен Жапония мысалы осылай дамыған, өндіріс саласы дамыған ел ешқашанда тозбайды. Өндіріс экономиканың негізі, өндіріс дамитын болса бүкіл экономика дамитын болады, ал экономика дамыса ел дамитын болады. Экономиканы дамыты алады тек білікті, білімді мамандар. Осындай мамандарды дайындау біздің білім беру саласының міндеті деп есептеймін.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 225; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!