Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 28 страница



Оқушылар жобасының сипаттамалары:

- оның нақты нәтиже алуға бағытталғаны;

- күтілетін нәтижелердің алдын-ала эскиз, сұлба ретінде белгіленуі, белгілі     

- бір деңгейде нақтылануы және детальдары анықталады;

- орындалу мезгілі нақтылануы;

- нәтижені алуға бағытталған іс - әрекеттердің алдын – ала жоспарлануы;

- бағдарламасы жасалуы – жобаның жалпы өнімін алуды қамтамасыз ететін түрлі әрекеттердің белгілі бір мерзімде орындалатын нәтижелері анықталуы; жоспарлануы;

- жобалау әрекеттерін орындау барысында оның кезеңдері бойынша мониторинг жасалып, түзетулер жүргізіліп отыруы;

- жобалаудың қорытынды өнімін ала отырып, оны жоспарланған бастапқы жағдайға байланысты талдау, сәйкестендіру, одан арғы жұмыстарды жағдайға сай жоспарлау;

 Жобалау типтері. Білім беру құралдары ретінде қолданылатын жобаларды бірнеше типке бөле аламыз. Мысалы, оқу пәндеріне сай типке бөлу, тәрбиелік, немесе әдістемелік т.б. жобалар.

Жалпы алғанда жобалар моножоба (бір пән аумағында), полижоба (пәндер аралық), пәннен тыс (сабақтан тыс) жобалар т.б. Осы бағытта қарастырсақ білім беру жобалары, тәрбие жобалары деп те бөлінеді.

Жобаның басты белгісі – оның ұзақтығы. Жобалар қысқа мерзімге (мысалы, бір аптаға дейін), орта мерзімді (бір айға дейін), ұзақ мерзімдік (1 тоқсаннан бастап – жарты жылға дейін). Одан ұзаққа созылатын жобаларды да жоққа шығаруға болмайды. Ұзақ мерзімді жобалар бірнеше кезеңге бөлініп, әр кезең өз алдына бөлек жоба бола алады.

Жобаның қатысушыларына қарап та оны типтерге бөлуге болады: топтық, жеке, ішкі топтар, кіші топтармен орындалатын жобалар.Жобалауға қатысушылар соны 12 – ден асса, олар кіші топтарға бөлуге болады. Сондай – ақ, топтар туралы өзгеріп отыратын немесе құрамы өзгермей отыратын деп те бөлінеді. Өзгермелі құрамды топтар арнайы да ұйымдастырылады, оның құрамы белгілі бір кезеңдер үшін ғана құрылуы мүмкін.

       Басқару түріне байланысты жобалар педагогтың тікелей басқарумен орындалатын, немесе педагог кеңес берушілік қызмет қана атқаратын жобалар болып та бөлінеді.

       Жобаларды дифференциялаудың тағы бір түрі – жобалау әрекетінің түрлері. Мысалы, жобалар зерттеушілік немесе қолданбалы да болып бөлінеді. Сондай – ақ, шығармашылық, тәжірибелік болып та бөлуге болады.

       Жобалауды типтерге бөлу неліктен қажет? Әрине, тұрақты типтік түрлері болмаған соң оларды типке бөлмесе де болар еді. Жобалау әрекеті ұйымдастыруда да, орындауда да типтерге бөле аламыз. Мысалы, жоспарлау арқылы жобаның соңғы кезеңінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттері артатынын ескере отырып, оқушының жобалаудың барлық кезеңдерінен өтуін қадағалауға болады.Сондай – ақ, жобалау типтеріне сүйене отырып, педагогтың тікелей жетекшілік ететін жобаларынан – кеңес берушілік роліне өтуге, сол арқылы қатысушылардың субъектілігін арттыру амалдарын жүзеге асыруға болады.

          Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері. Оқушылар жобаларының түрлері сан алуан идеялардан туындайды, пайда болады. Оған жаңа жағдайлар, жаңадан алынған ақпарат, жаңадан алынған құралдар да негіз бола алады.

       Біздің тәжірибеміздегі жобалау оқушылардың «кітап шығару» идеясынан туындаған түрін қарастырып көрейін. Ойша елестетуден (идеядан) пайда болған болашақ кітаптың (өнімнің) бейнесі оқушылардың осы жұмысты бастап кетуіне түрткі болды. Бұл жағдайды бақылау барысында балалардың тек қана кітап үшін мәтіндер даярлаумен ғана емес, кітапты тұтастай елестете отырып, онда болуы тиіс суреттер, фотолар, т.б кітаптың мазмұнына қарай құрастыруға тырысқаны байқалды.

       Сондай – ақ, жобалау әрекетін бастау үшін белгілі бір тарихи оқиғамен танысу да себеп бола алады. Оның мысалы ретінде, біз бақылаған оқушылардың қаладағы «жұмбақ» үйдің тарихы туралы алынған аз мағлұмат қызықтырғандығын бір сынып үшін үлкен жобаны бастауға негіз болғанын айта кетуге болады.

       Оқушыларды өз әрекеттерін бақылауға үйрету, жобаның идеясын қайта құру, дамыту арқылы бастамасындағы жоба мүлдем өзгеріп те кетуі мүмкін. Оны да біздің тәжірибеміздегі балалардың, ең әуелі, өз күштеріне сеніп бастаған «компьютерлік ойындар құрастыру» идеясының өзгеріп кеткені туралы мысалмен түсіндіруге болады. Атап айтқанда, «компьютерлік ойын бағдарламасын» жасау барысында графикалық элементтер құру қажет болды. Оның бірнеше нұсқаларының сәтті жасалуы оқушылардың жаңа өнім жасау шешім қабылдап, «компьютерлік ойындар құру» идеясы «графикалық өнімдер» жасап, тәжірибеге ұсынумен ауыстырылды. Міне, осылайша жобалаудың өте күрделі түрі таңдалатын болса, оған қызығу бірте – бірте азайып, басқа жобаға ауысып кету, не жобаны аяқтамау сияқты жағдайлар да болуы мүмкін.

       Бұған ұқсас жобалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, тым оңай, әрі тез орындалатын жобалар таңдағанда да бола алады. Осы мысалдар арқылы жобаның пайда болу идеясы оны жүзеге асыру процесі, нәтижесі немесе өнімі туралы идеяның өзгеру мүмкіндіктерінің арасындағы тығыз әрі күрделі байланыста екенін көрсетеді. Мысалдарға сүйене отырып, жобалардың өзгеру түрлерінің төмендегі нұсқалары бар деуге болады.

Идеяның пайда болуы:

а) белгілі бір құбылыстың немесе бейненің, обьектінің түрткі болуынан;

б) жоба нәтижесіне жеткізетін жаңа құралдар пайда болуынан;

в) тарихи оқиға, сипаты немесе ерекше тарихи тұлғаның түрткі болуынан;

   Идеяны жүзеге асыру арқылы: а) нәтижеге қол жетуі; б) идеяның жұмыс барысында күрделенуі арқылы оның бір жақты бөлігі бөлініп, жоба ретінде алынады. Идеядан бас тарту жағдайлары: орындау жасы тым жеңіл, әрі жедел орындалуы мүмкіндігі анықталғанда, орындау жолы өте күрделі, әрі қалыптасқан жағдайлар мен ресурстарға сәйкес келмеген жағдайда;

Аталған сипаттамалар - негізінен оқушылардың жобалау әрекеттеріне тән құбылыстар.Ал, егер оқушылардың жұмысына педагогтар немесе басқа да ересек адамдар араласқанда аталған жағдайларға өзгеріс енеді. Өйткені, педагог оқушыларға алға қойған жобалау әрекеті бойынша кездесуі мүмкін проблемаларды көрсетуі, ресурстардың шектеулілігі, т.б айқындап беруі. Мысалы, оқушыларға экскурсия алдында нақты тапсырма беруі арқылы мұғалім оқушыларға өз ойларын үнемі жинақтап отыруға үйренеді, сол арқылы экскурсия нәтижесінде жаңа жоба жасауға тартуға да мүмкіндік алады.

       Жобалау ситуациясының барлық қырларын байланыстыра отырып, педагог идея мен оны орындау жолдарының тиімді құрылымын жасақтауға ықпал етеді. Сондай – ақ, мұғалімнің үнемі бақылап, түзетіп отыруы оқушыны өз ісін аяқтай білуге үйретеді.

       Бұл жағдайлар, жобалау әрекетінде оқушымен қатар педагогтың жетекші ролін тағы да дәлелдейді. Оқыту әрекеттеріне айырмашылығы – оның еркіндігінде. Сондықтан жобалау әрекетінің тиімді болуының маңызды факторы – педагогтың кәсіби құзіреттілігінде. Жобалауға негізгі әрекеттерді сырттан байлап беруге де, нұсқаулықтар жасауға да болмайды. Оның басты құралдары – үнемі қадағалау және түзетіп отыру ғана. Мұғалім басшылығымен орындалатын жобалар да төмендегі өзгерістерге түсе алады, пайда болады, дами алады.

Мұғалім ұсынған жобалау идеясы, тақырыбы, оқушының шығармашылық жұмысын айналып, оның ізденіс тақырыбына, баяндамаларына айналады.

Мұғалім ұсынған шығармашылық жұмыс тақырыбы жобалау идеясына айналып, идея мен оны орындау бірігіп кетеді. Жобалау өнімі нәтиже ретінде айқындалып, ол орындау жолдары мен ресурстарын қамтиды. Бұл жағдайда идея мен оны орындау бірлігі тиімді болғанымен креативтік деңгейі төмен болуы мүмкін.

Жобалаудың күтілетін нәтижеге қатысты құрылуы. Бұл кезде нәтиженің сипаттамасы нақты беріліп, оны орындауға барлық жағдайлар жасалады, бұнда шығармашылық аспект аз қаралып, өнімнің сипатына көп көңіл бөлінеді. Оның оқушылар үшін маңыздылығы, өз әрекеттерін ұйымдастыруда сыртқы талаптар мен жағдайларды ескеруге, үйренуге мүмкіндік жасалатынында.

Қорыта келе, жобалау әрекетін ұйымдастыруда осы ерекшеліктерді ескере отырып топтар құру, оқушылардың өзгеріске түсетін жобаларға қатысуға мүмкіндік жасау қажет болады дейміз.

Жобалау және модельдеу. «Жоба» ұғымына түрлі анықтамалар берілуде. Модельге қатысты айтсақ, «жоба – белгілі бір орындалатын, бірақ дәл осы кезеңде жасалмаған ситуациялардың моделі» деуге болады. Белгілі бір жағдайдың ең әуелі болашақ моделі құрастырылады, тек содан кейін ғана техникалық амалдар жасалады. Осылайша, жобалау әрекетінің маңызды жағы - қалыптасқан жағдайды таңдау, оның қайта құрудың негізгі сипаттамаларын жасау, немесе модульдеу болатынын көрсетеді.

       Оқушылар үшін жоба нәтижесі ретінде алынатын нұсқаның моделін жасау маңызды екенін айту керек.

       Модельдеудің екі түрлі типі бар – ғылыми модельдеу және көркем модельдеу, олар танымның соған сәйкес екі түрі – ғылыми таным және көркемдік таным сипаттарын береді.

       Ғылыми таным, кеңірек қолданылып жүрген таңбалық – белгілік түрде белгіленетін құбылыстар мен қарым – қатынастар. Мысалы: графиктер, формалар т.б белгілерде берілген құбылыстың мәні, пәндік ерекшелігі беріледі. Оқушы мәтінді оқи отырып, ондағы құбылыстар мен оқиғаларды ойша модель құрастырады.

       Жалпы өмірде кездесетін кез – келген құбылысты модельдеуге болады, бірақ ол модельдің барлығы да белгілі бір міндетті шешуге қажет болмауы мүмкін.

       Оқушылардың жобалау әрекетін белгілі бір пәндерде оқыту барысында ұйымдастыруда да модельді жаңадан жасаудан бұрыннан бар модельді өзгерту, оны нақтылау көңіл аударады. Қарастырып отырған құбылыстың күрделілігіне байланысты модельдің бірнеше нұсқасы сипатталуы мүмкін.

       Ғылыми танымға сүйенетін модельдеу талдауға құрылса, көркемдік модельдеу – жаңадан жасауға, қайта құруға негізделеді. Ғылыми модельдеуде құбылысты бір қырынан сипаттауға болатын болса, көркемдік модельдеу құбылыста тұтас қамтиды. Сондай – ақ көркем модельдеуде жобалық өнім ғана емес, оның авторы да маңызды рольге ие болады. Ю.И.Лотманның айтуынша «автор модель жасағанда өзінің ой – санасының жетегімен әрекет етеді және модель оның дүниетанымы мен өмірге көзқарасы негізінде құрылады. Сондықтан, көркемдік модель де екі обьектінің – құбылыстың және автор тұлғасының моделі» бола алады.

       Көркемдік модельдеу барысында құбылыстың сұлбасы немесе формуласы арқылы ғана сипаттауға кейбір құбылыстардың күрделігі мүмкіндік бермейді. Соған орай, оқушылардың жобалауында сол құбылысқа олардың көзқарасын білдіретін модель жасау ыңғайлы және шығармашылық еркіндік береді. Осындай әрекеттер арқылы оқушыны қарастырылып отырған белгілі бір пәндер шеңберінен шығып, жобаны кеңінен қарастыруға да жағдай туғызылады. Бұлар оқушылардан нақты пәндер талап ететін қатаң шешімді ғана емес, өз бетіндік әрекеттерін дамыту арқылы өзінің құралдарын, әдістерін құрастыруға да еркіндік алады.

       Оқушылар жобасының мәнісі, сипаттамасы неде, яғни жобалаудың ерекше қызметі ретінде сипаттайтын белгілері:

- идеясы, түпкі ойы болуы:

- жүзеге асыру жолы болуы;

- нәтижесі белгіленуі, орындалуы;

Жоба – белгілі бір уақыт аралығында орындалатын, нақты мақсатты орындауға бағытталған әрекет. Жобалау өнімі міндетті түрде қалыптасқан жағдайды өзгертуге ықпал етеді деп күтіледі.

Жобалау мерзімі. Жоба белгілі бір мерзімге орындалатын болғандықтан уақыт факторын белгілеу – жобаның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оны жобалаушы адам (жобаның авторы) міндетті түрде жобаны жүзеге асыру үшін белгілеп алуы тиіс. Әсіресе білім беру кеңістігінде уақыт нақты орын алатын болғандықтан, оқытудығы жобалаудың мәні – белгілі бір мерзімде орындалу мүмкіндігі.

       Сонымен, оқу жобаларының басты сипаттамасы уақыт, бірақ оқушы үшін уақыт белгілі болғанымен ол уақытты бағдарлап отырмайды. Уақытты бағдарлап отыратын мұғалім, түрлі нормативтік актілер, құжаттар, т.б.

       Ал, жобалаудың ерекшелігі сол, онда оқушы белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуімен қатар, сол уақытпен жұмыс жасайды, уақытты басқарып отырады. Жоба барысында уақыт бірнеше мерзімге бөлінеді.

Бірінші – жүзеге асыру мерзімі: онда кері қарай үдеріс жүреді, яғни, алдын ала белгіленген уақыт алға қарай емес, кері қарай қозғалысқа түседі, сөйтіп, бір мерзім жобаның аяқталу уақытынан кері қарай есептеледі.

Екінші мерзім – іс - әрекеттің жобаны орындау уақытындағы орындау барысы, яғни жобаның басы мен аяғындағы жобалаушының қозғалысы

Үшінші мерзім – жобаның басталуы мен аяқталуының бірлігі, яғни жоба идеясы мен оның орындалу бірлігі. Жоба – идеясыз, идея – жобасыз бола алмайды.

Төртінші мерзім – жобадан тыс оқиғалардың өз ретімен орындалу мерзімі, тәртібі. Мысалы, сабақ өз ретімен сол уақыт ішінде өтіп жатады, түрлі өмірдегі оқиғалар өз уақытымен алға қарай жылжып жатуының көрінісі.

       Осы мерзімдер жобалаушылардың уақытын белгілей білуі, қадағалай білуі және уақытты басқара білуі қажеттігін көрсетеді. Жобалауға әдетте бір емес, бірнеше адам топ болып қатысатындықтан олар өзара келісе білу, ортақ әрекеттер жасай білу, уақытты өлшей, есептей білу қажет болғанда кейбір тұстарын өзгерте білу, уақытқа сыя білу қажеттіктері де туындап отырады.

       Ал, өмірдің заңдылығына сәйкес әрбір әрекет үшін бөлек уақыт берілмейтіні, барлық әрекеттер, соның ішінде, жобалар да бір уақытта орындалатын болғандықтан, оқушыларға мектеп қабырғасынан осы сапаларды қалыптастыру өте маңызды. Оны білім берудегі жобалау әрекеті барысында жүзеге асыруға әбден болады.

       Жобалау барысында кеңістіктегі әрекет, белгілі бір уақыт ішіне сыятын әрекет жасау дағдылары қалыптастырылады. Бірақ ол әр жастағы оқушыларда әр түрлі дамытылады. Мысалы, бастауыш сыныпта жобалау тапсырмаларын келесі сабаққа емес, келесі аптаға орындауға мүмкіндік берген дұрыс болады. Осындай жұмыстар арқылы оқушының өз жұмысын осы мерзімге дейін орындауды жоспарлауға үйретіледі. Егер осы аралықта ата – ана, аға – апалары көмек беретін болса тіпті жақсы, бірақ оны барлық отбасылардан бірдей күтуге болмайтыны аян.


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 453; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!