Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 26 страница



           

Кесте 6 - «Өнімді ойлауға» және «жобалауға» тән түсініктер

 

 

«Өнімді ойлауға» тән түсініктер    «Жобалауға» тән түсініктер

- Өнімді ойлау әрекеті - Креативтілік - Проблеманы шеше білу - Шешім қабылдау - қалыптасқан жағдайды талдау - қайшылықтарды көре білу - болжам жасау, тексеру, қадағалау - нәтижеге қол жеткізу

 

       Жоғарыдағы 6-кестеге көңіл аударсақ, түсініктік, ұғымдық ақпараттары әр түрлі болғанымен психологияның әрекет ретіндегі өнімді ойлаудың бойында ұйымдастырушылық әрекет түрі ретіндегі жобалаудың барлық аспектілері бар екені, олардың логикалық және бірізділік сапалары ұқсас екені көрінеді.

       Психологтардың пікірінше, ойлаудың түрлері туралы теориялар бірін – бірі толықтырып отырады деуге болмайды. Өйткені олар интеллекттің формальдық теориясы сияқты бір – біріне тәуелсіз түрде пайда болады және дамиды. Дәстүрлі білімдік парадигма XX ғасырдың аяғына қарай қажет бола бастаған жаңа индивидтік қасиеттерді түсіндіру, сипаттау үшін жеткіліксіздігі белгілі болды. Соған орай, көптеген теорияларда индивидтің туындаған проблемаға қатысты талдау жасау, ситуацияны модельдеу, шешім қабылдау әрекеті және ол үшін өз жауапкершілігін мойындау сияқты сапаларын басым көрсетіле бастады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

1. Жобалау – оқушылардың өз бетіндік оқу белсенділігін арттыру технологиясы ретінде.

2. Оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың ролі

3. Оқушылар – жобалау әрекетінің субьектісі ретінде.

4. Жобалау барысындағы педагогтың іс - әрекеттері

5. Оқушылардың жобалау әрекетінің түрлері

6. Оқушылардың жобалауәрекетінің құрылымы

7. Жобалау және ғылыми зерттеу

8. Жобалау және жобалауға қабілеттілік

9. Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру тақырыбы ұсынып, негізгі кезеңдерін анықтаңыз.

Глоссарийді толықтырыңыз

 

2. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде

Бүгінгі таңда білім беру нәтижелері бүгінде жаңаша қарастырылуда, олар: өз бетімен білу алуға, әлеуметтік ортада өмір сүруге қабілеттілігі; шешім қабылдауға, проблеманы шешуге қабілеттілігі; ақпараттық, қарым – қатынастық (коммуникативтік) құзіреттілігі; жауапкершілігі мен белсенділігі, т.б.

Бұл нәтижелер оқушылардың жобалау әрекеті негізінде қалыптасатын нәтижелер, соған орай, жобалау мектептің барлық сатыларындағы оқыту барысын түгел қамтитын әрекет деп айтуға әбден болады.

Жобалау әрекетінің жасөспірімдер үшін маңыздылығы зор. Бұл жобалаудың басқа жастағы балалар үшін қажеттігі болмайды дегенді білдірмейді. Жасөспірім шақтағы жобалау осы кезеңдегі бала дамуының психологиялық және әлеуметтік міндеттеріне сай келеді.Ал, білім беру міндеттеріне келетін болсақ, жобалау әрекетін білім беру нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет.

Бастауыш мектепте оқушыларға қысқаша ғана тапсырмалар, немесе шығармашылық тапсырмаға ұқсайтын микро – жобалар беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі – жоба барысында оқушы қалыптасқан әдіспен орындауын қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой – қиялын қозғайтын жағдай туғызады. Бұл тапсырмалар жеке оқушыға, не шағын топтарға да берілуі мүмкін. Әрине микрожобалар оқу әрекетінде түгелдей өз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз етпейді, бірақ оның пайда болуына, дамуына ықпал ете бастайтыны сөзсіз. Солай бола тұрса да, бұл жағдайда дәстүрлі оқытудағыдай оқушының жекелік ерекшелігі, ой – қиялы шектелмейді, бірін – бірі тыңдауға, бірлесіп оқуға, шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте қалыптасқан өзара қарым – қатынас, бірін – бірі тыңдау, бірлесіп оқу, үйрену мәдениеті қалыптасуы, кейін негізгі мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола алады.

Микрожобаларды ұйымдастыру оқыту ситуациясындағы жекелік тұрғыны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық әдебиеттерде жиі кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша және аз уақытта орындалатын тапсырмалар балалардың өзіндік ерекшеліктерін, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.

Бастауыш мектепте жобалау әрекеттерін пайдалану бала бойында жаңа сапаларды дамытып қана қоймай, осы жаста ойын үстінде дамитын еркін ойлау, ой белсенділігі, елестету – қиялдау қабілеттерінің сақталуына оң әсер етеді. Сондай – ақ, микрожоба барысында олардың мінез – құлқында пайда болатын өз әрекетін ұйымдастыру, өзін - өзі басқара білу, өзгелермен санасу сияқты дағдылары да қалыптасатыны сөзсіз.

Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті оқу барысында өзінің мінез – құлқын реттеу, өзіндік әрекетін басқару құралына айналады. Оқушылар жобалау әрекеті арқылы жоғары сыныпта өзінің білім алу троекториясын таңдауға жауапкершілікпен, саналы түрде келуіне жағдай жасайды және өзінің оқу әрекеттері мен әлеуметтік қызметтерін басқаруға қабілеттілігіне айналады.

Жоғары сынып оқушылары үшін жобалау әрекеті қызметтік роль де атқарады, яғни оқушылар жобаны жүзеге асыруда қалыптасқан тәжірибелері мен қабілеттерін оқу әрекетінде, қарым – қатынаста, ақпаратпен жұмыс жасауда, проблеманы шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ бұлар негізінен оқу үрдісінде ғана қолданылады.

Жобалау «субъектісі» және «объектісі» ұғымдары. «Субъект» ұғымына келсек, мысалы, біреуді субъект атанды, субьект болады деуге болмайды. Субъектілік – адамның сипаттамасы емес, ол оның іс - әрекетінің, өз әрекеті иесі екендігінің сипаттамасы. Егер адам өз бетімен, еркін әрекеттер орындау үстінде болса, осы жерде ол субъектілік әрекет иесі. Осыған орай, субъектіліктің орнын, субъектілік жағдайын белгілеуге болады.

       Жобалау әрекетіндегі субъект ұғымы әрекет теориясы негізінде қарастырылуы тиіс. Оны кеңінен талдамастан, тақырып шеңберінде төмендегідей қысқаша түсіндіруге болады.

       Біріншіден, әрекет субьектісі өзгеріп отырады. Оқытудағы жобалаудың бастамасында ондағы әрекеттердің субъектісі – педагог қана. Әрекет оқушыларға әлі берілген жоқ, өйткені оқушы оны әзірше өзі құрастыра алмайды.

       Жобалауды ұйымдастырудың алғашқы кезеңінде оқушы өз бетіндік әрекеттерді өзі ұйымдастыру деңгейін әлі игермегендіктен бұл педагогтың субъектілігін талап етеді.

       Жобалау объектісі де өзгеріп отырады. Әрекет басында ол нақты белгіленеді, яғни мұғалім оқушыларға не істеу керек (мақсат), нені өзгерту, жасау (обьект) екенін анықтап береді. Одан әрі бұл элементтер нақтыланады, оқушылар сол объектіге қатысты мәліметтерді талдау, жағдайды бағалау арқылы күтілетін нәтижелерді одан әрі нақтылайды. Жоба субъектілігі де өзгере алады, бұл жерде екі жоба және екі субьект болатынын атап айту қажет болады. Біреуі - оқушылар жобасы, оның бастамасында балалар тек қатысушы ретінде болғанымен, одан әрі нақты әрекеттер орындау барысында жобалау субьектісі бола алады. Әр оқушыға жеке тапсырмалар беріліп, оның орындалуы оқушының өз тарапынан жүзеге асырылса, бұл – нақты оқушы субьектілігінің көрінісі. Ол тапсырма орындалмаса субъектілік жүзеге асырылмауы да мүмкін.

       Субъектілік жағдайды кеңейтуге, дамытуға да болады, ол жобаны жеке немесе топпен орындаудағы өз бетіндік әрекеттердің нығаюы, қалыптасуы жүзеге асырылады. Жобалау әрекетін топпен орындаудың маңызы зор, өйткені топтың субьектілігі жоғары болады. Өйткені жобаны орындауда жобаның субъектілігі ретінде топтың қолдауы ерекше роль атқарады.

       Келесісі – педагогикалық (білім беру) жоба. Оның жобалау субъектісі әуел бастан педагог: педагог субъектілік болатын жағдайды жобалайды, педагог өз жобасын – оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастыруды жүзеге асырады, оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін оқу жағдайын тудырады, басқарады. Жоғарыда кеңінен берілген екі жобаның объектілері де екі түрлі болады.

       Оқушы жобасында бұл – пәндік ситуация, сол ситуацияға байланысты жобалау мақсаты, әрекеттері, идеясы жүзеге асырылады.

       Ал, педагогикалық жобалаудың обьектісі – оқушылардың жобасы. Педагог бұл жағдайда ұйымдастырушылық қызмет атқарады.Айта кету керек, оқушылар жобасының көлеміне қарай педагогикалық басқару бір педагог шеңберінен шығып, мектепшілік қолдауды қажет етуі мүмкін. Мысалы, сабақ кестесін өзгерту, аудиториялар мен класс кеңістіктерін бөлу, ақпараттық ресурстардың қолжетілімділігін ұйымдастыру т.б. Ол жағдайда жобаның субъектілері – тұтас команда, педагогикалық ұжым да бола алады.

 Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны.Жобалау әрекетін оқыту мазмұнына сәйкестендіре жүргізу – мектеп әдістемесіндегі жаңа тұрғы. Өйткені, білім беру мазмұны өз заңдылығы бойынша жылдар бойында қалыптасқан тұтас білім беру жүйесінің маңызды бір компоненті. Мазмұндық компоненті ретінде ол оқыту әдістемесі, білім беруді ұйымдастыру кеңістігі мен уақыты, оқулықтар мен бағдарламалар, басқару мен қадағалау сияқты басқа да элементтермен үйлестіріліп, реттеліп отыратын тұтас құрылым немесе жүйеге қызмет етеді.

       Сондықтан, білім беру мазмұнына өзгеріс ендіру білім беру жүйесінің барлық компоненттерін өзгертуді қажет етеді. Бұған қоса білім беруді басқару жүйесі, педагогтарды даярлау және қайта даярлау жүйесі құрылымдары да бұл жағдайда бұрынғы күйінде қала алмайды.

       Бүгінгі білім беруге қойылатын жаңа талаптар оның мазмұнына өзгерістер ендіру қажеттігін тудырып отырғаны белгілі.

       Барлығымызға белгілі, қазіргі білім пәндік принциппен құрылған, атап айтқанда, белгілі бір пәннің ғылыми – теориялық негізге алынып, ол мектеп бағдарламасына енгізілген. Оқушылар мектептен әр пәннің ғылыми негізін, игеріп, өз таңдаулары бойынша одан әрі тереңірек, кеңірек білуге мүмкіндік алады.

       Оқушының игеретін білімі оқулықтарда негізінен теориялық, білімдік тұрғыдан құрылып, алған білімдерін пайдаға асыру жолдарына берілетін уақыт шектеулі болып келеді. Мысалы, физика сабағынан ток өткізгіштік теориялары мен формулаларын өте жақсы игерген оқушы сол білімі негізінде радиоқабылдағыштарды қандай жағдай алады деу қиын. Яғни, оқушылар «таза» білім алады: газ туралы біледі, элементтер қасиеттерін игереді, атмосфералық қысымның ережелерін жатқа айта алады, текстерді жаттайды, физикадағы заңдарды жақсы біледі, т.б. 

       Жобалау әрекетінің білімдік тұрғыдағы әдістемелерден айырмашылығы сол, оның барысында оқушылар алған білімдерін тәжірибеде пайдаланады, яғни білім алу, жатқа білу – мақсат емес, теориялық білім жобалау әрекетін жүргізудің құрамына айналады.

       Сол себепті, жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін білім мазмұны практикалық жұмысты ұйымдастыруға құрал ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл өз кезегінде сыныптың – сабақтың оқыту жүйесіне де, оқулықтар мен бағдарламаға да, оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым – қатынасы да, бағалау мен бақылауға да, басқару жүйесіне де өзгерістер енгізуді қажет етеді.

       Шынайы өмірдегі қалыптасқан жағдайды біле отырып, дәл бүгін осы өзгерістер бола қалады дей алмаймыз, өйткені, білім мазмұны стандарттар арқылы ендіріледі, ал елімізде 12 – жылдық білім берудің құзыреттілікке бағытталған нәтижелерін көздейтін жаңа стандарттар 2015 жылдары дайын болады деп күтілуде.

       Біз жарқын болашақтың келетініне сене отырып, дәл бүгінгі таңдағы білім мазмұны негізінде жобалау әрекетін ұйымдастырудың екі бағытын талдаймыз.

       Біріншісі, мектептерде негізге алынып жүрген оқыту бағдарламаларының ішінен оқушылардың зерттеушілігін еркін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тақырыптар таңдай білу. Яғни, жоба арқылы жүргізуге мүмкіндік беретін «Ауылдың, ауданның, қаланың мандшафттың картасын жасау», немесе, «Аудан, ауыл мақтанышы» (адам, табиғат немесе ғимарат, т.б.) тақырыптарындағы жобалар пәндік проблемаларды шешумен қатар, оқушылардың сабақтағы игерген біліміне қоса (ландшафт туралы теория, карта туралы ұғымдар, шартты белгілер, өз ойын жаза білу, мәтін құру т.б.) өзіндік қажетті коммуникативтік, ақпараттық, т.б. қабілеттерін қалыптастыруға негіз болады.

       Келесі бағыт – жобалаудың тұтас құрылымын орындауды мақсат етіп қоймастан, жобалауға тән – қалыптасқан жағдайды талдау, шағын тапсырмалар беру арқылы жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге қызығушылық туғызу т.б. Яғни, бұл жерде тұтас жоба жасау маңыздылығынан гөрі, оқушының әрекетін ұйымдастыруға еркін кеңістік беру маңыздылығына көңіл аударылады. Оқушы берілген тапсырманы орындау барысында сабақта алған теориялық білімін тапсырманы орындау құралына айналғанда ғана оның тұлғалық дамуы жүзеге асырылады. Жоба шағын болуы мүмкін,бірақ ол біздің дәстүрлі түсініктегі «жаттығу орындау», «ереже жаттау» емес. Жобаның өнімі қолмен ұстайтын, көрінетін де болмауы мүмкін, бірақ ол дәстүрлі сабақтан ерекше шығармашылық, еркіндік тұрғыдағы тапсырмалар болуы тиіс.

Сыныптан тыс жобалар. Жоғарыда сөз болған білім беру мазмұны логикасында қарайтын болсақ, жобалауды толыққанды орындау мүмкіндігі сыныптан тыс жұмыстарда мол болады. (Мысалы, әлеуметтік мәнді жобалар, тәжірибелік жобалар, т.б.)

       Бұл жерде көңіл аударарлық нәрсе – ондай жобалардың білім беру міндеттерін орындауға қаншалықты қатысты екені. Тереңге бармай, бір қарағанда сыныптан тыс жобалар білім беруге құрылмайды, олардың алатын өнімдері өзгешелеу. Атап айтқанда, оқушылар жоба барысында коммуникативтік қатынас, топпен бірге жұмыс істеу, әлеуметтік проблемаларды шешуге араласу дағдылары қалыптасады. Мектеп газетін құрастыру, спектакль қою, мектеп ауласының дизайнын жасау, т.б. жобалау өнімдерді де жасауға болады. Осыларға қарап, сыныптан тыс, мектептен тыс жобалау оңайырақ және жобалау талаптарына көбірек сай келеді деген пікір тууы да мүмкін.

       Алайда, жобалауды тек тәрбие жұмысына ғана қатысты қарастыру оқушыларды білім беру мазмұнына қатысты жобаларға қарсы қоймау тиіс. Оқушының пәндік білімін қолдануға мүмкіндік берілмесе, онда оқушының білім алуға қызығушылығы төмендейді, оның өз білімін дамыту мүмкіндігі шектеліп, адамның даму потенциалы азаяды.


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 1391; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!