Сильная энергетика – сильный Казахстан. 11 страница



Қымбатты достар! Біз ұлттық музыкалық өнерімізді де дамытуымыз керек. Қазақ музыкасы қазақтардың жан дүниесін танытып, ерекше әуенде болуы қажет. Қазақ ұлттық мәдениеті – байлығымыз бен игілігіміз, оған баса назар бөлуіміз керек. Менің ойымша, біз қазақ әдебиетті дамытуымыз керек, бұл біздің рухани қазынамыз. Мәдени мұрамызға көңіл аударып, оны зерттеп және дамытып, азаматтарымыздың арасында насихаттауға тиістіміз. Жаңа қазақ қоғамы мемлекеттілік пен дамудың идеясында ұлттың бірігуіне әкелетін қайта өрлеген ұлттық таным мен моральді-саяси құндылықтар негізінде дамуға тиісті. Бұның маңызды факторы ретінде жалпы табысқа жетудің кепілі саналатын билік пен халық арасындағы өзара түсіністік, өзара сенім болып табылады. Бұндай қатынастар демократия мен жоғары заңдар негізіндегі мемлекет құрылысында жағымды жағдайлар жасайды. Қоғамымыздың қалыптасуы және белсенді дамуының қазіргі кезінде азаматтарды тәуелсіздіктің принциптері мен құндылықтарына тәрбиелеу мемлекеттегі жаңа қатынастардың негізін одан әрі нығайтады. Бірақ, бұл жерде ескеретін өте маңызды жағдай: қоғамдық дамуды жасанды жеделдету үрдісі өтпелі кезеңнің нәзік балансын бұзып, адамдарға түзелмес зиян тигізеді. Мемлекеттің демократиялық құрылысы оның пейілі мен ғұрпына келісетінін, қоғам мен тұлғаның демократиялық шақыруларға дайын екенін халық түсіну қажет. Халқымыздың жетістіктері оңайлықпен келген жоқ. Біз әрқашан ерік пен бірліктің арқасында жеңіске жеттік. Бұл – біздің жеңісіміздің формуласы. Бізде жаңа жеңістерге деген ерік пен батылдық бар. Демек, Қазақстанның жаңа жетістіктеріне, Қазақстанның жеңістеріне, сәтті Қазақстанға – алға! Қазақ халқының қалпына келуі – мереке, орындалған арман, ең алдымен – жауапкершілік. Біз бұдан былай қауіпсіздігіміз, экономикамыз, мәдениетіміз, бүгініміз бен болашағымыз үшін жауаптымыз. Тәуелсіздігімізді қалпына келтіргеннен кейін, бізді еркін Қазақстанда біріктіріп тұратын мақсатымыз – рухани игілік, өзара құрмет, қиындықтар алдындағы бірлікті жоғалтпайық. Бүгініміз бен келешегімізді біз өзіміз құрамыз. Болашақта біз күрескен, біз армандаған, біз қалаған Қазақстанның болуы біздің іс-әрекетімізге байланысты. Біз қандай болсақ, мемлекетіміз де сондай болмақ. Жүректерде сақталған тәуелсіздік рухы бізді жаңа ақталуларға, өз өзіне сенімді және мақтан тұтатын, әр адам жақсы өмір сүре алатын Отан құруға әкеледі. Келешекте қиындықтар, сынақтар және жаңа шақырулар болуы мүмкін. Бірақ біз барлығымыз бірігіп, бар ауыртпалықты жеңеміз! Еліміздің ұлы тарихы бұны дәлелдеп берген. Батылдық, жігер және табандылық, инновациялылық және іскерлік, еңбекқорлық және бірлік, білім мен біліктілік – жетістігіміз бен ынталы жаңарудың кепілі. Сондықтан мен еш күмәнсіз айтамын: болашақ Қазақстанды сүйейік және оған сенейік. Сенімді қалыпқа келтіріп, жемқорлық пен өтірікке қарсы тұра алатын, нақты құндылықтары бар және оларды қорғай алатын берік қоғам құрайық, құрметті отандастар. Ұлттың өмір сүруінің ең маңызды негізі ретінде, мемлекеттің және еркін, егемен Қазақстан тұрғындарының бірлігінің нышаны ретінде қазақ тілі мәңгілік жасасын! Тарихи сынақтардан болашақ Қазақстанға шексіз сеніммен, екпінмен және намыспен өткен халқымыз жасасын!   ***   Ардақты ағайын! Бүгін мен Сіздермен қайтадан өз ойларыммен бөлісейін деп едім. Менің ойымша, Байқоңыр ғарыш айлағын ары ғарай Ресейге жалға беру керек, келісім шарт бойынша 2050 жылға дейін, бірақ апатты жағдайларда біз өтемақыны төлеуді талап етуіміз керек. Ал Байқоңыр қаласын Ресеймен бірігіп біз дамытуымыз керек деп есептеймін. Өйкені біріншіден Ресей біздің стратегиялық әріптесіміз, екіншіден Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алған үшін бізге Ресей келісім шарт бойынша өтемақы толейді. Жергілікті қазақтар ғарыш айлағы арқылы жұмыспен қамтылған. Кей біреулер ойлау мүмкін Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан кетсе басқа мемлекеттер арқылы оны пайдалануға болады деп, жоқ әрбір мемлекеттің зымырандары бір біріне мүлдем ұқсамайды, сондықтан Байқоңыр ғарыш айлағынан тек ресей мен украиндық зымырандарды ұшыруға болады, яғни Байқоңыр ғарыш айлағы тек Ресейге ғана керек. Ал мұнай кең орындарымызды және шикізат өндіретін кәсіпорындарды біз толық мемлекетке қайтаруымыз керек деп есептеймін. Құрметті отандастар! Ең алдымен, әр тұрғынның өз-өзіне және еліне деген сенімге ие болуын қамтамасыз етуге уәде беремін. Өзімізді және ой-өрісімізді айналамыздағы жақсы нәрселерге қарай өзгертсек – жақсы өзгерістерге қол жеткіземіз. Бастауында еңбек пен білім жатқан кезде, жолда кездескен еш қиындыққа қарамастан Қазақстан болашағы жарқын болатынына сенемін. Қабылданатын экономикалық шешімдердің ел дамуына, ұлт жағдайының көтерілуіне, азаматтардың материалдық жағдайының жақсаруына әсер етіп, адамдардың өмір сүргісі келетін, жұмыс істегісі келетін, оқығысы келетін орта құруына әсер етеді деп ойлаймын. Бай табиғи ресурстарымыз, еңбекқор да білімді халқымыз, мемлекеттің мықты саясаты арқылы еліміздің гүлденетінін дәлелдеуге дайынмын. Осы жұмысымда көпшілік тұрғындардың мені қолдайтынына, ұлттық мүдделерге жауап беретін саясатты іске асыруға күш-қуатымыздың жететініне кәміл сенемін. Сонымен қатар, елімізде әділ сот пен жақсы басқаруды нығайту керектігін көрсетемін. Менің борышым – жеке өзім үшін емес, мемлекет игілігі үшін әсер ету. Республиканың дамуы өз қолымызда, біздегі күш-қуат, құрбаншылдық, отаншылдық халқымыздың саулығына негізделеді. Қазақстан халқы – оның ең басты да ең құнды мемлекеттік байлығы. Адам – ол экономиканың бастауы мен мақсаты. Сондықтан да мен адамның, отбасының, мемлекеттің теңдестірілген дамуын ең басты етіп көрсетемін. Кей кездері бізге білім мен тәжірибені жеткіліксіз болып қалуы себебінен, менің басымдылығым – білім жүйесі. Дамыған елдерде білім мен дана ой және олардың тиімді пайдаланылуы – ел өсуінің негізі. Ел мүддесінің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде халықаралық аренада оны нық қорғауымыз керек. Ең негізгі құндылығымыз – еркін, тәуелсіз, дамыған қазақ мемлекеті. Біз оны қорғаймыз. Басты мәселеміз – қазақ мемлекетінің егемендігі мен оның қорғанысы екенін әрдайым айтып жүрмін. Қосқым келетіні, қазақ мемлекетінің дамығанын қаласақ, Қазақстан халқының амандығын қаласақ, бұл жеткіліксіз. Бізге керегі, жоғары мемлекеттік лауазымнан бастап ең қарапайым жұмысқа дейін әр адам мемлекетке, ойына, шешіміне, іс-әрекетіне дербес қарап, өзін еркін сезіне білуі керек. Барлығымыз бірге еркіндік ауасымен тыныстайтын боламыз. Керей мен Жәнібек хандар құрған мемлекет көптеген ұрпақтардың күш-жігері арқылы халқымызды бүгінге жеткізді. Мемлекеттілігімізді нығайтудағы ата-баба ісін жалғастыруға міндеттіміз. Әр халықтың тарихы өзінше қиын. Біздің тарихымыздың қиын болып қана қоймай, үмітке толы болғандығына қуануымыз керек. Бүгінгі күні тәуелсіз және егеменді ел екендігімізді, аспан түстес байрағымызға мақтанышпен қарай алатынымызды айта аламыз. Бұл – тарихымыздың ең жақсы жетістігінің куәсі. Біздің тарихи жолымызда талай сынақтар, жеңістер мен жеңілістер, ауыр шығындар және жарқын үміттер болды. Осы жолда халқымыз өсті, нығайды. Қазақстанның ары қарай дамуы үшін адамдардың өз мемлекетіне деген сенімі мен біріккен еңбек қажет. Қазақстан игілігі үшін тер төгуге дайынмын! Қазақстанды біз өзіміздің жақын, сұлу адамымыздай жақсы көреміз. Өз сезімдерімізді жиі жасырсақ та, Отанымызбен бірге оның жетістіктеріне қуанамыз. Қиын кездерде мұңаямыз. Үміттерімізді ақтамаған кездері ренжиміз. Алысқа кеткенде сағынамыз. Қазақстанда болған кезде де, басқа жақтарда жүрген кезде де уайымдап, болып жатқан оқиғаларды қадағалауды тоқтатпаймыз. Жерді, халықты, отандастарды адам өзі таңдамайды. Қазақстан бізді таңдады. Сондықтан да біз осындамыз. Бізді таптады, бірақ езіп тастай алмады. Бізге оқ атты, бірақ құлата алмады. Бізді жаулап алды, бірақ бағындара алмады. Әр жерге тарап кеттік, бірақ біздің тамырымыз осы жерде. Сондықтан туған жерімізді гүлдендірейік, ол үшін аянбай тер төгіп, білім алып, адал қызмет етіп қазақ халқыны жаңа жетістіктерге жеткізейік! Бұл біздің қасиетті борышымыз! Қазақстан жаһандық экономикада әрекетшіл болуы керек. Қазақ мемлекеті өз дамуында бедел мен мақсатқа жету мүмкіндігіне ие болуы үшін, экономикамыз жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Болашақтағы Қазақстан еңбекқор, білімді, азаматтық жауапты және ұйымшыл халық өмір сүретін ақылмен басқарылатын, экологиялық, шығармашыл, әлеуметтік әрі ұлттық мемлекет болады. Қазақ Елі – мықты халқы бар ел. ХХІ ғасырдың жаңашыл Қазақ мемлекетін құратынымызды білемін. Қазақстан басқа елдермен достық, ынтымақтастық, сыйластық негізінде байланыс орната алатын белсенді, инновациялы, шығармашыл және ұлттық ел болатынына сенімдімін. Барлық ойым мен ісімді осы мақсатқа арнауға дайынмын, себебі мен Қазақстанды сүйемін. Жаратқан иеміз Қазақстанымызға қолдау болсын! Жаратқан иеміз еңбегімізге демеу болсын!   ***   Күшті экономика мен адал билік – еліміздің егемендігінің және ұлтымыздың гүлденуінің кепілі.   Құрметті отандастар! Біз тарихи жаңа кезеңге қадам бастық, біздің көз алдымызда Украина сияқты кеше ғана дамып жатқан мемлекеттер құрдымға кетіп бара жатыр, біздің көшілеріміз өз саясатын өзгертіп жатыр, осындай қиын жағдайда біз тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін, өз жерінде өмір сүріп өз тағдырыңды өзің шешуге қасиетті құқығымызды қорғап қалу үшін біз барлық күш жігерімізді жұмсауымыз керек, өйткені мемлекеттік тәуелсіздік біздің ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздігімізді қорғап қалу үшін бізге төрт нәрсе қажет: Біріншіден бірлік Екіншіден шетел мемлекеттердің қателіктерінен біз сабақ алуымыз керек Үшіншіден мықты экономика Төртінішіден халқымызды шабыттандыратын еліміздің болашағының айқын жобасы. Бірлік туралы біздің дана халқымыз көп мақал мәтелдер ойлап тапқан мысалы бірлік түбі береке, бірлік бар жерде тірлік бар, Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады, Бірлікті ел бұзылмас. Яғни біздің бабаларымыз бірлікке ұмтылған, бірлікті қалаған және бізге бірге болуды аманат еткен. Біз қазақтар біздің қоғамымыздың жікке бөлінуіне жол бермеуміз керек. Әрине кей біреулерге біздің тәуелсіздігіміз ұнамас, егерде біздің қоғамымыз жікке болінетін болса бұны пайдаланатын сыртқы күштер міндетті түрде табылады. Бірлік арқылы біз бабаларымыздың арманын жүзеге асырдық, тәуелсіз мемлекет құрдық. Егерде біз бірлігімізді сақтап қалсақ, біздің тәуелсіз мемлекетіміз өзінің тарихи жолын жалғастыра береді, жікке бөлінсек құрдымға кетеді. Экономикамызды дамыту үшін біз парасатты мағынаға сүйеніп, жер қазба байлықтарымызды қайтарып еңбек адамды қорғап қолдап тұруымыз керек деп білемін. Экономикада біздің жолымыз әділеттік болу керек деп есептеймін. Бірлік дегеніміз ол бәрі бірдей ойлау керек деген сөз емес. Бізге бәріне немқұрайлы қарайтын, ұлттық құндылықтарсыз, сенімсіз, тамырсыз құл қоғам керек жоқ, өйткені бұндай қоғам жауға тез жеңіледі. Бізге әртүрлі пікірлер мен идеялары бар белсенді азаматтардан құрылған сау қоғам керек. Отанды сүюге негізделген сын Қазақстанның одан әрі көркеюін көру ниетімен байланысты, сондықтан бұндай сынға біз түсіністікпен қараумыз керек. Ашық қоғамдық диалог бұл саяси дағдарыстан және жікке бөлінуден құтқаратын ең мықты құрал. Біз үшін халқымыздың саны кобеюі бұл игі. Сондықтан біз өз ұлтымыздың санын ар ғарай көбейтуіміз керек деп білемін ол үшін біз шетелдегі қандастарымызды елімізге көшіріп, бала туған әйелдерге жәрдемақыны көбейтуіміз керек. Біз қазақтар әрқашанда өз жерімізде өз елімізде өмір сүріп, өзіміздің тағдырымыздың өзіміз шешуге тиіспіз. Ал көрші елдермен біз әрқашанда дос болуымыз керек, өзара тиімді экономикалық қарым қатынастарды нығайтуымыз керек. Біздің Тәуелсіздікке жеткізген тарихи жолымыз өте ұзақ болды. Біздің бабаларымыз тәуелсіздік пен туған жер үшін, өз елінде еркін өмір сүру құқық үшін сансыз жаулармен соғысып өте көп қан мен көз жасын төккен. Сондықтан тәуелсіздік біз үшін ең басты құндылық және қасиетті ұғым, ал осы тәуелсіздікті сақтап қалу үшін бізге бірлік керек. Менің ойымша, қоғамда әртүрлі пікірлергі төзімділік болу керек, ал объективті сын сөздерге біз түсіністікпен қарауымыз керек егерде сын сөздер елімізді одан әрі көркеюін көру ниетімен байланысты болса. Біз әрқашанда диалогқа ашық болуымыз керек егерде диалогтың мақсаты еліміздің дамуы болса деп білемін.   Құрметті достар! Болашаққа сеніммен қарау үшін біріншіден өткен күндерге зер салу керек, екіншіден жан жағымызға да қарауымыз керек. Не үшін десеңіз, көршілердің қателіктерін қайталамау үшін. Мәселен Украина, украинадағы дағдарыстың екі себебі бар, біріншіден ол жемқорлық, екіншіден экономиканың әлсіздігі, екеуі де бір бірімен байланысты. Жемқорлық украинаның экономикасын әлсіз қылдырды, ал экономикалық әлсіздік украинаның егемендігіне балта шапты. Украинадағы саяси дағдарыс бұл бәріміз үшін ескерту, ал біз болсақ бұны түсініп дұрыс шешім шығаруға тиіспіз. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес ешуақытта тоқтамау керек деп білемін. Бұл менің азамат ретінде принципиалдық ұстанымым. Осы сыбайлас жемқорлықты біз елімізде жеңдік деп айта аламыз ба, өкінішке орай жоқ. Сондықтан биліктің әр деңгейінде біз сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуіміз керек деп есептеймін.   Адами капиталды дамыту туралы. Әрбір табысты экономика, әсіресе білім экономикасы ең біріншіден адами капиталға сүйеніп дамиды. Адамның денсаулығы мен білімі адами капиталдың негізі, бұл экономикалық категориялар сондықтан мен спорт саласына, денсаулық сақтау саласына, білім беру саласына көп көңіл бөлу керек деп есептеймін. Бүгінгі таңда үздік әлемдік корпорацияларының бағасында адами капиталдың үлесі бәрінен де көп. Өйткені кәзір ақша мен ғимараттардан, машина мен механизмдерден гөрі адамның білімі қымбат. Білімі бар адамдар интеллектуалдық командаларға бірігіп жаңа идеялар мен инновациялық өнімдерді шығарып әлемнің алпауыт компанияларға көп табыс әкеледі. Тіпті дәстүрлі экономикалық салаларда жұмыс істейтін компанияларда адами капиталды дамыту керек екенін түсінді, инновацияларсыз 21 ғасырда бәсекелестікке қабілетту болу мүмкін емес. Адамзаттың дамуының даңғыл жолы осы, қазағым адам және оның білімі материалдық ресурстардан, қаржыдан, тіпті ақпараттан да қымбаттау болып бара жатыр. Біз қазақтар түсінуіміз керек адам өмір бақи оқу керек екенін, оқы, оқы және оқы деп айтылған кезінде бұл сөздер әлі де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Біздің білім беру жүйеміз 20 жылдың ішінде реформалардан көз ашпай келе жатыр. Реформалар дұрыс па, бұрыс па ешкім ештеңке айта алмайды, не үшін біз Болондық процесске қосылып жатырмыз, неге кеңес одағынан мұра болып қалған білім беру жүйесі ұнамай қалды түсініксіз. Сондықтан менің ойымша, біз білім беру саласында реформаларды тоқтатуымыз керек, кеңес одағынан мұра болып қалған білім беру жүйесі жаман емес, оны тек жетілдіру керек жаңа технологияларды еңгізіп болды. Мәселен Белоруссияда білім беру жүйесінде реформалар болған жоқ, ал ол жақтағы балалардың білімі жоқ деп айта алмаймын. Сосын Білім беру саласында біз кәсіптік техникалық білім беру саласына көбрек көңіл бөлуіміз керек деп есептеймін, ал мектептеріміз қауіпсіз болу керек деп ойлаймын, сондықтан заманауи технологияларды біз мектептерімізде еңгізуіміз керек. Білім беру министрлігі мен Үкімет осымен айналысу керек деп білемін.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 221; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!