Сильная энергетика – сильный Казахстан. 15 страница



Қымбатты отандастар! 21 ғасыр бұл ерекше ғасыр, бұл ғылыми – техникалық прогресс қарқынды дамып келе жатқан ғасыр, әсіресе ақпараттық технологиялар мен электроника саласы қарқынды дамып жатыр, яғни тек ғылым мен техниканы меңгерген халық қана 21 ғасырда үлкен жетістіктерге жетеді. Сондықтан біз білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлуіміз керек деп білемін, яғни бұл салаға біз ІЖӨ-нің 7 пайызға тең қаражатты бөлуіміз керек. 21 ғасыр бұл шиеленістер мен қақтығыстарға толы ғасыр яғни осыдан бәрінен сақ болу үшін біз әскерімізді күшейтуіміз керек, яғни әскери техниканы жаңартып сарбаздардың әскери шеберлігін арттыруымыз керек бұл уақыт талабы. Мен үшін тәуелсіздік пен науырыз егіз ұғымдар. Біздің халқымыздың саяси науырызы 1991 жылы 16 желтоқсанда басталған. Науырыз бұл жаңарудың мерекесі, 1991 жылы біздің еліміз де жаңарды, тарихымыздың жаңа кезеңі басталды, қазақтың көктемі келді. Науырызда табиғат оянады, 1991 жылы біздің халқымыз оянды. Науырыз үміттерге толы мереке, 1991 жылы біздің де үміттеріміз ақталды біз егеменді ел болдық. Науырызда біздің халқымыз туыстарымен кездеседі, 1991 жылдан бастап біз шетелдегі қандастарымызбен тығыз қарым – қатынастарды орнаттық. Мен ойлаймын осы отандық жастар ұйымдарға біз неге шетелдегі қазақ жастарды тартпаймыз. Саяси наурызың – тәуелсіздігің мәңгі болсын халқым! Тәуелсіздіктің әрбір күні науырыз болсын! Тәуелсіздік күні құтты болсын!   ***   Менің ойымша, біз экономика саласында бәрін Белоруссиядан қайталауымыз керек, мысалы олар мұнай өндіру зауыттарын жаңартса бізде жаңартуымыз керек, олар өз ауыл шаруашылықтарын дамытып ет пен сүтті экспорттап жатса бізде тұра солай істеуіміз керек, белоруссияда трактор шығарса бізде шығаруымыз керек, белоруссияда әскери өнеркәсіп кешенді дамытып жатса біз соны қайталап соны істеуіміз керек, беларуссияда ағаш өндіру саласын дамытып жиһаз жасап оны сыртқа эспорттап жатса бізде соны қайталап дәл солай істеуіміз керек, белоруссия бейбітшілісүйгіщ сыртқы саясатты жүргізетін болса біз де сондай саясатты жүргізуіміз керек, белоруссияда трикотаж бен киім шығарып оны экспорттайтын болса біз де трикотаж бен киім жасап сыртқа экспорттауымыз керек. Осылай қайталайтын болсақ ұтылмаймыз ет, сүт, киім, трактор шығарып экономикамызды қарқынды дамытатын боламыз. Тіпті белоруссияда төрт бала тусаң тегін пәтер беріледі екен, біз де дәл солай істеуіміз керек деп білемін, белоруссияда кеңес одағынан қалған білім беру жүйесінің материалдық – техникалық базасын жаңартып сол қалпында қалдырған біз дәл солай істеуіміз керек. Кеңес одағынан қалған білім беру жүйесі жаман болмаған, сол білім беру жүйесі арқылы кеңес одағы космонавтика саласын дамытты, өзінің ядролық қалқанын жасады, алып мемлекет болды. Сондықтан сол кезден қалған ғылым – білім жүйесін біз сол қалпында қалдыруымыз керек, тек оның материалдық – техникалық базасын жаңартып, бұдан біз ұтылмаймыз. Белоруссияда ғылым академиясын дамытып жатса бізде тұра солай істеуіміз керек. Тіпті Александр Лукашенконың декреттерін ана тілімізге аударып пайдалануымыз керек, орыс тілін білеміз, аударып шығаруға қабілетім бар. Белоруссияда автокөлік шығаратын саласын дамытып жатса бізде дәл солай істеуіміз керек деп білемін. Осылай менің сүйікті Белоруссиядан бәрін қайталап экономикамызды дамытатын боламыз. Ал экономикамыз дамитын болса бүкіл еліміз гүлденіп егемендігіміз нығаятын болады, өйткені экономика мемлекеттің негізі.  Күрделі техниканы (тракторларды, автокөліктерді, электрондық техниканы) шығара алмайтын халықтың болашағы жоқ, ал осының бәрі ғылымсыз шығару мүмкін емес, яғни біз өз болашағымызды қамтамасыз ету үшін білім мен ғылымды дамытуымыз керек. Сонымен қатар осы күрделі техниканы шығару үшін біз елімізде ақылды қаржы және экономикалық саясатты жүргізуіміз керек, өзінен өзі зауыттар пайда болмайды. Қазақстан мықты, қауіпсіз, білімді, ақылды, қайратты ел болу керек, осындай мемлекет құру біздің ортақ парызымыз. Бізде жиі айталады бізге шетелдік инвесициялар керек деп, бірақ экономиканың ең негізгі инвестор ол біздің азаматтарымыз, біздің тұтынушыларымыз. Біздің тұтынушыларымыз мысалы шетелден қаншама киім сатып алады, ал сол киімді өзіміз шығарып өзіміздің тұтынушылар сатып алса салық та табыс та өз елімізде қалып отандық экономикаға инвестиция болып құйылатын еді. Міні қайда инвестиция біздің тұтынушыларпымыздың қалтасында.      Қымбатты отандастар! Әр жыл сайын 22 қыркүйекте біздің елімізде Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер күні тойланады. Осы мерекемен мен бүкіл даңқты халқымызды, шетелдегі қандастарымызды, тіл жанашырлар мен керемет қазақ тілін сүйетін азаматтарды шын жүректен құттықтаймын және олардың бәріне бақыт пен денсаулық тілеймін!.  Мемлекеттік тілді дамыту үшін біз барлық жағдай жасауымыз керек, бүкіл нормативтік – құқықтық актілер мен заң жобалары қазақ тілінде әзірлену керек деп ойлаймын, мемлекеттік тілде гәзеттер мен жорналдар, оқу құралдар, бұқаралық пен көркем әдебиет шығарылу керек деп білемін. Мемлекеттік тілді дамыту үшін біз мемлекеттік тіл жылын жариялауымыз керек деп есептеймін. Тәуелсіздіктің арқасында біздің ана тіліміз егеменді мемлекетіміз сияқты жаңарып республикамыздың бүкіл территориясында лайықты орынға ие болды. Сондықтан бұл айтулы дата біздің сүйікті еліміздің басқа қадірлі мерекелерімен бірге бір деңгейде тойланады, өйткені біз ана тілімізді сүйеміз және оны басқа ұлттық құндылықтарымызбен бірге қадірлейміз. Ана тіліміз біздің халқымыздың жаны, ұлттық болмысымыздың рәмізі сондықтан оны көзіміздің қарашығындай сақтау біздің қасиетті парызымыз. Осы мақсатпен кезінде Қазақстан Республикасында тілдер туралы заң қабылдынды, бірақ заман өзгерді сондықтан тіл туралы жаңа заң қабылдау бұл уақыт талабы. Тіл туралы жаңа заңда біз мемлекеттік тілді білу еліміздің әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін тайға таңба басқандай анық жазуымыз керек, өйткені қазақ тілі мемлекетіміздің ең маңызды біріктіруші факторы.  Менің ойымша, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін дамыту бағдарламасын қабылдау керек, бұл бағдарлама қазақ тілінің тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасайды және мемлекеттік тілдің орнықты дамуының негіздерін күшейтеді, ал мемлекеттік тілдің дамуы бұл ұлттың және ұлттық мемлекеттің өміршеңдігінің маңызды факторы.   Біздің әуенді, ақындық, әсем ана тіліміз тәуелсіздік дәуірінде тың күшке ие болды, бүгін оның үні әлемнің ең әсерлі ұйымының Біріккен Ұлттар Ұйымының ең биік мінберлерінен анық естіледі, бұл біздің сүйікті Қазақстанымыздың халықаралық аренада беделін арттырып абыройын асқақтатады.  Қазақ тілі әрқашанда лайықты орынға ие болып, өзінің түпнұсқалығын сақтап, біздің қымбатты халқымызға мемлекеттік тіл ретінде қызмет ету керек деп ойлаймын, ал осыған біз әрқашанда жағдай жасап тұруымыз керек деп білемін. Әрқашанда әрбір халықты тіл арқылы таниды, сондықтан мемлекетіміздің әрбір азаматының парызы мемлекеттік тіліміздің тазалығын сақтау. Тіл — құдіретті құрал. Оны байқап, бағамдап пайдалану керек. Адамды орта тәрбиелейді десек, баланы ата-ана, мектептен басқа, көше де тәрбиелейді. Сондықтан көшелердегі жарнамаларға, мекемелердің, сауық орындарының атауларына үлкен мән берген дұрыс. Егер біз тілдің ережелерін орындайтын болсақ бұл тілдің мәнерлілігін және дәлдігін шыңдауға, тілдің құрылымын жетілдіруге, тілдің жоспарлы дамуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік тілдің заңдылық дамуын күшейтуге көмектеседі деп ойлаймын.  Естеріңізге түсірейін, достар тіл біздің ұлттық сана сезіміміздің негіздердің негізі, егерде біз ұлттық сана сезімімізді нығайтамыз десек, онда ең біріншіден мемлекеттік тілімізді дамытуымыз керек. Сондықтан біз ана тілімізді жастар мен балалардың арасында кең насихаттап, оларға мемлекеттік тіліміздің маңыздылығын түсіндіруіміз керек, жастарды ана тіліміздің ерекшеліктерімен таныстырып оларға қазақ тілі бұл ежелгі және батыр халқының рухани қазынасы екенін түсіндіруіміз керек деп ойлаймын, өйткені әрбір тұлғаның ұлттық сана сезімі ана тілі арқылы қалыптасады.  Бүгінгі таңда қазақ тілі біріктіруші әрі топтастырушы ұлы күшке айналып, біздің ұлттық сана сезімімізді және ұлттық бірлігімізді нығайту процессінде жетекші фактор рөліне ие болды. Бүкіл Қазақстанның территориясында әдеби қазақ тілді кең пайдалану үйреншікті жағдай болғаны әрине біз үшін қуанышты. Халық, әсіресе жастар әдеби қазақ тілін мүлтіксіз меңгеруге тырысып жатқаны мен үшін әрине қуанышты жағдай. Біздің жастар жүректегі ерекше махаббатпен әдеби қазақ тілінің ережелерін сақтауға, біздің әсем тілімізде еркін сойлеуге және біздің әуенді әрі ақындық тілімізде өз ойларын әдемілеп жеткізуге тырысып жатқанын біз сырттан көріп тұрмыз.   Ана тілімізге жастар жағынан көрсетілген осындай құрмет біздің келешек ұрпағымыз біздің ұлттық қазынамызды ана тілімізді сақтаға және қорғауға ниетті екенін білдіреді, жастардың ана тілімізге шексіз махаббаты бар екенін көрсетеді. Кәзір мемлекеттік тілінде бұқаралық ақпарат құралдарда көптеген бағдарламалар, мақалалар, зерттеулер шығып жатыр, көп жас тілшілер қарқынды жұмыс істеуде солардың бәрін мен өз атымнан таза әдеби қазақ тілінде сөйлеуге және жазуға шақырамын, өйткені оларға жұрт қарап тұр. Сахнаға шығып жүрген жас әртістерді де мен әдеби, таза қазақ тілінде өз спектакльдерін қоюға шақырамын.    Менің ойымша, қазақ тілі ғылым тіліне айналу керек, мемлекеттік іс-шаралар мемлекеттік тілінде өту керек деп білемін, біздің ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерін таза, әдеби қазақ тілінде дайындау керек деп ойлаймын, отандық ғалымдар мемлекеттік тілді дамыту және жетілдіру үшін өз тарапынан аса зор күш жұмсау керек деп есептеймін, бұл олардың азаматтық парызы. Мемлекеттің қолдауымен біз бірнеше энцеклопедия, түсіндірме сөздіктерді, екі және үштілдік сөздіктерді шығаруымыз керек, олар әрине таза, әдеби қазақ тілінде шығарылуы керек. Ана тілімізді бұрыңғыдан да кең насихаттау үшін біз колайлы жағдай жасауымыз керек, сондықтан біз мемлекеттік тіл жыл өткізуіміз керек.   Болашақта да біз мемлекеттік тілді дамыту мәселесіне көңіл бөлуіміз керек деп білемін, сондықтан біздің тіл мамандары мен филолог-ғалымдарымыз әсем қазақ тілдің ережелерін одан ары жетілдіру үшін тиімді шаралар қолдану керек сонымен қатар, олар мемлекеттік тілді насихаттау үшін қолынан келгенін бәрін істеген жөн өйткені бұл олардың ана тілімізді дамыту жұмысына қосылған қомақты үлесі болып табылады.  Өйткені қазақ тілі біздің халқымыздың тарихи зердесінің ең маңызды негізі бола тура, сонымен қатар өркениеттің және ұлттық сана сезіміміздің мықты негізі болып саналады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Тұған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаға, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы. Қазақ тілі халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тіліміз біздің ең басты байлығымыз, ана тіліміз біздің ең маңызды ұлттық құндылығымыз, яғни осы ұлттық құндылықты сақтап қалу біздің сүйікті Қазақстанымыздың әрбір адал әрі отаншыл азаматының қасиетті парызы, біз бәріміз бірігіп ана тілімізді таза қалпында сақтап болашақ ұрпаққа сал қалпында аманат ететінімізге мен кәміл сенемін. Бәріміз бірігіп біз ана тілімізді дамытатынымызға мен нық сенемін. Қымбатты отандастарды және ана тілімізді сүйер қауымды мен өз атымнан тағыда Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер күнімен құттықтаймын! Рахмет!   ***   Құрметті отандастар! Біз Қазақстанда білім беру саласында кеңес одағынан қалған ең жақсы тәжірибені мен дәстүрлерді сақтап, оны ең заманауи жетістіктермен байытуымыз керек, қазақ мектептердің санын көбейтуіміз керек. Біздің мектептер сапалы білім беру үшін, бүкіл құрал жабдықтармен қамтамасыз етілу керек деп білемін. Біздің елімізде 2,5 млн. оқушылар бар, қандай олар білім алады сондай біздің болашағымыз болады, сапалы білім алса болашағымыз жарқын болмақ, сапасыз білім алса болашағымыз бұлыңғыр болады.  21 ғасырда біздің мектептің түлегі мектептегі формуланы біліп қана қоймай, оны өмірде пайдалануды білу керек және ақпараттық технологияларды бес саусақтай білу керек деп есептеймін. Мектеп әрбір балаға, оның талпынысына және қабілетіне сай тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету керек деп білемін. Сапалы білім беру үшін біздің мектеп заманауи оқу құралдарын оқу процессіне еңгізу керек. Мысалы компьютерлерді көп пайдалануға болады. Мен осындай жоба ұсынамын Электрондық мектеп деген. Бұл жоба арқылы біздің бүкіл мектептеріміз компьютерлермен қамтамасыз етілуі керек. Біздің мектеп денсаулық пен қауіпсіздік аймағы болу керек. Ең бастысы үлкендерде жауапкершілік пен тәртіп болу керек. Балаларымызды қайғылы оқиғалалардан қорғау және оларды салауатты өмір салтымен ынталандыру біздің қолымыздан келеді деп есептеймін.  Ұстаз мектептің негізгі. Қазақ ұстазы ол ағартушы, энтузиаст, романтик, ұстаздыққа берілген адам, баланың өмірінде ата анасынан кейін ең басты тұлға, ұстаз балалардың жүректерінде мейірімділіктің, шығармашылықтың, танымның отын жандыратын адам. Адамдармен жұмыс істегенде біздің ұстаздар ең жақсы көмекшілер. Қымбатты ұстаздар қазақ ұстаздықтың мұраттарына адал болыңыздар, халықтың арасында өздеріңіздің абырой мен беделіңізді сақтап жүріңіздер. Сіздер қоғамның адамгершілік климаты үшін жауаптысыз. Біздің балаларымызды тұлға ретінде тәрбиелеу үшін біздің бай ұлттық мұрамызды пайдаланған жөн. Біздің ұлттық мұраттарымыз, қазақ ұлттық салт дәстүрлеріміз, ұлттық мәдениетіміз мықты тәрбие құралы деп білемін. Қазақстанда тарихи орындар мен қасиетті жерлер көп, оқушыларды отаншыл болып тәрбиелеу үшін олар сол жерлерді аралап көру керек. Тәрбие беру жұмыста үлкен жетістіктерге жету үшін мектеп пен ата аналар бірігіп жұмыс істеу керек. Ата аналар кішкентай кезінен бастап балаларға өзінің жеке үлгі өнегесімен көрсету керек қалай адамдарды сыйлау керек екенін, отаншыл азамат қандай болу керек екенін, калай еңбек ету керек екенін. Мектепте өткен оқушының әрбір күні оны жаңа нәрсемен таныстырып, бір қадамға арманына жақындату керек деп есептеймін. Сонымен қатар біз жас мұғалімдерге ақша табуға мүмкіндік беруіміз керек.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 234; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!