Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 18 страница



- Шынайылық – жобалау нысанының сыртқы орта талаптарына сәйкестігі.

- Проблеманы белгілеу және мақсат қою. Талдаулар негізінде қайшылықтар анықталса, соған сай өзгерістерді жүзеге асыру мақсатын қоюға кірісу қажет.

Сөйтіп, бастапқы кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау объектісінің қазіргі жағдайын талдау; диагностикалау, бағалау; орын алып отырған қайшылықтар мен кемшіліктерді анықтау; осы бағыттағы ғылыми –зерттеулерді талдау; проблеманы теориялық негіздеу; жобаны ресурстармен қамтамасыз ету(кесте 4). Бұл кезеңнің нәтижесі – жобалаудың қажеттігін анықтау, оны ақпараттық –материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, тиісті жағдайлар туғызу.

 

Кесте 4 – Жобалаудың логикалық құрылымы

 

Жобаның компоненттері Объективті көрсеткіштер, негіздемелер Сыртқы жағдайлары, алғы шарттары
Проблеманы анықтау: Жобаны орындауға қажеттік неліктен пайда болды? Неліктен бұл проблеманы шешу маңызды болып отыр? Проблеманың шын мәнінде бар екенін, оны шешуге болатынын қандай қосымша ақпарат көздері көрсете алады?  
Мақсат қою: Жобалаудағы іс әрекеттер қандай мақсатты орындауға бағытталған? Ол берілген проблеманы шешуге қаншалықты байланысты? Мақсатқа қол жеткізген жағдайда кімдер ұтады? Жобалауда орындалатын әрекеттер қалыптасқан жағдайды қалай өзгертеді? Мақсаттың орындалғанын қандай құралдармен тексеруге болады? Тексерушілер жобаның мақсатын орындаудың маңызын неден көре алады? Жобаның мақсатқа бағытталғанын өлшеуге болатын мәліметтер жинау қарастырылған ба?    
Міндеттер: Жобаны орындау барысында қандай нақты нәтиже алынуы тиіс? Жоба аяқталған соң педагогикалық жүйеде қандай оң өзгерістер болады деп күтіледі? Белгіленген міндеттердің орындалуы мақсатқа жетуді қалай қамтамасыз етеді?  Берілген міндеттерді орындау үшін қандай нәтижелер (олардың сандық және сапалық сипаттамасы) алынуы тиіс?   Жобаның алдына қойылған міндеттердің орындалғанын қандай мәліметтер мен көрсеткіштер анықтайды? Жобалау негізінде орындалған жұмыс нәтижелері деңгейін өлшеуге және бағалауға мүмкіндік беретін қандай нақты сандық әдістер қолдануға болады? Жобалау барысында оның жүзеге асырылуын бақылап және түзетіп отыруға мүмкіндік беретін мәліметтер жинақтала ма?   Жобалау нысанынан тыс қандай жағдайлар мен шешімдер төмендегілер үшін қажет болады: Берілген міндеттердің мақсатты орындауға ықпал етуіне; Алынған нәтижелердің стратегиялық міндеттерді орындауға мүмкіндік беруіне; Белгіленген шаралардың күтілетін нәтижелерді қамтамасыз етуіне; Белгіленген ресурстардың шараларды орындауға мүмкіндік беруіне;
Қолданылатын әдістер (жобалау барысында жргізілетін шаралар): Жобалуды орындаушылар күтілетін нәтижелерге қол жеткізуде қандай шаралар орындалуы тиіс?    
Ресурстар: Қандай ресурстар: адамдар, материалдық құралдар, қызметтер – қажет болады? Бұл ресурстар қандай көздерден түседі   Моральдық және материалдық ынталандыру негіздері, құралдар мен жабдықтар құны, басқа да шығындар деңгейі қалай жоспарланады? Жұмсалатын шығындардың тиімділігі қандай көрсеткіштермен бағаланады? Келтірілген шаралардың орындалуына қандай кедергілер болуы мүмкін ?

 

Осылайша, келесі кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау мақсатын айқындау; мақсатқа қол жеткізетін жолдарды болжау; жобаның шектелу аясын белгілеу; жобалау идеясын тұжырымдау; жобаның тұтас бағдарламасын, жоспарын жасау; бақылау түрлерін анықтау.

Бұл кезеңнің нәтижесі – объектінің құжаттық жобасын жасау, олар: тұжырымдамасы, моделі, бағдарламасы, жоспары.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Педагогикалық  жобалауды ұйымдастыру нысандары

2. Жобалауды ұйымдастыру құрылымы мен компоненттері

3. Дамыту жобасының мазмұндық құрылымы

4. Жобалау негізідегі педагогикалық ұжымның өзгерістері

5. Инновациялық  жобалауға қойылатын талаптар

6. Мақсатты жобаларға тән белгілер

7. Жобалау   алды даярлық жұмыстарының құрылымы

8. Жобаның негізгі бөлімдеріне талдау жасаңыз

9. SWOT-талдаудың мәні мен мазмұны

10. PEST- талдаудың ерекшелігі

11. Жобалаудың логикалық құрылымына сүйене отырып өзіңіз оқитын не жұмыс істейтін педагогикалық жүйені өзгерту жобасының құрылымын жасаңыз

12. Глоссарийді жалғастырыңыз

 

2. Педагогикалық жобалауды ұйымдастырудың шарттары.

Жобалау бүгінгі еліміздегі және шет елдер тәжірибесіндегі инновациялық өзгерістерді қолдауда, маңызды ғылыми – зерттеу салаларын дамытуда, ұйымның даму бағдарламасын құрастыруда кеңінен қолданыла бастаған тиімді   қызметке айналып отыр. Сонымен қатар, оның білім беруді ұйымдастыру тәжірибесіне әлі де кеңінен тарай қоймаған, басқарушылар мен педагогтар үшін жаңа технология  болғандықтан оны ұйымдастырудың өзіндік шарттарын анықтау қажет.

Өйткені, түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерді дамытуды көздейтін жобалауды тиімді ұйымдастыру белгілі бір шарттарының қатаң орындалуына тығыз байланысты.

Бірінші шарты, педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарын, педагогикалық үрдіс, оқыту мен тәрбие беру, әдістемелк жұмыс, т.б. дамыту үшін, ең әуелі, жүйенің  стратегиялық мақсатқа сай күтілетін нәтижелерін   анықтап алып, мақсатты – бағдарлы жобалау қызметі арқылы оны қайта жаңарту мінбдеті қойылады.

Екінші шарт, жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін жоба жетекшілерінің (басшылардың, педагогтардың, білім алушылардың) құзыреттіліктерін дамытуға ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыру арқылы мүмкіндіктер жасалуы керек. Бұлар арнайы ұйымдастырылып, тұрақты түрде қызмет істейтін семинарлар, немесе, оқу-тәжірибелік алаңдар мен зертханаларды  ұйымдастыру арқылы мүмкін болады

    Үшінші шарт, кез келген деңгейдегі жобалау әрекетрін ұйымдастыру жаңа идеялар тудыратын және ұжымның басқа мүшелеріне түрткі болатын  «белсенді топтар» құруды  қажет етеді және олар уақытша жұмыс топтары ретінде ұйымдастырылып, белгілі бір жоба аяқталғанда таратылуы тиіс.

   Төртінші шарты, педагогикалық жүйені басқаруды жобалау қызметі қатаң құрылымданбаған матрицалық, немесе иерархиялық – матрицалық болуын талап етеді, өйткені, мақсатты бағдарлы жобалау технологиясы құрылымы иерархиялыққа бағытталмайды, тұтастық пен жүйелікке негізделеді және қозғалмалы болады, яғни, әртүрлі деңгейлердегі жобалар уақытша басқару құрылымдары арқылы жүргізілу мүмкін.

Аталған шарттардың орындалуы педагогикалық жүйенің жаңа сапасын, бірлесіп үйрену мен бірлесіп білім алуға бағытталған қарым – қатынастар мен құрылымдарды дамытатын, қатысушылардың субъектілік позицияларын қалыптастыратын, мақсат қою және оны жүзеге асырудағы жаңа әрекеттерді тудыратын тиімді басқару тетігі  – жобалаудың тиімді ұйымдастырылуына негіз болады.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері(жұмыс жоспары).    Кіріспе бөліміндегі нақтыланған міндеттерді орындау белгілі бір іс -әрекеттерді логикалық сабақтастықпен, белгілі бір мерзімде жүзеге асыруды, қажетті ресурстарды әр кезеңге бөлуді, ірбір кезеңнің күтілетін нәтижесін белгілеуді, адамдар арасында жауапкершілікті бөлісуді талап етеді. Жобаның әр кезеңіндегі іс -әрекеттер нақты жоспарланады, қатаң қадағаланады. Сөйтіп, бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру жолдары, оны байқаудан өткізу орындалады. Нәтижесі –білім беру жүйесінің жаңа сапаға өткендігін назарға алу.

Жобаны жүзеге асыру барысының мониторингі, әр кезеңнің нәтижелері мен тиімділігін бағалап отыру. Мониторинг екі түрлі мақсатты көздейді. Біріншіден, қойылған мақсат– міндеттердің қаншалықты тиімді орындалып жатқанын бақылау, екіншіден, жобаны жүзеге асыру барысында қажеттілікке сай өзгерістер мен түзетулер енгізу үшін ақпараттар жинақтау, яғни, жобаның тиімділігіне баға беріп, уақытында түзетулер ендіріп отыру. Бұл жерде бағалануы мүмкін параметрлер:

Жұмыстың ұйымға, әлеуметтік ортаға, адамдарға ықпалын анықтау (мысалы, жоба болмаса қалай болар еді);

Ресурстардың тиімділігін анықтау (олардың қол жеткен нәтижелерге сәйкестігі);

Өткізілген шаралардың тиімділігін анықтау? Олар мақсатына жетті ме, жасалған еңбек пен шыққан шығын күтілетін нәтижені берді ме?

Жобаның жалпы нәтижесі мен өміршеңдігін бағалау. Жобаны қаржыландырушылар үшін де, жоба авторлары үшін де жобаның қаншалықты өміршең болатыны, яғни, одан әрі тиімділігінің сақталуы, өзекті болуы, өздігінен инвестиция тарта алатындығы - маңызды мәселелердің бірі. Жобаның өміршеңдігі әрі қарай өзін қаржыландыра алатын, мемелекет тарапынана, басқа да гранттар мен бизнес қорларынан қаржыландырыла алатын дәрежеде маңызды болуымен өлшенеді.

Жоспарланған бюджеті. Жоба бюджетінің құрылымы түрлі жағдайларға байланысты жасалады, олар: нәтижені орындауға бағытталған «тікелей қаржыландыру», қосымша қаржыландыру, т.б. Мысалы, жобаның қаржысы 70-80 % «тікелей қаржыландырудан» тұратын болса, ал қалғаны қосымша қаржы көздерінен құралса, бұл өте қолайлы жоба болып есептеледі.

Қорытынды кезеңде атқарылатын жұмыстар:

– жобаны және оны эксперименттік байқаудың сапалық нәтижелерін бағалау;

– жобаның тиімділігін тәуелсіз эксперттердің бағалауы;

– пайда болған проблемаларға сыни рефлексия жасау;

– жобаны коррекциялау, түзетулер енгізу.

Бұл кезеңнің нәтижесінде жобаның жаңғыртылған түрі құрастырылады.

Жобалау құжаттары мақсаттарына сай түрлі деңгейлерде жасалынады, мысалы, белгілі бір ұйым үшін маңызды проблеманы шешуді жобалау, белгілі бір қаржылық ұсыныстарға жобалар даярлау, авторлық жобалар, т.б.

Жобалау қызметі туралы құжаттар құрастыруды аяқтау үшін оның шын мәнінде орындауға болатынын тексеру жолдарын белгілеу керек. Жобалаудың құжат ретінде аяқталғаны, толықтығы - онда жүзеге асырылып жатқан үрдістердің дұрыстығын, аралық нәтижелері мен қорытындыларын тексеру, бағалау өлшемдері берілген бөлімінің болуынан көрінеді. Бұл бөлім жобаларды бағалауға арналған эксперттердің сараптамалық тәжірибелеріне сай жасалады. Бүгінгі тәжірибеде екі түрлі сараптама қалыптасып отыр, олар:

Квалиметриялық сараптама – бұл тексерілетін мәліметтердің белгіленген сапалық нормалары негізінде қатаң процедуралармен тексеру. Квалиметрия жүргізуші нақты технологиялар мен әдістемелерге сай стандарттық көрсеткіштермен сараптама жасауы тиіс.

Статустық сараптама – жобаны бағалауға тартылатын эксперттердің мәртебесі мен кәсіби беделіне, танымал тәжірибесіне қатысты сараптама. Мұнда белгілі бір өлшемдерге сүйенген сараптамашының пікірі негізге алынады, бұл жағдайларда тәуелсіз сараптамашылар бірнеше адамнан тұруы мүмкін.

Жобалаудың жақсы жасалғандығының тағы бір белгісі – оның аяқталуының рәсімделуі. Оның нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, аяқталуы барысында талдаулар жасалуы мен объективті бағалануы басқа ұйымдар мен адамдар үшін маңызды болып есептеледі.

Рәсімделіп аяқталуына көңіл аудару жобалауға қатысушылар үшін де қажетті шара, өйткені олар белгілі бір деңгейдегі жұмысты қорытындылап, таратылады. Сондықтан, бұл кезеңде төмендегі мәселелер команда мүшелері тұрғысынан қорытылып, олар құжатқа енгізілуі қажет:

1) Жобаны жүзеге асыру барысында қандай нәтижелерге қол жеткізілді? Алдын ала белгіленген өзгерістердің барлығы да орындалды ма?

2) Жобалау негізіндегі өзгерістерді мүдделі топтар не ұтты және оны қалай қабылдады?

3) Белгіленген бюжет жеткілікті болды ма?

4) Жобалық өзгерістердің болашағы бар ма?

5) Команда не нәрселерге қол жеткізді?

6) Команданың әрбір мүшесі не ұтты?

7) Жобалауға қатысушылар нені үйренді?

8) Жобаға қатысу арқылы адамдардың жеке перспективаларында не өзгерістер пайда болды?

Жүйеде бір уақытта бірнеше жобалар жүзеге асырылуы мүмкін. Біреулері бір-бірінен тәуелсіз жүзеге асырылу мүмкін, ал біреулері – өзара тығыз байланыста болуы немесе, жекелеген жаңа ендірлімдер мен олардың арасындағы байланыстардан тұратын күрделі құрылымды құрауы мүмкін. 

Жобаны жүзеге асыру оның басқалардан тәуелсіздігіне, команданың жауапкершілігінің жоғары болуына, оған жауап беретін жетекшінің де жоба шеңберінде билік ету құзіреттіліктері мол болуына байланысты. Сондықтан жобаны орындауға кіріспес бұрын, ең әуелі, қажетті команда құрамын белгілеп алу маңызды. Стандарттық ситуацияларда қызметкерлерден жаңашылдық пен бастамашылдық талап етілмейтін болса, қалыптан тыс жағдайлар жобаны орындаушылардың ерекше қасиеттерін қажет етеді. Мысалы, олардың қатарына төмендегі құзіреттіліктерді жатқызуға болады:

– қалыптан тыс ойлау дағдылары;

– тәуекел жағдайларда, шешімі белгісіз проблемалармен жұмыс жасай алу қабілеттері;

– командада жұмыс жасау білетін;

– өзгерістерге бейімділігі бар.

Жоба жетекшісі де осыған сәйкес қасиеттерге ие болуы шарт, олардың қатарына:

– лидерлік және харизматикалық қасиеттер;

– команданы іске жұмылдыра алатын, олардың қабілеттерін дамыта алатын, адамдардің өзіне және бір–біріне өзара сенімділік жағдайын тудыра алатын;

– маман ретіндегі құзіреттілігі ғана емес, коммуникативтік қабілеттері де жоғары болуы жатады.

Басқару үрдісінің тағы бір маңызды кезеңі –жоспарлау да қатаң сипатта емес, индикаторлық сипатта орындалады. Индикаторлық сипат үш деңгейлі сценарий бойынша жасалады, олар: жоғары деңгейде, орташа деңгейде, мүмкін деңгей, немесе, өте төмен деңгейде, – осылардың әрқайсысының нәтиже, уақыт, шығын көрсеткіштері белгіленеді. Осындай жағдайда жасалатын жоспар мақсатты – бағдарлы жобалар үшін икемді болып келеді.

Төменде жобалау үрдісінің үздіксіз циклын құрайтын алгоритмі беріліп отыр:


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 767; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!