Сильная энергетика – сильный Казахстан. 2 страница



Мен өз халқымның ештеңеге мұқтажсыз өмір сүріп, бақытты әрі еркін еңбек етіп, қадір – қасиетін биік ұстаса деп армандаймын. Біздің аталарымызда барлығы жиналып, бірігіп үй тұрғызатын дәстүр болған. Біз сол дәстүрге қайтып оралдық, өзіміздің зайырлы мемлекетіміздің іргесін бірігіп қаладық, бүкіл халық боп үйді тұрғыздық. Сондықтан әрбір азаматтың борышы – осы біздің қазақ үйді қорғау, осы үйдің еңселене түсуі үшін өз үлесін қосып, оның алтын боп, сәулесін бүкіл әлемге түсіруіне жағдай жасау. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты ерекшелігі оның ұлттық мемлекеттігінде болу керек. Қазақтар әуелден – ақ маңызды мәселені шешер кезде ақсақалдармен ақылдасқан. Біз осы үрдісті жаңа тәуелсіз мемлекетті құрғанда да еске алып, халықтың тарихын, ұлттың рухы мен дүниетанымын алға қоюмыз керек. Біздің мемлекетіміздің құрылымында Ақсақалдар алқасына үлкен мән берілу керек. Ақсақалдар алқасы мемлекет басқарудағы жетекші орталық болу керек. Сол арқылы біз өз халқымыздың мемлекеттік тарихи тәжірибесін жүзеге асырамыз. Тәуелсіз Қазақстан – демократиялық, құқықты, зайырлы мемлекет, басқаруы президенттік республика ұстанымда жүргізіледі. Қазақстан өз аумағынды билік жүргізеді және өкіметті түгелдей басқарады. Ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен шекарасы біртұтас әрі берік. Мемлекет Қазақстанның тәуелсіздігін, шекарасының бұзылмауынқадағалайды. Қоғамның бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін саяси ұйым ретінде мемлекет билік органдары мен мемлекеттік басқармаларға сүйенеді. Тәуелсіз Қазақстанда басты заң шығарушы органы Парламент, мемлекеттік басқару органы - үкімет. Қазақстан төмендегідей административті – аумақтық бөлшектерге бөлінеді: облыстар, аудандар, облыс құқықты қалалар, онда басқарудың мемлекеттік органдары құрылған. Бұдан да басқа, ол қалалардан, поселоктар мен ауылдардан тұрады, ол жерлерде өзін өзі басқарудың жергілікті органдары әрекет етеді. Қазақстанның өзбастығын халық жүзеге асырады, халық – мемлекеттік биліктің жалғыз көзі. Ол өз билігін тікелей, немесе өкілетті органдар арқылы жүзеге асырады. Қазақстан халықаралық құқықтың жалпылай мойындаған нормаларын құрметтейді. Дүниежүзілік қоғамның толық құқылы мүшесі болғандықтан, ол өзінің сыртқы саясатында бейбіт қатар өмір сүрудің ұстанымдарына сүйенеді, күш қолданбау, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпауды қолдайды. Менің cүйікті халқым! Мен бұл жайында бұрын да айтқам, кәзір де қайталаймын, қазақтар тарихында оны жау сырттан емес, іштен құртқан. Олай дейтінім, тарихтан сабақ алудың қаншалықты маңызды екендігіне сендердің назарларыңды аудара түсу. Менің ойымша, әрбір азамат өзінің тәуелсіз мемлекетінің мызғымас өміршеңдігі үшін күресіп, оның жан – жақты дамуына кедергі келтіретін кез келген зияндылыққа қарсы тұруға міндетті. Менің ойымша мемлекеттік қызметке адамдарды таңдағанда оның білім дәрежесіне, үміткердің квалификациясына, оның саясатты сараптауына, құқықтың білімді меңгеруіне, адалдығына, әділдігі өзінше ойлау мүмкіндігі мен шешім қабылдай білуі, Отанға, халыққа берілгендігіне қарау керек. Егер де әрбір басшы өзіне қабілетті, іскер мамандарды таңдап, олардың жұмысын әдепті түрде қадағалап, білімді басшылық жасап отырса, ондай ұжымда салауатты қарым – қатынас пен жетістік болары хақ. Мемлекеттегі басшы орындарға өз ісі мен халқына шын берілген мықты адамдарды тағайындау – күрделі әрі жауапты міндет. Алдымызға қойған мақсатты қалтқысыз орындау үшін біз бұл мәселені назардан еш тыс қалдырмаумыз қажет. Халық мүддесін, елдің, өңірдің, ауданның мүддесін өзінің жеке мүддесінен биік қоятын адамдарды таңдап, оларды тәрбиелеу жолдарын табу өте қажет. Болашақта қайта өркендеу басталғанда экономикалық саясатын жүзеге асу барысында Қазақстан экономиканың барлық саласында жылдық орта өсімі 15 пайызға дейін өседі. Бұл кезеңдегі негізгі мақсат өндірісті өркендету. Болашақта машина жасау және металл өндеуші салаға, жылу – энергетикалық комплекске, қара және түсті металлдар өндіретін салаға, ауыл шаруашылыққа, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, уран өндіретін салаға, үй құрылысы және инфраструктуралар құрылымы және осы саланы жаңғыртуға барынша назар аударылады. Сонымен қатар, болашақта жаңа серпін қызмет көрсету салаға, дәрі – дәрмек өндіретін салаға және ақпараттандыру салаға беріледі. Индустриалдық-инновациялық бағдарлама арқылы отандық экономиканы гұлдендіреміз. Тек ішкі экономикалық даму біздің адамдардың тұрмыс деңгейін көтеруге кепілдік бола алмайды, бірақ оған қолайлы алғышарттар жасай алады. Сондықтан да бұл өміршең мәселелердің шешімін табу үшін оған белсеңді, тұрақты екпін үстеу керек. Болашақта Қазақстанның әлеуметтік саясатының негізін халықтың тұрмыс жағдайын көтерудің көрсеткіші құрайды. Бюджеттегі қаражаттың дені әлеуметтік саланы дамытуға жұмсалады. Халық саның өсуіне байланысты мен әлеуметтік тұрғыдан жаңа нысандарды, бұрыннан бар инфрақұрылымды халыққа қайтару және оны тиімді пайдалану секілді мәселелерді ешуақытта естен шығармаймын. Болашақта тәуелсіз Қазақстанның барлық мемлекеттік бағдарламаларының негізінде халықтың әл – ауқатын көтерудің барша мүмкіндіктері қарастырылады, олардың құқығын сақтау көзделеді. Менің мақсатым – Қазақстанды гүлденген өлкеге айналдыру, оның әр адамға сенімді және туған үйіне айналуына қол жеткізу. Қымбатты менің отандастарым! Біз бәріміз де замандаспыз, 21 ғасырда өмір сүреміз. Бізге ерекше міндет жүктелген, оны ұмытуға тиіс емеспіз. Біздің жауапкершілігімізді сынайтын сол мәселелер, оны шешу жолдары. Менің саяси көзқарасым осындай, болашақта да осылай боп қала бермек. Бүкіл қазақстан азаматтары жиырма бірінші ғасыр өткен ғасырға қарағанда барынша қәуіпсіз, барынша гуманды, барынша берекелі болуына, қазақ халқының қайта Өркендеу және жаңарту дәуірі боп тарихқа енуіне барлық күш – жігерін біріктіріп, дегеніне жетеді. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің есігі сыртқы әлемге ашық. Алайда біздің рухани қақпамыздың алдында ақылгөйлер туруға тиісті, өйткені кез келген алып қашпа пікірлер мен ұғымдарға көзсіз еру ұлттың рухани салауаттылығын бұзуы мүмкін. Біздің құндылықтарымыз халықтың өмірі мен ділінің ерекшеліктеріне сәйкес болуы лазым, өйткені ұлт – ең әуелі рухтың бірлігі. Біз және ертеңгі ұрпақ бағдарын анықтау үшін халықтың жанына терең үңіліп, ондағы барлық жақсылықтарды саралап, әкелер даналығын зерделеу керек. Кемел мемлекет – бәрінен бұрын рух жағынан кемелденген мемлекет. Рухани кемелдік ұжымдық әрекетпен жасалмайды, оны жариялауға, немесе мемлекеттің бұйрығымен таратуға болмайды. Ол әрбір азаматтың ынтасымен қабылданады және нығаяды. Мен әр сәт сайын Тәңірдің өзінің ұлы туындысы – Адамға деген шексіз махаббатын сезінем. Жер бетінде өсімдіктің үш жүз сексен түрі бар, бәрі гүлдейді, тек Адам үшін өседі! Оның әрқайсысы көркем, жұпарлы, бірі бірінен өткен! Жаратқан соның бәрін адам үшін, соның құрметіне жаратқан! Жерді де адамзат үшін жасаған, сол үшін оған саналуан өсімдікті өсірген. Құстар да адам үшін, дүниедегінің бәрі де өсірген. Құстар да адам үшін, дүниедегінің бәрі да адам үшін. Осынау ғажайыптың бәрі Тәңірдің махаббатынан туындаған! Отандасым менің! Айналаңа көз сал, сені қоршаған сұлулықтан бейне қағаз бетіне бедерленгендей Құдайдың сүйіспеншілігін байқайсың! Адам, сен де Тәңірдің махаббатысың! Сол ұлы махаббатқа сай болуға ұмтыл, адамды сүй! Сенің өмірінің мазмұны – сүйіспеншілікте, бір – бірімізге деген махаббатта, баршаға деген махаббатта! Сенің бақытты өмірінің кілті – сенің оларға деген ынтыңда, бүкіл әлемге деген махаббатыңда! Адам – ол күш! Бірақ, ол берекелі өмір сүріп, өзінің ішкі әлемін меңгеру арқылы бүкіл адамзатты жете түсінгенде ғана күшті. Ол өзінше әлем. Оған ұшақпен, зымыранмен, немесе сәйгүлікпен жете алмайсың! Бір жарым ғасыр бұрын Қорқыт ата қобызда ойнап отырып сол әлемге, адам жанының әлеміне саяхат шегіпті... Адамның құдыреті – осыны, тек осы әлемді байыптауда. Тек адамның өзі ғана өз қадірін көтеріп, оны өзіне қызмет еткізе алады. Ол оңай шаруа емес. Адамзаттың адасуы – оның рухының адасуынан. Дүниедегі қақтығыстардың бәрі – соғыс, қантөгіс, әділетсіздік – осыдан туындап келген. Өз өмірін жетілдіре түсу ниетімен адамдар рационалдық, сол секілді утопиялық негіздегі қоғамдық жүйелерді ойластыруда аз тер төккен жоқ, бірақ Құдайды жоққа шығармақшы болғанымен, адам қолымен жасалған әлгі зұлматтардың бәрін жоя алған жоқ. Өз өмірін адам өзі құруға тиісті. Жаратқан иемнің оған берген еркіндігінің мәні осында. Біздің ішіміздегі рух, егер өзіміз әрекет жасамақ, өзінен өзі бас көтермейді. Ол игілікке құштар, соған ұмтылады. Егер адам өзінің еркіндігінің шеңберінде біреудің көмегін пайдалануға құқты болса, онда ол қайырымдылыққа деген қағмдаға қатысты. Одан басқаның бәрі – адамның өз қолының ісі. Нағып мен айтамын біздің рухани қақпамыздың алдында ақылгөйлер туруға тиісті, өйткені кез келген алып қашпа пікірлер мен ұғымдарға көзсіз еру ұлттың рухани салауаттылығын бұзуы мүмкін. Біздің құндылықтарымыз халықтың өмірі мен ділінің ерекшеліктеріне сәйкес болуы лазым, өйткені ұлт – ең әуелі рухтың бірлігі. Ал біз болсақ, қазақ жолымызбен жүруіміз керек, осы жолмен қазақ мемлекеті жүру керек. Бұл жолды қайта өркендеу жолы деп атауға болады. Бұл жолмен жүрсек біздің жер қазба байлықтарымыздың қызығын өзіміз көреміз, өйткені өзіміз игереміз. Бұл біздің табиғи дамуымыздың жаңа жолы. Біз өз жолымызбен, ешбір елге, еш халыққа еліктемей жүретіндігімізді ешкімнен жасырған жоқпыз. Ешбір адам өзгенің жолын қайталамайды, еш халық басқа біреудің жолына түспейді. Әлемдік тарих мемлекеттік құрылымның, мемлекеттік басқарудың бай тәжірибесін жинақтаған. Мемлекетті басқарудың көптеген жүйесі бар: монархиядан республикандық жүйеге дейін. Ал бізге лайықты республикандық жүйе. Басқарудың барлық формасын жете зерттеп, оларды өз тәжірибемізде қаншалықты пайдалы, оңтай пайдалануға болатындығына көз жеткізе отырып, бұрыңғы бабаларымыздың мемлекетті негіздеу барысындағы барынша жетілдірілген ұстанымдарды еске алуымыз керек. Біз кемелдіктің жаңа дәрежесін көздеген мемлекет құруымыз керек, ол қоғамның қайта өркендеу дәуіріне айналмақ. Сондықтан қазақ мемлекетінің мүддесі қазақ халқының мүддесіне сай болу керек. Сол мүддеге біздің экономикамыз да бағыну керек. Мемлекет құрылу үстінде. Қайта өркендеу біздің мемлекеттік жүйенің кемелдену дәрежесінің көрсеткішіне айналмақ. Бұның өзі біздің ұлттық тәуелсіздігіміздің, сол мақсатты жүзеге асырудың жолдары мен мүмкіндіктерінің басты мінездемесі. Менің шыдамды, өктем, өр халқым! Сен білсең екен деймін: менің әрбір күнім саған деген перзенттік борышымның өтеуі болса екен деп, жарғақ құлағым жастыққа тимей, шыбын жанымды шүберекке түйіп, қазақ деген қасиетті атты ақтау үшін аянбай еңбек өтпекшімін. Сенімен қатар тұрып, бірге соққан жүректің лүпіліндей саған қызмет етуден артық бақыт жоқ маған! Мен сенің ажырамас бөлшегіңмін, қаным да, жаным да сенікі. Мен сенің шабытты тағдырыңның шарықтай түскенін қалаймын. Өзімнің өмірлік мақсатым етіп – бойымдағы барша қуатты өзіңе сарқып беруді алға қойғанмын, аяулы қазақ халқым! Ойдағымның бәрі орындалып, алдымыздан туған бақыт жұлдызы әр – біріңіздің құтты шаңырақтарыңды нұрландырып, оның түкпір – түкпірін қуанышқа толтырса – одан асқан тағдырдың тартуы, сыйлығы жоқ. Сенің ошағыңдағы сөнбейтін отты, от басындағы тағдырына риза жандарды көріп мен де қуанам, тәуелсіз мемлекетіміздің сендерге сәтімен қызмет көрсетіп, ел алғысына бөленіп жатқанына шүкіршілік етемін. Міне, сен тағы да тарихтың көгіне көтеріліп, бүгінің мен ертеңіңді қыран жанарыңмен шола бастадың. Тәуелсіздіктің біз көріп жатқан бүгінгі жемісі – сенің ұлттық даналығыңның жемісі, ол бізді қашан да, әр уақыт, шетсіз – шексіз тарихымыздың өне бойында желеп – жебеп келіп, бүгінгідей шат – шадыман сәттің шалқар шабытына бөледі. Қазақтар бауырларым! Біз өзіміздің ұлттық рухымызбен мақтануға тиіспіз, осындай әлеуетті мүмкіндіктің тек өз ұлтымызға қатыстығы болғандығы үшін ғана емес, сол мүмкіндіктің осыншама құнарлы, қуатты, қажырлы болғандығына, аумалы – төкпелі замандар көшінің қилы – қилы бұрылыстарында үмыт қалдырмай, адастырмай, қайта бұрыңғыдан да гөрі шыңдала түскеніне мақтануға тиіспіз. Қазақтардың рухани әлемі – таза да жарық әлем, ол оптимизмге, келер күнге деген үміт пен сенімге толы. Жердегі тіршілік пен адам баласының ақыл – ойына деген үмітін ешқашан жоғалтпаған нұрлы әлем ол. Қазақтардың өмірлік мұраты – сол рухани таза әлемін кірлетпей, кінәратсіз қалпында сақтау, сол арқылы тірліктің мән – мазмұнын ардақтай түсу. Туған жерін, туған халқын шексіз сүю арқылы, өзгелерден де осы сынды гуманды, адамгершіл қасиеттерді байқап, байыптап, өз ұлтымен бірлікте болу – қазақ халқы үшін атамұрат.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 181; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!