I-ВариантЭндокринді синдромдар 6 страница



F. қарыншалық пароксизмдік тахикардия

G. қарыншалық экстрасистолия, “R тісшесі T-ға түскен” (“R на T”)

 

11. 22 жастағы науқас тұмаумен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң, ентігу, жүрек тұсындағы ауырсыну, дене қызуының көтерілуіне шағым айтты. Об-ті: балтырларына дейін ісіну бар. Өкпесінің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар, ТЖ 34 мин. Жүрек шектері солға ығысқан, тондары тұйықталған, ІІІ тон естіледі, жүрек ұшында систолалық шу. ЖСЖ 110, пульсі 90, пульс тапшылығы 20 мин. АҚ 10060 мм сын. бағ. Бауыры 3 см ұлғайған. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, кардиоспецификалық ферменттер көрсеткіштері жоғарылаған. ЭКГ: f толқындары, RR аралықтары әртүрлі. ЭхоКГ: сол қарынша қуысы үлкейген. Айдау фракциясы 40%. Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:

A. кардиомегалия, ревматизмдік емес миокардит

B. +өткізгіштік бұзылысы: АВБ І дәрежелі

C. ырғақ бұзылысы: қарыншалық ЭС, Лаун 3

D. кардиомегалия, экссудатты перикардит

E. қақпақтық ақау синдромы – митральді шамасыздық, инфекциялық эндокардит

F. ревматизмдік жедел қызба, кардит, жүрек шамасыздығы

G. +кардиомегалия, ырғақ бұзылысы: жүрекшелер фибрилляциясы

12. 16 жастағы мектеп оқушысына шұғыл шақыру болды: жаттығу кезінде кенет есін жоғалтқан, жүрек тоқтауы анықталған, дәрігер клиникалық өлім жағдайын нақтады. Жүргізілген реанимациялық шаралар нәтиже бермеді. Аутопсияда қарынша аралық перденің жоғарғы 31-нің айқын гипертрофиясы мен сол қарыншаның обструкциялық кардимиопатиясы анықталды. Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:

A. +ырғақ бұзылысы (қарыншалар фибрилляцисы), кенет жүректік өлім

B. ырғақ бұзылысы (синус түйінінің әлсіздік синдромы), МЭС ұстамасы

C. ырғақ бұзылысы (жүрекшелер фибриляциясы), кенет коронарлық өлім

D. дилятациялық кардиомиопатия

E. ырғақ бұзылысы (қарынша үстілік пароксизмдік тахикардия)

F. +гипертрофиялық кардиомиопатия, обструкциялық варианты

G. жүректің тума ақауы: қарыншааралық перденің дефекті

13. 60жастағы ер кісі кенет дамитын бас айналулары мен естен тануларға шағымданды. 3 жыл бұрын ревматизмдік емес миокардитті басынан өткерген. Соңғы айда аталған жағдайлар жиілеген. АҚ 11070 мм сын. бағ., ЖЖС 57 мин. ЭКГ: Pq интервалы ұзарған, Самойлова-Венкебаха кезеңдері жүйелі. Осы науқастың нәтижелі емін таңдаңыз:

A. кальций антагонистерін тұрақты қабылдау

B. +бета-адреноблокаторларды тұрақты қабылдау

C. ырғақтың жасанды жүргізушісінің имплантациясы

D. метаболизмдік дәрмектерді жүйелі қабылдау

E. аорталық коронарлық  шунттау

 

14. 45 жастағы әйел 1,5 ай бұрын миокардтың инфарктін басынан өткерген. Соңғы 2 аптада жүрегінің су ете қалуы, басының айналуы жиі мазалайды. ЭКГ: ырғағы синусты, 78 мин., кезеңімен кеңіген, бұрыс пішінді қарыншалық кешендер тіркелген, ені 0,14 сек, компенсациялық үзілісі – толық. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

A. жүрекшелік ЭС

B. толық АВБ

C. +қарыншалық тахикардия

D. қарыншалық ЭС

E. қарыншаүстілік тахикардия

 

15. 67 жастағы ер кісінің үйіне шақыру болды, ЖДП дәрігері мен жедел жәрдем дәрігерлері қатар келді. ЭКГ түсірілді: ІІІ, avF, V7-9 – QS кешені, ST сегменті изосызықтан V1-3 5-7 мм жоғары; V7-94-6мм төмен. ЭКГ түсіріп бола бергенде науқас есін жоғалтты, қуқыл тартты, суық тер жапты, жүрек тондары тұйықталды, бір минуттаға саны 180 жетті, АҚ 8040 мм сын. бағ. дейін төмендеді. ЭКГ: кеңіген қарыншалық (ені 0,16 сек) кешендер ырғағы тіркелді, ырғағы дұрыс.Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:

A. +сол қарынша миокардының артқы қабырғасының инфаркті, жедел кезеңі

B. кардиогенді шок

C. түйіндік пароксизмдік тахикардия

D. қарыншалар фибрилляциясы

E. қарыншалық ЭС Лаун-3

F. қарыншалық пароксизмдік тахикардия

G. +қарыншаүстілік пароксизмдік тахикардия

H. гипертрофиялық КМП, обструкциялық варианты, синдромдық стенокарди

16. Жүрекшелер фибрилляциясының тұрақты тахисистолалық түріне қатысты дұрыс анықтаманы таңдаңыз (ҚР ДСМ министрлігінің диагноздық емдеу хаттамасы қолданымға ұсынған: Америкалық Кардиологиялық колледжі, Америка кардиологиялық ассоциациясы, Еуропаның кардиологтар қоғамы, 2001 ж. анықтамасы):

A. +қарыншаүстілік пароксизмдік тахикардияның түрі, 7 тәуліктен аса сақталатын, жүрекшелердің координациясыз электрлік белсенділігімен, нәтижесінде туындайтын жиырылғыш қабілетінің нашарлауымен сипатталады

B. алдынан естен танып, жүрекке қатысты себептердің салдарынан, клиникасы басталғаннан соң 1 сағат ішінде болатын табиғи өлім; мұнымен қатар, ауру жайында белгілі болғанмен, өлім-жітімнің себебі мен сипаты күтілмеген жағдай болып табылады

C. 7 тәулікке дейінгі қарыншаүстілік пароксизмдік тахикардияның түрі, жүрекшелердің координациясыз электрлік белсенділігімен, нәтижесінде туындайтын жиырылғыш қабілетінің нашарлауымен сипатталады

D. қарыншалардың минутына 100 артық, 30 сек кем емес, бірінен кейін бірі жалғасатын үш және одан көп қарыншалық ЭС (цикл ұзақтығы 600 мс кем)

E. 30 секундтан ұзақ немесе реанимациялық шараларды қажет ететін қарыншалық тахикардия

 

17. Дилятациялық КМП қатысты барлық дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:

A. әдетте үдемелі, кез келген сатысында аритмиялармен және тромбоэмболиялармен, кенет өліммен ерекшеленетін жүрек шамасыздығымен көрінеді

B. +келесі түрлерін айырады: идиопатиялық, жанұялық-генетикалық, вирусты ненемесе аутоиммунды, танылған жүрек-тамыр ауруымен байланысты, бірақ жүректің қызметінің бұзылысы бұл аурумен түсіндірілмейді

C. +сол қарыншаның немесе қос қарыншаның дилятациясы мен жиырылуының бұзылысы

D. сол және оң қарыншалық гипертрофиямен, гипертрофияның асимметриялылығы бар, қарыншааралық пердені қамтитын, сол қарынша қкысының сақталуы немесе кемуімен сипатталады

E. бұл КМП жалпы сипаты – систолалық градиент, аутосомды-доминантты жанұялық түрлері жиі кездеседі, қарыншалық пароксизмдік тахикардия, кенет өлім себебі – қарыншалар фибрилляциясы да жиі кездеседі

F. қалыпты не шамалы бұзылған систолалық қызметі және қабырғалар қалыңдығы сақталған, бір немесе екі қарыншаның диастолалық көлемінің азаюымен сипатталады, массивті интерстицийлік фиброз болуы мүмкін

G. оң қарынша миокардының бастапқыдаошақты, артынан оң және сол қарыншалардың түгелімен үдемелі фиброздалуы, қарыншааралық перде қамтылмайды, аритмия клиникасымен сипатталады, кенет жүректік өлімнің балаң кездегі жиілігі жоғары

18. Аритмогенді оң қарыншалық кардиомиопатияға қатысты барлық дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:

A. +оң қарынша миокардының бастапқыда ошақты, артынан оң және сол қарыншалардың түгелімен үдемелі фиброздалуы, қарыншааралық перде қамтылмайды

B. келесі түрлерін айырады: идиопатиялық, жанұялық-генетикалық, вирусты ненемесе аутоиммунды, танылған жүрек-тамыр ауруымен байланысты, бірақ жүректің қызметінің бұзылысы бұл аурумен түсіндірілмейді

C. сол қарыншаның немесе қос қарыншаның дилятациясы мен жиырылуының бұзылысы

D. +аритмия клиникасымен сипатталады, кенет жүректік өлімнің жиілігі балаң кезде жоғары

E. кез келген сатысында аритмиялармен және тромбоэмболиялармен, кенет өліммен ерекшеленетін,әдетте үдемелі жүрек шамасыздығымен көрінеді

F. сол және оң қарыншалық гипертрофиямен, гипертрофияның асимметриялылығы бар, қарыншааралық пердені қамтитын, сол қарынша қуысының сақталуы немесе кемуімен сипатталады; бұл КМП жалпы сипаты – систолалық градиент, аутосомды-доминантты жанұялық түрлері жиі кездеседі, қарыншалық пароксизмдік тахикардия, кенет өлім себебі – қарыншалар фибрилляциясы да жиі кездеседі

G. қалыпты не шамалы бұзылған систолалық қызметі және қабырғалар қалыңдығы сақталған, бір немесе екі қарыншаның диастолалық көлемінің азаюымен сипатталады, массивті интерстицийлік фиброз болуы мүмкін

ІІ-Вариант Аритмиялар

19. Гипертрофиялық кардиомиопатияға қатысты барлық дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:

A. +және оң қарыншалық гипертрофиямен, гипертрофияның асимметриялылығы бар, қарыншааралық пердені қамтитын, сол қарынша қуысының сақталуы немесе кемуімен сипатталады

B. +бұл КМП жалпы сипаты – систолалық градиент, аутосомды-доминантты жанұялық түрлері жиі кездеседі

C. +синкопэ, қарыншалық пароксизмдік тахикардия, кенет өлім себебі – қарыншалар фибрилляциясы да жиі кездеседі

D. оң қарынша миокардының бастапқыда ошақты, артынан оң және сол қарыншалардың түгелімен үдемелі фиброздалуы, қарыншааралық перде қамтылмайды; аритмия клиникасымен сипатталады, кенет жүректік өлімнің жиілігі балаң кезде жоғары; сол қарыншаның немесе қос қарыншаның дилятациясы мен жиырылуының бұзылысы

E. келесі түрлерін айырады: идиопатиялық, жанұялық-генетикалық, вирусты ненемесе аутоиммунды, танылған жүрек-тамыр ауруымен байланысты, бірақ жүректің қызметінің бұзылысы бұл аурумен түсіндірілмейді

F. кез келген сатысында аритмиялармен және тромбоэмболиялармен, кенет өліммен ерекшеленетін, әдетте үдемелі жүрек шамасыздығымен көрінеді

G. қалыпты не шамалы бұзылған систолалық қызметі және қабырғалар қалыңдығы сақталған, бір немесе екі қарыншаның диастолалық көлемінің азаюымен сипатталады, массивті интерстицийлік фиброз болуы мүмкін

 

 

20. Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз, қарыншалардың жиырылу жиілігіне байланысты жүрекшелер фибрилляциясының тұрақты түрінің келесі варианттарын айырады:

A. +нормосистолалық – қарыншалардың жиырылу жиілігі 60-90 мин

B. класс-2 Лаун жіктемесімен, қарыншалардың жиырылу жиілігісағатына 30 көп

C. +брадисистолалық – қарыншалардың жиырылу жиілігімин60 кем

D. пароксизмдік– қарыншалардың жиырылу жиілігімин150және одан көп

E. асистолалық

F. вагус-тәуелді

G. симпатикус-тәуелді

H. +тахисистолалық – қарыншалардың жиырылу жиілігімин 90 және одан көп

 

21. Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз, қарыншалық тахикардиялардың даму факторларына жатады (ҚР ДСМ ДЕХ, 2014ж.):

A. +қарыншалардың миокардының электрлік тұрақсыздануына әкелетін жүрек-тамыр жүйесінің кез-келген органикалық патологиясы, оның ішінде оң қарыншаның артимогенді дисплазиясы, Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы, митраль қақпақтарының пролапсі

B. +синдромы: Бругаданың, QT интервалының ұзару синдромы (жүре дамыған, тума)

C. артериялық гипертензия, нысана органдардың зақымдануынсыз (сол қарынша гипертрофиясы жоқ)

D. жүрекалды аймағының коронарогенді емес ауырсыну синдромы, (радикулоалгия)

E. жүрекалды аймағының коронарогенді емес ауырсыну синдромы, (торакалгия)

F. жүрекалды аймағының коронарогенді емес ауырсыну синдромы, (Зостергерпесі)

G. ауруы: Уипплдің, Мейгс синдромы

22. Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз, қарыншалық тахикардиялардың даму факторларына жатады (ҚР ДСМ ДЕХ, 2014ж.):

A. +эндокринді патологиялар – тиреотоксикоз, гипотиреоз, қантты диабет

B. жүрекалды аймағының коронарогенді емес ауырсыну синдромы, (торакалгия)

C. +электролиттік бұзылыстар (гипокалиемия, гипомагниемия)

D. артериялық гипертензия, нысана органдардың зақымдануынсыз (сол қарынша гипертрофиясы жоқ)

E. жүрекалды аймағының коронарогенді емес ауырсыну синдромы, (радикулоалгия)

F. +жүректі нейро-вегетациялық бақылаудың бұзылысы (гиперсимпатикотония)

G. жүрекалды аймағының коронарогенді емес ауырсыну синдромы, (Зостер герпесі)

H. ауруы: Уипплдің, Мейгс синдромы

 

23. Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз, қарыншалық тахикардиялардың даму факторларына жатады (ҚР ДСМ ДЕХ, 2014ж.):

A. +синустық брадикардия; кенет жүректік өлімнің барлық себептерінің 17% брадиаритмиялар құрайды: СТӘС (СССУ), АВ-блокаданың II дәр. Мобитц II; АВ-блокада III дәр., қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы (QRS енінің 160 мс артық болуы)

B. +наркотиктер (кокаин) қолдану

C. артериялық гипертензия, нысана органдардың зақымдануынсыз (сол қарынша гипертрофиясы жоқ)

D. жүрекалды аймағының коронарогенді емес ауырсыну синдромы, (радикулоалгия)

E. жүрекалды аймағының коронарогенді емес ауырсыну синдромы, (торакалгия)

F. жүрекалды аймағының коронарогенді емес ауырсыну синдромы, (Зостер герпесі)

G. ауруы: Уипплдің, Мейгс синдромы

 

24. Диагноздық және емдеу хаттамасына сәйкес (E-012 "Нарушения сердечного ритма и проводимости" ) кенет жүректік өлімнің дамуының қауіп факторларына жатады:

A. жүрекалды аймағының коронарогенді емес ауырсыну синдром

B. +қарыншалық тахикардияның пароксизмі; анамнезіндегі коронарлық жедел синдром (ОКС)

C. физикалық күштемеге синустық тахикардияның дамуы

D. постуральді естен танулар (обмороки – синкопэ)

E. парадокстік синкопэ

F. ортостаздық гипотония

G. +кенет жүректік өліманамнезі (ВВС);кенет жүректік өлімнен жанұялық анамнез

 

25. Диагноздық және емдеу хаттамасына сәйкес (E-012 "Нарушения сердечного ритма и проводимости" ) кенет жүректік өлімнің дамуының қауіп факторларына жатады:

A. +жүректің насостық қызметінің кез келген себепті төмендеуі (сол қарыншаның лақтыру фракциясының 35% кем болуы)

B. +сол қарыншаныңкез келген себепті гипертрофиясы

C. физикалық күштемеге синустық тахикардияның дамуы

D. постуральді естен танулар (обмороки – синкопэ)

E. парадокстік синкопэ

F. ортостаздық гипотония

G. жүрекалды аймағының коронарогенді емес ауырсыну синдром

26. Кардиомиопатиялардың диагнозын қоюға қатысты дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:

A. +жүректің ультрадыбыстық зерттеуінде анықталатын, миокардтың дисфункциясының (систолалық ненемесе диастолалық) болуы – негізгі диагноздық критерий

B. негізгі диагноздық критерийі – жүрекалды аймағының коронарогенді емес ауырсыну

C. +кардиомиопатиялардың клиникалық көріністері себебі белгілі болғанда, себепкер дерттің көріністерімен де сипатталады

D. негізгі диагноздық критерийі – физикалық күштемеге синустық тахикардияның дамуы

E. негізгідиагноздық критерийі – постуральді естен танулар (обмороки – синкопэ)

F. негізгідиагноздық критерийі – парадокстік синкопэ

G. негізгідиагноздық критерийі – ортостаздық гипотония

H. +кардиомиопатиялардың клиникалық көріністері ырғақ бұзылысы мен жүрек өткізгіштігі бұзылыстарының; жүрек шамасыздығының белгілер кешенімен; тромбтық асқынулардың дамуымен анықталады


Дата добавления: 2019-07-15; просмотров: 295; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!