В. Г. Крыжановский, В. И. Лапенков, В. И. Лютер и др. Антикризисное 6 страница



-Кеңесшімен жұмыс жасау нәтижесінде

Аяқ асты пайда болған пікір мен бақылау бизнес тиімділігін айқын жоғарылату үшін жеткіліксіз. Инновацияның пайда болуына жағдай жасау, ең алдымен, екі бағыттағы қызметкерлер құрамына қатысты болып келеді: біріншіден, тақырыптық әдебиеттерді зерттеген және басқа компанияларда тәжірибе жинақтаған құрылымдық міндетке лайықты қызметкерледі осы лауазымға бекіту. Екіншіден барлық қызметкерлерге моральдық және материалдық жақтан жағдай жасау. Материалдық жағдай тек белсенді инновациялық қызметі үшін сыйақы тағайындау түрінде құрылуы тиіс, сондықтан сыйақыны жылдық қорытынды кезінде немесе кірістен түскен пайыздан төлеу жөнсіз. Ең тиімді жолы инновативтік қызметкер біліктілігіне үнемі конкурс өткізу және алған орнына қарай ынталандыру сыйлығын тағайындап отыру. Одан басқа да пирамидалық кесте негізіне сүйене отырып, ұйымның жетілуінде, компанияның дамуында көп пайда әкелген қызметкерлер жұмыс жасайтын бөлім бастығының да сыйақы алып отыруын ұйымдастыру қажет. Аталған жағдайда инновациялық қызметке жеке тіркелу барысында тойтарыс туындауы мүмкін. Қазақстан Республикасының 2005-2015 жылдарға арналған ұлттық инновациялық жүйесінің дамуы және түрленуі бағдарламасы аясында мемлекет инновациялық кәсіпорындар жүйесін түрлендіру және олардың қызметтерін қарқындандыруда бірнеше шаралар қолданылады. Инновациялық кәсіпкерліктің жақын болашақта дамуы инновациялық кәсіпкерлік аясында дайындық және алдын ала кадрларды дайындау, жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі, осы орайда шет елде білім алу, сондай-ақ, қысқа мерзімдік курстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу, қызмет үстіндегі менеджерлердің сапалық біліктілігін арттыру үшін мемлекет мұндай бағдарламаларды қаржыландырып отырады.

Білім және ғылым Министрлігі, индустрия және сауда Министрлігі бағдарламаны жүзеге асыру аясында шетелдік алдыңғы бизнес мектептер және алдыңғы жоғары оқу орындарымен біріге отырып «инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша басқарушылық кадрларды дайындау оқу бағдарламасы жасалды. Сонымен қатар, инновациялық кәсіпкерлер, инфрақұрылымдық ұйым қызметкерлері, өндірістік кәсіпорын менеджерлері теория және тәжірибе алмасу менеджменті инновациясы бойынша қысқа және орта-жедел бағдарламалар жүргізу мақсатында технопарк жанынан оқу орталықтары ашылады.

    Инновациялық компанияның ілгерілеу жағдайлары:

- Өнімділік (нәтижелілік) – өндірістің жаңа түрінің пайда болуына байланысты өнім және оның қызметі, жаңа жасалған өндірісі, істеп шығарылған жаңа өнім өндірістің ескі түрінің алдыңғы сұранысын азайтып жойылып кетуіне әсерін тигізуі мүмкін.

 - Нарықтық – ашылған жаңа ортаға өнімінің енгізілуі және оның нарық кеңістігінде кеңеюі.

- Үдерістік – жаңа технологияның қолданылуы, басқару құрылымы мен ұйымының өндірісін, өнімнің және қызметтің ресурстарын сақтау әдісі.

- Тұтынушылық – тұтынушының ағымдағы сұранысын қанағаттандыруға және болашақтағы жаңа құрылымына бағытталған.

Түрлері ажыратылады: негізгі – жаңадан ойлап табылған зат түбегейлі іске асырылғанда;технологиялық ерекше жасалуымен және жаңа жоғары тиімді технологиялық үдеріске енгізілген жаңа технологиялық құрылғы – еңбектің өнімділігін, шығарылған өнімнің сапасын бірден көтеруге жол береді; модификациялық (түрленуші) - жетілдірілген, жаңғыртылған құрылым және жаңа нысанға (кішкене ғана жаңалықтар, өнертапқыштық ұсыныс ) бағытталған.

Ресми статистика бойынша техникалық инновация деп – жаңа түрдегі жетілдірілген өнімнің іске асырылуын, нарыққа енгізілген, жаңа немесе жетілдірілген техникалық үдеріс немесе өндірістік қызметтің түрін тәжірибеден өткізілген қызмет болып табылатын инновациялық қызметтің соңғы қорытындысын айтады. Инновацияның қалай қолданылуы үдерістің өзіндік түрлеріне байланысты. Инновациялық болып, инновацияның авторы – ұйымның жұмыскері немесе сыртқы уәкілі (сыртқы меншіктер, банктер, республикалық және жергілікті биліктің өкілі, ғылыми-зертханалық ұйымдар және де басқа кәсіпорындар) кім болуына қарамастан өнімдік және үдерістік инновацияны енгізген кәсіпорын болып табылады.

Инновациялық қызмет – инновациялық ғылыми және жоғары көлемдегі өндірістің интеллектуалдық даму мақсатындағы тұтынушының сұранысын қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті тауар және қызметтің жаңа өнімін алу тәжірибесінда пайдаладу. Инновациялық қызмет жаңалықтың жылдам қарқында жасалуы, олардың экономикадағы тірегі және кең құрылымдық жылжу мүмкіндігі, нарықтағы мөлшерінің ұлғаюы және қажеттілік пен талаптың күшеюімен түсіндіріледі.

Жай компания үшін инновациялық қызметті жүзеге асыру қаншалықты маңызды?

Нарықтағы біртүрдегі тауарлармен салыстырмалы түрде қарасақ, мұндай тауарлардыңөндірістік өзіндік құны әр фирмада бірдей. Материалдық және жиынтықтық, көліктік шығындардың бағасы бәріне бірдей. Аумақтағы айлық ақысы анықталған бір деңгейде жетілдірілген қандай да бір техникалық инновация жасалмайды – барлық фирмалар ұқсас техникаларды ұстап отыр. Бәсеке қабілеттілікті көтерудің және қосымша кіріс табудың бір ғана жолы – ұйымдық бизнестің тиімділігін арттыру. Оған былай жетуге болады:

ü Маркетингтік стратегияны түзеу (өнімнің орнығуы, бағалық, өтімділік, жарнамалық саясат, сервис, кепілдік, сатып алушыға қолайлылық);

ü Шығындарды азайту (қаржылық оңтайландыру, жарамсыздықты азайту, еңбек өндірісін арттыру);

ü Бірлескен мәдениетті құру және қолдау;

ü Бизнес-үдерісін өзгерту;

ü Ұйымдық құрылымды өзгерту

Сонымен компанияның инновациялық қызметінде ғылыми, ғылыми-теникалық және интеллектуалдық жаңа немесе жақсы өнім алу мақсатында, оларды өндірудегі қажеттілікті, индивидуалдық сұранысты және жаңалыққа қоғамның сұранысын жаңа тәсілмен қанағаттандыру масатында құрылымдық қызметкерлер жасайтын жүйесі бар. Техникалық жаңартулардың нұсқаларын орынды таңдау нақты жағдайға, жаңалықтың ерекшелігіне, бағытқа сәйкестілігіне, ресурстық-ғылыми-техникалық кәсіпорын дамуына, нарық талабына, техника және технологияның ерекше қажеттілігі мен өмірлік циклмен байланысында.

Компанияның инновациялық қызметі әр түрлі элементтердің инновациялық қызметі және деңгейінен, инновациялық қызметтегі топтардан және әрбір жұмысшыдан құралады. «жұмысшы» термині қазіргі уақытта шаруашылықты жүргізуші, ал, біз инновациялық қызметін жетілдіріп, инновациялық құрылымдық қызметін жүзеге асырған жеке тұлға деп түсінеміз. Инновациялық қызмет инновациялық жеке тұлғаға ғана емес, оның инновациялық қабілеті мен белсенділігіне де байланысты. Компанияда инновациялық тұлғалар көбірек жұмыс жасаған сайын оның құрылымдық қызметі соғұрлым өседі. Инновациялық белсенділік туралы былай деуге болады: қызметкердің кеңестегі, жиналыстағы, жұмыс кезіндегі белсенділігі; өнертапқыштық ұсыныстардың саны, инновациялық пікірлер, шығармашылық ынтасы т.б.

    Өңделген, енгізілген, жекешелендірілген және коммерциялық жаңалық кәсіпорын қызметіне қосады:

Ø Жаңалықтың өңделуін, лабораториялық зерттеуді жүргізуді, лабораториялық үлгіде жасалған жаңа өнімнің дайындалуын, жаңа техника түрін, жаңа конструкция мен бұйымды ғылыми-зертханалық және конструторлық жұмыс жүргізеді.

Ø Жаңа өнімді дайындау үдерісіндегі техникалық өңдеу;

Ø Өнімді дайындау үшін жобалау, дайындау, сынау, жаңа техника түріне енгізу қажет;

Ø Жаңалықтың жүзеге асуына бағытталған жаңа ұйымдық басқарушылық шешімді өңдеу және енгізу;

Ø Зерттеу, өңдеу және қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамту;

Ø НИОКР өткізу үшін дайындалу, үйрену, арнайы әдістерді таңдаудың құрылымдық қызметі қажет;

Ø Жұмысты бақылау немесе қажетті құжаттар мен лицензияны, патенттеуді, ноу-хоуды иелену;

Ø Инновацияның дамуында маркетингтік зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу.

Жаңалықтың үдерісін компанияның стратегиясынан және бәсекелестік күресінен ажырата алмаймыз. Жаңалықтың негізін салушының бірі басқарудың дамуы және қазіргі жетістіктер негізіндегі технология. Ғылыми-техникалық дамуды басқаруды жетілдіру бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Көптеген компанияларда арнайы инновациялық стратегиялар жалпы корпоративтік негізде жетілдірілген. Инновация қызметі – компания қызметінің бір түрі, сондай-ақ, оған мақсат, міндет, стратегия да кіреді. Инновациялық стратегияның ұстанымы жалпы корпоративтік және жұмыстық стратегияға бағытталған. Инновациялық стратегияның нысанында үш негізгі ақпараттық кіріс бар: қоршаған орта факторының болжамы, ішкі құрылымдық қызметкерлерді саралау, компанияның корпоративтік стратегиясы. Инновациялық менеджер ғылымның және техниканың даму тенденциясын қадағалап, саралап, ақпараттық алмасулар мен көлік технологиясын қадағалап отыру қажет. Мәселен басқа салада жаңа техника пайда болса, ең алдымен өнімнің басқару үдерісіндегі жаңа технологияның өнеркәсіптік компанияда кең қолданылуы қаралады.

3. Дағдарысқа қарсы дамудың мемлекеттік инновациялық стратегиясы

Қазақстандағы инновациялық қызмет технологиялық дамудың артта қалуына байланысты экономиканың барлық саласының көлемділік деңгейі теория мен тәжірибе дәрежесіне жеткен жоқ. Өнеркәсібі дамыған елдерде өнімнің инновациялық қызметін жүзеге асыруда ұлттық кірістің өсуі 20% -дан жоғары болып келеді. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықтың теңқұқылы серіктесі болуы үшін, дүниежүзілік нарықта ғылыми өтімді өніммен бәсекеге қабілетті бола алатын макротехнологиялық ортасын анықтау қажет. Республика үшін бұл орайда басым бағыттар мыналар; ғарыш, энергетика-биотехнология, арнайы химия, өзінзік ғылыми мектебі бар телеқатынастық, байланыстық орта. Бұл жағдайда отандық экономикада инвестицияны пайдалана отырып, ішкі нарықтық, салықтық басқа да мемлекеттік құралдарды реттеп, жаңа бәсекелестік өнім түрін өндіруді қамтамасыз етуге қабілетті негізде көп мөлшерде қайтара алатындай мақсатта даму бағдарламасын жасап шығару. Қазіргі күнде едәуір қимыл инновациялық үдерісте ұлтаралық және ұлттық деңгейде бірігу байланысын дамытуы мүмкін. Инновациялық жолдағы экономиканың дамуы мен өндірістегі қолдануға негіз болатын жаңа ғылыми-техникалық және жоғары ғылыми-техникалық құралдану кезеңінің мемлекеттік қолдауға ие болған механизмдердің бірі ТМД аясындағы мемлекетаралық инновациялық бағдарламалар болып табылады. ТМД елдерінің мемлекеттік бюджет тәсілінде ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, оларды өнеркәсіптік өндірісте игеруде бюджеттік емес қайнар көздер қолданылады. Экономикалық аспектіде инновацияның дамуы әрқашан көптеген ғалымдардың бақылауында болады. Кейбір инновациалық қызметің дамуында зерттеулер жетіспейді, ұйымдық экономикалық механизімнің жаңа этаптағы транцформациялық дамуы ерекше сұрақ туындатады. Олай болатын болса теориялық және әдістемелік негізі қаланған инновациялық қызметтің келешекте тағыда дамуы талап етіледі.

4. Инновациялық инфрақұрылымдардың дамуы дағдарыстан шығу шарты ретінде

    Инновациялық инфрақұрылым дамуының негізгі мақсаты отандық, шетелдік потенциал мен технологияны қолдану негізінде өнімнің бәсеке қабілеттігін қамтамасыз ететін ашық инновациялық жүйені құру. Ұлттық инновациялық жүйенің дамуы 2 негізгі бағытты қарастырады – Инновациялық инфрақұрылымның жасалуы мен дамуы және инновациялық қызмет субъектілерінің арасында қатынастардың тиімді жүйесін құру.

    Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық процестің объектісі мен субъектісінің жүйесі, инновациялық тиімділікті бағалау, реттеу, іске асыру, өндіру, енгізу, жасау, құруды қамтамасыз ететін қатысушылар жиынтығы.

    Инновациялық инфрақұрылымға: инновациялық орталықтар, инкубаторлар, технопарктер, кеңес берушілік және үйретушілік фирмалар, инновациялық кәсіпорындарды конструкторлы-технологиялық қолдау ұйымдары, жоғары оқу орындары, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар, қаржылық ұйымдар жатады.

    Инновациялық инфрақұрылым субъектілерінің функциялары: инновациялық даму субъектілерінің ұйымдық-құқықтық құрылу процесі бойынша қызмет көрсету, бизнестік қызмет көрсету кешені, ақпараттық-коммуникациялық қамсыздандыру, білім беру қызметінің кешені, технологиялар трансфері.

    Инновациялық инфрақұрылым элементтеріне инновациялық қызметтің барлық субъектілері жатады:

Ø инновацияларды жасайтын және іске асыратын жеке және заңды тұлғалар;

Ø инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілері, парктер, бизнес инкубаторлар, инновациялық қорлар, орталықтар және басқа ұйымдар;

Ø инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік басқару органдары;

Ø инновацияны өндіруші мен тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдық бірлестіктер.

    Қазіргі кезде Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын мемлекеттік бюджет құралдарының қатысуымен жасалған жұмыс істеуші субъектілер және мемлекетпен құрылған сервистік даму институттары құрайды. 2015 жылға дейін Ұлттық инновациялық жүйені құру шегінде келесі қаржылық инфрақұрылымның элементтері жүзеге асырылады:

Ø гранттарды ұсыну жүйесін кеңейту;

Ø ұлттық және шетел капиталына қатысуымен венчурлық қаржыландыру жүйесі;

Ø венчурлық қорлар мен жаңа технологиялық компаниялардың бағалы қағаздар нарығы.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 552; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!