Жобалау трансцендентік деп неліктен аталады? 19 страница



1) Жобалаудың басталуы педагогикалық жүйелердегі әлеуметтік – мәдени ситуациялар талаптарына сәйкессіздіктері анықталған әрекет нормаларын өзгерту, қайта жаңғырту мақсатын көздейтін ұйымның өзіндік сұранысынан, немесе сыртқы сұранысты қабылдаудан басталады.

2) Сұраныстың қабылдануы немесе түсіндірілуі үшін басқарушының басқару әрекетін ұйымдастыру негізінде жетуді көздейтін түпкілікті нәтиже белгіленеді;

3) Одан соң, болашақ әрекеттің ең қарапайым және міндетті нормасы – іс– әрекеттің мақсаты анықталады;

4) Іс– әрекет мақсаты басқарушы айқындаған жобалау ұстанымдарына негізделеді;

5) Одан соң, берілген әрекет үлгісінен – күтілетін нәтижесіне жеткенге дейінгі барлық жолдары анықталады, ол кезедерге жүйелі түрде бөлініп көрсетілген әрекеттің нормасы жоспар болып табылады.

6) Одан соң барлық ұйымдастушылық қызметтер мен оны орындауға қажетті құралдар анықталады;

7) Жобаның орындалу мерзімі, аралық кезеңдер мен әр кезеңде алынатын аралық өнімдерін нақтыланады;

8) Әрбір кезеңнің технологиялық сипаттамасын жасалады, оған қажетті ресурстар анықталады.    

9) Жоба жүзеге асырылған соң нәтижесі бағаланады, ол алынған нәтиженің күтілетін нәтижеге сәйкестігімен өлшенеді. 

Осылайша, жобалау әрекеті жаңа педагогикалық жүйелер құруға, немесе, оның компоненттерін жетілдіру арқылы жүйенің жаңа сапаға өтуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайларда, жобалау объектісі болып тұтас жүйенің өзі, немесе оның бөлек компоненттері (қызметтік, құрылымдық, т.б.), сапалары (ашықтық, гуманитарлық, демократиялық), жүйелік қасиеттері (тұтастығы, инегративтігі) алына алады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жобалау қызметі бірнеше деңгейден – жобалау тұжырымдамасын жасау, жүйе қызметінің мазмұндық және процессуалдық қызметтерін құрастыру, орындаудан – тұрады.

Педагогикалық жүйені басқарудағы жобалау қызметі ұйым мүшелерінің үнемі алға жылжып отыруына, проблеманы тану мен ұғынуға, оны шешудің түрлі жолдарын талдауға мүмкіндік береді.

Жобалау қызметі тиімді ұйымдастырылған жағдайда басқарушылардың әкімшілік стилі өзгеріп, негізінен педагогтардың белсенділігіне, шығармашылығын дамытуға және қолдауға, олардың топтық құрылымдардағы қызметі мен желілік ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағыттала бастайды. Ұйымдағы  қызметкерлерінің кәсіби сапасын үнемі жетілдіріп отыру олардың өздерінің қызмет ететін орнында шағын топтарда «оқытуды ұйымдастыру» арқылы мүмкін болады.   

Педагогикалық ұжымда жобалауды жүзеге асыру төмендегі міндеттерді көздейді: 

− педагогикадағы дәстүрлі құндылықтардың тиімділерін сақтай отырып, қоғам талабына сай жаңа педагогикалық ұжымның жаңа сапасын қалыптастыру;

− педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымының тұжырымдамасын, миссиясы мен стратегиялық дамуын құрастыруды көздейтін стратегиялық қызметтерді басқару мазмұнына енгізу,

− жүйеде болып жатқан үрдістерді реттеп отыру, ұжымдық құрылымға қажет өзгерістерді уақытылы жасап отыру, өзгерістерді байқай және бағалай білу;

− педагогикалық жүйелерде функционалдық қарым - қатынастарды қайта құруға бағытталған, иерархиялық тәуелділік емес, өзара тәуелділік пен байланыстылықты нығайтатын матрицалық ұйымдастырушылық өзгерістер жасау, оған міндеттерді қайта бөлісу, әр бөлімше деңгейіндегі жауапкершілік пен құзіреттіліктің міндеттелуі, т.б. матрицалық, желілік байланыстарды жатқызуға болады;

− Педагогтарды дамытуға бағытталған жобаларды ұйымдастыруда мотивациялар мен ынталандыру жүйесін қалыптастыру. 

Осылайша, басқарудағы жобалау қызметі білім беру ұйымының кіші басқару жүйелері мен оның барлық деңгейлеріндегі құрылымдық бөлімдерінің әрекеттерін үйлестеру механизмі қызметін атқарады.

Бұл жағдайда басқарудың жүйенің иерархиялық - матрицалық және матрицалық құрылымдары негізге алынады. Иерархиялық құрылым тұтас педагогикалық жүйені басқару өкілеттігі берілген басқарушының жеке өзі басқаруын білдірсе, иерархиялық - матрицалық құрылым жүйенің күнделікті қызметін тігінен басқарумен қатар, белгілі бір маңызды мәселерді шешу мақсатында құрастырылатын топтар мен жобалық құрылымдарды көлденең басқару қажеттігінен туындайды. Ал, жоғарыдағы екі құрылымды біріктіретін ерекше құрылымдар матрицалық түрде болады. Олар ұйым алдына қойылған белгілі бір мақсатты орындауға жүйенің барлық компоненттерін біріктіретін интеграциялық қызмет атқарады.

Матрицалық құрылым басқарудың инновациялық қызметі жүйенің өзгерістерін  мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметін ендірудің шарты болып табылады. Бұл жаңа құрылымның басқарудағы нақты проблемаларды шешу барысында педагогтардың ізденістік -шығармашылық белсенділігін арттыруда, білім беру ұйымының пайдаланылмай жүрген түрлі ресурстар көзін анықтауда маңыздылығы өте зор. 

Бұл құрылым күнделікті жұмысты қадағалап отыратын басшылардың, орынбасарлардың, сала басшылары мен ғылыми - әдістемелік қызметтер, сонымен қатар, белгілі бір маңызды мәселерді шешу мақсатында құрастырылатын топтар мен қызметтік жобалардың орындалуын тігінен және көлденең басқарудың матрицалық түрінде берілген. Дәстүрлі құрылымнан өзгешелігі, онда ақпаратық - талдау орталығы, жобалау қызметінің жетекшісі, мақсаттық - бағдарлы жобалар мен олардың жетекшілері, оқу-тәжірибе алаңы, оқу - жобалау қызметтерінің орын алады, сонымен қатар, ұйымдағы күнделікті қызметтің орындалуын оның иерархиялық мазмұны қамтамсыз етеді.

Ақпаратық -талдау орталығында білім беру ұйымының проблемалары талданып, нақты мақсаттар айқындалады, оны шешуді жүзеге асыратын жобалау қызметі белгіленеді, одан әрі мақсаттық - бағдарлы жобалар құрастырылып, оған педагогтар мен сала басшылары қатысуы қамтамасыз етіледі, олар ғылыми әдістемелік қызметпен де өзара байланыста болады.  

Мақсаттық - бағдарлы жобалар көбіне жаңа бағыттарды, мысалы, ұйымның даму стратегиясын анықтау, адам ресурстарын дамыту, білім берудің жаңа технологияларын игеру,т.б. инновацияларды жүзеге асыратын болғандықтан, жобалау бастапқы кезеңде оқу-тәжірибе алаңы, оқу - жобалау қызметтері түрінде ұйымдастырылады.

Адам ресурстарын ұйым жағдайында дамыту туралы зерттеулер көрсеткендей, білім алушыларды, педагогтар мен басшыларды дамытудың нәтижелілігі олардың іс -әрекеттерінде шығармашылық жағдайлар туғызып және оны үнемі қолдап отыруына байланысты. Соған орай, ұсынылып отырған педагогтар мен түрлі деңгейдегі басқарушыларды  жоба жетекшілері ретінде арнайы дайындау оған қосымша ақпараттар беру, сабақ беру, немесе білім жетілдіру курстарына қатысу мағынасында емес, оның осы бағыттағы қабілеттіліктері мен құзыреттіліктерін жобалау қызметіне қатысу барысында кеңейтілуі. Өз тәжірибесі арқылы оқып – үйрену, өзін - өзі дамыту – адамның өмір бойы оқуы  болып табылады.

Педагогикалық жүйелердің жобалау негізіне  субъектіні өзіндік дамыту жүйесі алынады. Осыған сай жүргізілген талдаулар білім берудің түрлі деңгейлердегі жүйелердің – сынып жүйесін, сыныптық-оқыту жүйесін, мектепке дейінгі білім беру жүйесін, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру, кәсіптік, қосымша, жоғары білім беру жүйелерін, педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдары, мекемелері, т.б. жүйелерді басқару құрылымы мен қызметін өзгертіп, оларды субъектінің өзіндік дамуын ұйымдастыратын мазмұнда ұйымдастыруды қажет ететінін көрсетеді.

Педагогикалқ жобалауды субъектілердің өзара қарым- қатынас процесін тұтас, ішкі дифференциацияланған, өзін- өзі дамыта алатын жүйе деп қарастыру қажет. Жобалау процесінде субъектілердің бірін- бірі дамытуы жүзеге асырылады, сөйтіп, білім беру техноглогиясының өзгеруі педагогикалық ұжымның өзін дамытуды, он заман талаптарына сай қайта жаңартуды қамтамасыз етеді.

Жобалау әрекетін ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның құндылықтық көзқарастары да қалыптасады, өйткені, жүйені жобалау негізінде дамыту, ондағы адамдар мен олардың қатынастарынд жаңа сапалардың қалыптаса бастауы жаңа деңгейдегі педагогикалық процестерге негіз болады. 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

1) Жобалаудың ұйымдастыру шарттарын анықтау қажеттігі неде?

2) Жобалауды ұйымдастыру шарттарын атап, сипатама беріңіз.

3) Жобаны жүзеге асыру кезеңдері мен мониторингі

4) Жобалау құжаттары мен эксперттердің сараптамалары

5) Жобаның    аяқталуын рәсімдеу талаптары

6) Жоба жетекшілеріне қойылатын талаптар

7) Жобалау үрдісінің үздіксіз циклын құрайтын алгоритмі

8) Педагогикалық ұжымда жобалауды жүзеге асырудағы міндеттер

9) Педагогикалық жүйелердің жобалау негізіне неліктен субъектінің өзіндік дамыту жүйесі ретінде алынатынын мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

10) Глоссариймен жұмысты жалғастыру

 

3.Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы

ХХ ғасырдың аяғына қарай ғалымдар білім беру жүйесіндегі проблемаларды анықтап, олардың пайда болуы мен шығу жолдарын қарастыра бастады.  

Педагогикалық ұйымдарды дамытуда синергетикалық заңдылыққа сай факторлардың бірі – оның өзін - өзі басқара алушылығы, яғни, педагогикалық жүйенің өзінде оның тұтастығын, қызмет етуін, жетілдірілуі мен дамуын қамтамасыз ететін тетіктер мен басқару факторларының болуы.  Жоғарыда айтылғандай, жүйе құрамындағы қызметтік және субъектілік компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастырудың  тиімді механизмі   жобалау  болып табылады.

 Жобалаудың басты ерекшелігі – оның объектіні дамытуға бағытталуы, «жобалау белгілі бір объектіні жаңа түрге айналдырып, оны қайта жаңғырту қызметін атқарады»

Педагогикалық жүйелер жобалау қызметін қолдануға болатын әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым, өйткені, жобалау қызметі негізінде білім беру жүйесінің өзін дамытумен қатар, қоғамдық - саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға болады. Педагогика тарихында орын алған сан алуан жобалар білім берудің мазмұнын ғана емес, оның институционалдық, технологиялық, ресурстық жақтарын, сондай -ақ, педагогтарды дамытуды да қамтығаны белгілі. Педагогикалық жобалаудың қайта жаңғыртушылық деңгейлерін төмендегідей көрсетуге болады:

Стратегиялық деңгей, бұл мемлекет деңгейіндегі білім беру жүйесінің өзгерістерін қамтиды, оның нәтижелерінің тиімділігін тарихи уақыт өлшемімен ғана бағалауға болады.

Институционалдық деңгей, белгілі бір білім беру ұйымдары, басқару құрылымдары, немесе, белгілі бір білім беру жүйесіндегі салалық өзгерістерді қарастырады. Оның тиімділігі институционалық деңгейде көзделген мақсаттың орындалуынан көрінеді.

Технологиялық деңгей, оның нысандары болып білім беру үдерісіне ықпал ететін әдістер мен тәсілдер алынады. Олардың тиімділігі белгілі бір нақты іс - әрекеттер жүзеге асырылысымен - ақ көрінуі мүмкін.

 «Жобалау» деген ұғымның өзі оның басқару қызметіне тән екендігін анықтайды, оның алға қарай қозғалыс бағытын білдіретін мәні, сонымен қатар, мақсатқа сай жүріп өтуге тиіс аралықты анықтайтын, алдын ала болжай алу қызметі. Жобалаудың басқа басқару амалдарынан ерекшелігі – әрекеттің нәтижелілігі мен тиімділігі мақсатты «алға қоймастан» бұрын белгіленетіні. Сондықтан, жобалау – қайта құру туралы ойға алынған ниет пен оны құрастыруды, орындауды, нәтижелері мен салдарларын біртұтас етіп біріктіру қызметі.  

Педагогикалық жүйелер әлеуметтік жүйелердің ішіндегі болашақпен тығыз байланысты маңызды құрылым болғандықтан оның қызметі мен мазмұны әлеуметтік үдерістердегі өзгерістерді басқаруға ықпал етеді.Соған орай, педагогикалық жүйелерді институцияландыру, технологияландыру, жаңаша ұйымдастыру ең әуелі қоғамдық дамуды жүзеге асырудың басты бір жолы ретінде жобалау түрінде орындалуы тиіс. Басқару әрекеттерін ұйымдастыруда жобалаудың инструменталдық қызметі айқын көрінеді. Жобалаудың басқа да басқару құралдарынан айырмашылығын анықтау үшін оның білім беру саласында қоладылатын терминдеріне тоқталамыз:

«Жоспарлау». Ол әрекеттің перспективасын белгілейтіндіктен, бір жағынан, жобалауға ұқсайды, жоспарда іс әрекеттер уақытқа қатысты құрылымданады, жауапты орындаушылары, есеп беру түрлері көрсетіледі. Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарының жоспары жобаның құрамдас бөлігі де, немесе, басқару қызметінің өз алдына бөлек құралы ретінде де бола алады. Ал, стратагиялық жоспарлар уақытпен шектеліп қоймай, онда болашақта қол жеткізілетін нәтижелер мен оның белгілі бір сипаттамалары беріледі.

«Бағдарлама». Оның негізгі белгілері жобалауға ұқсайды, мысалы, әрекеттің мақсаты мен принциптерін, нәтижеге жету үшін іс - әрекеттің белгілі бір алгоритммен орындалуы, ресурстары белгіленуі. Тәжірибе барысында белгілі болғандай, белгілі бір бағдарлама жобалау барысында іске асырыла алады, немесе, белгілі бір бағдарлама шағын жобалау қызметін қамтуы да мүмкін. Бірақ, бағдарламада маңызды болып табылатын алгоритмдеу жобалау үшін міндетті емес, өйткені онда түрлі тәуекелдердің болу мүмкіндігі ескеріледі.    

Педагогикалық жобала удың міндеттері:

− жағдайды талдау: түрліше диагностикалау арқылы проблеманың пайда болуы мен сипаттамасын жасау;

− проблеманы шешудің түрлі жолдарын қажеті ресурстары және жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау тұрғысынан іздестіру;

− мақсатқа сай нәтиже беретін тиімді жолды таңдау және оны жобалық рәсімдеу;

− жобалауды тәжірибеде ұйымдастырудың тәсілдері мен оны жүзеге асырудың материалдық- техникалық, қаржылық, құқықтық-нормативтік шарттарын белгілеу;


Дата добавления: 2018-10-27; просмотров: 692; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!