Сильная энергетика – сильный Казахстан. 1 страница



Nbsp; Мен ойлаймын осы менен басқа кім шетелдегі қандастарымызбен жемісті ынтымақтастықты орнатуды ұсынды бұл үлкен жұмыс, 2015 жылын мемлекеттік тіл жылы деп жариялауға кім ұсынды, домбра күнін мереке ретінде тойлауға ұсынған менен басқа кім, домбраны ЮНЕСКОның материалдық емес шедеврлардың тізіміне еңгізуге ұсынған менен басқа кім бар, шетелдегі қандастарымызбен бірігіп жалпықазақтық спорттық ойндарды өткізуді кім ұсынған, ұлттық спорт түрлерін жүйелі түрде дамытып республикалық біріншілікті ұсынған менен басқа кім, бұқаралық спортты дамыту туралы менен басқа айтқан кім, жастардың алғашқы жұмыс орын туралы заңды қабылдауды менен басқа кім айтып жүр, астананың төңірегіндегі ауылдарды дамытуды менен басқа ұсынған кім, отандық экономикаға жасыл стандарттарды еңгізуді үсынған менен басқа кім, энергияны үнемдейтін шараларды заң арқылы еңгізуге ұсынған менен басқа кім, әскери ғылымды дамыту туралы менен басқа айтып жатқан кім, электондық ақшалар туралы заңды қабылдау керек туралы мене басқа айтқан кім, ақпараттық кеңістікті қорғауды ұсынған менен басқа кім, әскери-өнеркәсіптік кешенді дамытуды менен басқа ұсынған кім, индустриалды - инновациялық саясатты да сеңсеңіз мен ойлап таптым және ұсындым, ары ғарай да ойларымыз бар мысалы отандық дипломаттарға экономикалық дипломатия туралы жазайын деп тұрмын.Бүгін мен мысалы экономиканы экологизациялау мен адамның өмір сүруіне ыңғайлы орта қалыптастыру керек деп жаздым, бұл үлкен жұмыс, өкінішке орай біздің мемлекеттік органдар осыған немқұрайлы қарайды. Сондықтан менің жазғанымды мұқият оқып түйін жасап, мен айтқан ойларымды талқылап жүзеге асыру керек деп білемін, ал бұның бәрін дұрыс жүзеге асыру үшін мен Қазақстанды басқаруым керек деп білемін сонда ғана қазақтың бағы жанады, қазақтың мақсаты орындалады, қазақ халқының үміттері ақталады. Құрметті отандастар! Тәуелсіздік біздің санамызды, ойымызды және өміріміздің мәнін өзгертті. Біз еркін ел болдық, енді еліміздің болашағы бізге байланысты. Тәуелсіздікті мен құқық деп түсінемін. Тәуелсіздік өз тағдырын өзін билеуге қасиетті құқықты жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік еліміздің жер қазба байлықтарын өзімізге пайдалануға, еліміздің экономикалық және интеллектуалдық ресурстарын халықтың игілігіне пайдалануға, біздің көне ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік бұл ешкімге бағынбау, ешкімнен жалтақтамау, ұлттық мүдделерді және ұзақмерзімді мақсаттарды басшылыққа алып экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, халықтың әл ауқат деңгейін көтеру, халықаралық аренада еліміздің беделін күшейту деп білемін. Сонымен қатар, тәуелсіздік бұл еліміздің жарқын болашағы үшін мықты негізді қалау, қазақтың бағын жандыратын еркін, отаншыл, білімді, ойлау қабілеті биік, рухани бай ұрпақты тәрбиелеу деп түсінемін. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Тәуелсіздік бұл елдің бақыты, қазақтың тарихи жеңісі. Ата – бабамыздың аңсаған азаттығы мен егемендігі – бүгінгі ұрпақтың қуанышы болып отыр. Тәуелсіздік, бұл, елдің дарынды, ақылды, жігерлі жастарын, азаматтарын өмір алаңына шақырады, яғни халық қайраткерлерін дербес тәрбиелеп өсіреді деген сөз. Осы өсу, осы тамаша құбылыс арқылы бүкіл ел, оның ұрпағы, адамдары жаңарады. Ол жаңару - халық санасының, рухани тіршілігінің мүлдем жаңаруына әкеп соғады. Сайып келгенде – Тәуелсіздік, Еркіндік - жаңа қазақ халқын туғызады. Тәуелсіздіктің қадірі тек Еркіндікте емес, сол Еркіндіктің арқасында халықтың қайта түлеуінде, қайта жаңғыруында. Біздің Тәуелсіздік дегендегі - арманымыз осы. Біз өзіміздің алдында ұлы мақсаттар қойдық, ол мықты мемлекет пен гұлденген экономика құру, ең дамыған елдердің қатарына қосылу. Ол үшін қазақ халқы еркін ойлайтын, намысты, мәдениетті, сауатты, өзінің болашағына сеніммен қарайтын, өз мақсаттарын терең түсінетін халық болу керек. Осы қиын қыстау заманда өмірдің өзі бізді қырағы болуды талап етеді, біз еліміздің тағдырына бейжай қарамауымыз керек. Еліміздің тәуелсіздігіне қауіп төнсе біз тәуелсіздікті қорғаумыз керек. Тәуелсіздікке жету үшін талай қиындыктарды бастан кешірдік.  Ата-бабамыз армандап кеткен тәуелсіздігіміздің құнын ұмытпайық. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биіктеп, егемендігіміздің іргетасы нығая түссін. Ғасырлар бойы аңсатып жеткен тәуелсіздікпен келген халық тілеуі мәңгілік болып, әнұранымыз әуеде асқақтап, елтаңбамыздың еңсесі биік болып, туымыз көкте шарықтай берсін демекпін.        Менің ойымша, біз келешек ұрпаққа дамыған, бай, берекелі мемлекетті Қазақстанды табыстауымыз керек. Ол үшін біз қолымыздан келгенін бәрін істеп елімізді гүлдердіруіміз керек бұл біздің ортақ міндетіміз. Қазақ Елі! Менің тәуелсіз, сүйікті Отаным! Мен бұл сөздерімді саған бағыштадым, өйткені сен менің осынау тебіренісіме өз жеріңнің барша тынысымен үн қосып, қоштап жатқаныңды білемін, шын берілген, риза ұлың ретінде бар махаббатыммен аймалаймын. Мен саған бүкіл ғұмырымды арнаймын, сен ұлы қазақ мемлекеті боп, бойыңдағы барша ғажайыптың күш пен қуатқа айналуы үшін барымды сарқып беремін! Қазақстан! Сен бізге қымбат әрі сүйіктісің, өйткені сені біздің бабаларымыздың бірнеше ғасыр бойы орындалмаған аяулы арманынан көкке көтердік. Сені тұрғызу арқылы біз аталарымыздың жолын жаңғыртып, сол жолда еңсемізді тіктеп, алға бастық. Біздің дұғамыздың бәрі – саған, қасиетті Қазақстан! Біз сені қасиетті жерде тұрғыздық, сондықтан да сен қадірлі мемлекетсің. Сенің әнұраның – Дұға, әділдіктің Дұғасы, сенің Елтаңбаң – әділдіктің Елтаңбасы, сенің көк Туың – мәңгі аспанның нышаны! Сенен, менің Қазақстаным, қазақ ғажайыбы басталады. Сенен биік тек қана Тәңір! Менің отандастарым, аға – іні, қарындастарым, ардақты әкелер мен сүйікті аналар! Бұл сөзімді сендерге арнадым: туған жерді сүйіңдер, тек сендердің махаббаттарың ғана оны жасыл желек жұпарына бөлеп, алтын астықтың шалқарына айналдырып, оның ғажап жемісін нәрлендіре түседі! Ертеде біздің жеріміздің сыйқыры жайлы аңыздар тараған. Мен сендерге соның біреуін айтайын. Бір ханнның ұлы аруға ғашық болады. Қыздың әкесі, ол да үлкен патша, жас жұбайларға патшаның қоймасына сыймайтындай көп алтын сыйлайды. Оны халыққа бөліп береді. Алтынның көптігі сонша, талай керуенге жүк болып, оларды жерге, келесі ұрпақтар үшін көміп тастайды. Ол ұрпақ – мына біздерміз, отандастарым! Енді өз жеріміздің алтын қазынасын қазып алу бізге бұйырған. Ал біз болсақ жер қазба байлықтарды мемлекетке қайтарып бабалардың салты бойынша келер ұрпаққа қайта өркендеген мемлекет қалдыруымыз керек. Ендеше, өмір сүрейік, еңбектенейік, қайта өркендеу жолына түсейік, жер қазба байлықтарды халыққа қайтарайық, алдағы мақсатымызға, көздеген арманымызға жетейік!. Сендердің нұрлы жүздеріңнен қүлкі таймасын, бақытты елде өмір сүруден артық бақыт жоқ жалғанда! Еңселерің биік болсын, қазақ бауырлар! Қашан да рухтарың мықты болсын, әр басқан адымдарыңнан ұшқын атсын! Естеріңе сақтаңдар, біз бәріміз – тәуелсіз Қазақстанның азаматтарымыз, яғни осы мемлекеттің болашағы үшін бәріміз жауаптымыз! Қымбатты менің отандастарым! Кез келген халықтың сан ғасырлық тарихи ақыл – ойының басты қасиеті – оның барша күшін бір жерге тоғыстыра білуінде. Қазақ халқының тарихы мемлекет негіздеуші ұлт ретіндегі рухани тәжірибесін былай қойғанның өзінде, ол өз дәуірінің контрасты арқылы мемлекеттің рөлі мен мақсатын адамзат өркениетінің дамуы барысында айқындай білуінде. Қазақ тарихында мемлекеттің гүлдену сәтімен қатар оның біржола күйреуі, ұлттық рухтың мақұрым болған кездері де қатталған. Соңғы бірнеше ғасырдағы мыңдаған соғыста қазақтар тайталастың барша жоқшылығы мен тауқыметін тартты. Сегіз ғасыр бойы оны қоршаған алыс – жақын мемлекеттер «бөлшекте де билей бер» әдісімен қазақ жүздер мен руларын ыдыратып, оның жерін жаулап алған. Кеңес дәуірі ұлттық күйреуін одан әрі жеріне жеткізді, ең ауыр әдіспен – ұлттық мемлекеттілікті авторитарлық мемлекетке ауыстыру арқылы. Билеп тұрған кеңес мемлекеті өзінің тарихи мекеніндегі жергілікті ұлттың өсіп – өркен жаюына құлықты болған жоқ, керісінше оны шегеруге тырысты. Материалдық байлықтан оқшаулау рухани құндылықтардан аулақтатумен қатар жүрді. Ал шындығында, халықтың ең көрнекті, ең қуатты рухани күштері мен мүмкіндіктері ұлттық мемлекетте ғана өркен жаяды. Мемлекет – ұлтты біріктірудің амалы мен әдісі. Ұлттық мемлекет – ұлттың өз өмірін іштей реттестірушінің тарихи әдісі. Тек ұлттық мемлекетте ғана ұлттың өміршеңдігі байқалады, өйткені ұлттық өмірдің ретке келуі, оның үйлесімділігі бар ғана белгілі жерде болады. Сонымен бірге, ұлттың ұлттық мемлекеті құратындай қабілеті оның тарихи өмірге, өзінің болашағын пайымдауға деген қабілеті. Ұлттық мемлекет – алыстан әкелініп, жергілікті топыраққа отырғызылған ағаш емес. Ондай ағаш құрғап қалады, су да, топырақ та жақпайды. Ұлттық мемлекет – өз топырағында, оның ерекшілігіне сай өскен ағаш, сондықтан оның тамыры тереңге кетеді. Еліктеу деген қай істе де пайдасыз, ал мемлекеттің құрылымы дейтін болсақ, ол түбегейлі зиян: бұл бүкіл ұлттың мүддесі мен болашағына байланысты ғой. Мемлекет құру – ұлттың толыққанды өмірін қамтамасыз ету, саяси, экономикалық, қоғамдық, ақпараттық және рухани салада құндылықтар дүретуге қолайлы жағдай жасау. Мемлекет – ұлттық рухтың қаймағы. Сондықтан да ұлттық мемлекет ұлтқа қатысты барша рухани – адамгершілік қасиеттердің, оның саяси өре көмегімен ыңғайласуының көрінісі. Егер халық – қоғамдастық болса, ұлт – даралану, өйткені қоғамдастық – сандық көрсеткіш, ал даралық – сапаның көрсеткіші. Халық – қоғамдық дәстүрлі группадағы жұртшылықтың бір – бірімен кездейсоқ, стихиялық түрде араласуынан пайда болады. Стихиялы, кездейсоқ деп атап отырғаным – олар белгілі бір саяси немесе басқа да ережелер мен заңдар арқылы құрылмайды. Ұлт – бұл даралық, мемлекет мүмкіндіктеріне ие даралық. Әртүрлі саяси, экономикалық және қоғамдық мүмкіндіктер арқылы іштей ұйымдаса білетін халық ұлтқа айналады. Ал бұндай қабілет мемлекеттіліктің барлығын, мемлекеттің бар екендігін көрсетеді. Ұлт – бұл ортақ тілі, ділі мен діні, салты мен дәстүрі, тағдыры мен мемлекеті бар адамдардың бірлесуі. Осындай даралыққа қол жеткен кезде халықтың тарихи болашағы айқын бедерге ие болады. Отбасыны жөнді қалыптастыру үшін оның мүшелері, от басы, ошақ қасының жағдайлары қандай қажет болса, ұлттың қалыптасуы үшін мемлекет сондай қажет. Мемлекет – халық үшін үлкен үйі. Ол үйдегі өмірдің ойдағыдай болуы үшін оның әрбір мүшесінің тиісті орыны және міндеттері болуы керек. Сол міндеттерді ықыласпен орындау – мемлекет өмірін жөнді жолға салады. Мемлекет ешқашан жоқтан пайда болмайды. Барлық эпикалық жырларда, дастандарда және жүздеген қазақ ақындарының өлеңдерінде әрқашан халықтың бірлігі жырлануы тектен – тек емес. Қазақстан тәуелсіздігі жарияланған алғашқы күндерден – ақ халықтың оны өзінің қаны бір, жаны бір, талай ғасырлар армандап, тәңірден сұрап алған ұлттық мемлекеті ретінде қабылдағаны да тектен тек емес. Қазақтардың ұлттық мемлекеті осы жерді барлық құқықпен пайдалану деген сөз. Ұлттық мемлекет материалдық байлықты елдің азаматтарына жұмсайды, оның рухани жетістіктерін реттейді. Демек, мемлекет ұлттың тарихи өмірінің ұйымдастырушы күші ретінде пайда болып, өмір сүреді. Мемлекетке қызмет ету – ұлттың өзіндік ішкі қуатына қызмет ету дегеніміз. Мемлекетке қызмет көрсете отырып, бүкіл ұлт өзінің бүгінгі мен ертеңін қамтамасыз етеді. Қазақтар! Қымбатты, қадірлі халқым! Тамырсыз ағаш болмайды, іргетассыз үй болмайды. Біздің қасіретті тарихымыздың соңғы ғасырларында өз тағдырымыз салған жарақат зардабы жазылмай – ақ қойды. Халқымызды мүше – мүше ғып бөлді, кеудеміз бассыз қалды. Сондықтан да оның өмір діңгегі тамыр жаймады, мемлекеті аяғынан тұрмады, бақыт жолдары одан аулақ жермен өтті. Түн ұйқымды төрт бөліп, қол қусырып қарап отырмай, сені, менің халқым, бақытты әрі ертеңгі күніне сенімді қалыпта көруді арман етемін. Құдайдың мейірімі түсіп, бабамыздан қалған берекелі жерде жаңа тәуелсіз мемлекет құрдық. Мен сен үшін халқым, елдің әрбір азаматы үшін болашақта барлық материалдық жағдайды жасаймын. Атам заманнан бері қазақтардың сұлтандары мен хандары жалаңашты киіндіріп, ашты тамақтандырып, халқына қамқор болған. Оның барлығын олар даңқ үшін емес, жүректерінің қалауымен сауап үшін істеген. Мемлекетті тұрғызуды ошақ құрудан бастау керек. Өз азаматтарына газ бен электрқуатын, тұз бен суды ұшін төлем алмау керек. Аса мүдделі азаматтарға ұнды да тегін тарату керек. Баспанасыз қазақ азаматтарға тегін қалада пәтерлерді салып беру керек деп ойлаймын, балаларымызды балабақшалармен, демалыс лагерлермен, шығармашылық үйлермен және мектептермен қамтамасыз ету керек деп ойлаймын. Халыққа көбрек мәдениет және білім беру ошақтарды салып беру керек деп ойлаймын. Үдемелі индустриалдық – инновациялық бағдарлама арқылы еліміздің экономикасын дамыту керек деп ойлаймын, отандық кәсіпорындарды қолдап ішкі нарықты дамыту керек деп ойлаймын, жұмыс орындарды ашып халықты жұмыспен қамтамасыз ету керек деп ойлаймын, коммуналдық саланы жаңарту керек деп ойлаймын, бұның бәрі менің жоспарларымда.


Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 280; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!