Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 25 страница



Жобалау – оқушылардың өз бетіндік оқу әрекеттерін ұйымдастыруда олардың белсенділігін арттыруға бағытталған құралдардың (технологиялардың) бір түрі.

Оқушылардың жобалау әрекеттерінің басты ерекшелігі – оның білім берумен тығыз байланыстылығында. Жалпы білім берудің өзін әлеуметтік жобалауға жатқызуға болады, бұл жағдайда жобалау субьектісі – қоғам болып табылады.

Нақтылап айтсақ, оқыту процесі – алдын ала белгіленген нәтиже, яғни белгілі бір сапаларға ие мектеп бітіруші тұлғасын қалыптастыру мақсатында арнайы ұйымдастырылатын үрдіс десек, білім берудің өзі жобалау әрекеті бола алады. Оны төмендегі қасиеттерге қарап айтуға болады:

– мақсаты анықталынып алған (мектеп бітіруші моделі)

– құралдары, белгіленген (білім мазмұны, түрлері, әдістері, ұйымдастыру ресурстары)

– нәтижелік өнімнің болуы (мектеп бітірушінің белгілі бір сапалары)

Білім берудің осы сипатына қатысты алатын болсақ, педагог – жоба ретінде жүзеге асырылатын білім берудің мақсатын жүзеге асыратын агент. Өйткені, ол педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыру арқылы күтілетін нәтижелерге сәйкес оқушының дамуын бағыттап отырады. Оның басты құралдары оқыту мен тәрбиелеу.

Педагогты жай орындаушы деп қарай алмаймыз, себебі орындаушы белгіленген операцияларды рет – ретімен, бір тәртіппен орындайтын адам. Оқыту процесінде балалардың барлығы білім беру әрекеттеріне бірдей деңгейде араласа алмайды, сондықтан, педагог әрбір нақты оқушының ерекшеліктеріне қарай өз әрекеттерін ұйымдастырушы, яғни субьект ролін атқарды. Осыған байланысты педагог – білім беру үрдісінің субьектісі деп айта аламыз. Өйткені педагог субьект ретінде мақсат қояды, оған сай құралдарды анықтайды, нәтижені алуға күш жұмсайды, түрлі жағдайларды ескере отырып, өзінің ұйымдастыруының амалдарын орындайды, өзгертеді, түзетеді, бағалайды.

Енді, осы жағдайда оқушы – білім беру процесінің субьектісі бола ала ма? Соңғы кездері бұл өте кеңінен қолданылып жүрген мәселе. Оқушыларға жекелеген білім беру, тұлғалық – бағдарлы оқыту, субьект – субьектілік тұрғы деген түсініктердің ендірілуіне байланысты бұл мәселе кеңінен талқылануда, оқушының субьектілігі кеңінен қарастырылуда.

Білім берудің әлеуметтік мақсатын қарастырсақ, оқушыға мақсат сырттан беріледі, бұл – оқушының мақсаты емес, әлеуметті құндылық. Ал оқушы оны өзі үшін құндылық деп қарастырмауы мүмкін. Бірақ оқушы өзін - өзі дамытуды өз міндетіне алса, онда білім алу оның мақсатына айналады.

Айта кету керек, оқушыларды дәстүрлі оқытуды жүзеге асыруды педагогтың жобасы деуге де болады. Педагог оқыту барысындағы әрбір педагогикалық әрекеттің неліктен қажет екендігін, жаңа тақырыпты түсіндірудің мақсатын, бақылау жұмысын жаздырудың неліктен қажет екенін нақты біледі. Дәстүрлі оқыту жүйесінде педагогтың әрбір қадамы берілген әдістемеден ауытқымайды, өзінің не айтатыны, оқушының қалай жауап беру тиістігі алдын ала белгіленеді және дәл солай орындалуы талап етіледі.

Жобалау әрекетін ұйымдастыруда да педагог оқушылардың жұмысын жоба түрінде құрады. Педагог білім беру мақсатын анықтайды, оған жетудің белгілі бір жолдарын ұсынады және қорытынды нәтиженің қалай болуы тиістігін алдын ала белгілейді. Осылайша, педагог әрекетінің өзі жобалық әрекет. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, жобалау әрекеті барысында педагогтың өз жауапкершілігі мен өзіндік іс - әрекеттері көбейеді, өйткені, ол оқушылардың жұмыстарын жоба жасауға бағыттайды, жоба жасау арқылы олардың түрлі қабілеттерін анықтайды, одан әрі дамытады. Ол өзінің оқыту жобасының нәтижесіне ғана емес, оқушылардың жобасы арқылы өнімінің нәтижесіне де жауап береді.

Педагогтың білім беру жобасы оқушылардың жобалары арқылы жүзеге асырылады, егер педагог оқушылардың жобаларын тиімді ұйымдастырып, олар өнімді және нәтижелі болған жағдайда педагогтың білім беру (оқыту) жобасы өз мақсатын орындайды.

Бұл жерде оқушылар жобасының «өнімі» - шартты ұғым, ол оқушының белгілі бір білімдік, дағдылық, құзіреттілік, құндылықтық, т.б сапалары болып табылады. Оқушылардың жобасын ұйымдастыруда педагог осы сапалардың белгілі бір сипатын мақсат ретінде алады.

Оқушылардың жобалау әрекеті қатаң реттелмейтін, көбіне олардың еркіндігін дамытуға бағытталғандықтан педагогтың жобалау іс - әрекеттеріне де еркіндік, өзгермелілік тән болады. Түрлі жағдайларға байланысты (топтағы болуы мүмкін түсінбестіктер, кейбір жобалардың сәтсіздігі, оқушының келмей қалуы, т.б) педагог көптеген өзгерістер ендіруі, ситуациялардан шығудың тиімді жолдарын анықтауы қажет болып отырады. Олардың барлығы да оқушылар жобасының, сонымен қатар, педагогикалық жобаның табыспен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Қорыта келе, жобалау барысындағы педагогтың іс - әрекеттерін жобалау әрекеті және басқару әрекеті деп екіге бөлуге болады:

– білім берудің жаңа нәтижелерін (оқушылардың жаңа сападағы қабілеттерін дамытуды) жобалайды;

– оқушылардың жобалау әрекетін басқарады;

Сондай – ақ, бұл екі әрекет бір – бірімен бірге, айтылмай жүргізіледі. Айта кету керек, оқушылардың жобалау әрекеті «жобалау» түсінігінің қалыптасқан тәртіптеріне түгел жауап бермейтінін бүгінгі ғалымдар сөз етіп келеді. Оны «квазижобалау» деп атау керек деген ұсыныстар да бар. Оның себебі жобалаушы жобаны белгілегенде өз мақсатын қойып, алатын өнімін белгілейді. Ал, оқушылар өз мақсаты емес, педагогтың немесе педагогикалық мақсат пен міндеттерді орындайды. Солай бола тұра, оқушылардың жобалау әрекеті педагог тарапынан «сауатты», тиімді ұйымдастырылса жоғарыдағы педагогикалық мақсатты емес, оқушылардың жобасының мақсатын олармен бірге анықтауға және орындауға әбден болады.

Оқушылар жоба жасаудағы өз әрекеттерін еркін тыңдап, өз бетімен оның мақсаты мен міндетін, әдіс – құралдарын күтілетін нәтижеге сай анықтауға мүмкіндік жасалса – жобалау олардың өз әрекеттеріне айналады. Демек, олардың жауапкершілігі мен өз бетіндік әрекеттері дамытылады.

Педагогикалық психологияда өзі үшін құнды мақсат қою және әрекеттерді өзі белгілеуі, нәтижеге жетуге ұмтылуы – оның субьектілігін білдіреді, яғни бұл жобалаудағы субьектіліктің көрінісі болып табылады. Сонымен, оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырудың бір – бірімен ажыратуға болмайтын екі түріі бар – білім берудегі жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері. Олардың қалыптасқан түсініктегі жобалау әрекетіне жатқызуға болатын төмендегі жобаға тән белгілері бар:

– мақсат – міндеттері еркін қойылады;

– орындау жолдары еркін таңдалады және іске асырылады;

– күтілетін нәтиже алдын – ала анықталады;

Жобалау кеңістігіне қарасты алатын болсақ: педагогтың білім беруді жобалауы - әлеуметтік білім беру жобасы кеңістігінде орындалып, сол деңгейде қадағаланатын болса, оқушылардың жобалау әрекеттері – педагогтың білім беру кеңістігінде орындалып, сол деңгейде қадағаланады, басқарылады.

Бұл жағдай жобалау әрекетін қарастыру барысында оның шеңбері мен аясын белгілеу үшін маңызды болады.

Жобалау әрекетінің құрылымы.  Жобалау әрекетінің белгілерін төмендегідей анықтауға болады:

– нақты нәтиже алуға бағытталуы;

– алынатын нәтиженің, өнімнің алдын – ала сипатталуы;

– (эскиз түрінде тұтас және бөлігінің нақтылануы)

– нәтиженің орындалу мерзімдерінің қатаң белгіленуі;

– нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті шаралардың алдын – ала жоспарлануы;

– жобаның түпкілікті нәтижесін қамтамасыз ететін жеке жұмыстардың нәтижелерімен олардың орындалу мерзімдері көрсетілген жоспарлы бағдарлама болуы;

– әрбір әрекеттің барысын қадағалау мониторингі мен түзетіліп отыратын жағдай болуы;

– жобалау әрекетінің нәтижесі ретінде алынған өнімнің алдын – ала белгіленген нәтижеге сәйкестігі тексерілуі, талдануы және одан арғы жұмыстың жоспарлануы;

  Жобалау әрекеті барысында аталған жұмыстар бірінен кейін бірі кезекпен орындалады деп түсінуге болмайды. Жобаны жүзеге асыруда бірнеше әрекеттер бір мезгілде жасалып, олар бір – бірімен үйлестіріліп отырады. Бірақ олардың ішінде негізгі әрекеттер мен қосымша әрекеттер болатыны, әрқайсысының жобадағы орны қатысушыларға түсінікті болуы тиіс.

   Жобаның ең маңызды ерекшелігі – жобалау алдындағы нақты жағдайдың талдану қажеттігі. Атап айтқанда, жобалау арқылы жүзеге асырылатын жұмыста сол кезге дейін қалыптасқан жағдайды талдау оны өзгертуге, орындауға деген қажеттіктің нақтылануына мүмкіндік береді.

   Жобалаудың түпкі идеясы қалыптасқан жағдайды өзгертуге және түйінді проблемаларды шешуге бағытталады. Сондықтан жобалау алды талдау өзгеріс енгізілетін нысанды жан – жақты зерделеуді қажет етеді. Олай болмаған жағдайда жобалау арқылы алынған нәтиже жобаның мақсатына сай болмайды.

    Жобалаудың түпкілікті нақты нәтижеге бағытталу ерекшелігі оның модельдеумен ұқсастығын көрсетеді. Қалыптасқан жағдайды өзгерту немесе белгілі бір құбылыстарға ықпал ету үшін, ең алдымен, оларды көз алдына елестету қажет. Осылайша, болашақ нәтиженің (жоба өнімінің) сұлбасы пайда болады. Берілген сұлбаны (бейнені) нақтырақ көрсету үшін оның мақсаты, орындау жолдары, т.б анықталады. Бұл – модельдеу үрдісі. Белгілі бір жағдайды модельдеу үшін оны толық білу, яғни ақпарат жинақтау қажет болады. Ақпараттың жеткіліксіз болу модельдің толық бейнесін құрастыруға мүмкіндік бермейді, осы себепті жобалау мақсаты орындалмайды.

Жобалау және ғылыми зерттеу.Ғылыми зерттеу туралы шешім белгілі бір сұраққа жауап іздеу немесе бір логикалық байланыстың кем болуы немесе ғылымда бар тәсілдер және түсініктердің қоршаған орта тануға жеткіліксіз болуы жағдайында пайда болады.

Зерттеу идеясының өзінде оның пайда болуынан бастап – ақ түпкілікті нәтижесінің қандай да бір көрінісі, оған жету амалдары, бақылау және түзету жолдары орын алуы мүмкін.

Бірақ зерттеу нәтижесі сол ғылымның түсініктік аясына (понятийный ландшафт) ене отырып, оның дамуына, өзгерістеріне ықпал етеді. Ғылыми зерттеудің осы салалары оны жобаның қасиеттеріне жақын екенін білдіреді.

Солай бола тұра, жоба мен зерттеудің елеулі айырмашылықтары да бар. Оның ең негізгісі - әрқайсысының жүзеге асырылатын кеңістіктерінің біздей еместігі. Ғылыми зерттеуде түсініктік кеңістігі сол ғылымның теориясы болып табылады да, зерттеу нәтижесінде алынған жаңа ұғымдар теориялық кеңістікке өзгеріс енгізіледі.

Ал жобалауда – практикалық әрекеттер жүзеге асырылып, тәжірибе өзгеріп отырады. В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті квазизерттеу ретіне орындалады, сондықтан, оқу әрекеті барысында қалыптасқан ғылыми теория, түсініктік кеңістік өзгермейді, яғни оқушылар ғылыми теорияны дамытуға араласпайды.

Солай бола тұра, субьектілік түсініктік кеңістік өзгереді, оқушыларда жаңа түсініктер пайда болады және олардың қоршаған ортаны тану амалдары мен жолдары өзгереді, яғни оқушының өз теориялары, өз көзқарастары пайда болады, дамиды.

Ғылыми зерттеу жобаға немесе оның құрамдас бөлігіне айнала алады. Бұл адамның жаңа білімі оның өзін ғана емес, оның өзі ортасын, әлеуметтік ортасын да өзгерте алатын жағдайда пайда болады. Сондай – ақ, жаңа білім тәжірибеде жүзеге асырылғанда ғана жобаға айнала алады.

Жаңа білім құралға, практикалық әрекеттің құралына (средство) айналуы арқылы жобаның бөлігі болып қызмет етеді.

       Ғылыми зерттеулер мен жобалардың көптеген ортақ жерлері бар, бір – біріне айнала алатын тұстары да бар. Зерттеулер жобаның бөлігіне айналып, оған еніп те кетуі мүмкін. Іргелі ғылыми зерттеулер жобаның бірнеше сериясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені зерттеу нәтижелері белгілі болмай кейбір жобаларды орындау мүмкін емес. Керісінше, кейбір жобаларда өз алдына құндылықтары бар зерттеулер пайда болады.

Жобалау және жобалауға қабілеттілік. Жобалау проблемасының тағы бір аспектісі бар, ол жобалаушы адамның қандай қабілеттері болуы қажет.Жоба нәтиже ретіндегі белгілі бір өнім алуға, жасауға байланысты қолданылатын ұғым, ол өнім материалдық немесе идеалдық тұрғыларда қарастырылады және ол белгілі бір проблеманы шешу үшін қажет болады.

       Психология ғылымында «Өнімді ойлау» (продуктивное мышление) деген ұғым бар, ол шығармашылық ойлау деген ұғымның синонимі ретінде адамның жаңа тұрғыдағы, жаңа деңгейдегі интеллектуалдық міндеттерді шеше білуімен байланыстырылады. «Өнімді ойлаудың» негізгі кезеңдері төмендегідей белгіленеді:

1) тақырыптың пайда болу кезеңі (жұмысты бастауға қажеттік), қалыптасқан жағдайды талдау;

2) проблеманы анықтау кезеңі: тақырыпқа сәйкес идеялық – тұжырымдамалық немесе бейнелік – символикалық модель құрылуы; модель ішінде проблема туғызатын қайшылықтарды айқындау арқылы проблема нақты көрінеді;

3) проблеманы шешу кезеңі: бұл кезеңде болжау жасалып қана қоймай, ол тексеріледі, дұрыс болған жағдайда проблеманы шешу жолдары белгіленеді;

4) проблеманы шешудің оны обьект ретінде қарастырудың, жүзеге асырудың техникалық, орындаушылық кезеңі;

Бұл әрекеттер негізінен проблеманы шешу жолдарын ойша іздеудің сипатталуы екені көрініп тұр. «Өнімді ойлауды» сипаттау барысында ең маңызды әрекет – ойлау актісі, өйткені онда ойлану арқылы болжам құрылады, тексеріледі.

       «Өнімді ойлаудың» екінші кезеңінде проблеманы анықтау, оны бейнелік, тұжырымдық немесе символдық тілде құрастырып, қайта қарау. Бұл – модельдеу кезеңі, оны түрліше құруға болады. Жобалаушыға қажетті «Өнімді ойлау» қабілетінен басқа – креативтік ойлау әрекетін жүзеге асыра алу – аса маңызды. Креативтілік проблеманы шешуде белгілі әрекеттерді орындауға бағытталған формальды түрдегі интеллектке жатпайды, ол – жаңа идеяларға бейімділік. Креативтілік деңгейін диагностикалау да адамның «дұрыс» жауапты таңдай білуі емес, проблеманы анықтай алуынан бастап, оны шешудің бірнеше тың жолдарын күтпеген, бұрын қарастырылмаған жағынан ұсына білуі бағаланады.

       Креативтіліктің тағы бір ерекшелігі – қарама – қайшылықтары көре білуі және одан туындайтын проблеманы, болжамын жасай білу арқылы шешу жолдарын анықтап, нәтижесіне дейін жеткізе білуі.


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 604; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!