Сильная энергетика – сильный Казахстан. 7 страница



Қазақстан мол мүмкіндіктер беретін ел болу тиіс деп білемін. Әрбір азаматта бизнеспен айналасуға, өз идеяларын жүзеге асыруға, мемлекеттік саясатты қалыптасытру үшін өз ұлесін қосуға құқығы болу керек деп есептеймін. Қазақстан өз армандарын шындыққа айналдыруға мүмкіндік беретін ел болу тиіс. Әлемдегі іскер қазақ бауырларымызға өз капиталдарын елімізге инвестицияландыруға мүмкіндік беруіміз керек, сонда шетелдегі қазақ бауырларымыз өзінің туған елінің игілігі үшін ерең еңбек ете алатын болады және отандық экономиканың әлеуеттін арттырады, бүл біз үшін маңызды. Мен Дүниежүзілік қазақтар экономикалық форумын елімізде өткізуіміз керек деп есептеймін. Ардақты ағайын! Бүгін Қазақстанның игілігі үшін ерең еңбек етіп жатқан әрбір адал азамат маңызды. Адал азамат болу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық мәдениетімізді құрметтеу, немқұрайлықан ада болу, бабаларымыздың аманатына адал болу бұл біздің ұлттық құндылықтарымыз болу керек деп білемін. Біз ауызбірлігімізді сақтауымыз керек деп есептеймін, сондықтан майда таластарға мән бермей бізді біріктіретін, топтастыратын, ортақ мақсатымызға қол жеткізуге күш-қуат беретін, ортақ тарихи жолмен жүруге ынталандыратын құндылықтарды сақтауымыз керек, ағайын.   Мен үшін мемлекеттік әнұранда өте қымбат. Өйткені Мемлекеттік әнұранды айтқанда тұтас мемлекетқұраушы қазақ халқының бір бөлшегі екенін сезінесің, қазақтың бірлігін сезесің. Әнұранның сөзін естігенде Қазақстанның болашағы үшін сен жауапты екенін сезінесің. Сондықтан біз ағайын мемлекеттік рәміздерді құрметтеп Отанымыздың игілігі үшін ерең еңбек етуіміз керек деп білемін. Қазақстан біздің ортақ мемлекетіміз, өз туған мемлекетте біз өз тарихымызбен және егемендігімізбен мақтанамыз, сондықтан Отан үшін жасалған ерліктерге қуанып мемлекетіздің алдында алған міндеттерді адал атқарайық, бауырлар. Қазақстан жасасын!.   ***   Ардақты ағайын! Біз ерекше уақытта өмір сүріп жатырмыз сондықтан біз бәріміз бірігіп Қазақстанымыздың қамын ойлауымыз керек деп білемін. Ия бұл оңай емес, бірақ түбінде біз жеңеске жететінімізді және қиын жағдайдан жол тауып шығатынымызға мен кәміл сенемін. Мемлекеттік қызметті мен қазақ халқына қызмет ету деп, ал саясатты мен күнде – күнде Қазақстаннның мүдделерін қорғау деп түсінемін. Менің мақсатым адал, жауапты, кәсіпқой, білімді, отаншыл азаматтарды Қазақстанның болашағы үшін бастарын біріктіру. Біз бәріміз бірігіп мемлекетімізді күшейту үшін және қазақ халқының әл – ауқат деңгейін өсіру үшін жаңа шешімдер мен жолдар іздестіруіміз керек. Болашақта болатын сындар белгілі біз оларды таңдамаймыз, оларды өмір жібереді. Өкінішке орай, заманауи әлемде дағдарыстар мен қарулы қақтығыстар көбейіп бара жатыр, террорлық әрекеттер тыйылмай жатыр, ал әлсіз мемлекеттер осыған бәріне бірінші душар болып жатыр. Сондықтан біз мықты ел болуымыз керек, саяси жағынан мықты, рух жағынан мықты, білім жағынан мықты, әсіресе экономика жағынан мықты болуымыз керек. Өз мемлекетімізді күшейту үшін, біз сыртқы және ішкі алаңдарда жүйелі түрде жұмыс істеуіміз керек. Мемлекетімізді күшейту үшін біз шет елдерге шикізат емес тауарлардың экспортын көбейтуіміз керек, экономикамызды жаңартуымыз керек, халқымыздың әл-ауқат деңгейін өсіруіміз керек, инновациялы экономиканы құруымыз керек, жасыл технологияларды еңгізуіміз керек, бұл заманның талабы. Біздің шет мемлекеттермен ынтымақтастығымыз ең біріншіден біздің ішкі басымдылықтарымызға сүйену керек деп білемін, ал біздің ішкі басымдылықтарымыз осы үздіксіз қазақ халқының әл ауқат деңгейін өсіру, халықаралық аренада біздің еліміздің беделін арттыру, мемлекетіміздің егемендігін күшейту. Мен еліміздің дипломаттарды отандық экспортты көбейту үшін, жемісті ынтымақтастықты орнату үшін әлемнің әр түкпірінде перспективті әріптестерді табуды талап етемін, біздің отандық ашық экономикамыз үшін сыртқыэкономикалық бөлшегі өте маңызды деп білемін. Біз мемлекетіміздің шикізат емес экспортын арттыруымыз керек деп есептеймін, сондықтан мен отандық дипломаттардан басқа министрліктермен және ведомстволармен бірге отандық тауарларды сыртқы нарықта белсенді түрде ұсынуды талап етемін. Үкіметтің, мемлекеттік басқару органдардың, сыртқы істер министрлігінің, елшіліктердің міндеті бір ол жылдың соңына дейін дәстүрлі нарықтарға экспортымызды арттыру және отандық өндірушілерге жаңа нарықтар мен мүмкіндіктерді тауып беру. Біз бәріміз туған жеріміздің тұтастығын, еліміздің тәуелсіздігін сақтап қалуға міндеттіміз деп есептеймін. Ол үшін біз әскерімізге көп көңіл бөлуіміз керек және ары ғарай ұжымдық қауіпсіздік келісім шарт ұйымының мүшесі болып қала беруіміз керек.  Отанымыздың әскери, ақпараттық, энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің ең бірінші міндетіміз. Біз Отанымызды қорғауға әрқашанда дайын болуымыз керек, өйткені біз тек еркін әрі қауіпсіз ел болғанда ғана үлкен жетістіктерге жетеміз. Біз демократиялы, зайырлы, әлеуметтік мемлекет болуымыз керек деп білемін, ал біздің сыртқы саясатымыздың мақсаты халықаралық аренада біздің ұлттық және экономикалық мүдделерімізді қорғау болу керек деп білемін. Біздің жас мемлекетіміз кішкене күшейді, экономиканың құлдырауы әзірше тоқталды, енді немқұрайлықтың орнына жауапкершілік келу керек, ал жер қазба байлықтарымыз мемлекетке қайтарылу керек деп есептеймін. Осы жиырма бес жылда біз тәжірибе жинадық, еліміз үдемелі дамуға дайын, олай болса бізге экономикамызды қарқынды дамытатын, оны инновациялы даму жолына түсіретін тиімді билік керек. Біз әрбір Қазақстан азаматының өмір сүру сапасын көтеріп қоғамның әлеуметтік жіктелуін азайтуымыз керек деп білемін. Біз экономикамыздың қарқынды өсуін қамтамасыз етуіміз керек, өйткені қарқынды өсіп жатқан экономика жаңа жұмыс орындарды және лайықты өмір сұруге үлкентабыс әкеледі. Біз толысқан қоғамбыз яғни, әлеуметтік қорғау мен қолдауды қажет ететін азаматтарға, мүгедектерге, зейнекерлерге, көпбалалы аналарға біз қамқорлық көрсетуіміз керек. Өте қымбат коммуналдық төлемдер, қымбат медициналық көмек, қымбат білім жүйесі, кедейшілік бізге керегі жоқ.  Біз әлеуметтік мемлекетпіз, болашақта да әлеуметтік мемлекет болып қала беруіміз керек. Болашақта біз сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуіміз керек деп білемін. Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ, өйткені сыбайлас жемқорлық біздің экономикамызға үлкен зиян келтіреді. Егерде біз мемлекеттік қызметтің айқындығын және бюджеттік қаражаттың тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін болсақ біз үлкен жетістіктерге жететін боламыз, біз сыбайлас жемқор топтарға қазақ халқының есебінен байып кетуге жол бермеуміз керек деп білемін. Біз сатылатын судьялардан және заңсыз азаматтарды қудалаудан құтылуымыз керек деп есептеймін. Әділ қазылық ету – кез-келген судьяның қасиетті парызы. Ол үшін заңды бес саусақтай білу жеткіліксіз. Ең бастысы, би адал, әділ болуы керек. Қазы – халықтың ожданы. Ол қара қылды қақ жарған әділ болса, даугерлер төреліктің дұрыстығына күмән келтірмейді. Айыпкер заң бұзғанға зауал бар екенін түсінеді.      Мемлекеттік басқаруына дарынды, білімді, отаншыл жастарды тартуымыз керек деп білемін. Біздің мемлекетіміз оларға үлкен мүмкіндіктерді беретінін жастар сезіп қалсын деп ойлаймын. Жастардың қолдауымен біз жаңа инновациялы әрі жасыл экономиканы кұрастырамыз. Мен жауапты саяси күштерді Қазақстанның болашағы үшін бірге жұмыс істеуге шақырамын. Қазақстан азаматтарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған ойларды және әрекеттерді мен әрқашанда қолдаймын. Саяси жүйенің сапасы Қазақстанның дамуы, мемлекетіміздің болашағы үшін өте маңызды. Қазақстан сонда ғана қарқынды дамиды қашан билікке адал кәсіпқой мамандар келеді, сонымен қатар біздің саяси билік ашық болу керек деп білемін. Егерде осы екі талап орындалса біздің саяси жүйеміз өте сапалы болады. Менің ойымша билікке байлық жинау үшін емес, халыққа қызмет ету үшін келу керек. Барлық азаматтардың қазақ тілін білу, бұл олар еліміздің тарихын ерте дәуірде бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының тарихын, мәдениетін, дәстүрін білетін болатын деген сөз. Сондықтан мемлекетіміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілді білу оның қасиетті парызы деп білемін. Құртудың орнына құру, алдаудың орнына қажет екендігіне көзін жеткізу, зиян келтірудің орнына көмектесу, пайдаланудың орнына өз үлесін қосу – осы қағидалар еліміздің өмірінің әрбір саласында пайдалану керек деп білемін. Құрметті отандастар! Әркім өз орнында Қазақстанға пайда әкеле алады, оны гүлдендіруге өз үлесін қоса алады. Адал еңбек етіп, үлгі көрсетіп, Қазақстанымызды қорлауға жол бермей, өзінің азаматтық көзқарасын ашық айтып біз мемлекетімізді өркендетуге көмекетсе аламыз.  Отанымызды мақтан тұтайық бауырлар, отандастарымыздың жетістіктерін мақтан тұтайық ағайын. Қазақстанымызды қорлауға жол бермейік, қадірлі достар! Еліміз жасампаз, жеңімпаз, қауіпсіз, әділ болуына көмектесейік! Қазақстанымызға сеніп оны бірге құрайық!   ***   Құрметті отандастар! Бүгін мен Сіздермен қайтадан өз ойларыммен бөліскенді жөн көрдім. Бүгінгі таңда біз ғасырлар бойы келе жатып бізге бабаларымыздан аманат ретінде берілген тарихи эстафетаға лайық болуымыз керек. Кәзір біздің алдымызда сол ежелгі ұлттық міндетіміз тұр ол туған еліміздің тәуелсіздігін сақтап қалу. Біз әрқашанда есімізде сақтап жүруіміз керек тәуелсіздігіміздің негізі – азамат, яғни сіз бен біз. Өйткені мемлекет бұл кездейсоқ түрде бір кеңестікте тұратын бірнеше миллион адам емес, мемлекет бұл ортақ жері, ұлттық тарихы, ұлттық құндылықтары, ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті бар, топтастырылған бірлігі берік азаматтардың қауымдастығы. Нағыз Азаматтарды бабалардан аманат ретінде қалған туған жердің тағдыры әрқашанда алаңдатады және туған халқы үшін жаны ашиды. Ал тәуелсіздігімізді сақтаудың ең бірінші шарты ол осындай, тәуелсіздік идеясы әрбір азаматтың жүрегінде өмір сүру керек. Біздің тәуелсіздігіміз мәңгі болу үшін еліміздің әрбір азаматы Нағыз Азамат болу керек деп білемін. Әрине сөз жүзінде Отанымен мақтану оңай, отаншылдық туралы көп сөз айту да оңай, бірақ мен отаншылдықты нақты істермен көрсету керек деп еспетеймін, бұл әрине қиындау. Отанды тек соғыста ғана емес, бейбіт заманда да қорғап аялау керек. Отаншылдық қарумен қанды майданда қорғаумен шектелмейді, әрине бұл бар бірақ әзірше Құдайға шүкір бізге керек емес, кәзір Отанымыздың мүдделерін күнделікті керекті істермен қорғау керек деп білемін. Осы істер арқылы өзінің жүрегінде отаншылдық бар екенін көрсетуге болады. Мәселен, кей бір адамдар отандық тауарларды қатты сынайды, сапасы жоқ деп, импорттық тауаларына жетпейді, әдемі емес деп. Ал біз бұл мәселеге басқа жағынан қарайық, осы қазақ тауарларды кім ондіреді? немістер ма? американдықтар ма? қытайлар ма? әлде ресейліктер ме? Жоқ, отандық тауарлырды біз қазақтар өндіреміз, яғни қазақ тауарларды сынағанда біз айнаға қарап тұрмыз. Егер де отандық тауарлар жаман болса бұл тек біздің кінәміз.  Өз отанымен мақтану тек бабалардың ерлігімен мақтанумен шектелмейді, өйткені бұл біздердің емес, бабалардың жетістіктері, ал отаншыл азамат болу үшін отандық спортсмендердің халықаралық жарыстарда жеңістерімен мақтану жеткіліксіз, өйткені біз тек көрерменбіз. Отанды мақтан тұту бұл ең біріншіден өзінің Отан үшін жасалған жетістіктермен, Отанға сіңген еңбегімен, жеңістерімен мақтану. Отан үшін ерең еңбек ету бұл адамгершілік категориясы, біле білсеңіз бұл күнделікті отаншылдық, мүмкін кей біреулерге көрінбейтін де шығар, бірақ осындай отаншылдық кәзір біздің Отанымыз үшін ауадай қажет. Мәселен, салық төлеуді алайық, Сіздер ойлауыңыз мүмкін салық төлеу отаншылдыққа қандай қатысы бар деп. Айтайын, көне римдықтар салық төлеушіні ғана азамат деп таныған, өйткені салық төлеуші мемлекетті асырайды, яғни салық төлеуші өзінің еңбегінің бір бөлшегін ортақ іс үшін еркін түрде беріп жатыр. Әрине салық төлеу бұл міндет, бірақ кей біреулер өкінішке орай бұл міндетті адал атқарудан бас тартады, бірақ салық төлеу бұл тек экономикалық категория емес қой, бұл саяси категория, керек десеңіз адамгершілік категориясы. Салық бұл біздің ортақ үйімізді Қазақстанымызды құруға қосылған азаматтың нақты үлесі. Қазақстанымызды одан ары қауіпсіз, гүлденген, мықты қылдыру үшін, қалаларымыз бен ауылдарымызды абаттандыру үшін, халқымыздың денсаулығын сақтап білімін арттыру үшін салық төлеушілер салық төлеп жатыр, ал салықты төлемей бұл міндеттен бас тарту бұл опасыздық деп білемін. Адал еңбек етіп жүрген адамдардың алдында бұл пасықтық деп есептеймін, тіпті керек десеңіз, бұл бүкіл саналы ғұмырын Отан үшін ерең еңбек еткен, ардагерлерге жасалған опасыздық, қалай оларға зейнетақылар төленеді егер санасыз адамдар салық төлемейтін болса, міні мәселенің мәні қайда. Бір жағынан салық төлемеу бұл Отанға, әзіз бабаларымызға жасалған опасыздық, өйткені олар Отан үшін қанды майдандарда бас тіккен, ал кей бір адамдар біздің ең асыл қазынамызды, ең бағалы жетістігімізді Отанымыздың тәуеліздігін сақтау үшін өз үлесін қосқысы келмейді, салық төлегісі келмейді, міні осыны опасыздық деп айтуға болады. Әрбір азаматтың адалдығы, Отан үшін жасалған адал еңбегі бұл отаншылдық, мейлі ол программист, тракторист, мемлекеттік қызметкер, іскер, құрылысшы, ғалым болсын. Әрбір азамат өз жұмыс орнында адал жұмыс істеу керек, отаншылдық деген осы, бір жағынан бұл біздің отандық экономикамыздың мықты іргетасы, ал мықты экономика тәуелсіздігіміздің кепілі, еліміздің өркендеуінің және гүлденуінің негізі.  Мен әрқашанда айтып жүрмін, тағыда қайталаймын егерде біздің тәуелсіздігімізге қауіп төнетін болса, оған тек экономикалық қателіктері себеп болады. Сондықтан мен жер қазба байлықтарымызды біз қайтаруымыз керек деп жүрмін. Соңғы кездерде Украинадағы оқиғаларға қарап мен ойлаймын біз экономиканы үздіксіз дамытуымыз керек деп, өйткені түбінде бәрі экономикағы тіреледі. Кей бір БАҚ-дар қорқытып жатыр, шығыстан үлкен әскер келіп сендерді жаулап алады деп, кей бір БАҚ-дар басқа жақтан содырлар келіп сендерді жаулап алады деп қорқытады, ойбай бөліп алады, құртады, жояды. Әрине мен бұны есімде сақтап жүрмін, сондықтан еңбек, салық, экономика туралы және әскерімізді үздіксіз күшейте беруіміз керек деп айтып жүрмін, бірақ өз басым ойлаймын егерде біз тәуеліздігімізден айырылсақ оған тек өзіміздің қателіктері себеп болады, өйткені бізді сырттан ешкім жаулап ала алмайды, тіпті біз халықаралық аренада жалғыз болсақ та, бізді ешкім жаулап ала алмайды. Егер біз егеменді, гүлденген мемлекетте өмір сүргіміз келсе, егерде біздің болашақ ұрпағымыз егеменді елде өмір сүргенін қалайтын болсақ, біз ол үшін мықты іргетасты салуымыз керек ол мемлекетіміздің мықты экономикасы. Бәрі біздің қолымызда.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 201; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!