Сильная энергетика – сильный Казахстан. 3 страница



Рух уақыт уағызына көнбейді, өшпейді. Ол тарихтан биік, өйткені ол адам баласының пендешілігінен биікте тұрады. Күшті адамдардың рухы бір жерге тоғысқанда халықтық рух пайда болады. Адам жанының мәңгілігін сақтап, қорғайтын да осы қасиет. Ол уақытқа да өмір береді. Өтсе де, өлтірмейді. Сонда сен тұлға ретінде оның қасыңда бар екенін, қатар тұрғанын сезінесің. Онда тән мен тіл жоқ, бірақ ол айналадағы табиғаттың тілімен сөйлейді. Аспан асты, жер үстіндегі барша болмыстың уілі мен гуілін тоғыстыра білген. Сол құдыретті ести білген адам сол тілде де сөйлей біледі. Ол Маңғыстаудың үстіндегі үйірілген құйын, Арқаның үстіндегі аласапыран бұлт, Алатау басына оратылған дауыл... Ол бірде тыныштала қалған даланың үнсіз сыбыры. Үнсіз сыбыр – баяғы өткен бабаларымыздың сәлемі. Олардың өткір жанарлары қазақ даласының көкжиегіне қадалған. Сезімдері – бұлтқа, көз қарасы – күнге, тұлғасы – тауға айналған..... Олардың рухы да бізбен бірге, ешқашан ажырап көрмеген. Құнарлы топыраққа тасталған алтын дән секілді, бабалардың рухы да біздің жан – дүниемізде бой көтерді. Жан жанды туады, қайтадан қанат жаяды. Бірақ, сол айтып отырған жан, басқа біреудің жанында жандануы үшін ерекше жағдай керек: дарын, ақыл – ой, жад...Осы үшеуінсіз нәтиже жоқ. Әсіресе адамның жады жоқ жерде тарих та, тағдыр да жоқ.  Адамның өмірі мен тұлғаның қалыптасуын мен екі кезеңге бөлемін. Бірінші кезеңде адам өзін әлі білмейді, сыртқы бітімін, мінезқұлқын, басқа да белгілерді ата – анасынан еншілеген. Екінші кезең ақыл – ой ене бастаған сәттен басталады. Дәл осы кезде адамның жады қалыптасады. Ол бабалар жадымен сабақтасады, кірігеді. Оған күш беретін адамның ішкі дүниесі, ондағы ұлттың түпкі негіздері: тілге, ділге, дінге, өлең мен әуендерге, жанұяға, салт пен дәстүрге деген қадыр – құрмет. Қазақ ұлтына ұлттық рух туабітті дарыған, оның әрбір кезеңінде, өзін қоршаған дүниенің әртүрлі өзгеруіне байланысты әлім – берім өзгерістерге ұшырағанымен, негізінде, алдына мақсат қып қойған атабағдардан ауытқыған емес, қайта бірнеше түрлі кезеңді бастан өткеріп, толыққанды бола түскен. Көнетүрік кезеңде қазақтардың ұлттық рәмізі арлан болған. Сұр қасқырды нышан ғып алған қазақтардың рухы даланың кеңістігін тұтас қамтып, ауқымды, күшті, батыл мінез танытты. Ол күштілердің әміріне көнбеді, әлсіздердің қорегіне тимеді, бөтен жерді алмады, өз жеріне жатты жібермеді. Ол қолайлы кезде масайрамады, қиын кезде жасымады. Оның жүні, оның шудасы аспан түстес – мәңгілік пен шексіздіктің түсі. Ол жолбарыспен бірге темір торда тұрмайды, арыстанмен ойнамайды. Ал кәзіргі заманда тәуелсіз қазақ халқының рухының нышаны көк туымызда бейнелеген бүркіт. Аса тез, шапшаң, жемтігін қуып та жейді, ұшып та алады. Сеңгір шыңның үстінде отырып, күн нұрын бойына сіңіріп, төменде болып жатқан күйбең тірілікке өрлікпен өктем қарайды, дүние болмыстың шексіздігін қабылдайды. Құдайға шүкір, ата – бабаларымыздың бізге бағыштаған ақ тілеуі жетті. Ұлттық мемлекет құрдық, енді қазақ рухы кемелдікке, гармония мен сұлулыққа ерен ұмтылысымен бет алды. Бұдан былай қазақтың рухы дауылпаздың, қобыздың, домбыраның, жетігеннің, сыбызғының бөлек – бөлек үндеріне ғана емес, барлық ұлттық музыка аспаптарында оркестр құдыретімен қазақ халқы тарихының шабытты, шандос елұраны боп шарықтай түсті. Біздің бабаларымыз өзі жинақтаған аса қымбатты рухани қазынаны ұрпақтан ұрпаққа өткізіп отырған. Өздерінің білген – түйгенін қазақтар ұрпақтарына үлгі еткен. Сөйтіп ол біздің заманымызға жетті... Қазақтардың жанында, санасында, қанында аса биік қасиет – ұлы борышты сезіну бар: кім болсаң да, мейлі шаруа немесе әкім, шопан немесе қолбасы, ұлы азамат немесе қарапайым пенде бол, бәрі бір, сен ең әуелі абройлы адам болуың керек. Әйтпесе, мынау дүниеге келіп, тындырғанның бағасы бес тиын! Қазақтардың табиғаты жұртқа жақсылық істеуге, басқа адамдармен жақсы қарым – қатынас жасауға бейім. Олар басқаша өмір сүре алмайды, сол арқылы өзінің айналасын татұлыққа, бейбіт тірлікке, түсіністікке шақырады. Назарларыңызға рахмет!   *** Құрметті оқытушылар! Қымбатты студенттер, оқушылар! Бүгін, ыңғайлы сәтті пайдаланып, шын көңілден еліміздің білім саласындағы қызметкерлерін, оқытушылар мен мұғалімдерді, студенттерді, оқушыларды, бастауыш және орта буынға аяқ басқандарды, сонымен қатар барлық қатысушыларды Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Ғылымның, мәдениеттің, білімнің және жаңа технологиялардың дамымайынша, ұлттық экономика саласы мен қоғам өмірінің барлық салаларының дамуы мүмкін емес екеніне сөз жоқ. Ғылым мен білімсіз инновациялы экономика құру мүмкін емес. Білім саласының дамуына, әсіресе, техникалық ғылымдардың, жаңа технологияларды зерттеу саласына баса мән беретін елдің өркендеу мен гүлденуге жететінін алдыңғы қатарлы елдер тәжірибесінен көруге болады. Сондықтан біз ғылым мен білімнің, техника мен жаңа технологияны енгізудің отандық салаларын дамытып, жағдай талаптары мен зерттеушілердің жұмысын жақсарту арқылы еліміздің жаңа жас ғалымдарын тәрбиелеп, және де техникалық және технологиялық ойлауды іске асыруымыз қажет. Мектеп мекемелерінде оқытушылар, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар тарапынан қазіргі технологияларды қолдануды кең түрде жөнге салу керек. Біздің мақсатымыз – еліміздегі ғылым мен білім саласын дамытып, әлемдік деңгейдегі стандарттарға қол жеткізу және осы негізде мемлекеттің гүлденуін қамтамасыз ету болып табылады. Біздің азаматтарымыздың терең де нақты және техникалық білімі болса, елдің техникалық және технологиялық әлеуеті одан әрі нығайса, біз осы мақсатымызға жетпекпіз. Ел үкіметінің мақсаты – елімізде ғылым мен білімнің жоғары құндылықтарға айналуы, ғалымдарымыздың, әсіресе, жас ғалымдарымыздың жаңа өнертабыстар мен ашылулар жасауы. Елдің техникалық және технологиялық дамуын қамтамасыз ете отырып, отандық ғылыми жетістіктерінің қазақ халқының мүддесіне жұмсалуы үшін іргелі ғылымдарға мықты негіз қалау маңызды. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абай, Қаныш Сәтпаев, Мұхамеджан Тынышпаев, Ермұхан Бекмаханов, Әлкей Марғұлан, Ыбырай Алтынсарин, Дінмұхаммед Қонаев, Санжар Асфандияров, Халел Досмұхамедов сынды тағы да басқа қазақ халқының ұлы ғалымдары мен ойшылдары өздерінің шығармашылықтарының мазмұнын ғылым мәнінің ізденісіне арнауға тырысты. Олар өз кезеңдерінің ғалымдары ретінде түрлі ғылымдарда ұлы ғылыми ашылулар мен жетістіктерге жетті.Ұлы ойшылдардың шығармашылығында бақыланатын терең талдаулардан олардың ғылым мен білімге деген берілгіштігі, және де ғылымдардың қайта өрлеуіндегі ұлы тәжірибені көруге болады.Ұлы ойшылдарымыздың еңбектері бүгінгі күні ғылым мен ағартушылық жолында өзін құрбан етудің жарқын үлгісі саналады. Осыған байланысты, сіздерге, қазақ жастары, ұлы бабаларымызға лайықты болу және өздеріңіздің жаңа ашылулар мен зерттеулеріңіз арқылы отандық ғылымның мәртебесін көтерулеріңіз қажет. Түсті металлургия, археология, медицина, нақты ғылымдар саласындағы қазіргі ғалымдарымыздың ашылуларын біз мақтан етеміз, себебі, олардың жетістіктері барлық әлемде қолданылады. Жаһандану үрдісінің жаңа процесінде және жаңа ғылыми-техникалық өзгерістерде жаңа ашылуларсыз, жоғары сапалы және кәсіби мамандарсыз қоғамның дамуы мүмкін болмағандықтан ғалымдарымыз ары қарай жемісті еңбек етіп және жаңа ашылулар жасау үшін оларға кең ғылыми мүмкіндіктер қалыптастыру өте маңызды. Зияткерлік әлует пен ел зиялыларына арқа сүйеу біздің басымдылығымыз болып табылады. Еліміздегі ғылымның дамуы ұлттық бірліктің маңызды факторы болуға тиісті. Біз барлық жерде ғылыми жетістіктерді қолданып, елдің зияткерлік әлуетіне баса назар аударуға және оны елдің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени өміріндегі маңызды сұрақтарында қолдануға тиістіміз. Ғалымдарымыздың ұсыныстарын, ғылыми білімдері мен тәжірибелерін кең түрде қолдануымыз керек. Ұлттық табыс пен гүлденуіміздің кепілі осында жатыр. ХХІ ғасыр – ғылымның, техника мен жаңа технологияның үдемелі дамуының ғасыры, ғылым мен ғылыми-техникалық прогрестің жаңа көкжиектерінің ашылулары ғасыры, зерттеу деңгейі мен ғылыми жетістіктердің іске асуы, алдымен, оқыту дәрежесі және сапасына, оқытушылардың тәрбиесі мен тиімді қызметіне, оқушылар мен студенттердің сапалы білім алуына байланысты болмақ. Қазіргі уақытта ғылым-білімге деген талаптар көбейіп, ғылым бағасыз қайнар көзге, өндірістік әлует пен қоғамның байлығына айналып барады. Өмір мен қазіргі әлем әр қоғам мүшесінен білімге, ағартуға, мамандық пен кәсіпке ие болуын талап етеді. Қойылған мақсатымыз — елдің модернизациялануы мен өміріміздің ары қарай либеризациялануына сүйеніп, әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарынан лайықты орын алу үшін білім мен тәрбие жұмыстарын жаңа да жоғары деңгейге көтеруімізді уақыттың өзі талап етеді. Өмірдің қалай өзгеріп отыратыны мен түрлі күштер тарапынан жастар санасын жаулап алу әрекеттерінің күшейіп бара жатқаны барлығымызға жақсы белгілі. Осындай қиын жағдайларда жас ұрпақтың жоғары руханилыққа, мықты ерік пен берік сенімге, Отан тағдырына қатыстылық сезіміне ие болуы үшін, ұлттық ерекшелік пен қандай ұлы бабалардың ұрпағы екенін түсінуі үшін, бізге жат әсерлер мен зиянды ағымдарға қарсы тұруы үшін біз ел жастары арасында тәрбиелік жұмыстарымызды күшейтуге міндеттіміз. Мектептің ары қарай дамуы жасампаз да шығармашыл ұрпақтың жігері мен талабына, және де жоғары сапалы оқытушылардың жемісті еңбегіне қатысты. Ғылымды игерген, ұлты мен Отанына адал, жоғары білімді ізбасарларымызға деген үлкен жауапкершілікті бүгіннен бастап сезінбесек, біздің ұлттық намысымыз ақырындап формальдылыққа айналып, өзіндік мән-мағынасын жоғалтып алады. Оқу сапасын жақсарту, оқу бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасау мен іске асыру, ғылыми жұмыстарды кафедраларға бағыттауды күшейту, студенттердің ғылыми үйірмелерінің қызметі, дарынды жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, оқулықтарды мемлекеттік тілде даярлау, жас оқытушыларды көтермелеу білім саласының дамуының маңызды факторлары болып саналады, осы негізде, техникалық ой-өрістің қалыптасу факторы да болып табылады. Ғылымның өндіріспен байланысы алғашқы баспалдақтан басталатындықтан, алғашқы курстардан бастап студенттердің ақыл-ой жұмыстарына лайықты ден қойып, ғылыми жұмыстар мен зертханалық тәжірибелерге тарту процесін дұрыс ұйымдастыру арқылы ғана еліміздің болашағын қамтамасыз етуге нағыз мамандар даярлай аламыз. Осы бағыттағы проблемалар мен кемшіліктер: жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби дайындығының деңгейге сай келмеуі, мамандар жетіспеушілігі, кадрлар даярлаудың оқу-әдістемелік негіздерінің жоқтығын жою – ҚР Білім және ғылым Министрлігінің ең негізгі міндеттері. Бүгінгі қоғам бізден студенттер мен мамандар даярлауда санына емес сапасына басты назар аударуды талап ететіндіктен, жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудың сапасына қатты көңіл бөлуіміз керек. Жоғары білім жүйесіндегі басқа маңызды сұрақ – ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту. Бұл болашақ мамандарымызға жақсы кәсіби тәжірибе мен дағдыға ие болуға, өзін өндірістегі тиімді қызметке дайындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні маңызды мәселелердің бірі жоғары оқу орындарындағы ғылыми әлуеттің күшеюі. Ішкі құралдарды тарту арқылы университеттер мен институттар ішінен ғылыми-зерттеу институттарын ашып, қойылған ғылыми зерттеулер жоспарын қатаң түрде жүзеге асыру керек. Білім Министрлігінің келесі маңызды мәселесі – жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жетілдіру мен жоғарылату. Ғылым мен білімнің айтқысыз жағдайларында оқыту әдістемелері жедел қарқынмен іске асып жатқаны белгілі. Базалық ЖОО-ның ғылыми және ғылыми-әдістемелік әлуеті мен тәжірибесін пайдалану оқытушылар қызметінің деңгейін көтеру үшін маңызды. Бұл жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жоғарылату Институтын құруды талап етеді. Осыған байланысты, Білім Министрлігі жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жоғарылату Институтын ашуға байланысты сұрақты жан-жақты талдап, осыған қатысты ұсыныстарын маған таныстыруын сұраймын. Негізі, егемен мемлекетіміздің саясатындағы білім саласы бірінші дәрежелі мәртебеге ие, сондықтан білім саласы мен жаңа мектептер құрылысын қаржыландыруды үлкейтуіміз керек. Қымбатты достар! Қымбатты Атамекеніміздің дамуы мен гүлденуі үшін күресулеріңіз керек. Студенттік жылдар өмірдің ең қызықты да ұмытылмас кезеңі, себебі ол тұлғалардың қалыптасатын кезеңі. Студенттер оқу жылдарында қоғам мүдделерін ескере отырып, ғылыми білім мен өзгелердің өмірлік тәжірибелерін зерттеу арқылы өзіндік дүниетанымын кеңейтеді және өздерін дербес өмір сүруге үйретеді. Осыған байланысты, сіздер өмірлеріңіздің қайталанбас шағының әр минутын тиімді пайдалануға тиістісіздер. Алға қойған мақсатымыз – біздің балаларымыздың физикалық және рухани жағынан сау болып қана қоймай, өздері өмір сүретін және еңбек ететін ХХІ ғасырдағы талаптарға толық сай келетін, ең жаңа зияткерлік білімге ие, жан жақты да үйлесімді дамыған адамдар болуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасау. Ендігі назарларыңызды аударғым келетін мәселе – студенттер арасындағы тәрбиелік жұмыстардың жағдайы. Жақсы ой-өріске, адал ниетке, жоғары патриоттық сезім мен ұлттық танымға ие болмаған студенттер және мамандармен бірге дені сау, өркениетті қоғам құру мүмкін болмайды. Бірақ, өкінішке орай, мектептер мен ЖОО жетекшілері, соңғы уақытта тәрбиелік жұмыстарға лайықты түрде көңіл бөліп жүрген жоқ. Бұдан былай, еліміздің білім беру мекемелеріндегі жетекшілер қызметін қарау кезінде мектеп пен ЖОО-ғы тәрбиелік жұмысқа қосқан үлесін ескеруіміз керек. Тәрбиелік жұмысы қалыптаспаған ЖОО-ның жетекшілерінің бұл мекемені басқаруға моральдық құқықтары жоқ. Қазақ Еліміз болашақта дамыған, жақсы жабдықталған елге айналуын қаласақ – өсіп келе жатқан ұрпақтың, дарынды жастардың, новаторлар мен нағыз туындыгерлердің біз жасаған жағдайларды қолдана отырып ғылыммен, шығармашылықпен және новаторлық жұмыспен тиімді айналысуы үшін, бүгіннен бастап оларды оқыту мен тәрбиелеуге барлық жағдайларды қамтамасыз етуіміз қажет. Осындай маңызды мәселелердің жүзеге асуы оқыту мен тәрбие жүйесінде әлемдік жаңа стандарттарды қамтамасыз етудегі ұлттық мақсаттарымызға жетуге мүмкіндік береді. Бұндай жүйе дамыту мен оқыту сапасының қарқынын үдетеді, қоғамның, елдің әр тұрғынын рухани тәрбиелеуге жағдай жасайды. Сіздердің үлкен мүмкіндіктеріңіз бен әлуеттеріңізді қолданып, осы биік те тарихи мақсаттарымызға жететінімізге сенімдімін.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 198; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!