Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 23 страница



4) Ғалымдармен байланыстар нығайтылып, жеке және топтық кеңес беру, семинарлар өткізу үшін филиалдық жұмыстар басталады;

5) Педагогтарды ынталандыру ережелерін құрастырылды;

6) Өзара шараларға, сабақтарға қатысу, дөңгелек үстел, жобаларын қорғау, шығармашылық есептер тыңдау, презентациялар жоспар бойынша орындалады. 

ІІІ. Жүзеге асыру кезеңі

Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге жүзеге асыруын қамтамасыз ету. 

Бұл кезеңнің мазмұны:

1) Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дайындық кезеңі бойынша аралық диагностикалау;  

2) Бағдарлама бойынша теориялық білімді Д.Колб әдісімен тақырыптық семинарлар, іскерлік ойындар, практикумдар, тренингтер түрінде жүргізу, оны келесі семинарға дейінгі аралықта тәжірибеде бекіту, талдау, әріптестерімен талқылау;

Бағдарлама бойынша практикалық, ғылыми - әдістемелік жұмыстарды төмендегі бағыттарда жүргізу: сабақтарға қатысу, талдау сияқты дәстүрлі әдістемелік қызметтер; сонымен қатар, матрицалық түрдегі шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдары, филиалдар, ғылыми – кеңесшілік топ; оқу зертханаларында тәжірибелік жұмыстарды шыңдау;

Ұжымдағы іс әрекеттердің мазмұндық өзгерістері: сыныпішілік, сыныптаралық, ұжымдық жобалар жасалуы; білім беру жобаларымен қатар, тәрбиелік, әлеуметтік мәнді жобалар жасалуы; білім алушылар мен педагогтар және ата- аналардың қатысатын бірлескен жобалар пайда болуына жағдайлар туғызу;

Басқару құрылымының өзгеруі, матрицалық құрылымдар пайда болуы, педагогтар ұжымының, білім алушылардың, ата – аналардың түрлі тақырыптадағы инновациялық жобаларға белсенді қатысуы.

IV. Бақылау -бағалау кезеңі

Мақсаты: Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудағы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтау.

Мазмұны:

1.Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудың қорытындыларын бағалау көрсеткіштері: 

– Педагогтардың жаңалықтарға көзқарасы, оларды қабылдай алуы;

– Жаңалықтарды меңгеруге даярлығы;

– Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі;

– Педагогтардың шығармашылық белсенділігі;

– Өзара қарым қатынастарының деңгейі.  

2. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудан күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктердің себептерін анықтау

3. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытуды одан әрі жалғастыру бағдарламасын жасау.

Берілген параметрлер мен өлшемдер бойынша педагогикалық ұжымның жобалау қызметі нәтижесіндегі көрсеткіштерді салыстыру арқылы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтауға болады. Ол үшін педагогикалық ұжымда жүргізілген сауалнамалар мен құрастырылған жобалардың нәтижелері жинақталады. Сонымен қатар, олардың өлшемдері түрліше болғанымен, нәтижесін есептеудің коэфициенті зерттеу қорытындыларын жүйелеу үшін өзара сәйкестендірілді.

Нәтижелік көрсеткіштер төмендегі бағалар бойынша анықталады: Мысалы, толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес – 2 балл, сәйкес емес – 1 балл. Жобаның сәйкестік формуласы: К = Кф : Км.   Аталған нәтижелерді бағалауда төмендегі коэфициенттік көрсеткіштер пайдаланылады:  өте төмен – К < 0,45; төмен– 0,45 < К < 0,65; жеткілікті– 0,65 < К < 0,85; қажетті – К > 0,85.

Осы коэфициенттердің әр ұжым бойынша мақсаттық бағдарлы жобалардан бұрынғы және одан кейінгі көрсеткіштері тәжірибелік эксперимент барысында эксперименттік және бақылау топтарында анықталып, салыстырылады.

Жобаны ұйымдастыру және жүзеге асыру  ұжымның басқа мүшелеріне түрткі болатын  «белсенді топтар» құруды  қажет етеді және олар уақытша жұмыс топтары ретінде ұйымдастырылып, белгілі бір жобалау қызметі аяқталғанда таратылуы тиіс деген тұжырымы дәлелденді. Ол жобаның тиімділігі оның өлшемдері арқылы, педагогикалық ұжымның белгілі бір жетістіктерінің көрсеткіштері негізінде дәледеніп, оын ұйым тәжірибесіне ендіру аяқталған соң, шығармашылық топ таратылды.

 Жобалауды ұйымдастыру барысында педагогикалық жүйені басқару матрицалық, немесе иерархиялық – матрицалық түрде ұйымдастырылуы, көптеген шығармашалық және зертханалық топтар мен филиалдардың көлденең басқарылуы қажет болды. Сөйтіп, аталған түрлі қызметтер уақытша басқару құрылымдары арқылы жүргізілді. Оның басты ерекшелігі – басқарудағы дәстүрлі және жүйелік элементтер мен басқарушы органдар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіре отырып, мақсаттық бағдарлы іс-әрекеттерді ұйымдастыруы.

Жобалау технологиясын жүзеге асыру жоба жетекшілері ретіндегі басқарушылардың үйреншікті іс - әрекеттері мен қажеттіктеріне өзгерістер ендіреді. Басқарушылардың арнайы дайындықтан өтуі кез келген деңгейдегі семинарлар мен тренингтерде берілген жобалау технологиясын пайдалана отырып, проблемаларды анықтауда, шешімін табуда ұжымдық әрекеттерді ұйымдастыра алуына мүмкіндік береді.

Өйткені, олар енді тек әрекетті жоспарлау, бақылау, бағалау ғана емес, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету қызметтерін атқаруы тиіс болады. Осы мақсатта дәстүрлі басқарудағыдай әкімшілік жиналыстары орнына семинарлар мен тренингтер жүргізіледі. Семинарларда жобалау тұжырымдамасы мен жоспарлары, жоба барысында пайда болған проблемаларды талдау, шешім қабылдау, жобалардың жүргізілуін бақылау, бағалау жүзеге асырылады.

Бұл өзгерістер иерархиялық түрдегі жоғарыдан төмен қарай басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің, немесе элеметтердің әрқайсысының мақсатын орындауды көздейтін жүйеааралық «көлденең» байланыстардың болуына негізделеді.

Әкімшілік жиналыстан семинар мен тренингтердің негізгі ерекшелігі –оларды басқарушы ғана талдап, қорытынды жасамайды, талдау мен шешім қабылдау ұжымның барлық мүшелерінің қатысуымен орындалады. Сондықтан, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету рефлексиялық іскер ойындар арқылы да жүзеге асырылады.  

Бірлескен ұжымдық әрекеттер негізінде жобалардың іске асырылуы жариялылық пен белсенділік жағдайында орындалып, олар өз кезегінде ұжым мүшелерінің нәтижелі қызмет атқаруға, ортақ мүддені іске асыруға қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясының кезеңдеріне сипаттама беріңіз

2. Иновациялық үрдістерді жобалау технологиясына қойылатын талаптар.

3. Педагогикалық жобалауға дайындық мазмұны

4. Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту жобасы негізінде оның барлық кезеңдерін қамти отырып, берілген үлгімен өзіңіз үшін өзекті тақырыптағы жоба құрастырыңыз және оны топпен талқылыңыз.

5. Жобаны бағалау көрсеткіштерін жасап, өз жобаңызды бағалаңыз.

6. Жобалаудың дәстүрлі әдістемелік шаралардан айырмашылығын мысалдар арқылы ажыратыңыз.

 

6. Педагогикалық ұжымның даму бағдармаласын жобалау технологиясы

Жобалау әрекетінің  нәтижесі мақсаттық - бағдарлы жобалармен қатар ұйымның даму бағдарламалары түрінде де жасалады. Оның құрылымы негізінен жобалардың құрылымына өте ұқсас келеді, бірақ мазмұны мен түрі жағынан айырмашылықтары бар. 

Аталған бағдарламаны жүйелілік тұрғыдан құрастыру жоспарланған нәтиже мен оған жету жолдарының арасындағы өзара байланыстың болуын көздейді. Даму бағдарламалары төмендегі мазмұнда құрастырылды:

– Бағдарлама мақсаты мен құрылымдық логикасын анықтау;

– Білім беру ұйымының, педагогикалық процестің проблемаларын диагностикалау жолдарын анықтау;

– Білім беру ұйымының, педагогикалық процестің күтілетін жаңа сапасын белгілеу;

– Оған жету жолдарын анықтау;  

– Білім беру ұйымының, педагогикалық процестің дамуын басқарудағы мақсатты нақтылау;

– Оны орындаудың нақты іс -әрекеттер жоспарын жасау;

– Бағдарлама құрастырушылар тобын анықтау;

– Бағдарламаны жүзеге асыруды басқаруды жоспарлау;

– Бағдарламаның орындалуын көрсететін индикаторларды белгілеу.

Бағдарлама құрастыру жұмысының нәтижесі – құжат ретіндегі даму бағдарламасын мәтіні. Оны құрастырудың өзіндік талаптары болады: құжатты оқитын, пайдаланатын, оның орындалуы мен реттелуін қадағалайтын адамдарды анықтау, сол арқылы құжаттың жазылу стилі, құрылымы, саны, сақталатын орны анықталады; құжаттың бекітілу деңгейін анықтау, мысалы, педагогикалық кеңес, басқару кеңесі, жалпы жиналыс, білім басқармасы т.б.; бағдарлама негізіне жасалатын құжаттарды белгілеу, мысалы, жылдық жоспарлар, құрылымдар жоспарлары, кейбір нормативтік құжаттар.

Бағдарламаның құрылымы оның идеясын, мақсатын, таңдаған даму бағдарын көрсетеді, сонымен қатар, төмендегі міндеттерді орындайды:

– бағдарламаның кімге арналғаны анықталады;

– білім беру ұйымының даму тұжырымдамасы нақтыланады;

– білім беру ұйымының жетістіктері талданып, проблемалары айқындалады;

– білім беру ұйымы дамуының ішкі ресурстарына баға беріледі;

– бағдарламаның теориялық негіздері қарастырылады;

– білім беру ұйымы қызметінің басым мақсаттары мен даму жолдары анықталады;

– даму міндеттеріне сәйкес жобалар құрастырылады;

– бағдарламаны орындау кестесі жасалады;

– бағдарлама жобасы сараптаудан өткізіледі.

Сонымен қатар, жобалардағыдай, даму бағдарламасында төмендегідей мағлұматтар берілуі талап етілді: педагогикалық ұжымның сол кезеңде кол жеткен нәтижелері туралы; одан жоғары нәтижелерге жетудің мүмкіндіктері туралы; жоғары нәтижелерге жетудегі кедергілерді анықтау және оны болдырмауға қажет ресурстар туралы.

Бағдарламаны жүзеге асыру бірнеше жылдарды қамтитын болғандықтан, оның аралық орындалу кезеңдері белгіленді, әдетте оқу жылдарын кезең ретінде алып отыру қолайлы деп есептеледі. Бұл жағдайда жобалар сияқты, әр кезеңнің мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері, орындалу әдістері мен нәтижені бағалау көрсеткіштері, оны өлшеу құралдары айқындалды.

Бағдарлама мазмұнына сай өзгерістердің бірнеше кезеңдері белгіленді:

Қазіргі жағдайды талдау, немесе жобалау алдындағы зерттеу жұмысы – қалыптасқан мақсат, міндеттер жүйесіне, оны жүзеге асыру құралдарына, білім беру әрекеттерінің жағдайына, нәтижелері мен бағалау жүйесіне сипаттама беру;

Жобаны құрастыру – білім беру үрдісіне ендірілетін өзгерістерді және оның нәтижелерін жобалау;

Басқарушы және педагогтарды педагогикалық процеске ендірілетін өзгерістерге теориялық, әдістемелік және психологиялық даярлау, жобаланған өзгерістерді қоғам тарапынан қолдау ісін ұйымдастыру, немесе жоба туралы келісімге келу;

Жобаны нормативтік, ұйымдастырушылық, материалдық және қаржылық қамтамасыз ету;

Білім беру үрдісіне шағын өзгерістер ендіру (білім жүйесінің белгілі сатыларына ғана, немесе, жеке пәндерді оқыту көлемінде, т.б.)

Білім беру үрдісіне жүйелі өзгерістер ендіруе көшу, немесе жобаны жүзеге асыру;

Белгілі кезеңдерде қол жеткен нәтижелерді талдау, басқару және әдістемелік шараларға түзетулер мен толықтырулар ендіру, педагогикалық процестің сапасын өзгертудегі перспективалық бағыттарды анықтау,немесе жобаны қорыту.

Бұл кезеңдер де өзгертіле алады, әр кезеңнің ұзақтығы да әр түрлі болу мүмкін, сонымен қатар әрекеттер түрлі болатыны сөзсіз.

Даму бағдарламасын құрастыруда төмендегі талаптардың орындалуы қамтамасыз етілді:

біріншіден, педагогтардың, ата- аналардың, білім алушылардың оны құрастыруға қатысуы аталған бағдарламаның шын мәнінде білім беру ұйымын дамыту құралына айналуына мүмкіндік береді;

екіншіден, бағдарламаның жүйелілігін қамтамасыз ету, оның мақсат міндеттері мен жүзеге асырылу құралдарының өзара байланыста болуы оның тиімділігіне негіз болады;

үшіншіден, бағдарламаның орындалу барысы туралы ұжымын, ата - аналар және білім алушылардың, сыртқы ортаны хабардар етіп отыру  міндетті болып табылады. Оның формасы ретінде білім беру мекемелерінің көпшілікке ұсынылатын есеп ретіндегі баяндамасын алуға болады.

Бағдарламалардың нұсқаларын екі негізгі топқа біріктіруге болады. Олар: жаңа талаптар мен іс - әрекеттерді орындауға бағытталған бағдарламалар; педагогтардың инновациялық әрекеттерін қолдауға бағытталған бағдарламалар. Сонымен қатар, тәжірибеде осы нұсқалардың араласқан түрін білім беру нәтижелерін көтеру үрдісін басқаруда кездестіруге болады.

Бағдарламаның білім беру үрдісін жаңаша құрудағы негізгі бағыттары белгіленіп, олар бөлімдер ретінде ұсынылды:

Жаңа білім беру стандарттарына көшуді ұйымдастыру:

Оқу жоспарының варианттарын таңдау.

Пәнаралық нәтижелерге бағытталған жұмыс жоспарларын құрастыру.

Оқу үрдісін жоспарлау.

Оқу тәртібін белгілеу.

Сабақ кестесін жасау.

Білім беру технологияларына өзгерістер енгізу.

Оқулықтардың пәндік -әдістемелік түрлерін таңдау.

Бейіндік оқытуды ендіру.

Желілік қарым – қатынасты орнату.

Элективтік таңдау және факультативтік курстарды таңдау және мазмұнын құрастыру.

Білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру:

Білім алушылардың қорытынды және аралық бақылау жүйелеріне өзгерістер енгізу.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау.

Пәндік және метапәндік нәтижелерді бағалау.

Функциональдық сауаттылық пен түйінді құзіреттіліктерді бағалау.

Білім беру үрдісінің мектепішілік сапалық көрсеткіштерін анықтау.

Мектептің жаңаша ұйымдастырылу сапасы:

Жаңа қарым - қатынас нормалары.

Білім берудің әртүрлі жүйелерінің орынды пайдаланылуы ( өз бетімен білім алу, қосымша білім беру, шығармашылық тәжірибелер, т.б.).

Өзін - өзі басқару ұйымдары.

педагогикалық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің үйлесімді сақталуы.


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 648; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!