Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 29 страница



       Жобаны белгілі бір мерзімге созып бере отырып, педагог оның аяқталу мерзімімен қатар, аралық нәтижелерді анықтайтын уақытты да белгілеуі тиіс. Осы аралық тексерулер кезінде оқушы жобасындағы олқылықтар мен қиындықтар анықталады, үлгермей жатқан тұстары түзетіледі. Бұл сыныптардағы жобалар мен шығармашылық жобалар немесе микрожобалар түрінде ғана емес, белгілі бір пәнді оқыту барысындағы оқу материалдарын игеруін бақылау бағалау әрекеттері де жоба түрінде орындалады. Бастауыш сыныптағы жобалау әрекеттері осындай жеке тапсырмаларды ретінде басталады.

       Жоғары сыныптарда да жобалау арқылы оқушылардың өз уақыттарын меңгеру және оны басқару әрекеттеріне үйрету мақсаты қойылады. Соған орай, оқушылардың жобасы түгелдей оқушылар ғана қатысатын жоба болуы мүмкін емес. Оны үнемі мұғалім басқарып отырады, бірақ оны оқушылар байқамайтын етіп ұйымдастыра білу де шеберлікті қажет етеді. Сондай – ақ, кеңес беруге арналған арнайы уақыт та белгіленеді. Ол оқушыға көмек ретінде ұйымдастырылғанымен, мұғалім үшін мониторинг, яғни үнемі қадағалап, түзетіп отыру үшін қажет болады.

       Жобалау әрекетінің нақты мерзімде орындалуын қадағалау және талап ету ондағы шығармашылықты дамытуға кері ықпал етеді деушілер де бар. Әрине, педагог жобаны басқара отырып, қажет болған жағдайда қосымша уақыт бере алады, ал қажет болса қатаң түрде белгіленген мерзімде аяқтауды талап ете алады. Бұл жерде қабылданатын шешім түрлі жағдайларды ескеретіні сөзсіз.

       Жобаның орындалу мерзімі бір – екі күннен 1 айға дейін, келесі тоқсанның аяғына дейін деп те жоспарланады. Бір тоқсан бойына орындау – бұл оқушылар жобасының ең ұзақ түрі. Бұл жағдайда жобалау бірнеше кезеңге бөлінеді: жобалау идеясын құрастыру кезеңі; орындау кезеңі; күтілетін өнімді дайындау кезеңі. Әрбір кезеңнің өзі бір – бір жоба болады, өйткені оның басталуы, жүзеге асырылуы, нәтижелік беруі. Әрбір кезең өз алдына бөлек рәсімделіп отырады.

       Бірақ жоғарғы сыныпта жобалар жарты жыл көлемінде де созыла алады. Оның да аралық кезеңдері беріледі: жоба идеясын презентациялау, кеңес беру, алдын ала қорғау, қорытынды презентация. Қалай болғанда да жобалау барысында уақыт факторы өте маңызды роль атқарады.

Қорыта келгенде, жобалау әрекеті оқушыларды өз уақытын пайдалана білу, оны басқару қабілеттерін қалыптастыратын нақты әрі тиімді құрал болып табылады. Өйткені, жобалау әрекеті барысында оқушылар нақты уақыт ішінде өмір сүретінін, оны пайдалану қажеттігін түсіне отырып, өз бойында жаңа сапалардың бірі – проблеманы шеше білу қабілеттерін дамыта алады.

         

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

1. Оқушылардың жобалау әрекеттерінің жобалық-ойындық сипаты

2. Мектеп тәжірибесіндегі жобалаудың түрлері

3. Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы

4. Оқушылар жобасының сипаттамалары мен типтері

5. Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері

6. Оқушылар жобасын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі

7. Жобалау және модельдеу

8. Оқушылар жобаларының мерзімі мен ұзақтығы

4.Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан – орындалуына дейін

Жобалау әдісін педагогикалық технология ретінде қарастыратын болсақ, бұл зерттеушілік, ізденістік, шығармашылық, проблемалық әдістердің жиынтығы ретінде білімнің өзін интеграциялауды ғана емес, оларды қолдануда интеграциялау және ол арқылы жаңа білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін технология.

       Ресей ғалымы Б.С.Полаттың айтуынша, «жоба әдісін пайдалана білу – мұғалімнің жоғары кәсібилігінің көрсеткіші, өйткені бұл әдіс – оқушыларды оқыту мен дамытудың алдыңғы қатарлы озық әдісі. Жобалау – XXI ғасырдың бірден бір технологиясы, ол, ең алдымен адамның постиндустриялық қоғамның үдемелі өзгермелі жағдайларына бейімделе білуін көздейді».

       Сондай – ақ, жобалау әдісін оқытуда пайдалану ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет.

Біріншіден, белгілі бір проблеманы тек жалаң алгоритмге негіздеп, автоматты түрде жоба арқылы шешуге бағыттау оқушылардың шығармашылығын дамытуға, оқу мотивациясын арттыруға, өз бетімен білім алуға, өзін өзі дамытуға ықпал етпейді;

Екіншіден, жобалау әдісі – оқушыларды дамытуға бағытталған бірден бір әдіс деген догматизм де дұрыс емес, өйткені, әр оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескеру, жекелеген тұрғыдан қарастыру бұл әдісті пайдалануда міндетті түрде қажет болады. Сондықтан, жобалау әдісінің нәтижелілігін, тиімділігін арттыру үшін мұғалімдерді дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан алдын – ал даярлаудың маңызы зор.

Үшіншіден, жобалау әдіс пәнаралық байланысқа негізделгендіктен бір пәнді ғана тар шеңберді қарастыру дұрыс емес, сондықтан, басқа пәндерді интеграциялауды қамтитын түрде ұйымдастыру қажет.

  Жобалау әдісін зерттеушлікте пайдалануда төмендегі талаптар орындалуы тиіс.

Зерттеушілік пен шығармашылық ізденісті қажет ететін маңызды проблеманың немесе міндеттің қойылуы. Мысалы, әлемнің түрлі елдеріндегі білім алу (сауаттылық деңгейін, оған ықпал ететін факторларды зерттеу, әр елдің балалар өмірінен репортаж жасау), топпен бірлесіп газ не мұнай мұнарасы орналасқан ауылдардың суы мен өсімдіктерін бақылау, зерттеу, талдау жасау.

Алынған зерттеу нәтижелерінің практикалық, теориялық, танымдық нәтижелерінің маңызын түсіндіру (мысалы, әр елдегі балалардың сауаттылық деңгейімен салыстыра отырып, өз аймақтары туралы, өз мектептері туралы баяндама жасау, шешу жолдарын ұсыну; жасаған репортаждарынан журнал не газет шығару; мұнайлы, газды ауылдардың табиғатын қорғаудың жоспарын жасау, т.б.)

Зерттеушілік жобалар белгілері:

1) Оқушылардың өз бетіндік жұмысын жеке жұппен, топпен орындалуы;

2) Жобаның мазмұндық құрылымы, аралық нәтижелері мен кезеңдері болуы;

3) Әрбір кезеңнің бірізділігіне негізделген төмендегі зерттеушілік әдістердің қолданылуы:

4) проблеманы анықтау және одан туындайтын міндеттерді белгілеу (оның барысында «ойға шабуыл», «дөңгелек үстел» әдістері қолданылады);

5) міндеттерді орындаудың болжамы жасалады;

6) зерттеу әдістері (статистикалық бақылау, диагностикалау, тәжірибе жасау, т.б.) талқыланып, белгіленеді;

7) алынған нәтижелерді жинақтау, жүйелеу, талдау жасалады;

8) соңғы нәтижені рәсімдеу тәсілі анықталады (презентация, жоба қорғау, шығ. есеп, қойылым т.б.)

9) қорытындылау, нәтижені рәсімдеу, презентациялау;

10) қорытынды жасау, жаңа зерттеу проблемаларын анықтау.

Осылайша, жобалау әрекетінің алғашқы қадамы – проблеманы немесе тақырыпты анықтау. Төменде оның   үлгілері берілген (7-кесте).

 

Кесте - 7

Жоба идеясын дамытудың маңызды бөліктерін анықтау

 

Жобаның шартты атауы Күтілетін нәтижесі
   
   
   

 

 

Жоба тақырыптары оның мақсатына сай түрліше болып келеді. Бір жағдайларда мұғалімдер нақты пәнге қатысты проблеманы алып, оны оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сай анықтайды. Келесі жағдайда, мұғалім жоба тақырыбын кластан тыс жұмысқа бағыттайды, ол кезде де жоба оқушылардың танымдық шығармашылық әрекеттеріне негізделеді.

       Сондай – ақ, жоба тақырыбы мектеп бағдарламасындағы теориялық мәселе туралы оқушылардың білімдерін тереңдетуге, дифференциялауға арналуы мүмкін. (Мысалы, белгілі бір елдердің әдебиеті мен мәдениетін, белгілі бір аймақтың экологиясын зерттеу т.б.)

       Жоба тақырыбының белгілі бір маңызды практикалық проблемаға арналуы жиі кездеседі, бұл жағдайда оқушылардың бір пән емес, бірнеше пәндерден интеграцияланған білімдері болуын қажет етеді. Мысалы, бүгінгі қалалардың ортақ проблемасы – қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтармен ластануы. Оның шешу жолы – барлық қалдықтарды қайта қорыту. Бұл жерде экология, химия, биология, физика, әлеуметтану т.б. көптеген пәндер интеграциялануын қажет ететін зерттеу болуы тиіс. Аталған жоба жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін болса, кіші жастағы балалар үшін «Халық ертегілеріндегі ойын түрлері» тақырыбын алуға болады. Оны орындау барысында оқушылар көптеген ертегілерді естеріне түсіреді, қайта оқиды, ондағы ойын элементтерін іздестіреді, жинайды.

       Осылайша, жоба тақырыптарын түрліше құрастыруға болады, оны оқыту мақсаттарына қалай анықтау мұғалімнің шығармашылығы мен кәсібилігін қажет етеді.

       Жоба нәтижелері міндетті түрде көзбен көріп, қолмен ұстайтын болуы тиіс, атап айтқанда, бейнефильм, альбом, компьютерлік газета, журнал, баяндама, т.б.

       Жобалау жұмысын ұйымдастыру үшін, ең алдымен мұғалімдерді даярлау қажет, өйткені жоба әдісін сабақта пайдалану үшін оны мұғалім өзі жете меңгеруі керек. Жобалау әдісі – бірінен соң бірі орындалатын қатаң алгоритмде болмауы да мүмкін.Оны орындау барысында жүйеліліктің ғана сақталуы қажет. Мысалы, бір бұйым жасау мақсатындағы жобаны алсақ, оның логикалық жүйесі сол бұйымға қажеттікті зерттеуден – оны дайындау, сынақтан өткізу, бағалау кезеңдерінен тұрады. Осылайша, теориялық жобаның да логикалық жүйесі құрылып, сол бойынша жұмыс жасалады.

Оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырған жағдайда олардың бұдан бұрын алған пәндік білімдері оқу – тәжірибелік міндеттерді шешу құралына айналады, білім беру нәтижелерін анықтауда оқушылардың жастары мен деңгейлері ескеріліп, әр сатыда әр түрлі болады. Сонымен қатар, әр оқушының өзіндік білім алу траекториясын жеке жасай білуі білім беру нәтижелерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Бұл сапалар жобалаудағы коммуникацияға ықпал етеді.

Біріншіден, егер жобаның идеясы белгілі бір тәжірибе бойынша терең білімді қажет етсе, сол бағыттағы білім мен оны толық игерген адам жоба үшін құндылыққа ие болады. Бұл жобалау тобының өз ішіндегі қатынастарға ықпал етеді.

Екіншіден, негізгі мектепте лидерлер қалыптасатыны айқын көрінеді, сондықтан лидерлік сапалар әркімнің жеке ерекшеліктеріне сай лидер болуға тәрбиелеу қажет, өйткені, ол өмірде әр адамға қажет болатын қасиет.

Бастауыш мектепте пайда бола бастаған лидерлік сапалардың тек қана белгілі бір оқушығы ғана «беріп» қою қате, одан барлық оқушы осы рольден өтуі тиіс. Мысалы, бастауыш мектепте лидерлік түгел қамтамасыз етілмейді, оның ролін мұғалім атқарады, онда да «лидерлікті» бір оқушыға беріп қоюға болмайды.

Негізгі мектепте жасөспірімдердің ерекшеліктеріне байланысты командалық жұмыстар басым болады, ол қатынасқа құрылатын болғандықтан лидерлік те ауысып отыруы тиіс. Бұл сатының ерекшеліктеріне байланысты пайда болған әртүрлі проблемаларды шешу үшін нақты топтар, командалар құрылып, онда өзара адресті қарым – қатынас қажеттігі пайда болады.

Мысалы, қазіргі оқытудың маңызды потенциалы – компьютерлік технологиялар. Оны тиімді пайдалану оқушылардың қарым – қатынасын дамытуға мүмкіндік береді.

Соған орай «компьютерлік сауаттылықты» оқушылардың жаңа қабілеттерін – түсіну, талдау, мағынасын тану, рефлексия жасау, талдау барысында оның ішкі байланыстарын көре білу, т.б. сапаларын дамытудың құралы ретінде қарастыру керек. Яғни, компьютерлік сауаттылық – түпкі мақсат емес, ол белгілі бір сапаларды қалыптастыру, дамыту құралы.

Атап айтқанда, компьютер арқылы жасалатын баяндаманы, презентацияны word тектімен слайдтарға бөліп – бөліп салуға да болады, немесе, графикалық модельдерді пайдалану арқылы текст мазмұнының тұтастығын, оның ішкі байланыстарын көрсету арқылы құрылымданған, модельденген баяндама жасауға да болады. Бұл оқушының текст мазмұнын меңгеруін ғана емес, оның коммуникативтік, ақпараттық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

 Жобаны идея түрінде тудыру мен оны жүзеге асыру қатар да, бір – бірінен бөлек те қызмет ете алады. Мысалы жобалау тобының құрамында креативті адамдар (жобаны ойлап табатындар оның орындалуының ерекше түрлерін, жаңа әдістерін жасайтындар; орындаушылар, рәсімдейтін адамдар мен презентациясын жасайтындар, жобаны тұтас басқарушылар, т.б). Жобаны басқару – оның өмір сүруін, тарап кетпеуін қадағалай отырып, топ мүшелерінің жобаны тұтас байланыстырып отыратын қызмет. Басқару қажет пе, әлде өздігінен еркін жұмыс жасау қажет пе?

Бақылау барысында кіші жастағы оқушылардың еркін ойнау әрекеттерін бақылау барысында олардың бірнеше топтарға бөлініп алып бірнеше ойындар ойлап тауып, оны жүзеге асыруға тырысқандығы байқалды. Олар белгілі бір уақыт ішінде бірнеше жобаны бастап, біреуін де аяғына дейін жеткізе алмады. 10 – 12 жастардағы қыздардың үй тұрмысы ойындары да сол сияқты, ойын кеңістігі бар, құралдары бар, бірақ ойын әрекеттері одан әрі дамымайды, өйткені қыздар уақытын бір – бірімен сөйлесуге жібереді; әрекеттерін, олар одан әрі не істейтіндерін әңгімелеумен болады. Ойын кеңістігі құрылып, өздері ойлап шығарған оқиғаларын жалғастыруға болар еді; бірақ бөлек – бөлек үзінді ойындар ретіндегі әрекеттер сюжеттерін тұтас жалғастыруға мүмкіндік бермейді.

Жасөспірімдердің де қарым – қатынастарының мазмұны да осыған ұқсас келеді. Олар айналысатын сан түрлі сюжеттердің барлығына ортақ белгі – талқылаудың көп болуы: олар жоспарларын әңгімелейді, орындалған істеріне талдау жасайды, бір – бірінің қылықтары мен іс - әрекеттегі тәртібіне көңіл бөле талқылайды.

Осы аталған ситуациялардың идеясын анықтауда барлығына тән жалпы сипаттамалары бар екені байқалады.

Біріншіден, балалардың ұсынатын идеялары бұрын болмаған немесе болған, бірақ оны жаңаша құру, өздеріне өте қажет өнім жасау ұсыныстары болуы;

Екіншіден, идеяның ұжымдық болуы, яғни, ол бірнеше баланың қатыстыратын, біріктіретін іс болуы (бірақ жеке балаға да тән болуы мүмкін);

Үшіншіден, қатысушылардың өзара қарым – қатынасы идеяның, түпкі ойды жүзеге асыру әрекеттерінің айналасында шоғырланып, олар жаңа өнім алу, не қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін әр адамның міндеттерін анықтап, бөлісіп алады;

Бұлардың барлығы да пайда болған идея, не түпкі ойды жүзеге асыруға арналған арнайы әрекеттер жасалмаса, идеядан айырылып қалуы да мүмкін. Кейбір жағдайда бір идеяны орындамай, келесі идеяға қызығып, соған көшіп кетуі де ғажап емес.


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 526; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!