Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 27 страница



Жобалау және рефлексия. Джон Дьюидің еңбектерінде жобалау әдісінің негізі қаланып, оның «тәжірибе» ұғымы арқылы таратылғаны белгілі. Бұл ұғым мәнісі күрделі болғандықтан философиялық категорияға жатады және оған дәл анықтама беру де оңай емес. Қарапайым түсінікпен айтқанда, «тәжірибе» дегеніміз – бұл белгілі бір әрекет немесе құбылыс, оның нәтижесі одан әрі болатын іс - әрекеттер мен оқиғаларды дамытудың шарты болып табылады. Мысалы, кез -

келген адамның басында болатын жағдайлар ізсіз кетпейді, белгілі бір әсерін тигізеді, ал кейбірі адамның бір нәрсеге үйренуі, сезінуі сияқты эмоциялық іздер қалдырады. Сонда ғана ол адамның өз тәжірибесіне айналады.(Мысалы, адам сүрініп кетті, сол жерде қиналып, одан кейін жолдың басқа тегістеу жағымен әрі қарай кетті.)

       Адамның Дьюи түсіндірген «тәжірибесі» біздің барлық іс - әрекеттерінен пайда болады деуге болмайды, сонымен қатар, адамның бір нәрсемен танысу, тоқталу, талдау барысында қалыптасады. Бұл жердегі маңыздысы – тоқталу, назарын бөлу, жағдайды талдау әрекеттері.

       Жобалау әрекеті оқушылардың практикалық жұмыстары сияқты өзіндік тәжірибе алуына негіз болады. Жоба өзінен өзі тәжірибеге айналмайды. Жобалау тәжірибе алуға кепілдік бермейді, өйткені ол рефлексия бола ма жоқ па, жобаға қатысушылар жобалық іс - әрекеттердің мән – маңызын жете түсініп те қамтамасыз ететіні белгісіз. Тәжірибе ретінде қалыптаспаған жоба өмірде болған оқиғаға ғана айналады.

       «Тәжірибе алу» үшін – рефлексия деп аталатын тоқталу, қайта қарау, оқиғаны , құбылысты түсіну әрекеттерінің жүйесі қажет. Рефлексия – тек ойлану әрекетіне қарағанда күрделірек.

       Сондықтан, жобалау әрекеттеріне қосымша ретінде арнайы ұйымдастырылатын рефлексиялық сессия – жоба алдындағы, жоба барысындағы толқулар, т.б. жұмыстарды қажет етеді.

       «Рефлексия» ұғымы педагогикалық әрекеттерде соңғы жылдары қолданыла бастады. Бірақ олардың көбінде «ойлану, еске түсіру» ұғымдары ретінде түсіндіріледі. Рефлексия - әрекеттердің, оқиғаның болған ретін еске түсіру ғана емес, олай болу себебі мен мағынасын анықтау әрекеті.

       Ал, мағынаны түсіндірудің өзі түрліше болатындықтан, рефлексия да түрліше болады. Бұл жерде болып жатқан оқиғаға рефлексиялық көзқарасты қалыптастыру да маңызды.

Жобалау әрекетіндегі рефлексиялық көзқарас сол жобаның негізгі мағынасын тани білуді қажет етеді. Жобаның негізгі мағынасын құрайтын элементтер – жобалау идеясы мен іске асыруының байланыстылығы немесе мақсат пен нәтиженің бірлігі. Бұл байланыстар іс - әрекет туралы шешім қабылдау, оны орындау құралдарын таңдау, жобалау кезеңдерін құру, топ ішінде міндеттерді бөлісу жұмыстарынан тұрады. Осылардың барлығы да рефлексияның пәні ретінде қарастырылады.

Эмоциялық тұрғыдан алғанда рефлексияны «тас - талқан» қылып талдау, «шашып тастау» деген сөз тіркестерін білдірсе, рационалистік тұрғыда – «жоба идеясын дамытудың маңызды бөліктерін анықтау» деуге келеді. Төмендегі 13- суретте көрсетілгендей, әрбір бөліктің өзінде бірнеше нұсқалар жатыр, ал, таңдап алған нұсқа нәтижеге қаншалықты тиімді әсер етті, басқаша болса нәтижеге қалай әсер етеді, одан нәтиже өзгере ме, мерзімі қысқара ма, өнім барлық талапқа сай ма? Міне, осы сұрақтар арқылы рефлексиялық көзқарас анықталады.

 

Мақсат қою Жоба кезеңдері Нәтиже, өнім

 

 13- сурет

Жоба идеясын дамытудың маңызды бөліктері

 

Рефлексияның мәні - жобаны қорыту емес. Ол, біріншіден, жобалау барысын түгел талдайды; екіншіден, жобаның тәжірибеге айналуына ықпал етеді, жобаны бағалауға негіз болады.

Рефлексия бақылау арқылы жасалады. Жобаның бақылау барысында негізге алынатын дайын үлгісі болмайтындықтан, рефлексияның іске кірісетін жері – проблеманың пайда болуы. Бұл педагогтың жұмысы, өйткені, оқушылар проблеманы байқамайды, не қиынсынып басқа оңай іске ауысып кетуі мүмкін. Педагог осы жағдайларды қадағалай отырып, рефлексия пайда болатын жерлерді белгілейді.

Тәжірибеге айналған, аяқталған жоба, болашақ жобаларға негіз болады, ондағы проблемалар алдағы жобаларда ескеріледі.

Оқыту үрдісіндегі жобалауәрекетін ұйымдастыру біздің педагогикалық қауым үшін жаңа, үйренбеген жұмыс, өйткені ол оқыту үрдісінің құрылымын түгелдей жаңаша құруға бағытталған. Жобалау әрекеті білім беру кеңістігі - әрекет субьектілерінің қарым – қатынасы, әрекеттері, әрекетке қатысушылар құралы мен әрекет ұйымдастырылатын бөлмені де құрайды.

       Дәстүрлі білім беру жағдайында кеңістік мұғалімнің оқушыға тікелей білім беру мақсатына қызмет етеді, соған ыңғайластырады. Онда білім беруші, білім алушы ролдері өте нақты болғандықтан оның техникасы мен әдістемесі бір жақты болады.

       Класс кеңістігінің ұйымдастырылу принципі педагогты басты тұлға ретінде ала отырып, оның көмекші құралдары тақта, демонстрациялық стол, соған қарама – қарсы отыратын оқушылар да мұғалімге ыңғайлы болуы үшін құрылады.

       Оқушылардың қатар – қатар отыруы сабақ барысында бірлесіп әрекет етуге мүмкіндік бермейді, бұл кеңістік оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынаста ғана қолайлы. Бұндай құрылымдық кеңістік дәстүрлі оқытудың міндеттеріне сай құрылған және онда оқушы сабақты түсіндіруші, балалар жазып алушы, орындаушы.

       Парталардың орналасуы да мұғалімнің кез келген оқушыны кез келген уақытта дәптерлерін оқуға, қателерін қарап жүруге құрылған. Ал, жобалау әрекеті білім беру кеңістігінің басқаша түріне, атап айтқанда:

– біріншіден, типпен жұмыс түріне лайық болуын қажет етеді;

– екіншіден әр топ өз жобасын орындайтын болғандықтан, әр топтың жұмыс орны бөлек болғаны жөн;

– үшіншіден, жобаны орындауда ақпараттар, мәліметтер жинау және оларды талдау қажет болғандықтан, жұмыс орны компьютер желісіне, кітапханаға, медиатекаға т.б. ақпараттар көзіне шыға алатындай болуы керек;

– төртіншіден, жобалау әрекеті негізінен белгілі бір өнім алумен байланысты болғандықтан зертхана, шығармашылық шеберханасы, т.б. оқушылардың өз қолдарымен өнім жасауға мүмкіндік беретін орындар болғаны жөн;

– бесіншіден, жобалау қызметі міндетті түрде өнімді, нәтижені презентация жасаумен аяқталады.

Сондықтан оқу коммуникациясының жаңа түрі – конференция залдар, конкурс, есеп беру шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін кеңістік қарастырылады. Жоба презентациясы басқа да оқушылар, педагогтардың жаппай қатысуын талап етеді.

Бүгінгі таңда мектептердің құрылымы класс – сабақ жүйесіне негізделгендіктен, аталған жобалау кеңістігін мектептегі бар мүмкіндік арқылы ұйымдастыру қажет болады. Мысалы, сабақ кестесіне өзгерістер, кітапхана мен зертханаларды жаңаша ұйымдастыру, т.б.

       Қорыта айтқанда жобалау әрекеті барысында оқу әрекеттері дәстүрлі класс кеңістігімен кеңірек жүргізіліп, класс – сабақ жүйесін жаңаша құруға ықпал етеді. 

  Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы. 

Оқытудың құрылымдық кеңістігінің тағы бір бөлігі – уақыт. Білім беруде уақыт өте нақты белгіленгені белгілі, мысалы, сабақтың класта, немесе үйде орындалу уақыты бар, мектепте және мектептен тыс орындалатын шаралар да уақыты, сабаққа даярлану уақыты, сондай – ақ жеке өзіне арналған уақыттары белгіленген. Тиімді ұйымдастырылған жобалау қызметінде қатысушылардың уақытты тиімді пайдалану жоспарланады. Өйткені, жобаға қызығу деңгейі жоғары болған жағдайда оқушылар беріле кірісіп, өз уақыттарының көбін оған арнауы мүмкін. Осы жағдайда оқушыларға уақытты пайдалану, өзге де маңызды істерді уақытында орындалуы қадағаланады.

       Сондықтан, педагогтар жобаны орындаудағы компоненттері – жұмысты ыңғайлы кестемен орындау, уақытын , көлемін, ұзақтығын ескеруі қажет. Одан басқа, ресурс ретінде оның әрекеттері мен жобалау әрекеттерінің бірін – бірі толықтырып отыратын ерекшелігін пайдалануға болады.

       Мысалы, жобаның барлық компоненттерін тұтас сақтау бастауыш мектептерде мүмкін емес. Ондағы басты мүдде – оқушыларға шағын шығармашылық тақырыптар беру арқылы сабақ оқуға маңызын арттыруға болады. Бұлар қысқа мерзімді тапсырмалар, мини – жобалар – кіші жастағылар үшін сабақ үстінде өткізіліп, оқу жоспарына енгізілсе – олар оқушыларды дамытуға мүмкіндік береді.

       Негізгі мектепте 5 – 6 сыныптарда нақты жоба жасау басталады, олар жобаның өзін жасауға кіріседі. Міне, осы кезден бастап оқушылар үшін өз уақытын басқару қажеттігі пайда болады.

       Жобалау барысындағы уақытты басқару талаптары негізінен жоспарлау және бақылауды орындауда қойылады. Мысалы, белгілі бір әрекеттерді орындауда жүргізілетін мониторинг кейбір жұмыстардың өз мерзімінде аяқталмайтынын, кейбір әрекеттердің бірін – бірі қайталауға әкелетіні, ал кейбірін орындауға аз уақыт қажет болатыны, яғни тәжірибеде тиімсіз деп табылған істерді өзгерту керектігі анықталады.Одан кейін тиімділікпен ұйымдастыру қарастырылып, жаңа нұсқамен жұмыс істеуге болады.

       Оқушылардың жобалау әрекетінің бірнеше қарапайым ережелері оқушыларға түсіндірілсе, олардың игеріп алуына жағдай жасалады.

Біріншісі, ең алғашқы жасайтын жобаларынан бастап, оның орындалу мерзімін анықтап алу қажет. Соңғы нәтиже (өнім) тек қана белгіленген мерзімде қабылданады, кешігу болуы тиіс емес. Педагогтар оқушыларға жоба мерзімінен кешіксе олардың бағалары төмендейтінін ескертуі керек;

Екіншісі, жобалау кезеңдерін белгілеп, оның әр кезеңінің аяқталу уақыттары анықталады. Сонымен қатар, осы жерде әрбір кезеңнің нәтижесі белгіленеді (мысалы, жоба идеясын қорғау, эскизін қорғау, орныдалу құралдарын таңдау, т.б.);

Үшіншісі, оқушыларға педагогтан көмек, кеңес алу мүмкіндігі беріліп, оның кестесі де күні бұрын келісіліп, белгіленеді;

Төртіншісі, бұл педагогтың міндеті – оқушылардың жоба жұмысын бастан – аяқ қадағалап отыру, топпен жұмысты бақылау, пән бойынша немесе басқа адамдармен қарым – қатынасы жобалау барысы, т.б. түгел қамтылып отыруы тиіс, қажет болған жағдайда, араласу, қолдау қажет;

Жалпы алғанда, жобалық жұмыс сабақ үстінде, сабақтан тыс, бос уақыттарын да қамтып, кеңей беретін әрекет екенін түсінгенде оның уақыттық талаптарын сақтауға болады.

 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

1. Оқушылардың жобалау әрекеті негізінде қалыптасатын білім беру нәтижелері

2. Бастауыш мектеп оқушыларының жобалау әрекеттері

3. Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері

4. Оқушылардың жобалау әрекетіндегі «субъект» және «объект» ұғымдары

5. Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны

6. Сыныптан тыс жобалар.    

7. Жобалау және рефлексия

8. Оқыту үрдісіндегі жобалау     

9. Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы.      

 

 

3. Оқу жобаларының құрылымы мен түрлері

  Жасөспірімдердің негізгі әрекеттері жобалаушылық тұрғысынан жасалады. Мектеп жағдайында жобалау әрекеттерін ұйымдастыру сол мектептің дәстүрімен, тарихымен, қалыптасқан үрдістерімен ерекшеленеді. Жобалаудың басты белгісінің өзі қалыптасқан жағдайды нақты сол кезең бойынша талдау арқылы оның күтілетін өзгерістерін анықтайды, жобаланады, жүзеге асырылады. Оқушылардың жобалау әрекеттерін жобалау теориясы айтылатын тәжірибелік мәдениеттің ең дамыған түріне толықтай жатады деп айтуға болмайды. Жобалау, жоғарыда айтылғандай қалыптасқан жағдайды қайта құруға бағытталады. Ол белгілі бір жүйені сапалық тұрғыдан өзгертуді қамтамасыз ететін әрекеттерден тұрады. Ал оқушылар жобалары қалыптасқан жағдайды өзгерту, немесе жүйенің сапасын жаңару міндеттерін көздемейді. Осы тұрғыдан алғанда оқушылардың жобалау әрекеттері мен оқудағы жобаларды жобалық-ойындық әрекеттер деп атауға да болар еді. Кейбір ғалымдардың «квазижобалар» деп атауды ұсынатындары да сондықтан.

     Мектеп тәжірибесінде жобалау екі түрлі жоспарланады: білім беру жобалары немесе педагогикалық жобалар, оның субъектісі педагог немесе педагогикалық ұжым болады, екіншісі мектеп оқушылары жобасы, оның субъектісі - оқушылар. Аталған жобалардың бір-бірімен байланыстылығы сондай, кейде оларды ажырату да қиын.

   Жалпы жобалау теориясында берілетін көрсеткіштердің дәл орындалуы оқушылар жобасының өз ерекшеліктеріне байланысты нақты болмауы мүмкін екенін ескерсек, онда мектептегі жобалардың ерекшеліктерін анықтап алу қажет.

     Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы:

1. Жағдайды талдау,түпкі идея мақсатты анықтау

- жағдайды талдау; (жобалау идеясын талдау, жаңа өнім алуға қажеттіліктің пайда болуы)

- проблеманы нақтылау; (жобалау мақсатын құрастыру)

- проблеманы шешудің болжамын жасау,проблемадан шығатын міндеттерді анықтау;

2. Жобаны орындау(жүзеге асыру);

- жобаны орындаудың кезеңдерін жоспарлау;

- міндеттерді орындау жолдарын талдау; проблеманы шешу жолын таңдау,  

- зерттеу жүргізу, зерттеу әдістерін таңдау (статистикалық, эксперименттік,   бақылау т.б;)

- жобаны орындау;

3. Қорытынды өнімді даярлау:

- қорытынды нәтижелерді рәсімдеу жолдарын талдау (презентация,жобаны қорғау, шығармашылық есеп т.б)

- алынған нәтижелерді жинақтау,жүйелеу,талдау,қорыту;

- қорытынды жасау, нәтижені рәсімдеу, топ алдында қорғау, 

- презентациялау;

- қорытынды түйіндеу,зерттеу жобаларының жаңа проблемаларын ұсыну.

Берілген негізгі кезеңдерден басқа жобаның қосымша сипаттамаларыда бар,оны оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыруды ескеру қажет.


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 630; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!