Сильная энергетика – сильный Казахстан. 25 страница



Құрметті отандастар! Бұқаралық дене шынықтыруға біз елімізде көбрек көңіл бөлуіміз керек. Жыл сайын сауықтыру жүгіріс пен жүріс күндерді, жалпыұлттық денсаулық күнін өткізу керек, жылы кезде қалалардың алаңдарында ертеңгілік бұқаралық жаттығулар жасауды ұйымдастыру керек. Халықты сауықтыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға республикамыздың бүкіл мемлекеттік органдары өзінің жұмысында басымдылық беру керек. Елімізде мәскүнемдікпен және алкоголизммен күресті күшейту керек деп есептеймін, осыған орай үкіметтің қауылысымен кешкінің он бір сағаттан кейін бүкіл республикада арақ пен шарапты сатуға тыйым салу керек. Біздің назарымызды қажет ететін тағы бір өзекті мәселе бар оны біз байыппен қараумыз керек ол мүгедектердің спортпен айналысуы. Кәзір республикалық балаларға және жасөспірімдерге арналған мамандырылған спорт мектептерде мүгедек балалар үшін адаптивтік дене шынықтыру және спорттық бөлімшелерін ашу керек. Мүгедек спортсмендерге арналған 2017-2022 мерзіміді Кедергісіз орта деген мемлекеттік бағдарламаны әзірлеп қабылдау керек деп білемін. Осы бағдарламада арнайы мүгедектерге арналған спорттық құралдарды алуға, адаптивтік дене шынықтыруымен айналысуға керекті құралдарды алуға, жарыстарды ұйымдастыруға қажетті қаражатты бөлінуді жоспарлау керек. Жалпы спорт туралы жаңа заң қабылдау керек деп есептеймін. Өкінішке орай біздің елімізде спортпен айналысатын мүгедектердің саны тым аз. Сондықтан оларды қалай спортқа құлшынысын арттыруға болатыны бірге ойластыруға щақырамын. Ардақты ағайын! Бәрі менімен келісетін шығар мен ойлаймын, біз ең біріншіден балалық спортқа көніл бөлуіміз керек. Жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыста спорттың рөлі өте маңызды. Болашақ чемпиондар сол балаларға және жасөспірімдерге арналған спорттық мектептерде қалыптасады. Сол жақты болашақ чемпиондардың нышандары қалыптасады. Спорттық мектептерде болашақ олимпиадалық жеңістерінің алдын ала жағдай жасалады. Өкінішке орай, ауылдағы балалар спорттық секциялар мен заманауи спорттық нысандарға қол жеткізе алмай жүр. Сондықтан біз балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық инфрақұрылымды ары ғарай дамытуымыз керек, олардың санын көбейту керек деп есептеймін. Спорт саласына біздің елімізде аз ақша бөлінеді, сондықтан біздің тренерлік және ұстаз кадрларының кәсіби біліктілігі нашарлау, спорттық медицина дамымай қалды, халыққа қол жетімді спортклубтар мен секциялар, стадиондар мен спорттық алаңдар жетіспейді. Осыған орай мен біраз ұсыныстарды айтайын: Біріншіден спорт саласына көбірек ақша бөлуіміз керек. Екіншіден әрбір облыс орталығында республикалық спорттық дайындау орталықтарын ашу керек деп есептеймін. Бұл жас спортсмендерді табуға және оларды дайындауға көмектеседі. Жергілікті билік органдарының шамалары жетіспейді, өйткені спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін қыруар қаржы бөлу керек. Үшіншіден жас спортсмендерді және ересек атлеттерді сапалы әлемдік деңгейде дайындау үшін біз спорттық медицина саласын дамытуымыз керек. Спорттық медицинада, спорттық психологияда, хронобиология саласында, реабилитология саласында, климатографиялық адаптация саласында жұмыс істейтін білікті кадрларды даярлау керек. Төртіншіден бұқаралық дене шынықтыру және спорт саласын дамыту үшін қала құрылысының заңнамаларын қатайту керек, міндетті түрде спорттық нысандарды салуға жер телімдерін бөліп. Сонымен қатар спорттық нысандарды салуға, спортық қызмет көрсетуді ұймдастыруға біз жеке инвесторларлы тартып оларды қолдауымыз керек деп ойлаймын.  Енді спорт және дене шынықтыру істері агентігіне біраз ұсыныстар айтып кетейін: 5. Спорт және дене шынықтыру саласында жаңа технологиялар мен ғылыми методикалық зерттемелерді еңгізу керек. 6. Балалар мен жасөспірім спорт саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу керек. Сонымен қатар студенттік спортты дамытуға арналған мемлкеттік бағдарламаны әзірлеу керек деп білемін. 7. Спорт және дене шынықтыру саласын дамыту үшін жалпыұлттық мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу керек деп ойлаймын. 8. Қазақ ұлттық спорт түрлерін және ұлттық ойындарын дамыту үшін, Республикамызда эксперименталдық алаңдарды ашу керек. Осы экспиременталдық алаңдарда қазақ ұлттық спорт түрлерін сақтап дамыту үшін және технологиялар мен әдістемелер әзірлеп оларды сынау керек. Қазақ ұлттық спорт түрлерін сақтап дамыту үшін жоғары деңгейде кәсіби спортсмендерді дайындау үшін өңірлік спорттық дайындау орталықтарын ашу керек деп есептеймін. Рахмет!   *** Бүгін біз армия туралы сөйлесеміз, бірақ ең алдымен, мен өз ойларыммен бөліссем деймін. Қазақстан болашағы үшін мына жеті сөздің маңыздылығы ерекше: білім беру, экология, инновациялар, қауіпсіздік және әл-ауқат, мемлекеттік тіл мен ұқыптылық. Біз үйренудеміз. Әр қайсысымыз және әр күн сайын. Міндеттерді жүзеге асыруда жарты жолда қалып қоймайық. Заманауи білім беру мен білімді адамдар — Қазақстанның даналығының тірегі, бұл Қазақстанның өсуіне, ал барлық тұрғындарына – ел болашағына деген сенімділікке негіз болып табылады. Білімділік ашықтық дегенді білдіреді. Әлемге деген ашықтық, қарым-қатынастарға және теке-тірестікке деген ашықтықты білдіреді. Білімді жұрт сыннан қорықпайды, ол мазалану және бет тыржитуға дейін бармайды. Біздің жолымызда шыдамсыздық пен жамандық жасау деген болмауы керек. Сайлау алдындағы айлар — бұл саясаткерлер мен сайлаушылардың қарқынды қарым-қатынасының уақыты. Бұнда жабық немесе тыйым салынған тақырыптар болмауы керек. Біз сонымен қатар, қандай салықтық саясат дұрыс болып саналатындығы туралы, ақша шығарудың қандай өнімділігі бізге қажетті, кәсіпкерлер үшін несиені қалай қол жетімді етуге болады және осы осы күнге дейін жиналған тәжірибеге өзгертулер енгізу қажеттігі туралы шешкеніміз жөн. Халқымыздың қандай мемлекетті құрауы қажеттігі туралы, және алғырлық пен кәсіпкерлікті қалай ынталандыруға болатыны туралы сөз қозғауымыз қажет. Сайлаушыларға партия мен саясаткерлерден сайлау алды уәде берулердің қаншалықты шындыққа жанасатындығы туралы, неге бастамалар осылай басталып және осы барлық уәде берушілікке қаржы қайдан алынатындығы туралы сұрақтарға жауап талап етуге кеңес берер едім. Біз депутат болуға немесе ел басқаруға құлшыныс білдірушілерден талап ете отырып мынаны сұрауымыз қажет: адамдардың бойында қалай ертеңге деген — және күнделікті өмірге, және одан әрі өмір сүрулері үшін сенімділікті нығайтуға болады? Қалайша біздің экономикамызды гүлдендіруге болады? Онсыз таңдау жасау қиынға соғады, себебі дамуымыздың негізі экономика болып табылады. Инновациялар туралы айта отырып, біз заманауи әлем кілті және экономикамыздың гүлденуінің кепілі осы инновацияда екенін түсінуіміз қажет. Біздің ойлау қабілетіміздің өзі инновациялық болуы қажет, сонда да болса, біз ұқыптылық туралы ұмытпауымыз керек, ал бұл дегеніміз мемлекеттің әрбір теңгесін үнемдеуіміз қажет дегенді білдіреді. Қымбатты достар! Қазақстанның қауіпсіздігі тек оның қорғаныс қабілетіне келіп тірелмейді, бұл кең ұғым. Қауіпсіздік сенімділікке негізделген қоғам ауызбіршілігінде. Шын мәнінде Қазақстанды қорғанысты ететін нәрсе, ол әрбір адамның қажет екеніне сендіру. Меніңше, мемлекет адамдар туралы ұмытпауы, олардың күн көруі үшін қаржыларының болуы қажет екендігін ұмытпауы керек. Ең жақсысы және маңыздысы — Қазақстанда осы мемлекетте тұратын адамдардың бар екендігі. Қазақстан — олар үшін, бәріміз үшін өз еліміз. Жақсы өмір тек жақсы заттарды иеленуден болмайды. Ондай өмір үшін жақсы, достастықты және қолдау көрсете алатын орта қажет. Ондай өмір үшін қарттар, балалар және ерекше қажеттіліктерді керек ететін адамдардың қорғаныштық сезімдерінің болуы қажет. Жастардың да, мұғалімдердің де, және де әскерилердің де. Барлығының да қорғанышты екенін сезінулері қажет. Мен Қазақстанға сенетіндердің және өз еңбектерімен оны жақсартуға тырысатындардың барлығына рахмет айтқым келеді. Нығайып келе жатқан азаматтық бірлестіктер, ерікті құтқарушылар, барлық намысты жұмысшылар, жақындарымыз бен достарымыз–сіздердің барлықтарыңыз елге керексіздер. Енді біздің армия туралы сөз қозғайық. Қазақ армиясы қазіргі заманда тіке - тірестер мен қауіптерге сәйкесінше әрекет етуі қажет. Алайда оған деген қаражатты осы заман талаптарына сай жұмсауымыз қажет. Сондықтан армия дамуының келесі қадамдары жан-жақты қарастырылып және есептелуі керек. Менің көзқарасым бойынша, қару-жарақтың, әскери техника мен оқ дәрінің жеткілікті қоры болуы қажет. Әскери техниканы шабуылға дайын жағдайда ұстап отыру керек, сонымен қатар, елдің әскери күшінің одан әрі даму жолын анықтап алған жөн. Мысалы, меніңше, біздің армияда арнайы операция күштерін құрған дұрыс болатын сияқты, радиоэлектрондық күрес орталығын құрған жөн деп ойлаймын. Біздің Қарулы Күштеріміз егемендігіміз бен аумақтық тұтастығымызды сақтауға дайын болуы қажет, өйткені қарулы күш тұрғысынан ешқайсысы Қазақстанмен теке-тіреспеуі қажет. Бізге 2020 жылға дейін республиканың Қарулы күштерінің даму жоспарын жасау қажет, армияны, әскери техниканы, жаңа қарулар алудың модернизациялау бағыттарын анықтауға қажетті қаржы құралдарын бюджетке енгізу және жоспарлы түрде біздің армиямыздың қарулы және әскери техникасын жаңартып отыруымыз қажет. 2020 жылға дейін біздің армияны модернизациялау бойынша негізгі шараларды жүзеге асыруымыз қажет, біздің армиямыз тиімдіжәне заманға сай болуы үшін барлық жағдай жасауымыз қажет. Қазақстан өзінің географиялық жағдайы мен толық мағынада ашықтығының арқасында, әлемде орын алып жатқан көптеген геосаяси жағдайларға ұшырау ықтималдығы бар. Өкінішке орай, әлемде және қазақстанның жан-жағында болып жатқан жағдайлар тұрақсыз болып отыр. Геосаяси қарама-қайшылықтар белең алуда. Әлемдік мұнайға деген бағаның түсуі біздің одақтастарымызға қатты соққы болып тиді. Ауғаныстағы ахуал да алаңдаушылық тудыруда. Халықаралық терроризм, өкінішке орай, бұрынғыша Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Осы жүзжылдықта орын алған соғыс пен бейбітшілік тенденциясында айырмашылықтар қатарының азайып бара жатқандығы білінеді. Соғысты бүгінде жарияламайды, ал бастаған соң, үйреншікті әдіске көшпейді. Заманауи соғыс келіспеушіліктері көрсеткендей, әл-ауқаты жақсы мемлекет біршама айлар ішінде қатыгез қарулы алаңға айналып, өзге елмен басып кіруге ұшыраған жемтікке айналатындығы, аласапыран, қиранды және азаматтық соғыс ордасы болуы мүмкін екендігі анықталды. Қазақстан әрқашан бейбітшілік саясатты ұстанды және бейбітшілікті сыртқы саясатты жүзеге асырудан ешқашан бас тартпайды, тартқан емес және ендігі жерде өз көзқарастарын қорғай алады. Әрине, біз келешекте Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі ескеріле отырып, бауырлас Ресейдің мықты күшіне сүйенгіміз-ақ келеді. Қазақстан сонымен қатар, ұжымдық қауіпсіздік туралы Ұйымдық Келісім аясындағы бірлестікті ел қауіпсіздігінің және Еуразиялық белдеуде тұрақтылықты қамтамасыз ету кепілі деп біледі. Алайда, бұл Қазақстанның басқа да елдермен және әскери-саяси ұйымдармен қарым-қатынас жасаудан бас тартады деген сөз емес. Егемен ел ретінде біз НАТО-мен құрылымдық сипатта айқын және тепе-тең қағидатта ашық қатынастамыз. Біздіңбірлесіп жұмыс атқара отырып, Қазақстанның қызығушылықтарына жауап беретіндей шешер ортақ көп сұрақтарымыз бар. Шетелдермен қауымдастық құру біз үшін кеңге қанат жайып және өз қауіпсіздігімізді нығайтуды қою деген емес, бізге ешкім тыныш өмір сүруімізге кепілдік бермейді. Біз өміріміз тыныш болуы үшін барлық жағдай жасауға тырысамыз, алайда біз соғысқа қабілетті армия, қуатты Қарулы Күштерге ие болуымыз қажет. Біз, егер керек болған жағдайда, егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді сақтап қалуымыз қажет, алайда кім көрінгенмен ақылға сай келмейтін теке-тірестікке түспейміз. Біз ақылға қонымды, ұстамды саясатты жүзеге асырамыз: бізге өзгенікінің қажеті жоқ, ал өзіміздікін бермейміз. Бұл біздің саясатымыздың мағынасы. Егер сол үшін өлу қажет болса, біз өлуге де бармыз. Бүгінде, әсіресе Украинадағы жағдайдан кейін, барлығы да өз әскерлерін тамақтандыру және өз көзқарасын қамтамасыз етуде жеткілікті түрде армия иелену қажеттігін түсінді. Біз қазақтар–бейбіт халықпыз. Алайда, таяу және шалғай шетелдерде орын алып отырған жағдайларға қарап, бес қарудың сай тұруы қажет екенін есте сақтауымыз қажет. Бізге мемлекеттің өмір сүруінің барлық саласына әсер ететін экономикамызға көп көңіл бөлуіміз қажет. Экономикадағы кез-келген шайқалыс–бұл ұлт қауіпсіздігіне туған қатер болып табылады. Егер біздің экономикамызда бәрі қалыпты болса–ешбір шайқалыс бізге қорғыныш тудырмайды, экономикда жағдайдың ушығуын болдырмауға тырысамыз. Егер экономикамыз даму үстінде болса, бізде бейбітшілік пен тыныштық орнайды, және де түрлі төңкерістерден қорықпайтын боламыз. Сондықтан, меніңше, елдің барлық стартегиялық ұйымдары, әсіресе, мұнай саласындағы ұйымдар мемлекетке қайтарылуы тиіс. Бұл біздің азаматтарымызды әлеуметтік қолдауды арттыруда зор мүмкіндік береді. Бүгінде үнемділік тек қана мақсатты жұмсалуға қажетті бюджет қаржысын игеруде талап етіледі. Үнемділік пен ұқыптылық әрбір қызметтегі тұлғаның бастамасы болуы қажет. Қазақстанға қаншалықты қиын болса да, менің ойымша, өз әлеуметтік міндеттерімізді орындауда бір қадамға да шегін беуіміз қажет. Сонымен бірге, ағымдағы жылы біз азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын арттыруымыз қажет. Елдің одан әрі қауіпсіздігін қорғау бойынша шаралардың заманауи жағдайларда орындалуы біз үшін ерекше маңызды. Біздің мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыруда келесідей шараларды жүзеге асыруымыз қажет: - қазақстанның қорғаныс жоспарын жасау–әскери рухты көтеру бойынша әскерде қызмет етушілер арасында тәрбие жұмыстарын жасау; - шабуылға дайындығын тексеру мақсатында армия тәжірибесіне аяқ асты тексерулер жүргізу;

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 206; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!