В. Г. Крыжановский, В. И. Лапенков, В. И. Лютер и др. Антикризисное 10 страница



· құқықтардың, міндетттемелердің және жауапкершіліктердің үйлесуі, яғни ұйымдағы әрбір адам нақты жұмыстармен қамтылады да, оның орындалуына жауап береді;

· мотивация, яғни менеджерлер марапаттау және жазалау жүйесін неғұрлым ұқыпты жүргізген сайын мотивация бағдарламасын тиімді орындап, ұйымның және жеке бастың мақсаттарына жету үшін әр адамның әрекетін (қабілетін) ояту;

· басқаруды демократизациялау – барлық қызметкерлердің ұжымды басқаруға қатысуы;

· персоналды басқару жүйесін қалыптастыруда қойылатын талаптарды сипаттайтын қағидалар;

· персоналды басқару жүйесін дамытудың бағытын анықтайтын қағидалар.

Персоналды басқарудың шартты қағидаларына персоналды басқару функцияларының қалыптасуы мен өндірістің мақсаты және өзгеру жағдайлары жатады.

8 тақырып. Дағдарысқа қарсы менеджмент бойынша менеджер

Жоспар:

1. Дағдарысқа қарсы басқарудағы менеджер қызметінің маңызы мен саласы

2. Дағдарысқа қарсы басқарудағы менеджер үлгісі

3. Дағдарысқа қарсы басқарудағы менеджер қызметінің рөлдік құрылымы

 

9 тақырып. Дағдарысқа қарсы басқарудың шетелдік тәжірибесі

Жоспар:

1. Дамыған нарықтық экономикасымен елдерде дағдарысқа қарсы басқару ерекшеліктері: макроэкономикалық аспект

2. Германиядағы дағдарысқа қарсы басқару ерекшеліктері

3. Чехияда дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесі

4. Италияда дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесі

Мемлекет нарықтық экономиканың сыртқы жүйесі емес, оның құрамдас бөлігі болып табылғандықтан, ұдайы өндіріс үрдірісінің әр түрлі сфераларына өз әсерін тигізеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу-мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыдан жасалатын қызметі, мемлекеттік құқылы мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық жүйелерді өзгеретін жағдайларға сәйкес, әртүрлі және өзара байланысты экономикалық реттегіштерді қолдана отырып, зандылық, атқарушы және бақылау сипатындағы жүргізетін типтік шаралардың жүйесі .

Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды міндеттерінің бірі болып, кәсіпорын қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардан өтуге жағдайлар жасау табылады. Бұл міндет дағдарысты мемлекеттік реттеу шараларын жасау мен өткізу арқылы шешіледі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-мемлекеттің кәсіпорынды дағдарыстық жағдайлардан, банкроттықтың алдын - алудан қорғау немесе оның арғы қызметін тоқтату үшін пайда болатын ұйымдастырушылық-экономикалық және кұқықтық қатынастарын көрсететін макроэкономикалық категория. Дағдарысты мемлекеттік реттеу-нормативті құбылыс. Ол қызметті талдаудан және нақты, ашық мақсаттарды қоюдан, мүмкіндігінше дағдарыстық жағдайларды оң түрде өзгертетін құралдардан тұрады .

Дағдарысқа қарсы басқару үрдістерін мемлекеттік реттеудің дамыған елдердегі тәжірибесін талдай отырып, қолданылатын тәсілдердің ортақтығына қарамастан әр мемлекеттің заңдылығы ұлттық экономиканың ерекшеліктерін, қалыптасқан менталитетті, этикалық дәстүрлерді ескеретінін айта кету орынды сияқты .

Біз осы зерттеу жұмысымызда нарықтық экономикалы, транзитты экономикалы елдердің және Қазақстан Республикасының дағдарысты мемлекеттік реттеу тәжірибелерін қарастыра отырып, кәсіпорын үшін оңтайлы, ұтымды жақтарын анықтауға, жалпы дағдарысқа қарсы заңдылықтарды қандай да бір белгілері арқылы жіктеуге тырыстық.

Осы жерде мынадай орынды сұрақ туады - кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қандай белгілермен бағаланады және қандай көрсеткіштер бойынша дәрменсіздікті алдын-ала болжауға болады ?

Жалпы түрде, кәсіпорынның банкроттығының ресми белгілері борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіздігі-яғни төлем қабілетсіздігі. Дағдарысты мемлекеттік реттеу үрдісін бастау үшін төлем қабілетсіздік белгісі Германияда- кәсіпорынның өзінің тез өтімді қаражаттарынан көп соманы 1 ай ішінде төлемеуі, Францияда несиегер куәлаган төлемді тоқтату фактісі, Англияда шаруашылық жүргізуші субъект бір немесе бірнеше қарыздар бойынша ең кемі 750 фунт стерлинг, АҚШ - та 5 мың доллар борышы болу керек. Бұрынғы социалистік елдерде банкроттықтың ресми белгілерін-дәрменсіздікті белгілеуде негізгі назар уақыт аспектісіне жасалады. Мысалы, Болгарияда, дәрменсіз болып, 60 күн бойы өз міндеттемелерін банк шоттарында ақша қаржылары болмағандықтан орындамаған фирма - төлем қабілетсіз деп жарияланады. Венгрияда дәрменсіз болып, мойындаған қарызын 60 күн ішінде немесе талап қойғаннан кейін 30 күн ішінде төлеуге кедергі болған себептерді кредиторға үсынбаған борышкер табылады. Румынияда бұл мерзім 30 күнтізбелік күнмен шектеледі. Басқа бұрынғы социалистік елдермен салыстарғанда дәрменсіздік институты ұзағырақ қызмет ететін Чехия мен Польшада банкроттықтың ресми белгілері-кәсіпорынның бірнеше кредитор алдында өз міндеттемелерін орындауға қабілетсіздігі болып табылады. Ресей мемлекетінде, Қазақстан Республикасында үш ай мерзімде өз міндеттемелері бойынша төлем төлемеуі саналады.

Банкроттықтың ресми белгілерімен қатар, мүмкін банкроттықты білдіретін ресми емес белгілері бар.

Дағдарысты мемлекеттік реттеу тәжірибесін нарықтық экономикалы елдердің бірі - Германия мысалынан бастадық. Ел экономикасының маңызды ерекшеліктерінің бірі болып, өнеркәсіп шоғырлануының жоғары деңгейі табылады. Басқа көптеген Еуропалық елдермен қатар, Германияны жеткілікті деңгейде дамыған экономикалық инфрақұрылым және оның элементтерінің-жылжымайтын мүлік, ақпараттар, технологиялар, қаржылар және бағалы қағаздар нарықтарының бүтіндігі сипаттайды. Бұл бизнестің
жоғары деңгейін, және оның салдары ретінде жоғарғы ұйымдастыру шығындарын     анықтайды.    Осындай макроэкономикалық тенденциялар төлем қабілетсіз кәсіпорындарды басқару механизмдерінің типологиясын қалыптастырады. Кәсіпорындар санациясын тікелей мемлекеттік қаржыландыру, әдетте, аймақтық маңызы бар өте ірі зауыттарға ғана қолданылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде банктік несиелер бойынша кепілдік беру қолданылады. Кәсіпорындар санациясы, кредиторлар өз капиталдарын қайтарып алатынына анық сенімді болған жағдайда жүргізіледі. Санацияның міндетті шарттары болып кредиторлық борышты жартылай (кем дегенде 35 % - ке) жабу және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру үшін менеджерлік құрамды ауыстыру саналады.

Германияда, банкроттық механизм жетік әзірленген. Арбитрлық соттың конкурстық өндірісті ашуына негіз болып кредиторлардың немесе борышкердің өз арызы табылады. Кәсіпорын басшылығының арызды өз уақытында бермеуі қылмыс ретінде қабылданады-мемлекет төлем қабілетсіз элементтердің экономикадан кетуін қатаң бақылайды. Барлық сұрақтар кредиторлар жиналысының бақылауымен қызмет ететін конкурстық басқарушының құдіретіне жатады.

Заң жүзінде несие қарызын жабудың келесі кезектілігі белгіленген:

· мемлекетке салық борыштарын өтеу;

· әлеуметтік төлемдер, оның ішінде еңбек ақы (Германияда азаматтарға әлеуметтік кепілдіктердің сенімді жүйесі әрекет етеді, жұмысшыларға еңбек ақы қарыздарын төлеуге кәсіпорында қаражат жетпеген жағдайда мемлекет төлейді);

· басқа да несиегерлер.

Дегенмен, коммерциялық банктермен несиелеу, әдетте, жылжымайтын мүлікті кепілге алу арқылы жүргізілетіндіктен, конкурстық өндірісті ашқан кезде кепілден бос мүлік аз қалады. Сондықтан, кредиторлар шешімінің кең таралған түрі болып кәсіпорын санациясын жүргізу табылады.

Неміс заңдылығы конкурстық өндірісті екі талап орындалған жағдайда қарастырады: банкпен несиелеу тоқтатылғанда және активтерден пассивтер артып кеткен жағдайда. Елдің жоғары сотының шешіміне сәйкес, кәсіпорынды, егер оның активтері қарыздарын өтемесе немесе өз дамуына негізделген дәйекті бизнес-жоспары болмаса банкрот деп табады.

Әрине, кәсіпорынның дәрменсіздігін анықтаудың мұндай критерийлері өте қатал. Сондықтан, кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын анықтау бірнеше бағыттарды қамтитын оның дағдарысының себептерін талдау жолымен жүргізіледі:

· кәсіпорынның қызмет етуінің құқықтық жағдайларын талдау оның ұйымдық - құқықтық нысанын, фирма қызметінің заңды кеңістігін қалыптастыратын құрылтай құжаттарын қарастыруды ескереді;

· кәсіпорын филиалдарының орналасуын, өндірістік бағдарламасын талдау өндіріс жағдайларының және өткізу оңтайлылығын бағалауға бағытталған;

· кәсіпорынды өндіріс ресурстарымен жабдықтау жүйесін талдау
барысында шикізат пен өнім қорының бар-жоғы, тауар айналым қарқыны, щикізат жеткізудің келісім-шарттарының орындалуы, шикізат сапасы мен құны анықталады;

· кәсіпорынға қаржы ресурстарының қажеттілігін талдау және қаржылық жоспарлау кәсіпорын активтерін бағалауға, олардың өтімділігін, нарықтық құнын, меншікті және қарыз капиталының үлесін, қаржылык саясаттың стратегиясын бағалауға және бизнес - бағдарламаны қаржыландырудың ең тиімді көздерін анықтауға бағыттылған;

· ұйымдастырушылық жағдайларды талдау кәсіпорынды басқару тиімділігін, менеджмент құрылымының ұтымдылығын, басқарушы құрамның біліктілік деңгейін, акпараттық тасқындардың оңтайлығын бағалауды ескереді;

· кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайларын бағалаудың да маңызы зор - салалық қимадағы жағдай, өндірілетін тауарлар тобы бойынша бәсеке деңгейі, бәсекелестердің стратегиясы мен қуаты, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, тұрғын халықтың төлем қабілеттілігі, экологиялық шектеулердің әсері.

Осы аталған факторлардың және заңдылықтың ресми мөлшерлерінің жиынтығы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтайды және оның құрылымын кайта құру нысандары жайлы шешімдерді қабылдауға негіз болады.

Италияның банкроттылық туралы заңдылығы бірнеше құқықтық нормаларды бөліп көрсетеді: банкроттық; банкроттық қаупі жағдайында кредиторлармен келісу; банкроттық қаупі төнген жағдайдағы бақыланатын басқару; басқару органдарын күштеп жою.

Германия тәжірибесінде белгіленгендей кәсіпорынды қаржылық сауықтыру нысандарына ұқсас, бұл нормалар дәрменсіз фирмалардың құрылымын қайта құрудың қатаң шараларын реттейді. Банкроттық- басқару және бақылау функцияларын меншік иесінен тартып алуды, сондай-ақ оның мүлкін тікелей сатуды қарастыратын ең өктемді шара болып табылады. Оның үстіне, Италия банкроттығының еркіндік саясын және банкроттық құқық қабілеттілігін шектейтін дербес салдары бар.

Кредиторлармен келісім, төлемдердің мерзімін борышкер бірқатар шарттарды орындаған соң кейінге қалдыруды, оның ішінде мүліктік немесе басқа заңмен белгіленген кепілдікті ұсыну да бар, ескеретін ымыралы шешім болып табылады. Ең қолайлы нысаны болып, кәсіпорын санациясының дәйекті жоспарын ұсынған кәсіпкерге, сот бақылауымен мүлікті және кәсіпорынды басқаруды сақтап, екі жылға дейін төлеу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін бақыланатын басқару болып табылады.

Басқару органдарын күштеп тарату ерекшелігі - стратегиялық маңызы бар бірқатар кәсіпорындар мемлекеттік басқару органдардың бақылауында болғанымен анықталады. Осындай кәсіпорындардың каржылық дағдарысы жағдайында олардың мүлкін тарату жүргізіледі. Бұл әкімшілік тәртіппен мемлекеттік басқарудың тоқтатылғанын көрсетеді.

Банкроттық туралы Италияның заңдылығы үнемі жетілдіріліп отырғанын айта кету керек және осы үрдіс мақсаттарының бірі болып, кәсіпорын банкроттықка ұшыраған жағдайда азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының кешенін енгізу табылады. Егер Германияда мемлекет банкрот болған кәсіпорынның жұмысшыларына қарыздарын тікелей өтеуге қатысса, Италияда экономикалық-әлеуметтік реттеудің басқа, икемді нысандары карастырылған. Ол мемлекеттің қаржылық қиыншылықтары бар жеке компаниялардың жарғылық. капиталына мемлекеттік басқаруды енгізу мақсатында үлеспен кіру және осы шеңберде мемлекеттік үлесті қайтып берумен байланысты санациялық іс-шараларды қаржыландыру. Осы шараны нақты қаржылық дағдарысты басынан кешіріп отырған кәсіпорындарға ғана қатысты қолдануға болады. Сол себепті олардың дағдарыс алдындағы диагностикасы мақсатында және оларды қайта құру жайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның төлемқабілеттілігін анықтаудың негізделген көрсеткіштері қажет.

Италияда дәрменсіздік жағдайды келесі көрсеткіштермен анықтайды:

· өмірді сақтандырумен айналысатын кәсіпорындарға міндетті резервтер кепілдігі есебіне ұсынылатын активтердің жеткіліксіздігі;

· егер банктер немесе кооперативтік типті несие мекемелері үшін жарғылық капиталдың  1/3 - і жоғалса;

· басқа типтегі несие мекемелер үшін, егер қалған жартысы қарыз міндеттемелерін жабуға жеткілікті болғанына қарамастан, мүлкінің жартысы жоғалса.

Чехия Республикасында өтпелі кезең экономикасының күрделігіне қарамастан, кәсіпорындар қызметін дағдарыс кезінде реттеу-өркениетті бәсеке және экономиканы мемлекеттік реттеудің айрылмас элементі болып табылды. Банкроттық жағдайында конкурстық өндірістің басталғаны жайлы шешімді конкурс соты қабылдайды. Конкурстық өндіріс үрдісі оңалту мерзімін (әдетте 3 ай) қамтиды, ол мерзім ішінде несиегерлер талаптары уақытша тоқтайды және кәсіпорын өз қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады. Кредиторлар комитеті осы мерзім ішінде кәсіпорын жұмысын бақылаудың бір нысаны жайлы шешім қабылдауы мүмкін. Егер кәсіпорын төлем қабілеттілігін қалпына келтірмесе, төлемдер конкурс массасына енгізілген борышкер мүлкін сатудан түскен қаражаттар есебінен өтеледі. Бұл жерде талаптарды қанағаттандыру тәртібі, ең алдымен еңбек талаптарымен қатар конкурстық басқарушының еңбек ақысы қосылғандығымен ерекшеленеді. Банкроттылық туралы Чехия заңдылығының тағы бірқатар ерекшеліктері бар:


Дата добавления: 2018-02-28; просмотров: 701; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!