Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 22 страница



Жобалаудың басталуынан аяқталғанға дейінгі біртұтас технологиясы төмендегі кезеңдер мен іс– шараларды қамтиды:

Бастапқы кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау объектісінің қазіргі жағдайын талдау, диагностикалау, бағалау: орын алып отырған қайшылықтар мен кемшіліктерді анықтау; осы бағыттағы ғылыми –зерттеулерді талдау; проблеманы теориялық негіздеу; жобаны ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл кезеңнің нәтижесі – жобалаудың қажеттігін анықтау, оны ақпараттық –материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, тиісті жағдайлар туғызу.

Негізгі кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау мақсатын айқындау; мақсатқа қол жеткізетін жолдарды болжау; жобаның шектелу аясын белгілеу; жобалау идеясын тұжырымдау, немесе, тұжырымдамасы; жобаның тұтас бағдарламасын, жоспарын жасау; бақылау түрлерін анықтау. Екінші кезеңнің нәтижесі – объектінің құжаттық жобасын жасау, олар: тұжырымдамасы, моделі, бағдарламасы, жоспары.

Жүзеге асыру кезеңі. Бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру жолдары, оны байқаудан өткізу орындалады. Нәтижесі –жүйенің жаңа сапаға өткендігін назарға алу.

Қорытынды кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобаны және оны эксперименттік байқаудың сапалық нәтижелерін бағалау; жобаның тиімділігін тәуелсіз эксперттердің бағалауы; пайда болған проблемаларға сыни рефлексия жасау; жобаның нәтижелерін қорытындылау, түзетулер енгізу. Бұл кезеңнің нәтижесінде жобаға қажетті өзгерістер ендіріледі.

Жобалау технологиясы желілік түрде ұйымдастыруды қажет етеді. Өйткені, педагогикалық мақсат қою, мотивациялар мен құндылықтық ұстанымдарында қалыптасқан түсініктерді өзгерту қатысушылардың іс – әрекет дағдыларын өзгертуден басталады. Ол үшін барлық дербес және ұжыммен орындалатын қызметтердегі әркімнің өзіндік дамуы мен ұжым дамуындағы ортақ мүдделерді айқындап, тиімді әрекеттерге жетелейтін жағдайды қалыптастыру қажет болды.

Жобалау әр адамның ұжымдағы ролі мен жауапкершілігін арттыруды көздейтін болғандықтан, иерархиялық – жоғарыдан төмен қарай басқару жүйесінің орнына жобалық командаларға негізделген өзара желілік байланыста болатын шағын топтар құрылды. Соған орай, бұрынғы құрылымдағы басқарудың негізгі құралы – қатаң бақылаудың орнына педагогикалық қызметкерлердің өзіндік тәртіпке, тапсырылған істі орындауға деген мотивациялық - стимулдық орта тудырылды. Қатаң бақылау мен әкімшілік әрекеттер қолдау көрсету, бірлесе орындау, нәтижені өзіндік бағалау әрекеттерімен ауыстырылады.

Жобалау технологиясы ұйымдастыру әрекеттерінің жаңа түрін қалыптастырады, оларға тән ерекшеліктер:

– жаңа қажеттіктерді қанағаттандырады;

– проблемалардың шешімін табу жолдарында дәстүрлі тұрғыға қарағанда елеулі айырмашылықтар болады;

– дамытушылыққа бағытталады.

Инновациялық өзгерістер жағдайында білім беру ұйымында жүзеге асырылатын жобалау технологиясына төмендегідей талаптар қойылады:

1) Жобаның икемділігі;

2) Жобаның күтілетін нәтижесі инновациялық өзгерістерге әкелуі;

3) Өзгерістің тиімділігі мен оны орындауға кеткен шығындардың сәйкестендірілуі;

4) Жоба барысында болуы мүмкін қолайсыздықтарды есепке алу;

5) Жобалау барысында ұжымда құрылымдық өзгерістер жасау мүмкіндігін қарастыру.

Бұдан көрініп тұрғандай, басқарудағы жобалау әдістерінің қалыптасқан ұйымдастыру мен басқарудан өзгешелігі аз емес. Атап айтқанда, дәстүрден тыс әдістер:

– желілік ойлау дағдыларын қалыптастыру;

– шығармашылық белсенділікті көтермелеу;

– жобаны жүзеге асырудығы топтық (командалық) бірлестіктер.

Олардың қажеттігі келесі факторлармен айқындалады: жобаның матрицалық құрылымы; жұмыс барысының уақытшалық сипаты; шешуін қажет ететін проблемалардың негізінен пәнаралық және интегративтік сипатта болуы; педагогтарды мен білім алушылардың шығармашылық әлеуетін желілік сипатында нығайту қажеттігі тууы; шешілуі қажет проблемалардың негізінен стандарттық қалыптан өзгеше болуы.

Басқарушыларды жоба жетекшілері ретінде арнайы дайындағаннан кейін, олардың алдына өздері қызмет істейтін ұйымды дамытудағы өзекті проблемаларды анықтау, оны шешуге арналған мақсатты жобалар құрастыру, жүзеге асыру, нәтижесін талдау және бағалау міндеті қойылдаы. Ол үшін, ең алдымен, сан алуан инновациялардың ішінен педагогикалық жүйелердің түбегейлі өзгерістерін қамтамасыз ете алатын ең негізгі бағытты таңдай білу, жүйені мақсаттық – бағдарлы дамытудың жүйеқұраушы элементі болып табылатын и нновациялық жобаны анықтай білудің маңызды екені түсіндіріледі.

Мақсаттың айқын болуы кез – келген әрекеттің ең басты тетіктерін анықтап, соған күш салуға мүмкіндік береді. Тәжірибеде жиі кездесетін оқыту мен тәрбиелеу, білім беру ұйымдарын басқару қызметтеріндегі қиындықтар мен кемшіліктер негізінен педагогикалық әрекеттерді басқарушылардың іс–әрекеттің мақсатын нақты түсіне алмауынан және мақсаттың дәл анықталмауынан болатыны белгілі. Соған орай, мақсаттық – бағдарлыжобалардың негізгі міндеті – жүйенің барлық компоненттерінің қызметтерін күтілетін нәтижеге сәйкес ұйымдастыру болып табылады.

Педагогикалық жүйелердің барлық деңгейлерін мақсатты дамыту мен оның бағдарламаларын жасау басқарудың инновациялық технологияларын тиімді қолдануды қажет етеді. Бұл қызметтерді жобалау технологиясы арқылы  жүзеге асыру жаңа адами ресурстарды сырттан тарту емес, қолда бар ресурстардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды көздейді. Жобалау әрекеті басқару құрылымына белгілі бір деңгейде өзгерістер ендіруді қажет етеді, оны ұйымдастыруда жаңа өзгерістерге түсетін объектілер қатарына басқару құрылымы мен басқару әрекеттерінің бағдарлық жүйесі жатады.

Жобалау әрекетін ұйымдастыру арқылы  білім беру ұйымдарындағы даму өзгерістері жүзеге асырылады.  

Жобалау технологиясын нақты проблемаларды шешуде жүзеге асыру арқылы педагогтардың ізденістік -шығармашылық белсенділігін арттыруда, білім беру ұйымының пайдаланылмай жүрген түрлі ресурстар көзін анықтауда маңыздылығы анықтауға болады. Сондай - ақ, ұйымдастырушылық жұмыстар барысында басқарудың қалыптасып қалған иерархиялық моделі өзгертіліп, жаңа бөлімшелер құрылады, тиімсіздігі анықталып отырған қызметтік, құрылымдық салаларды қайта құру, ішкі  өзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

Осылайша, педагогикалық жобалау ға дайындық барысында:

1) Жағдайды талдау: түрліше диагностикалау арқылы проблеманың пайда болуы мен сипаттамасы жасалады;

2) Проблеманы шешудің түрлі жолдары қажеті ресурстар және жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау тұрғысынан қаралады;

3) Мақсатқа сай нәтиже беретін тиімді жолдар жоба ретінде таңдалады;

4) Жобалауды тәжірибеде ұйымдастырудың тәсілдері мен оны жүзеге асырудың материалдық - техникалық, қаржылық, құқықтық-нормативтік шарттары  мен ресурстары анықталады.

Жағдайды талдау үшін ең алдымен берілген жағдайды қарастыру аясы шектелуі керек,  ол үшін проблемаға қатысы бар субъектілерді, қалыптасқан жағдай кімдер үшін қиындық тудырып отырғанын белгілеу, қиындықтың мәнісі неде екенін, оның пайда болуы мен тәжірибеден орын алу себептерін анықтау қажет.

 Талдау пәніне қарастырылатын педагогикалық жүйенің, ішкі сипаттамалары: құрылымы, қызметі, байланыстары, ішкі және сыртқы ортаға қатысты сипаттамалары жатады. Бұл жұмыстардың барлығы жобалау алды зерттеу кезеңін құрайды.

Бұнда бастапқы кезең талаптарына сай жобалау жұмысы кіші жүйе құрылымының өкілдерінен құрылған шығармашылық топтар құрудан басталып, педагогикалық ұжымды инновациялық дамытуды жобалау алды зерттеулер мен қалыптасқан жағдайды талдау негізінде жұмыстың қажеттігін анықтап, жобаның тұжырымдамасын құрастырды.

Нақты жобадан мысал. Тақырыбы: «Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамытуды жобалау». Қысқаша тұжырымдамасы: «Қазіргі педагогикалық жүйелерді дамыту ондағы педагогтардың инновациялық өзгерістерді қабылдауға, жүзеге асыруға, нәтижелерін талдай, бағалай білуіне байланысты. Сондықтан, педагогикалық жүйелерді дамытудың маңызды факторының бірі – ондағы адам ресурстары ретіндегі педагогтардың инновациялық мүмкіндігінің жеткілікті деңгейде болуы. Педагогикалық ұжымның инновациялық деңгейі оның жаңа идеялар мен жобаларды, инновациялық технологияларды жүзеге асыру мүмкіндігінен көрінеді. Осыған сай, білім беру ұйымдарының жүйелі өзгерістерін жүзеге асыру үшін ондағы педагогтардың    инновациялық мүмкіндерін арнайы дамыту қажет.

Тәжірибеде орын алған түрлі жаңа бағыттардың ішінен педагогикалық жүйелердің жаңа өзгерістерін қамтамасыз ете алатын негізгі бағыт, жүйенің адам ресурстарын дамыту болып табылады. Соған орай, педагогтарды инновациялық дамыту жүйенің жаңа өзгерістерін қамтамасыз ететін жүйеқұраушы элементі  бола алады және осы бағыттағы  инновациялық жобаны жүзеге асыру ұжымның одан кейінгі даму сатыларында өтуге мүмкіндік береді».

Одан әрі ұсынылған проблема ны шешуде бұрыннан бар амалдардың белгілі бір себептермен нәтиже бермейтіні негізделеді, немесе, жаңа жағдайлар туындағаны нақтыланады. Осыдан соң, жаңа жағдайларға сай өзгерістерді жүзеге асырудың мақсаты мен міндеттерін анықта лып, жобалау технологиясының келесі кезеңіне өтеді.

Осылайша, педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту жобасын жүзеге асыру жолдары белгіленеді.

Педагогикалық ұжымның бұл бағыттағы проблемалары мен оны шешу жолдарын, мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін айқындау нәтижесінде жобалау болжамы белгіленді.

Болжам бойынша, егер, педагогикалық ұжымды инновациялық дамыту жұмыстарының мазмұны, әдістері мен түрлері оның әрбір кезеңінің мақсатына сай педагогтардың жаңалықтарға көзқарасын дамыту, оларды қабылдай алуы мен жаңалықтарды меңгеруін ұйымдастыру; ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі мен педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыру; өзара қарым қатынастарын дамыту педагогикалық психологиялық, ұйымдастырушылық ресурстық тұрғыдан қамтамасыз етілсе, онда педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту тиімді жүзеге асырылады.

Осы болжамға сай, ұжымның инновациялық өзгерістерге даярлық көрсеткіштері төмендегі сапалардан тұрады деп белгіленді:

1) Педагогтардың жаңалықтарға көзқарасы, оларды қабылдай алуы;

2) Жаңалықтарды меңгеруге және қолдануға даярлығы;

3) Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі;

4) Педагогтардың шығармашылық белсенділігі;

5) Өзара қарым қатынастарының деңгейі.

Оны тәжірибеде жүзеге асыру кезеңдері анықталып, күтілетін нәтижелері төмендегідей белгіленді:

Дайындау кезеңінде – педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлығы;

Ұйымдастыру кезеңінде – теориялық даярлығы;

Жүзеге асыру кезеңінде – тәжірибелік даярлығы;

Бақылау бағалау кезеңінде – күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердің сәйкестігін анықтау, сәйкестендіру.

Одан соң, шығармашылық топ әрбір кіші жүйе құрылымында талқыланған педагогикалық ұжымды инновациялық дамыту жобасын ұйымдастыру бағдарламасын педагогикалық кеңеске ұсынып, бекітілген соң жүзеге асыру жұмысы басталды.

Жобалауды жүзеге асыру оны кезеңдерге бөліп, және әр кезеңнің нәтижесін белгілеуді, соған сәйкес бақылап, бағалап отыруды қажет етеді. Осыған орай, барлық кезеңдерде дәстүрлі басқаруға тән емес өзгеше жұмыс түрлері пайдаланылады.

Жобалау  арқылы   педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін   дамыту үшін, ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыруға жағдайлар туғызылды. Олар ұжым жағдайында тұрақты түрде қызмет істейтін арнайы семинарлар мен практикалық жұмыстың тәжірибелік алаңдары ретінде  ұйымдастырылды.

І. Дайындық кезеңі.

Мақсаты: педагогикалық ұжымды инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлығын қамтамасыз ету. Мазмұны:

1. Педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлық деңгейі диагностикалау. 

2. Ақпараттық база төмендегіше құрастырылады:

– Білім беру саласындағы жаңалықтар базасы жасалады; 

– Тақырыптық семинарлар жүргізілді, әдебиеттермен, жаңа әдістемелермен қамтамасыз етіледі;  

– Педагогтарды өз проблемалары бойынша қалалық семинарлар, ашық сабақтар, облыстық институттың курстары мен теориялық семинарларына жүйелі қатысуы ұйымдастырылады.

3. Университеттен таңдалған ғылыми жетекшілермен және кеңесшілермен байланыс жасалып, оларды семинарларға тарту, инновациялар туралы ғылыми ақпараттармен танысу жүзеге асырылады.

4. Инновациялық жаңалықтар мен технология түрлері педагогтардың қажеттіктері бойынша таңдалады.

5. Педагогтар, сонымен қатар, өз пәндері бойынша білім алушылардың қажеттіктері бойынша ізденістік инновацияларды таңдауға да жағдай туғызылады.

 6. Жобаны жүзеге асыруда болуы мүмкін кедергілерді, сәйкессіздіктер мен кері нәтижелеріне болжау жасалады.

 7. Білім алушыларды, ата-аналарды жоба жұмысымен таныстырып, жұмысқа белсенді қатысуға мотивациялау жүргізіледі.

ІІ. Ұйымдастырушылық кезең

Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамытуды теориялық қамтамасыз етуге даярлық жұмысын жүргізу. 

Мазмұны:

1) Иерархиялық түрдегі әдістемелік қызмет құрылымына өзгерістер енгізу: матрицалық шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдарын, филиалдар, ғылыми – кеңесшілік топтар құрылады;

2) Педагогтардың ғылыми - әдістемелік, инновациялық білімдерін толықтыру үшін тақырыптық семинарлар мен тренингтер жүргізіледі;  

3) Педагогтардың зерттеушілік сапаларын дамыту, зерттеу тақырыптары бойынша іс тәжірибелерін жүргізуге жағдай туғызылады;


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 625; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!