В. Г. Крыжановский, В. И. Лапенков, В. И. Лютер и др. Антикризисное 8 страница



    Инвестиция және оны елге тарту еліміздің экономикасының дамуында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен, инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Соған байланысты, инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған. Осыған орай, экономика теориясына енген инвестиция термині өзінің маңыздылығымен әрі қарқынды дамуымен еліміздің экономикасында маңызды орын алып отыр.

    Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

3. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау

Кәсіпорын деңгейінде инвестициялық тартымдылықты арттыруда бірінші болып, алдағы кезеңдерге арналған даму сипаттары үлкен орын алады. Инвестиция тарту жолымен дамудың алдағы кезеңдердегі көкжиегін нақты талдаулар жасау арқылы болжанған жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі. Ол экономикалық тиімділік деңгейінің қатынастары, өнім өндіру мен оған кететін өндірістік шығындарды дұрыс есептеп, үнемді пайдалану. Кәсіпорындағы инвестициялық тартымдылыққа өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің ұзақтығы тығыз байланысты. Инвестициялық қызметтің ұтымды жолдарының бірі инвестициялық тиімділікті бағалауды өте дұрыс есептеу шарт. Шаруашылық қызметтің негізгі шарттарының бірі болып, өндідістің барлық элементтерін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыру. Шетелдік тәжірибеде инвестициялық тартымдылықты арттыру көбінесе инвестициялық жобаларды ғылыми негіздеп, іс-тәжірибеге лайық, сондай-ақ макродеңгейдегі болатын өзгерістерге барынша төтеп бере алатын жобалар әзірлеумен анықталады.

Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.

Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:

1) Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың мақсаты ең алдымен құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндiрiстiк қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың шығындарын төмендету болып табылады;

2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай инвес­тициялардың мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;

3) Жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялар кәсiпорында бұрындары өндiрiлмеген тауарларды шығаратын немесе жаңа қызмет түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды қамтамасыз етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.

4) Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мақсатына бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған жағдайда қолданылады.

Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай тәуекелдiлiк логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма жұмысының нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай алмау қаупi деңгейiмен анықталмайды. Мақсаты нарыққа белгiсiз өнiм шығару болып табылатын жаңа өндiрiстi ұйымдастыру жоғары дәрежелi белгiсiздiкпен байланысты, ал нарықпен қабылдалынған тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн жоғарылату (шыныдарды төмендету), инвестициялау нәтижесiнiң ми­ни­малды қауiп әкелетiндiгi түсiнiктi. Осы сияқты, мемлекеттiк басқару меке­ме­лерiнiң талаптарын қанағаттандыру мақсатымен жасалған инвести­ция­лар да тәуекелдiлiктiң төмен деңгейiмен байланысты. 

Толық ғылыми-техникалық өндiрiстiк циклдi инвестициялауға болады немесе оның элементтерiн (сатыларын) - ғылыми зерттеулер, жобалық – конструкторлық жұмыстар, iс-әрекеттегi өндiрiстi кеңейту немесе қайта құру, жаңа өндiрiстi ұйымдастыру немесе жаңа өнiмдi шығару және т.б. iс-әрекеттердi инвестициялауға болады.

Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкiн.

дейін.

    Инвестициялық жобаны нарыктық көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау үшін жұмыстын басталуы мен аякталуын нақты білу керек. Зертеуші, ғалым үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер үшін- алғашқы ақша қаражатты жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.

    Жобаны қаржыландыратын инвесторларды процестің жасалуы емес, оны өткізуден алатын табыс қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер үшін – жүмыстың аякталуы. Кейбір жобалар үшін жұмыстың аякталуы – қаржыландырудың тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық қуаттылықты толығымен игеру болады.

    Жобамен жұмыс істеу мезгілінің басталуы мен аяқталуы құжатты түрде негізделу керек.

    Жобаның басталу кезінен өтімділік кезеңге дейінгі уақыт аралығы инвестициялық цикл деп аталады.

    Инвестициялық циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның әркайсысының өз мақсаттары мен міндеттері бар:

Ø инвестицияға дейінгі - бастапқы зерттеулерден инвестициялық жобаны

қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін;

Ø ивестиция кезеңі- келісім- шарт жасау кезеңі;

Ø өндірістік- кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету кезеңі.

    Инвестициялауға дейінгі және инвестициялау кезіндегі этаптар инвестициялық жобалау облысына кіреді. Ал өндірістік кезең арнайы жүргізуші кезеңдер ( өндірістік мекеме және еңбек күші, болжау, қаржыландыру, талдау т.б ) облысына кіреді.

    Инвестицияға дейінгі кезде болашақ объектіні жобалау қарастырылады. Кәсіпорын инвестиция туралы алдын-ала шешім қабылдайды, салынып жатқан объектілерінің директорын тағайындайды. Жобаның техникалық экономикалық бағалауын, өтімділік бағасын зертеуді кәсіпорынның өзі жүргізеді немесе мамандырылған мекемелердің көмегіне жүгінуге болады.

    Жобаның алғашкы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін ең экономикалық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес- жоспарын құру. Бірақ, уакытында тоқтау деген принципке сүйене жүру керек, яғни жұмыстың басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.

    Екінші инвестициялық кезенде жоба мыналарды енгізеді:

Ø жобалық кәсіпорынды таңдау;

Ø жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;

Ø жобалық және құрлыстық жұмыстын алдын – ала жоспары;

Ø деталдық жоспарлау және спцификация;

Ø құрлыстық орындардын сызбасы.

    Осы кезеңде бас мердігер және субмердігер тағайындалады. Мердігерлер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қыска мерзімді зайымдар аңыкталады.

    Инвестициялық кезеңде орындалған көп нұсқаулы есептер нақты жобаны, оның техникасын және жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде қабылданатын шешімдер техникалық деңгейін, құрлымын құрлыстық өндірістік жобаны жүзеге асыру шығындары ғана емес, сонымен қатар пайдалану шығындарына да тәуелді.

    Жобалау үрдісін 2 кезеңге бөлуге болады:

Ø жоба алдындағы;

Ø нақты жобалау.

Жобалау алдындағы кезең инвестиция салудың алғы шарттарын жасайды. Дәл осы кезеңде жобаның өміршеңділігі мен инвестициялық тартымдылығы қалана басталады. Жобалау алдындағы кезең зерттеулері нақты инвестициялық жобаның толық сипаттайды. Инвестициялық жобаның өмірлік циклін бұл кезеңде дәл анықтау мүмкіндігі қиынға соғады.

Нақты жобалау өзі екі кезеңді енгізеді: бастапқы және соңгы жоба. Әр кезеңде болашақ объектінің сметасы аңықталады.

Барлық жалпы көрсеткіштер жиынның технкалық және ұйымдастырушылық тиімділігін сипаттайтын, келесі топтарды қарастыруға болады:

Ø Еңбек өнімділігінің, еңбекақы қоры жоғарылауы;

Ø Материал қайтарымдылығының өсуі (материалдар шығынын азайту);

Ø Негізгі қор қайтарымдылығын көтеру;

Ø Айналым коэффициентінің артуы;

Ø Өнім көлемін жоғарылату;

Ø Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;

Ø Қаржылық тұрақтылық жағдайын көрсеткіштерін жоғарылату;

    Инвестициялық мүмкіншіліктерді қолданудың экономикалық тиімділігі барлық материалдық салаларға ортақ. Әдістік ұсыныстар іс-шараларының кешені ғылыми-техникалық прогресті үдетуге бағытталған.

 Жобалау үрдісіндесінде болашақ объектінің негізгі мәселелері шешіледі. Олар: өз белгілеуіне сәйкестілігі; прогресті пайдалану талаптары; қысқа мерзім ішінде аз ғана еңбек күшін, материалды және ақша қаражатты пайдалануда. 

 Тәжірибеде кәсіпорынның жобасын жасау, өндеу кезінде мынандай бөлімдерді өзіне енгізеді: түсіндірмелі хат; техника-экономикалық бөлім; бас жоспар; енбек күші;  құрлыстық бөлім; өндірісті баскару жүйесі; сметалық құжаттар.

Инвестициялық сипаттағы бақылау шешімін қабылдау процесі негізінде болашақ ақша түсімдері мен болжаулы инвестиция көлемін салыстыру жэне бағалау жатыр.Өйткені салыстырылатын көрсеткіштер әр түрлі уақытқа қатысты, осындағы ең негізгі проблема оларды салыстыру. Оған әртурлі қарауға болады, объективті жэне субъективті жағдайға байланысты инфляция қарқыны болатын түсімдердің көлемі, болжау көкжиегі, аналитиктердің білім деңгейі және т.б.

 

6 тақырып. Консалтингтік менеджмент дағдарысқа қарсы басқарудың элементі ретінде

Жоспар:

1. Консалтингтік менеджменттің мәні мен қолданылу саласы

2. Кеңес беру тәсілдері

3. Кеңестік жобаның орналасуын ұйымдастыру

1. Консалтингтік менеджменттің мәні мен қолданылу саласы

«Консультант» - латын сөзі, «кеңес беруші» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді нақты бағытта, өз мамандығы бойынша кеңес беретін іскер-маман деп түсіну керек.

Экономика мен басқару бойынша кеңесшілердің еуропадағы қауымдастығының анықтамасы бойынша – «Менеджмент-консалтинг» дегеніміз – басқару мәселелері бойынша тәуелсіз кеңес пен көмек көрсету – оның ішінде проблемалар немесе мүмкіндіктерді анықтау мен боғалау, оларды жүзеге асыру бойынша керекті шаралар мен көмектің ұсынылуы.

Өнеркәсібі дамыған, нарықты экономикадағы мемлекеттерде консультативтік қызметтің тиімділігі жаңа қондырғы немесе алдыңғы қатарлы технолгия сатып алудан кем емес. Қазақстанда қазіргі уақытта кеңес берушінің (консультанттың) ондай беделі жоқ. Сонымен бірге экономиканы басқару бағытындағы ақыл-ой капиталы толығымен қолданылады. Елімізде әдетке қайшы клетін жағдай бар: кәсіпорындардың көпшілігі ұйымдастыру, басқару сипатындағы себептер бойынша эеономикалық жағдайын төмендетіп алған, нарықтық кезеңге бейім емес. Соған қарамастан осы бағыттағы ақыл-ой потенциалын қолдана алмайды немесе қолданғысы келмейді.

Ал кеңесшілердің көмегіне сүйінген басқарушылар қаржылық шаруашылық талдаудан, белсенді маркетингтен, инвестициялық қаржылық саясатты дұрыстаудан тиімді оң әсер ала бастады.

Консалтин,гті қызмет ауызша бір кеңес түрінде жүзеге асыруы мүмкін. Бірақ негізінде консалтингті жобалар құрамына келесі сатылар енгізілуі керек:

Ø проблемаларды анықтау;

Ø шешімдерді, жобаларды жасау;

Ø шешімдерді,жобаларды жүзеге асыру;

Ø жобаның көлеміне қарай оның соңғы сатысының жүзеге асырылуы бір күннен бірнеше айға дейін созылады. Кей жағдайларда клиенттермен байланыс бірнеше жылға созылуы мүмкін.

2. Кеңес беру тәсілдері

Кеңес беру тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін. Олардың ішінен ең көп қолданылатын және көп тараған үш түрін атап келуге болады: эксперттік, процестік, оқытушылық.

Эксперттік кеңес беру- консалтингтің ең пассивті түрі болып табылады. Бұл жерде кеңес беруші диагностиканы өзі жүзеге асырады. Шешімдер мен кеңестерді өзі еңгізеді. Ал клиент кеңес берушіні керекті ақпаратпен ғана қамтамасыз етеді.

Процестік кеңес беруде консалтингтік фирманың мамандары жобаны жүзеге асырудың барлық сатыларында тығыз бацланыста болады. Оның өз пікірін, ұсынысын айтуына мүмкіндік береді. Кеңес берушілер клиентпен бірге проблемаларды талдайды және ұсыныстарды зерттейді.

 

Кесте - Сауда фирмасындағы меркетингтік жұмыстың моделдік (үлгілік) бағдарламасы

 

Маркетингтік ақпаратты жинақтау және мәліметтерді жинау Маркетингтік басқару шешімдерін қабылдау
Ішкі және сыртқы ортаның факторларын зерттеу (макро және микро орта) Өзінің нақты нарықтық мүмкіндіктерін толық көрсету
Тауар нарығының конъюктурасын және оның даму бағытын зерттау Тауарды өндіру бойынша дұрыс шешім қабылдау
Сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін мәліметтерді алу және талдау Өткізу және баға саясатын қалыптастыру
Тауар сапасы бойынша сұраулар мен керекті ассортиментті анықтау Сатып алушылардың қызығушылығы мен мұқтаждығын қанағаттандыру
Тауар мен қамтамасыз етушілермен іскерлік және тұрақты байланыстарды орнату Тауармен жабдықтаудың транзиттік және қоймалық түрлерін ұйымдастыру
Нарықтық қатынастарға бағытталған саудалық технолгогиялық процесті ұйымдастыру Таурды сатудың жоспарлылығын, ағымдығын, тұрақтылылығын қамтамасыз ету
Жарнамалық іс-шараларды жүзеге асыру Сатылатын тауарлырға қызығушылықтың жоғарлауы
Фирманың имиджін жасау Дүкендерге өзіне тән түр беру

Оқытушылық кеңес беру мамандардың басты мақсаты идеяның пайда болуына шешім жасауға жағдай жасайды. Осы мақсатпен кеңес берушілер клиенттің кәсіпорнында әр түрлі тақырыптағы лекциялар, семинарлар өткізеді, теориялық және практикалық жағдайларды қарастырған оқулықтар шығарады.


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 556; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!