Сильная энергетика – сильный Казахстан. 5 страница



Бүгінгі жағдайлардағы Қазақстанда біз одан әрі халық игілігі үшін аянбай еңбек етуге, мектептер мен балабақшалар жетіспеушілігін және азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге, ауылдарды газификациялауға, индустриалды-инновациялық саясатты іске асыруға, қарапайым азаматтарды әлеуметтік қорғауға, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға міндеттіміз. Сонымен қоса, коммуникациялық тәуелсіздік және сауда қорғанысына, азық түлік қауіпсіздігіне және экономикалық өсімді өндіруші сала арқылы қамтамасыз етуге, халыққа стратегиялық кәсіпорындарды және пайдалы қазбалар орнын қайтаруға, заң шығарушы органдардың ролін күшейтуге бағытталған стратегиялық мақсаттарға жақындауымыз керек. Уақыт талабы осындай. Жоғары мақсаттарға жету мен үлкен жемісті жоспарларды іске асыру оңай іс емес. Ол бір-екі жылда орындалмайды. Бірақ әрқайсымыздың, ұлттың ұлдары – Парламенттің, Мәслихаттың депутаттарының, әкімдердің, үкімет мүшелерінің, ұйымдастырушылардың, барлық деңгейдегі мамандар мен жауапты жұмысшылардың, министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің мақсаты адал еңбекті қажет етеді. Алдымызда шешімін талап ететін мақсаттар тұр. Мысалы Қаржы саласындағы мәселелер осы: • Ұлттық валюта курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету; • Несиелік қорларды көбірек тарту және осы негізде шағын және орта кәсіпкерлікке, әсіресе өндірістік кәсіпорынға салынатын жалпы несие көлемін үлкейту; • Несиелік ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатын жалғастыру және оның қызметін халықтың бос қаражаттарын тарту арқылы, банк қызметтері сапасын жақсарту арқылы, олардың орындалу тәртібі арқылы кеңейту. • Отандық өндіруші кәсіпкерлікке берілетін ұзақ мерзімді несиелерге клиенттерді тарту арқылы несие жүйесін нығайту. Экономиканың нақты секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатымен Ұлттық банк және коммерциялық банктер осы бағыттағы несиелердің көлемі мен санын көбейтуге, несиелік қорларға көбірек клиент тартуға керекті шаралар қолдануға тиіс. Осыған байланысты, елде банктердің, басқа да несиелік ұйымдардың санын көбейту үшін және қызмет сапасын жақсарту үшін барлық сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарап, олардың қызметін жақсартуға жағдайлар жасау керек. Сонымен қатар, алыстағы аудандарға микронесиелеуді көбейтуге қосымша шаралар қолдану қажет. Құрметті отандастарым! Осы ұлы жетістік пен бағасыз ұлттық игілігіміздің қасиетті, мінсіз, және әрқашан тұрақты тәуелсіздігін сақтау — мемлекеттің мақсаты және Қазақстанның әр саналы және адал азаматының миссиясы. Тәуелсіздік пен егемен мемлекетті, әлемді нығайтуды, тұрақытлық пен ұлттық бірлікті, жоғары отаншылдық сезімді, рухани қырағылықты, ұлттық намысты, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік нышандарды қорғау – нағыз азаматтық қоғам құруға, мықты экономикалық және әлеуметтік дамуға, стратегиялық жоспарлар мен мақсаттардың іске асуына бізді толықтай бағыттайды. Тәуелсіздік пен оның жетістіктерін нығайту бізді халықтың тарихи санасын, этикалық және мәдени құндылықтарын қалпына келтіру мен тілдің, әдебиеттің, ғылымның, мәдениеттің, ағарту мен білім берудің дамуына көп күш салуға итермелейді. Ұлттық сананың қалыптасу үрдісін күшейтудегі, өркениетті азаматтық қоғам негіздерін күшейтудегі тарихымыздың тағдырлы кезеңінде ең қуатты жемісті құрал – қазақ халқының ұлы бабаларының мұрасына назар салу. Тәуелсіздік жылдарында тамаша тіл болып саналатын мемлекеттік тіліміздің қалпына келуі және дамуы үшін барлық жағдайларды жасауымыз керек еді. Өйткені бұл бабалардан қалған аманат және біздің ұлтымыздың ең басты құндылығымыз. Біз отаншылдар қазақ тілін көсегесін көгерту үшін барлық шараларды жасаймыз. Бұл біздің тарихи міндетіміз. Бір кездері мемлекеттік және саяси тіл болмаған қазақ тіліміздің үні қазір БҰҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың ең жоғары мінберлерінен шығып тұруға, ақ көгершін сияқты бейбітшілік пен достық құсы ретінде әлемдік кеңістікте шарықтауға тиіс. Сондықтан, ежелгі, бай, дана және ақындық тілге деген мемлекеттік және бүкілхалықтық қамқорлық – әрқайсымыз үшін асыл парыз.   *** Құрметті отандастар! Қазақ тілінің асылдығына және әсемділігіне таңданасың, қазақтың сөз қоры бұл асыл қазына ғой: қай сөзді алмасаң бәрі асыл тастай бағалы, бір сөзі маржандай, екіншісі алмастай, үшіншісі гауһар тас сияқты. Кей бір қазақтың сөздері бірнеше мағынаны білдіреді, міне, оның құндылығы қайда жатыр, мысалы асыл тасты күнге қарасаң әр қырлары әр түсті болып жайнайды ғой, қазақтың сөздері де осындай, тек қазақ сөзінің қадірін білген абзал. Менің ойымша, Әр қазақ саясаткерінің тарихи мағыналылығы оның отанға сіңірген еңбегімен, ал адами құндылығы отаншылдығының күшімен өлшенуі керек. Менің отаншылдық сезімім менің рухани шамшырағым, жүрегімді ораған жылы сезімім, өміріме үлкен мән мағына беріп тұратын алтын діңгек. Ал енді мен өз сөздеремді жастарға арнап. Жастарға ақыл – нақыл сөз айтайын, өйткені қазақ жастар парасатты, білімді, рухани бай, адамгершілігі мол, отаншыл, жігерлі болғанын қалаймын. Өйтені бұндай жас ұрпақ қазақтың жарқын болашағының кепілі. Құрметті бозбалалар мен бойжеткендер! Әрқайсыңыздың өмірлеріңізде есеюдің, рухани асқақтаудың сағаты болады. Отан сіздерден халық ісіне шынайы араласуды күтеді, сіздерге үлкен үміт артады. Сіздермен отан туралы түсінігіммен, оның бағалылығы, оған деген махаббатым жайлы бөліскім келеді. Бұл түсініктер менің жанымда мықтап бекіген. Атамекен бізге өзінің даралығымен қымбат. Ол дара - яғни, ол біздің ең сүйіктіміз, ең асылымыз. Біз сүйіп, құрметтейтін отанымыздан басқа даралық – ол Жаратушы, бізге берілген жан мен өмір. Егер де осы үш құндылықтың қайсысы ең қымбат, ең сүйікті, ең бағалы деп сұраса, былай жауап беріңіздер: ең асылы – басқасы үшін өзін құрбан ететіні. Соңғысы қымбат болады. Себебі отан үшін өмір құрбан, ал отан Жаратушыға тәуелді. Отан өмірден қымбат, ал отаннан жоғарысы тек қана Жаратушы. Өйткені Құдай адамға отаннан кейін де керек, ал отан өмірден өткеннен кейін де керек. Отанда барлығы да қымбатты – жер қойнауы да, жері де, өйткені жерде – өмір, ал бақилық дүниеде – бақилық жайлылық. Өмір де, сенім де Отан бар болса ғана болады. Егер өміріңнің қысқа шағын Отаныңда өткізгің келсе, мәңгілік өмірге кеткенде де неге соны тілемеске? Сен өмірдің билігіне тәуелді емессің, өмір сенің еркіңе тәуелді. Біліп жүр, менің жас отандасым: Отан сенікі, ал сен Отандікісің. Сенің өмірің де, өмірден өтуің де Отанмен байланысты. Уақыттан кетіп қалкыңа болады, бірақ Отаннан кете алмайсың. Адамда екі түрлі кемелдену болады: ақыл кемелділігі және сезімдер кемелділігі. Ақыл кемелділігі – даналық, сезімдер кемелділігі – руханилық. Даналыққа ғылым және талпыныс арқылы, ал руханилыққа тәрбие және үлгі арқылы қол жеткізеді. Даналық – ол барлығына бірдей берілмейтін байлық, ал руханилық – ол қажеттілік. Егер өз ақылың жеткіліксіз болып жатса, даналар біліміне сүйен, бабалар мұрағатын зертте, өзіңді олардың үлгісіне қарап тәрбиеле. Сезімдер кемелділігі – Отанға деген махаббат. Ал ақыл кемелділігі - Отанның бар екендігін түсіну. Ең жағымды және ең таза сезім – ол Отаныңның бір бөлшегі екеніңді білу, себебі тек осы сезім ғана сені жалғыздықтан құтқарады. Отан сенің айналаңда ғана өмір сүрмейді, ол сенің ішкі дүниеңде де бар. Сондықтан да сен Отаныңнан ешқайда кете алмайсың. Егер саған тағдыр қатал қарап жат жерде қайтыс болсаң – бұл бақытсыздықтардың ішіндегі ең үлкен қасірет, басылмайтын ауырлық. Өзіңді жоғалтсаң, Отаныңды жоғалтасың. Отансыз ештеңе істей алмайсың, бірақ нағыз кемелдену мынада жатыр: Отаның саған арқа сүйей алатындай деңгейдегі кемелденуге қол жеткіз! Менің не айтып отырғанымды түсінесіздер ме, балғын достарым? Осы айтылған шындықтардың тереңіне үңілсеңіздер екен деймін. Ешқайсыңыз Атамекенсіз өмір сүре алмайсыздар. Бұл кемелділік таныту болғанмен, нағыз даналық Отанның сенсіз өмір сүре алмауында жатыр. Осынау ұлы да шексіз Отаныңа қатыстылығыңды сезінген кезде қандай бақытты екеніңді түсінесің. Отаныңның саған қаншалықты жақын екендігін сезін, оған өзіңнің жүрегіңді аш! Отаныңа бас июді үйренсең, жүрегіңде Отанға деген орын табылады. Заңғар тауларға, мөлдір бұлақтарға, кең далалар мен жұмбақ шөлдерге, туған қалалар мен ауылдарға – барлығына сенің жаныңнан орын табылады. Сол кезде жүрегің Отанның өлшеміне дейін үлкейеді. Кіші емес, үлкейесің, бөлшек емес, бүтінге айналасың. Сенің мөлшерің – Отанмен мөлшерлестігің. Отан есеюіңнің шекарасын анықтайды. Сен ешқашан Отаннан үлкен бола алмайсың. Отан – сенің барлық өлшемдерің. Бойыңды да, салмағыңды да, түсіңді де Отаннан аласың. Егер Отаның аспан болса – самғайсың, дала болса – жер басып жүресің, таулар болса – өрмелейсің, теңіз болса – жүзесің. Сенің жаратушың Құдай, қорғаушың – Отан. Отаныңды ұлықтау арқылы өзің де жоғарылайсың. Отаныңды құрмет тұтпасаң, өзің ұятқа қаласың. Тірі кезіңде жаныңды туған жеріңмен жылыт, өміріңнен кейін жер астындағы суықта осы махаббат құшағында жылытады. Сен үшін ғаламның ортасы - кіндік қаның тамған жер. Балалық шағың өткен жерлер әрқашан қымбат, ол жерлерде сенің тазалығың, бейкүнәлілігіңнің естеліктері бар. Балғын шағың өткен жерде алаңсыз өмір сүргенің, бақытты кездерің жайлы естеліктер бар. Бозбала шағың өткен жер әрқашан есіңде, себебі онда алғаш рет махаббатты таныдың, өйткені ол жерде болашағыңды армандадың, бар өміріңе сендің. Есейген шақтарың өткен жерлерің де қымбат, өйткені ол жерде жетілдің. Кәрілік шағың өткен жерлерің өміріңнің соңғы күндеріне дейін есіңде, өйткені онда сенің орындалмаған армандарың өмір сүреді. Отан – сенің өмірің. Отан – түп тамырың. Сен ата-баба тамырынан жетілген ағашсың. Ол тамырлар тереңде жатыр, егер бұтақтарыңды тағдырдың қатты желдеріне майыстырмай, жер бетінде нық тұра алсаң, онда ол осы тереңдегі тамырлардың арқасы. Әкелер мен аналар жүрегінің жылуына оранған осынау туған өлкені қалайша жат жермен салыстырамыз?! Тағдырың, өмірің, адамгершілігің, ақылың, рухани жағдайың Отаныңның түсіне боялған. Ойға алғаның, ниетің, келбетің – барлығын Отаннан аласың. Сезімдерің оянған кез таулары мен даласы түрлі-түсті қызғалдақтарға толатын көктем кезіндегі Отанның көркеюін еске алады. Отаныңнан айрылсаң, сені қай жер күтіп тұр, қазағым?! Құрметті балаларым! Жат жерлерде қонақ бола аласың, бірақ ешқашан ол жақтікі бола алмайсың. Ол жерде байып кетуге болады, бірақ бәрібір қожайыны бола алмайсың, өйткені жат елдердің өз қожайындары бар. Жат жерде бір бұрышың болғанмен, ол жерде Отаның болмайды. Отан иелік етілмейді, ол беріледі. Отан тағайындалмайды, ол өзі тағайындайды. Отан жасалынбайды, ол өзі жасайды. Сен – Отаннан туған адамсың. Басқа жақтарда өмір сүрсең де, тек осы жерде ғана нағыз қазақ бола аласың. Туған топырағынан қазылып басқа жерге отырғызылған ағаштың түрі мен мәнділігі өзгеретіні сияқты қазақ та өз мәнділігін өзгертсе, онда оның қазақ екенін қайдан аңғарамыз! Отаннан ажырау – өмірдің соңы, демек, сыртқы қабығың ғана қалды деген сөз. Отаннан айрылу – өзіңді жоғалту. Өзіңді жоғалтып кім болмақсың, неге айналмақсың?! Отан – сенің өткенің, Отан – сенің бүгінің. Егер болашағыңнын болғанын қаласаң, ешқашан Отаныңнан ажырама! Әрбір сәті күн көзіндей жылытатын Отаныңдағы күндерінен айрылма, көкте жұлдыздары жарқыраған, бүгінің мен ертеңіңнің игілігіне сенген Отаныңның түндерінен айрылма! Тағдырыңды қаласаң, өзіңді Отаныңның тағдырынан бөлме! Баршылықта өмір сүргің келсе, Отаныңа қамқор бол! Сұлу болғың келсе, Отаныңның сұлулығын өзіңе дарыт. Жетілгің келсе, Отаныңа иіл! Ұлы болғың келсе, Отаныңның ұлылығын түсін! Сүйіктісімен айрылысқан адам жеті жыл жылайды, Отанынан ажыраған адам өмірінің соңына дейін жылайды. Өз тамырынан жұлынып алынған ағаш қалай жыламасын? Егер барлық ылғалы жас болып төгіліп кетсе, қалайша қурамасын ол ағаш? Сүйіктіңді жоғалту – жартыңды жоғалту, Отаныңды жоғалту – барлығын шығындау. Өзіңде барыңды жоғалтпа! Барыңды сақта! Ананың ақ шашындай Отаныңның ақ күндерінен, терең де үндескен түндерінен, балаларыңның болашағындай ақ қалалардан, арулардың арындай сұлу таңдардан ажырама, қазақ! Туған ауылдарыңды, жолдар мен соқпақтарыңды, далалар мен шөлдеріңді, таулар мен теңіздеріңді, өзен-көлдеріңді, Отаныңнын сұлулығын ешқашан тастама, қазақ! Тастама – жүрегіңді қан жылатып Отаныңнан айырма, қазақ! Өз тамырыңнан ажырама – солып қаласың! Жолыңнан тайма – адасасың! Өз өзіңнен ажырама – ешқашан жазылмайтын жараға айналасың! Өз өміріңнен қашпа, сенің өмірің – сенің халқың! Менің жас достарым! Менің сіздермен бөлісіп отырғаным сіздерге жақын және қымбат екеніне сенемін. Отан жайлы менің ойларым осындай. Елдің барлық жастарын өз қабілеттерін шығармашылық жағынан шыңдау жолдарын іздеуге әрқашан шақырдым. Барлығыңызды жас мемлекетіміздің бейнесін жаңартуға, өмірлеріңізді сүйікті Отан ісіне арнауға, жақсы білім алуға, кәсіби маман болуға, жалындап өмір сүруге, құлдық тәуелділіктен арылуға, өз Атамекеніңіздің нағыз қожайыны атануға шақырдым!

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 224; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!