В. Г. Крыжановский, В. И. Лапенков, В. И. Лютер и др. Антикризисное 4 страница



• цикл себебін ауқатты (бай) және үнемшіл адамдарға тиесілі кірістің, инвестициялануы мүмкіндігімен салыстырғанда, анағұрлым үлкен үлесінен көретін тұтыну кемшіндігі ілімі /теория недопотребления/ (Гобсон, Фостер, Кэтчингс);

• тоқырау циклінің себебін жеткіліксіз емес, керісінше, тым артық инвестициялар жасаудан көретін әсіре инвестициялау ілімі (Хайек, Мизес);

• күн дақтары-ауа райы-шығым ілімі /теория солнечных пятен - погоды – урожая/ (Джевонс, Мур).

Циклділікке көзқарастар мен оның себептерін бағалауда олардың әлеуметтік-экономикалық болмыстың өзгерісімен қатар уақыт желісінде бет-әлпетін өзгерткенін атап өткен жөн. Осы тұрғыдан экономикалық циклдарға деген көзқарастардың өзгеруіндегі үш сатыны бөлектейтін бірқатар ресейлік экономистердің тоқтамын ескерген дұрыс:

1. Бірінші саты XVII ғасыр басы мен XX ғасырдың 30-жылдарының ортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде экономикалық дағдарыстардың не капитализмде мүлде мүмкін еместігі (Дж.С. Милль, Ж.-Б. Сэй, Д. Рикардо), не кездейсоқ сипатқа ғана ие болатындығы және еркін бәсеке жүйесінің дағдарыстарды өздігінен-ақ жеңетіндігі (Ж.-Ш. Сисмонди, Р. Родбертус, К. Каутский) пікірлері басым болды.

2. Екінші саты XX ғасырдың 30-жылдарының ортасы мен 60-жылдарың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезең Дж.М. Кейнс еңбектерімен байланысты. Ғалым экономикалық дағдарыстардың (нақтырақ айтқанда, күйзеліс пен тоқырау) классикалық капитализм жағдайында болмай қоймайтын құбылыс екендігін және оның себебін капитализмге тән нарықтың табиғатынан іздеу керектігін қорытындылады.

3. Үшінші саты XX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан бүгінгі уақытқа дейін жалғасады. Бұл кезеңде, біріншіден, нарықтық экономика циклділігінің экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) себептерін ажыратуға, әсіресе ішкісіне, басты назар аударылды. Екіншіден, дамыған елдердегі мемлекет басшылығы дағдарысқа қарсы реттеуге, циклдік ауытқуларды түзеуге мен экономикалық тепе-теңдікті тұрақтандыруға әрқашан тырыспайтындығын, кейде тіпті циклділікті тудыратын және қолдайтын арнайы циклділіктен бетер саясат ұстанатындығын байқаған бірқатар мамандардың тұжырымдары анықталды.

3. Цикл фазалары мен олардың көрінісі

Қоғамдық ұдайы өндірістің классикалық циклі төрт фазадан тұрады:

- Бірінші фаза – дағдарыс (құлдырау). Өндіріс көлемі қысқарады, іскерлік белсенділік азаяды, баға құлдырайды, тауарлар іркіледі, жұмысыздық өседі және кәсіпорындардың банкротталу саны күрт артады.

- Екінші фаза – тоқырау (тұралау). Мерзімі жағынан жарты жылдан үш жылға дейін созылуы мүмкін бұл фаза шаруашылық өмірдің жаңа жағдайлар мен қажеттіліктерге бейімделу және жаңа тепе-теңдікке ұмтылумен сипатталады. Оған сенімсіздік пен тәртіпсіз бейберекет әрекеттер тән. Кәсіпкердің конъюнктураға сенімі ауырлықпен қалпына келтіріледі, кәсіпкер жалтақтыққа ұрынып, бағалар мен шаруашылық жүргізу жағдайлары тұрақтанғанымен бизнеске (іске) қомақты қаржы құюға тәуекел етпейді. Пайыз (процент) мөлшері бұл фазада, көбінесе, төмендей бастайды.

- Үшінші фаза – жандану (тірілу). Бұл қалпына келу фазасы. Капитал салымдары арта бастайды, бағалар көтеріледі, өндіріс жанданып, жұмыспен қамтылу деңгейі артады, пайыз қойылымы да жоғарылайды. Жандану, ең әуелі, өндіріс құрал-жабдықтарын жеткізуші салаларда анық байқалады. Өзгелердің жетістігінен қанаттанған жаңа кәсіпорындар пайда болады. Басқаша айтқанда, макроэкономикалық көрсеткіштер тұрғысынан дағдарысқа дейінгі деңгейге қол жеткізіледі.

- Төртінші фаза – көтерілу (бум). Бұл фазада экономикалық дамудың қарқынының артуы жаңашылдық үрдісінен, жаңа тауарлар мен кәсіпорындардың қаптауынан, капитал салымдары (инвестициялар) күрт өседі, бағалы қағаздар курсы, пайыздық қойылымдар, бағалар мен жалақы көтеріледі. Осы уақыттың бойында банкілік баланстар шамадан тыс кернейді, тауарлар қоры артады. Экономиканы жаңа үрдісті деңгейге көтерген көтерілу жаңа кезекті фазаға – дағдарысқа алғышарттар дайындайды. 

 

Қазақстан экономикасының дамуын түсіндіруде қазақстандық белді ғалымдардың іскерлік белсенділіктің циклдік толқуын мойындауы үлкен ықпал етті. Кезінде экономикалық заңдылық ретінде циклділікті атақты әлемдік дәрежедегі П.Самуэльсон, В.Леонтьев сынды экономистермен қатар отандық мамандарымыз да мойындамаған еді. Алайда, бүгінгі уақытта ұлттық шаруашылықтар мен әлемдік шаруашылық қозғалысының жалпыға ортақ формасы ретінде экономикалық дамудың циклділігі дәлелденді. Цикл экономиканың түрлі элементтерінің өміршеңдігінің әркелкілігін, дамудың эволюциялық сатыларын (фазаларын) бейнелейді және шиыршық (спираль) бойымен дамудың өзегіне байланысты (трендін) макроэкономикалық теңдестіктің қажетті детерминантасы болып табылады. Шындығында, бұл өтпелі және дамыған кезеңдер арасындағы мемлекеттік әсерге сезімтал экономиканың өзіндік реттелуінің тәсілдерінің бірі. Ағылшын ғалымы Х. Кларк тұңғыш рет ұзын толқындар ілімін әкелсе, оның жерлесі В.Джевонс толқынды дамуды түсіндіру үшін бағалардың ауытқу статистикасын пайдаланды. Өз кезегінде, К.Маркс артық өндіруден туындайтын кезеңдік циклдер формасындағы қысқа толқындарды зерттеуге және циклдің құрылымына (дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу фазалары) назар аударды. структуре цикла, состоящего из четырех фаз: кризиса, депрессии, оживления и подъема.

Н.Д.Кондратьев, С.Кузнец, А. Анчишкин, отандық М.Кенжегузин, Ж.Кулекеев, А.Алимбаева сынды ғалымдарымыздың зертеулерінің жалпы қорытындылары циклділікке қарсы реттеудің және тұрақтандыру саясатын жүргізудің қажеттігін меңзейді. Зерттеу кезеңінің қысқа мерзімділігі (он төрт жыл) мен республика экономикасы дамуындағы ауытқулардың тереңдігі мен ұзақтығы жөнінен әртүрлігі қысқа мерзімді тұрақтандыру жөнінде ғана айтуға мүмкіндік береді.

Кесте - Енді республика экономикасының циклдік даму сатыларына қысқаша сипаттама берейік

Фаза атауы Кезеңдер Қысқаша сипаттамасы

Дағдарыс (Құлдырау)

1989-1993 Ұлттық экономиканың барлық көрсеткіштерінің күрт төмендеуі. «Тітіркендіру терапиясын» қолданғаннан кейінгі бағаны ырықтандыру мен шағын жекешелендірудің (1992-1993) жүргізілу салдарынан кейінгі халық әл-ауқатының барынша нашарлауы. Инфляцияның асқынуы, қайтарымсыз несиелердің етек алуы. Макроэкономикалық саясаттың Ресейге тәуелділігі.
1994-1998 Дербес макроэкономикалық саясат жүргізу. Орын алған гиперинфляцияны ауыздықтау үшін қатаң қаржы-несие саясатына көшу және нарықтық институттардың қалыптаса бастауы. Өнеркәсіп саясатында басымдылықтарды анықтау мен салық саясатын реформалау. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі дағдарыстың кері әсері.
Тоқырау (рецессия) 1999-2000 Классикалық тоқырауға сай нарықтық экономика субъектілерінің жаңа ойын ережелеріне бейімделуі. Шикізат өндірісінің қарқын ала бастауына байланысты ЖҰӨ өсуінің байқалуы. Банк секторының реформасы.

Тірілу (жандану)

2000-2004 Шикізат өндірісі мен экспортының тиімділігіне байланысты басым түрде сол бағытта инвестициялық белсенділіктің артуы. Солардың есебінен экономиканың басқа саларын қолдау мүмкіндігінің пайда болуы. Банк жүйесінің қарқынды дамуынан туындайтын қаржылық тұрақтандырудың орнауы. ЖІӨ физикалық көлемінің дағдарысқа дейінгі 1991 ж. деңгейіне жетуі.
2005-2010 Шикізаттық қана бағдар ұстанудан аластанудың негізін қалау, экономиканы диверсификациялау. Салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтандыруды шынайы дәрежесіне дейін бекіту үшін экономиканы оптималдандыруға күш салу: құрылымдық реформалардың жалғасуы, инновациялық-технологиялық бағдарды дамыту, аумақтық диспропорцияларды түзеу. Тұрғындардың депозитерінің ұлғаюына байланысты ішкі инвестициялар көзі ретінде жинақтау нормасының артуы. Сыртқы сауданы ырықтандыру, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу.
Өрлеу (шынайы экономикалық өсу) 2010- ... Шынайы макроэкономикалық тұрақтандырудың жемістерінің нәтижесі ретінде экономикалық өсудің бекемдігіне қол жеткізу. Өркениетті нарықтық қатынастардың қалыптасуы. Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін жақсарту мүмкіндігінің артуы.

 

4. Экономикалық дағдарыс түрлері мен олардың қарқыны

Кейнстен кейін батыс экономикалық ілімі қоғамдық ұдайы өндірістің циклділігін мойындап және циклдардың формасы, құрылымы мен себептері жөніндегі зерттеулерді тереңдетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына циклділіктен болар теріс салдарларын залалсыздандыру әдістері мен жолдарын бірқатар сәттіліктермен іздестіруде.

 Біріншіден, циклділік көп өлшемді құбылыс ретінде танылады, оның кейбір формалары әлемдік сипат алады. Әкімшілдік-әміршілдік экономика тұсында да оның өзіндік формалары байқалған.

Екіншіден, циклділік бүтіндей, оның ішінде ең бүлікті фазасы – экономикалық дағдарыс, тек қоғамдық «зұлымдық» ретінде қарастырылмайды, нарықтық қатынастар жағдайындағы экономиканың үрдісті дамуын қамтамасыз ететін өзіндік форма ретінде танылады. Экономикалық белсенділіктің ауытқуы жаңғырту, жаңару мен өсу шарттарының бірі сапасында бағаланады.

Үшіншіден, сипатты ерекшелік – қозғалыс шеңбер бойымен емес, шиыршық (спираль) бойымен жүреді. Сондықтан циклділік қоғамның ілгерімді (прогрессивті) дамуының формасы деп танылады.

Төртіншіден, циклдар, оның себептері жөнінде объективті білімді тереңдету және олардың теріс әсерлерін жұмсартудың тиімді әдістері мен құралдарын табу қажет.

Алайда, мынандай да көзқарас бар: циклдар мен дағдарыстар - әр елдің ішкі даму ерекшеліктерінің нәтижесі.

Дағдарыстар белгілі бір заңдылықтармен қайталануына байланысты регулярлы (циклдік) немесе кезеңдік болады. Бұған дейін атап өткеніміздей оны циклдің төрт фазасының бірі және маңыздысы ретінде білеміз. Мұндай дағдарыстардың сипатты ерекшелігі – олар экономиканың барлық сфераларын қамтиды және тереңдігі мен ұзақтығы айрықша келеді. Регулярлы емес дағдарыстарға аралық, жекелік, салалық және құрылымдық түрлері жатады. Аралық дағдарыс жаңа циклдің басталуына әкелмейді, тек белгілі бір уақытқа көтерілу мен жандану фазасының ағымын үзеді. Ол оншалықты терең және ұзақ мерзімді емес және, әдетте, локалды (ноқаттық) сипатқа ие. Мұндай дағдарыстар 1924, 1927, 1953-54 және 1960-1961 жылдары капталистік елдерде орын алды және АҚШ пен Канаданы ғана қамтыды. Жекелік дағдарыс қоғамдық ұдайы өндірістің қандай-да бір жеке сферасын қарпиды. Мәселен, 1932 жылы орын алған Германиядағы банк дағдарысы. Салалық дағдарыс халық шаруашылығының бір саласын ғана қамтиды. Оған алуан-түрлі себептер ықпал етуі мүмкін. Солардың ішінде: сала дамуындағы диспропорция, құрылымдық қайта құру, артық өндіру. Мұндай дағдарыстар ұлттық және халықаралық дәрежеде өтуі мүмкін. Соңғысына 1958-1962 жылдардағы әлемдік кеме жасау және 1977 жылдары болған тоқыма өнеркәсібіндегі дағдарыстарды мысал ретінде келтіруге болады. Құрылымдық дағдарыс қоғамдық өндірістің прпорционалды дамуының заңдылығы бұзылуынан көрінеді. Бұл, біріншіден, салалар арасындағы, екіншіден, теңгерімді даму үшін қажетті өнімдердің маңызды түрлерін шығарудағы елеулі диспропорциялардан байқалады. 70-жылдары Батыс экономикасын энергетикалық, шикізаттық және азық-түлік дағдарыстары тұралатты.

 

3 тақырып. Дағдарысқа қарсы менеджменттің негізгі кескіндері

Жоспар:

1. Дағдарысқа қарсы дамудың басқарылатын және басқарылмайтын процесстері

2. Дағдарысқа қарсы басқарудың мүмкіндігі, қажеттілігі және проблематикасы

3. Дағдарысқа қарсы басқарудың белгілері мен ерекшеліктері

4. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі

1. Дағдарысқа қарсы дамудың басқарылатын және басқарылмайтын процесстері

Ұйымға қатысты барлық процесстерді екі топқа бөлуге болады: басқарылатын және басқарылмйтын. Басқарылатын процесстер – саналы түрде белгілі бағытта өзгертуге көнетін процесстер. Басқарылмайтын процесстер – бағыты мен сипатын қандай-да себептермен өзгерту мүмкін емес, өзіндік заңдылықтары бар процесстер. Дағдарысқа қарсы даму – ұйымның мақсаттары мен дамуының объективті ағымдарына сәйкесті дағдарыстың алдын-алу мен жеңуге байланысты басқарылатын процесс.

2. Дағдарысқа қарсы менеджменттің мүмкіндіктері, қажеттілігі және проблематикасы

Әлеуметтік-экономикалық жүйені басқару белгілі мөлшерде әрдайым дағдарысқа қарсы бағытталуы керек. Дағдарысқа қарсы басқару – бұл дағдарыстың болу қаупін алдын-ала ескерту, оның белгілерін, кері әсерлерін төмендету шараларын талдау және оның факторларын одан арғы дамуда пайдалануды қарастыратын басқару.

Дағдарысқа қарсы басқару мүмкіндігі, ең әуелі, адам факторымен анықталады. Адамның саналы әрекеті дағдарыстық жағдайдан шығу жолдарын қарастыру мен табуды, дағдарысты жеңудің мыңжылдықтар бойы жинақталған тәжірібиесін пайдалануды, туындаған жағдайға икемделуді мүмкін етеді. Сонымен қатар, Дағдарысқа қарсы басқару мүмкіндігі әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуының циклдық сипатын білумен де анықталады. Бұл дағдарыстық жағдайдың алдын-алуға дайындалуға көмектеседі. Оқыстан болар дағдарыстар, әрине, еең қауіпті саналады.

Дағдарысқа қарсы басқарудың қажеттілігі дамудың мақсаттарымен анықталады. Мәселен, экологияда адам денсаулығы мен өміріне қаупі бар дағдарысты жағдайлардың туындауы оған қарсы басқарудың жаңа құралдарын іздестіруге мәжбүр етті, олардың қатарына технологияларды өзгерту жөніндегі шешімдер жатады.

Дағдарысқа қарсы басқарудың проблематикасы ауқымды және алуан-түрлі. Барлық мәселелердің жиынтығын төрт топқа жіктеуге болады:


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 557; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!