В. Г. Крыжановский, В. И. Лапенков, В. И. Лютер и др. Антикризисное 7 страница



    Сонымен қатар мемлекеттің инновациялық инфрақұрылым элементтері жүзеге асырылады. Олар: технологиялық парктер мен зоналар; ақпараттық технологиялар паркі; ядролық технологиялар паркі; биотехнологиялар паркі; 7 аймақтық технопарктер; Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің бірегей ақпараттық базасы.

    Инновациялық инфрақұрылым дамуының негізгі мақсаты отандық, шетелдік потенциал мен технологияны қолдану негізінде өнімнің бәсеке қабілеттігін қамтамасыз ететін ашық инновациялық жүйені құру. Ұлттық инновациялық жүйенің дамуы 2 негізгі бағытты қарастырады – Инновациялық инфрақұрылымның жасалуы мен дамуы және инновациялық қызмет субъектілерінің арасында қатынастардың тиімді жүйесін құру.

Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық процестің объектісі мен субъектісінің жүйесі, инновациялық тиімділікті бағалау, реттеу, іске асыру, өндіру, енгізу, жасау, құруды қамтамасыз ететін қатысушылар жиынтығы.

Инновациялық инфрақұрылымға: инновациялық орталықтар, инкубаторлар, технопарктер, кеңес берушілік және үйретушілік фирмалар, инновациялық кәсіпорындарды конструкторлы-технологиялық қолдау ұйымдары, жоғары оқу орындары, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар, қаржылық ұйымдар жатады.

Инновациялық инфрақұрылым субъектілерінің функциялары: инновациялық даму субъектілерінің ұйымдық-құқықтық құрылу процесі бойынша қызмет көрсету, бизнестік қызмет көрсету кешені, ақпараттық-коммуникациялық қамсыздандыру, білім беру қызметінің кешені, технологиялар трансфері.

Инновациялық инфрақұрылым элементтеріне инновациялық қызметтің барлық субъектілері жатады:

Ø инновацияларды жасайтын және іске асыратын жеке және заңды тұлғалар;

Ø инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілері, парктер, бизнес инкубаторлар, инновациялық қорлар, орталықтар және басқа ұйымдар;

Ø инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік басқару органдары;

Ø инновацияны өндіруші мен тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдық бірлестіктер.

Қазіргі кезде Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын мемлекеттік бюджет құралдарының қатысуымен жасалған жұмыс істеуші субъектілер және мемлекетпен құрылған сервистік даму институттары құрайды. 2015 жылға дейін Ұлттық инновациялық жүйені құру шегінде келесі қаржылық инфрақұрылымның элементтері жүзеге асырылады:

Ø гранттарды ұсыну жүйесін кеңейту;

Ø ұлттық және шетел капиталына қатысуымен венчурлық қаржыландыру жүйесі;

Ø венчурлық қорлар мен жаңа технологиялық компаниялардың бағалы қағаздар нарығы.

Сонымен қатар мемлекеттің инновациялық инфрақұрылым элементтері жүзеге асырылады. Олар: технологиялық парктер мен зоналар; ақпараттық технологиялар паркі; ядролық технологиялар паркі; биотехнологиялар паркі; 7 аймақтық технопарктер; Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің бірегей ақпараттық базасы.

 

5 тақырып. Дағдарысқа қарсы менеджменттегі инвестициялық саясат

Жоспар:

1. Дағдарысқа қарсы басқарудағы инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін негіз ретінде инвестициялық үрдістің қалпын сипаттау

2. Шектеулі қаржы ресурстары жағдайында инвестицияларды қаржыландыру көздері

3. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау

1. Дағдарысқа қарсы басқарудағы инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін негіз ретінде инвестициялық үрдістің қалпын сипаттау

    Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандыруына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсінілетін.

    Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі едәуір жақын келеді.

    Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

    Инвестиция категориясының мәнін анықтауда көптеген нұсқаларды талдап, келесілерді атап өтуге болады:

    Орталықтандырылған жоспарлы жүйе шеңберінде инвестиция түсінігі капиталдық салымдар түсінігімен теңестіріледі және құрылыс кешенінің қызметін сипаттайтын маңызды экономикалық көрсеткіш болып табылады. Капиталдық салымдар жоспарлы түрде өндірістік аппараттың ұдайы өндірісіне, өндірістік қуат пен құрылысқа, сондай-ақ өндірістік емес сфера объектілеріне бағытталатын жиынтық қоғамдық еңбек ресурстарының құнын көрсететін экономикалық категория ретінде қарастырылады.

    Нарықтық қатынастардың дамуымен инвестицияларды жүзеге асыру нысандарын, әдістері мен қағидаларын бағалауға ғылыми көзқарас та өзгереді. Осылайша, Л.Дж.Гитман, М.Д.Джонк инвестицияға келесідей түсінік берген: «капитал құнын сақтау мен өсіруді қамтамасыз ететін және тиімді табыс әкелетін капитал салу тәсілі».

    Ю.А.Матькин инвестицияны әлеуметтік, экономикалық және экологиялық нәтиже алу мақсатымен ел шеңберінде, сондай-ақ одан тыс қаржылық және материалдық-техникалық құралдардың салымы ретінде түсінеді. Берілген анықтама келешекте пайданы максималдандыру мақсатымен кәсіпкерлік қызметке салынатын игіліктер мен құндылықтар жиынтығы ретінде батыс экономикалық әдебиеттерінде қолданылатын инвестиция түсінігіне сәйкес келеді.

    Жоғарыда келтірілген инвестиция анықтамаларынан өзгеше түсінік бар. В.Д.Миловидовтың ойынша, инвестициялар – қаржылық және материалдық құндылықтардың әртүрлі нысандарына бос ақша құралдарының салымы, яғни активтер. Келтірілген анықтама ақша құралдарын қажетсінетіндерге қайта бөлу үрдісін түсіндіреді.

    ҚР 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373-ІІ «Инвестиция туралы» заңында келесідей анықтама берілген: «Инвестициялар – лизингтік келесім-шарттың бекітілген кезеңінен бастап, лизингтік құралдар және оларға құқықты қоса, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салған мүліктің барлық түрі (жеке қолдануға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызметте қолданылатын бекітілген активтердің өсімі».

    Н.Нұрланованың пікірінше, «инвестициялар – материалдық байлық пен қоғамдық материалдық емес құндылықтарға, инновациялық және әлеуметтік сфераларға қаржылық құралдар арқылы салынатын ресурстар».

    Инвестиция – көп тармақты құрылым. Капиталдың физикалық және ақшалай бөлінуіне сәйкес инвестициялар да материалдық-заттай және ақшалай деп бөлінеді. Материалдық-заттай формадағы инвестициялар – құрылыстағы өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар мен машиналар және басқа да техникалық паркті алмастыруға немесе кеңейтуге бағытталған инвестициялық тауарлар.

    Ақша формасындағы инвестициялар – бұл материалдық-заттай формадағы инвестицияларды құруға бағытталған, инвестициялық тауарларды шығаруды қамтамасыз ететін ақша капиталы. Орталықтандырылған экономикада орын алған инвестициялық тауарлар мен ақша формасындағы инвестициялардың тапшылығы өндірісті кеңейту мен жаңарту, қажетті инфрақұрылым жасау, материалдық запастарды қалыптастыру мәселелерін шешуде жеткіліксіз болса, нарықтық экономикадағы негізгі мәселе қол жетімді инвестициялық тауарға айналдыратын ақшалай инвестицияларды іздестіру болып табылады.

    Нақты инвестициялар экономика салаларына және экономикалық қызмет түрлеріне салымдар болып табылады және нақты капитал өсімін қамтамасыз етеді, яғни өндіріс құрал-жабдықтарын, материалдық құндылықтарды, запастарды, ақпараттық-интеллектуалдық ресурстарды молайтады.

    Қаржылық инвестициялар дегеніміз – акцияларға, облигацияларға, вексельдерге және басқа да бағалы қағаздар мен қаржылық құралдарға салымдар. Мұндай салымдар өздігінен нақты заттай капиталға өсім бермейді, дегенмен уақыт бойынша құнды қағаздардың бағамы өзгеруі есебінен пайда, соның ішінде алыпсатарлық пайда әкелуге мүмкіндіктері бар. Мысалы акциялар нақты, физикалық капитал өндірмейді. Бірақ егер акцияны сатудан түскен ақша өндіріске, құрылысқа, жабдықтарға салынатын болса, онда қаржылық инвестициялар нақты капиталға ақшалай салымдар болып шығады да, реалды инвестицияларға айналады. Сондықтан бағалы қағаздарды сату-сатып алу арқылы алыпсатарлық пайда алу мақсатындағы салымдар мен нақты, физикалық капиталға айналатын қаржылық инвестицияларды ажырата білу керек.

    Тікелей қаржылық инвестициялар – дивидент түрінде табыс, сондай-ақ акционерлік компанияны басқаруға қатысу құқығын алу мақсатында акционерлік қоғамның жарғылық қорына ақшалай салымдар. Бақылаушы тікелей инвестициялар деп акциялардың бақылау пакетіне иелікті айтады, яғни дауыс берушінің акциялардың жартысынан астамына иелік етуі.

    Қаржылық инвестициялар құрамынан портфельдік инвестицияларды ерекшелейді. Бағалы қағаздарға салым салатын тұлғалар табыстылығын жоғарылатып, тәуекелін төмендету үшін портфель деп аталатын бағалы қағаздардың бірнеше түрлерінің жиынтығын сатып алады.

    Тәуекелдік деңгейі жоғары инвестициялар венчурлық капитал деп аталады. Ірі венчурлық капитал инвестициялық жобаларға, қызметтің жаңа түрлеріне салынуымен ерекшеленеді. Мұндай капиталдың әрбір салымшысының тәуекелін кеміту үшін көптеген салымшылардың капиталын біріктіріп венчурлық капитал қорын құрады.

    Мерзімдері бойынша қысқа мерзімді (бір немесе бірнеше айға) және ұзақ мерзімді (бір немесе бірнеше жылға) салымдар белгілі. Осы мерзімдер ішінде алғашында бейтараптанған салымдар өндірістік факторларға айналып, қайтарым, табыс, пайда әкеле бастайды.

    Капитал салымшысы – инвестор деп тек қана өзінің емес, «өзгенің» де ісіне салымдаушы тұлғаларды, мекемелерді, мемлекетті атайды. Әрине, қаражат салынған «өзгенікі» шамалы болса да, «өзінікіне» айналады. Капиталды инвестициялаушыға байланысты мемлекеттік, жекеменшік, шетелдік инвестицияларды ажыратады.

    Республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін инвестицияларды бюджеттік, ал басқа көздерден тартылатындарды бюджеттік емес инвестициялар деп атайды.

    Инвестициялар мемлекеттің, кәсіпорынның, тұрғындардың жинақтары және қорлануымен тығыз байланысты. Мемлекет үшін қорлану, яғни ұлттық табыстың ағымдағы тұтынуына жұмсалмайтын бір бөлігі негізгі ішкі инвестицияның қайнар көзі, бастауы болып табылады. Кәсіпорындар, компаниялар инвестициялық қаражат ретінде пайданың қорлануын жұмсайды. Инвестициялық ресурстарды тұтынатын негізгі үш экономикалық субъектілерді бөліп көрсетуге болады. Олар – мемлекеттік басқару органдары түріндегі мемлекеттің өзі, кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, сондай-ақ үй шаруашылығы жиынтығы түріндегі тұрғындар.

    Мемлекеттің инвестициялық саясаты шетелдік инвестицияларды экономиканың нақты секторына тартуды көздеуі тиіс. Нарықтық экономикада инвестицияларды тарту мен пайдаланудың негізгі агенті меншіктің әртүрлі формасындағы компаниялар, фирмалар және кәсіпкерлер болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бұл жиынтығы өндірістік капиталға ең мүдделі топ болғандықтан, қажетті инвестициялар тартудың әртүрлі көздерін іздестіреді.

2. Шектеулі қаржы ресурстары жағдайында инвестицияларды қаржыландыру көздері

    Кәсіпорынды инвестициялық қаржыландырудың көзі ретінде шаруашылық қызметтің барлық түрлерінен алынатын пайда болып табылады. Салықтарды, ренталық төлемдерді жүзеге асырудан және дивиденттерді үлестіргеннен қалған пайданы кәсіпорындар мен кәсіпкерлер өз өндірісіне капитал салымы ретінде пайдалануға толық мүмкіндігі болады. Рентабельділігі жоғары кәсіпорындар үшін бұл өзін-өзі қаржыландыру формасындағы инвестиция тартудың сенімді көзі және ешқандай қарыз міндеттемелері жоқ қаржы болып табылады.

    Өндірістік ұйымдарды инвестициялаудың орнықты ішкі көзіне амортизациялық төлемдер жатады. Олар бекітілген нормаларға сәйкес, міндетті түрде өндірісте қолданылатын негізгі құрал-жабдықтардың барлығына есептеледі және өндірістік шығындар құрамына қосылады. Тозған капиталдың, негізгі құрал-жабдықтардың орнын толтыруға жұмсалатындықтан бұл қаражаттың инвестициялық жаратылысы байқалады. Амортизация жабдықтардың нормативті қолданылуы мерзімі бойына бекітілген пайыз мөлшерінде әр жылғы біркелкі есептелуі немесе жеделдетілген амортизация шартына сәйкес жоғары пайызбен есептелуі мүмкін.

    Ақша түріндегі инвестиция тартудың негізгі сыртқы көздерінің бірі банктік кредит болып табылады. Банктік инвестициялық кредит, әдетте, қайтарым кепілдігі, белгіленген уақыт және пайыздық қойылым негізінде жүзеге асады.

    Капиталды тартудың негізгі бір көзі болып отандық және шетелдік банктер, басқа да қаржы-несиелік ұйымдар беретін инвестициялық кредиттер есептеледі. Егер инвестор-банк кәсіпорын-қарыз алушыға кредиттік желі ретінде қайталанатын қаражат түрінде беретін болса, онда бұл кредит түрі қарыз алушының вексельдік міндеттемесі, сондай-ақ оның активтері негізінде берілуі мүмкін.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 550; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!