Сильная энергетика – сильный Казахстан. 21 страница



Бүгінгі таңда біздің еліміздің тағдыры біздің ұлттық сана сезімімізге, отаншылдығымызға, болашаққа сенімге байланысты. Біз Отан үшін аянбай еңбек етуіміз керек деп білемін. Сенбеушілікке берінбей, керісінше жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, мүмкіндіктерімізді біріктіріп батыл алдыға жылжуымыз керек. Сонда жеңіске жетеміз!   ***   Мәдениетке байланысты туындаған сұрақтар Бүгін біз Сізбен еліміздегі мәдениет саласының алдында тұрған міндеттер туралы сөйлесеміз. Менiңше, мәдениет саласының басты мiндетi қоғамның жан-жақты және гармониялық дамуы үшін, оған тиісті жағдай жасау. Бұл ретте, менiңше, ерекше париоттық бағытқа көңіл бөліп, қазақ халқының мәдени мұрасын кеңінен пайдаланған жөн. Мысалы, Биыл біз қазақ хандығының 550 - жылдығын атап өтудеміз, осы атаулы күнге байланысты опера қойылымын ұсынуға болар еді. Театр қойылымын құруға болар едi. Ақындар және әдебиетшiлер арасында қазақ хандығына 550-жыл тақырыбына арналған конкурс жариялауға болар едi. Қазақ хандығына 550-жыл тойына арналған жазғы бірінші қазақ спорттық сайысын ұйымдастыруға болар еді. Шетелдегі біздің отандастарымыз жазғы бірінші қазақ спорттық сайысына сүйсіне келер еді. Шетелдiк отандастарымызды қазақ классиктерiнің шығармашылықтарымен таныстыру қажет деп есептеймін. Ильяс Есенберлин, Мағжан Жұмабаев, Ғабиден Мустафин, Абай Құнанбаев және т.б. авторлардың шығармаларын негiзгi әлемдiк тiлдерге аударма жасау қажеттiлiгі туындап тұр деп ойлаймын. Мысалға, Ильяс Есенберлиннің "Көшпенділер" атты кітабын немiс, ағылшын, қытай, үндi, испан, француз тілдеріне аудару біздің міндетіміз. Бұл сұрақтың да шешімін Мәдениет және спорт министрлігі өз құзырына алу керек. Сонымен бiрге, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгі қазақ әдебиетiнiң алуантүрлiгiн және бар байлығын көрсететін антологиясын шығару бойынша жұмыс iстеуге керек. Қазақ әдебиетi өз алуантүрлiлігімен және қайталанбастығымен ерекшеленедi және еліміздің тарихының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Сөз жоқ бұл – елдің болмысымен рухани өмiрінде үлкен мән алатын ұлт байлығы. Сондықтан біздің алдымызда маңызды міндет тұр, ол – қазақ халқының рухани мұрасын қайта өркендетіп, көбейтіп, оны дүниежүзiлiк қоғамдастықтың адында жария ету. Сондықтан мен бiздiң жазушыларымыз бен ақындарымыздың шығармаларын әлемдiк тiлдерге аудару керек деп ойлаймын. Қазақ хандығының 550 - жйлдығына орай мәдениет және спорт министрлiгінен ғылыми мәслихаттар, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыруын өтінер едім. Бұл шаралар, осы тарихи күн елге танымды болу үшiн және осы оқиғаның тарихи мәндiлiгiмен бар қоғамды таныстыру үшiн керек. Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына орай Мәдениет және спорт министрлігінен қазақша күрес, көкпар, тоғыз құмалақ сияқты спорттың ұлттық түрлерінен республикалақ жарыстар өткізулерін сұрар едім. Менің көзқарасым бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі материалдық емес мәдени мұра және оны қорғау тұжырымдамасын өңдеп, театр шаруашылығының дамуын қолға алу керек. Сондықтан бір айлық мерзім ішінде тиісті құжаттарды дайындап, маған танысуға берулеріңізді өтінемін. Сонымен бiрге, қазақ хандығының 550-жылдығына орай қазақ халық музыкасының барлық жанрлары болатын, қазақ халық музыкасының, музыкалық фестивалін өткiзу орынды деп ойлаймын. Олар күй, айтыс, жыр, терме және т.б. Мәдениет саласындағы бiздің басты мiндетiміз халықаралық ынтымақтастық және әлемдiк мәдени үрдіске одан әрi кiрiгу жолында Қазақстанның келбетін айқын көрсету болып табылады. Осы бағыт негiзінде қазақтың ұлттық мәдениетінің деңгейінің дамуына мүмкіндік беретін, шетелдерде Қазақстан келбетін ашық, айқын қылып қалыптастыруға жағдай туғызатын мәдениет саласында халықаралық жобаларды дайындап және іске асыру керек. Ол үшін гастрольдар, конкурстер, көрмелер, фестивальдар, қазақ халқының ұлттық өнерін, музыкаттарымыздың классикалық өнерлерін шетелдерге шығарып, Қазақстан мәдениеті күндерін өткізу белсенді түрде іске асырылуы керек. Мәдениет және спорт министрлігінің қызметтерінің маңызды бағыттарының бірі шетелдерде тұратын отандастарымыздың шығармашылық ұжымдарының гастрольдерін ұйымдастыру. Сонымен бiрге, шетелдерде біздiң ақын-жазушыларымыздың шығармашылық кештерiн өткiзу орынды болар еді. Мысалы, қазақ академиялық драма театрын гастрольдарын немесе Мұхтар Шаханов ағамыздың шығармашылық кештерін ҚХР, СУАР-да өткiзуге болады. Халықаралық аренада жанашыр және сенiмдi досымыз Ресей федерациясы болып табылады, осыған байланысты ҚР мәдениет және спорт министрлігі елдерiмiздiң арасындағы гуманитарлық байланыстарды күшейту үшiн, шығармашыл интеллигенциялар арасында бірлескен форумдар ұйымдастыруымыз керек. Менің ойымша, ҚР мәдениет және спорт министрлiгi ШОС, ТМД, ЮНЕСКО, ТҮРІК сияқты ұйымдармен мәдени ынтымақтастық саласын тереңдетуi керек. Менің көзқарасым бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiне қазақ халық көркем кәсiптерiн дамыт, қайта өркендету және сақтау бойынша мемлекеттiк бағдарлама қабылдау керек. Бұл бағдарламада қолөнершiлерге мемлекеттiк қолдау көрету мәселесін ескеру керек. Бұл көмектер гранттар, сыйлықтар, салық талабын төмендету, отандық қолөнершілер жасаған бұйымдарды өткізуге көмек көрсету болып табылады. Бұл жерде де қазақ хандығының 550-жылдығына арнайы қолөнер бұйымдар жәрмеңкесін мерейтой шаралары өтетін жерлерде ұйымдастырыуға болады. Мәдениет және спорт министрлiгiн осы шараларды ұйымдастыру барысын өз жауапкершiлiгiне алуды өтінемін. Кiтапханалық қорлардың қол жетiмдiлiгін жоғарлату үшiн ғаламтор желісінің мүмкiндiгін кеңінен пайдалану керек. Осыған байланысты барлық iрi отандық кiтапханалардың интернет-порталы болуы керек, онда кiтапханаларда сақталатын барлық кiтаптардың электронды нұсқасы болуы керек. Мәдениет және спорт министрлiгiн осы мәселені бақылауға алуын өтінемін. Өкiнiшке орай, еліміздің алыстағы аймақтар тұрғындары бiздiң елдің басты мұражайларын тамашалауға мүмкiндiк таба алмайды, осыған байланысты Мәдениет және спорт министрлігі, отандық мұражайлардың жетекшiлерiмен бiрлесіп, мұражай қорларының жылжымалы экспозициясын дайындауды өтінемін. Содан соң осы экспозициялармен аймақтық мұражайларда көрме ұйымдастыру керек болады. Мәдениет және спорт министрлiгiн кiтап баспахананың саласында белсендi жұмыс жүргізуі керек деп ойлаймын. Бұл салада Мәдениет және спорт министрлiгiнiң басты мiндетi қазақша кiтаптарды көп насхаттау керек. Кiтап баспахана саласында негізгі күш мемлекеттiк тапсырыс болуы керек. Мемлекеттiк тапсырысты мемлекеттiк саясат тың аспабы ретінде қолданып Мәдениет және спорт министрлiгі балалар, ғылыми - әйгiлi, көркем әдебиетжәне энциклопедияларды мемлекеттiк тілде шығарылымын қамтамасыз ету керек. Сонымен бiрге, мемлекеттiк тапсырысты пайдаланып қазақ диаспорысының әдебиеттiн шығару керек. Шетелдерде қазақ тілінде жазатын ақындар мен жазушылар тұрады, солардың шығармашылықтарымен еліміздің оқырмандарын таныстыру жөн болар еді, осыған байланысты Мәдениет және спорт министрлігін осы мәселені қарастыруын сұрар едім. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қазақ тілінде шығатын әдебиеттермен барлық отандық кітапханаларды, оқу орындарын және шетелдердегі қазақ мәдени орталықтарын қамтамасыз ету керек. Мәдениет және спорт министрлiгінің тағы бір көңіл бөлетін саласы аударма ісін дамыту болып табылады. Аударма әдебиетiмен біздің кiтапханалар мен оқу орындарымызды қамтамасыз ету керек. Осы айтылғандарға байланысты Мәдениет және спорт министрлігін мемлекеттік тапсырыс есебінен шетел авторларының шығармаларына аударма жасап, аударма әдебиетпен барлық оқу орындары мен кітапханаларды қамтамасыз етуін өтінемін. Би өнерінің саласында қоян би, ормек би, қара жорға, құсбегі, насыбайшы, ұтыс би тағы басқа қазақтың дәстүрлі қазақ билерін сақтап және қайта өркендету болып табылады. Осыған байланыста Мәдениет және спорт министрлігін қазақ хандығының 550-жылдығына орай мерейтойларға шаралар өткізілетін орындарда мемлекеттік би ұжымдарын, жоғарыда айтылған қазақ халық би репертуарларымен шығару керек.  Бейнелеу өнерiнiң саласында ҚР Мәдениет және спорт министрлiгінің алдында тұрған басты мақсат суреттiк галереялар мен мемлекеттiк мұражайлардың қорларын толықтыру болып табылады. Дарынды отандық суретшiлер мен мүсіншілерден мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде мүсiндер мен суреттер сатып алуды ұйымдастыру керек. Мәдениет және спорт министрлiгiнiң бюджетi шеңберiнде шетелдерде қазақ суретшiлерiнiң жұмыстарынан көрме ұйымдастырылсын, бұл еліміздің беделін жақсаруға мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберінде отандық суретшiлердiң жұмыстарымен танысуы үшiн, Қазақстанның қазiргi бейнелеу өнерiнiң альбомын жасау керек, Мәдениет және спорт министрлiгiн осы мәселені бақылауға алуын өтінемін. Мәдениет және спорт министрлiгi қазақ хандығының 550-жылдығына орай отандық суретшiлер мен мүсіншілердің жұмыстарының көрмесiн ұйымдастыруды сұраймын. Театр өнерінің саласында бiздiкiнiң басты мiндеттерiмiз отандық театрлардың материалдық - техникалық базасын күшейту, мемлекеттік қор есебінен мемлекеттік тілдегі драма шығармаларын алып беру арқылы олардың шығармашылық қызметтерін ынталандыру, театр өнері саласында кадр даярлауды жақсарту болып табылады. Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігін, біріншіден - қазақ хандығының 550-жылдығына орай драмалық шығармалар конкурсын ұйымдастыруды өтінемін. Екіншіден - отандық театрлардың материалдық - техникалық базасын жаңарту, үшіншіден - тұрақты негізде ҚР Мәдениет және спорт министрлігін отандық театрларда қою үшін мемлекеттік тілдегі драмалық шығармаларды алып беруді қалыптастыру. Кино өнерiнiң төңiрегiдегi ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiне қазақ хандығының 550-жылдығына анралған фильмдi бiтуге демеу көрсету. Бұдан әрі де жастардың патриоттық тәрбиесi үшiн, патриоттық киноленталар мен сериалдарды шығаруға бiздiң режиссерлерiмiзге тапсырыс беру керек. Мәдениет және спорт министрлiгiне жас кинорежиссерлер үшiн кинофильмдер жасау үшiн арнаулы гранттар беруiн сұраймын. Менiңше, ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiне көркем құрылым жүйесінде білім беруді дамытуға көңіл бөлу керек, бұл әр түрлi деңгейдегі отандық көркем құрылым білімінің жалғасуын үздіксіз қамтамасыз ету керек, қысқаша айтқанда, музыкалық мектептен консчерваторияға дейін үздіксіз білім алу керек. Бұл сұрақта ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің әртүрлі мемлекеттік қадағалау органдары, басқарудың барлық деңгейінде мәдениет және білім беру саласындағы басқару органдарының өзара іс-қимылдарын тиімділігін қамтамасыз ету керек.  Менiңше, сонымен бiрге мәдениет және өнер білімін беретiн мекемелердің материалдық – техникалық базасын бекіту, мәдениет және өнер саласының қызметкерлерiнің кәсiби бiлiктiлiктiң жоғарылату және қайта даярлау бағдарламасын құрастыу, қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатымен ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету керек. ҚР Мәдениет және спорт министрлiгінің көңіл бөлуін талап ететін тағы бір сала мәдени және тарихи ескерткiштерді қалпына келтiру болып табылады. Бұл саладағы басты мiндет болашақ жұрағаттар үшiн мәдениет және тарихи ескерткiштерді сақтап қалу болып табылады. Осы баяндалғандарға байланысты Мәдениет және спорт министрлiгiмен мәдени және тарихи ескерткiштерiнің Бiртұтас база құруды өтінеміз. Қанағаттандырарлық деп айтуға жарамайтын мәдени және тарихи ескерткіштерді қайта қалпына келтіруді бірінші кезеңде өткізу керек. Қазақстанның архетектура және ескерткіштер жинағын, қазақ өнерінің тарихы кітабын, музыкалық - ақындық фольклор жинақтарын шығару орынды деп ойлаймын. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басты бағыттарының бірі барлық аймақтарда Мәдениет үйі құрылыстарын жасау. Менiңше, бiз ауылдық тұрғындарды мәдениетке қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек. Министрлiкке осы сұрақты қадағалауға алып және жобалық – сметалық құжаттамасын дайындауды өтінемін. 2015 жыл қазақ хандығының 550-жылдығымен бірге, ұлы отан соғысының жеңісіне 70-жыл толып отыр. Осыған байланысты, ҚР Мәдениет және спорт министрлiгіне Жеңістің 70-жылдығына орай арнайы мәдени бағдарламалар жоспарын жасауды өтінеміз. Бұл осы күнге арналған халық шығармашылығының фестивальдары, спартакиадалар, көрмелер, концерттертер, әдеби кештер болуы мүмкін. Сонымен бiрге, Ұлы отан соғысының жеңісіне 70-жылдығына орай әдебиетшiлердің жақсы шығармаларына және ақындарды арасындалары конкурс жариялауға болады. Мысалы, Ұлы жеңістің 70-жылдығына 28 гвардияшыларын ерлiктеріне арналған ғылыми – тәжiрибелiк конференция өткiзуге болады. Өкiнiшке орай, 28 панфиловшілер қаhармандарының ерліктеріне кейбiреулер күмәнданады, ал, ерліктің болғанына ешқанедай күмән жоқ, сондықтан бұл сұрақ барысында тоқетерін айту керек. Мәдениет және спорт министрлiгi осының төңірегінде ғылыми – тәжiрибелiк конференция ұйымдастыруын өтінемін. Мәдениеттің тәрбиешілік және ағартушылық мәні өте зор, сондықтан оны адам және азамат тәрбиесінде кең көлемде қолдану керек. Мәдениет, бұл әр адамның отанға деген сүйіспеншілік, отанының тарихына және салт-дәстүріне деген адамгершілік қасиеттерінің негізін қалыптастырады, Мәдениет, бұл елдігіміздің негізін құрайтын адамгершілік. этикалық, моральдық құндылықтарымызы келешек ұрпаққа жеткізудің бірден-бір аспабы болып табылады. Сондықтан, халығымыздың мәдени байлықтарын көбейтіп және сақтау бiздiкiнiң азаматтық борышымыз болып табылады. Мәдениет және өнер саласының дамуына қуатты қарқын беру үшін, елімізде 2016 жылды Мәдениет жылы деп жариялауды ұсынамын. Көңіл бөлгендеріңізге рахмет!!!   *** Дағдарысқа қарсы бағдарламаның он тезистері – бұл Қазақстанның болашағының жаңа түрі. (Досымқұловтың он тезисі)

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 219; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!