Сильная энергетика – сильный Казахстан. 19 страница



2020 жылға дейінгі мерзімде АӨК Мемлекеттік даму бағдарламасының басымдықтары анықталуы керек: Өндіріс саласында – селекция мен тұқым шаруашылығын, өндірістің орналасуы мен технологиясын қамтитын, белгілі бір шамада ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін астық кешені; Мал шаруашылығы (сүт және ет өндірісі) - елдің бәсекелестік басымдығын пайдаланатын жүйе құраушы саласы; Әлеуметтік ортада – еңбек ресурстарының, сонымен қатар елдің территориялық бүтіндігінің сақталуының міндетті шарты ретінде ауыл аймақтарын тұрақты түрде дамыту; Өндірістік әлеуетті дамыту саласында- ауыл шаруашылық мақсатындағы жер мелиорациясы, бос жатқан егістік жерлер мен өзге де ауыл шаруашылық негіздерді қолданысқа беру; Экономика саласында – АӨК дамытудың инновауиялық моделіне көшу шарты ретінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің кірістілігін арттыру; Институционалды салада – кооперацияларды, АӨК- дегі интеграциялық байланыстарды дамыту және өнімдік кешендер мен аймақтық кластерлерді қалыптастыру; Ғылыми және кадрлық қамсыздандыру – инновациялық агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастырудың маңызды шарты ретінде. Ауыл шаруашылығының импорттың орнын алмастыратын салаларын, оның ішінде көкөніс шаруашылығы мен жеміс өсіруді дамыту; Мал шаруашылығын өсімдік ақуыз жемшөпімен қамтамасыздандыру; Ауыл шаруашылық өнімдері мен азық- түліктерінің экологиялық таза және қауіпсіз болуы; Ауыл шаруашылық өнімдерінің, шикізаттарының және азық- түліктерінің экспортының өсуі; Ауыл шаруашылық өндірісі мен азық- түлік өндірісін елдің аймақтарына рационалды орналастыру есебімен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын логистикалық шығындарды азайту және өзге факторларды оңтайландыру. Тек қана мемлекет пен ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің біріккен күш салулары- тұтынушылық, несиелік, қызмет көрсету, кәсіпкерлік белсенділікті жандандыру т.б. арқасында ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық нәтижелілігін арттырып, ауылдағы өмірдің жоғары әлеуметтік стандарттарына қол жеткізуге болады. Ауылда кооперацияларды дамытуды қолдаудың маңыздылығына тоқатала кеткім келеді. Билік тарапынан ауыл шаруашылық қызмет көрсетуші кооперативтерге, олардың құрылу деңгейінде одан әрі дамуы үшін кепілді мемлекеттік қөмек көрсетілуі тиіс. Билік ауыл шаруашылығы өнімінің нарыққа шығарылу деңгейінде қолдау көрсетуді, ауыл шаруашылық өнімінің тауар өндіруішісінің тұтынушыға тікелей жақындатылуын кепілдендіруі керек, сонымен қатар заманауи нарық механизмдерін қалыптасытруы тиіс. Жергілікті билік өкілдері кәсіпорындарғаауыл шаруашылық өнімдерін сату бойынша жәрмеңке мен көрмелер ұйымдастыруға да өз үлестерін қосуы керек, ауыл шаруашылық өнімдерінің көтерме нарығының тиімді жұмысын реттеуге тиіс. Ауылдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету тиімділігі ауыл аймақтарын дамытуға бағытталған бағдарламалы- мақсатты тәсілдерді енгізу арқылы қамтамасыз етіле алады. Ауыл аймақтарының әлеуметтік- экономикалық даму басымдықтары 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Аумақты дамытудың мемлекеттік стратегиясының жаңа жобасында сонымен бірге әлеуметтік және экономикалық дамытудың сәйкес аумақтық стратегияларын құрастыру және толықтыру барысында көрсетілуі тиіс. Заманауи қазақ ауылы инвестицияларды жұмылдыру және кәсіпкерлік белсенділікті қалыптастыру үшін дамыған инфрақұрылым- платформаға ие болуы керек. Аграрлы нарықты кешенді дамыту, жолдарды, көліктерді, тұрғын- коммуналды және инженерлік салаларды дамыту оның ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Және бұл аталғандар да Үкімет пен биліктің басымдықтары болуы қажет. Ауыл аймақтарын дамыту проблемаларын мемлекеттің базалық функцияларын жүзеге асыру тәсілі және өз аумақтарын қорғау ретінде қарастыру қажет. Бұл жерде, ауыл шаруашылығын өндіріске қарсы қою емес, жоғары технологиялар мен техниканың жаңалықтарымен толыққан заманауи өміріміздегі аграрлық саланың рөлі туралы айтқым келіп отыр.  Біз түбегейлі жаңа қоғам жасаймыз- ол білім қоғамы. Ауылдық жерлер адамдардың жұмыс істеуі мен өмір сүруінің ең жайлы ортасына айналуы тиіс. Тек ауылдық жерлер ғана адамның толыққанды өмір сүруіне қажет жағымды экологиялық жағдайлар жасай алады, жеке, ыңғайлы, кең тұрғын үйлер, сапалы өнімдер бере алады және табиғатпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік туғызады. Бұған тек қоғамымызда ауылдық өмірге деген қалыптасып қатып қалған көзқарасты түбірімен өзгерте отырып қана қол жеткізе аламыз. Бізге ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жобалары мен бағдарламаларын құру аздылық етеді, сонымен қатар ауыл аймақтарының нақты әлеуметтік және экономикалық мәселелерінің шешімдері қажет. Ең алдымен, білім қоғамында көрініс табатын ауылдың жаңа мүмкіндіктерін түсініп алуымыз керек. Экономиканың аграрлық секторындағы инновацияларсыз тек біздің еліміз ғана емес, бүкіл әлем терең дағдарысқа ұшырайды. Оның алдын алу үшін XXI- ғасырдың бірінші жартысында тамақ өнімдерінің өндірісін екі есе арттыру керек. Ауылдық білім беру, денсаулық сақтау, көлік және ақпараттық коммуникациялар жүйесі құрылмаған болса, ауыл аймағындағы адам әлеуеті дами алмайды. Қазақ ауыл аймақтарына ақпараттық технологиялар қысқа мерзім ішінде енгізілуі тиіс. Тап солардың негізінде ауыл экономикасын дамыта аламыз. Ақпараттық технологияларды аграр секторының басқарма және өндірісітк тәжірибесіне енгізу қажет. Сапалы және жедел ақпараттардың болмауы біздің өндірушілеріміздің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Осыған байланысты, бізге ауыл шаруашылығының хал ахуалы, ауыл шаруашылық жер егістіктері, нарық жағдайлары, өндіріс пен ауыл шаруашылық өнімдерін тұтыну балансы туралы нақты жедел ақпарат қажет.Тек заманауи ақпараттық- техникалық құралдарды пайдалана отырып қана біз жағдайды дұрысырақ бағалап, маңызды шешімдер қабылдай аламыз. Ауылда өзгерістер катализаторы ретінде "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорымен" бірге банктік құрылымдар да қолданылуы тиіс. Тап осылар инвестициялық белсенділік пен оның бағытын анықтайды. Оларсыз ауыл экономикасының заманауи құрылуын елестету мүмкін емес. Банктер ауыл тұрғындарына несие беруді ынталандыратын шараларды мемлекеттік деңгейде құрастырып, қабылдау керек. Несие ресурстары ауыл аймағында орналасқан экономика жағдайы үшін қол жетімді болу керек. Ол үшін барлық несие ұйымдарын қамтитын ауылдық қаржылық- несиелік жүйе құру керек. Ауылдық отбасыларға жаңа техника мен технологияларды пайдаланудың заманауи негізінде өмір сүру жағдайларын жақсарту мен өндірісті қолға алу үшін қол жетімді несиелер мен қайтарымсыз ақшалай көмек көрсетілуі керек. Ауыл аймақтарында көп балалы отбасылар санының артуын экономикалық тұрғыдан ынталандыру қажет. Бірнеше баласы бар ауыл жұмысшыларына салық жеңілдіктер жасау керек. Информатика, молекулярлы физика, нанотехнологиялар, генетика және өзге де осы сынды ғылымдардың жетістіктері ауыл шаруашылығының өндірісінде қолданылатын биотехнологияларға айналуы тиіс. Ауыл құрылысына жаңа құрылыс материалдары мен заманауи технологиялар қажет етіледі. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары биоотын өндірісінің жаңа көзіне айналуы тиіс. Ғылым ең алдымен, қазақ ауылдарының жаңа өмір сапасына қол жеткізулеріне көмек көрсетуге міндетті. Бұл заманауи жағдайларда олардың алдарында тұрған жаһандық басты мәселелерінің бірі. Құрметті отандастар! Мен ауылда орташа класты қалыптастыруға бағытталған бірнеше негізгі басымдықтарды атап өтсем деймін. Біріншіден. Ауылдарда өз қызметінде ауылдың орташа класын қалыптастыруға жағдай туғызатын, шағын және орта бизнес құрылымдарының кәсіпорындары ашылуы тиіс. Екіншіден. Ауылдардың территориялық дамуын, әлеуметтік мекемелердің, оқу орындарының, спорттық және туристік базалардың, кооперативтердің жаңа объектілерін орналастыру мәселесін ойластыруымыз керек. Үшіншіден. Ауыл тұрғындарының шаруашылық етуінің басты формасы кооперация болуы тиіс. Ол адам өмірінің барлық жағын қамти алады: ауыл шаруашылық өнімін өндіру және қайта өндіру, өзара несиелендіру, тұрғын үй құрылысы, кәсіпкерлікті дамыту. Сатып алулар қызметінің ұйымдарын , көтерме сауда нарығында сату нүктелерін ашудың, ауыл шаруашылық мекемелерінің фирмалық сауда желісін дамытудың маңызы зор. Төртіншіден. Жас мамандарға ауыл кооперативтерін, шағын және орта кәсіпорындар ашуларына, сонымен қатар оларға ауыл тұрғындарын тартуларына бағыт- бағдар беруіміз керек. Мемлекет өз кезегінде жеке шаруашылық пен фермерлерге әділ әрі адал қарым- қатынас қалыптастыруы керек. Бесіншіден. Фермерлік шаруашылықты дамыту бойынша әлеуметтік бағыттарды және олардың орташа класты қалыптастырудағы рөлін ескере отырып, несие бөлуді ауыл саласын қолдауға бағытталған бірден- бір оң қадам деп білу керек және осы несиелердің берілуін жеңілдетілуіне қалайда қол жеткізу керек. Тағы бір басты мәселе. Бүгінгі таңда ауылдық аймақтар білікті мамандарға мұқтаж. Ауыл шаруашылық саласындағы жоғары оқу орындарының түлектері тек сала мамандары мен білімді азаматтар болып қана қоймай, сонымен қатар белсенді ұйымдастырушылқ қасиеттерге де ие болғандары дұрыс. Олар ауылға қатардағы жалданған жұмысшылар ретінде емес, жаңа ауыл кәсіпорындары мен өндірістерін құруға бастаушы ретінде барулары керек. Аграрлық мамандықтарға кәсіби дағды ауылдағы өмір дағдысын толықтыруы керек. Жерге, ауылға деген сүйіспеншілік, адамдарына деген құрмет, дамытудың тарихы мен мүмкіндіктерін білу, жергілікті салт- дәстүрлерді мойындау, бұлардың барлығы да ауылдық отанжандылықтың белгілері. Олар біздің азаматтарымыздың аяққа тік тұруына, кез- келген тұрғыда мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызады. Ауылдарға қомақты инвестициялар қажет екендігін түсінуіміз керек, себебі тұрғындардың өмір сүру сапасы мен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жағдайы инвестицияларға байланысты. Инвестицияларды ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымына, орташа класты дамытуға жұмылдыру оның материалдық базасын нығайтып, біртіндеп дамыған елдер стандарттарын қуып жетуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жергілікті айрықшалықтар мен адамның терең мотивацияларының есебімен ішкі резервтерді іздеуге бағытталған бастамаларды жан- жақты қолдау керек. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, біздің ауыл шаруашылығымыз жоғары рентабельді, көп салалы, жоғары экспортқа әлеуетті жоғары механизмді өндірісті болуы керектігін айтқым келіп отыр. Ауыл шаруашылығымыздың басты қолдауы ірі шаруашылықтар- агроқалшықтар болуы тиіс, сонымен бірге мемлекет тарапынан көңіл бөлінуге тиіс қосалқы шаруашылықтарымыз бен ауыл шаруашылық учаскелерімізді де назардан шығармауымыз керек. АӨК дамуында біз ауыл шаруашылық шикізаттарының қайта өңделу тереңідігіне аса көңіл бөлуге тиіспіз. Біздің ауылымыз инновациялы болуы керек, онда шағын және орта бизнестерді дамытуға жағдайлар жасалып, сонымен қатар ауылдарымызда барлық өркениет орындары, атап айтқанда балабақшалар, мектептер, ауруханалар және мәдениет ошақтары болуы қажет. Міне, 21 ғасырдағы қазақ ауылын мен осындай етіп көргім келеді.   ***   Дорогие казахстанцы! Сегодня мы отмечаем день Государственных символов Это один из особо дорогих дней, который символизирует одновременно историю государства, его настоящее и будущее. Государственный флаг Казахстана убедительно отражает дух нашего народа. Увидев его, мы каждый раз заряжаемся любовью к родной земле, и нас переполняет чувство патриотизма и гордости за свою страну. Объединившись под Государственным флагом, каждый казахстанец своим каждодневным трудом вносит вклад в укрепление нашей государственности. Казахский флаг гордо развевается на международных политических, культурных и спортивных форумах, наравне со стягами других стран мира. Почитая Государственный флаг как один из главных символов государства, олицетворяющий суверенитет Казахстана, мы воздаём должное славной истории народа, культурному наследию и традициям наших предков. Стяг нашего свободного и независимого Казахстана – это олицетворение мира и единства, той великой силы, которая сплотила всех казахстанцев, объединённых одной судьбой, устремлённостью в будущее. Казахстан, достигший своей независимости четверть века назад, в последние годы нашел собственный путь развития, а граждане, осознав свою личную ответственность за судьбу своего государства, совместно трудятся на благо общества, ради светлого будущего. Только сплотившись под одним знаменем во имя единой великой цели, только вместе мы сможем изменить жизнь в нашей стране к лучшему! Когда на международных мероприятиях и торжествах Государственный флаг Казахстана взмывает ввысь на флагштоке, наши сердца переполняет чувство гордости за свою страну. В 2017 году народ Казахстана продолжит начатое дело по укреплению государственности и общенационального согласия. Дорогие соотечественники! Сегодня, в этот особенный день желаю всем вам доброго здоровья, мирного неба над головой и благополучия! Пусть будущее Казахстана будет светлым, а Государственный флаг Казахстана гордо возвышается в небесной синеве над страной и как снежные вершины Алатау подчеркивает красоту и величие казахской земли!   ***   Ғылым туралы Қымбатты отандастар қане, ғылым туралы әңгіме қозғайық, өздеріңіз білетіндей 21 ғасырда ғасырда, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету ғасырында отандық ғылым мен инновациялар көмегінсіз табысты даму мүмкін емес. Ең алдымен, менің ойымша, бізге Қазақ ғылым академиясын үкіметке есеп беруші мемлекеттік органның мәртебесінде жаңғыртып, Қазақстанның ұлттық ғылым академиясы туралы арнайы заң қабылдау керек. Айта кету керек, бұрынғы дәуірден бізге жақсы ғылым академиясы және мұра болып қалды және өте жоғары деңгейге қол жеткізілді, осы барлық қол жеткізгенді жоғалтып алуға біздің құқымыз жоқ. Қазақстан ғылым Академиясы барлық ғылыми зерттеу субъектілері орындайтын іргелі және қолданбалы тиіс ұйымдастыруды және үйлестіруді ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуы мен үйлестірілуін қамтамасыз етуі, адам, қоғам, табиғат және жасанды заттар туралы жаңа білімдер алу, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, интеллектуалды және рухани әлеуетін арттыру мақсатында жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдардың маңызды бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің қызметін қамтамасыз етуі тиіс. Ұлттық ғылым академиясы мемлекеттік ғылыми сараптаманың жүргізілуін ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыруы, бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуі, бейбіт мақсаттарда ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану саласындағы ұйымның қызметін мемлекеттік реттеуі және үйлестіруі, ақпараттандыруды дамытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның бас ұйымы ретінде өкілдік етуі, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ғылым саласындағы республикалық органының жекелеген функцияларын орындауы тиіс.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 263; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!