Сильная энергетика – сильный Казахстан. 20 страница



Оның үстіне, менің ойымша, бұрынғы ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми атақтарын қалпына келтірген жөн. Қазақстанның ҰҒА, менің ойымша, ел экономикасына ауқымды интеграцияланған және ғылыми зерттеулерден бастап өндіру және экспортқа шығаруға дейінгі жұмыстардың толық циклін орындайтын ғылыми-өндірістік корпорациясы моделі бойынша дамуы тиіс, яғни ұлттық академияға тәжірибелі және эксперименталды зауыттарда өнім өндіруге және оны елде және шетелде жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек. Қазақстан Республикасында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті қаржыландыру заңнамамен белгіленген бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс, және ең бастысы әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік бағдарламаларды (мемлекеттік ғылыми зерттеулер бағдарламалары, мемлекеттік ғылыми - техникалық және басқа да конкурстық іріктеу қорытындылары, сондай-ақ жекелеген ғалымдар зерттеулерінің қаржылық қолдау көрсетуі арқылы орындалатын бағдарламалар) қаржыландыруға бағытталуы тиіс салалық ғылыми-техникалық және бойынша зерттеулер. Сонымен қатар, ғылымды қаржыландыру үшін белсенді түрде қаржыландырудың қосымша көздерін тарту керек: инновациялық қорлардың қаражаты, ұлттық ғылым академиясының қызметінің пайдасы, кәсіпорындардың өз қаражаттары, банк кредиттері, еншілес компаниялар мен қорлардың қаражаттары. Яғни, менің ойымша, ұлттық ғылым академиясы ғылыми бағдарламалары мемлекеттік қаржыландырылуы тиіс, бұл ретте бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары жұмылдырылуы керек, ал жекелеген ғалымдар мен ғылыми институттар келісім-шартқа сәйкес ұлттық ғылым академиясынан қаржы алуы тиіс. Мемлекет ұлттық ғылым академиясы алдында ғылыми-техникалық қызметінің қандай басымдықтарын алға қою және тиісінше қаржыландыруы тиіс: 1. Энергетика және энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздері. 2. Агроөнеркәсіп технология және өндіріс: ауыл шаруашылығы техникалары, машиналар мен жабдықтар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, топырақтану және агрохимия, өсімдік өсірудегі жаңа жоғары өнімді сорттар және жануарлардың жаңа жоғары тұқымдары. 3. Мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу, геологиялық барлау, байыту және сирек кездесетін металдар өндірісі (Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты) 4. Робототехника және IT-технология (Радиоэлектроинка институты, Қазақ ұлттық техникалық университеті) 5. Медицина, фармация, медициналық техника. ("Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдинг) 5. Химиялық технология, мұнай химиясы 6. Био- және наноиндустрия: ауыл шаруашылығы өндірісіндегі және тамақ өнеркәсібіндегі нанотехнологиялар, биотехнологиялар, (Ұлттық биотехнология орталығы). Атап өткенімдей, бізге Қазақстанда әрбір облыс орталығында дарынды балаларға арналған физика-математикалық мектеп ашу керек, бұл кадрларды даярлау үшін инновациялық даму, себебі біздің стратегиялық мақсатымыз білім экономикасын, инновациялық экономиканы құру болып табылады. Мысалы, Алматыда Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернаты жұмыс істейді, міне, осындай мектептерді елдің барлық түпкірінен ашу керек. Инновациялар саласына инвестициялар тарту үшін менің ойымша венчурлық қорлар құру қажет, соның ішінде шетелдік серіктестермен. Мен инновацияларды енгізуді ынталандыру үшін елімізде тепе-тең негізде салынатын 100 млн. доллар капиталымен ресей-қазақстан венчурлік қорын құруды ұсынамын. Шетелдік әріптестермен бірлескен қорлардан бөлек, менің ойымша, мемлекеттік венчурлық қор жасауға болады, мәселен отандық бизнесмендермен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде, ол инновациялық әзірлемелерді әзірлеуге және енгізуге қаражаттарды инвестициялайтын болады. Венчурлық қорын Ғылымдар мен технологиялар жөніндегі Мемлекеттік комитет басқара алады. Сонымен қатар, біз ғылым мен білімге шығыстарды ұлғайтпай инновациялық экономика құра алмайтынымызды түсінуіміз керек. Айтып өткенімдей дағдарысқа қарсы бағдарламада отандық ғалымдар зерттеулерін қаржыландыруды есеге арттыру қажет. Бұл салымдар біздің еліміздің болашағы. Ғалымдар мен жаңашылдарды жаңа өнімдер әзірлеуге ынталандыру үшін мен жас ғалымдарға арналған 100 стипендия бекітуді ұсынамын, сондай-ақ ғалымдарға, өнертапқыштарға инновациялық әзірлемелерін енгізу үшін 100 грант бөлу қажет деп санаймын, мысалы бастапқыда жыл сайын тұрақты негізде талантты инноваторларға 100 грант бөлуге болады. Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық ғылым академиясында ғылыми-тәжірибелік орталықтар және тәжірибелі өндіріс жұмыс істеуі тиіс, олардың міндеті техника, механизмдер мен материалдар, озық технологиялар, өсімдік сорттарын, мал тұқымдарын және басқа да ғылымды көп қажет ететін өнімдердің бәсекеге қабілетті үлгілерін құру болып табылуы керек. Республиканың ғылыми және инновациялық әлеуетін күшейту үшін ғылым саласында ынтымақтастықты тереңдету орынды болып табылады, мысалы, Еуразэқ-қа мүше мемлекеттермен ғылыми тұрғыдан өзара іс-қимылды күшейтуге болады, ынтымақтастықты қай тұрғыда күшейту керек? ал, мысалы, серіктес – елдерде ғылыми жабдықтар пайдалана отырып бірлескен зерттеулер жүргізу, кей елдерде протондарды жылдамдатқыш бар, оны Еуразэқ және т. б. елдерінің барлық ғалымдарына бірлескен зерттеулерде қолдануға болар еді. Менің ойымша инновациялық зерттеулер мен әзірлемелер саласында да халықаралық ынтымақтастыққа орын бар. Бірлескен зерттеулер және әзірленген инновацияларды бірлесіп енгізу әкеледі барлық тараптарға, қатысушыларға екі жақты пайдасын тигізеді. Мысалы үнділік ғалымдар мен инноваторлармен ынтымақтастыққа бастамашылық етуге, инновациялық әзірлемелерге өзара инвестициялар тартуға болады. Айтып өткенімдей, біздің ғалымдарымыздың көптеген ашулары өндіріске енгізілмей қалады, менің ойымша, оның себебі инновацияларды енгізу- бұл өзі үлкен жұмыс және ғалымнан бір мезгілде кәсіпкер де болуды талап ету менің ойымша, мүлдем дұрыс емес, сондықтан мемлекет ғалымдар құрған инновацияларды ендіруге көмектесуі керек, және бұл жүйелі негізде жасалуы тиіс, осыған байланысты мен Қазақстан Республикасының ғылым мен технологиялары жөніндегі арнайы орталық мемлекеттік орган-Мемлекеттік комитет құруды ұсынамын. Осындай мемлекеттік орган мысалы Беларусьте бар. Аталған мемлекеттік орган ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғауы тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялар жөніндегі Мемлекеттік комитеті басқа мемлекеттік органдардың инновацияларды енгізу мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіруі тиіс, сондай-ақ жаңадан құрылатын комитет міндеттері тізбесіне ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытудың ұйымдастырушылық-экономикалық мәселелерін реттеу кіруге тиіс. Қарапайым тілмен айтқанда Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялар жөніндегі Мемлекеттік комитеті мемлекеттік бағдарламалар арқылы ел экономикасына инновацияларды енгізу жөніндегі өзіндік министрлік болуы тиіс (тек ғана өндірісте емес, жалпы алғанда, экономикаға). Сонымен қатар, инновациялық дамуға өз кезегінде жаратылыстану және техникалық бағыттағы жоғары оқу орындары өз үлесін қоса алады. Менің ойымша жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін ғалымдардың инновациялық еңбектерін енгізу үшін мемлекет оларға университеттерінде енгізу және старт-ап компаниялар ашуға көмектесуі керек. IT-индустрияны ынталандыру үшін біз Қазақстанда отандық бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды пысықтап құруымыз керек. Яғни отандық IT-өнімдерді әзірлеу үшін басқа да салаларында қолданылатын субсидиялау шараларды ұсынуымыз қажет. IT-сала-бұл жақсы экспорттық мүмкіндіктерге жеткілікті перспективалық сала және біз оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейі қамтамасыз етуіміз керек, сондықтан, отандық математикалық мектепті дамыту керек. Мәселен, сол Беларусь білім беру жүйесінің арқасында бағдарламалық қамтамасыз ету экспорттаушысы болып табылады. елде ғылымның дамуын және тиісінше инновацияларды әзірлеу саласын ынталандыратын тағы бір шара, шетелде жұмыс істейтін отандық ғалымдарды қайтару болып табылады. Білікті ғалымдар мен инноваторларға өзіміздің елімізде жағдай жасау керек. Меніңше тиісті мемлекеттік бағдарламаны қабылдап, жұмыспен қамту орталықтары арқылы қайтып келуге келісетін отандық ғалымдарға тиісті құрылымдарда жұмыс табу орынды болады, бұл кезекте осы санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік қаржыландыру көмегімен тұрғын үй мәселесін шешу керек, сондай-ақ, қайтып оралған ғалымдардың тұрғын үй мәселелерін оларды жұмысқа алғысы келетін бизнес-құрылымдармен және ұйымдармен бірлесіп шешуге де болады. Өкінішке орай, біздің елімізде инновациялық менеджмент оқытылмайды, бұл үлен бір ғылым. Осыған байланысты, экономикалық және техникалық бағыттағы жоғары оқу орындарында инновациялық менеджмент жаңа мамандығын енгізуді ұсынамын. Сондай-ақ инновациялық менеджмент арнайы курсын әзірлеу және оны техникалық жоғары оқу орындарында оқыту керек. Білім экономикасына көшуге мүмкіндік беретін тағы бір шара - ол технопарктер құру болып табылады. Технопарктер инновациялық компанияларға өз қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесуі тиіс. Технопарктердің міндеті инновациялық жобаларды, стартаптар, отандық және шетелдік инвестицияларды тартушы компаниялар-қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау болуы тиіс. Технопарктерді еркін экономикалық аймақтар түрінде құрған орынды. Менің ойымша, бізге елде балалар шығармашылық үйлерін жаңғырту керек, бұрын мұндай үйлер пионерлер үйі деп аталатын. Бұл үйлерде және пионерлер сарайларында жас техниктер үйірмелері, жас модельдеуші-конструкторлар үйірмелері, жас химиктер мен биологтар үйірмелері, информатика және математика үйірмелері жұмыс істейтін. Болашақта осы балалардан ірі ғалымдар мен инноваторлар шығатын. Барлық жоғарыда көрсетілген шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру керек, әрине, бұл шаралар болашақта толықтырылады және нақтыланады және әлі де өз мақалаларымда осы тақырыпта жазатын боламын. Ал қазір осыған орай Қазақстан Республикасының Үкіметінен менің атаған шараларымды пысықтауын сұраймын. Менің ұсыныған барлық шараларымды жүзеге асыруға болады, тек Қазақстанда ғана емес Ресейде де. Менің ойымша мақалам Ресей оқырманына да қызықты болады. Назарларыңызға рахмет!   *** Құрметті отандастар! Менің ойымша бақытты әрбір адам өзінше түсінеді, бірақ осыған қарамастан біз бәріміз бірігіп Отан үшін аянбай еңбек етуіміз керек, адал өмір сүріп ғажайып елімізді қорғап аялауымыз керек. Ештеңке қарамастан, қалайда қиын болмаса да біз Отанға қызмет етуіміз керек деп білемін. Біз болашаққа оптимизммен қарауымыз керек. Әрбір азамат түсінеді, молшылық пен береке өзінен өзі пайда болмайды. Оған жету үшін ерең еңбек етіп ойлағандарыңды жүзеге асырып жеке жетістіктерге қол жеткізу керек. Осы жеке жетістіктерден біздің Отанымызды тағдыры қалыптасады, ал бала шағаны асырау, ата анаға қамқор ету Қазақстан үшін жауапкершілігімен тығыз байланыста, өйткені Қазақстан біздің туған еліміз, біз оны сүйеміз, ол үшін еңбек етеміз және әрқашанда оны гүлденген, дамыған ел ретінде көргіміз келеді. Сосын біз менің ойымша, біздің мүгедектерге көңіл бөлуіміз керек, оларды жұмыс орындармен қамтамасыз етіп субсидиялар арқылы. Оларға арнайы жағдай жасау керек, мысалы пандустар, мүгедектердің жұмыс орнын оларға ыңғайлы қылдырып жарақтандыру керек деп білемін. Ол үшін мемлекет ақша бөлу керек деп есептеймін. Құрметті отандастар! Әрбір халық үшін тәуелсіздік бұл бір жағынан табиғи әрі заңды талпыныс, екінші жағынан өзінің тағдырын өзің шешуге құқық, өзінің болашағын құрауға құқық. Тәуелсіздік алып еңселі ел болып Қазақстанымызды әлемдік отбасының мәртебелі мүшесі қылдыра алатынымызды, ол халықаралық процесстердің теңқұқылы қатысушы болатынына біз бүкіл әлемге білдірдік. 25 жыл бұрын бүкіл халықтың қалауымен біз тәуелсіздікке жеттік. Тәуелсіздік әрбір азаматтан туған мемлекетімізді аялауды және қорғауды талап етеді. Тәуелсіздік біздің халқымыздан мызғымас бірлікті, шабытты еңбекті және болашаққа сенімді талап етеді. Біздің болашаққа сеніміміз біздің дамуымызды қамтамасыз етеді. Біз өзіміз еліміздің тағдырын шешеміз. Қазақстанды дамыған, инновациялы, берекелі ел қылдыру бұл жалпыхалықтық мақсат мұраты, осы мақсат мұратқа жетуге бізге ештеңке кедергі бола алмайтынына мен нық сенемін. 25 жыл бұрын біз егемендік алып тәуелсіз даму жолына түстік. Егемендік ол тек ту, елтаңба, әнұран емес, бұл ең біріншіден халықаралық аренада бәсекеге қабілеттік. Ал бәсекеге қабілетті болу үшін біз әлі көп нәрсе істеуміз керек. Заманауи белсене дамып келе жатқан, жаһанданған әлемде экономиканың белсенділігін қамтамасыз ету, экономикалық жетістіктерді сақтап оны нығайту күн сайын қиындап бара жатар. Бұл мақсатқа қол жеткізу екі есеге қиындайды егер де мемлекет әлеуметтік саясатты жүзеге асырып жатса. Біздің еліміз заң бойынша әлеуметтік мемлекет, яғни білім беру біздің елімізде тегін, медициналық көмек тегін, енді жұмыссыздықтың деңгейін төмендетіп халықтың ауқатсыз жіктерге әлеуметтік қөмек көрсету керек. Біздің жолымыз осы, бір жағынан әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті болу, ал екінші жағынан халыққа әлеуметтік көмекті көбейту. Бұл қиын жол бірақ ең дұрыс жол осы. Өндірістің пайдалылығын және біздің тауарларымыздың бәсекеге қабілеттілігін сақтау қаншама қиын болса да, біз ешқашанда әлеуметтік әділеттік ұстанымынан бас тартпауымыз керек. Біздің азаматтарымыздың мүдделеріне нұқсан келтіріп, олардың әл ауқат деңгейін төмендетіп, әлеуметтік кепілдіктердің деңгейін түсіріп сол арқылы экономиканың тиімділігін арттыру бұл қате жол. Сондықтан мен әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеруді қолдамадым. Қайталап айтайын әрине бұл қиын әсіресе жаһандану кезде, бірақ бізде басқа жол жоқ, халықтың мүдделеріне нұқсан келтіруге болмайды. Заманауи әлемде өзінің экономикалық мүдделерін қорғау оңай емес, бірақ бізде қорғаудан басқа жол жоқ. Осындай жағдайда біздің халқымыздың бірігіп нығаюы аса қажет. Біз түсінуіміз керек бізге керегі біркүндік жеке материалдық мүдде емес, бізге керек бүкіл еліміздің тұрақты экономикалық жағдайы бұл қоғамның қарқынды дамуының негізі әрі кепілі, яғни түбінде әрбір қоғам мүшесінің әл ауқат деңгейінің өсуінің себебі. Қиыншылдықтардың бәрі біздің басымызда демек біріншіден сол жақта біз оларды жеңіп шығуымыз керек.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 233; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!