Сильная энергетика – сильный Казахстан. 10 страница



Сонымен қатар кәсiби – техникалық оқу орындарының жүйесінің қызметiн ұйымдастыру – тәжiрибелiк және оқу-әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етіп, бар мамандықтарды қайта қарастырып, кәсіби – техникалық оқу орындарын бітіріп шыққан мамандар жеке кәсіпкерлікте жәнеорта бизнесте өз орындарында қалыптасқан мамандығы бойынша қызмет етуі тек қана оқу орындарының басшыларының алдында тұрған міндет емес, біздің де міндетіміз. Біз бұл маңызды және өзекті міндеттердің шемімі және оларды іске асыру ең адымен жоғарғы оқу орындарындағы профессорлық – оқытушы құрамнан және олардың ғылыми педагогикалық потенциалына байланысты екені белгілі. Сонымен қатар, педагогикалық кадрларды даярлап және олардың біліктілігін арттыру үшін, олардың материалдық – тьехникалық базасына ақша бөлу қажет. Осыған байланысты әлемнің ең беделді университеттерімен қарым – қатынасты нығайту, шетел мамандыры қатысатын форумдар мен конференциялар өткізу, тәжірибе алмасу біздің жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың білімі мен біліктілігін арттыруға көмектеседі. Құрметті мұғалімдер мен жетекшілер! Барлығымызға белгілі идеологиялық және тәрбиелiк салада бос кеңістіктің болмайтыны белгілі. Егер біз осы салада шамалы қателік жіберсек, ол бос кеңістікті біздің менталитетімізге және рухымызға жат күштер қамтуы мүмкін. Қазіргі уақытта әлемде білімді де білікті жас ұрпаққа деген талас қарқынды жүруде, әр түрлі орталықтар осыған мол қаржы мен күштерін жұмсауда және әлемдік көзқарасы қалыптаспаған бізің жас ұрпақты, біздің қоғамымызға келмейтін идеялармен қөзқарастарға баулып және өздерінің жүйелеріне тартып алып кетуіне жол бермеуіміз керек. Осыған байланысты біздің міндетіміз халқымыздың бейбіт те жайлы өміріне осында кері бағыттағы нәрселерді енгізбеу, біздің балаларымызға халықаралық терроризм, экстремизм тағы әр түрлі формадағы (жаппай мәдениеттерден) келешек жас ұрпағымызды қорғап, қадағалап және осындай жаман пиғылдарға қарсы тәрбиелеуіміз керек. Бұл өз кезегінде білім беру орындарымен ата-аналардың, жастардың, әйелдер ұжымдарының, мемлекеттік және мемлекетік емес ұйымдардың қарым-қатынастарын нығайтуды талап етеді, бұл үшін қымбатты ұстаздар алдағы уақытта да өздеріңіздің күш жігерлеріңізді аямай салатындарыңызға кәміл сенемін. Бір сөзбен айтқанда біздің негізгі міндетіміз келешек жас ұрпақты біліммен ғана қамтамасыз етіп қоймай, ең алдымен оларды ішкі жан дүниесі кең тұлға ретінде тәрбиелеп, әлемдегі құбылыстарды дұрыс бағалай алатын, өз отанына деген сүйіспеншілігі мол, егеменді Қазақстан азаматына лайықты жас буынды тәрбиелеу біздің борышымыз деп білемін. Қымбатты ұстаздар! Осы маңызды міндетті терең ұғынып, өз істеріне берілген, оны іске асыру жолында қажырлы еңбек ететін педагог, ұстаз және жетекшілеріміздің барлығы, біздің болашағымызға деген сенімділікті молайта түсетіні сөзсіз. Осыны айта келе: Осы тәуелсіздік жылдарында өздерінің адал да қажырлы еңбектері үшін, басқаға үлгі бола білетіндей, мемлекеттік наградалардың иегерлері осы мұғалімдер, ұстаздар, жетекшілер екенін атап өткім келеді, бұл, құрметті педагогтар сіздерге деген үлкен құрмет пен сыйластықтың белгісі деп ойлаймын. Сіздердің еңбектеріңізді дұрыс бағалап және ынталандыру үшін, осы маңызды жұмыстың тағы да жоғары нәтижелеріне жетуге, сіздердің жағдайларыңызды жақсарту керек, үкімет осы білім саласына үлкен көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Тағы да Құрметті ұстаздар, сіздерді бар ықлас-ниетімен осы кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын, Сіздерге мол бақыт, денсаулық, бейбіт өмір және жанұяларыңызға аманшылықты тілеймін. Сіздердің осы асыл да ұлы қызметтеріңізге үлкен жетістіктер тілеймін, құрметті менің ҰСТАЗДАРЫМ!!!     Құрметті отандастар! Мен өзімді Қазақстанымызды әрбір адал азамат үшін мүмкіндіктерге толы ел қылдыру үшін міндеттімін деп есептеймін. Еліміздің тәуелсіздігін қорғау үшін мен саясат жолын таңдадым. Қазақстанның алдында азаматтық борышым мен үшін жайлы өмірден гөрі маңыздырақ. Маған халқымызға адал қызмет ету үшін елімізді басқару керек деп есептеймін. Еліміздің бүкіл адал азаматтарды, ұлт тағдырын ойлайтын тілшілерді, ұлттың болашағын ойлайтын саясаткерлерді, еліміздің жарқын болашағын ойлайтын азаматтық белсенділерді, партиоттық үкіметтік емес ұйымдарды, жауапты кәсіпкерлерді, еліміздің тағдырын ойлайтын ғалымдарды, Отанымызды ойлайтын саяси партияларды Қазақстанның жарқын болашағы үшін бірігуіне шақырамын. Біз бәріміз бірігіп бірге жұмыс істесек Отанымздың тәуелсіздігі баянды болады. Қазақстанның болашағы үшін біз бірігуге міндеттіміз және өзіміз өз мемлекетімізді құруымыз керек, сонда ғана біздің мемлекетіміз бәріміз ұшін құтты шаңырақ болады. Біз әрқашанда үлкен жетістіктерге жететін боламыз егер біз тәуелсіз, демократиялық, әділетті, әлеуметті, зайырлы мемлекетінің жолымен жүретін болсақ. Қазақстан мықты мемлекет болуы тиіс, ал қазақ халқы қауіпсіз әрі лайықты өмір суру керек. Біз қазақ халқына қауіпсіздікті және қарқынды экономикалық дамуды қамтамасыз етуміз керек. Әрбір әлемдік мәселелер бойынша біздің өзіміздің жеке көзқарасымыз болу керек деп есептеймін, ал халықаралық аренада айтылған сөздеріміз салмақты болу керек деп білемін. Халықаралық аренада тәуелсіз саясатты жүргізу үшін, ең біріншіден елдің ішінде жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылу керек. Біздің экономикалық күш қуатымыз, экономикалық тәуелсіздігіміз біздің саяси тәуелсіздігімізді күшейтуге тиіс, ал экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін біз жер қазба байлықтарды, мұнай кең орындарды халқымызға және мемлекетімізге қайтаруға міндеттіміз деп есептеймін. Қазақстанда азық түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілу керек деп білемін. Сонымен қатар біз көліктік қауіпсіздікті қамтамасыз етуміз керек, яғни біз жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жұзеге асыруымыз керек, жаңа темір жолдарды, тас жолдарды салуымыз керек. Инфрақұрылымдық жобалар біздің жағрафиялық жағдайымызды жақсартады. Өйткені көліктік инфрақұрылымсыз, логистикасыз, жаңа теміржолдарсыз экономикалық дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Біздің қазақ экономикамыз бәсекеге қабілетті болу керек деп білемін. Бәсекеге қабілетті болу деген ол не, ол кадрлардың біліктілігін арттыру, ол еңбек жағдайларды жақсарту, зиянды өндірістерді алмастыру, импорт алмастыру саясатын жүзеге асыру, жаңа технологияларды кең қолдану, ал нәтижесінде экономиканың құрылымын өзгерту, отандық экономиканың тиімділігін арттыру, сапалы жұмыс орындарымен қамтылу деңгейін өсіру, осыған сүйеніп тұрғындардың жалақыларды өсіру. Осыны экономикалық тілмен айтатын болсақ интенсивті даму жолы деп атайды. Біздің заманауи мемлекетіміздің құрылысы қазақ ұлттық құндылықтарға және қазақ ұлттық дәстүрлерге сүйену керек деп есептеймін. Бізге осы ұлттық идеяны табу үшін көп ойлану қажет емес, біз өзіміздің ата бабаларымыздың рухани мұрасына сүйенуіміз керек. Біз қазақтар еркіндіксүйгіш халықпыз, ал біздің мәдениетіміз өте бай мәдениет. Қазақ халқы жақсы түсінеді бірлік түбі береке екенін, бірлікті ел бұзылмас екенін. Бірлікке, ұлттық қазақ мәдениетке, ата дәстүрімізге, ана тілімізге сүйеніп ерең еңбек етіп біз өзіміздің мемлекеттілігімізді нығайтуымыз керек. Меніңше, қазақ болу тек қазақща сөйлеу ғана емес, бұл Қазақстанды сүю, үлкен махаббатымен оның ұлттық ерекшелігін сақтау, өйткені біздің ұлттық ерекшеліктеріміз құдайдан берілен сый. Қазақ болу бұл қазақ халқын қорғауға дайын болу. Қазақ болу бұл бар күш жігерін Қазақстанның тәуелсіздігін сақтап қалуға жұмсау. Қазақ болу бұл жеті атасын біліп, ұлттық дәстүрлерді қадірлеу деп білемін. Менің ойымша, біз өкінішке орай біздің шетелдегі қандастарымыздың потенциалын толық пайдаланбаймыз. Ал негізінде біз әлемдегі қазақтар бәріміз бірігіп Отанымыздың игілігі үшін ерең еңбек етуіміз керек, мейлі ол Қазақстандағы қазақ болсын, шетелдегі қазақ болсын, коммунист болсын, демократ болсын мейлі біздің бәріміздің мақсатымыз бір ол Қазақстанды гүлдендіру. Сондықтан мен ойлаймын біз шетелдегі қазақ қандастарымызбен бірігіп Отанның игілігі үшін олармен бірге қоян қолтық жұмыс істеуіміз керек. Мысалы Қазақстанның Жазушылар одағына шетелдегі қазақ жазушыларды тартып, сонда біз екі потенциалды біріктірп нәтижесінде қазақтың әдебиетін байытамыз. Неге мысалы біздің киноматографисттер одағына шетелдегі қазақ режиссерларын тартпаймыз, немесе Ұлттық кәсіпкерлер палатасына шетелдегі қазақ кәсіпкерлерді тарпаймыз, бірігіп қаншама Отан үшін игі істер жасауға болатын еді. Мысалы шетелдегі қазақ ғалымдарды біз неге Ұлттық Академияның құрамына кіргізбейміз, шетелдегі қазақ дәрігерлерді неге отандық дәрігерлердің одақтарына кіргізбейміз. Сосын менің ойымша, біз бүкілқазақтық спорттық ойындарды өткізуіміз керек, бұл бізді шетелдегі қандастарымызбен жақындастырады ғой, өйткені шетелдегі қазақтар спорттық командалар құрып бұл ойындарға қатысады, елімізге келеді, осыны біздің спорт және дене шынықтыру істері агенттігі ұйымдастыру керек деп білемін. Ал елімізге келем деген шетелдегі қандастарымызға жағдай жасау керек деп білемін, ең біріншіден Армения сияқты ата заңымызға жазуымыз керек этникалық қазақтар қазақстанның азаматтығын оңайлатылған тәртібімен алады деп, болды ата заң еліміздің басты заңы егерде осы сөздер ата заңымызда жазылған болғанда шетелдегі қазақ қандастарымыздың елімізге көшуге кедергі болатын ешкім ешқандай үкім шығара алмайтын еді өйткені ата заңға қарама қайшы. Яғни кәзір біздің шетелдегі қандастарымыз зар жылап жүрмейтін еді. Ал мысалы неге шетелдегі қазақ жастарды біз елімізде оқытпаймыз, мен ойлаймын елімізде оқимын деген жастарға бұндай мүмкіндік беру керек және оларға шәкіртақы төлену керек деп есептеймін. Осыны Білім беру министрлігі ұйымдастыру керек деп есептеймін. Ардақты ағайын! Халқымыздың ұзақ тарихында қазақ тілі ұлы ұлттың болмысында және ұлттық танымында тағдырын шешуші рөл атқарғанын бабаларымыздың қалдырған жанжақтылығымен, құндылығымен көрінетін жазбаша және ауызша мұраларынан білеміз. Осы күнге дейін ұлт болмысының мәнділігін бабаларымыздың намыспен, отаншылдықпен қорғап келгені секілді, біз де оны ұрпақтарымыздың сөзі мен ісінде қорғауымыз керек. Қазақ тілін білу – ұлтқа деген, ұлттық, тарихи және мәдени құндылықтарға деген құрметтің белгісі екенін мен талай рет атап көрсеттім. Анамыз және Отанымызбен бірге Қазақ тілін ең жоғары асылымыз ретінде қабылдадық, ұлтымызға деген ұлы мақтанышпен осы ойды ұрпақтарымыздың санасында қалыптастырамыз. Ұлттық тіл байлығы үшін, ұлттар мен мәдениеттердің өзара қарым-қатынастарының дамуындағы дәуірде мықты да айқын тілімізді нығайтып, оны болашақ ұрпақтарға бар сұлулығы және күшімен қалдыру үшін бабалар мұрасын дұрыс қолдануымыз керек. Жаңа мемлекеттіліктің қазіргі сатысында ұлттық тіліміздің тарихи, жазылған және сөздік мүмкіндіктерін дұрыс қолдану, сонымен қатар мемлекеттік тілдің ары қарай дамуы үшін барлық негіздер мен нақты мүмкіндіктер жасау қажет. Қазақ тілінде өлең жазып, газеттер мен бағдарламалар шығарып және ғылыммен айналысу үшін, қазақ тілі үздіксіз дамып және жаңарып отыруы қажет. Қоршаған ортаны тану үшін, болып жатқан жағдайларға талдау жасау үшін, қазақ тілді түсініктер керек. Сонда ғана, жаңа құбылыстарды суреттеуге қажет жаңа сөздер болады, мазмұнды шешімдер қабылдай аламыз. Қазақ тілінде сөйлеп, осы тілде ойлайтын адамдарды тілдің болашағына деген қамқорлық біріктіріп тұрғанына терең сенімдемін. Осындай қамқорлық пен іс жүзіндегі бейілділік тіліміз бен мәдениетімізді қорғайды. Барлығымыз бірігу арқылы тілімізге қамқор болып, оны қорғай беруіміз қажет. Мемлекеттік тілді қорғаумен, сақтаумен және дамытумен мақсатты түрде және мемлекеттік деңгейде, сонымен қатар басқа тілді үйренгісі келетіндерге кедергі болмай-ақ айналысуымыз керек. Мен Қазақ тілді ақпараттық алаң құруда күш салуымызды қажет санаймын. Бұл күрделі және қымбатқа түсетін үрдіс, бірақ ол біздің оңайлықпен берілуіміз керек екенін білдірмейді. Отанға деген махаббатқа толы, бойына ерлікті, даналықты жиған қазақ халқы – кереметтің кереметі. Дәл сол халық Қазақстанның қалалары мен ауылдарында тұрады және ол мен үшін аса қымбатты, менің сүйікті халқым! Таулары мен жазықтарына қоршалған, аспаны ашық жер – менің атамекенім Қазақ Елім! Менің жерімнің биік таулары мен жазықтары бар, шөлдері мен теңіздері бар, кең далалары мен ну ормандары бар, сылдырап жатқан өзендері бар, бұл жер – қазақтардың жері, Тәңірдің мейіріміне бөленген халықтың қасиетті жері! Кез келген нағыз қазақтан әлемді айналып өзіне басқа жер табуын сұрасаң, ол саған күллі әлемді шарласа да, осы жерден артығын таппайтынын айтады! Мен болсам, мен үшін Отанға қызмет етуден, бабалардың қалдырғанын қорғаудан маңызды мақсат жоқ. Мен үшін мемлекетімізді нығайтудағы, Отанымызды көркейтудегі, халқымыз үшін жарқын, әлеуметтік және әділ болашақ құрудағы бабалар өсиетіне еруден артық іс жоқ. Бар өмірімді қалдықсыз осыған арнадым. Біз енді егеменді елміз. Қазақстанның тәуелсіздігі әлемдік қауымдастықпен мойындалған. Енді Қазақстанның бар адамдарының ойы мен ісі тәуелсіздікті көркейтуге, нығайтуға бағытталу керек. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Мұнай, астық, металл, мақта бар, ең бастысы, еңбекқор, парасатты және талантты халқымыз бар. Ұлт үшін ерең еңбек етіп елімізді гүлдендіріп, Қазақстанның көсегесін көгертейік, жарқын отандастар! Атамекеннің тәуелсіздігі әрқайсымызға асыл. Сондықтан менің ойымша, Біздің ұлттық рухымыз жоғары болу қажет. Бабаларымыз айтқандай, рухыңды жоғалтқанша өлгенің артық. Жастарымыз көреалмаушылық, өзімшілдік сияқты жаман сезімдерді жеңулері керек. Ата-анаға, үлкендерге деген құрмет халқымыздың ерекшелігі. Қазақ жастары ұлы бабаларына лайық болу керек. Олар да ұлы бабалары сияқты Отанын сүйіп және қорғаулары керек. Тәуелсіздік пен қазақы ұлттық рух – Қазақстан сүйеніп тұрған ажырамас тіректер. Тәуелсіздік пен қазақы ұлттық рух – біздің игілігіміз бен тағдырымыз! Отанды мақтан тұтатынымызды ұят санамауымыз қажет. Бұл қасиетті сезім. Басқа еш жерден біздікі сияқты тамаша елді таппайсыз. Сондықтан да, Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз. Құдай қаласа, кейін ол ары қарай гүлдене береді.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 233; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!