Сильная энергетика – сильный Казахстан. 23 страница



Сондықтан мемлекеттік тілдің қорғанысы, құрметі және қадыр тұтылуы әрбір адал азаматтың парызы. Өз мәдениеті мен тілін құрметтейтін әрбір саналы және патриот азаматтың басты парызы, бағасыз қазынаны таза, кіршікіз күйінде сақтай отырып, шұрайлы да саралы тілдің келешек ұрпаққа табысталуын қамтамасыз ету болып табылады. Барлық отандастарымды қазақстан халқының тілдері Күні мерекесімен, яғни өркениетті және қаһарман қазақ ұлтының маңызды құралының төл мерекесімен құттықтай отырып, қазақстандық ұлттың әрбір жанұясына тұрақтылық пен тыныштықты, қымбатты елімізге - күнсайынғы даму қарқынын және тәуелсіз мемлекетімізге - мәңгілік өмірді тілеймін. Қазақстан халқы тілдері Күні құтты болсын, қымбатты отандастар!   ***   Қазақстандағы шахматтық білім беру саласы Қымбатты отандастар! Мен сіздерден оқушылардың аса креативті, алдағы қадамдарын баппен өлшеуге және логикалық ойлауға қандай ойынның ықпалы зор екенін сұрағым келген, әлбетте ол шахмат ойыны. Шахмат ойыны бүгінде заманауи мәдениеттің құрамдық бөлігі болып табылады. Сондықтан, менің ойымша, еліміздің әрбір білім беру мекемелерінің бастауыш сыныптарына шахмат ойынын енгізу міндет. Шахмат ойынын ойнау, осы уақыттарда балаларға аса қажетті: ұйымдастырушылық, тәртіптілік, өзін-өзі сынаушылық секілді қасиеттерді қалыптастыруға, зейіндік және эмоциалық ойлау саласын дамытуға өз септігін тигізеріне ешкім қарсы келе қоймас. Шахматтың арқасында, балаларда логикалық ойлау қасиеті жақсарып, еңбекке қабылеттілік тәртібінде, күрделі шешімдерді өздігінен қабылдау біліктіліктері пайда болады. Шахмат ойыны ойыншылардың интеллектуалдық, эстетикалық дамуларына түрткі болады. Шахмат сабақтары оқушының қоршаған әлемге деген көзқарасын толықтырып, жан-жағын торлаған "жаман" әдеттерден, теледидардан алыс ұстауға баулиды. Ал жас спортшыларымыздың әрмен қарайғы жетілулері, еліміздің дамуына себепші болады. Менің ойымша, біз балаларымызға тек білімді ғана сіңіртіп қоймай, олардың шығармашылық қабылеттерін арттыруымыз қажет, ал ол қабылеттердің отауы әрине шахмат ойыны. Шамамен Қазақстандағы барлық ілім-ғылымдар шығармашылық ізденістерге емес, білім саласының сандық өсіміне ғана бағытталған секілді. Қоғамның зияткерлік тұрғысынан дамуы, механикалық ілімнің тұтастай өсімін ғана емес, әрбір адамның жеке дамуын да білдіреді. Бұл, бірінші кезекте қайсыбір нақты жағдайларда оңтайлы шешім қабылдау үшін шығармашылық ізденіс пен логикалық ойлауды игеру болып табылады. Аталған машықтар мен қабылеттерді тек шахмат ойыны ғана жүйелей алады. Қазақстанда әлі күнге дейін шахмат ойынын қалай қарастыру қажеттігі туралы пікірталастар толастар емес. Бұл өзі сауық па, ойын немесе ғылым ба, мүмкін өнер шығар? Адамзаттық қоғам үшін тигізер пайдасы мол, сантарапты бұл ұғымның нақты бағыттық атауы белгісіз. Ал шахматтың тұлғаны қалыптастыру мен дамытудағы рөлі орасан екені даусыз. Мысалы көрші Қытай елі оның рөлін әлдеқашан бағалап, мектеп бағдарламасына енгізіп қойған. Ал бізде әлі күнге дейін «шахматтың мектепке қажеті бар ма?» деген сұрақ аясында сөз таласы тоқтауын таппауда. Осы кездері Қытай Халық Республикасы әлемдік экономикалық жүйеде, ал қытай шахматшылары - әлемдік шахматта көшбасшылық позициялардан сенімді орын алуда. Шахмат ойындары мен экономикалық дамулардағы көшбасшылық арабайланысы айқын әрі түсінікті. Елдегі шахмат ойыны үдерісі неғұрлым кең таралған болса, өмірге қажетті жауапты әрі логикалық шешімдерді қабылдауға қауқарлы соғұрлым көп креативті ойлаушы адамдар көбеймек. Әлемнің сан дүркін чемпионы А.Карпов, «шахмат ойыны уақытты бақылауға, әр істі талдауға, жоспар құруға, болжам жасауға және өзін-өзі тәрбиелеуге көмек береді»-деп дұрыс анықтама қалдырған. Бұған қосып айтарым, шахматшылар үлкен стресскетөзімділікке ие, олар қиын жағдайларда салдары суға салынбай, паникаға берілмейді, орын алған кез-келген жағдайдан шығудың амалдарын табады. Дәл осындай қасиеттер дағдарыстың, әлеуметтік және экономикалық шынайылықтардың шыңдарына шығушы адамдар үшін ауадай қажет. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарында «Жүрегімді балаларға арнадым» атты кітабында: «Шахматсыз ақыл-ес қабылетінің толыққанды тәрбиесін елестету мүмкін емес. Шахмат ойындары бастауыш мектеп өміріне ақыл-ес мәдениетінің бірден-бір маңызды элементі болып енуі қажет»-деп жазады. Бұл пікірді шетелдіктер ұтымды бағалады. Шахмат ойыны оқу пәні ретінде АҚШ, Канада, Қытай, Испания және өзге де елдердің жалпы білім беру мектептерінде енгізілуде. Менің пікірімше, біздің елімізде жалпыбілім беру мекемелерінде шахмат ойындары оқу бағдарламаларына белсенді түрде ендірілуі қажет. Республикамыздың бастауыш сыныптарында шахмат сабақтарын ендіріп, қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелерді құру керек. Оған қоса, Білім және ғылым Министрлігі міндетті түрде шахматтық білім беру мәселелері бойынша дөңгелек үстел және «Мектептегі - шахмат» оқу-әдістемелік кешен әзірлемесінде байқау өткізуі қажет, сондай-ақ мектеп мұғалімдеріне арналған «Мектептегі - шахмат» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары мен оқу семинарлары ұйымдастырылуы керек. Мектептегі шахмат білімін беруді үйрену және шахматтық жалпылай оқытуды өткізу үшін арнайы сайттың құрылуы орынды, білім және ғылым министрлігінен аталмыш сұрақтың жүзеге асырылуын сұраймын. Қоғамның өскелең буынын шахмат ойынына дәріптеу үшін, менің ойымша біз, елімізде шахмат мектептері мен үйірмелерін, шахмат фестивальдары мен жарыстарын көптеп өткізуіміз керек, мұның да білім және ғылым министрлігі тарапынан қадағалануын сұраймын. Білім беру жүйесіне шахмат саласын ендіруді жеделдету үшін, күннің алғашқы жартысында (оқушылардың таңдау пәні секілді) негізгі сабақ кестелерінде жалпы білім беру мектептеріндегі "Шахмат" пәнін оқыту қажет. Шахматтық жаппай оқытуды енгізу процесссіндегі күрделі проблемалардың бірі, балаларды қызықты әрі танымды үйрете алатын білікті педагогикалық кадрларды даярлаумен іске асады. Біріншіден, ең қарапайым амал – жоғары разрядтар мен дәрежелерге ие, шахматшы-спортшыларды іздеу. Алайда егер біз бұл амалды аяқ астынан іске асыратын болсақ, біз әп-сәтте шахматтық жаппай оқытудың түпкі ойының түбіріне балта шабамыз. Олардың кейбіреулері, бәлкім, жаттықтырушы есебінде қызмет бабын табар еді, алайда мектеп-мұғалімдері ретінде - кем-де кем шығар. Олардың басым бөлігінің педагогикалық білімі жоқ және балалар психологиясының ерекшеліктерімен етене таныс емес. Олардың шахмат ойынын спорт түрі емес, оқу пәні ретінде оқытулары неғайбіл. Сондықтан аталған амалдың шешімі тиімсіз болмақ. Мұғалімдерге шахматтық білім беру қажет. Ол үшін ҚР білім және ғылым Министрлігінің біліктіліктерін арттыру жүйелерін қолдану, Интернеттегі шахмат оқытушылары үшін арнайыландырылған әдістемелік портал құру, озық оқу нұсқаулығына байқау жүргізу қажет. «Жалпы білім беру мектебінің бастауыш сыныптардың шахмат мұғалімдері» мамандықтарын мемлекеттік классификаторға енгізген орынды. Білім және ғылым Министрлігіне «Шахмат» оқу пәнінің білім беру стандартын әзірлеу керек. Педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарына мектептер мен балалар клубтарындағы шахмат жұмыстарына педагог -ұйымдастырушыларды, шахмат мұғалімдерін даярлаушы шахмат кафедрасын құру керек. Елдің барлық ЖОО-да шахмат бойынша мұғалімдер мен жаттықтырушылардың жаппай даярлықтарын өткізу қажет. Шахматты оқыту ісі жаңа ғылыми бағытты - шахматтық педагогиканы, сондай-ақ балалар психологиясы және педагогика білімдері мен терең түсініктерінде негізделген, балаларға арналған шахматтар бойынша оқулықтар мен кітаптардың толық сериясын әзірлеуді талап етеді. Білім және ғылым Министрлігінен аталған сұрақты бақылауға алуын сұраймын, берілген педагогиканың жаңа бағытын әзірлеу үшін бұл жұмысқа Қазақстан шахмат Федерациясын жұмылдыру керек. Шахматтық жаппай оқытуды ендіру ісі шахматтың даңқын шығарумен және жас шахматшылардың спорттық шеберліктерін арттыру жағдайларын құрумен шектелмеуі тиіс. Бұл мақсатта шахмат бойынша оқушылар арасындағы жаппай және арнайы жарыстар ұйымдастырылса игі. Қазақстанның әрбір қаласында, менің ойымша, жасөспірімдер мен балаларға арналған спорттық шахматтық мектеп қызмет етуі керек. Оларды құру бағасы қымбат инфрақұрылымдарды қажет етпейді. Апта сайын жергілікті деңгейде спорттық шахмат жарыстары өтуі тиіс. Олардың нәтижесі ретінде жас жеңімпаз-шахматшылардың жергілікті және аймақтық жарыстарда, республикалық және халықаралық турнирлерде қатысуы орынды. Тек осылай ғана шахматтардағы әлемдік дәрежедегі білікті спортшыларды дайындауға үміт пайда болады. Мәдениет және спорт Министрлігінен аталған сұрақтың қадағалануын сұраймын. Шахматтық жаппай оқыту және спорттық шеберліктің өсуі үшін қашықтықтан оқыту әдістемесін және «Интернет» желісінің мүмкіндіктерін белсендірек қолдану қажет. Мысалы, шахмат бойынша республика чемпиондары аймақтардағы жаңа бастаушы шахматшылар үшін интернет желісі арқылы дәрістер оқуды және қашықтық сабақтарды өткізе алар еді. Олармен қоса, мектептік шахмат Олимпиадасын өткізу, Қазақстандағы шахматтық жаппай оқуды дамыту үшін ықпалды импульс болу керек. ҚР Білім және ғылым Министрлігі мен шахматшылардың қоғамдық білестіктеріне тек мықты жас ойыншыларды іріктеп қана қоймай, шахмат тарихы жөніндегі ақпараттық кампанияны БАҚ-та, олардың адамзат дәуіріндегі берген тиімді тұстары, отандық шахмат мектебінің дәстүрлері жөнінде мәліметтер жариялау керек. Оның мақсаты – қоғамдағы бұқаралық шахмат мәдениетін қалыптастыру. Бұл жұмысқа міндетті түрде теледидар, мысалы Балапан арнасы атсалысуы тиіс. Балалар арнасында шахмат ойынына арналған бағдарлама ашылуы құба-құп, аталған сұрақтың ақпарат және коммуникация Министрлігінде қарастырылуын сұраймын. 2017-2018 жылдар ішінде шахматтық білім беру бойынша республикалық және аймақтық конференциялар өткізілуі тиіс, Білім және ғылым Министрлігінен бұл сұрақты қадағалауды сұраймын. Жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі оқушылармен шахматтың оқылуы және шахмат теориясының игерілуі, әлбетте, олардың рухани өсуіне ықпал ететін болады. Осының арқасында жалпы қоғамның зияткерлік потенциялы артады және кішігірім уақыт ішінде бізде сандаған мың жас өркендердің қанаты қатайып, болашақ басқарушы, кәсіпкер, Қазақстан дамуындағы сапалы серпілісті қамтамасыз етуге қабылетті жастар пайда болады. Біздің мақсатымыз – бұл іске белсенді атсалысу. Назарларыңызға рахмет! *** Астана болашақтың қаласы Аталған мақаламда Астана қаласының даму келешегі, Астананы болашақта қалай көретінім жайында ой бөліспекпін. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана – еліміздің экономикасында маңызды рөл атқарып қана қоймай, оның бәсекелестік потенциалының дамуына да сүбелі үлес қосады. Менің ойымша, ХХІ ғасырдағы Астананың даму келешегінің функцияларына мыналар жатады: ·әлемдік деңгейдегі озық университеттік орталық пен ғылыми-зерттеу орталығы; ·жаһандық бәсекеге қабылетті ақпараттық-технологиялық полюс; ·қаржы орталығы ·көлік-логистикалық хаб. Астананың алдында тұрған басты мәселелердің бірі көлік проблемасы болып табылады. Көлік. Бұл проблеманы шешу үшін бірқатар іс-шараларды атқару қажет - ол жылына 3млн бастап 7 млн дейін жолаушылардың келу-кету қабылетін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа аэропорт терминалының құрылысы. Онымен бірге, Астанадағы жаңа теміржол вокзалының құрылысы жолаушылардың жылдық келу-кету қабылеттерін 6,7 млн жеткізуге мүмкіндік береді. Қаланың көлік байланысын жақсарту үшін менің ойымша, бізге жеңілрельстік көлік жүйелерін құру, сондай-ақ автобус маршруттары мен заманға лайықты қалалық жол жүрудің тиімді құралы велосипед жолдарын көбейтіп, азаматтардың экологиялық таза көлік құралын пайдалануға қызығушылықтарын арттыру керек. Астане қ. көлік қозғалыстарын жақсарту үшін қаланың жаңа аудандарын өзара байланыстыратын жол жүйелерін құрған, соның барысында автотұрақ мәселелерін оңтайландырған орынды. Қоғамдық көлік қолданушыларының жол жүру жайлылықтарын қанағаттандыру үшін Астана қ. бойынша мәліметтер жиынтығы мен диспетчерлендіруінің бірыңғай жүйесін құрған ұтымды және жедел диспетчерлік басқаруға мүмкіндік беретін ЖАһНЖСЖ (жаһандық навигциялық жерсеріктік жүйе) жерсеріктік навигациясының бүйірлік кешендік жылжымалы құрамдарымен 100% жабдықтау қажет. Автобустарда жолаушылардың автоақпараттандырылуымен қамтыған дұрыс. Қоғамдық көлік аялдамалары жерсеріктік ақпараттық навигация бойынша жылжымалы құрамның дәлме-дәл келу уақыты жөнінде мәліметтер ұсынуы тиіс. Одан бөлек, "Яндекс.Көлік" қосымшасы және Астана қаласының көлік сайтында көрініс табатын нақты уақыттағы ақпараттар алмасымы қамтамасыз етілуі керек. Сонымен бірге, Астанада ақшасыз жүйе бойынша жолаушылардың жол ақыларының электронды жол жүру билеттерімен (немесе көлік карталарымен) жабдықталуы орынды. Көшелік-жол желілері мен қозғалыс жылдамдықтарының өту қабылеттерін арттыру үшін, көшелік-жол желілерімен бірге, келесідей шараларды жүзеге асыру міндет: бірыңғай тұрақтық кеңістік, сол жақ бұрылыстардың тыйым салынуы, қала орталығына жүк көліктерінің енуін шектеу, ЖҚБАЖ (жол қозғалыстарын басқарудың автоматтандырылған жүйесі) және қоғамдық көлікке арналған белгіленген қозғалыс жолақтары. Магистральді автобус маршруттарында зияткерлік көлік жүйесі шеңберлерінде үлкен қозғалыс белсенділіктері бар қиылыстардағы қоғамдық көліктерін өту басымдылықтарын жүзеге асыру қажет. Инновациялар. Менің ойымша, қалалық экономиканың дамуы, индустриалды-инновациялық жолдар бойынша жүруі тиіс. Астананың инновациялық экономикасын құру үшін инновациялық инфрақұрылымдардың келесі элементтерін орнатқан дұрыс: 1. «Қазақстан Республикасының Бизнес-инкубаторы» МКМ; 2. Аграрлық Университет жанындағы технологиялар трансферінің орталығы;

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 290; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!