В. Г. Крыжановский, В. И. Лапенков, В. И. Лютер и др. Антикризисное 2 страница



 

Оқу үрдісінің бірінші аптасында студенттерге арналған силлабустар беріледі, силлабуста пәннің тақырыптары, дәрістер жинағы мен сұрақтары, СӨЖ тапсырмалары көрсетілген және семестр бойы максималды алынатын балдар ұсынылған.

Студенттер семинар тақырыбынан барлық сұрақтарды жазуы тиіс, содан олардың конспектісін оқытушы тексереді.

Семинар мақсаты – теориялық білімін нығайту, тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында теорияларды қолдана алуы және т.б. Пәнмен танысқаннан кейін студенттің өз ойын ашық жеткізе алуы, логикалық ойлауын дамытуы, нақты әрі алғыр түрде туындаған сұрақттардың жауабын ашып бере алулары керек.

Семинар сабағы өтткен тақырыптар бойынша жүргізіледі. Төменде семинар сабағын жүргізу құрылымы беріледі:

Ø топты кіші топтарға бөлу арқылы ойын жүргізу (ауысша);

Ø негізгі сұрақтарға қолма-қол-жауап: оқытушы-студент, студент-студент

(ауысша); 

Ø бақылау жұмыстары (жазбаша);

Ø тест сұрақтарына жауап беру, нәтижелерді талқылау, қорытынды жасау.

         Егер студент тандалған сұраққа және сонымен қатар оқытушының қосымша сұрақтарына толық жаупа берген жағдайда максималды балл алуы мүмкін. Қосымша сұрақтарға дәрістік материалдан, студенттік өздік жұмысынан, және нақты тақырыптан сұрақтар жатады.

Үлгермейтін студенттермен жеке жазбаша жұмыс жүргізіледі.

семинар сабақтарында топтын барлық студенттеріне жауап беруге мүмкіндік беріледі, студент дер кезінде жауап бермеген жағдайда, келесі сабақта, егер уақыт қалса жауап береді. 

 

Модуль 1. Экономикалық дағдарыстардың пайда болу себептері мен қарсы бағытталған шаралар

Семинар сабағы 1. Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыстар

Негізгі сұрақтар:

1. Дағдарыс ұғымы

2. Дағдарыстартың себептері мен салдарлары

3. Дағдарыстар типологиясы

Семинар сабағы 2. Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыстарНегізгі сұрақтар:

1. Дағдарыс белгілері: тану мен жеңу

2. Адам факторының маңызы

Семинар сабағы 3. Экономикалық дағдарыстардың пайда болуы мен шешілу бағыттары

Негізгі сұрақтар:

1. Экономикалық дағдарыстардың мәні мен заңдылықтары

2. Экономикалық дағдарыстардың себептері

Семинар сабағы 4. Экономикалық дағдарыстардың пайда болуы мен шешілу бағыттары

Негізгі сұрақтар:

1. Цикл фазалары мен олардың көрінісі

2. Экономикалық дағдарыс түрлері мен қарқыны

Семинар сабағы 5. Дағдарысқа қарсы менеджменттің негізгі кескіндері

Негізгі сұрақтар:

1. Дағдарысқа қарсы дамудың басқарылатын және басқарылмайтын процесстері

2. Дағдарысқа қарсы басқарудың мүмкіндігі, қажеттілігі және проблематикасы

3. Дағдарысқа қарсы басқарудың белгілері мен ерекшеліктері

4. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі

 

Модуль 2. Дағдарысқа қарсы шаралар

Семинар сабағы 6. Дағдарысқа қарсы менеджменттегі инновациялар

Негізгі сұрақтар:

1. Инновациялық үрдіс дағдарысқа қарсы басқарудың факторы ретінде

2. Кәсіпорынның инновациялық әлеуеті, дағдарысқа қарсы басқарудың оның рөлі

 

Семинар сабағы 7. Дағдарысқа қарсы менеджменттегі инновациялар

Негізгі сұрақтар:

1. Дағдарысқа қарсы дамудың мемлекеттік инновациялық стратегиясы

2. Инновациялық инфрақұрылымдардың дамуы дағдарыстан шығу шарты ретінде

 

Семинар сабағы 8. Дағдарысқа қарсы менеджменттегі инвестициялық саясат

Негізгі сұрақтар:

1. Дағдарысқа қарсы басқарудағы инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін негіз ретінде инвестициялық үрдістің қалпын сипаттау

2. Шектеулі қаржы ресурстары жағдайында инвестицияларды қаржыландыру көздері

 

Семинар сабағы 9. Дағдарысқа қарсы менеджменттегі инвестициялық саясат

Негізгі сұрақтар:

1. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау

Семинар сабағы 10. Консалтингтік менеджмент дағдарысқа қарсы басқарудың элементі ретінде

Негізгі сұрақтар:

1. Консалтингтік менеджменттің мәні мен қолданылу саласы

2. Кеңес беру тәсілдері

3. Кеңестік жобаның орналасуын ұйымдастыру

 

Модуль 3. Дағдарысқа қарсы басқарудағы адам факторы

Семинар сабағы 11. Дағдарыс жағдайындағы кадрлық менеджменттің ерекшеліктер

Негізгі сұрақтар:

1. Дағдарыс жағдайындағы  персонал мәні және оны басқару

2. Дағдарыс жағдайындағы  персоналды басқару тұжырымдамасы

3. Дағдарыс жағдайындағы  персоналды басқару мақсаттары

 

Семинар сабағы 12. Дағдарысқа қарсы менеджмент бойынша менеджер

Негізгі сұрақтар:

1. Дағдарысқа қарсы басқарудағы менеджер қызметінің маңызы мен саласы

2. Дағдарысқа қарсы басқарудағы менеджер үлгісі

 

Семинар сабағы 13. Дағдарысқа қарсы менеджмент бойынша менеджерНегізгі сұрақтар:

1. Экономикалық қатынастар, нарықтық қатынастар, бизнес қатынастар – ұқсастықтары мен айырмашылықтары

2. Плюстар және минустар: қазақстандық бизнес тұрғысынан ДСҰ Қазақстанның кіруі

Семинар сабағы 14. Дағдарысқа қарсы басқарудың шетелдік тәжірибесі

Негізгі сұрақтар:

1. Дағдарысқа қарсы басқарудағы менеджер қызметінің рөлдік құрылымы

 

Модуль 4. Дағдарысқа қарсы менеджменттің шетелдік тәжірибесі

 

Семинар сабағы 15. Дағдарысқа қарсы басқарудың шетелдік тәжірибесі

Негізгі сұрақтар:

1. Дамыған нарықтық экономикасымен елдерде дағдарысқа қарсы басқару ерекшеліктері: макроэкономикалық аспект

2. Германиядағы дағдарысқа қарсы басқару ерекшеліктері

3. Чехияда дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесі

4. Италияда дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесі


Дәрістер кешені

1 тақырып. Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыстар

Жоспар:

1. Дағдарыс ұғымы

2. Дағдарыстартың себептері мен салдарлары

3. Дағдарыстар типологиясы

4. Дағдарыс белгілері: тану мен жеңу

5. Адам факторының маңызы

1. Дағдарыс ұғымы

Күні бүгінге дейін әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыстар жөнінде жалпы танылған болмаса жалпы мойындалған түсінік жоқ. Социалистік дәуірде қалыптасқан көзқарас бойынша, дағдарыстар тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән сипатты ерекшелік болып саналған. Социализмде дағдарыс болмайды, «өсу қиындықтары» ғана орын алады деген теориялық тұжырымдар бекіген. Бұл өндірісті дамытудың экономикалық саясатын құрудың шынайы факторынан гөрі идеологиялық астардың басымдылығының көрінісі еді.

Кейбіреулердің пайымдауынша, дағдарыс макроэкономикалық даму процесстеріне ғана қатысты, ал микроэкономикалық деңгейде (фирма, кәсіпорын) тек менеджменттің кәсіптілік біліктілігінің төмендігінен туындайтын өткір немесе өткір емес мәселелер болады. Яғни, бұл мәселелер дамудың дағдарысын айғақтамайды, өйткені олар, сыртқы себептердің ықпалымен байланысты болса да, объективті ағымдардың салдары емес делінеді. Мұндай көзқарастар сыңаржақты және ұжымдық менеджменттің теріс салдарларына жетелеуі мүмкін. Егер фирманы басқаруды осы тұрғыдан қарастырар болсақ, онда оның стратегиясын жасауда дағдарыстар мүмкіндігін ескеру мен болжаудың қажеттілігі жоқ деп тұжырымдар едік. Алайда, осындай тұжырымның бұрыстығын түйсінген жөн.

«Дағдарыс» ұғымы «қатер» (риск) ұғымымен барынша тығыз байланысты, соңғысы кез-келген басқару шешімін қабылдаудың әдіснамасына қалай да әсер етеді. Ал енді басқару шешімдерінің әдіснамасында дағдарыстың болу мүмкіндігін ескермесек, қатерді түйсіну қабілеті жоғалады, соның салдарынан дағдарысты айтпағанда, қарапайым қателіктер оқыс сипат алады.

Дағдарыс мәселесіне өзге тұрғыдан да қарауға болады. Өзінің қандай - қоғамдық фармация немесе фирма - формасында болмасын, әлеуметтік-экономикалық жүйе екі үрдісте қозғалады: қызмет ету (функционирование) мен даму.

Қызмет ету – бұл өмірлік іс-әрекетті демеу мен оның тұтастығын, сапалық бейнесін, мәндік сипаттамаларын айқындайтын қызметтерді сақтау.

Даму – бұл өзгерістерге бейім орта жағдайындағы өмірлік іс-әрекетті нықтай түсетін жаңа сапаның қалыптасуы.

Әлеуметті-экономикалық жүйенің аталмыш негізгі үрдістері диалектикалық бірлікте өзара өте тығыз байланысты болғандықтан, дағдарыстардың пайда болу заңдылығы мен шешілу мүмкіндігін бейнелейді. Қызмет ету дамуды тежейді, бір мезетте, оның қоректік ортасы болып табылады, өз кезегінде, даму қызмет етудің көптеген процесстерін бұзады, бір мезетте, оның неғұрлым бекем орындалуына жағдай жасайды. Осылайша, дағдарыстардың кезеңдік келімділігін байқататын дамудың циклдік даму үрдісі туындайды. 

Дағдарыстардың қиратушылық сипатта ғана болуы міндетті емес, олар туындау себептеріне байланысты әртүрлі өткірлікте орын алады. Себептер объективті де, субъективті де болуы мүмкін екендігі ешкімге жасырын емес.

Дағдарыстар тек қызмет ету мен даму арасында емес, сонымен қатар қызмет ету процесінің бойында да туындауы мүмкін. Мәселен, техника дейгейі мен маман біліктілігінің, технология мен оны пайдалану жағдайларының (кеңсе, климаттық орта, технологиялық мәдениет) арасындағы қайшылықтар.

Дағдарыс – бұл әлеуметтік-экономикалық жүйедегі (ұжымдағы) қайшылықтардың, оның өзін қоршаған ортадағы өміршеңдігіне қатерлі дәрежеде айрықша асқынуы.

2. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыстардың себептері мен салдарлары

Дағдарыс себептері әртүрлі болады. Жаңалу, жаңғырту, қайта құрылымдандырудың циклдік қажеттіліктерімен байланысты объективті, басқарудағы қателіктер мен волюнтаризмнен туындайтын субъективті және климат құбылыстарына қатысты табиғи себептерге бөліне алады.

Дағдарыс себептері ішкі және сыртқы деп те бөлінеді. Сыртқы себептерге дүниежүзілік экономика дамуы, макроэкономикалық дамудың стратегиясы, бәсекелестік дейгейі, саяси ахуал т.б. жатқызсақ, ішкі себептер ұжымның маркетингілік стратегиясы, ішкі қайшылықтар, өндірісті ұйымдастыру кемшіліктері, менеджмент, инвестициялық және инновациялық саясаттар жеткіліксіздіктерімен байланысты. Осы тұрғыдан қарасақ, дағдарыстың болу қаупі әрдайым болады, сондықтан оны алдын-ала көре білу мен болжау қажет.

Дағдарыстарды түсінуде үлкен маңызға оынң себептерімен қатар, түрлі салдарлары ие болады: мүмкін ұжымды жаңарту бәлкім жою керек шығар, сауықтыру бәлкім жаңа дағдарысқа бой алдыруға тура келер. Дағдарыстан шығу әрдайым оңтайлы салдарлармен аяқталмайды. Бұрынғыдан бөлек, тіпті одан да күшті ұзақ мерзімдік дағдарысқа ұшырау қаупін естен шығармаған абзал. Дағдарыстар ұласпалы реакция ретінде туындауы мүмкін.

Дағдарыс салдарлары екі факторға барынша тәуелді. Олар: дағдарыс себептері мен дағдарысты даму процестерін басқару мүмкіндігі.

Дағдарысқа қарсы менеджменттің дәрежесі дағдарыстың жұмсаруы мен күшеюі, жазылуы мен асқынуын белгілейді. Осы тұрғыдан, дағдарысты басқару мүмкіншілігі алдыға қойған мақсат, кәсіби біліктілік, менеджмент өнері, жандандыру (мотивация) сипаты, себепті-салдарлы сабақтастық пен жауапкершілікті түсіну сияқты ұғымдарды кешенді пайдалана білумен байланысты.

Энтузиазмның орны да жоқ емес. Жалаң энтузиазм ұзаққа апармайтын ұмытпау керек. Энтузиазм да пайда болу көзіне, ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлі мәдениетке орай әртүрлі болады. Энтузиазмның арғы жағында келеңсіз қателіктер мен кеудемсоқ тар мақсаттар тұрса, дағдарыстың салмағы жеңілдемейді.

Кризистер типологиясы

Тәжірібие көрсеткендей, дағдарыстар өздерінің себептері, салдарларына қоса мәніне қарай да алуан-түрлі болады. Дағдарыстарды тармақты классификациялаудың қажеттілігі оларды менеджменттің құралдары мен тәсілдеріне қарай дифференциациялануына байланысты. Дағдарыс сипатының типологиясы мен оны дұрыс түсінудің болуы оның өткірлігін төмендетеді, ғұмырын қысқартады және ауыртпалығын жеңілдетеді.

Дағдарыстарды масштабтық райына қарай келесі түрлерге бөлеміз: жалпы және локальды дағдарыстар болады. Жалпылары бүкіл әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтыса, локальдылары оның бір бөлігін ғана қамтиды. Дағдарысты жағдайлардың осы нақты талдауында әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекараларын, оның құрылымы мен тіршілік ету ортасын ескерту қажет.

Дағдарыс мәселесі (проблематикасы) бойынша микро- және макродағдарыстарды бөліп көрсетуге болады. Макродағдарысқа үлкен көлем мен ауқым тән. Микродағдарыс тек жекелеген мәселені немесе мәселелердің тобын ғана қамтиды.

 Дағдарыстың ерекшелігі оның локальды (жергілікті) немесе микродағдарыс болғанына қарамастан тізбекті реакция ретінде бүкіл жүйеге таралатындығында, себебі жүйедегі бөлшектердің барлығы органикалық өзарабайланыста тіршілік ететіндіктен, мәселелер жеке дара шешілмейді. Бірақ мұндай жағдай дағдарысқа қарсы менеджменттің жоқтығында, дағдарысты шеңберін тарылту мен кеңейтуге жол бермеу шараларының жоқтығында, тіпті дағдарысты әдейі ынталандыру орын алғанда ғана мүмкін.

Әлеуметтік-экономикалық жүйедегі қатынастар құрылымы және оның даму мәселесін дифференциациялау тұрғысынан дағдарыстарды экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық, психологиялық, технологиялық деген топтарға жіктеуге болады.

Экономикалық дағдарыстар ел экономикасындағы немесе жекелеген кәсіпорын шаруашылығындағы өткір қайшылықтарды бейнелейді. Бұл - өндіріс пен тауарды өткізу, экономикалық агенттер қарым-қатынастарының дағдарысы, төлем дағдарысы (төлемсіздік), бәсекелестік артықшылықтардан айрылу, банкрот болу т.б. Экономикалық дағдарыстардың ішінен қаржылық дағдарыстарды бөлектеуге болады. Бұлар қаржы жүйесіндегі қайшылықтарды сипаттайды, сөйтіп экономикалық процестердің ақшалай көрінісіндегі дағдарыстар болып табылады.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 634; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!