В. Г. Крыжановский, В. И. Лапенков, В. И. Лютер и др. Антикризисное 5 страница



ü Бірінші топ дағдарыс алды жағдайларын тану мәселелерінен тұрады.

ü Екінші топ ұйымның өмірлік іс-әрекетінің негізгі сфераларын басқару мәселелерімен байланысты. Бұл, ең әуелі, әдістемелік мәселелер. Оларды шешу кезінде басқарудың миссиясы мен мақсаттары қалыптасады, даму жолдары қарастырылады, дағдарысты жағдайда басқарудың құралдары мен әдістері белгіленеді.

ü Төртінші топ мәселелері дағдарысты жағдайға қатысты персоналды таңдау мен конфликтологияны құрайды. Дағдарысты басқару құрылымында дағдарысқа қарсы инвестицияларды жасақтау мен маркетингті, құрамдас кәсіпорындарды банкроттау мен сауықтыру (санациялау) мәселелерін ескерусіз қалдыруға болмайды.

3. Дағдарысқа қарсы менеджменттің белгілері мен ерекшеліктері

Кез-келген басқару сипаттарының бірі ол оның пәні (заты) болып табылады. Жалпылама алғанда басқарудың пәні әрқашан адамның іс-әрекеті екендігі даусыз. Ұйымды басқару – бұл адамдардың бірлескен іс-әрекетін басқару. Бұл іс-әрекет қалай-да болмасын шешілетін көптеген мәселелерді құрайды: осы іс-әрекет арқылы немесе процесс бойында. Сондықтан басқарудың пәнін адам іс-әрекетінің мәселелерінің жиынтығы түрінде қарастыруға болады. Міне дәл осылайша стартегиялық басқару, экологиялық менеджмент және т.б. бөлініп шығады.

Кез-келген басқару әрқашан дағдарысқа қарсы бағытталатыны белгілі. Дағдарысқа қарсы басқарудың мәні келесі жайлармен ашылады:

ü дағдарыстың алдын-алуға, оны күтуге және шақыруға болады;

ü дағдарысты белгілі шамада жеделдетуге, ескертуге және сыруға болады;

ü дағдарысқа дайындалу қажет;

ü дағдарысты жұмсартуға немесе жеңілдетуге болады;

ü дағдарыстың орын алған уақытында айрықша тәсілдер, арнайы білім,

тәжірібие мен өнер талап етіледі;

ü дағдарысты процесстер белгілі шекке дейін басқарылымды болуы мүмкін;

ü дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру процесін басқару оның

ауыртпалықтарын жеңілдетуді мүмкін етеді.

4. Дағдарысқа қарсы менеджменттің тиімділігі

Басқарудың дамуы оның тиімділігін арттырумен жалғасуы тиіс. Өз кезегінде, басқарудың тиімділігін арттыру оның қуатын (потенциалын) өсірумен, яғни позитивті өзгертулер мүмкіндігімен, қажетті ресурстардың болуымен және оларды пайдалану жайттарымен анықталады.

Дағдарысқа қарсы басқару, әлбетте, тиімділігі тұрғысынан жоғары немесе төменірек болуы мүмкін. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі оны жеңілдету, аясын тарылту мақсаттарына жету дәрежесімен, басқаша айтқанда, оған жұмсалған ресурстармен салыстырғанда дағдарысты оңтайлы пайдаланумен сипатталады. Әрине, бұл тиімділікті нақты дәл есептік көрсеткіштермен бағалау қиын болар, бірақ оны басқарудың оң және теріс тұстарын жалпы бағалау мен талдауда байқауға болады. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігін анықтайтын негізгі факторларды түсіну мен ажырата білу, оларды дұрыс талдап, оңтайлы жүргізудің кепіліне айналады. Олар:

1. Дағдарысқа қарсы басқарудың кәсібилігі мен арнайы дайындығы. Бұл жерде тек басқарудың жалпы кәсіби деңгейін ғана емес, нақты дағдарыстық басқару ерекшеліктерін бейнелей алатын кәсіби біліктілік мен тәжірібиені қарастыру керек. Мұндай кәсіпқойлық арнайы білім алу процесінде, мақсатты түрде тәжірібие жинақтағанда және оқыс жағдайларда басқару өнерін дамытудан туады.

2. Басқару өнерін, табиғи қабілеттіліктің және арнайы даярлықтың нәтижесі ретінде, дағдарысқа қарсы басқару тиімділігін анықтайтын факторлар ішінен айрықша бөліп көрсету қажет. Көптеген дағдарысты жағдайларда басқарудың жеке өнері шешуші болып табылады.

3. Қаупі сейілмеген немесе тәуекелді шешімдерді қабылдау әдістемесі. Мұндай әдістеме жасалуы және игерілуі қажет, өйткені сонымен басқару шешімдерінің дер кезділік, мәселені толық бейнелеу, нақтылық, ұйымдық маңыздылық сияқты сапалары анықталады.

 

4 тақырып. Дағдарысқа қарсы менеджменттегі инновациялар

Жоспар:

1. Инновациялық үрдіс дағдарысқа қарсы басқарудың факторы ретінде

2. Кәсіпорынның инновациялық әлеуеті, дағдарысқа қарсы басқарудың оның рөлі

3. Дағдарысқа қарсы дамудың мемлекеттік инновациялық стратегиясы

4. Инновациялық инфрақұрылымдардың дамуы дағдарыстан шығу шарты ретінде

1. Инновациялық үрдіс дағдарысқа қарсы басқарудың факторы ретінде

Инновация – бұл нарықтағы коммерциялық қолданысты және ұсыныста жаңа өнім түрінде соңғы сатыға дейін жеткізілген жаңалық. Жаңа өнімнің ұзақтығы оны қолдануда экономикалық тиімділіктің әрқашан өсіп отыруымен байланысты. «Инновация» барлық жаңалыққа, өндірісте сол сияқты ұйымдық ғылыми-зерттеуде, оқу және басқару орталықтарында барлық жетілдірілген, қамтамасыз етілген экономикалық шығын түсінігі ретінде қолданылады. Олай болса инновациялар нарыққа және тұтынушыға бағытталады. Тәжірибе жүзінде инновация белгі қатарында жүйеленеді. Пайда болуы жағынан екіге бөлінеді:а) реактивтік – жаңа жаңартуларға деген әсер сияқты, жетілдірілген бәсекелестік кәсіпорын өмір сүруі үшін нарықта жүргізілген күрес. б) стратегиялық – бәсекелестер алдында болашақта басымдылыққа ие болуы анықталып, енгізілуі.

Инновациялық жүйе деп - әдетте, инновациялық қызметпен қатар жүретін элементтерді, сонымен қатар, компанияның реттеуші құжаттарын бекітетін өзара ішкі қарым-қатынасты түсінеміз. Әрбір қызметкер құжаттардан еркін түрде ақпарат алып отыру үшін оларды ақпараттық қорға біріктіру қажет (мәселен, ішкі корпоративтік желінің сайтын құру), сонымен қатар, құжаттарды қабылдау жөніндегі сұрақтарға жауап беріп отыратын кеңесші-заңгер немесе менеджер тағайындау қажет.

    Инновациялық жүйенің құру бағыттары болып табылатындар: кәсіпорын өнімінің бәсекеқабілеттілігін арттыру; компанияның ұзақ мерзімге тұрақты дамып, өсуі үшін ақпараттық қорды құру; кәсіпорынды экономикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету;

Инновациялық үрдіс - кезең-кезеңмен өтетін процес. Яғни, жаңалықтардың басты ойларынан іске асыруға дейін, сатуға және сол жаңалықтың диффузиясына дейін апаратын іс-әрекеттер.

Инновациялық үрдіс - кез келген экономика субъектісінің инновациялық қызметі. Басты бағыты аяқталған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жаңа немесе жетілдірілген өнім түріне келтіріп, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процестің нарыққа сату.

Инновациялық процесстің маңызы – жаңалықтардың инициациялық мақсат бағытымен жүретін әрекеттер. Яғни жаңа өнімдерді өңдеп, оларды базарларға сату және әрі қарай диффузияландыру.

Инновациялық процестің құрылымына 7 элемент кіреді. Олардың бір жүйелілікке бірігу нәтижесінде инновациялық процестің құрылымын құрайды.

1. Инициация;

2. Инновацияның маркетингі;

3. Инновацияны өндіріп шығару;

4. Инновацияны сату;

5. Инновациялардың өтуі;

6. Инновацияның экономика тиімділігін бағалау;

7. Инновацияның диффузиясы.

Инициация - жаңалықтардың жасауларымен күнделікті тұрмысқа енгізу кезеңі. Оның негізі ғылым- новаторлар мен ұйымдастырушылар ұжымының жұмысынан тұрады. Олар түрлі творчестволық шешімдердің және дәстүрлі емес әдістерін қолдана отырып өмірге инновацияларды негіздеп, енгізеді.

Инновацияның маркетингі – стратегиялық және оның шапшаң құрастырушысынан тұратын кезең. Басты мақсаты базар конъюктурасының зерттеуінің нәтижесіне сүйене отырып, базардың сегменттерін құру, сұранысты ұйымдастырып, қалыптастыру, сатып алушының мінез — құлықтарын үлгіге алу, фирма қызметін шапшаңдату, жағдайға қарап нәтижелілікпен басқару, жаңалықтарға бәсеке стратегиясын қалыптастыру.

Инновацияны өндіріп шығару — өндіріс процесін жинақты орындау. Яғни, еңбек заттары мен еңбек құралын таңдау, өндірістік процесін керекті қорлармен, жабдықтармен, жұмыс аспаптарымен, бақылау құралдарымен қамтамасыз ету. Оларға келесі факторлар әсер етеді:

ü механикаландырудың, автоматтандырудың, мамандандырудың деңгейі;

ü технологиялық процестердің деңгейі;

ü технологиялық процестердің және жабдықтаудың орта жасы;

ü жабдықтау жұмысының ауысымдылық коэффициенті;

ü фирманың штаттық кестесінің жинақылығы;

ü қор қырағының еңбегі (негізгі қорлардың белсенді бөлім құнының

қызметкерлер санына қатынасы);

ü өндіріс құндылығының көрсеткіштері (кадрлардың тұрақсыздығы, еңбек өнімі, жұмыс уақытының бос өтуі, өндіріс процестердің пропорционалдығы, параллельдігі, ырғақтылығы).

Инновацияны сату - сату, нарық сегментациясын өткізуі арқылы пайда болған инновациялық партиялардың базарға шығуы (нарық сегментациясы: әлеуметтік–демографиядан, пайда, мінез — құлық, әлеуметтік–мәдениеттен және өнеркәсіп тауарларының сегментациясынан тұрады), мақсат сегментациясын таңдау (тұтынушылардың тобын анықтау); тауарлардың позиционерлеу (тауардың имиджін жасап шығару); тауарды сатуға арналған шапшаң маркетинг бағдарлама мен нәтижелі жарнама шығару; тауардың өтуіне байланысты ынталандыру әдісін ұйымдастыру.

Инновациялардың өтуі - инновациялардың өтуіне, өтім желілер (тарату каналдары) функциясының орындалуы көмектеседі:

ü базар сегментациясының нәтижелерін зерттеу мен жарнаманы жоспарлау;

ü тұтынушылар мен делдалдармен келісім-шарт орнату;

ü клиенттерге келген тауарлардың түсіру жоспарын құру;

ü өтім каналдарын анықтау (көтерме, бөлшектер, саудагерлер, агенттер, делдалдар, қызмет ететін сауда ұйымдар, меншікті өтім желілері);

ü тауарлардың қабылдауын, сақтауын, қорабшасын, сорттарға бөліп және түсіруін ұйымдастыру;

ü тауардың ақпараттық, қорлық және техникалық түрімен қамтамасыз етіп, оның өтімін ұйымдастыру;

ü өтімнің жоғарлауына байланысты ынталандыру әдісін ұйымдастыру (тұтынушыларға, сауда желілеріне жеңілдіктер жасау);

ü  тұтынушылармен кері байланысты құру және оны ретке келтіру.

Инновацияның экономика тиімділігін бағалау — инновацияның шығындар мен табыстылығын, рентабельдік көрсеткішін, инвестицияның инновацияға есесін қайтару аралығын анықтайтын кезең.

Инновацияның диффузиясы — тауарларды сыртқы нарықтарға көпшілікке тарату кезеңі. Ол инновациялардың өту функциясына ұқсас, яғни қалаған тарату каналдарымен немесе басқа өтім желілері арқылы инновацияларды тұтынушыларға дейін жеткізіп салу қызметін атқарады.

2. Кәсіпорынның инновациялық әлеуеті, дағдарысқа қарсы басқарудағы оның рөлі

Инновациялық жүйедегі компания мына қызметтерді атқаруы қажет:

ü нарықта зерттеудің басым бағытын таңдау және болжамдау;

ü кәсіпорын қызметінің стратегиялық жоспарын құру;

ü инновациялық пікірлерді, жаңалықтарды іздеу, бағалау, іріктеу;

ü инновациялық жобаларды енгізу;

ü енгізілген инновациялық жобаларды, олардың түзетулерін көрсетіп, бақылау.

Жүйе тиімді қызмет жасауы үшін НИИ, жоғары оқу орындарының, технологияны дамыту жіне трансферлік технологиялар бойынша ізденетін орталықтарымен, қайта өңдеуге тапсырыс қабылдайтын маманданған қызметкерлер құрамын іздеп табу, жалдау және кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынас жасау.Тиімді инновациялық жүйені құру үшін қаржылық және ақпараттық жақтан қамтамасыз етуді ескеру қажет. Мәселен компания деңгейіндегі мөлшер мен кірістен құралған заттың шығыны сәйкес келетін қор құрылуы мүмкін.Ұсынылған пікір мен нәтижелердің жалпы барлық қызметкерлерден қолдау тауып, жүзеге асырылуы, заманауи әдіс-тәсілдерді іздеп табу және ақпарат беру архиві арқылы инновациялық жүйенің айқындылығын қамту маңызды.

Инновациялық жүйенің қызметін келесі негізгі жүйешелерді іске қосу құрылымдарымен қамтамасыздандырады:

    1. Қаржылық қамту. Кәсіпорынның мөлшерлік немесе бағдарлық қызметінде мемлекеттік субсидия, банктік несие, қаржыландыру немесе меншіктік инновациялық қорды пайдалану ресурсында жоғары немесе төмен құлдырау болуы мүмкін.

    2. Ақпараттық қамту. Жергілікті желіні құруда, барлық жауапты орындаушыларды ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ, басқару үдерісін автоматтандырады және ақпараттық арналарды инновациялық инфрақұрылымдық элементтермен қарым-қатынасы үшін жасап шығарады.

3. Нормативтік-құқықтық қамту. Барлық нормативтік құжаттандырудың инновациялық жүйесінің бизнес-үдерісін түрлендіру мен регламенттеудің жиынтығын, сондай-ақ, жауапты орындаушының қызметтерін қамтиды, патент алуды және жасырын коммерциялық құпиямен қамтамасыз етеді.

4. Ұйымдастырушылық-құқықтық қамту. Инновациялық бөлімшелердің ұйымдастырушылық құрылымындағы шаралардың бизнес-үдерістің сәйкестігінің өзіндік құрылымымен таныстырады, сондай-ақ бөлімшелер арасындағы ақпараттық лекті регламенттейді.

5. Кадрлық қамту. Кәсіпорын және сыртқы ортадан қызметкерлер құрамын іздеу міндетіне, оны үйренуге және шығармашылық әлеуетінің жоғарылауы үшін көлденең ротацияға ие.

Кез келген компания инновациясының қайнар көздері - адамдар. Көбінесе, тіпті қатардағы қызметкердің бірі, өзіне оның қызметінде бір нәрсені болсын жақсы жағына қарай өзгерту туралы ой келеді. Дегенмен, көптеген осы түрдегі ойлар пікір күйінше қалады, кейде жанжалдың шығуына себепші болады.

Тиімді инновациялық жүйені құру үшін пікірдің қайдан туындайтынын нақты түсіну қажет:

-Тікелей компания қызметкерлерінен

-Тақырыптық әдебиеттерді зерттеудің нәтижесінде

-Басқа компаниялардың ұйымдық бизнесін бақылау нәтижесінде


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 742; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!