Сильная энергетика – сильный Казахстан. 24 страница



3. IT-технологиялар Паркі 4. Қазақстан Республикасының нанотехнологиялары мен наноматериалдарының даму орталығы. Қаланың инновациялық дамуын ынталандыру үшін инновациялық гранттарды бекіту, сондай-ақ инноваторларды инновациялық кәсіпкерлер қоғамдастығына бекіту қажет. Сонымен қатар, Астана экономикасының озық кластерлеріндегі бастаушы кәсіпкер-инноваторларын анықтау және оларды қолдау мақсатындағы жылсайынғы «Астананың ең озық инновациялық старт-аппы» байқауын өткізу мәртебесі биылғы жылы маған бұйырды. Оған қоса, инновациялық жобаларды жүзеге асырумен байланысты шығындарды қаржылық қамту және шығындарды өтеу ісінде Астана қ. қызмет ететін заңды тұлғаларға субсидиялар ұсыну механизмін әзірлеу керек. Шаһардың өндірістік кешендерінің үздік салалар қатарына мыналардың енуі орынды: ·аспапқұрылысы; ·көліктік машинақұрылысы; ·радиоэлектроника, құрылыс материалдарын өндіру, оптикалық және асажоғарыжиілік байланыс; ·фармацевтикалық өнімдер өндірісі; ·биотехнологиялар мен жоғарытехнологиялық медицина; ·тамақ өнеркәсібі; ·ірі және орта машинақұрылыстары. Аталған бағыттардың қарқынды дамуы инвестициялық процесстерді белсендіруге ат салысады, өндірістердің техникалық қайтақұрылымдануларын күшейтеді, Астана кәсіпорындарының бәсекегеқабылеттіліктерін арттырады. Одан бөлек, Астананың алдында келесідей келелі мәселелер тұр: ·инновациялық экономиканың дамуына арналған жағдайлар мен қалалармен құрылатын потенциалдар бағаланатын (InnovationCities™ Index) инновациялық қалалар индексі бойынша Астананың Hub (Халықаралық орталығы) санатына енуі; ·ЮНЕСКО бастамасымен өткізілетін, LearningCities ассоциациясына Астананың үйренуші қалалар халықаралық рейтингіне енуі ; ·жаһандық жоолар концорциумының құрылуы (немесе өзге желілік кооперациялардың құрылуы): жаһандық деңгейдегі білім және зерттеу салаларындағы өзаратиімді ынтымақтастықтарға арналған Аграрлық Университет, Еуразия Университеті, NU. Туризм.Астаналық туризм қалалық экономиканың бірден бір маңызды саласы болуы тиіс. Астанадағы туризм саласын дамыту үшін келесі шараларды атқару шарт: 1. Астананың туристтік инфрақұрылымын дамыту (кемпингтер құру, Астаны қ. қонақүйлерінің нөмірлік қорларын ұлғайтуға ықпал жасау, жаяу жүргінші, велосипед, автокөлік жолдарының аралықтарын арттыру, кіші авиациямүмкіндіктері мен Есіл өзеніндегі су қайықтары мүмкіндіктерін қолдану); 2. Бірыңғай брендпен Астананың туристтік жобаларын сыртқы нарық және Интернет желілерінде дамыту. 3. Туристтік-рекреациялық қорлардың қолжетімдігі мен даму деңгейінің мониторингіне арналған Астана қаласының туристтік-рекреакциялық инфрақұрылым нысандарының бірыңғай мәліметтер базасын қалыптастыру. 4. Жылсайынғы жарқын жарияланымдарды, оның ішінде фестивальдарды, форумдарды, сайыстарды, жәрмеңкелер мен көрмелерді (мысалы, әскери-орекстрлер фестивалі, әуе шарларының фестивалі, республикалық Event-форум, Еуразиялық «Көшпенділер мәдениеті» көрмесін) ұйымдастыру. 5. Есіл өзені бойынша өзен экскурсияларымен үйлескен, қосқабатты маршруттарды қалыптастыру бойынша жобасын жүзеге асыру. 6. Астананың туристтік потенциалы жөніндегі интернет-порталын жүзеге асыру және Астана туралы фото және бейнематериалдардың ашық базасын құру. Астана - тұрғындары тұрақты өсу үстіндегі қала, ол дегеніміз Астана қ. тұрғындарының жағдайларын қанағаттандыруға арналған әлеуметтік инфрақұрылым құрылысын дамыту, яғни жаңа мектептер, емханалар, балабақшалар салу. Алайда мұның бәрін абыл-сабыл емес, қаланы кешенді құру шеңберіндегі, яғни тұрғынүй кешендерімен біруақытта олардың маңында балабақша, мектеп, емхана құрылыстарын алдын ала қарастыру қажет. Астана қ. ғимараттарын жобалау және құру барысындағы жер ресурстарын үнемдеу үшін біз көпқабатты әрі биік ғимараттардың құрылысына ыңғай танытқанымыз абзал. Астана қаласын көркейту үшін маңызды мәнге ие ескерткіштер мен кіші архитектуралық формаларды, соның барысында жасанды жарықтандыру және жарық беру ескерткіштерін, ғимараттары мен кіші архитектуралық пішіндер құрылысын кең қолдануымыз керек Спорт. Азаматтар қатарын дене тәрбиесі және спортқа баулу қабылеттерін арттыру мақсатында, келесідей бағдарламалық шаралар кешенін құру қажет: 1. Тұрғындарға қолжетімді спорттық жабдықтардың құрылысы. 2. Балалар-жасөспірімдер спортын, жаппай-дене тәрбиесі жұмыстарын, тұрғындардың қозғалу белсендіктерін жәулік жүгіру немесе веложарыстарды ұйымдастыру арқылы дамыту, спорттық құрылғылардың барынша жүктемесін жүзеге асыру және олардың бұқаралық шараларды ұйымдастыру арқылы тиімді қолданысы. Астана-жасыл қала. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін Астана қаласында келесі іс-шараларды міндетті түрде ұйымдастыру қажет: 1. Қоқысты қайтаөңдеу зауыты; 2. Қоқыстардың пайдалану, залалсыздандыру, селективті сұрыптау және пайда болуының тиімді және қауіпсіз әдістерін ендіру. 3. Астана көшелерін көркейту мен көгалдандыру және қаланың көшет отырғызу алаңдарын арттыру. 4. Барлық қалалық мекемелерде жаңа заманауи қуатүнемдеу құрылғыларын орнату және тұтынатын қуат көздерінің 100-пайыздық есебін реттеу. Техникалық тұрғыда мүмкін және экономикалық ұтымды жерлерде–реттеу құрылғылары бар жылуалмастырғыштар мен жылу қуаттарының климаттық реттеу желілерін орнату. 5. Тиімді дамуды қамтамасыз етуге арналған, қаланың қажеттіліктеріне сәйкес, коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымдардың даму жоспарын әзірлеу. 6. Астананың барлық тұрғын үйлеріндегі автоматты климаттық реттеу желілерін орнату бойынша Бағдарламасын әзірлеу қажет. 7. Астана қ. және қаламаңындағы мекендерде көшелік жарықтандыруларды қуатүнемдегіш жарықдиодты лампаларға алмастыру. Мәдениет саласында, менің ойымша, астана әкімшілігінің мақсаты ретінде кітапханалық қорларының жаңартылуы және толықтырылуы, мәдениет ұйымдарындағы мүмкіндіктері физикалық шектеулі келушілерге қызмет көрсету ісін жетілдіру, театр, кітапханалар, көрме залдары мекемелерін арнайы пандустармен, әжетханалармен және т.б. қамтамасыз ету. Қолжетімді орта Тұрғындардың ұтқырлығытөмен топтары үшін қалалық ортаның қолжетімдігін арттыру мақсатында, қолжетімдікпен қамтудың маңызды бағыттары қатарына мыналар енуі тиіс: - мейманжай аумағында орналасқан, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарындағы пандустар мен көтергіштердің құрылысы; - мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған қызметтік немесе жаңа құрылған тұрақтардың арнайы орындармен қамтамасыз етілуі; - төменеденді троллейбустармен және автобустармен жылжымалы құрамның жаңартылу көмегімен ұтқырлығытөмен тұрғындар топтарын қоғамдық көлік құралдарымен тасымалдау бойынша мүмкіндіктерді ұлғайту; - әлеуметтік такси қызметін дамыту есебінен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту. Әлеуметтік саладағы Астана қ. Әкімшілігінің негізгі міндеті ретінде тозығы жеткен, апаттық жағдайда тұратын тұрғындар қатарын жаңа баспаналарға көшіру ісі болуы қажет. Аталған тәжірибе бұрыннан бастау алған және оны жалғастыру қажет. Назарларыңызға рахмет! *** Құрметті отандастар! Бүгін біздің тақырыбымыз спорт болмақ, бірақ әдеттегідей мен алдында өз ойларыммен бөлісейін. Менің ойымша, біз ата заңымызға біраз толықтырулар еңгізуіміз керек, мәселен осындай Қазақтар Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртібімен алады, бұл сөздер арменияның ата заңында бар. Не болмаса осындай толықтыруды ата заңымызға еңгізуге болады - Қазақстан Республикасы шетелде туратын қазақтарға ана тілін, ұлттық мәдениетін, ұлттық болмысын сақтауға көмектеседі, бұндай сөздер Татарстанның ата заңында бар. Ата заңымызға тағы осындай толықтыруды еңгізуге болады ол мынандай: Қазақ тілі қазақ халқының ұлттық сана сезімінің түп тамыры. Қазақ тілді сақтау және дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ең негізгі міндеті. Осындай толықтыруларды ата заңымызға еңгізу керек. Мен тіпті ойлаймын шетелдегі қандастарымыздың арасында белсенділерге, жетекшілерге Қазақстан Республикасының құрметті консулы атағын беру керек деп. Мысалы, БҰҰ-да мысалы киножұлыздарға бейбітшіліктің құрметті елшісі деген атағы беріледі, сонымен қатар бірақ құқықтар беріледі. Неге біздің шетелдегі қандастарымыздың жетекшілеріне бұндай атақ бермеске. Бұл біздің шетелдегі қандастарымызбен байланысты нағайтатын шара болар еді. Инновациялық, дамыған қазақ елі өзінен өзі пайда болмайды, ешкім бізге әкеліп бермейді бұл мемлекетті біз өзіміз құрауға міндеттіміз құрметті отандастар. Ал елімізді дұрыс жолға салу үшін біз ғылымға сүйенуіміз керек. Дамыған ұлттық мемлекетті біз ғылым арқылы құруымыз керек. Сондықтан еліміздің әрбір адал ұлы өзінің білім деңгейін ұздіксіз көтеріп турып, осы білімге сүйеніп еліміз үшін, жарқын болашағымыз үшін шабытты еңбек ету керек деп білемін. Ал бүгін біз құрметті оқырмандар спорт туралы сөйлесейік, неге осы біз шетелден спортсмендерді әкелуге құмармыз, бұл әрекет біздің спорт саласын дамыта ма. Меніңше, шетелден спортсмендерді әкелу бұл оңай жол, әрине олар медалдар алып береді, бірақ сосын өз еліне кетеді. Сондықтан біз өзіміздің отандық спорт саласын дамытуымыз керек, ауылдан шыққан қара домалақтардын арасынан болашақ олимпиада чемпионарын өсіріп біз еліміздің спорт саласын жаңғыртуымыз керек. Осы жұмыста мемлекеттің орны ерекше. Бізге тек баланы оқытатын мектептер керек емес, бізге керегі білім беру мен бірге балалрды тұлға ретінде тәрбиелейтін мектептер керек. Рухани бай, мәдениетті, білімді, ой-өрісі кең, дербес ойлайтын азаматтарды тәрбиелейтін мектептер керек. Ал спорт осындай азаматты тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан біз бұқаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық инфрақұрылымды дамытуымыз керек. Салауатты өмір салтын қазақ халқына тартамды қылдыру үшін біз қолымыздан келгенімізді бәрін істеуіміз керек деп білемін. Құрметті отандастар! Заманауи әлемде спорт пен дене шынықтырудың рөлі өте маңызды. Спорт бұл бейбітшіліктің елшісі, спорт халықтар достығын нығайтады, салауатты өмір салтын насихаттайды, спорт әділдік пен адалдыққа үйретеді, өйткені әрбір ойында немесе жекпе жекте әрқашанда ең мықтысы жеңеді. Спорт дене мен бірге рухты шындайды. Спорт жастық шақ кезеңді ұзартады, шығармашылық белсенділікке серпін береді, өзінің күш қуатына сенмді нығайтады. Спорт адамдарды тәртіпті әрі жауапты, еңбекқор қылдырады. Спорт адамды төзімді қылдырады. Осының бәрін ескерсек спорт билікті алаңдататын көп мәселелерді шешеді. Осы сұрақтарға бірге жауап тауып көрейікші. Халықтың өлім жітімді қалай азайтуға болады?, Балалар мен жасөспірімдердің арасындағы қылмыс істеушілер саныныңқалай азайтуға болады?, Нашақолық пен маскүнемдікті қалай шектеуге болады?, Еліміздің азаматтардың отаншылдығын және мәдениетін нығайтуға қандай жолы бар?. Енбек өнімділігін қалай арттыруға болады, өйткені еңбек өнімділігін арттыру бұл еліміздің экономикалық қуатын арттыру. Осы сұрақтарға тек бір жауап қана бар ол спорт. Біз спортты және дене шынықтыруды елімізде дамытуға міндеттіміз деп білемін. Ұлттық идеология деген ұғым бар. Ол идеялардан жасалған біртұтас жүйе, идеология арқылы халықты бірктіріп мықты әрі гүлденген ел құруға болады. Менің ойымша, спорт біздің ұлттық идеологияның бір ажырамас бөлшегі бола алады. Мысалы бір бөлшегі тіл, екінші бөлшегі егемендік, үшінші бөлшегі бірлік, төртінші бөлшек тарих, алтыншы бөлшек ұлттық мәдениет, жетінші бөлшек ол ғылым, білім мен еңбек, ал сегізінші бөлшек спорт бола алады. Қазақстан спорттық держава міні біздің ұранымыз. Қымбатты отандастар! Қазақ ұлттық дәстүрлерде өзінің денсаулығын аялау, болашақ жауынгерлерді тәрбиелеу бар, олардың қайсарлығын, ептілігін, жылдамдығын шыңдау және күш қуаттары нығайтуы бар. Қазақ ұлттық дәстүрлі ойындар мен жарыстар әлі күнге дейін жаратылыстай сақталуда, бірақ жиырма бірінші ғасырда оларды дамыту үшін жаңа серпін беру керек деп білемін. Қазақ ұлттық спорт түрлерін кокпарды, қазақша күресті, бәйгені, аламан бәйгені, тоғызқұмалақты спорт түрлерінің тізіміне енгізіп елімізде дамыту керек деп ойлаймын. Қазақ спорт түрлерін дамыту жұмысын үйлестіру үшін Қазақ ұлттық спорт түрлерінің республикалық орталық атты мемлекеттік мекемені ашу керек. Осы мемлекеттік мекеме арқылы ұлттық спорт түрлерінің үздіксіз спорттық резервін дайындау жүйесін құру керек деп есептеймін. Қазақ ұлттық спорт түрлерінің дамыту үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептерде арнайы секцияларды ашу керек, ал облыстық деңгейде жастар спорттық дайындау топтарды ұйымдастыру керек. Қазақша күресті біріккен күрес стилдердің халықаралық федерациясының тізіміне енгізіп, жүйелі түрде елімізде ұлттық спорт түрлерінің чемпионаттар мен біріншіліктерді өткізіп тұру керек деп ойлаймын. Менің ойымша, біз көкпарды не болмаса қазақша күресті олимпиадалық спорт түрлеріне енгізу керек деп есептеймін. Ардақты ағайын! Қазақ ұлттық спорт түрлерімен бірге біз өзге де дәстүрлі олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін елімізде дамытуымыз керек. Бұқаралық спорт түрлерінің арасында біздің елімізде кеңінен таралған бокс пен күрес, футбол, волейбол, баскетбол, мини футбол, шахмат пен жеңіл атлетика, шаңғы мен велоспорт. Кәзіргі таңда біздің елімізде жиырма шақтай қоғамдық спорт федерациялар тіркелген. Елімізде физкультуралық қозғалысты дамыту үшін жүйелі түрде спартакиадаларды өткізу керек. Мысалы еңбек ұжымдардың арасында спартакиаданы, немесе қысқы спорт түрлерінің спартакиадаларды, әйелдердің арасында спартакиаданы өткәзуге болады, не болмаса мүгедектер спартакиаданы, студентердің арасында спартакиаданы өткізуге болады, мемлекеттік қызметкерлердің арасында спартакиаданы өткізу керек деп есептеймін. Әр өңірлерде төрт жылдың ішінде бір рет республикалық деңгейде олимпиадалық спорт түрлерінің спартакиадасын және қазақ ұлттық спорт түрлерінің спартакиадасын өткізу керек. Осы спорттық мерекелерге әлеуметтік және спорт нысандарының құрылысын бітуін ұштастыру керек. Сонымен бірге елді мекендерді абаттандыру жұмыстарының аяқталуынспартакиадаларға ұштастыруға болады деп ойлаймын.

Дата добавления: 2018-05-02; просмотров: 214; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!