Сильная энергетика – сильный Казахстан. 8 страница



Нағыз азамат болу үшін талаптар осы деп ойлаймын ол, адал адам болу, адал еңбек ету, салықты төлеу, өз отбасын қамтамасыз ету. Осындай азаматтарды біз бала кезінен тәрбиелеуміз керек деп ойлаймын, біріншіден балабақшада, сосын мектепте, еңбек ұжымда, отаншылдықтың формуласы осы. Құрметті достар! Ашық қоғамдық диалог, біздің еліміз туралы ашық ақпарат бұл бізді ақпараттық соғыстардан сақтайтын нәрселер. Сондықтан біздің елімізде ашық саяси диалог болу керек деп білемін. Біз қазақтар салмақты, сабырлы, шыдамды халықпыз, бірақ бізді қорқыту, ұркіту бұл перспективасы жоқ әрекет. Бізде ірі мемлекеттермен – Ресеймен, Қытаймен, Америка Құрама Штаттарымен, Европа Одағымен теңқұқылы қарым қатынастар орнатылды. Экономикалық қарым – қатынастар басқа мемлекеттермен нығайып жатыр. Болашақта да біз өзара тиімді қарым – қатынастарға ашық болу керек деп есептеймін. Құрметті отандастар! Егеменді мемлекет мықты әскерсіз болу мүмкін емес. Сондықтан біз қорғаныс қабілетімізді одан ары нығайта беруіміз керек, ал әскерімізді жаңа қару жарақпен одан ары күшейте беруіміз керек. Сонда ғана біз тәуелсіздігімізді сақтап қаламыз. Тәуелсіздігіміз баянды болсын ардақты ағайын!   ***   Қымбатты Қазақстан тұрғындары, сіздерді тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бүгінгі біздің ортақ мерекеміз барлығымызды біріктіреді. Қазақстанның ұлы тарихына ойша орала отырып, мемлекетіміздің жолында жүз, мың жыл бұрын жүріп өткендерді еске аламыз және осы жолда бүгінгі жүріп келе жатқандарға қараймыз. Қандай Қазақстанды құрғымыз келетінін және оны ертеңгі күні қалай жасайтынымызды ойлаймыз. Мемлекет тарихын тану арқылы ғана еліміздің бүгінгі және ертеңгі гүлденуіне үміттене аламыз. Бұл жолда Жәнібек пен Керей хандарды, ұлы қайраткерлерді, Тәуелсіздік алаңындағы қолына көк ту ұстаған сәбиді және оған осы күннің маңыздылығын түсінуге көмектескісі келетін ата-анасын кезіктіреміз. 27 жыл бұрын Тәуелсіздігімізді жарияладық. Енді өз тағдырымызды өзіміз қалыптастыра аламыз және Қазақстанның алда қандай болатыны өзімізге байланысты. Жаһандану жағдайында ұлттық қауіпсіздік пен келісім мәселесі болып барабарлықты сақтап қалу саналады. Әзірге бұл мәселе көбінесе патриоттық әндер мен қазақ кітаптарын жандандырумен айналысатын энтузиасттарды, кітапханашыларды толғандырады. Ал қиын жағдайларда бірлік пен келісімге шақыратын қазақтың халық әндерімен қорғанамыз. Сондықтан, мәдени мұрамызды қорғау мен сақтап қалуға байланысты мемлекеттік деңгейде шешім қабылдайтын уақыт келді. Әрқайсымыз – Қазақстанның тарихымыз, оның бүгіні мен ертеңіміз. Әрқайсымыз – мәдениет, тіл және көк байрақпыз. Демек, біз мықты да ынтымақты мемлекет құрушылармыз. Бүгінгі бірлігіміз бен күшімізді күн сайын сезініп жүрсек екен. Мемлекетті халық құрайды. Оның құрылуына алаңда тұрған әр адам өзіне сене отырып, аянбай ат салысады. Еліміздің әр азаматы өзін Қазақстанмен біртұтас санап, өзінің еңбегімен азаматтық қоғамды, қауіпсіздік пен амандықты, адамдық пен шығармашылықты, өзара келісімді нығайтатын мемлекет құрушысы болуы қажет. Алдымызда тұрған ендігі мәселе үдемелі даму болғандықтан, кемелділікке ұмтылып, алға жүруіміз керек. Сондықтан да Қазақстанды бабалар рухы мен күшін сезіне отырып, балаларымызды, достарымызды, көршілерімізді жігерлендіретінімізге сене отырып құрамыз. Өйткені Қазақстан – ол біз! Еркін және тәуелсіз Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқанымызға міне, 25 жыл болды. Тарих сабақтарын ескере отырып, бүгінімізді өзіміз қалыптастырамыз. Тәуелсіздікке жету жолымыз оңай болған жоқ: ол бізді шынықтырды, төзімді бола білдік және тәжірибе жинадық. Қазақ мемлекеті кемелдену кезеңіне аяқ басты, сондықтан күрделі мәселелер кідіріссіз және мүлтіксіз шешім қабылдауды талап етеді. Өткен жылдарда біз көптеген ішкі және сыртқы қиындықтарға төтеп беріп, алға қарай нық сеніммен қарыштадық, талай өзгерістерді бастан кешіп, бар күшімізбен барлығымыз және әрқайсымыз үшін қолайлы Қазақстанды құрдық. Кез келген қазақтың Қазақстанға бар жүрегімен берілгендігі күмән тудырмайды. Әрбір азамат өз елін сүйеді және елінің амандығына қажетті игі бастамалар үшін бар күшін салуға дайын. Бізде билік әрқашан сыналады, сынала да бермек. Бұл – заңдылық. Отанды сүюге негізделген сын Қазақстанның одан әрі көркеюін көру ниетімен байланысты. Әрқайсымыздың арманымыздағы Қазақстан әр түрлі болуы мүмкін: біреуі үшін ол – балаларының бақытты шағы мен ата-ананың саулығы; басқасы үшін ол – берік шекара мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуші әскердің амандығы болса, үшіншісі үшін ол – әділ экономикалық жүйе, заң алдындағы теңдік пен әлеуметтік әділдік, еңбек ету мүмкіндігі болады. Түптеп келгенде, барлығымыз одан әрі толыққанды Қазақстанда өмір сүруді армандаймыз. Отанымыздың тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің кепілі – қамсыздандырылған отбасы. Әлем қанды ішкі қақтығыстар мен ұлтаралық шиеленістер, халықаралық террористік топтардан төнетін қауіп-қатерлер сияқты тағы да басқа көптеген қорқыныштарға толы. Осындай қауіп-қатерлер бізді де айналып өткен жоқ. Сондықтан, біз бейбітшілікті сақтау мен қауіпсіздікке бағытталған халықаралық бастамалардан қалып қоймауымыз қажет. Қазақстанның әр отбасын, әр азаматын лайықты өмірмен қамтамасыз ете отырып, сыртқы қауіптерге төтеп беру және алға жылжу үшін ұзақ мерзімді болашақ пен мақсаттарды айқын көре білуіміз қажет. Осы арқылы отанымыз әлемдегі қазақтарды біріктіретін, бәсекеге қабілетті бола алатын орталыққа айналады. Тәуелсіздік алған соң даму жолында тапжылмай жылжуға мүмкіндік беретін маңызды жетістіктерге жеттік. Бүгінгі күні отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мықты әскеріміз, жеткілікті қалыптасқан жергілікті басқару мен мемлекеттік билік институттары бар. Мыңдаған жылдар бойы талай сынаққа түскен берік қазақ отбасы – біздің маңызды құндылығымыз. Қауіпсіз отан мен қамсыз отбасы – мақсатымызға жетудің маңызды алғышарттары. 2018 жылы қазіргіден де жақсырақ елде өмір сүретінімізге сенемін... Қазақ халқы ешбір халыққа, ешбір ұлтқа жауындай қараған емес. Сондықтан ол да басқа мемлекеттер билігінің бізге солай жауап бергенін қалайды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымына мүше бола отырып Қазақстан сол ұйым мақсаттарына жетудегі өзіне алған міндеттемелерді сақтайды және оның ары қарай нығаюына өз үлесін қосады. Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жауынгерлік қабілетін жоғарылату, әскер мен қоғам ынтымақтастығын нығайту, қорғаныс жүйесін үнемі реформалап отыру мақсатындағы Солтүстікатлант альянсымен серіктестік байланыстар да тереңдейтін болады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі концепциясын жасау қажет деп санаймын...   ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ – ОТАН ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ Орталық Азияда бейбітшілікті қамтамасыз ету мен мемлекетімізге қарсы авантюраларға жол бермеу үшін біздің қорғаныс әлеуетімізді кәсібиліктің, тәртіптің, ұйымдастырушылықтың, бақылау мен айқындықтың заманауи стандарттарына сай дұрыс және мақсаттылы дамыту қажет. Қауіпсіздік жүйесін реформалаудың үздіксіздігі мен реттілігі, оларды заманауи талаптарға сәйкестендіру, сонымен қатар, сыртқы қауіптің алдын алу мен адекватты жауап беру сияқты қадамдарға саяси, дипломатиялық, экономикалық, ақпараттық, қажет болған жағдайда әскери және басқа да іс-шаралар жатады. Біз міндетті әскери қызмет институтына білім беру және әлеуметтік салада қауіпсіздік пен жағдайды жақсарту арқылы сенімді күшейту шараларын жалғастырамыз. Шұғыл әскери қызметтен демобилизацияланған тұлғаларды мемлекет жұмыспен және білім алуда льготалармен қамтамасыз етеді. Қауіпсіздіктің барлық шаралары экономикалық, әлеуметтік, ғылыми және халықаралық ынтымақтастықтың дамуын, рухани, ақпараттық және қауіпсіздікке байланыстыбасқа да шараларды дамытуға бағытталады. Қазақстан айналасында қалыптасқан әскери-саяси жағдай мен қауіп-қатерлер жауынгерлік қабілеті бар, үнемі жетіліп отыратын, заманауи ғылым жетістіктерін тиімді қолдана алатын әскерді талап етеді. Әскерді ары қарай жетілдіру мен күшейту үшін алдағы 5 жылда мыналарды қаматамасыз етеміз: o Қазақстан Республикасының Қарулы күштері үнемі мобильді және жауынгерлік қабілетте болу үшін өз аймағымызда және оның айналасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек. Оның негізі әлемнің әр түкпірінде жауынгерлік міндеттерін керемет орындауы арқылы қаланған. o Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін ары қарай заманауи қару-жарақ және техникамен, соның ішінде отандық өндірістен шыққанымен қамтамасыз ету. Барлау, бақылау, табу, нысананы дәлдеу, жеңу сияқты бірыңғай жүйеге кіретін көппрофильді кешендерге басымдық таныту керек. Осының барлығында мемлекет назарында болатын заманауи және икемді отандық әскери-өнеркәсіптік кешен маңызды рольге ие болады. o Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде тәртіп бұзушылықтар мен заңсыз қатынастарға орын жоқ. Қарулы күштердің жеке құрамының кәсіптілігі мен білім деңгей жоғарылайды. Тәртіп әскери қызметкерлердің өзара сыйластығы мен бұйрықты мүлтіксіз орындауына негізделеді. Командирлер нағыз үлгі тұтарлықтай қызмет ететін болады. o Жемқорлық Қарулы күштер жүйесінен шеттетіледі және әскердің жеке құрамын күнделікті әлеуметтік проблемалардан босата отырып, олардың негізгі күші жауынгерлік қабілетті жоғарылату мен білімдерін толықтыруға жұмсалатын болады. o Әскер мен қоғам арасындағы байланысты күшейту арқылы қарулы күштердің транспаренттілігі мен азаматық бақылау деңгейі жоғарылайды. Осының негізінде мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін атқарудан бөлек Қазақстан Республикасының Конституциясы және өзге де заңдары бойынша құқықтарын қолданатын «әскери формадағы азамат» идеясы қалыптасады.   Әскерді білімді мамандармен толықтыруға көп көңіл бөлінетін болады. Бұл жерде Қазақстандағы әскери білім беру жүйесінің сапалылығы мен бәсекеқабілеттілігі маңызды рольге ие болмақ.   ҚАУІПСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫНДАҒЫСЫРТҚЫ САЯСАТ Бүгінде Қазақстан халықаралық қатынастарға ерекше динамикалы және кең түрде араласуда. Көпжақты және екіжақты халықаралық қатынастарымыз қарқынды дамып, халықаралық қызметіміздің құқықтық негіздері қалыптастырылуда. Қазақстан әлемнің барлық прогрессивті елдерімен және күшті орталықтарымен байланысын дамытып жатыр. Ұлттық мүддені көрсетудің, азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және отандастарымызды біріктірудің барлық жақсы жағдайлары жасалып жатыр. Үнемі назарда болатын мәселелер: § Қауіпсіздіктің сыртқы компоненттерін күшейту; § Халықаралық саяси және экономикалық қатынастар шеңберін кеңейту; § Қазақстанның Ресей Федерациясымен одақтық стратегиялық серіктестігін дамыту; § Америка Құрама Штаттарымен достық серіктестік қатынасты дамыту және кеңейту; § Еуроодақпен серіктестік саясатын жалғастыру және еуропалық елдермен қарым-қатынастарды ары қарай нығайту; § Көршілес елдер – Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және Түркіменстанмен қатынастарымызды үздіксіз дамыту; §  Иран, Үндістан, Жапония және басқа да достық қарым-қатынастағы елдермен серіктестігімізді кеңейту. БҰҰ кеңістігіндегі интеграциялық үрдістерге белсенді қатысуды жалғастыру, БҰҰ елдерімен дәстүрлі қарым-қатынас пен серіктестікті тереңдету; § Араб елдерімен байланыстарды қамтамасыз ету. Әлемнің барлық елдеріндегі ҚР азаматтарының қорғалу мәселелеріне көп көңіл бөлінетін болады. Басты назарға сыртқы әлеммен байланыстыратын транспорттық маршруттар, энергия тасымалдаушы транспартировка құралдарының эксплуатациясы, сыртқы сауда жағдайлары, сыртқы инвестицияларды, жаңа нарықтарды іздеу мен осы нарықтарға отандық өнімді тарту мен өткізу, жаңа технологиялар енгізу алынады.   ДИАСПОРАДАҒЫ БАУЫРЛАРЫМЫЗБЕН БІРГЕ ИГІ ҚАЗАҚСТАНҒА! Соңғы жылдары Диаспорадағы серіктестік байланыстар жаңа деңгейге көтерілді. Әлемдегібарлық қазақтардың бірлескен потенциалы, ынтымақтастығы мен серіктестігінің мыңдаған мысалдары біздің бәсекелікартықшылықтарымызды арттырды. Жақын арадағы жылдары Қазақстан мен Диаспора серіктестігінің жаңа форматы жасалады. Оның басымдылығы – Диаспора жастарының шәкіртақысын жоғарылату, Диаспора оқу орындарымен байланыс бағдарламаларын кеңейту, қазақтану облысындағы біріккен ғылыми зерттеулерді жүргізу, шетелдегі қандастарды қолдайтын қор құру. Қазақстанға оралушы отандастарымыз үшін барлық мүмкін жағдайлар жасалуы қажет.   ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН «Әділетті мемлекет» - азаматтармен бірігіп маңызды мәселелерді талқылау және әділ шешімдер қабылдау. Әділетті мемлекет саяси, экономикалық, мәдени өмірге кепілдік бере отырып, бәсекені қамтамасыз етуге және ынталандыруға, осал әлеуметтік топтарды қорғауға, жемқорлықты мақсаттылы және жүйелі әрекеттермен тоқтатуға міндетті. Әділеттілікті қамтамасыз ету барлық мемлекеттікбасқару органдары және жергілікті басқару органдарының міндеті ғана емес, соттардың негізгі қызметі болып саналады. Соттар азаматтардың мүдделерін қорғай отырып, осы бағыттағы басқа органдардың қызметін ынталандырады. Сол кезде ғана сот әділдігіне сенім артады. Әкімшілік органдарда, әкімшілік өндіріс шеңберінде адам құқықтарын қорғауға үлкен мән берілетін болады. Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының жүйесі өз бағытталуына сай бола отырып, құқықтардың қастандықтан қорғалуын қамтамасыз етуі қажет. Азаматтардың қауіпсіздігі мен еркіндігі басымдылыққа алына отырып, мемлекеттік орргандардың қызметі қоғамда келісім мен әділеттілікті орнатуға әсер етуі керек.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 223; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!