Сильная энергетика – сильный Казахстан. 22 страница



  Құрметті отандастар! Мен Сіздердің назарларыңызға дағдарыстан шығу бағдарламаны ұсынамын. Менің ойымша, бұл бағдарлама біздің елімізді үлкен жетістіктерге жеткізетін болады.   1. Халық – ​ елдің қадірлі иесі. Қазақстанның байлығы халыққа қызмет етуі керек. Мен – мұнай мен газ өндіретін өнеркәсібін, алюминий өнеркәсібін және түсті металлургияны ұлттандыруды ұсынамын. Бір осы ғана шара бірнеше есеге бюджеттің кірісн ұлғайтады. Негізгі банктерді, электр энергияны өндіретін саланы, темір жол саланы, байланыс саланы, қорғаныс өнеркәсібінің компанияларды ұлттандыруы қуатты мемлекеттік секторын құруға мүмкіндік береді. Бұл шара шетелдік капиталға Қазақстанның тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді. Ұлттандыру, елдің дамуына жоспарлы сипат береді, әлемде біздің еліміздің бәсекелестік мүмкіндіктерін кеңейтеді. «Стратегиялық жоспарлау туралы» заң қабылдау қажет деп ойлаймын. Бірақ бұл тек бірінші қадамдар болып табылады.Экономика тұрақты және тиімді жұмыс істеу үшін, экономикада тактикалық және стратегиялық жоспарлау болуы тиіс. Бұл әшараны орындау үшін, тиісті мемлекеттік орган құрылуы керек.   2. Экономика жағынан егеменді Қазақстан. Біздің экономикалық егемендігімізді қалпына келтіруге уақыт келді, Қазақстан Республикасының ұлттық банкі еліміздің экономикасын және әлеуметтік саласын дамыту ісіне адал қызмет етуі тиіс, яғни ойландырылған эмиссияны пайдаланып арзан және ұзақ мерзімді несиелер арқылы отандық экономиканың дамуын ынталандыру керек деп білемін. Банк жүйесін бақылауға алу және шетел валютасымен операциялар жасауды мемлекеттік бақылауға алу шетелге тоқтаусыз капиталды әкетілуін тоқтатады. Соңғы жылдарда олҚазақстан экономикасына теріс әсер етеді. Мен Дүниежүзілік Сауда Ұйымынан Қазақстанның шығу мәселесін шешуге дайынмын. Жаңа билік басқарудың озықтүрлерін пайдаланып, шағын және орта бизнесті дамытып еліміздің экономикалық егемендігін нығайтады. Менің дағдарысқа қарсы жоспарым халықтық және ұжымдық кәсіпорындарды барынша қолдауды қамтамасыз етеді. Ол отандық тауар өндірушілердіжүйелі протекционистік шаралар арқылы қорғауға бағытталған. Отандық тауар өндірушілерді қорғау керек және олар протекционистік шаралар арқылы қорғаланатын болады. Сонымен қатар, дағдарысқа қарсы тағы бір шараны қолдауға болады ол деофшоризация.   3. Индустрия. Ғылым. Технологиялар. Өңдеу өнеркәсібінің үлесіішкі жалпы өнімде 70-80 пайызға дейін артады. Германияда, мысалы, бұл үлес - 83 пайыз. Қазақстанғаең соңғығылыми жаңалықтар мен жоғары технологияларда негізіделген қуатты және заманауи индустрия қажет. Оның ең негізгі салалар осы салалар болуы тиіс: микроэлектроника, робототехника, станок құру саласы, ауыл шаруашылық техниканы жасау саласы, автомобиль жасау саласы. Тек сонда ғана біз бұл дүниеде үлкен жетістіктерге жететін боламыз. Біз «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңды қабылдауымыз керек, бұл заманның талабы. Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіпке қолдау қажет, біз оны қолдайтын боламыз. ХХІ ғасырдағылымды жаңғыртпайиндустрияландыруды жүзеге асыру мүмкін емес. Отандық ғалымдардыңғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруын бірнеше есеге көбейту керек. Ғылыми зерттемелерді жүзеге асырып жатқан ұйымдардың ішкі жалпы өнімде үлес салмағын 30 пайызға дейін көтеру керек. Бұл болашаққа жасалған инвестициялар болады деп білемін.   3. Дамыған ауыл – берекелі әрі ауқатты Қазақстан. Қазақстанның жері өз халқын асырай алады және бұған қоса тағы 50 миллион адамды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ете алады. Қазақстанда көп жер пайдаланбайды. Мемлекет ауылға көңіл бөлетін уақыт келді. Қазақстан сонда ғана берекелі болады қашан ауылда ірі ауыл-шаруашылық өндірістер, әлеуметтік инфрақұрылым, тұқым өсіру шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация жүйесі қайта дамытылады. Ауылдың энергоқаруландыруын бірнеше есеге көтеру керек, яғни ауылды жаңа тракторлармен, комбайындармен және автокөліктермен қамтамасыз ету керек.Әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру дегеніміз бұл ауылдарда мектеп, балабақша, фельдшерлік – акушерлік пункт, мәдениет үйі мен стадион болу керек деген сөз. Сонымен қатар, ауылдық округтардың газдандыру деңгейін ары ғарай көтере беру керек, ауылда жарық, интернет, электрқуат пен тас жолдар болу керек.Менің ойымша, агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту бағдарламада жеміс жидектер мен көкөністерді консервіге өндіру шараларды ерекше бөліп жазу керек, негізінде біз ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге көбірек көңіл бөлуіміз керек. Мал шаруашылықты, қой өсірушілікті, ірі қара мал шаруашылықты, түйе шаруашылықты, жылқы шаруашылықты, құс шаруашылықты және тағы басқаларды ерекше тамақпен белгілеп мемлекет арқылы көмек көрсетілу керек, сонымен қатар ветеринария саласын қалпына келтіру керек. Балық өнеркәсібі мен ара шаруашылығына да мемлекет көңіл бөлу керек деп білемін. Техникалық пен майлы дақылдарды өсіру керек, бұны да мемлекет қолға алу керек. Бұның бәрін жүзеге асыруға болады егерде біз екі шартты орындайтын болсақ. Біріншіден егерде агроонеркәсіптік кешенді қолдау үшін біз бюджеттік шығындардың кем дегенде 10 пайызын жұмсайтын болсақ. Екіншіден егерде біз диқандар мен фермерлік шаруашылықтарды қолдап, ірі ұжымдық шаруашылықтар мен кооперацияны қайта дамытатын болсақ. Ірі шаруашылықтар бұл орнықты шаруашылықтар, олар тез азыө- түлік нарықтың өзгерістеріне бейімделеді.   5. Кредиттік ресурстардыеліміздің дамуына пайдалану. Біз Ұлттық қордың қаражатын және Зейнетақы қордың қаражатын еліміздің экономикасын жандандыруға пайдалануымыз керек деп ойлаймын. Бүгін Қазақстанда көлік инфрақұрылымды дамыту керек, яғни біз жаңа теміржолдар мен кәсіпорындарды салуға көбірек қаржы бөлуіміз керек, осыған Ұлттық қордың қаражатын және зейнетақы қордың қаражатын пайдалануға болады. Міні осыған кәзір инвестициялар керек!.   6. Бағалар мен тарифтерді бақылауға алу бұл қарқынды даму. Мемлекет отынға, дәріге және алдымен қажетті тауарларды бағаларын бақылауға алуға тиіс. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қызметтеріне төленетін шығындар отбасының табысынң он пайызынан пспау керек. Үкімет электрқуаттың, отынның, көлік тасудың тарифтерін реттеуге міндетті. Экономикалық дамудың және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаттарының ең маңызды факторлары осы. 7. Салықтар: әділеттікпен тиімділік. Мен қосылған құн салығынбіртіндеп алып тастауға ұсынамын, өйткені ол отандық өнімдерді қымбаттатады, олардың бәсекелестікке қабілеттілігін айырады және инфляцияны қоздырады. Елімізге жеке тұлғалардың кірістеріне прогрессивті салық керек, бұл салық Қытайда, АҚШ-та, Германияда, Францияда бар және басқа елдерде де тиіміді жұмыс істеп жатыр. Жеке тұлғалардың кірістеріне салықты азайту керек, ал ең нашар тұратындар бұл салықты мүлдем толемеуге тиіс. Бұл шешімдер бір жақтан әділетті, екінші жағынан бюджеттке қосымша кірістер қамтамасыз етеді. Спирт ішімдіктерді өндіретін өндіріс ерекше сала. Бұл салада мемлекеттік монополия керек. Бұл шара мемлекеттік бюджетке қосымша табыс әкеледі, ал азаматтарымызды ұланудан қорғайды. Негізінде, мемлекетімізде күн көріс бюждеттің орнына, даму бюджеті пайда болады.   8. Адамдар мемлекеттің ең басты құндылығы. Мектепке дейін білім беру жүйесі қайтадан жұмыс істеуге тиіс. Жоғары және орта білім берудің сапасын және қолжетімділігін кепілдендіру керек. Біз кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін қалпына келтіріп, техникалық пен педагогикалық жоғары оқу орындарының беделін жаңғыртуымыз керек деп білемін.   Билік халықтың әл-ауқат деңгейін көтеруге тиіс. Мен әлеуметтік теңсіздікті нығайтатын шешімдерге заң жүзінде тыйым салуды ұсынамын. Ішкі жалпы өнімнің 7 пайызын ғылымға жұмсалады, тағы 7 пайызы білім саласын дамытуға, ал денсаулық сақтау саласын дамытуға тағы 7 пайыз бөлінетін болады. Біз жастарға алғашқы жұмыс орынды және басқа қолдау түрлерін кепілдендіретін боламыз.Балалар мен аналарға, мүгедектер мен қарияларға ерекше көңіл бөлінеді. Керекті заңдар пакетін тез қабылдау керек.   9. Мықты ел — қауіпсіз өмір. Мемлекет адамдарға қызмет етуге тиіс. Басқарудың тиімділігін арттыру өте маңызды болып тұр ол үшін халықтың өз-өзін ұйымдарстыруын қолдау керек, шенеуніктердің іс-әрекеттерінің бақылауын күшейту керек деп білемін, сайлауда берілген өз уәделерін бұзатын депутаттарды қайтару механизмді іске қосу керек деп ойлаймын. Судьяларды, Сенат депутаттарын, жергілікті билік органдарының басшыларын халық сайлауға тиіс. Жемқорлық пен қылмыскерлік мемлекеттің және азаматтардың қауіпсіздігіне төнген қатер. Біз оларды жоюға арналған нақты шараларды қолдаймыз. Ірі экономикалық қылмыстарға кінәлі қылмыскерлерді абақтыға қамап дүние-мүлкін тәркілеу керек деп білемін.   10. Жоғары мәдениет елі. Қазақстанның мәдениеті оның рухани жаңғыруының негізі, оның мақтанышы мен тарихи мұрасы.Кез келген азамат мәдени жетістіктерді көбейте алатынынажағдай жасалу тиіс, ол жазушылар мен композиторлар, режиссерлар мен кинематограф, жоғары оқу орындар мен мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары. Билік мұражайлардың, театрлардың, көркем галереялардың, филармониялардың, мәдениет үйлердің, кітәпханалар мен мұрағаттардың қамын ойлау керек.Ұлттың рухани-адамгершілік денсаулығы оның физикалық дамуымен біріктірілген болуы тиіс, яғни баларадың және жасөспірімдердің спорт мектептеріне және шығармашылығына мемлекет ерекше көңіл бөлу керек деп білемін. Қазақстанның дарынды азаматтарға жан – жақты қолдау көрсетілу керек деп ойлаймын. Мен біздің сүйікті Отанымыздың өркендеуі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайынмын. Мен білемін, мен істеймін, менің қолымнан келеді!.   Досымқұлов Рүстем Мүсілімәліұлы бараева 16 блок б 33 офис Астана, 2016-09-12 ***   Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай құттықтау Қымбатты отандастар! Тәуелсіздігіміздің бірден-бір тарихи кезеңінің құбылысы болып табылған қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай барша Қазақстан халқын шын жүректен құттықтаймын. Қазақ тілі, мемлекеттік тіл мәртебесіндегі оның қалыптасуы мен тұрақты дамуы біздің мемлекеттік және саяси тәуелсіздігіміздің маңызды символы болып есептеледі. Әдетте, дәл осы тілдік тәуелсіздік еліміздің тәуелсіздікке ұмтылуының іргетасын құрайды. Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі кезеңдерінде қазақ әдебиетінің негізін құраушы Абай Құнанбайұлынан бастап, жаңа қазақ әдебиетінің атасы Мұхтар Әуезовке дейінгі шұрайлы тілімізде, заманның әдебиетшілері мен ғалымдары құнды ғылыми және әдеби туындыларды жасады, ал қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесінде ойып тұрып орын алып, қазіргі әлемдегі қазақ ұлтының тілдік төл құралы болып танылды. Қазақ тілі – ол біздің халқымыздың ежелгі тарихының айнасы ретінде ұлттық дәстүрлеріміздің, әдет-ғұрыптарымыздың, мемлекеттігіміздің айқын көрінісі болған ұлттық рухани мұрамыз. Бабаларымыз үшін отанға деген мақтаныш сезіміміз кернеп, тіліміз әруақытта да өз бағасы мен мазмұнын жоғалтпаған. Бұл ретте мемлекеттік тіл, ежелгі, әрі біркезекте жас қазақ халқының бұралаң тарихының әділетті құралы болып табылады. Әлбетте әлемнің әрбір ұлттары мен халықтарының тілі көптеген қиындықтар мен тосқауылдардан ұрпақтар жалғасымен сабақтасқан рухани мұра болып келді. Бағымызға орай, біздің ұлтымыз да, өзге де мұраларымызбен бірге теңдессіз тіл мұрамызды сақтай алды және бүгінгі күнге дейін жеткізе білді. Бүгінде қазақ тілі ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде тіл саясаты дәрежесіне, ғылыми, мәдени, заңнамалық, дипломатиялық қатынастар, коммерциялық және өзге де байланыс құралдары мәртебесіне ие. Ең маңыздысы, бүгінгі мемлекеттік тіліміз өзіміздің қымбатты отанымызда Қазақстан тұрғындарының баршасына ортақ, нақты ұйытқымыздың, бірлігіміздің символына айналды. Тілдің эволюциясы мен дамуы мемлекет пен ұлттың прогресстік көрсеткіші болып табылады. Бұл ретте еліміздің тәуелсіздігінің қалыптасуы кезеңдерінде мемлекетті басқару істерінде болсын, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ареналарда болсын, мемлекеттік тілдің қолданыс аясы айтарлықтай өзгерді. Алайда, сонымен бірге, алғашқы жылдардағы шешілген күрделі тіл мәселесі - орыс тілін қатар қолдану, уақыттың еншісіндегі сабырлы саясаттың арқасында ешкімге қысымшылық жасамай қабылданған оң шешім болып есептеліп, алға дамуымыздың маңызды жолы болып саналды. Қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуге жасалған тәуелсіздік кезеңдеріндегі қолайлы мүмкіндіктерді құру, баршамыздан өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданысын барынша кеңейтуге, сөздік қорды жүйелі байытуға, сондай-ақ, мемлекеттік тілдің тазалығы мен бірізділігінің сақталуын әрі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеді. Бұл істе бұқаралық ақпараттық құралдарының еңбегі еленуі тиіс, олардың жауапты тұлғалары тіл тазалығы тұрғысындағы үлкен қамқорлықтарды танытулары лазым, БАҚ ұлттық тілдің айшықсыз айнасы болып саналады. Бұл процессте біз жаһандану процессінде өмір сүріп жатқанымызды, яғни жаһандану процессі халықтар мен ұлттардың рухани мұрасына зардабын тигізерін естен шығармағанымыз абзал. Бай мұраның қорғанысының дара жолы - ұлттық құндылықтарымыздың негіздерін нығайтуға барынша ұмтылуымыз болып табылады, ал мемлекеттік тіл - ұлттық құндылықтардың бірден-бір тірегі саналады. Тіл әрбір ұлттың тұрмысын анықтаушы маңызды элемент.  Сондықтан қазақ тілін жандандыруға, дамытуға және оның нормаларын барлық ұйымдар мен мекемелерде сақтай білуге ұмтылу, өте заңды әрі қажетті іс болып табылады. Әлбетте, тіл ұлт кесенесінің қаланған іргелі қышы, іргетасы. Ұлттық тіл жойылса, көп ұзамай ұлт та өзінің ұлттық санасынан арылып, жоғалатынына тарих куә.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 245; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!