Сильная энергетика – сильный Казахстан. 9 страница



Қылмыстық сот ісін жүргізу философиясы қайта қаралатын болады. Азаматтар қылмыстық істер бойынша заңды құқықтарын қорғауға жаңа мүмкіндіктер алып, құқық қорғау органдары қылмыспен күреске қажетті заманауи құқықтық құралдарға ие болады.   ЕРКІН ҚАЗАҚСТАН – ОЛ ҚАУІПСІЗ ҚАЗАҚСТАН Халқымыз ғасырлар бойы еркін де тәуелсіз Қазақстанды аңсап келді. Қазақстанда плюрализмге, саяси еркіндікке, сөз еркіндігі мен демократияға баламалы таңдау жоқ. Бұл негізгі принципті сақтау мен дамыту үшін бізге әлі көп жұмыс атқару қажет. Конструктивті және жауапкершілікті сын, азаматтық бақылау институттарының кедергісіз қызметі дұрыс саясижүйе мен биліктің бөлінуінің, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігінің негізі болып табылады. Саяси плюрализмге негізделген саяси бірліктердің конструктивті диалогі - қауіпсіз Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды компоненті. Ұлттық және әлеуметтік келісім принципінің баламалы таңдауы жоқ. Тек еркін идеологиялық күрес қана демократиялық дәстүр мен саяси жүйенің үдемелі дамуын қалыптастырудағы сенімді кепіл бола алады. Қызметіміздің негізінде ұлттық және демократиялық құндылықтарға ие бола отырып, Диаспораның дәстүрлі партияларымен берік байланысымызды құрметтейміз. Біз әр азамат үнінің естілуіне, оның сыны назар мен құрметке ие болатына сенімді болу үшін ниеттеніп жатырмыз. Азаматтардың өздерін толғандыратын мәселелерін шешу мақсатындағы бейресми бірігулері билік шешімін өзгертуге әсер етудің өзіндік балансына айналды. Сондықтан біз осы жолдан тайынбауға бел будық.   ҚАМСЫЗ ОТБАСЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЛАЙЫҚТЫ ТАБЫС   Қазақстанның экономикалық дамуы сапалы жаңа өндіріске, отандық өндіруші мен экспортерге қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге, елде еркін экономикалық аймақ құруға, ықпалды сыртқы инвестицияларды тартуға және іскерлік ортаны жетілдірудің саяси жүйесіне бет алды. Бұл жерде саналы нарықтық реттеу мемлекеттің нақты секторға тиімді араласуымен бірігіп, алғаш рет белсенді экономикалық саясат дамуға бағытталған негізгі жұмыс стиліне айналады. Даму саясатыныңбасты мақсаты болып орта және жоғары біліктілікті талап ететін жұмыс орындарының ашылуы, экономикада өнімділіктің жоғарылауы саналады. Өндірістік саясат белсенді іске асырылу сатысына аяқ басты. Елдің өндірістік дамуының өзегі – бәсекеқабілетті технологиялар қолданатын және инновациялық нәтижелерге жететін салалар. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін өндіріс пен өткізудің жаһандық құндылықтізбегіндегі Қазақстанның маңызын арттыруға әсер ететін батыл жобаларды іске асыруымыз қажет. Отандық экспорттық бағытталған экономикаға әсер ететін бастапқы құралдар – беделді фирмаларды тарту, еркін экономикалық аймақтарды тиімді пайдалану, халықаралық нарықтардағы қазақстандық тауарлардың танылуы мен беделін жоғарылату шараларын жүргізу. Бағдарламалар мен жобаларды іске асырудың барлық сатыларында жеке секторды серіктесіміз ретінде санау принципін негізге алатын боламыз. Аталған шаралар мен бастамалардың мақсаты – жаңа кепілдендірілген жұмыс орындарын ашу. Әлемдік нарықта жоғарыөнімді және бәсекеқабілетті экономика құрудың алғышарттарның бірі – индустрияландыру мен инновацияларды еңгізу.   ***   Құрметті отандастар! Біз Қазақстанда білім беру саласында кеңес одағынан қалған ең жақсы тәжірибені мен дәстүрлерді сақтап, оны ең заманауи жетістіктермен байытуымыз керек, қазақ мектептердің санын көбейтуіміз керек. Біздің мектептер сапалы білім беру үшін, бүкіл құрал жабдықтармен қамтамасыз етілу керек деп білемін. Біздің елімізде 2,5 млн. оқушылар бар, қандай олар білім алады сондай біздің болашағымыз болады, сапалы білім алса болашағымыз жарқын болмақ, сапасыз білім алса болашағымыз бұлыңғыр болады.  21 ғасырда біздің мектептің түлегі мектептегі формуланы біліп қана қоймай, оны өмірде пайдалануды білу керек және ақпараттық технологияларды бес саусақтай білу керек деп есептеймін. Мектеп әрбір балаға, оның талпынысына және қабілетіне сай тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету керек деп білемін. Сапалы білім беру үшін біздің мектеп заманауи оқу құралдарын оқу процессіне еңгізу керек. Мысалы компьютерлерді көп пайдалануға болады. Мен осындай жоба ұсынамын Электрондық мектеп деген. Бұл жоба арқылы біздің бүкіл мектептеріміз компьютерлермен қамтамасыз етілуі керек. Біздің мектеп денсаулық пен қауіпсіздік аймағы болу керек. Ең бастысы үлкендерде жауапкершілік пен тәртіп болу керек. Балаларымызды қайғылы оқиғалалардан қорғау және оларды салауатты өмір салтымен ынталандыру біздің қолымыздан келеді деп есептеймін.  Ұстаз мектептің негізгі. Қазақ ұстазы ол ағартушы, энтузиаст, романтик, ұстаздыққа берілген адам, баланың өмірінде ата анасынан кейін ең басты тұлға, ұстаз балалардың жүректерінде мейірімділіктің, шығармашылықтың, танымның отын жандыратын адам. Адамдармен жұмыс істегенде біздің ұстаздар ең жақсы көмекшілер. Қымбатты ұстаздар қазақ ұстаздықтың мұраттарына адал болыңыздар, халықтың арасында өздеріңіздің абырой мен беделіңізді сақтап жүріңіздер. Сіздер қоғамның адамгершілік климаты үшін жауаптысыз. Біздің балаларымызды тұлға ретінде тәрбиелеу үшін біздің бай ұлттық мұрамызды пайдаланған жөн. Біздің ұлттық мұраттарымыз, қазақ ұлттық салт дәстүрлеріміз, ұлттық мәдениетіміз мықты тәрбие құралы деп білемін. Қазақстанда тарихи орындар мен қасиетті жерлер көп, оқушыларды отаншыл болып тәрбиелеу үшін олар сол жерлерді аралап көру керек. Тәрбие беру жұмыста үлкен жетістіктерге жету үшін мектеп пен ата аналар бірігіп жұмыс істеу керек. Ата аналар кішкентай кезінен бастап балаларға өзінің жеке үлгі өнегесімен көрсету керек қалай адамдарды сыйлау керек екенін, отаншыл азамат қандай болу керек екенін, калай еңбек ету керек екенін. Мектепте өткен оқушының әрбір күні оны жаңа нәрсемен таныстырып, бір қадамға арманына жақындату керек деп есептеймін. Сонымен қатар біз жас мұғалімдерге ақша табуға мүмкіндік беруіміз керек. Біздің халқымыздың әрбір буыны мақтанатын істер, ерліктер жасаған. Біздің аталарымыз Ұлы Отан соғыста жеңіске жетті, олардың алдындағы буын қазақ автономиясының негізін қалап кетті, кәзіргі буын Желтоқсанда қазақтың елін қорғаған және тәуелсіз елдің негізін құрған. Енді біздің міндетімізді тәуелсіздікті мәңгі ету, қазақ мемлекетінің тәуелсіз дамуын қамтамасыз ету. Тәуелсіздігімізді жаңадан кері айналмайтын үрдіс қылдыру біздің парызымыз деп білемін. Ал біздің балаларымызға біз бай, қуатты, тәуелсіз, мықты ұлттық қазақ мемлекетті аманат етуіміз керек. Осы қазақ жерінде қазақ мемлекеті мәңгі орнығып күшейе беру үшін біз қолымыздан келгенін бәрін істеуіміз керек. Енді біздің балаларымыз ешуақытта басқа мемлекеттердің құрамында болмауы тиіс!. Осыны біз қамтамасыз етуіміз керек. Біздің еліміздің тәуелсіздігін мәңгі қылдыру үшін біз бүкіл қазақ қоғамды мобилизациялауымыз керек. Біздің балаларымыз біздің тәуелсіз мемлекетімізді мақтан тұту үшін біз қолымыздан келетінін бәрін істеуіміз керек деп білемін.   ***   Құрметті зиялы қауім өкілдері! Біз менің ойымша, Абай жылын өткізуіміз керек деп есептеймін. Неге өйткені Абайдың шығармалары біздің ұлтымыздың рухани байлығы, қазақ әдебиетінде Абайдың орны ерекше деп есептеймін. Ал кәзіргі жастарымызға Абайдың туындылары аса қажет өйткені рухсыздануға, ұлтсыздануға жол бермейтін құралының бірі ол Абайдың туындылары. Абайдың туындылары бұл тәрбие құралы. Адамгершілік Абайдың туындыларының негізгі тақырыбы сонымен олар құнды. Абай біздің ұлтымыздың мақтанышы деп те айтуға болады. Сондықтан Абайдың және Алаш Ордалықтардың туындыларын жастардың арасында кең насихаттау біздің парызымыз деп білемін. Біздің кәзіргі зиялы қауым Абайдан адамгершілік жағынан үлгі алу керек, ал Алаш Ордалықтардан мемлекетшілік жағынан үлгі алу керек деп білемін. Яғни біздің зиялы қауым Абай сияқты парасатты болу керек, Махамбет сияқты шыншыл, Ильяс Есенберлін сияқты көреген, Мұхтар Ауэзов сияқты ақылды, Алаш Ордалықтар сияқты өз ұлтын сүю керек, өз ұлтына еңбек ету керек деп білемін. Біздің жазушыларымыз осы тарихи тұлғалардың, біздің ұлы бабаларымыздық ізбасарлары болатынына мен нық сенімдемін. Біздің зиялы қауым өздерінің патриоттық туындыларымен біздің мемлекеттілігімізді нығайтады, жастардың арасында патриоттық идеяны насихаттайды деп ойлаймын. Бүгінгі таңда біздің зиялы қауымның, жазушылардың, ақындардың парызы көбірек отаншылдықты насихаттайтын туындыларды жазу, жастарға кітапқа деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіру, бабаларымыздың рухани мұрасын терең түсініп оны өз туындылар арқылы кең насихаттау деп есептеймін. Біздің зиялы қауым өзінің ұлт алдында, бабалардың алдында және болашақ ұрпақтың алдында жауапкершілігін сезіну керек деп есептеймін. Тәуелсіздік біздің ұлтымыздың және мемлекетіміздің тағдырын түбегейлі өзгертті, біздің Еліміздің даму жолының жаңа кезеңін ашты. Жаңа тарихи жағдай біздің алдымызда жаңа аса жауапты міндеттер қойды ол халқымыздың мүддесіне сай жаңа өркениетті, демократиялы, әлеуметтік мемлекетті құру. Бұл міндет орындалды, бізді тәуелсіз мемлекет ретінде бүкіл әлем таныды және мойындады. Енді біздің міндетіміз тәуелсіздігімізді сақтап қалу, бұл тәуелсіздікті жариялаудан гөрі қиындау болады. Біздің зиялы қауымының негізгі мақсаты дамыған демократиялы қазақ ұлттық мемлекетті құруға, елімізді дамытуға, қазақ ұлттық сана сезімді жоғарылатуға қолынан келгенше көмектесу керек деп есептеймін. Жиырма бірінші ғасыр бұл жаһандану ғасыры яғни осындай жағдайда біздің зиялы қауым мемлекеттік және ұлттық мақсат мүдделерді терең түсініп, халқымызды ұлы әрі жасампаз жолына бағыттау керек. Біздің зиялы қауым мемлекетшілдіктің және отаншылдықтың өнегесін көрсету керек деп есептеймін... Біздің зиялы қауым қазақ қоғамның жасампаз күші болу керек, ал Үкімет қазақ зиялы қауымның ғылыми идеяларына сүйеніп, сараптамаларын арқау етіп, білімін пайдаланып мемлекеттілігімізді нығайту керек. Қазақ зиялы қауым ұлтымыздың ар мен намысы болу керек деп есептеймін. Ұлттық мақсат-мүдделерді жете түсініп оларды насихаттау зиялы қауымның әлеуметтік миссиясы деп білемін     Қазақстан ұстаздарына Қымбатты мұғалiмдер!   Қымбатты ұстаздар - Маған Сіздерді шын жүректен шыққан лебізбен халықаралық мереке - Мұгалімдер мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер, Сіздерге зор құрмет көрсетіп, игі тілектер тілеймін. Біз барлығымыз жас мөлшеріне қарамай, Сіздердің кәсіби мерекелеріңізге қатысымыз бар екендігін сеземіз. Әр адамда, өзінің өмірлік жолын, салт-санасын және дүние танымын қалыптастыру барысында қайырымды кеңеспен, даналығымен, өздерінің сүйікті ісімен айналысатын ұстаз жетекшілері бар. Бұл өмірде әр адам - қайда жұмыс істесе де, қандай мамандықтың иесі болса да, қандай лауазым иесі болса да - өздерін тәрбиелеп оқытқан, дербес өмір жолын ашқан - жетекші ұстаздарының алдында өздерінің борышты екендігін ұмытпайды деп ойлаймын. Шынымен, Қымбатты ұстаздар, Сіздердің осы жүгі ауыр және ғанибеті мол еңбектеріңіз, өздеріңізді осы ұлы еңбек жолына бағыттағандарыңыз, бізді өздеріңіздің жүрек жылуларыңызбен қамтып, жақсылық пен қайырымдылықтың үлгісі бола білгендеріңіз еш күмәнсіз ең биік баға мен зор алғысқа лайықты. Қымбатты мұғалімдер! Біз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, алдымызға ең биік мақсат қойдық, ол, демократиялық мемлекет, гүлденген қоғам құрып және дамыған елдер қатарына қосылу болды, бірақ, өз-өзімізге есеп беруіміз керек, осы ұлы бағытты орындауға қабілетті жаңа ұрпақты қалыптастырмай, жоғарыда қойылған мақсаттан күткен нәтижені алу қиын болады. Осыған байланысты, Аса құрметті ұстаздар және жетекшілер, біздің халқымыз сіздердің бүгінгі күнге сай келетін әдістемелік құралдар, оқу бағдарламаларын құрастырудағы, ең бастысы – біздің балаларымыз жүрегімен ұғынып, көңіліне қондыратын бүгінгікүн талабына сай тәрбие мен білім берудегі шексіз сіңірген еңбектеріңізді өте жақсы біледі және жоғары бағалайды. Мен Сіздердің алдарыңызда, біздің болашағымызды анықтайтын абзал да ұлы іске үлес қосқандарыңызға зор алғысымды білдіріп, бас иемін. Құрметті достар! Бүгін, миллиондаған біздің балаларымыз мектептерде, жоғарғы оқу орындарында білім және тәрбие алуда, олар өмірде өз жолын табатын, мемлекетіміздің күшейуіне өз үлестерін қосатын заман талабына сай мамандықтар алуда. Меніңше, ата-аналар мен мұғалімдер үшін үлкен бақыт – өсіп келе жатқан ұл-қыздарымыздың білім шыңдарын бағындырып, шеттілдерін меңгеріп, заман талабына сай мамандық алып, өз Отанына берілген және оны қорғай білетін, біздің бастаған абзал істерімізді жалғастырушы ұрпақты көру – деп айтсам артық болмас еді. Құрметтi отандастар! Барлығымызға белгілі жай, біз өмір сүріп жатқан 21 ғасыр жылдамдатылған жаһандану кезеңі шешуші мағына беретін заман, зияткерлік потенциал, ғаламтор және информациялық - коммуникациялық технологиялар, әлемдік нарықтағы бәсекелестіктің қаталдығы әр мемлекеттің және әр халықтың алдына маңызды және көкейкесті талаптар қоятын заман. Бүгінгі күнде біз барлығымыз осы уақыт талабына байланысты барлық күш - жігерімізді және мүмкіндігімізді жаңа қойылып отырған шарттарға сәйкестендіріп жұмылдырмасақ - әлемдік даму көшінің соңында қалып қойуымыз мүмкін. Қазіргі уақыт талабы қол жеткен жетістіктерде тоқтамай, нық басқан қадаммен бұдан да үлкен жетістіктерге қол жеткізу және осы жолда білім мен тәжірибені молайтып, кәсіби біліктілікті жоғарлату болып табылады. Бұл жоспарды орындау барысында жалпы білім беретін оқу орындарының деңгейін қазіргі заман стандарттарына жеткізу үшін, олардың материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет, педагогикалық университеттер мен институттардағы оқу үдерісінің бағасының төмендігі, осыларды жоғары критерилер негізінде ұйымдастыру, білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану, бір сөзбен айтқанда педагогикалық кадрлардың жаңа ұрпағын қалыптастыру. Білімін, біліктілігін жоғарлатып жаңалыққа деген көзқарасын әрқашан толықтырып отыратын мұгалімдер мен жетекшілер ғана жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды тәрбиелей алады.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 218; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!