Сильная энергетика – сильный Казахстан. 16 страница



Біздің халқымыздың әрбір буыны мақтанатын істер, ерліктер жасаған. Біздің аталарымыз Ұлы Отан соғыста жеңіске жетті, олардың алдындағы буын қазақ автономиясының негізін қалап кетті, кәзіргі буын Желтоқсанда қазақтың елін қорғаған және тәуелсіз елдің негізін құрған. Енді біздің міндетімізді тәуелсіздікті мәңгі ету, қазақ мемлекетінің тәуелсіз дамуын қамтамасыз ету. Тәуелсіздігімізді жаңадан кері айналмайтын үрдіс қылдыру біздің парызымыз деп білемін. Ал біздің балаларымызға біз бай, қуатты, тәуелсіз, мықты ұлттық қазақ мемлекетті аманат етуіміз керек. Осы қазақ жерінде қазақ мемлекеті мәңгі орнығып күшейе беру үшін біз қолымыздан келгенін бәрін істеуіміз керек. Енді біздің балаларымыз ешуақытта басқа мемлекеттердің құрамында болмауы тиіс!. Осыны біз қамтамасыз етуіміз керек. Біздің еліміздің тәуелсіздігін мәңгі қылдыру үшін біз бүкіл қазақ қоғамды мобилизациялауымыз керек. Біздің балаларымыз біздің тәуелсіз мемлекетімізді мақтан тұту үшін біз қолымыздан келетінін бәрін істеуіміз керек деп білемін.     ***   Құрметті зиялы қауім өкілдері! Біз менің ойымша, Абай жылын өткізуіміз керек деп есептеймін. Неге өйткені Абайдың шығармалары біздің ұлтымыздың рухани байлығы, қазақ әдебиетінде Абайдың орны ерекше деп есептеймін. Ал кәзіргі жастарымызға Абайдың туындылары аса қажет өйткені рухсыздануға, ұлтсыздануға жол бермейтін құралының бірі ол Абайдың туындылары. Абайдың туындылары бұл тәрбие құралы. Адамгершілік Абайдың туындыларының негізгі тақырыбы сонымен олар құнды. Абай біздің ұлтымыздың мақтанышы деп те айтуға болады. Сондықтан Абайдың және Алаш Ордалықтардың туындыларын жастардың арасында кең насихаттау біздің парызымыз деп білемін. Біздің кәзіргі зиялы қауым Абайдан адамгершілік жағынан үлгі алу керек, ал Алаш Ордалықтардан мемлекетшілік жағынан үлгі алу керек деп білемін. Яғни біздің зиялы қауым Абай сияқты парасатты болу керек, Махамбет сияқты шыншыл, Ильяс Есенберлін сияқты көреген, Мұхтар Ауэзов сияқты ақылды, Алаш Ордалықтар сияқты өз ұлтын сүю керек, өз ұлтына еңбек ету керек деп білемін. Біздің жазушыларымыз осы тарихи тұлғалардың, біздің ұлы бабаларымыздық ізбасарлары болатынына мен нық сенімдемін. Біздің зиялы қауым өздерінің патриоттық туындыларымен біздің мемлекеттілігімізді нығайтады, жастардың арасында патриоттық идеяны насихаттайды деп ойлаймын. Бүгінгі таңда біздің зиялы қауымның, жазушылардың, ақындардың парызы көбірек отаншылдықты насихаттайтын туындыларды жазу, жастарға кітапқа деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіру, бабаларымыздың рухани мұрасын терең түсініп оны өз туындылар арқылы кең насихаттау деп есептеймін. Біздің зиялы қауым өзінің ұлт алдында, бабалардың алдында және болашақ ұрпақтың алдында жауапкершілігін сезіну керек деп есептеймін. Тәуелсіздік біздің ұлтымыздың және мемлекетіміздің тағдырын түбегейлі өзгертті, біздің Еліміздің даму жолының жаңа кезеңін ашты. Жаңа тарихи жағдай біздің алдымызда жаңа аса жауапты міндеттер қойды ол халқымыздың мүддесіне сай жаңа өркениетті, демократиялы, әлеуметтік мемлекетті құру. Бұл міндет орындалды, бізді тәуелсіз мемлекет ретінде бүкіл әлем таныды және мойындады. Енді біздің міндетіміз тәуелсіздігімізді сақтап қалу, бұл тәуелсіздікті жариялаудан гөрі қиындау болады. Біздің зиялы қауымының негізгі мақсаты дамыған демократиялы қазақ ұлттық мемлекетті құруға, елімізді дамытуға, қазақ ұлттық сана сезімді жоғарылатуға қолынан келгенше көмектесу керек деп есептеймін. Жиырма бірінші ғасыр бұл жаһандану ғасыры яғни осындай жағдайда біздің зиялы қауым мемлекеттік және ұлттық мақсат мүдделерді терең түсініп, халқымызды ұлы әрі жасампаз жолына бағыттау керек. Біздің зиялы қауым мемлекетшілдіктің және отаншылдықтың өнегесін көрсету керек деп есептеймін... Біздің зиялы қауым қазақ қоғамның жасампаз күші болу керек, ал Үкімет қазақ зиялы қауымның ғылыми идеяларына сүйеніп, сараптамаларын арқау етіп, білімін пайдаланып мемлекеттілігімізді нығайту керек. Қазақ зиялы қауым ұлтымыздың ар мен намысы болу керек деп есептеймін. Ұлттық мақсат-мүдделерді жете түсініп оларды насихаттау зиялы қауымның әлеуметтік миссиясы деп білемін     Менің ойымша, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Астанада жас кәсіпкерлердің слетін өткізу керек, бұл слетқа шетелдегі қазақ диаспорасынның жас кәсіпкерлерді қатыстыру керек, өйткені біз бәріміз Қазақстан республикасының азаматтары мен шетелдегі қандастарымыз күштерімізді біріктіріп Отанымызды гүлдендіруіміз керек. Мәдениет және спорт минстрлігін бір аптаның ішінде бұл слеттің концепциясын дайындап оны маған көрсетуді сұраймын. Ал енді мен біздің жауынгерлерді мерекесімен құттықтайын. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНА 25-ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ, ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛIК ҚҰТТЫҚТАУ. Құрметтi жауынгерлер және сержанттар, офицерлер және қарулы күштердiң генералдары, ардагерлері, қымбатты отандастар!  Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылған күні Отан қорғаушылар күнімен, ел өміріндегі елеулі мерекемен сіздерді жылы лебізбен шын жүректен құттықтау маған үлкен қуаныш әкелетіні анық. Қазіргі демократиялық Қазақстан мемлекетінің құрылып қалыптасуы жолымен, еліміздің Қарулы күштерінің құрылуы өте тығыз байланысты деп айтуға үлкен негіз бар екені анық, бізді қоршаған ортада, келеңсіз қиын жағдайларда Отанымыздың бейбіт те жайлы өмірін, тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтап қалуда ең күшті кепілі болатынын дәлелдей білді. Әр мемлекеттің мүмкіндіктері мен қуатын ол елдің әскерінің соғысқа жарамдығы мен дайындығына байланысты бағаланатыны дәлелденген. Егеменді Қазақстанның қарулы күштерін құру барысында, біз өткеннен мұра болып қалған әскери құрылыстан бас тартып, нақты геосаяси және геостратегиялық жағдайларды жан жақты қарастырып, Орталық азия аумағындағы қазіргі уақыттағы соғыс және қарулы қақтығыстарды ескере отырып, ұллтық ерекшеліктеріміз бен дәстүрімізге бағыт алып құрдық десек болады. Әскеріміздің жауынгерлік тиімділігін одан әрі жоғарлату үшін қазіргі әскери құрылымның жетістіктерін, қызметтік-жауынгерлік құрылымдарын терең зерттеп қолданысқа енгізу керек. Бұл контексте ең маңызды басымдылық, басқа да шетелдердің қорғаныс мекемелерімен ұжымдық қауiпсiздiк туралы келiсiм шартының Ұйымымен өзара тығыз қарым-қатынас жасау, бұлардың көбісімен бізде өзара тиімді әріптестік және ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылған, сонымен қатар жыл сайын әскери және әскери – техникалық жоспарлар жүзеге асырылады. Әсiресе әскери салада жемiстi ынтымақтастық бiзде Ресей федерациясының қорғаныс министрлiгiмен жасалды және бұл ынтымақтастықты болашақта әрі қарай күшейте беру керек деп ойлаймын. Қарулы күштерді құру жоспарына сәйкес әскерді жаңа қарулар мен техникалармен жабдықтап, жаңартуды дәйекті түрде жүзеге асыру керек, соның ішінде ӘҚК мен тікұшақтар, танкке қарсы қарулармен, артиллерия жүйелерiмен, авиациямен, байланыс, дара және топты қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету керек. Инновациялық пiшiндердi үйрету процесiн қамтамасыз ететiн, енгiзулер және алдынғы информациялық - коммуникациялық технологияларды, қазiргi жетiстiктердi, жаңа сабақ беру әдiстерiн пайдалана білетін Қарулы күштер академиясында, әскери училищелерде, жаңа әдістемелермен сержанттар дайындайтын мектептерде әскери кадрларды дайындау барысын жүйелі түрде жетілдіріп, үздіксіз жұмыс жасау көкейкесті мағынасы бар іс болып табылады. Бұл жоспар бойынша жетекші шетелдік армияларда әскерилердің қызметін ұйымдастыру және дайындық жүйесін біздің жағдайға қалыптастыруды терең зерттеп, сонымен қатар офицерлік және сержанттық құрылымдардың кәсіби дағдыларын арттыру жоғары позитивті рөл атқаратыны анық. Осы салада жүзеге асырылып жатқан істерің арқасында офицерлік құрамның ой өрісі және білімдарлығы, биік кәсіби және сапалы рухани адамгершілік қасиеттері, қисынды ойлай білу қасиеттері артып келеді, алдына қойылған мақсатқа шешімнің қалыпсыз тәсілдерін белсене қолдана алады. Біздің жауынгерлер үшін сержанттар офицерлердің алмастырмайтын көмекшісі, қамқор жетекшілері, тірегі десек артық айтқандық болмайды. Сонымен бірге қорғаныстық – өнеркәсіптік кешенді дамыту керек. Республиканың әскери – өнеркәсiптiк кешенiн дамыту үшiн қорғаныстық - өнеркәсiптiк кешенді кәсiпорындарды жаңарту керек. Қазiрдің өзінде, бiздiң елде жауынгерлiк катерлер, берендер, униформаны шығарылады, жер бетiндегi әскери техниканы жөндеуді және құрастыруды жүзеге асырылады. Менiңше, әскерилерге арналып шығарылған заттарды дамытып көбейте түсу керек. Сонымен бiрге, бiздiң мемлекеттің экономикалық мүдделерінің қорғанысы үшiн еліміздің флотын (теңіз әскерін) жаңартуды әрi қарай жүзеге асыруды жалғастыра беру керек, отандық өндiрiстегі жаңа катерлерiмен қамтамасыз ету керек. Қорғаныстық құрылыстың негiзгi міндеттерінің бiрi жедел және басқару органдарының жауынгерлiк дайындық жүйесін әбден жетiлдiру және одан әрі дамыту болып табылады.  Қазіргі оқу-жаттығулар егемендік алған бірінші жылдарға қарағанда түпкілікті өзгерген. Жылдан жылға өткізілетін жауынгерлік шарттарға барынша жақын оқу-жаттығулар әскери дайындықтың барлық жүйесін, әр батальеон мен взводтың мүмкіндігін бағалайды, сонымен қатар бөлімшелердің бір-бірін ауыстыру және аралас мамандардың жеке құраммен жұмысын жауынгерлік міндетті орындау барысында таңдамалы тәсілдердің тиімділігін байқауға, сынап талдауға, мүмкіндік береді. Ұлттық армияны реформалау және қалыптастыру барысындағы тәжірибені әскерилерге және әскер қатарына шақырылатындарға бағытты және жан-жақты кең қолдану ең маңызды жұмыстардың бірі.Біздің жеткіншектеріміз үшін әскер қатарында болудың маңызы өсіп мәртебесі жоғарлап келеді. Оның тартымдылығы берiлетiн жеңiлдiктерде және биiк деңгейдегі әлеуметтiк және әскери қызметкерлерді материалдық камтамасыз ету ғана емес, біздің жастарымыз үшін ерлікке, табандылыққа, патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін өмір мектебіне айналғаны анық. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан бері Отанымызды қорғауға әскери шыныққан жан-жақты дайындығы бар жастарымыздың бүтін бір ұрпағы бар деп мәлімдеп мақтаныш ете аламыз. Әскери қызметкерлерді тұғын үймен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалардың мәні зор, бұл әскерилердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, тұрғылықтылығын және қызмет етуін жақсарта түседі. Өмірін омы ер мамандыққа арнаған әр әскери қызметкер өзінің жанұясының мәселелеріескерусіз қалмайтындығына, олардың амандығына берік кепілі болуы керек. Бүгінгі күнде көптеген біздің ардагерлеріміз Отан қорғаушылардың жаңа ұрпағына өздерінің таптырмас тәжірибелерімен бөлісу арқылы мемлекетімізге үлкен көмектерін көрсетіп жүр. Елімізде әскери қызметтiң биiк абыройының айқын көрсеткiшi – әскери қызметкерлердің жақсы жағдайы болып табылады. ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! Алыстағы және жақындағы мемлекеттердің қазіргі жағдайын бағаласақ, байланыс және шикізат қорларын бақылау геосаясат бәсекелестігі күшейуде, ядролық технологиялардың және жаппай жою қаруының таралуы, халықаралық терроризм және «сұлама өктемдiк» экстремизм күштерiнің қозғалыстары, ұлтаралық және конфессия аралық күрестің асқынуы халықаралық қауіпсіздікке және тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған қақтығыстардың шешіміне күш көрсету тәсілі басымдылық алып отыр. Өкінішке орай, әлемнің әр түкпіріндегі қақтығыстар мен қауіп тудырулар бейбіт жолмен шешілудің орнына, күнен-күнге өрши түсуде. Халықаралық жағдайды қақтығыстардың дәстүрлі емес тәсілдері түбегейлі өзгертіп отыр, қазіргі уақытта армияның негізін құлдыратуға бағытталған психологиялық–ақпараттық әсер ету, ғаламтор технологиялары арқылы біздің жастарымыздың ой – санасына еліміздің салт дәстүріне, бай да жасалымды мәдениетімізге қарама-қайшы мағлұматтарды уағыздау әдет алып бара жатыр. Сондықтан да жан-жғымыздағы және әлемдегі болжамсыз жағдайларға байланысты сергектікті сақтап, Қарулы күштердің жауынгерлік тиімділігін дамытып, батыл шешімдерді одан ары қарай жалғастырып, шекарадағы дайындықты жоғарлатып, келеңсіз жағдайларды жойып, кез-келген агрессивті әрекеттерге лайықты тойтарыс беру керек. Осы орайда тағы бір айта кететін жағдай Қазақстан Республикасы бейбітшілік сүйгіш саясат жолын ұстаған қағидаттарымен қалады. Біздің әскери доктринамыз қорғанысқа бағытталған, еліміздің ең алдымен мемлекетіміздің егемендігін, шекарамыздың бүтіндігіне және еліміздегі бейбітшілік пен тыныштығымызды сақтап қалу үшін Қарулы күштері күшейте түсуіміз керек. ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР! Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 25-жылдық мерекесіне орай сіздерді шын жүректен құттықтаймын, Отан қорғауға деген міндетті борышын өз мойынына алған әскер қатарындағы мамандарға, Қарулы күштердегі ардагерлерге, генералдарға, офицерлерге. сержанттарға, қатардағы жауынгерлерге және барлық әскерилерге жасап жатқан қызметтеріне бар ықылас – ниетіммен алғысымды айтқым келеді! Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты болсын!   *** 1991 жылы біздің халқымыздың тағдырында айрықша жағдай орын ады, біз тәуелсіздігімізді алдық. Біз үшін тәуелсіздіктің мәні зор, оның құндылығын бағалау мүмкін емес. Тәуелсіздігімізге жету еліміздің халқының тағдырын түбегейлі өзгертті. Осы тәуелсіздігіміздің арқасында ұллтық демократиялық мемлекет құруға мүмкіншілік алдық, халқымызға лайықты өмір құруға жол аштық. Осы тәуелсіздігіміздің арқасында біз өзіміздің тағдырымыз бен өмірімізге иелік ете аламыз. Тәуелсіздігіміз біздің халқымыздың тарихында мәңгілік қалатынына күмәніміз жоқ. Тәуелсіздігіміз біздің құндылықтарымыздың, тіліміздің , ар-намыс, қадыр қасиеттеріміздің қайта өркендеуіне мүмкіндік туғызды. Тәуелсіздік ұлттық сана-сезімді, жаңа демократиялық жамағат құруға жағдай туғызды. Тәуелсіздік біздің мемлекетіміздің тарихы мен тағдырын түбегейлі өзгертті, жаңа тарихи жол ашты.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 217; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!