Шыныбаев Музаппар Адамбекович 7 страница



Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында бірқатар жұмыстарды ұжымдық әдіспен орындатуды да жоспарлауға болады. Ол оқушыларды ұжымдық, шығармашылық бірлікке тәрбиелейді.                      ІІІ-ІҮ сыныптарда сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны дақылдарынан өрнек құрастыру, үй жиһаздарын ою-өрнектермен безендіру, бұйымдар бүктеу, батик тәсілімен матаға бейнелеу, аппликациялық жұмыстар эскиз түрінде орындауға дағдыландырған дұрыс. Ал түрлі-түсті қағаздардан көркем бүктеу, дизайн жұмыстарын орындауға алдымен керексіз қағаздармен жасап машықтануы қажет. Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің бағдарламасында өнер туралы әңгіме сабақтарына арнаулы сағаттар бөлінген. Бұл сағаттардың ауқымды бөлігі ІІІ-ІV сыныптарда оқытылады. Өнер туралы әңгіме сабақтарындаоқушылар шығармаларымен танысады.    

Оқушылар суретшілердің өз туындыларын жасауда тақырып мазмұнының танып түсінеді.

Оқушыларды үнемі өнер шығармаларымен таныстыру эстетикалық тәрбие беру шындығымен танысу оқушылардың өздерін қоршаған ортаға жанаша көзқарасын қалыптастырып, оның сұлулығын тани білуге тәрбиелейді. Көркем шығармаларды танып қабылдау мен бағалау біліктілігі қарапайым тақырыптық суреттермен танысып, оның мазмұнын түсінуден бастап күрделі көркем шығармалардағы суретшінің ой-мақсатына жету үшін пайдаланған әдіс-тәсілдерін тануға дейін біртіндеп дамытылады.                   

Өнер туралы әңгіме тек эстетикалық тәрбие беру құралы ғана емес, сонымен қатар отан сүйгіштік тәрбие беру құралы болып та саналады. Өнер туралы әңгіме кезінде мүғалім оқушыларға туған елдің табиғат көріністері, ел тарихына байланысты және елдін данқын арттырған тарихи тұлғалар бейнелерін көрсетіп әңгімелейді.  

Мысалға, Ә.Қастеевтің "Шежін өзенінің аңғары", "Амангелді сарбаздары", М.Кенбаевтің "Асауға құрық салу", Х.Наурызбаевтың "Абай ескерткіші", "Ш.Уалиханов ескерткіші" мүсіндерін О.Таңсықбаевтың "Алай даласындағы кеш", К.Муллашевтің "Жер және уақыт" шығармаларын алатын болсақ мұндай отаншылдық сезіммен бейнеленген туындылар оқушылардың туған жерге, оның тарихына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш көзқарасын қалыптастырады. Әрине осындай сезімдік әсердің неғұрлым нәтижелі болуы мұғалімнің шығармалар жөніндегі әңгімесінің сапалы болуына байланысты.      

Бейнелеу өнері шығармаларьшен таныстыру І-ІІ сыныптарда тақырыпқа байланысты сабақтың басында немесе аяғында 8-10 минут бөлініп өткізіледі. Бір әңгіме, әдетте бір-екі шығарма немесе үш-төрт сәндік қолөнер бұйымдары көрсетіледі. Ал ІІІ-ІҮ сыныптарда өнер туралы әңгімеге арнаулы сабақтар бөлінеді, ол сабақтардың бірінде бес-алты жанды бейне, мүсіндік, графикалық немесе сәндік-қол өнер туындылары көрсетіліп әңгіме арқау болады. Егер де мұғалімнің бағдарламада көрсетілген туынды репродукциясын табу мүмкіндігі болмаса, онда оны сол туынды мазмұнына, композициясына өте ұқсас репродукциямен алмастыруына болады. Әңгіме кезінде кинофильмдер, диофильмдер, диопозитивтер, эпидиоскоптер, компьютерлер арқылы туынды гепродукцияларын көрсетуді кеңінен пайдаланған жөн.                         

Өнер туралы әңгіме оқу жылының барлық кезінде өтетіндіктен, мұғалімнің әңгімені жоспарлауда жыл мезгілін, мерекелерді, пәнаралық байланысты бейнелеудің машықтық тақырьптарын ескеруі маңызды. Әңгіме нәтижесінде I сынып оқушысы суреттегі немесе илюстрациядағы бейнеленген заттарды, кұбылыстарды (жыл мезгілі, ауа райы, тәулік мерзімі, т.б.) іс әрекетті (жүгіріп келеді, жүріп келеді, отыр, сөйлеп тұр т.б.) танып, суретте "Не ұнады?" "Несімен ұнады?" деген сұрақтарға өз пікірін айта білуі керек.                                             

Қазіргі таңда білім беру мен тәрбиелеу процесінде жан-жақты толық нәтижеге жетудің бірден-бір құралы - ол пәнаралық байланысты мұғалімдердің іс-тәжірибесінде үнемі қолдану болып табылады. [9]  Әсіресе, пәнаралық байланыс бастауыш білім беру сатысында окушылардың материалдарды жеңіл игеруіне, басқа пәндерден алган мұғалімінің пайдалы қажеттілігін түсінуге, сол пәнге деген қызығушылығының артуына, дүниетанымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады. Пәнаралық байланыс білім беру жүйесіне енгізілген барлық пәндердің біртұтастык, қажеттілік деңгейін дәлелдейді. Еліміздегі білім беру жүйесін реформалау нәтижесінде енгізілген жаңа буын оқулықтар мен әдістемелік құралдарынан пәнаралық байланысты айқын байқауға болады.Мысалға, бастауыш сыныптарға арналған бейнелеу өнері окулықтарының алғашқы сабақтарының бірі "Заттар мен бұйымдарды бейнелейік" деген тақырыбын алатын болсақ, бұл сабақта оқушыларды сызықтар түрлерімен (түзу сызық, кереге көз сызық, доғал сызық, көлбеу сызық) таныстырып, оларды қарапайым заттарды бейнелеуде пайдалануға үйретеді. Бейнелеу алдында оқушыларды бұйымдардың қарапайым пішіндерімен таныстырады, қарбыз - дөңгелек, сандық - төртбұрыш, бас киім - үшбұрыш, айна - жазық төртбұрыш деген алғаш геометриялық фигуралар ата-аналарымен танысады.    Сол сияқты "Бояулар әлеміне саяхат" тақырыбына табиғи түстер мен бояу түрлерін қоршаған ортаны, табиғи кұбылыстарды, өсімдік жапырақтарының өзіндік ерекшеліктерін әңгімелей отырып, дүниетану, математика пәндерімен байланыстыра оқытылады. Бейнелеу өнері пәні бойынша осындай бірнеше мысалдар келтіруге болады. Әрине пәнаралық байланысты қолдану мұғалімнен үлкен ізденісті, тәжірибені қажет ететіні сөзсіз.                                        

Пәнаралық байланысты пайдалану барысында оқытудың жүйелігі, бірізділігі, байланысты пән бойынша оқушылардың алған білімнің сәйкестігі ескерілуі қажет. Заттан қарап бейнелеу сабағында табиғат көріністерін, ондағы - табиғи құбылыстарды бейнелеу кезінде дүниетану пәнінен алған білімдері еске түсіріліп пайдаланылады немесе сол пәнге байланысты мәліметтер беріледі. Сонымен қатар табиғат көріністерінің сұлулығын оқушылар қиялында әсерлі елестету мақсатында оқушылардың табиғат көріністерін тамылжыта көркем бейнеленген поэзиялық шығармаларыоқылып, ондағы кейбір сөздердің мағыналары оқушылардың өздеріне талдатылады. Онда оқушылардың ана тілі пәнінде алған білімдерінің тереңдеуіне, бекітілуіне мүмкіндік туады, сонымен қатар жаңа сөздермен танысып олардың мазмұнын, мағынасын ұғынады. Бейнелеу өнерінде шығармашылық шабытты оятып, образды елестетуде музыканың да рөлі зор. Көркем құрастыру сабақтарында қағаз, қатырма қағазбен немесе табиғи материалдармен жұмыс кезінде еңбекке баулу пәнінен алған білімді еске түсіріп пайдаланады немесе еңбекке баулу пәніне байланысты жаңа білім, түсініктемелер, жұмыс ережелерімен танысады. Осындай тағы бірнеше мысалдар келтіруге болады. Пәнаралық байланыс бейнелеу өнерінін басқа да пәндермен бірдей деңгейде оқытылу мәртебесін дәлелдейді, оқыту мен тәрбиедегі барлық -әндердің бірлік жүйесін, бірізділігін қамтамасыз етеді.                                                                                                                                      

 

1.3 Бейнелеу өнері және сызу мамандығының тарихы

Кафедраның тарихы 2002 жылы кәсіптік оқыту кафедрасында көркемсурет бөлімінің ашылуынан басталады. 2008 жылы «Мәдениет және өнер факультеті» ашылып ( бірінші деканы п.ғ.к., доцент Утегенов Е. К.), осы жылы «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы ашылды( бірінші кафедра меңгерушісі доцент Баримбеков Жақан Шельбаевич)

2012-2013 жылдары кафедра меңгерушісі болып Ахметов Бақыт Базарбекович жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., доцент Адамқұлов Нұрәлі Мерекебаевич қызмет атқарды. 2015 жылдан бері кафедра меңгерушісі міндетті т.ғ.к., профессор Шыныбаев Мұзаппар Адамбекович атқаруда.Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы жоғары оқу орындарының барлық талаптарына сай құралған. Кафедра әрбір 5 жыл сайын мемлекеттік аттестациядан өтіп тұрады. 2014 жылы ұлттық аккредитациядан өтті.

Бүгінгі таңда кафедра «Бейнелеу өнері және сызу, «Дизайн» мамандықтары үшін түлектерін шығаратын кафедра болып, оқу жұмыстарын мемлекеттік және орыс тілдерінде, 2012 жылы алынған мемлекеттік лицензия бойынша жүргізеді.Кафедрада тәжірбиелі оқытушылардың мүмкіндіктері мен көркемшығармашылық жұмыстарының шеберлерінің еңбектері жаңа технологиялар мен жаңа идеяларды білімгерлерді оқыту барасында кеңінен қолдануға жол ашып, жаңа әдістемелік құралдар қолданысқа еңдірілуде.

Кафедра түлектері:Кафедра жыл сайын диплом жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады. 2016 жылғы түлектердің ішінен өздерінің жекекөрмелерін ( Сарсембаева С. Б. және Сағындықова М.) өткізіп, 2016 жылыСарсембаева С. Б. ҚР Суретшілер одағаның мүшесі болып танылды.

Кафедра ұстаздары

Ахметов Бақыт Базарбекұлы

1972 жылы 17 маусымда Алматы обл.,Ескелді ауданы,жаңалық ауылында дүниеге келді.1989 жылы Алдабергенов ауылындағы Матай Байысов атындағы орта мектепті бітірген.1989-1994 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университетінің көркемсурет және графика факультетін «Бейнелеу өнері және сызу пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтады.1994-2006 жылдары Ескелді ауданының Матай Байысов атындағы орта мектебінде бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі болып істеді.2006 жылдан бастап Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді.2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының,Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі.2012 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің академиялық доценті атағы берілді.Республикалық,облыстық бейнелеу өнері көрмелерінің қатысушысы.Бізге 2 курстан бастап композиция,спец.композиция және скульптура сабақтарынан дәріс өткізді.[41]

 

 

Бекбергенова Айнұр

1977жылы Алматы облысы,Көксу ауданы,Еңбекші-Қазақ ауылында дүниеге келген.1994-1996ж. Талдықорған қаласының №3 жоғарғы кәсіптік училищесінің Сурет-көркемдеу жұмысын орындаушы мамандығы бойынша білім алған.1996-2000 ж.Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің «Бейнелеу өнері және сызу»мамандығын бітірген.2000-2002 ж. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің Искусство (Графика) мамандығы бойынша магистратураны үздік бітіріген.2002-2013 ж.Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Университетінде көркем суреттен дәріс беріп,дипломдық жұмыстарға жетекшілік етіп келеді.2008 ж.Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтында «Сымбат» атты жеке көрмесін өткізген.2008ж.Алматы қаласы Тәуелсіздік күні құрметіне арналған ІІ қалалық «Жас суретшілер» байқау көрмесіне белсенді қатысқан.2,3курстарда живопись сабағынан дәріс берді,қазіргі таңда менің дипломдық жетекшім ретінде өз нұсқауларын айтып,жетекшілік қызметін мінсіз атқаруда.

Қыдырбекова Эльмира Серикқызы

Алматы облысы,Ақсу ауданы,Құрақсу ауылында 1987 жылдың 10 сәуір айында дүниеге келген.2009 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу»мамндығын таммдады.2009 жылдан бастап І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады.2008 жылдан бастап республикалық, облыстық көрмелерге қатысып жүреді.Бізге 1курстан бастап академиялық сурет сабағынан берді. [39]

 

Баримбеков Жақан Шелбайұлы

Алматы облысы,Қаратал ауданы,Елтай ауылында 01.01.1948 жылы дүниеге келген.Баримбеков Ж.Ш., 1966 жылы Үштөбе қаласындағы Қ.Тоқаев атындағы орта мектепті бітірді.1968 жылдан бастап Қаратал ауданындағы Красный Восток ауылында орта мектепте сурет және сызу пәні мұғалімі болды.1972 жылдан бастап Ванновка гидро-мелиоративтік техникумінде сызу піні мқғалімі.Осы жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтында көркемсурет-графика факультетіне оқуға түсіп,1977 жылы бітіріп , «сурет және сызу пән мұғалімі»біліктілігін алды.Оқу жылында үздік білімі үшін ЦК ВЛКСМ мақтау қағаздарымен марапатталған.1977 жылы Республикалық үздік дипломдық жұмыс сайысына қатысып бірінші орын лауреаты атанып,Қазақстанның ЦК ЛКСМ мақтау қағазымен марапатталған.

 Педагогикалық және шығармашылық шеберлікті еңбек сіңірген Қазақ КСР өнер қайраткері Ғани Иляев және профессор Темірхан Ордабековтан білім алды. 1980 жылдан бастап І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде аға оқытушы ретінде жұмыс атқарған.1984 жылы эстетикалық тәрбие жөнінде кафедра меңгерушісі сайысында таңдалған.1987 жылы мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кафедра меңгерушісі ретінде қызметке шақырылды.1988 жылы ФДВ деканының орынбасары ретіндетағайындалды.2008 жылы дизайн және сурет өнері кафедра меңгерушісі ретінде тағайындалды.3 акурстан бастап методикалық әдістеме,бейнелеу өнері әдістемесінен және дизайн негіздері пәнінен дәріс берді.[5]

 

Абдилдаев Мұратхан Дүйсенғалиұлы

Алматы облысы,Алакөл ауданы,Ақтүбек ауылында 1966 жылдың 13 сәуір айында дүниеге келген.1990 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін тәмәмдады.2010 жылы Жаркент қаласындағы Ә.Қастеев атындағы көркем өнер галереясында жеке көрмесі өткізілді.Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып ұйымдастырылған көрмеде «Мың тағзым» атты триптихы жоғары бағаланып,Қазақстан суретшілер Одағының Алматы облыстық филиалының атынан алғыс хатпен марапатталды.2010 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Көркем Академиясының корреспондент-мүшелігіне сайланды.2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесіне өтті.2011 жыл «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат» байқауына қатысып,белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапатталды.2011 жылы мұғалімдер күніне орай Алматы облыстық маслихатының Құрмет Грамотасымен марапатталды.2013 жылы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының басқармасы Ел Тәуелсіздігінің 21-жылдық мерекесіне орай өнердегі ерекше жетістіктері,Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағы Мадақтама Грамотасымен марапатталды.[25]


Дата добавления: 2018-06-27; просмотров: 663; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!