Сильная энергетика – сильный Казахстан. 6 страница



Мемлекет, ел және ұлт түсініктерінің бір бүтіндігі – Отанның бағалылығы. Ту, елтаңба және әнұран – асылдарымыз, отаншылдыққа тәрбиелеудің негіздері. Олар тәрбиеліліктің үш түрін бейнелейді. Ол: сөзбен тәрбиелеу, рухани тәрбиелілік және іспен тәрбиелеу. Барлығы сөзбен басталып, сөзбен аяқталады. Барлық жолдар сөзбен байланысты, тек сөз ғана барлық жерге өте алады. Әнұранның сөзі мен музыкасын бұрмаламаңыздар. Себебі сөз – ол ар. Сөзбен тәрбиелеуді рухани тәрбииелеумен байланыстыр. Рухани тәрбиелілік – ол шын жүректен, еш күнәға қалмай сөйлеу. Тіліңмен ғана емес, жүрегіңмен де сөйле! Сөйлегенде сөзің мен жүрегіңнің арасында келіспеушілік болмайтындай сөйле. Сөзбен және рухани тәрбиелілер ретінде Әнұранды жүрекпен сезініп орындаңыздар. Мемлекеттік Тууымыз бен Мемлекеттік Елтаңбамызда Отанымыздың жинақты бейнесі берілген. Осы нышандар арқылы қазақтар жайлы және Қазақстан жайлы трүсінік қалыптасады. Тудың көк түсі ашық аспанды білдіреді, қазақтардың аспаны әрдайым ашық болғай, ал Күн өмір мен баршылықты сипаттайды. Қазақтар әрқашан баршылықта өмір сүрсін! Туымыздағы самғаған бүркіт бейнесі ұлтымыздың рухын, оның жоғары талпыныстарын бейнелейді. Тудағы ұлттық өрнек біздің ежелгі және мәңгілік мәдениетімізді білдіреді. Еліміздің елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі Қазақстан атты ортақ үйдегі қазақтардың мәңгіліңк және мызғымас бірлігін білдіреді. Ал қанатты тұлпарлар – Отанымыздың көне тарихының, тазалықтың, мемлекетіміздің ұмтылушы дамуының бейнесі. Тұлпар – бостандық пен еркіндік, себебі тұлпар ерттеген қазақты ешкім және ешқашан өзгенің еркіне мойынсұнуға мәжбүрлей алмайды. Елтаңбадағы жұлдыз – қазақ халқының бақытты жұлдызы. Бізге әрқашан жарқырап тұрсын!Мемлекеттік тудың көк жібегі мен басқа да нышандар қазақтардың сенімділігі мен мәңгіліктілігін білдіреді. Біздің бет-әлпетіміз әр түрлі болғанмен, біздің жанымыз бен жүрегімізді біріктіріп тұратын – Ту, Әнұран, Елтаңба. Менің жас досым!. Әнұранды орындағанда, басыңды тік және мақтанышпен ұста! Алақаныңды ашып, қолыңды жүрегіңе қой! Жүрегіңнің дүрсілі қолыңа беріліп, ол барлық денеңе тарасын! Сол кезде сенің жүрегіңнің дүрсілі бар қазақтың жүрек дүрсілімен үндесіп, қазақтың мәңгілік әнұраны орындалады! Ту мен Елтаңбаны қолға ұстап келе жатқанда олар сенің басыңнан жоғары болуы керек! Қабырғаға бекіткен кезде адам бойынан жоғары етіп іл! Туымыз аспанда қазақтардың ұлылығын көрсете жоғарылай желбіресін! Мемлекеттіе Елтаңбамыз қазақтардың рухындай биікте болсын! Осының барлығын түсінетіндерге мемлекеттік асылдарымызға бас ию – үлкен бақыт. Бұдан былай әр үйдің төбесінде қазақтың ұлттық туы желбіреп тұруы керек. Байрағымыз қазақтардың кеңпейілділігін, ынтымақшылдығын сипаттай берсін. Өзіміздің ұлттық асылдарымызға Құдайға сенгендей сенуіміз қажет. Жарқыным, сенімен аспандай биік, жердей қарапайым жазылған шындықтар жайлы сөйлесіп отырмын. Бұл шындықтар жандай үйлесімді, ақылдай өткір. Өткенімізге үңіліп, бабаларымызбен ойша жүздесіп көрейікші. Қалай ойлайсың, олар сенде қанша екен? Көп жастар өз шежіресін білмейді. Одан үлкендері де жарытып мақтана алмайды. Ал біздің әкелеріміз бен аталарымыз өз тектерін білген. Жеті, сегіз, он ұрпақ па? Не одан көп пе? Әрине, көп болады, себебі бізден кейін бар қазақ халқы тұр! Ал қанша болашақ ұрпақтарыңды елестете аласың? Ұлдарың, немерелерің, шөберелерің, одан әрі... одан соң? Одан соң де тек қана қазақтар! Міне саған айтпағым: отан үшін – мемлекет, ел, ұлт, яғни өзің үшін және ұрпағың үшін жақсы өмір сүр, істеріңде сенімділік пен тәрбиелілікке ие болуға көмектесетін шындықтарды тануға ұстыл! Сонда, жаның да санаң да тыныш, өмірің де мәнді болмақ. Тағы бір сұрақ сіздерге, достарым, әрине, өздеріңіз де бұл жайлы ойланған шығарсыздар: бесмыңжылдық тарихы бар қазақтар қалайша мемлекеттер құрып, өз мәдениеті мен тілін сақтап қалды? Оларды қалай басқарды? Елін қалай қорғады? Әрине, бұның түп негізінде қазақтардың ерлік рухы, батрылық пен қайсарлық секңлді тамаша қасиеттері жатыр. Қазақтар өздерін танытты және тарихқа жауынгер халық ретінде енді. Қазақшылық пен әдет халықтың ыдырап кетпеуі үшін мемлекет функцияларын атқарды. Үнемі бір жерден бір жерге көшіп жүретін қазақтар соңғы жылдары қазақшылықпен және әдетпен өмір сүрді. Бабаларымыздың өз дәстүрлері, ғұрыптары, заңдары болды, егере кімде-кім заңдарға бағынбаса, жазалау шараларын халық өзі таңдаған. Бабаларымыз өмір бойы өз халқын еркін, тәуелсіз, бақытты күйде көргілері келді. Осы уақытқа жету жолында халық көп қиындықтарды кешті. Мыңдаған адамдар Отан тәуелссіздігі үшін құрбан болды. Қазақ жеріне арам ниетпен келгендердің ешқайсысы халқымызды тізе бүктіре алмады, арын аяққа таптай алмады. Өйткені қазақ халқы әрқашан төтеп бере алатын жаужүрек халық болды. Дәстүрлерін берік ұстанған, Отанын шексіз сүйіп, мақтант тұтатын бабаларынан біздің жастарымыздың үйренері көп. Отанға деген махаббат пен мақтан тұтуды ешбір күш жанши алмас. Тарихтан жауға қарсы шыққан ерлерімізді білеміз. Абылай хан, Әбілхайыр хан, Кенесары, Керей мен Жәнібек, Бумын хан, Атилла, Мөде хан, Күлтегін, Бейбарыс, Қасым хан, Амангелді батыр,Қабанбай батыр, Наурызбай батыр, Едіге, Махамбет, Исатай сынды қолбасшылар есімі бүгінде әлемге әйгілі. Құрметті достар! Біздің арымызға лайықты ұлттық батырларымыз жетерлік. Әскери өнер қазақтарға жат болған жоқ. Өздері батыр, аттары әрқаша ерттеулі, өздері дереу шайқасқа шығуға дайын бозбалалары бар халық ұрпақтан ұрпаққа әскер өнерінің қыр-сырын жеткізіп отырған. Қазақ қылышына мысал келтірейін. Неге ол қиғаш? Себебі, қиғаш қылыш шабуылдауға арналған. Егер оны ала жүгіретін болсаң, жау тез арада алыстайды. Артта қуып келе жатқан жауға бұрылып соққы беру қиын. Қазақтардың әскер өнерінің шапшаңдығы мен құлығынң үлгісі тамаша! Алдымен олар атты басқаруды, шауып келе жатқанда тоқымнан секіруді, оқтардан еңкейіп қалуды меңгерген. Осы қабілеттерді ұлдары мен інілеріне жеткізген. Біз ешкімді қанаған жоқпыз, өз дәстүрімізге, тілімізге, жерімізге адал болдық. Біздің арымызға лайықты, біз әрдайым есте сақтап жүретін ұлттық батырларымыз бар. Оларды біл, есіңе сақта, досым! Саған, қымбаттым, әлі көп нәрсені тануың, білуің, үйренуің керек. Ата-бабаларың секілді сен де өз халқыңды сезінуді үйрен. Қазақтың ақирет күнінің алдындағы ойы оның өмірінен соң қай жерде жататыны. Себебі, өмірімізден соң да біз ешқайда кетпейміз, сүйегіміз Отанда қалады. Ешкім де: «мені қалаған жерлеріңе жерлеңдер» деп айтпайды. Әркім өз туғандары мен жақындарының жанынжа жатқысы келеді. Әркім өз Отанында қалғысы келеді. Отанды сезіну өлімнің өзіне мән береді. Отанды сезіну әр қазақтың өміріндегі бастан кешетінінің соңғысы. Бабалар қаны тамған жеріміздің әр бөлігі біз үшін аса қасиетті, біздің ең үлкен арымыз! Осы жерде құрып жатқан мемлекетіміздің істерінде осы асылдарымыз бізді шабыттандырады, күш-қуат береді. Отанның ұлылығы – біздің жүрегімізде. Бүгінгінің қазағы өз істерінде осы ішкі ұлылықты іске асыруы тиіс. Себебі Отан құндылығы – сенің құндылығың, балаларыңның құндылығы. Егер барлығымыз бірігіп Отан үшін тырыссақ, оның құндылықтарын өзіміздікінен жоғары қойсақ, адал еңбегіміздің арқасында байымақпыз. Отанды байытпай бай болып кетуге де болады, бірақ сенің ол байлығың бақыт әкелмейді. Отанды ұлықтамай, жоғары өрлей алмайсың. Ұлылық – тек Отанда, Отанмен бірге. Отаншылдық сезімі – қазақтың ең жақсы адамгершілік сезіиі. Асыл Отанымызды, туған жерімізді өмірден артық сүйіп, сақтау, көздің қарашығындай қорғау – сіздердің мақсаттарыңыз бен парыздарыңыз. Барлықтарыңыз жарқын білім алып, мамандыққа ие болуларыңыз керек. Қазақ бозбалалары мен бойжеткендерінің білімін халқына арнау, жаңак жоғары технологияларды игеру, елдің қорғаныс күшін нығайту, жоғары мәддени деңгей, рухани байлық, отаншылдық сияқты қасиеттері болуы қажет. Сіздер жаһандық дамуға халық үлесін көбейту үшін қажетсіздер, сондықтан қазақ тарихын оқып, бабалардың әдеби және мәдени мұрасын игеріңіздер. Нағыз қазақтардың парызы – үлкендерді құрметтеу, кішіппейіл болу, ар тазалығын сақтау, еңбек ету, жалындап өмір сүру, мәдениетті көтеру,қазақ халқының мәдени мұрасын сүю және сақтау, туған жерді қорғау. Біліңіздер және сеніңіздер, қымбаттыларым: менің айтқандарымның барлығы сіздердің қажеттіліктеріңізге, жан қалауларыңызға айналады, осыған ұмтылсаңыздар, Отан алдындағы парызды адал атқарсаңыздар, онда ол күн сайын нығайып, гүлденеді. Тек сіздер ғана оның мызғымастығын қамтамасыз ете аласыздар. Осы отандық істе сіздерге менің кітабым, басқа да мақалаларым көмектеседі, ұлы бабаларымыздың өсиеттері шабыттарыңызға арқау болады. Қымбатты балаларым, Алла бұйыртса, араларыңызда біреуіңіз елдің болашақ Президенті болады. Күндердің күнінде бұл мемлекет сідердің қолдарыңызда болады, қазақ халқының болашағына сіздер жауапты боласыздар. Отанға пайда тигізу үшін, қазірден бастап жақсы ат пен атаққа еңбектеніңіздер. Табыс тілеймін!. Мақсатшыл болыңыздар, достар, мақсатсыз өмірдің бос және қызықсыз екенін біліңіздер. Әр адамның халқымен және мемлекетімен ортақ мақсаты болу керек. Ертеде бір ойшыл: «Мақсатсыз өмір сүргенше, өлген артық» - деген екен. Бозбалалар мен бойжеткендер, мақсат қойып, оған жетуге тырысыңыздар. Кейбір адамдардың мақсаттары - басқаның пайдасы арқылы, ұрлық пен жемқорлық арқылы, отан құндылықтарына сатқындық жасау арқылы баю. Менің айтып отырғаным бұндай мақсаттар емес, алдарыңызға жаһандық мақсаттар қойыңыздар - Отанды еңбекпен таныту, халық өмірін жарқын да бай ету, отбасыларыңызды қамтамасыз ету, өз тағдырларыңызды құру. Осыларға ұмтыла отырып, бақытты боласыздар, ұзақ өмір сүресіздер, сұлу және биік боласыздар. Ата - анасын құрметтейтін, Атамекенін бар жүрегімен сүйетін, мақтан тұтатын, асылдарын қорғайтын ұрпақ - ол тәуелссіз Отанымыздың қанаттары. Осы сөздер сіздердің жаңа істеріңіз бен жеңістеріңізге шабыт әкелсін! Дендеріңіз сау, бақытты болыңыздар, Отанды сүйіңіздер, болашағымыз одан әрі жарқын болсын! Назарларыңызға рахмет!     Біз менің ойымша, орыстілді азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірмеуіміз керек, Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарт ұйымында қала беруіміз керек, ал Байқоңыр ғарыш айлағы ары ғарай Ресейге жалға берілу керек деп білемін. Жалпы бүкіл шет мемлекеттердің арасында біз үшін Ресейдің орны бөлек, әрине басқа шет мемлекеттермен біз дос болуымыз керек, бірақ Ресейдің орны бөлек, біз үшін тәуелсіздік өте қымбатты, ал Ресеймен мен теңқұқылы ынтымақтастық болғанды қалаймын. Неге, өйткені Ресеймен біз көршілес елміз, біздің ортақ шекарамыз бар, бірақ жер қазба байлықтарымыз тек мемлекеттікі болу керек. Құрметті отандастар бүгін біз мемлекеттік рәміздер туралы сөйлесейік бірақ әдеттегідей мен алдында өз ойларыммен бөлісейін! Менің ойымша, біз Бурабайда физика және математика форумын жыл сайын өткізуіміз керек деп есептеймін. Осы форумда дарынды қазақ жастары әйгілі ғалымдардың, нобель сыйлығының лауреаттарының, ғылым академияның академиктардың дәрістерінің тыңдап, мастер кластарға барып, сабақ алу керек деп есептеймін. Неге десеңіз қарапайым мұғалімнен сабақ алу нобель лауреатының сабағына жетпейді ғой. Ал қазақ жастар білімді болу керек деп есептеймін. Осы форумда олимпиадалар өткізуге болады, шахмат бойынша жарыстарды өткізуге болады. Біздің елімізде білімді ғалымдар жетпесе басқа елдерден шақыруға болады мысалы Жорес Алферовты. Жалпы 21 ғасырда білім мен ғылым біз қазақтар үшін ұлттық басымдылығымыз болу керек деп білемін. Әрине ана тілімізді жаңғырту біз үшін әрқашанда бірінші орында болады, бірақ екінші орында білім мен ғылым болу керек деп білемін. Ал бүгін біз мәмлекеттік рәміздер туралы сөйлесеміз. Құрметті отандастар! Биікте желбіреп турған біздің көк байрағымыз бізді бір халыққа, бір мемлекетке біріктірді, бұл мемлекет біздің ортақ Отанымыз - Қазақстанымыз. Біздің көк байрағымыз бұл тек мемлекеттік рәміз ғана емес, бұл әрбір азаматымыздың рәмізі, нышаны. Біздің мемлекеттік туымыз бізді ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін біріктіріп, біздің жүрегімізде ортақтық сезімді ұялатқан. Көк байрағымыздың түстері біздің ұлттық болмысымызды, ұлттық ерекшелігімізді аңғартады. Осы көк байрақпен біз егемендік алдық, яғни біздің мемлекеттік туымыз бұл тәуелсіздктің рәмізі, ал тәуелсіздік біз үшін қасиетті ұғым. Біздің мемлекеттік туымыз біздің ұлтымыздың рәмізі, біздің ар-намысымыз, біздің азаттығымыз. Мемлекетіміз бұл ұлттық болмысымызды сақтауға берілген тарихи мүмкіндік, өз болашағын өз қолымен құруға берілген қасиетті құқық. Сондықтан егемендіктен біз ешқашанда бас тартпаймыз. Әрбір Қазақстанның адал азаматының мемлекетіміз үшін жүрегі ауырады, Қазақстанның болашағы бізді алаңдатады, бірақ біз ешқашан еңсемізді түсіріп түңілмейміз, өйткені біз бәріміз Қазақстанның болашағы үшін жауаптымыз. Тәуелсіздіктің мән-мағынасы кең, ең сындарлы жұмақи жұпар иісті ұғым. Оның құндылығы кішігірім сауық-сайранмен шектелмейді. Қоғамдық, саяси-әлеуметтік, экономикалық һәм мәдени өмірдің алтын бағаны – ұлы Тәуелсіздік!.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 280; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!